Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын оқыту. Мектеп өлкетануының тарихы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын оқыту
- Мектеп өлкетануының тарихы. Бастауыш сыныпта өлкетану курсының міндеті мен мазмұны . . . 6
- Бастауыш сыныпта өлкетануды оқыту формалары, оқыту формаларының материалдық базасы және құралдары . . . 9
II Бастауыш сыныптың дүниетану пәнін оқытуда өлкетану материалдарын қолдану ерекшеліктері
2. 1 Бастауыш сыныптың дүниетану пәнін оқытуда өлкетану материалдары . . . 13
2. 2 Бастауыш сыныпта өлкетану материалдарын пайдаланып дүниетану сабағын өткізу . . . 22
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30
Қосымша . . . 32
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Уақыт талабына сай білім мен тәжірибе, іскерлікті игере отырып, мектептегі өзекті мәселелердің бірі - өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдарын айқындап, бір жүйеге келтіру де бастауыш сынып ұстаздардың үлесіне тиіп отыр. Өйткені тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық тарихымызды оқытуға баса назар аударылды. «Өмір - кіндік қан тамған жерден басталады» десек, балалардың туған жер тарихынан білімдерінің олқы қалып жатқаны жасырын емес. Егер әрбір саналы азамат төл тарихын жете біліп, қадір-қасиетін ұққанда, өткен жолын, қиындық-мехнатын, рухын, тар жол тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген тарихи тұлғалардың жат жұрттан жерін, суын, даласын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап қалған ерліктерін қастерлей білгенде ғана Отанға, халқына деген мақтаныш сезімі оянады. Бүгінгі өзі басып жүрген топырақтың қадір-қасиетін жете түсініп ата-баба рухына бас иетін болады[2; 24] .
Өлкетану - белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т. б. ), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т. б. деректерді жинау және жүйелеу. [1]
Қазақстанда өлкетану патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлау мақсатында алдын ала арнайы әскери экспедиялар шығарып, ғылыми-танымдық зерттеулер жүргізу шеңберінде енді. Ресей өкіметі 18 ғасырдың 2-жартысында қазақ жері, халқы, шаруашылығы және этнографиясы бойынша зерттеу жүргізу үшін алғашында Солтүстік және Батыс Қазақстан, кейінірек Орталық Қазақстан аумағына экспедициялар ұйымдастырды.
Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарына И. И. Лепехин, П. С. Паллас, П. И. Рычков, И. К. Кирилов, В. Н. Татищев, А. И. Левшин өз үлестерін қосты. Қазан төңкерісіне дейін 19 ғасырдада Қазақстанның ғылыми-танымдық Өлкетануында Орыс география қоғамының 1868 жылы құрылған Орынбор бөлімшесі жетекші орын алды. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этнографиясын, қазба байлықтарын және статистикасын зерттеумен айналысты. Бұл бөлімшемен қатар Торғай статистика комитеті мен Орынбор ғылыми архив комиссиясы (1887) ашылды. Бұл өлкеде атқарылған жұмыстарға Ы. Алтынсарин, С. Бабажанов, Б. Дауылбаев, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, т. б. өз үлестерін қосты. Өлкетанудың тағы бір орталығы Орал қалысы болды. Онда Орал казактарының тарихы мен шаруашылығына, балық аулау кәсібі мен шаруалардың қоныстану мәселесіне көбірек көңіл бөлінді. Омбы қаласында жергілікті жерді зерттеушілер Ақмола статистика комитетінің жанындағы география қоғамның бөлімшесіне бірікті. Батыс Сібір Өлкетану қоғамдарына қазақтардан Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейханов, т. б. белсене қатысты. 19 ғасырдың аяғында Батыс Сібір география қоғамы бөлімінде саяси жер аударылғандар көп болды. Солтүстік Қазақстанды зерттеуде Өлкетану қоғамдары өлкенің тарихы, экономикасы, табиғи жағдайлары жөнінде едәуір материалдар жинап, жариялады. Өлкетанушылар этнография, жергілікті өсімдіктер және жануарлар дүниесі, минерология бойынша бай экспонаттар жинақталған жергілікті мұражай құрды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібірге де мәлім мұражайлардың бірі болатын. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өңірін зерттеумен 1896 жылы Ташкент қаласында ұйымдастырылған Ресей география қоғамының Түркістан бөлімшесі, сондай-ақ ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихы үйірмесі белсенді айналысты. Қоғамдарда Е. Букин, Н. Жетпісбаев, Ә. Диваев, І. Қостанаев зерттеулер жүргізді. Жетісуға П. П. Семенов-Тян-Шанский, кейініректе А. Н. Краснов, А. Ф. Голубев, М. И. Венюков экспедициялық сапарлар жасады. Сонымен қатар 1896 жылдан жұмыс істей бастаған “Дала облыстарын зерттеу жөніндегі экспедиция” Ресейдің ішкі губернияларынан келетін шаруаларды қоныстандыру үшін өлкенің барлық уездерін табиғи-тарихи және шаруашылық-статистикалық жағынан зерттеуге баса көңіл бөлді. Ғылыми-танымдық материалдардың қорын жасауда, оларды жарыққа шығаруда облысы статистика комитеттері үлкен рөл атқарды [3; 35] ; [4; 34] .
Қазақстанды басқару саласындағы әкімшілдік реформаларға байланысты 1886 жылы статистика комитеті “Қазақтардың заңдық ғұрыптарын зерттеуге арналған материалдарды” басып шығарды. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда Өлкетанудың тұрақты ғылым мекемелері мен ғылыми-зерттеу интернаттары, қорықтар ұйымдастырылды. Өлкетану бойынша Қазақстанды зерттеу қоғамы аясында және Кеңес өкіметінің Қызыл керуен, Қызыл отау шараларының негізінде көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл кезеңде негізінен Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру, шикізаттың жаңа көздерін ашу, индустрияландыру, елдің бет-бейнесін түбірінен өзгерту, кеңестік шаруашылықтар мен мәдени құрылыс бағдарламасын іске асыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Өлкетануында Қ. И. Сәтбаев, Ә. Х. Марғұлан, т. б. қомақты еңбектер атқарды. Бірқатар тұрақты және маусымдық экспедициялар Қазақстанның жер қойнауын, өсімдік, жануарларын, жалпы табиғатын кешенді зерттеу және тарихи-археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен қатар жергілікті халықтың мәдениетін, тілін, өнерін, ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен де айналысты. 1973 жылы Кеңес Одағы жергілікті халықтар өлкесінің тарихын, экономикасын, мәдениетін, табиғатын зерттеп білуге қатысты арнайы Бүкілодақтық туристік экспедициялар ұйымдастырылды. Туристік-өлкетану үйірмелері жұмыс жасады. Өлкетанудың жергілікті орталықтары ретінде тарихи-өлкетану мұражайлары, мәдениет үйлері, түрлі үйірмелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жергілікті жерлердегі Өлкетану мекемелерінің ісін жандандыру, бұрынғы жер-су атауларының шығу тегін зерттеп, қалпына келтіру, халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға алу ісі қолға алынды. Жергілікті жерлерде облыс, аудан Өлкетану мұражайлары жұмыс істейді. Қазақстанның әр өлкесіне арнайы ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру да ілгері дамуда. [2]
Зерттеу тақырыбы: Бастауыш сыныптың дүниетану пәнін оқытуда өлкетану материалдарын қолдану ерекшеліктері. Өлкетану жұмысына балалардың жас кезден араласуы олардың ой-өрісін дамытады, еліміздің тыныс-тіршілігімен, шаруашылық өмірімен таныса отырып, қоғамға қажетті білімге құштарлық, байқағыштық, тапқырлық, ізденімпаздық қасиетке ие болады.
Зерттеудің мақсаты :Мектеп өміріне, оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен тиімді әдіс-тәсілдермен енгізу жолдарын іздестіру керек болды. Өлкетану материалдарын пайдалануды өзекті тақырып ретінде ала отырып тәжірибе жинақтауым керек. Оқушыға өзі тұрған өлкенің, аймақтың, облыстың тарихын оқып-үйретуден бастап, одан әрі, халқының және әлем тарихында өлкетанудыдың әр адамға орны бөлек екенін түсіндіру. Қазіргі заманғы технологияларды пайдалану жолдарын ұсыну
Өлкетану материалдарын оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы да енгізуге болады.
Зерттеу объектісі: №47 мектептегі бастауыш сыныптағы өлкетану сабағы
Зерттеу міндеттері: Бастауыш сынып оқушылары топонимикалық атауларды, ғылыми мәні бар терминдердің атауын игеріп, түрлі карталармен жұмыс жасауды үйренеді.
Зерттеу әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік бағалау, ассоциациялық әдіс.
Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер және қосымша тізімінен тұрады.
I Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын оқыту
- Мектеп өлкетануының тарихы. Бастауыш сыныпта өлкетану курсының міндеті мен мазмұны
Өлкетану ғылымының мақсаты - белгілі бір аудаңды, аймакты, елді мекенді зерттеу. Зерттеу объектісі ретінде сол елді мекеннің тарихын әлеуметтік-экологиялық, саяси, мәдени дамуын, табиғатын алуға болады. Республикамызда өлкетану жұмысының бірден-бір орталығы - мектеп. Сондықтан тарихи өлкетану жұмысының басты міңдеті -оқу мен тәрбиені өмірмен байланыстыру. Ең алдымен өлкетану жұмысы - оқушыларға адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру құралы. Өлкетану пәні арқылы үлкен қоғамдық міндеттерді шешуте болады. Жергілікті тарихи-мәдени ескерткіштерді, ата-баба мұраларын, салт-дәстүрлерді оқып үйренген баланың бойында патриоттық сезім қалыптасып, ұлттық сана жаңдана түседі. [15; 95]
Өлкетану жұмысы ұйымдастыру формасы жағынан - мемлекеттік, қоғамдық, мектептік болып бөлінеді. Өлкетану - мектептегі жұмыстың бір саласы бола келе, археологиялық, этнографиялық, архитектуралық, өнертану т. б. ғылыми салалармен тығыз байланыста болады. Мектептегі өлкетануда негізгі роль мұғалімге беріледі. Мұғалім оқу жоспарына сәйкес, тәрбие жұмысының мақсатына қарай зерттеу объектісі мен өлкетанудың негізгі әдістерін белгілеп, оған басшылық етеді. Мектептегі өлкетану мектепте оқу барысында және оқудан тыс кезде жүргізіледі. Мазмұны мен формасына қарай қатар бұл екі жұмыс түрінің ерекшеліктерімен қатар ұқсастықтары да бар. Оқу барысында барлық оқушылар өлкетанушылық жұмысына тартылатын болса, сабақтан тыс кезінде өз еркімен келетін оқушылар көбейе туседі. Әр түрлі әдістерді пайдалану арқылы оқушыларды қызықтыру қажет.
Мектепте өлкетану жұмысына кіріспес бұрын мұғалім нені білуі керек:
- Нені іздейміз, яғни тарихи-мәдени (архитектуралық, археологиялық, этнографиялық, ауыз әдебиеті, қолөнер, т. б. ) ескерткіштер дегеніміз не деген сұраққа анық жауап бере алуы керек.
- Қалай іздейміз? Тарихи-мәдени ескерткіштерді зерттеудің жолдары, әдістері қандай? Қалай табу керек? Негізгі белгілері қандай? Археологиялық, этнографиялық материаддардан басқа коптеген өнер туыңдылары, қолөнер бұйымдары кездесуі мүмкін. Оларды да терең талдай білу қажет. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен бұл ескерткіштерді тауып, толық сипаттама беріп, мәдениет тарихының қай саласынан орын алатынын анық білуі керек.
- Тарихи-мәдени ескерткіштерді қалай сипаттау керек? Тарихи ескерткіштер тозады, ескіреді, осыны экспедиция мамандары келгенге дейін жан-жақты түсіндіре білетін болуы керек[24; 123] .
Қазақстан территориясындағы сан алуан көп ескерткіштер - қазақ халқының ұлттық, құнды, тарихи мұрасы мен асыл қазынасы. Оларды қорғау, сақтап қалу - әр адамның қасиетті борышы. Сонымен қатар ескерт-кіштер адамның бойындағы патриоттық сезімді, біздің еткеніміз бен болашағымызды танып-білуте тәрбиелейді, қазіргі және болашақ ұрпақтардың алдындағы жауапкершілікті арттыра түседі. Біздің мемлекетімізде тарихи ескерткіштер заңмен қорғалады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1996 ж. 24 желтоқсанда қабылданған "ҚР Мәдениет туралы Заңы" сегіз тараудан, 39 баптан түрады. Бұл заңның 3-бабында: .
"Мәдени құндылықтарды жасау, пайдалану және таратудағы барлық азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі, тарихи және мәдени мұраларды қорғау; ұлттық және дүниежүзілік мәдениет құндылықтарынан сусындауға, меншік нысандарына қарамастан барлық оқу, тәрбие ұйымдарында балаларға, оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруге мүмкіндік туғызатын білім мен тәрбие беру жүйесін дамыту" делінсе? 9-бабында азаматтардың мәдениет саласындағы міндеттері айқындалған.
Азаматтардың міндеттері:
- ҚР мәдениет саласындағы заңдарының талаптарын орындауға;
- тарихи және мәдени мұраны сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға;
- қазақ халқының, Қазақстандағы басқа да халықтардың тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, дәстурін құрметтеуге міндетті деп тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау маңыздылығы көрсетілгең.
Ұлттық мәдени мұралар Заңның арнайы бабымен мемлекеттік тізімге енгізіледі жәңе оған ұлттық игілік мөртебесі беріледі[12; 75] .
29-бап. Мемлекеттік тізімге енгізілген объектілер азаматтық айналымнан алынады және оларды арнайы рұқсатсыз жоюға, басқа жерге ауыстыруға, өзгертуге, көшірмелеуге немесе жаңғыртуға болмайды. Сондай-ақ, кешенді күйінде ерекше көркемдік немесе тарихи ынта туғызатын заттардың коллекциясын немесе жинағын бөлщектеуге де болмайды.
ҚР Конституциясының 37-бабында: "ҚР азаматтары тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға құқылы". !
Сонымен бірге 1996 ж. 5 шілдесінде қабылданған "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бар. Бұл заң 24 тараудан, 88 баптан тұрады. Оныншы. тараудың 43-бабында былай делінген:
1. Мемлекеттік табиғат ескерткіші - мемлекеттік табиғи-қорық қорының жеқелеген объектілерін табиғи қалпында сақтауға, қорық режиміндегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ[35; 156] .
- Мемлекеттік табиғат ескерткіштері зоологиялық, ботаникалық орман, дендрологиялық, гидрологиялық, топырақты, ландшафты жөне кешенді болуы мүмкін.
- Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жергілікті және республикалық маңызы болуы мүмкің.
Өлкетану жұмысымен айналысатындарға ҚР-ның мәдениет, тарихи мұра, ескерткіштерді қорғау саласына қатысты заңдарды оқушылар білуі қажет.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.
Болашақ мұғалімнің кәсіби қызығуын қалыптастыру мұғалімдерді даярлау саласының алғы шарты ретінде бағаланады. Мұғалімнің кәсіби білік дағдыларының бірі - оның ізденімпаздығы, зерттеушілігі.
Мұғалімнің ізденушілік өлкетану әрекеті - оның жалпы мәдениетін көтерудегі нәтижелі тәсіл, оның кәсіби шеберлігінің өсу жолы.
Мұғалімнің өзіне өлкетану жұмысы көп пайда тигізеді. Балалармен өлкетану жұмысымен шұғылдану барысында мұғалімнің білім кеңістігі кеңейіп, педагогикалық шеберлігі жақсарады. Сонымен қатар ол туған қаласымен, ауылымен, оқушының ата-анасымен, жергілікті ұйымдар мен кәсіпорындармен жете танысады[11; 25] .
Мектеп өлкетануының ұзақ уақыт тарихы бар, сонымен қатар ол маңызды ғылыми қоғамдық мүдде болып табылады. Мектеп өлкетануы-оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу міндеттерімен сәйкес келетін оқу процесінде, сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыстарда оқушылардың туған өлкесін жүйелі, әрі жан-жақты тануы.
Өлкетану деректері бұрыннан бері халықтар арасында ауызша ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын тауып келді. 1718 ж. 13 ақпандағы I Петрдің жарлығымен өлкетанушылардың тапқан қызықты олжалары, заттары патшаға жеткізіліп, өз өлкесіндегі ізденіс жұмыстары үшін марапаттап отыру талап етілді. Бұл қазақ даласына да қатысты еді ХV-ХVІІ ғасырларда өлкетанушылық мәліметтер жылнамаларда, мемлекеттік шекара бөлінісі кезінде өкімет өкілдерінің қажетіне көп пайдаланыла бастады. Сондай-ақ, пайдаланылатын жерлер мен сарайларды сипаттауға құжаттарда көп мәліметтер келтіріле бастады[7; 14] .
Туған өлкені оқып-үйренудің құндылығын, жеткілікті түрде оқып-үйрену идеясын ұлы педагог Я. А. Коменский ұсынғаң болатын.
Өлкетанудың негізін қалаушы М. Ю. Ломоносов алғаш рет жергілікті тұрғындар мен балаларды өлкені оқып білуге және оның ішінде табиғи байлығын оқып үйренуге шақырды.
Өлкетану мәселелерін дамытуға орыс педагогы К. Д. Ушинский елеулі үлес қосты. Ол өзінің "Родное слово" оқулығында жергілікті элементке қоршаған орта жағдайын түсіндіретін көрнекіліктің ең басты құралы ретінде маңызды орын берді.
"Мұғалімдерге мектеп жұмыс жасайтын ортаны, балалар тұратын жерді оқып үйрену қажет" деп, С. Т. Шацкий атап керсетті.
"Мұғалімдер баланы қоршаған ортаны оқып үйренуі керек, баланың қоршаған ортаға қарым-қатынасын, бала өмір сүріп отырған қоғамға еңбек жағдайының әсерін білуі тиіс" деп Н. К. Крупская айтқан еді.
Қазақстандық белгілі ғалымдар К. Б. Жарықбаев пен С. Қ. Қалиев "мек-теп балалардың табиғаттағы заттар мен құбылыстарға, жергілікті өмірге қызығушылығын оятуы керек", - деп атап көрсетеді[22; 36] .
Қазақтың энциклопедист ғалымы, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың көптеген еңбектері өлкетануға бағытталған, атап айтқанда, Құлжа мен Қашқарияға сапарында жазған күнделігі аса маңызды болып саналады.
Қазақтың ағартушы ғалымы Ы. Алтынсариннің Торғай облысының мәдениеті мен салт- дәстүрлері жайлы зерттеулерін өлкетанушылық бағытта жеке қарастырған өте тиімді.
Қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінің өлкетанушылық маңызын қарастыруға болады
Бастауыш сыныптарда оқытылатын дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу т. б пәндерді өлкетану материалымен байланысты жүргізу пән бойынша оқушының білімді терең игеруіне мүмкіндік туғызады.
Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімі өлкетанушы болуы қажет. Ол қоршаған ортаның қандай да құбылыстарының баланың рухани әлеміне оның өз қызығушылығы, қажеттілігі, түсінігі, сезіміне әсерін білуі тиіс[8; 245] .
Өлкетану - мектеп өмірін өмірмен, еңбекпен байланыстыратын құралдардың бірі. Оқушылардың оқу танымдық, ізденушілік, зерттеушілік және қоғамдық пайдалы іс-әрекетпен айналысуға, қоршаған оотаны жан-жақты тануға бағытталған өлкетану жұмысы көптеген тәрбиелік міндеттерді шешеді.
Оқу-тәрбие үрдісінде өлкетану материалдарын үнемі қолдану пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқушылардың ойын дамытады.
Мектеп өлкетануының оқу маңыздылығын ескерген жөн. Осыган байланысты оқу өлкетануы бәлініп алынады, оның мазмұны мен сипаты оқу бағдарламасымен немесе бағдарламадан тыс өлкетанумен анық-талады, мақсаты мен міндеттері мектептің тәрбие жұмысының жоспарымен байланысты құрылады[35; 156] .
Мысалы, оқу өлкетану жұмысына барлық оқушылар түгелдей дерлік қатысса, ал бағдарламадан тыс өлкетану жұмысына оқушылар таңдаулары бойынша қатысады.
Сондықтан өлкетану факультативтері, үйірмелері мектептің оқу жоспарының инвариантты бөліміне енгізіледі және оқушы компонентін қамтиды.
Оқу өлкетануы бағыттан тұрады. Біріншісі - жергілікті жерді оқып-үйрену және өлкетану материалдарын жинақтау, екіншісі - бұл жинақталған материалдарды сабақта қолдану.
Бір-бірімен тығыз байланысты екі бағыт. Алғашқысынын шешімінен екіншісіне жол ашылады.
- Бастауыш сыныпта өлкетануды оқыту формалары, оқыту формаларының материалдық базасы және құралдары
Сабақтан тыс кезде үйірме, кештер, экскурсия, экспедиция, туристік саяхат сияқты өлкетанушылық жұмысты ұйымдастырудың әр түрлі формалары көптеп қолданылады. Жергілікті жердің тарихына байланысты материалдарды көптеп жинау, зерттеу арқылы ел экономикасының жалпы тарихи даму заңдылықтарын мысалмен, жергілікті жердің даму ерекшеліктерімен байланыстыра түсіндіру мүмкіншілігі туады.
Өлкетанудың келесі бағыттарының оқытылуы өте маңызды.
1) Тарихи педагогикалық өлкетану;
2) Мектеп өлкетануы;
3) Дидактикалық өлкетану;
4) Оқушы тұлғасын қалыптастыру процесіне әсер етуші жергілікті факторларды оқып үйрену;
5) Жергілікті мектептердегі мұғалімдер ұжымының немесе жекелеген мұғалімнің өлкетану жұмысы бойынша тәжірибелерін оқып үйрену.
Мысалы, дидактикалық өлкетану жергілікті географиялық, экологиялық және өндірістік басқа да ерекшеліктерді арнайы дидактикалық мақсатта оқып үйрену[13; 79] .
Жергілікті обьектілерді оқу үрдісінде көрнекі құралдар ретіңде қолдану ортақ ғылыми түсініктерді нақтылау үшін де маңызды.
Дидактикалық өлкетану тек қана жергілікті ерекшеліктерді оқып- үйрену мен материалдарды жинақтаумен ғана шектелмейтіндігі белгілі. Сонымен қатар бір уақытта бұл материалды қалай қолдану, оқушылармен жұмыс формасын, түрін құрастыру, оның әдістемесін меңгеру - осылардың бәрі қалыптасқан ғылыми дидактикаға және әдістерге негізделеді. Екінші жағынан, дидактикалық өлкетану жұмысы қазіргі педагогика ғылымын жаңалықтармен толықтыра алады.
- Мектептегі өлкетану мұражайларының жұмыс тәжірибелерін үйрену және жергілікті материалдарды оқу-тәрбие процесінде қолдану;
- Барлық пәндердің берілуінде (сабақта) өлкетану материалдарын қосымша қолдану.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz