Оқыту мекемелерінде оқушының жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған педагогикалық үлгіні өңдеу


Мазмұны
1. 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.
1. 1 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың зерттелуі мен даму алғышарттары.
1. 2 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық ереккшеліктері.
2. 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру жолдары.
2. 1 12 жыллдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігінің тиімділігі.
2. 2 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың тәжірибелік - эксперимент нәтижесі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша
К І Р І С П Е
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі :
.
Ендеше 12 жылдық білім- бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны жоғары сатыда бейімді оқытуды көздейтін бірден- бір тиімді жол.
Н. Ә. Назарбаев « білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек » деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен - ақ білім беру жүйесін реформалауда басқарудың әдіс- тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз. Мектептің педагогикалық жұмыс барысын жүйелеу, оқыту тәсілдерін жетілдіру, білім дегейін жоғары сатыға көтеру.
Жүргізілген көптеген ғылыми зерттеулер аясында теориялық тұжылымдамалар жасалған, еліміздің көрнекті педагог -ғалымдары мен қайраткерлерінің педагогикалық идеялары негізделген.
12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырып, дамыту барысында педагог ғалымдардың М. Жадрина, Ш. Беркімбаева, К. Шамшидинова, Г. К. Аринова, Б. Қ. Тыныбаева, Ғ. Ә. Баймадиева, Г. А. Павлова, Р. Б. Морзабаева, Н. Н. Багапова, Б. К. Игенбаева, К. Ж. Бұзаубақова, Ғ. Б. Ниязова, Ә. Қағазбаева, Ш. Құрманалина еңбектерінде құнды ой пікірлермен педагогикалық тұжырымдарын көрсетіп айқындап берген.
Зерттеу жұмысының мақсаты: 12 жылдық білім беруге көшуде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ғылыми теориялық негізге сүйене отыра анықтап, әдіснамалық тұрғыда бағытталған іс-тәжіриубені, саралап жүйелі зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысанасы: Бастауыш сынып оқушылары мен жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының оқу ынтасын, белсенділігі мен қызығушылығын арттырып дамыту негізінде оқу тәрбие үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
- 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың көрсеткіштері мен деңгейі анықталса;
- 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың тәжірибелік - эксперименттік тексеруден өткізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілсе;
- 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырып одан әрі деңгейін арттыру, дамыту өте тиімді де ұтымды болуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Бастауыш сыныпта 12 жылдық білім беру жүйесіндегі оқу икемділігі, тиімділігі, белсенділігі ұғымдарына сәйкес теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау;
- 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бастауыш сынып оқушыыларының оқу икемділігін қалыптастырудың педагогикалық, психологиялық, философиялық және дидактикалық зерттеулерге талдау жасау;
- Нақты педагогикалық, психологиялық және социологиялық зерттеулер арқылы оқу икемділігін қалыптастыру бағыттарын айқындау;
- Оқыту үдерісінде оқыту икемділігін қалыптастыра отыра бастауыш сынып оқушыларының оқуға, білімге деген ынтасын, жігерін, қызығушылығының мәнін, мазмұнын аша отырып, жолдарын көрсету.
Зерттеудің әдістері мен көздері: Зерттеудің мақсаты, міндеті мен болжамын тексеруіне сәйкес педагогикалық, психологиялық, дидактикалық, социологиялық еңбектерді, педагогикалық тәжірибелерді теориялық тұрғыдан талдау, Қазастан Республикасының «Білім» туралы заңы, мемлекеттік бағдарламаны, тұжырымдаманы, тұғырнамалық құжаттарына шолу жасау, эксперимент жүргізу, ғылыми әдебиеттерді талдау, анализ синтез, әңгіме, рейтинг, тәжірибелік сабақтар мен тәжірибелік жұмыстар нәтижелерін өңдеу қорытындылау әдістері қолданылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
- 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру ерекшеліктерімен мазмұндық мәнділігін анықтау;
- 12 жылдық білім беруге көшуде оқу белсенділігінің педагогикалық, психологиялық ерекшелігін қалыптастыру;
- 12 жылдық білім беруде оқушылар білімінің тәжірибемен сабақтастырылып, практикамен ұштастырылуы;
- 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушылар икемділігін қалыптастырып арттырудағы зерттеу қорытындылары мен ұсыныстарын, әдістемелік нұсқауларды дайындау үшін қолданылуы мүмкін.
Зерттеу орны: Қаратау қаласындағы М. Әуезов атындағы қазақ орта мектебінде бастауыш сыныптың 1 “А“ - сыныбына жүргізілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
„12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқыушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері“ 1-ші тарауда бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырып дамытудың құрылымдық мазмұндық ерекшеліктері мен даму алғышарттары нақтыланып көрсетіледі.
„12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру жолдары“ атты 2-ші тарауда зерттеу эксперименті арқылы оқушылардың оқу икемділігін қалыптастыру жолдары, оқыту ерекшеліктері, ұйымджастыру тиімділігі зерттеу жұмысымның нәтижесі айқын көрсетілді.
Қортындыда 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ерекшеліктері мен даму алғышарттары айқындалып, педагогикалық ұсыныстар көрсетілді.
1. 12 жылдық білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.
1. 1 12 жылдық білім беру жүйесіндебастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастырудың зерттелуі мен даму алғы шарттары.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өсуі мен ел экономикасының қарқынды даму үстіндегі кезеңде адамдардың көз қарасының заман талабына сай өзгере бастағаны олардың өмір сүру дәстүрінен анық байқалады. Бұл - әлемді қамтыған жаһандану дәуірінің бастапқы көрінісі. Қоғамдағы түрлі өзгерістер мен ондағы адамдар тіршілігіндегі маңызды мәселелер білім саясаты арқылы ғана шешімін тауып жатады.
Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетуде негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, ондағы өз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні қарқынды даму үстіндегі бірқатар елде 12 жылдық оқытуды білім жүйесіне енгізуде нақты қадамдар жасалуда
12 жылдық білім беру біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуын, икемділік тантуын қамтитын процесс.
Уақыт өткен сайын адамның жалпы орта білімі мен кәсіби дайындығының деңгейіне қойылатын талаптар үнемі артып, жандана түсуде. «Білшім сапасы» атты жаңа анықтама 1993 жылы Еуропалық кеңесте XXI ғасырға бет алған білім жүйесін дамытудағы басты міндет ретінде танылды. Бұл үрдіс көптеген елдердің орта білім беретін мектепке айналуынан көрініс тапты.
Мектепке бала 6 жастан қабылданады. Осы жастағы балаларды оқыту біздің тәжірибемізде бұрыннан бар.
Бүгінгі күні баланы 5- жастан бастап тәрбиеленетін мектепалды даярлық бағдарламасының мектепке дейінгі мекемелерде тәжірибеге енгізілгеніне бес жылдан асып кетті.
Ал 6 жасар баланы оқытуддың ғылыми- әдістемелік негіздері мен практикалық тиімділігі жан-жақты зерттеліп оқу-тәрбие процесіне енгізудің нақты қадамдары жасалуда. Оларды мектепке қабылдаудың, оның жас және жеке ерекшеліктеріне қарай жағдай жасау арқылы оқытудың титімді тәсілдері тәжірибеге енгізіліп, еліміздің 104 мектебінде сынақ тәжірибеден өтуде.
Білім берудің бастауыш сатыдағы оқыту кезеңін бес жылға ұзарту мәселесі бойынша баланың физиологиялық, психологиялық дамуы мен дене бітімінің қалыптасуындағы жас ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бағыттағы көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қарастырылады.
2-саты - (6-10- сынып) жалпы орта білім беруі дайындығының негізін қалап, оқушының қоғамдағы өзгерістерге сай әлеуметтік -психологиялық бейімделуі мен ғылыми дүниетанымын кеңейтуді, сондай - ақ жеке тұлғалық сапаларының қалыптасуын қамтамасыз етуді көздейді. Оқытудың бұл кезеңі оқушының үшінші сатыдағы бейіндік оқыту түрін саналы түрде таңдауына бағдар беретін бейіналды дайындқтың енгізілуімен ерекшеленеді.
Бейіндік оқыту идеясы өзіміз өмір сүріп отырған кезеңде қоғамды демократияландыру процестерінің әсерінен туындап отыр. Елімізде біраз уақыттан бері білім беру жүйесіне еніп, өзіндік бағыт алған гимназия мен лицейлердің дарынды балаларға арналған арнайы мектептердің тәжірибесі осы бейіндік оқытудың қоғам үшін қажеттігін айқындайды.
Айта кететін жағдай, бүгінге дейінгі баршамыз аитып жүрген бағдарлы оқыту, пәндерді тереңдете оқыту педагогикалық ұжымдардың талап тілектеріне қарай анықталды.
Ал 12 жылдық білім беру жүйесі оқушыны бейімдеп оқыту арқылы өзіндік талабын қанағаттандруды, оның жеке тұлға ретінде дербес қалыптасуына игі ықпал етуді мақсат етеді. Ол мынадай міндеттерді жүзеге асыруды көздейді: оқушыларға бейінді оқытудың белгілі бір бағытын таңдауына мүмкіндік туғызу: оқушылардың әлеуметтік және кәсіби жағынан өзін-өзі анықтауына, өзгермелі қоршаған ортаға бейімделе білуіне септігін тигізетін өзіндік білім алуын ұйымдастыру. Нәтижесінде оқушының болашақ мамандығына саналы таңдау жасауына жағдай туады, өзіндік іс әрекетін бағалай білуге дағдыландыратын түпкілікті құзіреттілікке қол жеткізіледі, сөйтіп оқушының одан әрі білім алуын жалғастыруына игі ықпал етеді.
Демек кез келген мектеп оқушыларының өз білім жолын таңдауына, жергілікті мектеп желісінің ерекшелігіне және кадрлық құрамына қарай білімін жан-жақты тереңдетуіне мүмкіндігі бар.
Жаңа оқу жылынан бастап, әрбір облыс орталықтарында, қалаларда, аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде бейіндік оқытуды сынақ тәжірибеден өткізуге арналған эксперименттік алаңдар- бейіндік мектептер белгіленіп, экспериментті жүргізудің бағдарламасы әзірленуде.
Қазақстандық білім беру жүйесінде оқушының білімін тек қана 5 балдық шкаламен бағалау көп уақыттан бері қалыптасып қалғанымен, білім беру жүйесіндегі түбірлі өзгеріс, білім мазмұнын жаңарту процесі оқушының білімін бағалау жүйесінде түбегейлі өзгертуді талап етеді. Осыған орай озат тәжірибелі педагогтардың тәжірибелі ғалымдардың қатысуымен оқушының білім алу әрекетіндегі оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесінің жобасы әзірленуде. Сондай-ақ Орталықтың ғылыми зерттеу қызметкерлері Білім сапасын бағалау ұлттық орталығымен бірлесе отырып шетелдік тәжірибелерді де зерделеуде.
Жаңа бағалау жүйесінің негізгі мақсаты оқушының оқу әрекетіндегі алған білімі-білігімен бірге өмірлік дағдыларының қалыптасуын жан-жақты қарастыруды көздейді.
байланысты айтылып жатқан сан алуан пікірлерді саралай келсек халық арасында түсінбеушілік тудырып отырған басты мәселе бала жасына байланысты болып отыр. Қазіргі оқыту жүйесінде бала мектепке 7 жасынан барып, орта мектепті 16-17 жасында аяқтайды, ал 12-жылдық жағдайында да солай. Бал 6 жастан мектепке барса, 16-17 жасында мектепті бітіреді. Яғни мұндағы бал жасына байланысты өзгеріс - оның мектепке бір жыл ерте баруында.
12-жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылық - баланың тек қана білім алып қана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы қадам кәсіби бағдар алып шығуы. Яғни 11-12 сыныптардағы білім мазмұны оқушының жоғары оқу орнының алғашқы курстарында алатын білім мазмұнымен кіріктіріледі. Оқушы мен оқытушы арасындағы өзара түсінік пен ықпалдастығы негізделген оқыту процесі оқушының ойлау жүйесінің дамуына, құндылық, бағдарының айқындалуына, қарым-қатынас жасай білу дағдыларыларының қалыптасуына игі ықпал етеді. Нәтижесінде оқушының қоршаған ортасына деген қатынасын өзгертетін, танымдық қабілетінің деңгейін көрсететін, ойлау дәрежесінің тереңдігін байқататын, ақпаратты қабылдап, талдап, өзіндік тұжырым жасай алатын түпкілікті құзіреттерге қол жеткізеді.
Бұл процесс 12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелетін, құнды идеялардан тұратын жаңа оқыту технологияларын енгізуді талап етеді. Сөйтіп әлемдік қолданыста оң нәтижесін көрсетіп келе жатқан кредиттік технология сияқты зат тәжірибе енгізілетін болады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты білім жүйесіндегі мазмұндық-құрылымдық өзгерістер жоғары оқу орынарының білім стандарттарының өзгеруіне ықпал ететіні сөзсіз.
Сонымен он жылдық білім негізі білім сатысы болып есесптеледі. 10-сыныпты бітірген оқушы өз қалауымен арнаулы оқу орындарында және бастапқы кәсіптік білім беретін ұйымдарда білім ала алады. Одан әрі білімін жоғары оқу орындарында жалғастыруына болады.
Ал 11-12 сыныптарда өзінің білімін жоғары оқу орындарында таңдаған мамандығына сәйкес жалғастыруды көздеген оқушы оқи алады.
12 жылдық білім берудің тұжырымдылық негіздері, білім мазмұны, бағалау жүйесі, т. б. білім беру жүйесінің өзекті мәселелері елімізде ғалымдардың, жалпы педагог қауымның арасында жан-жақты талқылануда.
Заман талабынан туындаған тың мазмұнды білім жүйесінің қоғам үшін қажеттігін еліміздің төрт жылдан бері 104 мектепте жүргізіліп келе жатқан эксперимент нәтижесі көрсетіп отыр. Экспериментке қатысқан педагогтарды жыл сайын қайта даярлаудан өткізіп, оқытудың жаңа технологияларына сәйкес әзірленген әдістемелікпен уақытында қамтамасыз етіп отырамыз.
12 жылдық білім беру жүйесінің енгізілуіне байланысты ұйымдастырылып жатқан іс-шараларды атап өтетеін болсақ: біріншіден, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жұмыстары жүйелі және жоспарлы өтіп жатыр. Республикалық бюджеттен трансферт есебінен арныйы қаржы бөлініп, жылына 3000-нан астам педагог кадрлар қайта даярлануда. Екіншіден, экспериментке қатысушылардың 12 жылдық білім беру мәселелері бойынша пікірлерін ортаға салып талқылау мақсатында түрлі деңгейдегі: аймақтық, республикалық, халықаралық семинарлар мен конференциялар ұйымдастырылуда. Үшіншіден, шетелдік озат тәжірибелердің ұтымдылары талқыланып тыңдалып қазақстандық білім беру жүйесіне икемделуде.
Білім стандарттарын әзірлеудің проблемасы білім беру нормаларын белгілеу қажеттілігі мен адам дамуының өз заңдылықтарының, оның ішінде білім беру нормаларын белгілеу қажеттілігі мен адам дамуының өз заңдылықтарының, оның ішінде тосын, білім беру жүйесіне бағынбайтын заңдардың өмір сүруінің арасындағы қайшылықтарға байланысты туындап отыр. Осы қарама -қайшылықты жеңудің тиімді жолы 12 жылдық білім беру жүйесінің жобалауға психологиялық - педагогикалық тәсілдерді пайдалану болмақ. Мұндай жобалау оқушылардың ерекшеліктері мен дамуы деңгейін ескеретін психологиялық -педагогикалық принциптерге негізделуге тиіс.
12 жылдық мектепке көшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды көздейді. Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастыққа оқыту» жобалар әдісі, оқытудың әр деңгейлі топтық және қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды эвристикалық жүргізу әдістері сияқты мектеп оқушыларының жас және жеке психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқытудың нәтижелі нысандары мен әдістеріпайдаланылуы тиіс. Бұл нысандар, әдістер мен технологиялар оқушылардың қабілет-дарынын, олардың жеке қасиеттерін дамытуға ықпал ететін оқытудың сараланған тәсілін көздейді. Соңғы жылдардағы ақпараттық революция әлемді бірыңғай білім беру кеңістігіне топтастыруда. Қоғамды ғаламдық деңгейде ақпараттандыру мектеп оқушыларымен педагогтарға өзінің дүниетанымдық тұрғысынан ашық ақпараттық білім беру кеңістігіне енуге мүмкіндік беретін қашықтықтан оқыту технологиясын меңгеруге жағдай жасайды. Субективтік ойлау арқылы оқытудың ақпараттық оқытумен салыстырғандағы басымдығын сақтай отырып, 12 жылдық мектеп оқушылардың бойында бұрынғы «бағдарламалық» түсініктердің орнына дүниенің көптеген субъективтік картиналарын қалыптастыруға, білім беру жағдайлары арқылы оқу міндеттерін оқушылардың өмірлік проблемаларының желісіне кіргізуге, оларды нақты және виртуалды дүниеде дұрыс бағдар үйретуі тиіс.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мектептеріндегі білім беру мазмұнының көлемін дамыған Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім берудің бағдарламасын біздің оқушыларымыз 11 жыл ішінде меңгереді. Республиканың 11 жылдық жалпы орта білім беретін мектебінде қай кезде де оқушылардың артық жүктемесі байқалып келді.
Оқушылардың оқу жүктемесі оларды оқуға бөлінген міндетті пәндер мен апталық сағаттардың санына, сондай-ақ оқу материалын сыныптар мен білім деңгейлері арасында тиімді бөлуге байланысты.
12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы білім беретін мектеп оқушылардың оқу жүктемесі проблемаларын шешуге ықпал етеді. 11 жылға есептелген жалпы білім беретін пәндер жөніндегі бағдарлама, 12 жылдық мектеп жағдайында 12 жыл ішінде меңгерілетін болады. Оқу материалдары мектеп сатылары мен білім беру деңгейлері арасында қайта бөлінеді.
12 жылдық білім беруге көшудің жалпы білім берудің басты мақсаты- әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес келетін берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге өздігінен білім алуға, өзін-өзі тануға, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруге дайын, және қоғамдық мүдделерді үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды әлемдегі озық тәжірибелерге негізделген оқу - тәрбие жүйесінің қалыптастыруына ықпал етеді.
Қазақ халқының тарихына, мәдениетті, дүниетанымына, ұлттық қасиеттеріне қатысы бар бұрын- соңды жарияланбаған, немесе «саясатқа қайшы» деп, кезінде жауып тастаған туындылар мен шығармалардың бүгін де беті ашылды. Ұлттық сана -сезім қайта жаңғырып, жаңаша рухани көтерілу үрдісі басталады. Білім беру тәрбие мәселелеріне көзқарастар мен талаптар өзгерді, оның нәтижесінде жаңа идеялар дүниеге келді. Ұлтымыздың тағдыры тіліміздің, дініміздің, тарихымыз бен рухани- мәдени мұраларымыздың, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпымыздың сақталып қалуымен тығыз байланысты. Ұлттық тәрбие дегеніміз не? Ұлттық мектепте тәрбие, білім беру ісін қандай ұстанымдарға сүйеніп құру керек? Оның мақсаты-міндеттері қалай анықталады? Тәрбиенің басты құралы не?- деген сұрақтарға ұлттық мектептің ғылыми негізін қалаған белгілі ағартушылар мен ғалым педагогтардың пікірлерінен жауап іздеп көрейік.
Ұлттық мектептің проблемаларымен айналысқан орыс ғалымы В. Н. Сурока - Росинский 1916 жылы «орыс мектебі» журналында жарияланған мақаласында : «Білім мен тәрбиенің негізі міндетті түрде ұлттық болуы тиіс, өз Отанының алдындағы борышын өтемей, жалпы адамзатқа қызмет істеуі мүмкін емес . . . » деген екен. К. Д. Ушинский өзінің «орыс мектебі қылу қажеттілігі туралы» мақаласында күйініп былай дейді: «. . неліктен орыс баласын тарихпен танысуын Рюрихпен емес Неболасардан емес, географиямен танысуы Киев немесе Москвамен емес, қайдағы бір Сиднеймен немесе Вандилен жерімен, неліктен орыс географиясы небәрі 40-50 сағат оқытылады . . . » неліктен біздің балалар алдымен орыс тілін біліп алмай, латын, неміс, француз тілдерінде етістікті жіктеумен, зат есімін септеуді үйренуге кіріседі?В. Я. Стюнин ұлттық орыс мектебі туралы «мектептің жансыз», дәрменсіз болуының басты себебі -мектептің ұлты мен дербестігінің жоқтығында және оның космополиттік бағытты ұстануында. Мектеп құрғанда . . . ең басты мектеп басқа халықтың тарихы мен тәжірибесіне негізделіп соған байланысты қайта құрылуы керек» деп атап көрсетеді. Академик Ш. А. Амоношвили пікір бойынша «Грузин тілінде сабақ жүретін мектептердің бәрін бірдей ұлттық мектеп деп айту болмайды, бұлардың нағыз ұлттық мектебі болу үшін онда грузин халқының рухы болуы керек деген.
Қазақстан халқының зиялы азаматтарының ұлттық мектеп пен тәрбие жөніндегі ой-пікірлері былай өрбиді:
«Мектебіміз сау, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсе келешегімізге тайынбай -ақ серттесуге болады . . .
Әрбір ел келешегін негізгі балаларын тәрбиеленетін, даярлайтын мектебінде салмақ. Бір елдің тағдыры мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе . . . » - деп Мағжан Жұмабаев айтса, - деп ойды Міржақып Дулатов жазады. Жазушы Әбіш Кекілбаев былай дейді: « Бүгін тәрбие тағлымының қай түрі болмасын, тек сол кемел тарихи сананы қалыптастырған күнде ғана мақсатқа жете алады. Тарихи санадан атымен жұрдай ата- ана өз көкірегінен шыққан перзентін, өзін жаратқан халықтың ғасырлар бойы жиып терген қазынасынан қаралай қағып, . . . не менсінбей қаратып рухани мүгедектікке ұрындырады. »
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz