Математиканы басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Бастауыш сынып математикасында пәнаралық байланысты жетілдіру жұмысының жүйесі

1. 1 Пәнаралық байланыстың педагогикалық ғылыми-теориялық негіздері . . . 6

1. 2 Бастауыш сынып математикасында есеп шығаруға үйретуде пәнаралық байланыстық дамытыла жүргізілуі . . . 10

2. Бастауыш сынып математикасын басқа пәндермен байланыстыра оқытудың мүмкіндіктері

2. 1. Математиканы басқа пәндермен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері . . . 19

2. 2 Зерттеу бойынша жүргізілген іс-тәжірибелердің қорытындысы . . 37

Қорытынды . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 41

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығы, кәсіби біліктілігі мен білімділігін, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін талап етеді. Бастауыш мектеп жасындағылардың жетекші іс-әрекеті оқу болып табылады. Бұл балаға нақты талаптар қояды, оны орындау кезінде баланың психикасының сапалы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Психологиялық жаңа құрылымдар бастауыш мектеп жасындағылардың оқу іс-әрекетінің қалыптасуына байланысты пайда болады.

Қазіргі кезде қазақ мектептері үшін көптеген оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар шығарылып жатыр, мектептеріміз соңғы кезеңінен дербес компьютерлерімен жабдықталуда. Ол туралы Е. Бишімов былай тұжырымдайды: «бұл проблеманы шештік деп заман талабына сай терең білім, саналы тәрбие беруге кедергі келтіріп отырған тосқауылдар мен қайшылықтарды жоюға болады, бірақ тығырықтан шығудың нақты жолын көрсетпейді». Осыған орай басты бағыттағы білім мазмұнында пәнаралық байланыс және білім берудегі ақпараттандыру керек.

Пәндерді байланыстырып оқыту арқылы дүниенің тұтастығын түсінеміз, жалпы интеллектің артуына ықпал жасаймыз. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті - ол оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып есептеледі.

Оқыту теориясында дербес оқыту мәселесі И. Г. Песталоцци, А. Дистерверг, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский және т. б. көрнекті педагогтардың еңбектерінде аталып өтті, сонымен қатар оқытуды дербестендіру әдістері мен жолдары туралы Н. Ф. Талызина, А. А. Кирсанов, М. В. Богданович, М. М. Анцибор өз зерттеулерінде жан-жақты талқылады. Оқыту процесінде есептеуіш техниканы пайдаланудың негізгі мәселелері С. Пейперт, В. Е. Давыдов, О. Н. Тихомиров, Т. В. Габай, В. Я. Ляудис, Е. И. Машбицтің зерттеулерінде, ғылыми негіздерін оқытуда А. П. Ершов, А. Г. Кушниренко, М. И. Лапчик, А. Г. Гейн еңбектерінде қарастырылған. Біздің елімізде қазіргі заман талабына сай мектеп пен тәрбие ісінде компьютерлендірудің алатын орны мен маңызын Ж. А. Қараев, М. Ә. Құдайқұлов, Б. К. Момынбаев, Қ. Бектаев, Е. Бишімов, Д. М. Жүсіпалиева, Л. К. Керимов, Б. Әбдікәрімов, А. Көбесов, С. В. Рах, Н. Т. Ермеков т. б. ғалымдардың еңбектерінде көреміз.

Бастауыш мектеп математика пәнін оқытудың теориясы мен әдістемесін жетілдіруге Ресейде М. И. Моро, А. М. Пышкало, Н. Я. Виленкин, М. А. Бантова, Л. Г. Петерсон т. б. Қазақстанда Т. К. Оспанов, Ж. Т. Қайынбаев, Қ. А. Ерешова, К. А. Утеева және т. б. ғалым-әдіскерлер үлес қосты.

Қазіргі кезде пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр. Бұл мәселемен көптеген ғалымдар М. А. Данилов, В. В. Давыдов, Р. Г. Лемберг, В. Н. Малахов, В. Н. Федорова, Д. Әлімжанов әр түрлі ғылымдарда пәнаралық байланысты компьютерді қолдану мәселесімен Ж. А. Қараев, Е. Ы. Бидайбеков, Г. К. Шолпанқұлова, Б. Д. Сыдықов т. б. шұғылданып келеді. Олар пәнаралық байланыстың педагогикалық, философиялық, психологиялық мәнін, құрылымын, әдіснамалық деңгейде құрастырады. Негізгі түсініктерін, заңдылықтарын категориялары мен идеяларын ашып, оқу-тәрбие процесіндегі мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін ғылымдар жүйелілігі мен байланыстылығы негізінде жан-жақты талдайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш мектептің математика пәнін оқыту үрдісін жетілдірудегі пәнаралық байланыстарды пайдаланудың мүмкіндіктері мен дидактикалық шарттарын ашу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: математика мен басқа пәндерді байланыстыра оқыту, оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, білім игеру сапалық көрсеткіш деңгейін арттырады, егер:

  • пәндерді байланыстырып оқыту арқылы жалпы интеллектің артуына ықпал жасасақ;
  • пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті - ол оқыту процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құра білсек;
  • математика пәнінің басқа пәндер арқылы практикалық мәні мен көрнектілігін ашсақ.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • пәнаралық байланыстың педагогикалық ғылыми-теориялық негіздерін ашу;
  • математиканы пәнаралық байланыста пайдаланудың ерекшеліктерін көрсету;
  • зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген іс-тәжірибелердің нәтижесін қорытындылау.

Зерттеу әдістері:

  • пәнаралық байланыстар туралы педагогикалық, әдістемелік еңбектер, қолданып жүрген пән бағдарламаларын оқып үйрену және талдау жасау;
  • оқытушылардың сабақ жүргізу процесіне және оқушылардың оқу процесінде пәнаралық байланысты қолдануына бақылау, талдау жасау;
  • жеке бастың үйлесімді және әрі жан-жақты дамуы туралы педагогикалық және психологиядан арнайы әдебиеттерді қарастырып талдау.

Зерттеу жұмысының базасы: № 48 орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары.

Зерттеу кезеңдері: зерттеу жұмысы негізінен 2017-2018 оқу жылында қарастырылды.

І БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКАСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

1. 1 Пәнаралық байланыстың педагогикалық ғылыми теориялық негіздері

Елімізде ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақ тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауға талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.

Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардың белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.

Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналуда.

Оқыту жүйесін компьютерлендіру жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:

1. Ғылыми-техникалық және өндірістік-технологиялық мәселелері шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез-келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді мамандар мен кәсіптік деңгейі жоғары еңбекшілерге деген сұранысты қанағаттандыру.

2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне тәуелсіз, ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз ету.

3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі сұранысының артуы.

Қазақстанда математикалық білім беру оның ішінде бастауыш мектеп стандартын жасаған белгілі ғалым Е. О. Медеуовтың айтуы бойынша бастауыш мектептегі оқушылардың математикалық дайындығы орта және жоғарғы сыныптардағы математика курсын оқып үйренудің негізі болып табылады.

Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьютерлік ойын ойнап, микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техниканы оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түсті.

Соңғы кезде Россия ғалымдары А. А. Кузнецов пен А. М. Пышкалоның басшылығымен төменгі сыныптардағы математиканы оқытуда информатика пәнімен байланыстыра пайдалану зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдістемелік жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала.

Пәнаралық байланыстың дидактикалық негізінде оқу пәндері алынған. Ғылымдардың гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы, оларды зерттейтін объектілерінің орталығына, пәндік қатынастарының бірлігіне негізделген. Олар қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша біріктіріледі де, әр пән өзінше білім, іскерлікке арналған материалдарды және оқушылардың жалпы таным объектілерін бір жүйеге келтіреді. (4)

Пәнаралық байланысының педагогикалық белгілерін былай айтуға болады:

  • дүниенің табиғи-ғылыми көрінісін оқушыға жеткізу, яғни дүниенің бітұтас ғылыми бейнесі қарастырылады. Бұған ғылыми және бейне дүниенің алуан түрлі көркем үлгілерімен және мәдениеттің бөлінбес бөлігі болып табылатын қиялдағы бейнелері жатады.
  • Пәндердің пәнаралық байланысының педагогикалық белгілерінің біріне білімдер синтезіне келумен байланысты болады, себебі жеке ғылымның дамуының негізінде ғылымдардың біріккен жерінде болады. Екі немесе үш және одан да көп ғылымдардың біріккен жерінде зерттеу жүргізу зерттеушілерден осы «біріккен» ғылымдардың бәрінің ұғымдары мен әдістерін меңгеріп алуына, яғни білімдер синтезін талап етеді. Ал белгісіз нәрсені зерттеуге синтездік немесе комплексті тұрғыдан қараудың өзі нәтиже ретіндегі синтездік білімді туғызады. Ғылымдардың біріктіру құрылымының моделі арқылы білімнің қазіргі кезде көп деңгейлі жақтарын қамтитынын көреміз;
  • Пәндердің байланысын білімдерді математикаландырумен байланысты деуге болады, ол үшін ой-өрісі, дүниеге деген көзқарасы кең және өз мамандығымен тектес салалардан жеткілікті кең білімі болуы керек. Барлық мамандық үшін де математикалық ой-пікірдің жетістіктерін, математикалық әдістерін белгілі бір формада пайдалану қажет;
  • Пәндердің пәнаралық байланысының келесі бір педагогикалық белгісі пәндердің өзін-өзі танып білуіне әкеледі. Пәндердің пәнаралық байланысын ғылым туралы ғылым деген ұғыммен түсіндіруге болады. Ол туралы «жалпы ғылымтану», «ғылымдық білім» деп те айтылып жүр. Ғылымдардың біріуі және дербестенуі, ғылыми білімдерді шоғырландыру проблемасын жасауды, ғылыми білімнің ақпараттылығын арттыру, т. б. процестерді ескереді.
  • Пәндерді байланыстырып оқытқанда келесі бір педагогикалық белгісі халықтық, өмірлік мазмұны бар шарттар және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет болады, яғни халықтың экономикасының, мәдениетінің даму тарихын, ұлттық дәстүрге сай ерекшеліктерін, халықтық педагогика тәжірибесін ескеру қажет.

Пәнаралық байланыстың педагогикалық маңызына: оқушыға индифидум деп қарау және оқытуды гуманизациялау болады, оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың болуы - ғылымдар негізін меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты; дидактикалық көзқарастың қалыптасуы - білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді; жан-жақты тәрбие жүйесінің барлық салаларын комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды; педагогикалық еңбектің ғылыми негізде тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі; педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісімді және демократиялық негізде жүріп отыруына әсер етеді.

Табиғат қоршаған ортаны танып білуде, экономикалық проблемаларды түсініп, шеше білуге, қазір көп айтылып жүрген пәндік облыстарында қарастырылуда, яғни медицина, ауыл шаруашылығы, әр түрлі ғылыми зерттеу орталықтардағы мәселелермен танысып, шынайы өмірдің проблемаларын түсіне білуде, оқушының ой-орамын кеңейтуде жаңа ақпараттық технология негізгі тұтқа болып отыр. Ендеше бір пәнді екінші пәнмен байланыстыратын құрал қазіргі таңда компьютер болып отыр. Компьютер деп айтсақ тек информатика пәнімен шектелу деген түсінікті кеңейтеміз. Соның ішінде информатика пәні мен математика пәндерінің байланысын ақпараттық мәнін ашсақ, оны оқушыларға оқыту процесінде дұрыс шешсек, оқыту процесінде елеулі жетістіктерге жетер едік.

1. 2 Бастауыш сынып математикасында есеп шығаруға үйретуде пәнаралық байланыстың дамытыла жүргізілуі

Бастауыш және орта буындарда оқытудың жаңа жүйесі ұсынған есепті шығарудың жалпы әдісіне үйретудің негізгі ерекшеліктерін сақтай отырып, сабақтастықты іске асырудың зор маңызы бар. Алдымен, 4-класс математикасын оқыту процесінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.

1. Есеп шығаруға үйрету - математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Шынында, әрбір есем мазмұнының өзі проблемалық сипаттағы белгілі бір тапсырма - сұрақтар жүйесін қамтиды да оны шығару процесінде сәйкес талдау, талқылаулар жүргізе отырып, тиісті жауапты іріктеп алу және іздеу сияқты, күрделі ақыл-ой операцияларын орындауды ерекшеліктеріне сәйкес салыстыру, салғастыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою, жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстракциялау сияқты ақыл-ой әрекеттерінің қарапайым болсын элементтерін әр баланың түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.

2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері, қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрін де «бір тарақтың түзінен шыққандай» есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды. Расында да, тәжірибеде: а) әрбір класта есепті өздігінен шығарып кететін оқушылар санаулы-ақ кездесетіні; б) көпшілік жағдайларда, оқушылар өздігінен ойланбай, есептегі белгілі шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы тәуелділікті ашып беретіндей жетекші сұрақтардың берілуін, ал басып көпшілігі тиісті жәрдем көрсетілуін, тіпті есеп тексінің мазмұнын жан-жақты түсіндіріп беруді керексінетіні; в) есепті мүлде шығара білмейтіндер де кездесетіні байқалады. Осы тұрғыдан алғанда әрбір баланың шеберлік деңгейі түрліше болады деп түсіну керек те, әр балаға жеке-дара қатынас жасаған жөн. (6)

3. Есеп шығара білу шеберлігі түрлі-түрлі өзгермелі ақыл-ой іс-әрекеттерін орындау нәтижесінде бірте-бірте қалыптасатын әр түрлі қарапайым құрамды бөліктерден (өзара байланысқан бірнеше буындардан) тұратын күрделі жүйе (система) . Есепті шығара білу шеберлігінің үлгі ретіндегі құрамды бөліктерін толығырақ түрде келтірейік:

  • есеп тексінің мазмұнына, ондағы әрбір санға және шығаруда шешуші маңызға ие болатын сөздерге мән бере отырып дұрыстап оқу;
  • есеп мазмұнын жете түсіну, өз сөзімен айтып бере алу, қажетінше шартын абстракциялау;
  • есептің құрылысын (шартын, сұрауын) ажырату;
  • есеп шартын оны түсінуді жеңілдететін жағдайлардың бәрінде де схема, таблица, сызба түрінде қысқаша жаза білу немесе иллюстрациялау;
  • есепті талдай білу (жетпей тұрған, артық мәліметтерді анықтау, шығаруға болмайтындығын түсіну, өзгеріске және шамалар арасындағы қатынасқа сәйкес амалдарды таңдап алу және оны негіздеу) ;
  • есептегі әр түрлі шамалардың байланысын, ара қатынасын, тәуелділігін ажырата білу;
  • есепті түрлендіре білу, жауабын жобалай білу;
  • бірнеше белгісіз болғанда, аралық және ақтық белгісіздерді ажырату;
  • күрделі есептерді жай есептерге жіктей білу;
  • күрделі есеп шешуінің жоспарын құрастыра білу;
  • есепке сәйкес аналитикалық-синтетикалық талдау, талқылау жүргізе білу;
  • шешуін жазу (санды формула, теңдеу түрінде, амалдап), сәйкес сұрақтарды немесе қысқаша түсініктемелерді тұжырымдай білу;
  • жауабын табу, тексеру;
  • есепті шығарудың тиімді әдісін таңдай білу (арифметикалық немесе алгебралық тәсіл) ;
  • қажет болған жағдайда теңдеу құрып, оны шығара білу, сәйкес есептеулерді жүргізу. Теңдеудің түбірлерінен есеп жауабына көшу;
  • есептің барлық шығару жолдарын мүмкіндігінше іздестіре білу.

Әрине, нақтылы есепті шығаруда бұл жүйенің кейбір буындарына сай іс-әрекет жасау жеткілікті. Алайда оның барлық буындарына сәйкес әрекет жасаудың негізгі элементтерін барлық оқушылардың да меңгеруіне баса көңіл бөлінуі тиіс. Сонда ғана программа көлеміндегі кез келген есептің (оның ауыр-жеңілдігіне, бұрыннан үйреншікті немесе бейтаныс түрі, «жай және құрама, типтік екендігіне қарамастан») шешуін оқушылардың өздігінен таба білуіне жетуіміз мүмкін. (8)

4. Жаңа оқыту жүйесіне көшуге байланысты және «дәстүрлі методиканың» тиімсіз жақтарынан әлі де арыла алмаудың салдарынан туған жекелеген мұғалімдердің есеп шығаруға үйрету методикасының әлсіздігін, тайыздығын да ескермеуге болмайды. Тәжірибеде, кейбір ұстаз есепті амалдап шығарып шешуінің сәйкес жоспарын құру барысында аналитикалық не синтетикалық тұрғыда ұзақ талдау жүргізіп, бар жұмысты өзі орындайды да оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын ойластырмайды. Оқушылар не тақтадан, не мұғалімнің ауызша шығаруын еске түсіріп, не жекелеген баланың түсіндірмесіне ілесіп, көшірумен ғана шұғылданады. Ал кейбір ұстаздар өз тәжірибесінде жаңа оқулықтардағы үлгіге еліктеп, есеп шартына сәйкес схема, таблица, қысқаша жазуды үстірт жасап, мұны ең басты, негізгі міндетке айналдырып қажетті талқылау жұмыстарын жүргізбейді. Есеп жан-жақты талданып, әрбір амалға сәйкес қысқаша түсінік берілмей, тек есеп шешуінің санды формуласының сыңаржақ жазылуын басшылыққа алады.

Ұстаздардың осы екі тобына да ортақ кемшілік - олар оқыту процесінің әрбір кезеңдерінде, шәкірттерді есеп шығара білу шеберлігіне үйрететін қарапайым дағдылар қалыптастыруға мән бермейді, есепті шығарудың жалпы әдісіне үйретудің негізгі принциптік ерекшелігін сақтамайды. Сондай-ақ, есептердің көпшілігі мұғалімнің үлгі ретінде көрсетуі, тікелей басшылығы, жетекшілігі және қатысуымен шығарылады да, балалардың белсенділігін арттыру, шығармашылығын және инициативасын көтеру, мағыналы логикалық және математикалық қабілетін дамыту бағытында өздігінен орындайтын тапсырмалар үнемі берілмей, есепті өздігінен шығаруға үйретуде дәйектілік сақтамайды. (10)

5. Есеп шығара білуге үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, класс ілгерілеген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды, жетіле түседі. Алайда, көпшілік оқушыларда осы тұрғыдан алғанда, алғашқы сабақтардан бастап-ақ азын-аулақ болсын, ол қылықтар байқалып, ол күн, жыл өткен сайын ұлғая түседі. Мұғалім тарапынан тиісті көмек дер кезінде көрсетілмейді де, балалардың біразы басқалардан дараланып бөлініп, есепті шығара білетіндер, ал қалғандары есепті шығара алмайтындар деген атқа ие болады. Соның нәтижесінен болар, 4 класқа келген шәкірттердің есеп шығара білу шеберлігінің нақты деңгейі программа талаптарымен үйлеспей жатады.

6. Бастауыш және 4-кластарда есеп шығаруға үйретудің кейбір әдіс-тәсілдерінің, сәйкеспеушілігі де кездеседі. Мысалы, бастауыш класс математика оқулықтары мен мұғалімдерге арналған математиканы оқыту жұмысына методикалық нұсқауларда, кейбір методикалық әдебиеттерде, мазмұнды есепті шығару кезінде есеп сұрағына жауап болатындай ізделінді шаманы (санды) әріппен (х-пен) белгілеу керектігі айтылады, сондай-ақ ылғи да шешуінің санды формуласын құру үстінде, немесе құрып болған соң оны х-ке теңестіріп жазу қолданылады. Сырт көрінісіне қарағанда бұлай жасау есепті теңдеудің жәрдемімен шығаруды енгізу үшін, қажетті дайындық іспеттес. Ал балалардың х-ті бұлайша пайдалану дағдысы, 4-класта кедергі келтіруде, әсіресе, әріппен берілген немесе құрамында айнымалы кездесетін есептерді шығаруда балалар көп қателеседі. Шешудің санды формуласын х-ке теңестіріп жазу дағдысын өзгертуге тура келіп жүр. Олай болса, х-ті бастауыш кластарда есепті теңдеу құрып шығаруда, белгісіз компонентті тапқанда, теңдеуді шешкенде ғана қолданып, ал есептің шешу формуласын құру қажет болғанда, оны тек санды өрнек түрінде қалдыру керек те, х-ке теңестіруді пайдаланбаған жөн. Оған қоса 4-класта, есептің құрылымына, түріне қарай х пен ақтық белгісізден гөрі аралық белгісіздердің, бірін белгілеу тиімдірек болады. Көпшілік жағдайларда есеп сұрағына бірден жауап берілмей белгісіздердің ішіндегі ең азын (еселік қатынаста) әріппен белгілеуге тура келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1 сыныптарда математика пәнін интеграциялап оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктері
Бастауыш мектепте математиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Мектептегі математика сабағында жобалау технологиясын қолдану
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Қазіргі математика кезеңі
Пәнаралық байланыстарды оқу процессіне кірістіру
Білім беруде пәнаралық байланыстың маңызы
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Шет тілін оқу әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz