Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. .5
1.1 Ғылыми - педагогикалық зерттеу - жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Педагогика ғылымының әдіснамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.1 Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Педагогикалық зерттеудің әдістемесі және принциптері ... ... ... ... ... ... ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік даму жолында тұрған асқарлы міндеттерді шешу тәжірибеге ғылыми амалдарды кеңінен енгізу талап етеді. Бұл ретте ғылымның өзі де жедел дамып, қарқыны арта түседі.
Соңғы уақыттарда елімізде ғылыми мамандарды дайындаудың жаңа нұсқасы ендіріліп, объективті және субъективті жағдайларға қарамастан педагогика ғылымында жаңашылдық үдерістер орын алуда.
Ғылыми білім ұғымын талдамас бұрын жалпы білім терминінің мәнін ашқан жөн болады. Білім - адамның танымдық әрекетінің нәтижесін жүйелеу формасы. Білім арқылы біз өз істерімізді ұйымдастырудың тиімділігін арттырып, ол үрдісте пайда болатын түйткілді мәселелерді шешеміз.
Қоғам дамуының үнемі өзгеруі және бүгінгі күні гуманизациялануы адамдар бойында адамгершілік құндылықтарды қоғам сұранысына сай қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Толыққанды адам келбеті , әрбір адамның іс-әрекетінен көрініс табады. Демек, адамдар өзіндік біліміне,тәрбиесіне байланысты іс-әрекет жасайды. Адамдар бойында адамгершілік мәдениетті қалыптастыру үшін, адамгершілік құндылықтарды меңгерту керек екені дау тудырмайтын қағида.
Елімізде ғылымды дамытуға зор мән беріліп отыр. Ғылымға қолдау көрсетудің бұрын-соңды болмаған, жаңа тетіктері іске асырылуда. Ел әл-ауқатының артуына байланысты ғылымды экономика мен қоғамға тиімді түрде енгізу талаптары күшеюде.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім мен ғылым және ғылыми кадрларды даярлау мәселелері қарастырылған. Ал Білім туралы Заңда белгіленген ғылымды басқару жүйесіндегі функцияларды нақтылау жұмыстары іске асырылуда. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия ғылымды дамытудың басым бағыттарын қарап, бекітті. Ол бойынша Ұлттық ғылыми кеңестер құрылды. Олар жобалар мен бағдарламалардың орындалуы туралы нақты шешім қабылдайтын болады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы құрылмақшы[1].
Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған ғылымтану атты жаңа пән пайда болды.
Жоғары білім берудің басты міндеті - студенттің тұлға, маман, азамат ретінде қалыптасуында өзіндік ойлауға және ізденіске, сонымен қатар, ғылым, техника, мәдениет және қоғамдағы өмірлік маңызды іргелі және қосымша шешімдерді қабылдау. Барлық әлемде бағыттар мен стратегиялық бағдарларды өңдеуді, білім беруді тәрбиелеумен тек педагогтар ғана айналыспайды, сонымен қатар, психологтар, экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, әлеуметтанушылар және көптеген басқа мамандарда айналысады. Сондай-ақ, қазіргі заманғы барлық білім берудің көптүрлі доктриналары, стратегиялары, жүйесі мен технологиялары ішінен инвариантты және әмбебаптыларын бөліп алу қауіпті. Педагогикалық шығармашылық және жаңашылдық әрекет тұрақты идеялар мен үлгілерді дәріптей дамыта отырып, үзіліссіз сіңіру мен баюды көздейді. Осы аталған мәселелерді ескере отырып зерттеу тақырыбымызды Ғылыми педагогикалық зерттеу және оның әдістемесі мен принциптері деп алуымызға себеп болды.
Зерттеудің пәні: ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі
Зерттеудің нысаны: болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орынында ғылымның зерттеудің әдістемесі мен принциптерін орындауға даярлық үдерісі.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мамандардың педагогикалық ғылымының негізгі әдістемесі мен принциптерін түсіне отырып теориялық-әдіснамалық тұрғыда негіздеу, ғылыми-әдістемелік мағлұматтар алу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Педагогика ғылымының әдіснамасына терең мағлұмат алу;
2. Педагогика ғылымында зерттеудің құрылымы мен логикасын, принциптері мен әдістемесін толықтай ашып көрсету.
Зерттеудің базасы: жоғарғы оқу орны ТарМПИ.
Зерттеудің әдістері: сұрақ-жауап, анкеттеу, бақылау және т.б. қолдану арқылы зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеудің құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әрбір тарау екі тараушадан және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.

1 ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ғылыми - педагогикалық зерттеу - жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесі

Ғылым дамуының басты шарты - жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегінде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми - танымдық іс - әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастырған жөн.
Әрқандай әдіснама қалыпты көрсетпе - нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен, әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивтік не прескриптвтік.
Дескриптивтік әдіснама - ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу процесіне бағыт - бағдар береді. Ал прескриптвтік әдіснама - зерттеу іс - әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді. Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс - әрекеттерді жүзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстары және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным процесінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады[2].
Кейінгі жылдары білім беру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі едәуір өсті. Білім беру ошақтарындағы педагогтар мен басшылар зерттеу-іздену жұмыстарының жаңа функциясын батыл түрде барлық кезеңдерін іске асыруға тырысуда, ал педагогикалық ізденіс педагогтер үшін кәсіптік қызметтің басты бағыттарының бірі болды. Педагогтердің мақсатқа бағытталған зерттеушілік қызметін жасау қажеттігі соңғы он жылда, яғни зерттеу міндеттері тек қана педагогтың құқығы ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби міндеті екендігі қарала бастады. Зерттеушілік қызметі субъектінің ғылыми методологияға негізделген білім алу процесі кезінде жаңа, ғылыми білімді өз бойына сіңіруі деп қаралады. Кәсіби қызмет педагог үшін құнсыз, егерде ол бір кездері меңгерілген кәсіби тәсілдер арқылы құрылған жағдайда. Мұндай қызмет тек қана ондағы білімнің биік нәтижесіне жеткізетін объективті мүмкіндіктердің қолданылмауында ғана емес, ол педагогтың өзінің жеке-дара өсуіне де еш пайдасын әкелмейтін құнсыз болып есептеледі. Алайда біздің тәжірелер мен В.И.Боголовский[3], В.И.Загвязинский[4], И.А.Зимний[5], Н.М.Новиков[6], Н.М.Яковлевтің[7], арнайы зерттеулерде, педагогтер комплексті зерттеу жұмыстарында қиыншылықтардың болатынын және көптеген жағдайларда зерттеу қызметтеріне дайындықтың аздығын көрсетеді. Мұны білім беру мекемелерінің басшыларының берген бағасы да, педагогтардың өзін-өзі бағалауы да растайды. Мұндай жағдайлардың орын алуы жоғарғы оқу орындарындағы болашақ педагогтарда өткізілетін практикалардың кәсіби деңгейде өткізілмеуінен, яғни білім алушылардың зерттеушілік құзырлығын дамытатын, зерттеу жұмысын орындауға жағдайдың жасалмауынан болады. Қазіргі таңда болашақ педагогтарды зерттеу жұмыстарына дайындаудың әр түрлі қырына арналған бөлек зерттеулер жасалуда, алайда олар ғылыми базаны зерттеу қызметінің жалпы дамуын, кәсіби зерттеу жұмыстарын жасауда өзіндік шешімге келуге толықтай жарамды болуын қамтамасыз етпейді. Зерттеу әдістері - обьективті шындықты көру,танып білу. Педагогика дамуындағы негізгі фактор оның үнемі толықтырылып отырылуында және зерттеу әдістерінің нақтылығында. Педагогика ғылымының жаңа тәсілдермен толықтырылуы басқа ғылымдармен тығыз байланысының арқасында. Зерттеу жұмыстарының педагогикамен байланысы үнемі, жоғары қарқынмен дамуда. XVIII ғасырдан бастап педагогика ғылымының мазмұны практикалық бақылау нәтижесінде теориялық тұжырымдармен толықты. Сол уақыттағы педагогикалық практиканың маңызды тұлғалары: Г.Песталоцци[8], А.Дистервег[9], К.Д.Ушинский[10], А.Н.Толстой[11], П.П.Бионский[12], А.С.Макаренко[13], С.Т.Шацкий[14], және т.б. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық тәжірибелер XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. XXғ басында-ақ педагогикалық эксперимент термині өзінің нақты мәнін алды және кең таралды. Эксперименттік педагогиканың атақты тұлғалары немістің және американың ғалымдары: В.Лай және Э.Мейман, С.Холл,Э.Торндайх болды. Зерттеу процесінде нақты мәліметтерді алу үшін олар талапқа сай болуы керек.
Онда көбінесе философия қарастыратын зерттелетін құбылыстардың мәнін түсіну қарастырылады. Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес. Мәліметтердің өзгеруіне және эксперименттік жұмыстың шартының өзгеруіне байланысты нәтиже де әр түрлі болады. Эксперимент жүргізу үшін бір кішкене ғана компонентті өзгерткен жөн және сол кезде алынатын мәлімет бірден өзгереді. Бұл жағдайда алынатын мәліметтердің дұрыстығы, зерттеу жұмыстарының саны мен алынған нәтижеге байланысты.
Педагогикада зерттеу жұмыстарын жүргізгенде эксперимент обьектісінің моральді - этикалық ережелерін қатаң ұстанған жөн. Педагогикалық процесс кезінде адам денсаулығына зиян келтірмеу және оқушылардың дамуын жақсылап ойластырып, жоспармен жұмыс жасаған дұрыс. Қазіргі кезде педагогикалық зерттеу жұмыстарының үлкен жүйесі бар, оларға: педагогикалық бақылау,зерттеу сұхбаты, педагогикалық эксперимент,математикалық статистика,педагогикалық ойлардың теориялық анализі және т.б. жатады. Педагогикалық бақылау - зерттеудің қарапайым, тиімді әрі бәрінің қолынан келетін әдіс болып табылады. Мұндай әдісті іске асырғанда зерттеу обьектісіне бақылаудың нәтижелері нақты мәліметтермен толығады. Бақылау әдісі системалық, организациялық және массалық қолданылуы эффективті болуы мүмкін және де басқа әдістермен педагогикалық зерттеу жүргізгенде араластыру қажет болады.
Педагогикалық сұхбат педагогикалық зерттеулердің қосымша бір әдісі болып есептеледі. Арнайы бағытталған сұхбат екі жақтың араласуымен болатын педагогикалық әсер ету фактысы болып табылады. Дұрыс нақты ойластырылған сұрақтың мазмұны оқушының белсенді қызығушылығының пайда болуына, көңіл күйіне байланысты ашылуына, мүғалімнің әдеби шығармашылығына қатынасын білдіреді. Толық және нақты ақпаратты алу үшін педагогикалық сұхбат ережелерге бағынып және арнайы маманның қатысуымен болады. Сұхбат алудың басқалардан айырмашылығы жоқ, ол зерттеу обьектісінің жеке ерекшеліктеріне түзету жүргізеді, түзету жүргізу үшін ұсынылған сұрақтардың ситуацияға және әңгімелесушінің қызығушылығына байланысты сұхбат процесін түрлендіретін, берілген тақырыпты талқылайтын алдын - ала ойластырылған жоспары болуы қажет.
Сұхбаттасушының ойы мен фактілерінде шынайы сенімділіктің жоқтығына байланысты педагогикалық сұхбат мәліметтерді алудың көзі емес, ақпаратты жеткізгенде әр уақытта жетістікке жете бермейді. Тәжірибені оқыту - педагогикалық зерттеудегі, дәстүрлі кең қолданылатын тәсіл. Ол тарихи және қазіргі мектептегі педагогтардың өз қызметтерінде белгілі бір оң нәтижелерге жеткен кездегі практикалық тәжірибеге анализ жасау мен оқытуға негізделген. Бұл әдісті пайдаланғанда педагогикалық теория мен практикаға арналған тұрақты, нақты ережелермен сипатталатын оның әдіс-тәсілдеріне басты назар аударылады. Тәжірибелік оқыту мен тәрбие - педагогиканың негізгі мақсатының ілгері алға дамуына әкеледі. Бірақ дәл осындай педагогикалық әдістер ғылымнан тыс қалып қойса, оларға анализ жасалмайды және ол теориялық негізсіз, олар ғылымда практикада кең қолданысқа ие болмайды. Бұдан байқайтынымыз, тәжірибені оқыту - жалпы педагогикалық ғылымның дамуына зор үлес қосатын, педагогикалық зерттеулердегі өте маңызды, нәтижелі әдіс[15]. Мектептік құжаттама мен қызметтердің нәтижелілігін оқыту болашақта білім алушыларға көптеген маңызды байланыс орнатуға және алдыңғы уақытта оқыту жоспары мен ақпараттарды құрастыруға әсерін тигізеді. Берілген әдістегі негізгі мәлімет көздеріне сынып журналы, дәріс мазмұндары, сабақ кестесі, педагогтардың сабаққа арналған жоспарлары жатады. Аталған материалдарды оқи отырып оқу процесінің ұйымдастырылуының оқушылардың үлгеріміне және денсаулығына әсерін, үлгерім бағасының ролін, оқу материалдарының мазмұнын оқушылардың шығармашылық белсенділігімен салыстыруға болатындығымен анықтауға болады. Педагогикалық зерттеудің социологиялық әдісіне анкета, рейтинг, бағалаудың компонентті әдістері жатады. Бұл әдістер өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Мысалы, анкета әдісі арқылы аз уақыт ішіндекөп адамға салыстырмалы түрде сұрақ-жауап жүргізе алады және түсіндіріледі, қысқа уақыт ішінде комплексті анализ жүргізіледі. Рейтинг - бұл педагогикалық тәжірибедегі көріністің көріністің және осы немесе өзгеде процестердің сынақталған бағасы. Рейтингке жақын компоненттік баға түсінігі компонентті жақтармен, яғни педагогтар мен оқу материалдарын қабылдау, шығармашылық таныту баға тәртібін ұсынады.
Педагогикалық тест - қазіргі кезде оқу орындарында кең тараған. Бұл тестті екі бағытқа бөлуге болады: жылдамдығын анықтау және күштілігін анықтау. Бірінші жағдайда, тестілеу уақыты шектеулі және бұл тест жұмысында оқушылардың ситуациялардан шығуы, бір тақырыптан екінші тақырыпқа өтуі, бір уақытта ойлаудың бірнеше тәсілдерін қолдана білу мүмкіндігі қолданылады. Ал күштілігін анықтауда өте көп уақыт беріледі, тереңдігі анықталады, ал жылдамдықтың әсері жоқ. Математикалық статистиканың әдістері - сандық анализдегі мәліметтерді жинауға қолданылады. Осы әдістің көмегімен әртүрлі көрсеткіштердің пайыздық үйлесімділігін анықтауға болады. Педагогикалық қызметтің анықталған жақтарын дамытуға осы негізде шара қолданылады. Сандық және математикалық әдіс педагогикада болжау, модельдеу және педагогикалық процестердің компьютерлеу аппараты болып табылады. Жасалған жүйенің мақсатын жобалауда, біз, ең алдымен, психиканың негізгі функционалдық жүйесі ретінде және сонымен қатар адамның барлық қасиетімен байланысты өзінің қызметінде эффективті субъект болуын қамтамасыз ететін жүйе ретінде қарастырып, зерттеу біліктілігі деген түсінікті нақтыладық. А. Леонтьевтің жасаған үлгісін қорытындылай келе, біз осындай қасиеттердің төрт тобын анықтадық - зерттеудің құзырлық компонеттері: когнитивті, мотивациялық, бағдарлы, операциялық. Когнитивті компонент педагогтарға өздерінің кәсіби қызметінің зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажетті түсініктер мен білімдер жиынтығы ретінде қаралады. Мотивациялық компонент - бұл зерттеу жұмысының жалпыға емес, ал нақты адам үшін жасалатыны туралы ой. Бағдарлы компонент - белгілі бір білімдегі және белгілі жағдайға сәйкес алынатын образды құру кезіндегі қажеттіліктерді қамтамасыз ететін білімдердің жиынтығы. Операциялық немесе технологиялық немесе зерттеу құзырлығының компоненті - бұл педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарын шешу үшін қажет болатын субъектінің зерттеу қызметін орындауға қабілетінің жиынтығы. Жалпы мақсаты біздің болашақ педагогтың зерттеушілік құзырлығын дамыту системасында оның кәсіптік әр түрлі типтегі зерттеу жұмыстарындағы шешуге қабілетін қалыптастыру. Осы жалпы мақсатты құраушысы болып (екінші кезеңнің мақсаты) кәсіптік педагогикалық қызметтегі зерттеу жұмыстарының тиімді шешімін қамтамасыз ететін компоненттерді жүйелеу кезеңіне дайындау болып табылады. Келесі қадам жалпы мақсаттың декомпозициясы біздің системада нақты белгіленген зерттеу жұмыстарын шешуге дайындығы бойынша жасап шығару[16]. Ұйымдастыру формасының қызметтік типінің арасында негізгі рөл алған ойын технологиялары арқылы жүргізілді. Зерттеу кезінде методикадағы ерекшеліктері бойынша олардың ұйымдастырулары заттық, рөлдік, имитациялық және іс-қағаздық кәсіби-қызметтік білім беру (танымдық, тренинктік), дамытушылық және коммуникативік ойындар қолданылды.
Осындай жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру процесін жүргізу үшін жоғарыда айтылған педагогикалық бақылау, зерттеу сұхбаты, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика, педагогикалық ойлардың теориялық анализі және т.б. барлығы дерлік зерттеуді жүргізуге оң нәтиже береді. Сол себепті, біз зерттеу жұмысымызда әрдайым еңгізіп отырсақ, біздің ғылыми-педагогикалық процесіміз оңтайлы болады.

1.2 Педагогика ғылымының әдіснамасы

Әдіснамалық білімдер тобы төрт деңгейлі келеді. (Э.Г.Юдин). Философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары философиялық деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші - жалпы ғылымдық - әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей - нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды. Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай - ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары. Төртінші деңгей - технологиялық әдіснама - зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе - нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады[17].
Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен процестерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай - ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесіне бағдарлайды.
Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қаситтері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары келесідейзерттеу принциптерін бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты, байланыстар мен дамуды ескеру.
Жүйелілікті білуден педагогикалық теория, эксперимент пен практика тұтастығы орындалады.
Теориялық негізде жобаланған экспериментте біршама тексерілген ғылыми білімдер мен тұжырымдардың шынайлылығы практика міндеті мен талаптарына орай өлшестіріледі. Практикадан білімнің жаңа іргелі проблемалары туындайды. Сонымен, теория практикалық шешімдердің дұрыстығына арқау болады, ал білім тәжірибесіне байланысты ұланғайыр проблемалар мен міндеттер іргелі дәстүрлерді қажет ететін сұрақтардың туындауына жол ашады.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері
Ғылыми - педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
oo педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама - қарсылықтары және себепті - салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
oo құбылыстарды даму барысында зерттеу;
oo бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
oo зерттеу процесіндегі қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін - бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
oo зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән - мағынасына сай келуі;
oo даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама - қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
oo сынақталушыға, білім - тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік - инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.
Педагогика ғылымындағы әдіснаманың алатын орны, атқаратын ролі ғылыми зерттеулерде ғана емес, практикалық деңгейде де күн санап өсіп келеді. Оның себептері:
+ ғылымдардың арасындағы нақты шектің жойылуы, обьективті әлемнің кешенді талдаудар арқылы өтуі, бір заттың бірнеше ғылымның зерттеу пәніне айналуы. Әдіснама зерттеулердің ғылыми тұтастығын, жүйелілігін, кәсіби бағытталуын анықтайды;
+ ғылыми зерттеулердегі зерттеу обьектісінің, пәнінің жаңа қырларының ашылуына байланысты әдіснама педагогиканың іргелі мәселелерін шешуге бағыттайды.
+ әлеуметтендіру үрдісінің басымдығына сай педагогиканың әдістемелік жүйелерін жетілдіру үшін әдіснама рөлінің ғылыми зерттеулер үшін де тәжірибелік әдістер үшін де қажеттігі артып отыр. Практикада қолданылып жүрген әр саланың әдіс-тәсілдерін педагогика талаптарына сай өңдеуден өткізу әдіснаманың 1-ші міндеті болса, ересектерге арналған көптеген тәсілдер мен әдістерді студенттің деңгейлеріне сай реттеу әдіснаманың екінші міндеті.
Ғылымның әдіснамасы - адамның әр түрлі теориялық және тәжірибелік әрекетін реттеудің, ұйымдастыру принциптерінің, жолдарының, ережелерінің жүйесі, жалпы осы жүйе туралы ілім.
Ғылыми білім эмпирикалық деректердің жай жиынтығы емес, ол сол деректерді теориялық негіздеу деп түсініледі.
Қазіргі ғылым тануда әдіснаманы ғылыми танымдық қызметтің нысандары мен әдістері, құру принциптері туралы ілім ретінде таниды.
Ғылым әдіснамасы зерттеу компоненттерінің сипаттамасын - оның обьектісін талдау пәнін, зерттеу міндеттерін, оны шешуге қажетті зерттеу құралдарының жиынтығын береді, сонымен қатар зерттеу міндеттерін, шешу үдерісіндегі қимыл-қозғалыстардың дәйектілігі туралы түсінікті қалыптастырады. Осыған байланысты педагогикада әдіснаманы педагогикалық таным және болмысты қайта құру туралы теориялық ережелердің жиынтығы ретінде қараған жөн.
Ғылымның әдіснамасы - ғылыми білімнің құрылымын, ғылыми танымның құралдары мен әдістерін, білімді дамыту мен негіздеу тәсілдерін зерттейтін ғылымтану бөлімі. Әдіснамалық мәселелердің жүйеленген шешімі белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құрылатын әдіснамалық тұжырымдамада беріледі.
Ғылымның әдіснамасы дегеніміз ғылыми танымның құрылу принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.
Ал, ғылыми танымның әдіснамасы - ғылыми-зерттеу әрекетінің принциптері, түрлері мен тәсілдері туралы ілім.
Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде, арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г. В. Воробьев) [18]. Қазіргі педагогика әдіснамасының пәні болып педагогикалық құбылыстар мен оның нәтижесі педагогикалық білімдер жүйесін (Ф. Ф. Королев) зерттеу үдерісі екендігі анықталған[19].
Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснама қызметін атқаратын әдіснамалық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқындалуда. әдіснамалық білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогикалық категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалы-терминдік жүйесі жатады.
Әдіснаманың көрсетілген аспектілерін жасау білетін туралы білім береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, білетін туралы білім, яғни, педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық және әдіснамалық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен ұғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр (В.Е. Гмурман, Г. В. Воробьев, В. И. Журавлев).
Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің мәні, заңдылықтары, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасы, педагогикалық үдерісте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым, ұжымның тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.
Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пән аралық және ғылым аралық байланыстарын дифференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог-зерттеушілер мен практиктердің зерттеу үдерісін ұйымдастыруы оңтайлы шешілуі мүмкін.
Педагогика әдіснамасы дегеніміз не? Осыған тоқталайық.
+ біріншіден, ол әрқашанда өзгеріп отыратын педагогикалық шығармашылықтың алынатын ғылыми білімдер әдістерін анықтайды (М. А. Данилов);
+ екіншіден, ғылыми-зерттеу мақсатына жеткізетін бағыттар мен негізгі жолды анықтайды (П.В.Коппин);
+ үшіншіден, зерттеліп жатқан процесс пен құбылыс туралы ақпараттың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (М.Н.Скаткин);
+ төртіншіден, педагогика теориясының қорына жаңа ақпаратты енгізуге көмектеседі (Ф.Ф.Королев);
+ бесіншіден, педагогика ғылымындағы түсініктер мен терминдерді түсіндіреді, жинақтап қорытындылайды және жүйелейді (В.Е.Гмурмин);
+ алтыншы, ғылыми танымның обьективті және логикалық, аналитикалық құралдарына сүйенетін жүйелік ақпарат құрады (М.Н:Скаткин).
Педагогикалық әдіснама - жалпы әдіснама негізінде құрастырылған педагогикалық білім туралы, білім алу үдерісі мен оны іс-тәжірибеде қолдану туралы ілім.
Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық құбылыстар мен үдерістердізерттейді. Педагогикалық теория тұрғысынан негізгі білімдер мен құрылымдарды жүйеге келтіреді.
Педагогикалық әдіснама (В.И.Журавлев) Педагогикалық шындықты, ақиқатты тану мен қайта құрудың принциптерін, әдістері, нысандары мен рәсімдері туралы ілім. Әдіснаманы бұдан да кең мағынада нақты ғылымдағы танымның ғылыми әдістерінің жиынтығы немесе жалпы алғанда ғылыми әдіс туралы деп түсінеді.
Әдіснаманың осындай анықталған қызметтері бойынша, педагогиканың әдіснамасы - зерттеу әдіснамасының, мазмұнының, мақсатының концептуалды баяндалуы. Мұндай баяндамалар арқылы педагогикалық процестер мен құбылыстар туралы обьективті, дәл, жүйелік ақпарат алуға болады.
Әдіснама термині гректің әдіс жөніндегі ілім немесе әдістер теориясы деген мағынаны білдіреді. Әдіснама - кең мағынасында алдымен дүниетанымдық көзқарас, дүниетанымдық ұстанымдар, тар мағынасында ғылыми зерттеулердің әдістері жөніндегі ілім.
Әдіснаманың мәнін түсінуде ғалымдар оның негізгі қызметтеріне тоқталады:
Әдіснама - үнемі өзгеріс үстіндегі педагогикалық шынайылықты көрсететін ғылыми білімді алу тәсілдерін, нақты ғылыми-зерттеу мақсатына жету жолдарын анықтайды (Новиков А. М.), құбылысты немесе үрдісті оқу жөніндегі ақпараттарды алудың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді (Данилов М. А., Скаткин М. Н.). Әдіснама - (әдіс және логос) қызметтің логикалық ұйымдастырылуы, әдістері және құралдары, құрылымы жөніндегі ілім (Кеңестік энциклопедиялық сөздік).
Әдіснама - теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру тәсілдері мен ұстанымдары жүйесі жөніндегі ілім (философиялық энциклопедия сөздігі).
Педагогикалык зерттеудердің әдіснамасы. Әдіснама грек тілінен аударғанда әдіс туралы ғылым деген мағьшаны береді. Метод әдістермині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама - зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның, теориялық негізі, ретіңде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын жөне негізін (фактический) Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.
Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табиғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткенде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсок ережелерінің қосындысы емес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болыл табылады.
Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз козғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарынын деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектика дамудың ең жалпы зандылықтарын жасап үйлестіреді; бірлік және қарама қайшьшылықтардың күресі, саннан сапаға көшу және теріске шығаруды теріске шығару, мынадай философиялық жұп категорияларымен: себеп салдар, кажеттілік жөне кездейсоқтық, мүмкіншілік пен шындық, мән және құбылыс, мазмұн мен форма және т.б. аныкталады. Диалектикалық өдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықгың заңдылықтарын ашады.
Сонымен материалистік диалектика ғылыми ізденістің стратегиясын береді, бірақ ол нақгылы ғылымда пайда болатын сұрақтарға дайын жауап бермейді. Әдіснамалық анықтамаларды менгеру арқылы ғалымда да және машықтандыруда да көзкарастың дүниетанымдық ұстаным қалыптасады, ол содан кейін белгісіз зерттеулерде, жасалған ғылыми идеяларды кәсіби тәжірибелік іс -әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, соңғысы нақтылы ғылымның әдіснамасымен байланысты және сол сияқты педагогикада қолдануға болады. Одақтық педагогикада XX ғасыр түгелдей қойылған сұрақтарға өте белсенді жауап іздестіру уақыты болды.
Ғылыми білімнің жалпы моделі философиялық алғы шарттар негізінде жасалады, ал ол теорияның негізгі салаларымен байланысты- табиғат, коғам және ойлау ғылымдарына қатысты үшбұрыш. XIX ғасырдың өзінде қалыптасқан дәстүрлі үшбұрышта педагогикаға, медицинаға, техникалық білім және басқа да ғылымдардың жасампаз мақсатта бағытталған адамдардың іс -әрекеттеріне байланысты ғылымдарға орын жоқ. Сондықтан XX ғасырдың екінші жартысының өзінде, кейбір ғалымдар (М.Г. Ярошевский) төртбұрыштық ғылымды ұсынады. Мұндай жағдайда адамдардың жасампаз мақсатты бағытталған іс - әрекеттері ғылыми білімдер жүйесінің моделінде, заңды өз орнын алады. Бұл, әрине, нақтылы ғылыми білімнің, міндетті түрде: сол нақтылы ғылымның әдіснамасын, теориясын, тәжірибесін көрсетіп, теорияны жалпылау мен практикалық ұсыныстарға, құрамына әсерін тигізеді Демек, XIX ғасырдың аяғының өзінде қалыптасқан ғылымның даму тенденциясы ғылымды теориялаңдырудан тұрады. Міне осыдан ғылыми жұмыстардың ең көп тараған фундаментальдық терең, қолданбалы және талдамалық бөлінуінен келіп шығады. Кейбір ғалымдар (К.Е. Гмурман) ғылымдардың бөлінуін басқаша береді: фундаменталдық, теориялық, теориялық - қолданбалы және талдамалық, зерттеулерді теорияландырудың ролін баса көрсеткен. Сонымен бірге қазіргі уақытта, іс-тәжірибеге шығуды қарастырмаған барлық теориялық тұжырымдамалар кейін оны қайта өзгертудің негізі болуы мүмкін.
Іргелі терең зерттеулер, кұбылыстар мен процестерді сипаттау мен түсіндіруде, олардың әрекеттерінің тетіктерін, зандар мен зандылықтарын, олардың дамуы мен өмір сүріп, қызмет етуімен байланыстылығын теориялық зерттеулер ашып көрсетуді мақсат еткен нақтылы көрінбейтін құбылыстардың мәнін зерттеумен, олардын өзара байланыстары мен тәуелділіктерін анықтаумен байланысты, оларды тәжірибе жүзінде басқару мүмкіндіктерін білуін айқындайды. Теориялық қолданбалы зерттеулер практикалық іс - әрекеттердің табылған заңдар мен заңдылықтардың қолдану тәсілдерін айқындайды. Талдамалар машықтандыру (халыкқа білім беруді ұйымдастырушыларға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге) жұмыстарына керекті әдістемелік оқу құралдарың нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар және т.б. беруге бағытталған.
Көптеген жағдайларда педагогикада негізгі идеялар, теориялық және тәжірибелік аспектшер өзара тыгыз байланысты. Сондықган педагогикада теорияны жасау және зерттеудің теориялық деңгейін көтеру алдыңғы қатарлы тенденция болып отыр. Бұл тенденция педагогиканың әдіснамасы деген сұрақгы қарастырғаңда күмән жоқ,бұл сұракқа жауап бермей басқа сұраққа жауап беру мүмкін емес -- ал, бүл дегеніміз педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін күшейту деген сөз.
Педагогикалық әдіснаманың мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика әдіснамасның шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады (Г.В.Воробьев). Қазіргі педагогика әдіснамасның пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі - педагогикалық білімдер жүйесін (Ф.Ф. Королев) зерттеу процесі екендігі анықтылған.
Педагогикада жеткілікті дәрежеде оның әдіснама қызметін атқаратын әдіснамалық және жалпы теориялық білімдер шекарасы айқыңдалуда. Әдіснамалык білімдер жүйесіне: педагогика пәні, педагогиканың категориялары, педагогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланыстылығы, педагогика ғылымдарының жүйесі; педагогикалық пәңдердің жалпы және ерекшелік міңдеттері, педагогиканың анықтамалы - терминдік жүйесі жатады.
Әдіснаманың көрсетілген аспектілерін жасау білетін туралы білім береді. Осылайша педагогикалық құбылыстарды тану процесін оқуда зерттелетін мәселелер анықталады, білетін туралы білім, яғни педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзінде оның принциптері, заңдылықтары, әдістері, болашағы туралы білімдер жинақталады. Қазіргі кезеңде мынадай әдіснамалық нысаналарды жасау педагогика ғылымының түсіндіру, жобалау және конструктивтік функцияларының атқаратын қызметтерінің өзара байланыстылығын, педагогикадағы дүниетанымдық пен методологиялық принциптерінің ерекшеліктерін, ұғымдар жүйесі мен, ұғымдар қатарын және т.б. зерттеу өзекті мәселе болып отыр (В.Е. Гмурман, Г.В. Воробьев, В.И. Журавлев) [20].
Педагогикадағы жалпы теориялық зерттеулерге педагогикалық процестің мәнін, зандылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ара қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қальштастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогикалық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.
Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақгары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын диференцияландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог -- зерттеушілер мен практиктардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.
Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:
- тақырыпты үйлестіруді (дифференцировать) және оның
көкейкестілігін дәлелдей білуді;
- ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған
қайшылықтарын анықтай білуді;
- зерттеу мәселесін үйлестіре білуді (яғни жауапты талап ететін
сұрақты);
- мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын) нысана және зерттеу
пәнін анықтай алуды.
Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол мәселеде үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілі бір жобаланған жауап ретінде бейнеленеді. Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық тәжірибені меңгеруді анықтаушы эксперимент және педагогикалық шыңдықты қайта құруды қаматамасыз ету қалыптастырушы эксперимент.
Қойылаған міндетгерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді қолдануын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін - теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтыдан абстрактылық және абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданылады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесу,анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.
Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолданатын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндігі, не туралы екендігі айқын болуы керек.
Бір терминді (сөзді) бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәнінің ұғымдық сипаттамасы (теориялық сипаттама) зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің оның теориялық моделін жасаудың кепілі болады.. Соңғысы арқылы зерттеу құбылыстарының нақтылы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әрекеттер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар практика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар пакеті ретінде болашақ педагогикалық іс-әрекеттер жобасында қаланады.

2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ОНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

2.1 Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы

Педагогика саласындағы зерттеулер - бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі және оның нәтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті - деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжастыру.
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы және болжам - жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба - бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға негізделген нақты ғылыми - практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс.
Қалаған педагогикалық зерттеу көпшілік қабылдаған әдіснамалық тиектерге орай жүргзізіледі. Педагогикада олардың қатарына - зерттелуге тиіс проблема, тақырып, нысан және оның дені, мақсат, міндеттер мен болжамдар, қорғалуы тиіс идеялар - кіреді. Педагогикалық зерттеулер сапасын танытушы негізгі көрсеткішер: зерттеу көкйкестілігі, жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы.
Зерттеу бағдарламасы, әдетте, екі бөлімнен тұрады: әдіснамалық және іс - әрекеттік (орындау - процедуралық). Алғы бөлімде тақырып көкейкестілігі негізделеді, проблема нақтыланады, зерттеу нысаны мен дені, мақсаты мен міндеттері айқындалады, негізгі ұғымдары белгіленеді, зерттеу нысаны бастапқы жүйелі талдауға салынып, қызметтік болжам жасалады. Ал екіншіде - зерттеудің стратегиялық жоспары түзіледі, сонымен бірге ідер алды деректерді жинақтау мен оларды іріктеудің реті және негізгі шаралары жасалады.
Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні - оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады. Көкейкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Жалпыланған күйде көкейкестілік ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға болатын сұраныс пен дер кезіңдегі ғылым мен практиканың мүмкіндігі арасындағы айырмашылық деңгейін сипаттайды.
Зертттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қойылған мәселенің ғылым аймағында зерттелу дәрежесінен туындайды.
Егер әлеуметтік тапсырыс педагогикалық практиканы талдаудың нәтижесінде ұсынылатын болса, ғылыми проблеманың өз негізі басқаша. Оның міндеті ғылым құрал - жабдықтарын пайдалана отырып, негізгі қарама - қарсылықтарды баяндап беру. Әдетте, проблема шешімі зерттеу мақсатын құрайды. Мақсат - қайта түзіліп, өрнектелетін проблема.
Проблема нақтыланып, өрнектелгеннен соң, зерттеу нысанын таңдау кезегі келеді. Нысанға педагогикалық процесс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен жүз берген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Басқаша айтсақ, өз ішінде нақты не әлі де күмәнді қайшылықтарды қамтып, проблемдік ситуацияларды туындатқан жағдайлардың баршасы нысан есептелінеді. Танымдық процесс бағытталғанның бірі - нысан. Зерттеу дені (предмет) - нысан бөлшегі, бір тарапты, яғни бұл түбегейлі зерттеуді қажет еткен нысанның теориялық не практикалық тұрғыдан өте маңызды сапа - қасиеттері, қырлары мен сырлары.
Зерттеу мақсаты, объекті және деніне сәйкес, әдетте, болжамды (гипотезаны) тексеру мен дәйектеуге арналған зерттеу міндеттері белгіленеді. Гипотеза - бұл шынайлылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы.
Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір - бірімен ауысып барады, сондай - ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына тәуелді келеді.
Педагогика саласындағы зерттеулер - бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру[21].
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі (фундаменталды), қолданбалы жəне болжам-жобалау (разработки) деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың теориялық жəне практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер - бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер. Болжам жоба ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының ерекшелігі
Педагогика ғылымдарының әдіснамалық негіздері
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Артпедагогика
Оқытудың жолдары мен ұйымдастырудың түрлері жөніндегі мәселелерді зерттеу
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру салаларында қоғамның экономикалық – саяси және ғылыми-техникалық өркендеуі
Оқыту әдістерінің классификациясы
Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесі
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Тест тапсырмаларын құрастыру
Пәндер