Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ы.Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары

Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Ы. Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін
салушы ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Ы. Алтынсариннің қазақ даласындағы атқарған
қызметтері ... ... ... ... ... ...8
1.3 Ыбырай Алтынсариннің педагогика ғылымына қосқан
үлесі ... ... ... ... ... 14

2 Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ АҒАРТУШЫЛЫҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫ.

2.1. Ағартушылық және педагогикалық
идеялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Ы.Алтынсарин шығармаларын оқытудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 19
2.3 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұраларының зерттелуі ... ... ... .22

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Халқымыздың көрнекті ағартушысы педагог ғылым,
жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин халқының көзін ашып,
балаларын оқытуды өзінің ардақты борышы санаған ол ағартушылық идеямен
қанаттасып , халыққа білім ғылымның пайдасын түсіндірді мектеп-интернат,
қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастыруға қол жеткізді. Ыбырай
Алтынсарин әңгімелерінің бір қыдыруы жастарды әдептілікке, сабырлыққа,
мейірімділікке, ұқыптылыққа , әділдікке, еңбек процессіне, тағы да басқа
іске үгіттеді [1].
Қазақ хрестоматиясының алғы сөзінде ол: Өз тұрғысынан алғаш жарық
көрген еңбек болғандықтан, кейбір кемшіліктері де болуы мүмкін, дегенмен
бірінші оқу құралы болғандықтан ізсіз кетпей, өз міндетін атқаруі кәміл-
деп жазды.
Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа
заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған
көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи
қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің
"желкілдеп өскен көк шөптей" жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде
жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен
қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған [2].
Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес
қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, техниканы игеруге
шақырады (Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына
мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық
қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап,
олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады (Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас). Оқу,
білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір
үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді (Ата-енең қартайса, Тіреу
болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу). Жастарды өнер-
білім, техниканы игеруге үндеу ақынның Өнер-білім бар жұрттар деген
өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы
қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері
не секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға
ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады (Адамды құстай ұшырды, Мал
істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан
сусын ішірді) [3].
Зерттеудің мақсаты: Ы.Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық
идеяларын зерттеу, анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Ы.Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеяларын ғылыми -
әдістемелік, педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде талдау, мазмұнын,
мәнін ашу.
- Ы. Алтынсариннің қазақ даласындағы атқарған қызметтері мен ерен
енбегін талдау, жинақтау.
- Ы. Алтынсарин шығармаларын оқытуда жаңа технология элементтерін,
педагогикалық тәжірибелерді талдау, қолданыстағы мәнін ашу;
Зерттеу нысанасы: ХІХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық,
 адамгершілік тәрбиесі туралы   ой – пікірлердің даму үрдісі.
Зерттеу базасы: Ш.Уалиханов атындағы №32 мектеп
Зерттеу пәні: Ыбырай Алтынсариннің адамгершілік  тәрбиесіндегі , яғни
тәлімдік ой – пікірлерін мектептің оқу – тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары.
Зерттеу әдістері: теориялық, ғылыми - әдістемелік әдебиеттер мен
жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми
еңбектерді жинақтау, сұрыптау, тест әдісін қолдану және т.б.
Зерттеу болжамы: Егер Ы.Алтынсариннің шығармаларын, ағартушылығы мен
педагогикалық ізденістерін зерттей отырып оқу үрдісіндегі сабақтарда
көрнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану арқылы өтілетін болса,
оқушылардың қызығушылықтары, белсенділіктері артып, мұғалімге де оқушыға
шығармашылық қаблеттін арттыруға және дүнитанымын кеңейтуге болтыны
айқындалады;
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Бірінші кезеңде Ы. Алтынсариннің педагогикалық зерттеулерінің теориялық
негіздері мен қатар қазақ даласының тұңғыш ағартушысы қазақ педагогикасына
қосқан үлесі мен ерен еңбегі туралы айтылды.
Ы. Алтынсариннің қазақ даласынның майталманы деуге тұрарлық тұлға.
Себебі, Ы. Алтынсарин тек қана педагог-жазушы ғана мен саяси қайраткер,
этнограф, фольклоршы, ақын, ғалым ізденімпаз екендігі бір сөзбен айтқанда
жаңашыл, жаңалықты жаны сүйетін азамат болғандығы жайлы айтылады, деректер
арқылы дәлелденіп көрсетіледі.
Екінші кезеңде Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі ағартушылық –
педагогикалық идеялары мен шығармаларын оқытудың маңызы туралы
айтылады.Бастауыш сыныптардың оқулық беттерінде кездесетін Ы.Алтынсарин
шығармарының оқушылардың рухани дүниесінің молайтуы мен қатар
шығармашылығының артуына септігі көп екендігі туралы айтылды.Тәжірибе
барысында өткен сабақ жоспарлары ұсынылды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Ы.Алтынсарин шығармалары еңбектеріндегі
ағатушылық жолы мен педагогикалық көзқарастары оқушылар, мұғалімдер мен кез
келген оқырман шығармашылық жағынан пайдалана алады, оқыту әдістемелік
материалдардан теориялық тұрғыдан көруге болады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелері мен
тұжырымдарын бастауыш мектеп мұғалімдері, ЖОО-ның бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі мамандығында оқитын білімгерлер пайдалана
алады.

1 Ы. АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Ы. Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін салушы

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса
көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері —
Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Осы өңірде, Тобыл
өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.

Ыбырайдың әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза тауып,
атасы белгілі би Балғожа Шаңбыршыұлы тәрбиелейді.
Балғожа би көзі ашық, көңілі жарқын, заманының алдыңғы қатарлы адамы
еді: ол өз заманының жайын тез байқады. Ендігі үміт артта, ескіде емес,
алды, жаңада екенін, Ресей өкіметінің саясатына ыңғайланып, орыс
мәдениетінен азық алудың қажет екенін аңғарды [4].
Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым
көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік
ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбек сүйгіш
еді, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем
деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.
1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу
тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай
басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін
және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын
салтанатты түрде ашады [5].
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару
жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда
төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға
жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.[1]
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан
әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі
кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен
жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық
ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.[2]
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін
қазақ даласына оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай
мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер
кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш
жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің
иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары
үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының
тарихи мән-маңызы зор болды [6].
Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет
деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы
мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп
оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді.
Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды.
Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің Балалар дүниесін, Л.Н.Толстойдың
Әліппе және оқу құралын, Д.И.Тихомировтың Грамматиканың қарапайым
курсын оқу құралы ретінде ұсынды.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай
Алтынсарин туралы былай жазды: Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса,
Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл,
прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас
еді... Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы,
әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да
ұқсамайды. Ыбырай жаңағы екеуінің де ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп,
қоса білді. Сөйтіп, ол екеуі де істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор
келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі
ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, бұратана елдер үшін
тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен
қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы
[7].
Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары
өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және
халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның
Қазақ хрестоматиясы атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде
Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы жарық көрді. Бұл екі
кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу
құралдары болды. [4]
Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон
шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма
жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен
Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың
мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді.
Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы
жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды.
Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б.
бар.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін
қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән
береді. Қазақ хрестоматиясы атты оқулық, қазақтарға орыс тілін үйретудің
бастауыш құралы атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы
оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты
шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес [8]с.
Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі
қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге,
дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем
еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.
Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер
атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.[5] [6]
Ыбырай Алтынсарин 1889 жылғы 17 шілдеде, Қостанай қаласынан үш
шақырымдай жердегі Инспектор көлінің жағасында салынған өзінің үйінде,
қырық сегіз жасқа толуына үш ай және үш күн қалғанда дүниеден өтті.
Қазақ педагогикасының ұлы классигі Ы.Алтынсариннің 150 жылдық мерей
тойы 1991 жылы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Қостанай
қаласында атап өтілді. Мерей тойды өткізу барысында ұлы ағартушының туған
топырағы Инспектор көлінің жағасында Ыбырайға арналған кесене іске
қосылды, Қостанайда Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойында Музей үйі ашылды.
Қостанай университетінде республикалық ғылыми-практикалық конференция
өткізіліп, оған республиканың белгілі Ыбырайтанушы ғалымдар, жазушылары
жоғары оқу орындары, оқытушылары, мектеп мұғалімдері, Ыбырайдың ұрпақтары
қатысқан болатынды [9].
Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте
алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар
тарихымызда өшпестей із қалдырды.
Ы.Алтынсариннің сан салалы қызметі мен өмірі жайлы сақталған деректер
мен материалдар өте көп, олардың дені ағартушының өз қолынан шыққан.
Туған халқының талантты перзенті ұлтының рухани мақтанышы, тұңғыш
ағартушы-педагогі Ы.Алтынсарин қазақ халқының мәдениеті мен тарихының алтын
қорына үлес қосумен қатар өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра
қалдырды.

1.2. Ы. Алтынсариннің қазақ даласындағы атқарған қызметтері

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі.
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық
мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ыбырай бала кезінен бастап
білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей
қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген
кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің
бай кітапханасын Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті.
Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді.
1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті алтын
медальмен бітірді. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін
сөйлей білді. Кейінірек халық ағартушысы ретінде өз білімін өзінше оқып,
арттыра түсуді белсенді түрде жалғастыра түсті. Дүние жүзі әдебиетінің
классиктері У. Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А.
Пушкиннің, Н. Гогольдің, М. Лермонтовтың, Ғ. Низамидің, А. Фирдоусидің, Ә.
Науаидың шығармаларын зор зейін қойып оқыды. Ы. Алтынсариннің педагогикалық
көзқарасының қалыптасуына орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы Я.
Коменскийдің еңбектерімен таныс болуы игілікті әсерін тигізді. Ы.
Алтынсарин орыстың көрнекті демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А.
Добролюбовтың, А.И. Герценнің және басқалардың шығармаларымен де таныс
болды [10].
Мектепті бітіріп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай
атасының қол астында кеңсе қызметкері болып істеді. Осы жылдар ішінде ол өз
халқының сауатын ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін жете түсінді.
Жан-жақты талант иесі Ыбырайдың есімі қашанда уақыт сынынан мүдірмей
өтіп, өз халқымен бірге жасасып келеді. Оның өмірі өз Отанын шексіз сүйіп,
оған бүкіл жан тәнімен қызмет етудің тамаша үлгілерінің бірі болып
табылады.
Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай
жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын
іздерін қалдырса, қазірде сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық
анықтауда. Мұның өзі заңды да еді. Өйткені әрбір ұлы адамзатпен бірге
жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес иделарды көтереді. Сондықтан олар арада
бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан, әрбір жаңа ұрпақ, жас қауымға алыстан
қол созып, жол болсын айтып тұрғандай болады, уақыт өткен сайын биіктей,
мән-маңызы қадір-қасиеті арта түседі. Мәдениетіміздің тарихында
Ы.Алтынсарин дәл осындай, үркердей саңлақтардың бірі болған еді. Ол өзінің
бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ халқын
ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып,
өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу еді [11].
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, патша өкіметі қазақ даласын
бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ
балаларына арнап мектептер ашқан болатын. Патша өкіметінің бұл мектептерді
ашқандағы мақсаты мектеп туралы ережеде ашық айтылған: Мектеп құрудағы
басты міндет – шекарадағы басқару ісін атқара алатын адамдарды сұлтан – ел
билеушілердің, ордаға аралық бастықтардың ісін жүргізе білетін және айрықша
қызметтерді атқара алатын адамдарды дайындау деп жазылған.
Сонымен, бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды,
оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды.
Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек,
ерекше талантты болған [12].
Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде және сонда қызмет етіп жүрген
жылдары Ы.Алтынсарин Орынборда Шекара комиссиясының төрағасы болып қызмет
атқарған белгілі шығыстанушы ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысып,
жақын болып және онымен достасып алады да, оның бай кітапханасын еркін
пайдаланады. Соның арқасында ол орыс және шетел ақын-жазушыларының,
ағартушы-ғалымдарының шығармаларын көптеп оқып, олармен мол танысады.
Сөйтіп небәрі жетіжылдық мектепті бітіріп шыққан Ыбырай өздігінен оқып,
ерінбей ізденіп, талмай еңбек етуінің арқасында жан-жақты мол білімі бар,
ой өрісі өте кең, оқымысты адам болып шығады.
Қарағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің!
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргеннен не мұратқа жетер едің?, - деп, атасы Балғожа би айтқандай,
Ыбырай өз атасы тәрізді тек ауыл адамы ғана емес, бүкіл бір халықтың
мәңдайына біткен жарық жұлдызы болып, қазақ мәдениетінің көгіне жарқырап
шыға келді.
Ы.Алтынсарин 1860 жылдардан бастап жергілікті жерлерден мектеп ашу
ісімен айналысады. Сол өңірдегі қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп
1864 жылдың 8 қаңтарында Торғай қаласында ашылып, Ыбырайдың өзі соған
мұғалім болады. Сөйтіп Ы.Алтынсарин 1864 жылдан 1889 жылға дейін жиырма бес
жылдық өмірін қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларды оқыту, тәрбиелеу,
оларға арнап оқулықтар, оқу құралдары және әдістемелік кітаптар жазу
жұмысына сарп етеді. Осы жылдардың ішінде ол қазақ қыздары үшін мектеп-
интернат, ауыл шаруашылық және қолөнер училищелерін аштырды. Өйткені
ағартушы ғалым, әрі өз халқының ұлы патриоты қазақ халқының жарқын
болашағын тек оқу-ағарту ісімен, білім-ғылыммен, сол білім-ғылымды ел ішіне
көптеп тарата алатын мектеппен байланыстырған [13].
Сондықтан да ол: Мектеп – қазақтарға білім берудің басты тұтқасы...
Үміт мектепте, қазақ халқының келешегі мектеппен байланысты, - деп жазған
болатын-ды.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет
істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда,
мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға –
мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша
жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз
берері шамалы деп есептеген.
Халық мектептері үшін ең керектісі оқытушы. Тамаша жақсы педагогика
құралдары да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген
инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы
оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін,-деп жоғары балады.
Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мәдениетінің демократияшыл идеяларын,
әсіресе, Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық
жолмен қабылдай отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы,
жастарды тәрбиелеуші мұғалім болды. Ол өз ісінде әрқашан адамгершілік туын
көтеріп, көптеген педагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның
тамаша өлеңдері мен әңгімелері бар. Бірақ ол – ең алдымен ағартушы педагог.
Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы
педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне
арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған [14].
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың
педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып,
Ы.Алтынсарин – Қазақ хрестоматиясы (1879 жылы) мен Қазақтарға орыс
тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық деген екі кітабын жазды. Бұл
еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен
ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек
кездесетін тамаша жаңалық болды.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығына Н.Ф.Бунаков және Н.А.Корфтің
жүйесімен Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тәжірибесінің
жемісті ықпалы болды. Ы.Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын
жасауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді
қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.
Ы.Алтынсарин өзінің оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы
жағынан халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына
сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен
жазушыларының шығармаларымен қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің
үлгілерін енгізді.
Қазақ хрестоматиясымен жұмыс істеу барысында Ы.Алтынсаринге
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның Балалар әлемі, сонымен
қатар Л.Н.Толстойдың, И.И.Паульсонның, Н.А:Карфтің және басқалардың
оқулықтар жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды .
Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар
жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен ашылды
[15].
Ы.Алтынсариннің есімімен Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру
ісінің дамуы байланысты. Торғайда кәсіптік-техникалық училище ашылды,
содан кейін Қостанайда ауыл шаруашылығы училищесін ұйымдастырды.
Ы.Алтынсарин өзі оқып, қызмет еткен жылдары Орынбор, Қазан, Уфа, Петербург
қалаларындағы сол кездегі Шығысты зерттеуші ғалымдар В.В.Катаринский,
А.А.Мазахин, уездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, Плотников т.б.тығыз
байланыста, достық қарым-қатынаста болады. Солар арқылы белгілі татар
ағартушылары Ш.Маржани, Қ.Насыри, С.Кукляшев, әсіресе, Петербург
университетінің оқытушысы, Ш.Уалихановтың досы, белгілі татар ағартушысы
Хұсин Файызхановпен де танысып, достасады. Олармен хат алысып, хат жазысып
тұрады. Оқу ағарту ісінде бұлардың қайсысының болса да, Ы.Алтынсаринге көп
көмегі тиген.
Әрине, Ыбырай олармен істес, қызметтес, достас болып жүргенмен, қазақ
халқының тағдыры, келешегіне байланысты барлық мәселелер жөнінде үнемі
пікірлес бола білмеген. Кейбір күрделі, көкейкесті мәселелер жөнінде
Ы.Алтынсариннің өз достарымен келіспей қалатын кездері де аз болмаған.
Мәселен, ол Н.И.Ильминский, А.Алектронов, А.Бессонов, т.б.миссионерлік
әрекеттеріне қарсылық білдіріп отырған. Ы.Алтынсарин сол кездегі қазақ
жазуын (яғни, араб әрпіне негізделген қазақ емлесін) орыс алфавитіне
көшіруге мүлде қарсы болған. Бұл туралы жоғары орындарға бірнеше рет хат
жазып, арыз айтып ұсыныстар жасаған. Мысалы, ол 1871 жылғы 31 тамызда
Н.И.Ильминскийге жазған хатында былай дейді: Шапағатты төрем Николай
Иванович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде
пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге
асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әрпімен жазылған кітаптар
қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай жеңіл және тез сіңе қоймайды.
Бірінші жағынан фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі
үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен, оның үстіне, елімізде тарап
отырған татар жазуының әсерінен... Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың
өздеріне таныс әріппен шығара алу керек. Міне, менің шын пікірім осы [15].
Алайда, Ы.Алтынсариннің өз заманы үшін бұл орынды ұсынысын
Н.И.Ильминский де, сол кездегі оқу министрі Толстовта қабылдамаған.
Ы.Алтынсарин сонымен бірге кейбір миссионерлердің оқушы қазақ балаларын
еріксіз шоқындыруға үзілді-кесілді қарсы шыққан. Бұл жөнінде тиісті
орындарға шағым жазып, наразылық білдіріп отырған.
Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсариннің есімімен тығыз
байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша өкіметі тарапынан
кедергілерге ұшырайды. В.В.Катаринскийге жазған бір хатында былай деп
хабарлайды: Қазақ қыздарына арнап ашылмақ табысты боларына губернатордың
күдігі бар... ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқашан да ештеме де болмайды
ғой. Бұл істің Ырғызда оңға басатындығына мен қазірдің өзінде кәміл
сенемін.
Көп ұзамай бұл араманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына
интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бұл қазақ халықының
өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастаманың сәтті
болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының
барлық уездерінде қыздар училищелерін
1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы
Қарабұтақта және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұхсат етілді.
Алайда, Алтынсарин аталмыш мектептерді ағарту ісінің алғашқы
қадамдары деп біледі. Ыбырайдың Ушинский жолымен жүргізген оқыту жүйесі
бойынша: мектеп, ең алдымен халықтық мектеп болуы керек, халықтың тұрмысына
ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек. Ауыл мектебі ауыл
өміріне, болыстық мектеп – болыстағы жағдайға сай құрылуы керек. Ауыл
мектептері үлгілі, тәртіпті, көрнекті, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени-
ағарту жұмысының орталығы қазақтарды оқытудың негізгі буыны болуға тиіс.
Ыбырай мектептерінде өтетін сабақтардың бәрі де орыс тілін жақсы
біліп шығуға арналды, сабақтың көпшілігі орыс тілінде жүрді [16].
Ыбырай мұғалімдер жөнінде өте жоғары пікірде болды. Ол ағартушылық
жолына түскен күннен бастап, қазақ балаларын ана тіліндеоқыта алатын
мұғалім кадрларын даярлау ісіне белсенді кірісті. Патша өкіметі Ыбырайдың
бұл тілегін қабылдамады. Керісінше, Ыбырайды қудалай бастады. Ыбырай өзінің
тағы бір хатында оқушылар даярлайтын училище ашуға талпынамын деп басыма
пәле іздеп алдым, өкімет орындары маған теріс қарай бастады, жер
аударылуға аз-ақ қалдым деп күйініп жазды.
Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселелердің бірі –
белгілі педагогикалық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі Ыбырай ол
мәселені екі жолмен шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен
мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан
ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арнаулы мұғалімдік оқу
орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсатты іске
асырмақ болды.
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Қазан мүғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминскийге жаңадан ашылып
жатқан екі сыныптық орыс-қазақ мектептері үшін мұғалім кадрларымен
көмектесуді сұрап әлденеше рет хат жазған болатынды. Бұл кезде Қазан
мұғалімдер семинариясы Қазан, Орынбор округтары ұлт мектептері үшін мұғалім
кадрларын бірден бір оқу орны еді.
1883 жылы бітіріп шықты. Оның түлектері кезінде қазақ даласының түкпір-
түкпірлерінде жемісті еңбек етті.
Ыбырай Орскіде ашылған педагогикалық мектептің оқу жұмысын жетілдіріп
отырды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін
қалауда және қалыптастыруда ерекше роль атқарды. Сондықтан да біз Ыбырайды
Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін салушы Ұстаздардың ұстазы
ретінде бағалауға тиіспіз.
Ы.Алтынсариннің енді бір топ шығармалары халқымыздың салт-дәстүр, әдет-
ғұрыптарын сипаттайтын этнопедагогикалық мәнде келеді. Мұның бірі өлген
адамды жерлеу және оған ас беру және той жасау салты туралы баяндайды.
Халқымыздың салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын жетік болатын жан-
жақты ғылым екендігін таныта білді. Осы ерекшелік ұлы ағартушының оқулық,
хрестоматияларынан да айқын аңғарылады.
Ыбырайдың қазақ балаларына арнап жазған Қазақ хрестоматиясы атты оқу
құралына енген материалдарға зер салып қарасақ, оның балалардың жас
ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес құрылғанын көреміз. Осы
талаптарға орай айтылар ойдың дәлдігі мен нақтылығы, қанымдылығы мен
көркемдік әсемділігі негізге алынды. Сондай-ақ осы мақсатта автордың халық
ауыз әдебиеті асыл үлгілері мен мақал-мәтелдерді, небір көркем шешендік сөз
нұсқауларын таңдап-талғап енгізу де өте орынды.
Ыбырай жастарды оқу білім -өнерге үндегенде құрғақ насихатқа
ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады [16].
Халықты және олардың жас өрендерін оқуға, өнер-білімге шақыруда
Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтерген, әрқашан жаңарып, түрленіп,
құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін ееңбегі
Кел,балалар,оқылық, Өнер-білім бар жұрттар, Әй,достарым,
Әй,жігіттер деген өлеңдері.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!-деп ұран салады. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен
сауат ашу, оқыту мәселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында
тәрбиелеу керектігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен әңгімелерінің қай-
қайсысы болмасын балаға тәртіпті, үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды.
Елді қараңғылықтан жарыққа шығаратын жастар, тек ғана жастар деген
қорытындыға келді. Әсіресе, оның келешекке сенімі мол болды. Аңсаған
арманын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді.
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сендерге бердім батамды!-деп, ол өз халқының келешек ұрпақтарына
сеніп кеткен еді. Міне, сол ұрпақ Ыбырай арманының жүзеге асқанын бұл күнде
айқын көріп отыр.
Ыбырайдың сол кездегі қоғамдық құрылысқа көзқарасында тарихи
шектеукшілік пен кейбір кемшіліктер болды. Қоғамдағы кемшіліктерді көре
тұрып, оны өзгертудің негізгі жолы адамдарды ағарту, білім беру, өмірді
төңкеріс жолымен емес, реформа арқылы әділетсіздікті жойып, жақсылық
орнатуға болады деді.
Бұл оның көзқарасының, дүниетанымының кемшілігі еді. Ол табиғатты
тануда материалист бола тұра қоғамдық құбылыстарды түсіндіруде идеалистік
көзқарастан аса алмады.

1.3 Ыбырай Алтынсариннің педагогика ғылымына қосқан үлесі
Ы. Алтынсарин жан-жақты білімді адам болды. Білімді адам ретінде ол
прогреске, білімге ұмтылудың қазақ халқы үшін қаншалықты зор маңызы бар
екенін айқын көре білді. Ол қазақтардың арасында ағартушылық жұмыстарын
жүргізіп, темір жолдар мен электр қуатының, егіншілік кәсібінің,
телеграфтың және әр түрлі қолөнердің пайдасы туралы айтып берумен болды.
Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән
берді. Қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға да көп күш-жігер
жұмсады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен кездесу кезінде
қолөнер кәсібі, бау-бақша егу, мал өсіру және диқаншылық жөнінде жазылған
оқу құралдарын табуға көмектесулерін өтінді.
Ол қазақ жастарына тері илеу, сабын қайнату, май шайқау және кірпіш
күйдіру, көзе жасауды үйретуге тырысты. Сондай-ақ ағаш ұсталығы, темір
жону, слесарьлық кәсіпке баулуды да армандады. Ол жастарға жаңа машиналарды
қалай пайдалану, ауру малдарды қалай емдеудің және зиянды жәндіктерге қарсы
қалай күресудің тәсілдерін үйретуге тікелей өзі де қатысып жүрді. Өзінің
очерктер мен ауызекі әңгімелерінде қазақтарды диқаншылықпен айналысуға
шақырды. Ы. Алтынсарин жастарды еңбек сүйгіштікке баулыды, уақытты босқа
өткізуден және жалқаулыққа салынудан сақтануға шақырды [17].

Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі

Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзші әрі ақын
ретінде де кеңінен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы
бөлімінің толық мүшесі болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша
баяндамалар жасап түрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар
жариялады. Атап айтқанда, Кіші жүз қазақтарының адамды жерлеу, ас беру,
құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрі, ежелгі әдет-ғұрып зандары
туралы зерттеу мақалалары жарық көрді. Ол өзінің жұмыстан қолы босаған
кездерінің бәрін де ауыл арасында өткізді, туған халқының тарихы,
фольклоры, шежіресі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы материалдар
жинастырды. Өзінің көзі тірісінде бірқатар ғылыми мақалалары журналдар мен
газеттерде жарияланды.
Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі
әдет-ғұрыптарының очеркі атты еңбегінде үйлену тойларына байланысты толып
жатқан әдет-ғұрыптарды тәптіштей суреттеді.
Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И.А. Крыловтың
мысалдарын, Л.H. Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен
қатар өзі де қысқа әдемі әңгімелер жазды. Ы. Алтынсариннің қаламынан туған
аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен
ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр
алуан. Ы. Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп айтуға
болады .
Ы. Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың өмірі шыншылдықпен
бейнеленді. Оларда білімге, ғылымға деген құлшыныстың қажеттігі кеңінен
насихатталды. Жастарды оқу-білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың
мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі-өнеге ретінде
мысалға келтірді.

Ағартушының қоғамдық-саяси қызметі

1868 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші
ретінде қызметке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және
уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ
ауылдарында жиі болып тұрды. Өз халқының аса қажетті мүдделері неде екенін
жақсы білді. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып
жүрді. Ол сайлау кезінде дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат
жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Бұған риза болмаған байлар
оның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі Ішкі
істер министрлігіне шағым жасады. Оны 1868 жылғы Уақытша ережеде
белгіленген сайлау тәртібін бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қарапайым
халықтың қамын ойлады. Ол өзінің парасатты мінез-құлқы және барынша
адалдығы, халық алдындағы атағы мен беделінің аркасында ақталып шықты. Ол
өзінің халық алдында сөйлеген сөздерінде патша үкіметінің отаршыл аграрлық
саясатын ашық сынады. Патша үкіметі шенеуніктерінің озбырлық іс-
әрекеттерін, олардың жергілікті қолшоқпарларын айыптады. Мәселен, ол 1864
жылғы хатында былай деп жазды: Қызмет бабы бойынша мен байлармен жиі
қақтығысып қаламын. Маған жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар арасында
да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап-тонауда...[17]
Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын
жүгенсіз саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы Оренбургский листок
газетінде жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде
былай деп жазды: Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның
келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын. Ы.
Алтынсариннің үшан- теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім
көкжиегінің кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті. Оның
есімі халықтың есінде мәңгі сақталады. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ
мемлекеттік білім академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады.
Еліміздегі педагогтар қауымының ең таңдаулы өкілдері жыл сайын Ы.
Алтынсарин атты төсбелгімен марапатталады. Ағартушы ғалымның қүрметіне жыл
сайын ғылыми конференциялар өткізіліп түрады.
Мұғалімдердің Ы. Алтынсарин туралы жазған хаттарынан :
Марқұмның мен қазақ даласында болған кезімдегі бүкіл өмірі өзінің сүйікті
халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арналды. Ол халық
өмірінің қалай бет бұрып бара жатқанын мұқият бақылап отырды және оны терең
түсіне білді... Мұғалімдерге қатаң талаптар қойды, әрбір іске барынша
ұқыпты қарауды талап етті, ол өз міндетіне жүрдім- бардым қарап, жұмысты
шала-шарпы орындайтындарды қатаң жазалап отырды. Оқу ісін өзі қандай жанын
сала жақсы көрсе, өз инспекциясына қарасты мұғалімдерден де тап соны талап
етті. Ол өзінің шын жүректен шыққан тартымды әңгімелері арқылы мұғалімдерді
оқу ісіне шын ниеттерімен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра білетін.
Жұрттың көз алдында бізді соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелерді
мұғалімдерге ең адал ниетті азаматтар ретінде зор құрметпен әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Қазақ ағартушылығы Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы жағдайында əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени прогресс жолындағы мықты қозғалыс беруші күші
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері
Қазақ педагогикасының тарихы
Ағартушылар философиясының қалыптасу ерекшеліктері
Уәлиханов шығармашылығын
Қазақ философиясының даму ерекшеліктері
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары жайлы
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Пәндер