Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбилеу маңызды міндет



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
1.Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-8
1.2. Табиғатты аялау мен қорғауға тәрбие берудегі ұлы ағартушылардың педагогикалық ой - пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-9
2.Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары
2.1. Табиғаттағы өзгерістер және оны зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ..10-15
2.2.Тірі және өлі табиғатты танып білу әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... . ... .15-22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23-24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5-26





Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоршаған ортаны қорғау - мемлекетаралық, мемлекеттік маңызды жайт екені дау тудырмайтын мәселе. Табиғатты қорғау, қоршаған орта тазалығы үшін күрес, табиғат байлығын ұқыпты пайдалану мәселелерін мемлекеттік саясат деңгейінде қарастыру әбден заңды да. Қазіргі таңда экология атом қаупінен де қауіпті қатерге айналуда. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсіп, қоршаған ортаны қорғау мәселесі бүгіндері әлемдік мәселеге айналып келеді. Ғылыми- техникалық прогресс, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына себепкер болуда. Бүгінде адамзат тіршілігіне қауіп төніп, табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсіп, қоршаған ортаның ластануынан адам өміріне өлшеусіз қатер төне, денсаулық та төмендеп, бұзыла бастады. Деректер бойынша адамдардың денсаулығы 55%-ы өмір салтына, 17%-ы экологиялық факторларға байланысты екен. Экологиялық нашар ахуал адам өлімінің 20%-ына себепкер болып отыр. Экологиялық жағдай тұрғындардың өмір сүру жағдайын күрт төмендетіп, адамдардың аз өмір сүруі мен демографиялық шегіністерге әсер етуде. Және де ғалымдар соңғы жылдары әлемдегі түрлі табиғи апаттардың болуын адам баласының қоршаған ортаға тигізген техногенді әсерінен деген ойды айтуда. Сондықтан да бүгіндері экологиялық мәселе алға қойылып, қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау мен қалпына келтіру мәселесімен жақсырақ айналысуға итермелеуде.
Сондықтан да экологиялық мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарауды бастауыш сынып оқушыларына кең танымал ету - мұғалімдердің абыройлы борыштарының бірі болып табылады. Табиғат - адамның өз үйі дегенді қайталай, экологиялық күресті өмір үшін күрес деп танып, мектептер экологиялық проблемаларды оқып-үйрету мен жүзеге асыруға арналған шараларды насихаттаулары қажет. Ол үшін Елбасы қолдау көрсетіп отырған экологиялық саясатын іске асыру, көпшілікке экологиялық білім беруді жүйелі түрде жүргізу керек.
Осы Курстық жұмыста мен Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу тақырыбын тереңірек талдап, толығырақ зерттеп көрсетемін.
Ең алдымен жалпы табиғатқа қысқаша тоқталып өтетін болсам - адам баласы өмірінің материаладық және рухани тіршілігінің бір-ақ табиғи тірегі бар. Ол табиғат.
Табиғатсыз адам жоқ, онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды. Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс. Мұны біз табиғат тазалығы дейміз. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны ластап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, санасы іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып, төгетін- адам, адам құрайтын қоғам.
Қоршаған ортаны қорғау - мемлекетаралық, мемлекеттік маңызды жайт екені дау тудырмайтын мәселе. Табиғатты қорғау, қоршаған орта тазалығы үшін күрес, табиғат байлығын ұқыпты пайдалану мәселелерін мемлекеттік саясат деңгейінде қарастыру әбден заңды да.
Табиғат қорғау проблемасын іс жүзінде шешудің негізгі бір мақсаты жастарды туған жерге, Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Табиғатты қорғау мәселесі педагогикалық мәселелердің бірі. Педагогика ғылымының негізгі міндеті оқыту, білім беру, тәрбилеу және жеке басы қасиеттерін қалыптастыру.
Жоғарыда айтылғандарды осы Курыстық жұмыстың бірінші бөлімінде - бастауыш сынып оқушыларының табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиенің алатын орны қарастырылды .
Ал екінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының тірі және өлі табиғатпен танысып,табиғат өзгерістерін білуі қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларына табиғатты аялай отырып білім мен тәрбие беру - олардың тіршіліктану жөніндегі сауатын ашуға қажет және қоршаған ортаны сақтауда маңызы зор екенін білесіздер. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімдерін қалыптастырып, экологиялық білім мен тәрбие беруге, барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуларына әсер етіп, қордағы басылымдардың бар түрін кеңінен пайдалана, оқырмандардың экологиялық ақпараттандырылуын қанағаттандыра білу педагогтердің міндеті екенін сіздер жақсы білесіздер.
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға тәрбилеу маңызды міндет. Педагогика ғылымы дүниетану және табиғат қорғау ғылымының негіздерін тереңдетіп, халықтың дәстүрлерін жинақтап, оны бүкіл жұртшылыққа үйреткенде елді табиғат қорғау бағытында тәрбиелегенде ғана жағдай түзеледі. Ешбір қиыншылыққа қарамай ұстаздар әрбір бастауыш сынып оқушыларының ғана емес, әр бір жасты табиғат қорғау тәрбиесінен өткізіп, оларды табиғат қорғау жұмыстарына қатынастырса өмірді де аман сақтаймыз.
Сондықтан осы курыстық жұмысымның үшінші бөлімін бастауыш сынып оқушыларының табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдарымен сол дүниетану білімін тереңдетіп, үлкен мән беруге, болашақ мамандардың, бастауыш сынып оқушыларының бойына ұлттық сана сезім, табиғатқа деген аялы қамқорлық жасай білуді үйрету жолдарына бағыттадым. [1.144-148]
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялауға, қорғауға үйрету.
Зерттеу объектісі: қоршаған орта,табиғат өзгерістері.
Зерттеу пәні: Қоршаған ортаны оқытудың әдістемесі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Бастауыш мектепте дүниетану сабағындағы қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, табиғаттағы өзгерістерді оқыту мен зерттеу мүмкіндіктерін ашып,қолдану жолдарын білімгер өзі әдістерін құру арқылы ұсынады.
Зерттеудің теориялық мәні: табиғат және оны қорғаумен аялау, ондағы өзгерістерге шолу
Зерттеудің әдіс- тәсілдері: оқылған әдебиеттерге шолу жасау, түсіндіру, бақылау - байқау т.б.
Зерттеу базасы: Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия, 1 ә сыныбы.

1.Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу.
1.1.Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Табиғат - халық қазынасы дей келе, оның байлықтарын пайдалана отырып, қорғау бәрімізге қажет екенін бастауыш сынып оқушылары бойына сіңіре білейік. Бәріміздің міндетіміз - экологиялық түсінікті қалыптастырып, бастауыш сынып оқушыларының табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді сауаттылықпен араластыруға баулу. Табиғат ананы қорғау, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілікке жататындықтан, оқырмандарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу баршамыздың борышымыз екенін ұмытпайық. Адамзат алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі - экология болғандықтан, қолданушылардың қоршаған ортаны қорғау туралы көзқарастарының дұрыс қалыптасуына бағыт-бағдар берерде олардың табиғатқа деген көзқарастарын нығайта, экологиялық білім мен тәрбиелерін жетілдіре, туған өлке табиғатын аялап, сақтауды, қастерлеуді насихаттауда төмендегідей шараларды өткізуді оқытушылар қолға алулары қажеті.
Оқушыларды айналадағы табиғатпен тиімді байланыс жасауға үйрету, оларда экологиялық сананы қалыптастыру жалпы білім беретін мектептердің, гимназия, лицей, колледждердің маңызды міндеттерінің бірі.
Біздің зертуіміздің негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесіне өз үлесімізді қосып, оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін қалыптастырудың тиімді жолдарын қалыптастыру.[2.30-32]
В.А.Сухомлинский балалардың бойына табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін дамытудың еш нәрсеге айырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік тәрбиенің негізі деп санады. Ол табиғаттың сыйын пайдаланып, сезімін қабылдай білуге педагогикалық басшылық жасаудың айқын үрдісін экологиялық білім беру әдісімен тығыз ұштастырады.
К.Д. Ушинский адам мен табиғат арасындағы қатынастарды педагогикалық аспектілерде қарастырып, Табиғат дауын ата-аналар да, қоғамда тәрбиленушілер де заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс, табиғатпен егесу, оған қарсы тұру жақсы емес... адам табиғат заңдылықтарын жақсы меңгеруі қажет-дейді.
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің басты міндеттері мен мақсаттары И.Д.Зверьев, Б.Г.Иоганзен, А.Н. Захлебный еңбектерінде де қарастырылған.
Жастарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу мен олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектесетін көптеген педагогикалық проблемалар педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Н. Сарыбековтың еңбектеріде жан-жақты зерттелген. Бұл ғылыми еңбектер мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттыруда, жоғары оқу орындарында студенттерді табиғатты қорғауға тәрбилеуде кеңінен қолданылып жүр.
Оқушылардың табиғатты оқып үйренудегі білімділік және тәрбиелік міндеттерін бөліп қарауға болмайды. Сыныптағы сабақтар мен түрлі саяхаттар арқылы туған өлкенің табиғатты мен оның байлығы туралы оқушылар үнемі мағлұмат алуы қажет. Табиғатты белсенді танумен байланысты жүргізілетін жұмыс түрі неғұрлым көп болса, айналадағы дүние туралы түсінік соғұрлым терең, аялау, ардақтау сезімі күшті болмақ. Оқушылар түсінігі кеңіген сайын айналасындағы бұрын көңіл аудармаған құбылыстардың сырына үңіле түсері анық.
Оқушының табиғат құпияларын білуге деген ынтасы өте ерте пайда болды. Табиғат ортаны адамзаттың жан-жақты қажетін мәңгілікке қамтамасыз етуге жарайтындай етіп сақтай білуі мейлінше үлкен іс. Өкінішке орай, адам баласының табиғатты қорғауы, оның табиғатты тоздыруы, ластануы, уландыруы шашып-төгіп пайдаланумен қатар жүріп келеді.
Табиғатты таза, сұлу, мол қалпында келешекте сақтап қалу үшін әрбір адамды табиғаттың шын мәніндегі саналы сақшысы етіп бастауыш мектепте қалыптастыруы қажет.Сол үшін де баланы бірінші сыныпқа келгеннен-ақ олардың ой-өрісін жан-жақты, жеке басын үйлесімді дамытуда экологиялық мәдениет комплексті тұрғыда қарастырулы қажет.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің мұны жүзеге асыруына мүмкіндігі мол, себебі экологиялық тәрбиені кез-келген сабақта және сынып сағаттарында беруге болады. Оқушылар демалыс күндерден басқа күндері мектепте болады. Сонымен бірге оқу-тәрбие жұмыстарында экологиялық білім мен тәрбие нәтижесінде адамдардың табиғи ортаға орнықты қатынаста болуы қажеттігін түсінеді. Сайып келгенде оқушылар адамдардың айналадағы табиғи ортаға ілтипатпен қарау негізгі қоғам байлығы болып есептелетін әрбір адамның денсаулығына қамқорлық жасау екендігіне көз жеткізе алатындай болу керек.
Өміріміздің тіршілік етіп отырған табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану бүкіл адамзат алдында тұрған келелі де күрделі мәселелердің біріне айналды.
Жер бетінде бейбітшілікті сақтаудың өзі, тікелей табиғат қорғау мәселесімен өте тығыз байланысты. Сондықтан мемлекеттер арасындағы келіссөздердің бәрін де экологиялық проблемалар еш уақытта күн тәртібінен түскен емес.[4.20-22]
Қазір елімізде халық шаруашылығының әр салаларының тез дамуы нәтижесінде табиғатқа орны толмас зиян келіп отырғанда, бастауыш сынып оқушылары жағынан тәрбиелеудің зор маңызы бар. Себебі, табиғатты ластанудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай да осы дәрежеде ластан бертін болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне үлкен нұқсан келетіні сөзсіз. Сондықтан да, табиғатты қорғау оқушылардың тек міндеті ғана емес, абыройлы борышы. Әркім өзін қоршаған табиғи ортаның құрылысын, оның ерекшеліктерін, оларды бұзбай сақтаудың жолдарын, табиғат аясындағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті деп есептеймін. Кішкентай ғана бүлдіршіннен, еңкейген қарияға дейін жас кәрінің бәрі табиғат анасымен қиянаттасуға бармай, сыйластықпен өмір сүру керек.
Адам баласы өмірінің материаладық және рухани тіршілігінің бір-ақ табиғи тірегі бар. Ол табиғат.
Табиғатсыз адам жоқ, онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды. Ал табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс. Мұны біз табиғат тазалығы дейміз. Табиғаттың тазалығын сақтайтын да, оны ластап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, санасы іс-әрекет жасаса жауы бола алады. Табиғаттың мол қазынасын парықсыз шашып, төгетін- адам, адам құрайтын қоғам.
Сондықтан да қазіргі уақытта әрбір оқушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен қарап, жануарлар мен өсімдіктерді қорғуға тәрбилеу көзделіп отыр. Оқушылардың экологиялық мәдениетін тек сонда ғана жоғары сатыға көтеруге болады. Бұл үшін экологиялық мәдениетті психологиялық тұрғыдан шешу тиімді. Оның құрамдас бөлігі - экологиялық білім және экологиялық тәрбие.[10.2-4]
Біз педагогикалық практика кезінде прфессор Н. Сарыбекав еңбектерін негізге алып, сабақ және сабақтан тыс тәрбие сағаттарын жүргіздік.
Мысалы, Құстар біздің досымыз, Балалыққа да көмек керек, Су тіршілік көзіт.б. Біз бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа сүйіспеншілігін қалыптастыруда өзімідің іс-тәжірибемізде, әрбір оқушының өзінің іс-әрекетіне қызығып, белсенділік көрсете білуіне аса назар аударылды. Біз және қоршаған орта атты ашық сабақ өткізіліп, табиғат пен адам бір-бірімен тығыз байланыста екені, адам баласы табиғат байлығын өз игілігіне орынсыз жұмсамай, құстарды өлтірмей, бөлме өсімдіктерін бақылап, оны күтіп баптау керектігі ескеріліп, түрлі мысалдар арқылы түсіндірілді.
Бүгінгі таңда мектепте мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі - оқушылардың санасына қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына жергілікті флораға сүйіспеншілікті қалыптастыру, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге өз үлесін қосатындай азамат тәрбиелеу.
Қоршаған ортаны қорғау адамзаттың алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Табиғатқа жанашыр болу-адамзаттың келешегіне жанашырлық жасау болып табылады.

1.2 Табиғатты аялау мен қорғауға тәрбие берудегі ұлы ағартушылардың педагогикалық ой - пікірлері.
Қазақстан ойшыл ағартушыларының қайсысын алсақ та, олар табиғатқа еліктемей, оның сырын ашып, еліне, халқына танытуға талпынбай қалған емес. Адам баласы табиғат аясында өмір сүре отырып, оның терең сырын білуге қызықпай қоймайды. Өйткені табиғат өз ерекшелігі, сұлулығы, құпиялылығымен адамды еліктіріп, өзіне тартып, көңіл күйге әсер етеді. Сондықтан да ойшыл-ағартушыларымыздың бірі табиғат тамашасын өлеңмен жеткізсе, енді бірі сөзбен өрнектеді. Сөйтіп келешек жастарға өшпес, жоғалмас мұра қалдырды.
Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастарының негізі көшпелі елдің өміріне, ата-ананың шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау кездерін еске ұстап табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ақыл-кеңестер берген.
Халқымыздың мақтанышы, ғалым Ш.Уәлиханов туған халқының табиғат пен қарым-қатынастағы әдет-ғұрып , дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын табиғатпен қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды.
О Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар? - дей келе қазақтар киеліге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлармен құстарды көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасап тұру адам баласына бақыт пен байлық және құт әкеледі деп атап көрсетті.
Ал, Абай өз өлеңдерінде табиғат пен адам өмірін, тұрмыс тіршілігін бір-бірінен ажыратып, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырады. Табиғат адамдардың өмір сүретін ортасы. Адам баласы табиғатсыз өмір сүре алмайды, ал табиғат адам баласыныз өмір сүре беруі мүмкін. Ұлы ақынның табиғат көрінісін, табиғат кереметтерін суреттейтін табиғат құбылыстары, соның ішінде жыл маусымдарын суреттейтін Қыс , Көктем, Жаз және Күз өлеңдері жалпы білім беретін мектептердің оқу бағдарламасына енгізілген. Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің оқушыладың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруда маңызы зор.
Мысалы, А.Құнанбаевтың 18-қара сөздеріндегі табиғат туралы философиялық ой-пікірлері мен табиғат заңдылығын пайымдай алуымен бірге, оған байланысты ғылыми көзқарастарында танытады. Ол табиғаттың бар байлығын адам баласына азық болып отырғандығын көрсете келіп: Кім өзіне махаббат қылса, сен оған махаббат қылмағын парыз- деп өскелең ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге шақырады.
Асан Қайғыдан бастап, Ақтамберді, Қазтуған, Шал, Бұқар, Жиембет, Махамбет, Базар және т.б. Ақын жыраулар шығармаларындағы заман жайындағы түйіндері, әдеп-ғұрып, салт-сана, табиғат ана , жайындағы ой толғаныстары, әлем, болмыс, тіршілік, табиғат сырының мән-мағынасы, адам өмірінің кезеңі, олардың іс-әрекеттері, адамгершілік қасиеттері келелі сөз болып келеді. Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көзінің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз-әңгімелер арқылы жетіп отырған.

2.Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары.
2.1. Табиғаттағы өзгерістер және оны зерттеу әдістері.
Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар -- осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда Жер-Ана деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. Жер шоқтығы - Көкшетау, Жер жаннаты - Жетісу деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.
Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр, жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.
Физика басқа да жаратылыстану ғылымдарымен өзара тығыз байланыста болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, желдің қалай пайда болатынын түсіндіру үшін қолданады. Сол сияқты биологияда физика заңдарын пайдаланып, хайуанаттардың қалай қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді.
Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, дәрігерлер, агрономдар, көлік жүргізушілер және т.б. көптеген мамандар оқып пайдаланады.
Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Олардың қасиеттері мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады.
Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің түтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады.
Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады.
Ертеде адамдар күн мен түннің алмасуын Жерді төңіректеп Күннің айналуынан деп қате түсіндірген. Шындығында, Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды.[15.10-30]
Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.
1-2 сыныптан балалар күздің негізігі белгілерімен: күннің қысқаруымен, салқын түсуімен, ағаштар мен бұталардың жапырақтарының түсуінің өзгеруімен, жапырақтардың түсуімен; құстардың қайтуымен; адамдардың күздегі жұмыстарымен танысады. Балалар өз бақылауларын шартты белгілердің, суреттердің көмегімен Айналадағы дүниені бақылау күнделігіндегі картиналарды бояу арқылы жүргізеді.
Балалар қыстың түсіне, 22 желтоқсанға дейін күннің қысқаруына және 22 желтоқсаннан кейін күннің ұзаруына бақылау жүргізеді; қар мен қардың түсуін, аязды, суаттағы судың қатуын бақылайды; өсімдіктерді, жануарларды, адамдардың қыста жүргізетін еңбегін бақылайды;
Бірінші сынып оқушылары көктемнің ерте белгілерін: күннің ұзаруын, аяздың әлсірегенін, қардың еруін, сүңгі мұздардың пайда болуын бақылауды жалғастырады.
Балалар көктемнің келуін: сеңнің жүруін, өзеннің тасуын; ерте гүлдейтін шөп өсімдіктерінің гүлдеуін, теректер мен бұталардың бүршік жаруын; құстардың ұшып келуін, көктемгі адамдардың еңбегін бақылайды. Көктемде мұғалім жергілікті өсімдіктермен танысу үшін орманға немесе паркке экскурсия жасайды.
Бұл бақылаулар, экскурсиялар және оқулықтағы мақалаларды оқу нәтижесінде бірінші сынып оқушылары жыл мерзімінің алмасуы туралы, олардың өздеріне тән белгілері туралы, жыл мерзімдеріне сай өсімдіктердің сыртқы түрі туралы, маусымға сай адамдардың жұмыс түрлерінің өзгеруі жөнінде қарапайым мәліметтер алынады.
Бақылаулар мақсаты- оқушыларға табиғат туралы түсінік беру, оларды
байқағыштыққа және табиғаттың өзінен білім алуға үйрету, балалардың табиғатқа аялы көзқарасын тәрбиелеу.
Тек қана жүйелі бақылау мен табиғат өмірінің фактілерін жинауды мұғалімнің түсіндірулері мен ұштастыра отырып, бірінші оқу күнднрінен бастап ақ балалардың ғылыми дүниетанымның элементтерін қалыптастыруға болады.
2 сыныпта бақылау жүргізу және оның нәтижелерін қортындылау дүниетану жұмысының негізгі әдісі болып табылады.Әрбір маусым ағымында оқушылар өлі табиғаттағы өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі болып жатқан және өз ауданының тұрғындарының маусымдық жұмысындағы өзгерістерді бақылайды.
2-сыныпта дүниетану пәні бойынша бақылау жұмысының бірінші сыныпта жүргізілетін жұмыстан басты айырмашылығы балалар бақылағандарын өздерінше қорытындылайды және сол құбылыстардағы өзгерістердің қарапайым себептерін таба біледі. (Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді? Қыста неге жаңбыр емес, қар жауады? Және т.б.)
Екінші сынып оқушылары бірінші сыныпта бақылағандарына қарағанда табиғат құбылыстарындағы онша мән бермейтін жәйіттерді байқауды үйренеді. Мәселен, олар күн көзі шығып тұрса да, жаңбыр жауатынына ағаштың жапырақтары бірден қурамай, біртіндеп, сарғаятынына; құстардың әр түрлі ауа райына қарай өздерін түрліше ұстайтынына және т.б.назарын аударулары керек. Екінші сынып оқушылары бұлтты аспан мен бұлыңғыр аспанды ажыратады, желдің де әр түрлі күші барын түсінеді, тұман, қырау, көк тайғақтың не екенін біледі, күзде күн біртіндеп салқындап, көктемде күннің жылына бастайтынын бақылайды.
Бақылау қортындысын жасағанда әдетте салыстыру әдісі пайдаланылады. Мәселен, оқушылар мектептің жанындағы саябақта өсіп тұрған және суға салынған ағаштардың талдарының жапырақ салу мерзімдерін ; ашық және бұлыңғыр күндер санын, температурасы 00- тан жоғары және 00-тан төмен болған күндерді салыстырады.
Қазі ргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан да соңғы республика көлеміндегі мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардағы экологиялық тәрбие жұмысы бұрынынғы қалыптасқын бағдарламадағы Балаларды табиғатпен таныстыру бөлімінен бастау алады. Ал табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Кейінгі он жылдықта мектепке дейінгі және бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырылды.[25.12-15]
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмірсүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін сюжетті-рольді ойын;
- балабақша және мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (ойыншықтарды, кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;
- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау - бақылау, оларды еркелету, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу
«бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру»
Табиғат қорғау дәстүрлері
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық іс-әрекетті бойына сіңіру
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру ұғымы
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері жайлы
Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру (сыныптан тыс жұмыс арқылы)
Табиғат қорғаудан сынып жұмыстары
Пәндер