Проблемалық оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері 1. 1 Жаңа педагогикалық технологиялар туралы жалпы түсінік және оның түрлері . . . 7 1. 2 Жаңа педагогикалық технологиялардың өзіндік ерекшелігі және оны математика пәнінде қолдану маңыздылығы . . . 13

2 Бастауыш сынып математикасында жаңа педагогикалық технологияларды қолдану жолдары

2. 1 Бастауыш сынып математикасында интерактивті тақтаны қолдану . . . 23

2. 2Бастауыш сынып математикасында жаңа педагогикалық технологиялар арқылы сабақ өту . . . 30

Қорытынды . . . 38

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 40

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі. Заман талабы тұрғысынан жеке тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы - баса назар аударарлық мәселе. Ал, осы білімді беретін және дамытатын әрине, ұстаз және сол ұстаздың әдіс-тәсілі, білім біліктілігі - деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәнгілік ел ету!» Әлемдегі ең дамығы 30 мемлекеттің қатарына қосып, бай да қуатты елдер мен иық түйістіру» және «Дағдарыстың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлттық құндылықтар ғана мәңгі» - деп атап көрсеткен болатын [1] .

Ал, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім берудің сапасын жаңарту мен әлемдік білім стандартына сәйкес ұлттық білім беру жүйесін құру екендігі қажет» - деп атап көрсеткен болатын [2] .

Менің ойымша, Қазақстанды «Мәнгілік ел ету!» үшін де, әлемдегі ең дамығы 30 мемлекеттің қатарына қосу үшін де, білім сапасын көтеру үшін де ең алдымен тәрбиелі, білімді және де білікті, рухани дамыған, педагогикалық технологиялардың қыр-сырын жетік меңгерген шығармашыл тұлғаны яғни, мұғалімді тәрбиелеу қажет.

Қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл ұстазға қойылатын талапта жаңаша болатыны сөзсіз. Ұстаздар алдындағы басты міндет - оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып еліміздің жарқын болашағын жасайтын тәрбиеліде, білімді оқушыларды тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының 2021 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамассыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігкі көрсетілген. Негізінде, математика пәні әлем туралы ғылыми көзқарасты негізгі және заманауи мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазіргі таңда математикалық ойлауды қалыптастыру өте маңызды. Математикалық пайымдаулар мен оларды құру ережелері оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, дәлелдей білу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Бастауыш саты - оқушы дамуының негізі қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары осы уақытта қалыптасады. Математиканы адамзатқа әлемді танып білуде анализ және синтез, матиматикалық индукция мен дедукция, абстракциялау мен айқындау тәсілдерін жүргізуге, сонымен қатар қорытындылардың шынайылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Математиканы оқыту үдерісінде оқушылар критикалық ойлауды, зерттеу және қарым-қатынас дағдыларын дамытады, математикалық білімді өмірде және шығармашылықта қолдану қабілетін тұрақты дамытуға және жетілдіруге талпыныс қалыптастырады. Ал осы бағытта мұғалімдер жаңа технологияларды, балалар белсенділігін қалыптастыратындай әдіс-тәсілдерді талмай ізденіп, меңгеруі қажет [3, 16] .

Н. С. Лейтестің пікірінше, бастауыш мектеп кезеңінде оқушыларда ғажайып өзгерістер болып жатады, яғни, ойдың күрделі қасиеттері қалыптасады және олардың даму деңгейлері ойдың даму барысының бала кезеңдерімен салыстыруға болмайтындай жылдамдықпен дамиды. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың негізгі бағыты бұрынғы «ойнау» кезеңінен оқу үрдісіне бет бұру кезеңі болып есептеледі. Осыған орай оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі -әр-түрлі жаңа әдіс тәсілдерді және де жаңа педагогикалық технологиялармен, ақпараттық технологияларды қолданып қызығушылығын арттыру арқылы сабақ өту [4, 18] . Жаңа технологияны қолданатын болса, онда мұғалім оқушының даралығын, өзіндік қасиетін көруіне мүмкіндік туғызады. Сабақтың рефлекциясы жеке тұлғаның еркін дамуына жағдай жасайды, оқушылардың жеке қабілеттерін есепке алады. Осы сабақтар жоғары білім деңгейін, дағдының қалыптасуын қамтамасыз етеді есте сақтау қабілетін, зейінін нығайтады, оқушының ой өрісін дамытады және пәнге деген қызығушылығын арттарады, заманауи жалпы білім беретін мектептердің талабына сай келеді [5, 81] . «Математика» пәні бастауыш сынып оқушыларына бастапқы білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда маңызды орын алады. Бастауыш сынып оқушысының ақыл-ойы дұрыс дамуы, оқушыларда саналы және берік есептеу біліктілігін қалыптасуы, қисынды пікір айту қабілетін қалыптасуы үшін «Математика» сабақтарын дұрыс ұйымдастыру қажет етіледі. Ал, сабақтың өз дәрежесінде өтуі үшін мұғалім көп ізденіп, барынша оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытатындай жұмыстарды ұйымдастыруы керек. Қазіргі кезде мектепте қолданып жүрген 50-ден астам жаңа технологиялардың түрлері бар мұғалім жаңа технологиялардың тиімді пайдаланып, математика сабағында көптеп қолдану арқылы оқушыларды сабаққа ынталындырып, қызығушылықтарын оятады, әрі түсінікті меңгертеді. Ал екінші жағынан өзінің ұстаздық шеберлігін көрсетеді. Мұғалім сабақта жаңа технологияларды тиімді қолданса: бүгінгі мектеп оқушылары ертең өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін өздері шешуге, саналы шешім қабылдауға дайын болар еді. Қазіргі замандағы білім жүйесінің құрылымы мен қызметіндегі қоғамдық тенденциялардың мазмұны мен маңызын анықтауға байланысты құралған педагогикалық технологитялар өз тиімділігін дәлелдеуде [6, 16] .

Зерттеудің мақсаты: Математика пәнінде жаңа педагогикалық технологиялардың қолданылуын зерттеу. Зерттеудің нысаны: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі.

Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныптарда жаңа педагогикалық технологиялар арқылы математика пәнін оқытып үйрету үдерісі.

Зерттеудің болжамы: Егер сынып жетекші математика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде дұрыс пайдаланса және де жаңа педагогикалық технологиялардың қыр-сырын меңгеріп қолдана алса, онда осы мәселеге байланысты жұмыс тиімді ұйымдастырылады да, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды:

- Жаңа педагогикалық технологиялар және оның түрлеріне шолу жасау;

- Математика пәнін оқытуда педагогикалық технологиялардың қолдану ерекшеліктерін зерттеу;

- Білім стандартта, оқу бағдарламаларына және оқулықтарға зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне орай талдау жасау;

- Заманауи сынып жетекшісінің іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастырылуы, матиматика пәнінде оқушымен атқаратын жұмыстарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануына қатысты материалды жинақтау.

Зерттеудің әдістері:

- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен әр-түрлі педагогикалық газет, журналдармен оқып танысу және пайдалану;

- оқу бағдарламалары мен оқулықтарды талдау;

- әдістемелік құралдарды зерттеу тақырыбыма орай талдау;

- білім беру мәселесіне қатысты құқықтық, нормативтік және ресми құжаттармен оқып танысу;

Зерттеудің көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың, әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы, Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халыққа Жолдауы, мемлекеттік білім беру бағдарламалары мен тұжырымдамалары, жаңа педагогикалық технологиялар туралы және дүниетануды оқыту әдістемесі туралы әр-түрлі әдебиет көздері.

Зерттеудің базасы: Тараз қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы 5 мектеп-гимназиясы.

Курстық жұмыстың мазмұны. Курстық жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының ғылыми аппараты баяндалған. Жұмыстың бірінші бөлімі. Жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері, мұнда жаңа педагогикалық технологияның пайда болуы, оның түрлері, осы жаңа педагогикалық технологиялар туралы ғалымдар ойы, қолдану тиімділігі, жалпы алғанда «Жаңа педагогикалық технологиялар не үшін керек?» және де жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерін қолдану маңыздылығы мен қолдану ерекшелігі туралы баяндалған. Зерттеу жұмысының кезеңдері: 1 кезең зерттеу тақырыбына байланысты библографиялық жұмыс жасадым нәтижесінде 25 әдебиетпен таныстым. Кіріспе бөлімінде ғылыми аппартпен жұмыс жасадым (зерттеудің көкейкестілігі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің нысаны, зерттеудің пәні, зерттеудің болжамы, зерттеудің әдістері, зерттеудің көздері, зерттеудің базасы. ) 2 кезең Курстық жұмыстың теориялық бөлімінде (жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері, жаңа педагогикалық технологиялардың пайда болу және мен мән-мағынасы, жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері) осы тақырыптарға байланысты материалдыр жинақтап таныстым. Ал, ІІ бөлімінде практикалық жұмыста жаңа педагогикалық технология әдістемелерімен математика сабақтарында жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерін пайдалану және интерактивті тақтамен жұмыс жасауға арналған жұмыс түрлерін зерттедім.

І Жаңа педагогикалық технологиялардың теориялық негіздері 1. 1 Жаңа педагогикалық технологиялар туралы жалпы түсінік және оның түрлері

«Білім беру реформасы табысының басты өлшем - тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы, әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызыметіне қол жеткізуге тиіспіз» - деген президент жолдауынан ұлттық бәсекелестікке қабілетті ұрпақтың білім деңгейімен анықталатынын, әлем кеңістігене көтерілу үшін мектеп табалдырығынан сапалы да, саналы білім беру болып табылады [1] . Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы негізінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан дүниесінің бойына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау және оған мүмкіндік беру. Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәденинтті де білімді етіп тәрбиелеп олардың дүниетанымын азаматтық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлерімен әдістерін жақсартумыз керек. Үйреншікті әдіс-тәсілдер баланы қызықтырмайды. Сондықтан қайткеде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат етіп қою керек. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау міндетіміз, соған байланысты мұғалімге жаңа талаптар қойылуда. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бақылауы орын алады. Білім беру саласындағы оқытудық озық технологияларын меңгермейінше сауаты жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілеті қалыптасуына игі әсерін тигізеді өзін- өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі [7, 16] . “Жаңа педагогикалық технология” сөз тіркесін пайдалану үшін оның мәнін анықтап алу керектігі туындайды. Ол үшін алдымен “технология” ұғымының мазмұны жөнінде немесе ұғымының шығу мен қолдану аясын білу керек. Педагогикалық іс-әрекет саласына “технология” деген сөзді енгізу “индустриялдық” технология (Ф. Б. Гильбрейт, Ф. У. Тейлор және т. б. ) жасаған идеяларына негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді ұстанымдары мен әдістерін анықтауға бағытталған. Технология - «шеберлік туралы ғылым» деген ұғымды білдіретін грек сөзі. Ал, ғалымдар айтуы бойынша технология:

  1. Белгілі - бір маңызды әрекетте, өнерде, шеберлікте мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс (В. Даль)
  2. Белгілі заттың бейнесін өзгерту үшін қолданылатын өнер, біліктілік әдіс -тәсілдер (В. М. Шелель)
  3. Белгілі затты, тұлғаны сапалы өзгертуде қолданылатын білім мен әдіс - тәсілдер жүйесі (И. Г: Зайнышев)
  4. Адамның әрекетін, біліктілігін тәжірбиесін еңбекке қажетті заттарды әлеуметтік шындықты сапалы өзгертуге бағытталған әрекеттер жүйесі (Р. В. Овчарова) [8, 36] .

Педагогикалық, психологиялық сөздікте “Педагогикалық технология - педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезеңі, жәй - күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік жұмысы. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі” болып табылады деп мазмұндалған. В. П. Беспальконың анықтамасы бойынша «Педагогикалық технология дегеніміз тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс, тәсілдер - оның құрамды бөлігі ғана. Педагогикалық жүйе ретінде ол оқушының жан - жақты қалыптасуына ықпал ететіндей оқытудың әдіс, құрал, үрдістерінің мақсатты жиынтығын қарастырады». Б. Т. Лихачев анықтамасы бойынша «Педагогикалық технологияны форма, әдіс, амал, тәрбие құралдарының бірлігі негізінде арнайы іріктеліп алынған псхологиялық - педагогикалық қондырғының жиынтығын қарастырады». В. В. Воронов анықтамасы бойынша «Педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт» - деп есептейді.

М. А. Чошановтың анықтамасы бойынша «Оқатудың технологиялары- дидактикалық жүйенің процессуалдық құрамдас бөлігі». Ал В. М. Монахов «Педагогикалық технологиялар оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі» - деп көрсеткен [9, 156] . Оқушыны «қалай оқыту керек?» деген сұрақты мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуіне және сол арқылы баланы әлемдік ақпараттық қоғаның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет. Осыған байланысты мектеп педагогтары кәсіби деңгейін дамытуда педагогикалық, ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдануға ерекше мән береді [10, 63] . Мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттің бірі - оқытудың әдіс -тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Бастауыш сырыптарында математиканы оқыту - күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепте басқада пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік дағдылардың практикалық негізін қалайды және осыларды игеру - процесі оқушыларды тәрбиелеу және жан-жақты дамыту ісімен тығыз және табиғи байланысты жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға олардың танымдық қабілетерін дамытуға, ақыл-ой, есін және тағыда басқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамындағы жо арғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді [11, 54] .

Жаңа педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарлынған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы. Жаңа педагогикалық технологияның басты міндеті - оқушының оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі [12, 63] .

Жаңа педагогикалық технологияларды математика пәнінде қолданып жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар керек.

  • Оқыту үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
  • Оқушылардың сабақтастығын болдырмау шаралырын кешенді түрде қарастыру жәнеде ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылықтарды үнемі талдау жасап, назарда ұстау;
  • Жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандарттарымен жете танысу;

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар: педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін білу, оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқауларын қарастыру, оқу модулін құрастыру, оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау, оқу әрекетінің бағалау көрсеткішін анықтау.

Жаңа технология үдерісінің талабы - оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу - танымдық іс- әрекеттерін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу [13, 13] . Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесінде оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Сонымен, барлық жаңа технологиялардың мақсаты - пәнді оқытуда оқушылардың жеке басының дара дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру [8, 29] .

Кесте-1

Бір техниканың өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің бағыты мен технологияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргені мәлім, олардың ішінде мектепте математика сабағында оқытуға лайықты 17-20 технологиялар бар.

Қазіргі заманда жиі кезесетін технологиялар төменгі кестеде көрсетілген: [14, 16] .

Кесте-2

Технологиялар атауы
Авторлары
№: 1
Технологиялар атауы: Саралап деңгейлеп оқыту
Авторлары: Қараев Ж. А., Кобдикова Ж. У.
№: 2
Технологиялар атауы: Модульдік оқыту технологиясы
Авторлары: Жампеисова М. М.
№: 3
Технологиялар атауы: Дамыта оқыту технологиясы
Авторлары:

Тұрғымбаев Т., Эльконин Д. Б.

Давыдов В. В., Зайцев В.

№: 4
Технологиялар атауы: Проблемалық оқыту технологисы
Авторлары: Монахов М.
№: 5
Технологиялар атауы: Ірі блокпен оқыту технологиясы
Авторлары: Шаталов, Эрдниев П. М.
№: 6
Технологиялар атауы: Жобалау әдістемесі
Авторлары: Дж. Дьюи
№: 7
Технологиялар атауы: Сын тұрғысынан ойлау
Авторлары: Джинни, Л. Стил, С. Крутис, Ч. Темпл
№: 8
Технологиялар атауы: Жеделдетіп оқыту технологиясы (тілді дамыту)
Авторлары: Жүнісбеков Ә.
№: 9
Технологиялар атауы: Алдын-ала оқыту технологиясы
Авторлары: Лысенкова А.
№: 10
Технологиялар атауы: Тұлғалық гумандық технологиясы
Авторлары: Амонашвили Ш.
№: 11
Технологиялар атауы:

Шоғырландырып- қарқындап оқыту

(Концентрированно- интенсивное обучение)

Авторлары:

Нұрахметов Н. Н.

Абдығалиев К. А.

№: 12
Технологиялар атауы: Жүйелілік тұрғысынан оқыту технологиясы
Авторлары: Ғалиев Т. Т.
№: 13
Технологиялар атауы: Интерактивті оқыту технологиясы
Авторлары: Я. А. Каменский

Жаңа педагогикалық технология арқылы оқыту барысында оқушыларды тұлға ретінде қалыптастыруға, бірден-бір әсер етеді. Мұғалім мен оқушылар бірлесіп оқи отырып, субъект-субъект ретінде болады. Мұғалімнің рөлі көбнесе оқу үдерісін ұйымдастыру алу басшысы, оқушылардың ынта-ықыласын белсенді етуші қалпында көрінеді. Жаңа педагогикалық технология оқушылардың өз өмір тәжірибесіне біліміне, сүйенулеріне негізделген [9, 66] . Жаңа технология қолдануда практикалық тұрғыда зерттеуші қажет ететін дидактика міндеттерінің бірі болып саналыды. Жаңа технологияны пайдалану мұғалім мен оқушының қарым-қатынас жағдайын аса шеберлеп, білімділік, демократиялық бағытта уақыт талабына сай таңдауды қалайды. Математика пәнінде жаңа технологияны енгізіп пайдалану мұғалімдерді шеберлігі жағынан шыңдайды. Кез- келген сабағын қызықты өткізу үшін ізденіс, жаңаға ұмтылу, жұмысын жүргізу әр бір ұстаз үшін бұлжымас қағида [13, 69] . Сонымен, педагогикалық технология оқытудың тиімді жолдарын зерттейтін, оқыту процесінде қолданылатын қағидалар мен әдістер, тәсілдер болып табылады. Педагогикалық технологияны іске асыру барысында мынадай міндеттерді жүзеге асыру қажет:

  1. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби іс-әрекетіне деген сенімділігі, ізденімпаздық шеберлігі;
  2. Оқушының тұлғалық-бағдарлы дамуының ескерілуі;
  3. Оқу процеінің кез-келген кезеңіндегі оқушы дайындығының іске асырылуы мен кепілділігінің міндеттілігі;
  4. Оқыту технологиясында пайдаланатын педагогикалық ақпараттың міндеттілігі;
  5. Оқушының білімді меңгерудегі танымдық қызығушылығы мен қажеттілігінің ескерілуі;
  6. Оқушылардың өздіктерінен қорытынды жасауға, белсенді іс-әрекетке бағыттау;
  7. Оқу процесін жобалағанда іс-әрекеттің, оқу материалы мен оқыту материалының дәлелділігінің бірлігі;
  8. Оқыту процесінің жобалау технологиясы негізінде іске асырылуы;
  9. Оқушының нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыруды ұйымдастыру;
  10. Белсенді іс әрекетті нәтижеге жеткізу [15, 65] .

Жаңа педагогикалық технологияның бірнеше түрлері бар. Солардың математика сабағында қолдануға болатын бірқатар түрін қарастырып кетсек;

  • Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Математика сабағында баланың бойындағы

білімділік, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді [12, 16] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың дәстүрлі технологиялары
Модульді оқыту технологиясы
Білім берудегі ноу-хау: әдіс. құрал
Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Проблемалық оқытудың негізгі міндеттері
Жаңа технологияны пайдаланудың маңызы, қолдану жолдары
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Алтынсариннің педагогикалық жаңашылдық технологиясы
Оқыту технологиясын топтастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz