Бастауыш сыныптарда математика пәнінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-6
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7
1. 1 Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындарды қолдану мақсаты мен маңызы . . . 7
1. 2 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың ерекшеліктері . . . 14
2 МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ . . . 20
2. 1 Дидактикалықойындарды математика сабағында қолданудың әдістемесі . . . 20
2. 2Бастауыш сыныптағы 1 - сыныптың математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 40
Кіріспе
Курстық жұмыстың көкейкестілігі. Н. Ә. Назарбаев «білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек» деп міндеттейді. Біз осы пікірдің өзінен - ақ білім беру жүйесін реформалауда басқарудың әдіс- тәсілдеріне жаңаша құрылыммен келу керектігін көреміз. Мектептің педагогикалық жұмыс барысын жүйелеу, оқыту тәсілдерін жетілдіру, білім дегейін жоғары сатыға көтеру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған[1] .
Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай іс-әрекеттің бір саласы-ойын әрекеті.
Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің тағылымдық және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын танып біледі.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады[2, 21б]
Жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой иесі-адам баласының ойын әрекеті бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын өмір тәжірибесінің нәтижесі болып саналады. Міне, осы тұрғыдан алғанда, адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кеңінен дамып, баланың өсіп жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.
Ойынды психологиялық дамудың әр жағдайында коррекциялық бағытта қолдану мәселесінің теориялық және әдістемелік негіздері Фрейд А., Роджерс К. ., Леви Д., Торф Д. және т. б. еңбектерінде ғылыми позицияларға байланысты әрқилы сипатталынады[3, 42б] .
Ойынның бала өмірінде үлкен орын алатынын ертеден-ақ дәлелдеген. Тіпті, 18-ғасырда Ж. Ж. Руссо былай деп жазған: "Баланы жақсы тану және түсіну үшін, оны ойын кезінде бақылау керек" деген.
Тәрбиелік үрдістегі ойынның маңызы туралы кеңес педагогтары А. С. Макаренко, Н. К. Крупская және т. б. арнайы зерттеу еңбектерінде терең де жан-жақты айқын талдау жасаған[3, 65б] .
Ал Қазақстан зерттеушілерінің ішінде дидактикалық ойынды зерттеген ғалымдар Н. К. Ахметов, Ж. С Хайдаров. Көрнекі педагог Мағжан Жұмабаев: "Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек. Сыныпта отырғанда балалардың тез шаршауы оның ақылының жұмыссыз қалуынан, әсіресе тек отыруда, ауаның бұзылуынан. Сондықтан сабақ уақытында сабақты дидактикалық жарыс-ойын түрінде өткізсе, балалар сергіп өздерін еркін ұстайды", - деп ойынның, қызғылықты жаттығудың балалардың оқу әрекетін жандандырып оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал екенін атап көрсетеді.
Мектепте математика пәні оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі. Алайда бұл пәнді кейбір оқушылар тез игеріп кете алмайды. Сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті де, қызығушылығы да әр түрлі. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақ бойы оларды белсенді қалыпта ұстап, сабақты өз бетінше меңгеруге құлшындырып, ынтасын арттыру мақсатында оқытудың тиімді әдістерін іс-тәжірибеде қолдану міндеті мұғалімдерге жүктеледі.
Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің енуі, заманауи педагогикалық технологиялардың қолданылуымен қатар оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі математика сабағында дидактикалық ойындарды немесе олардың элементтерін қолдану болу табылады.
Математика сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, оқушылардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Мұнда тәжірибе негізінде жинақталған математика сабағында дидактикалық ойындардың мақсаттары, міндеттері, түрлері, құрастыру ережелері, қолдану әдістері келтірілген, кейбір ойындар мен ойын элементтері ендірілген сабақ үлгілері келтірілген.
"Ойын арқылы бала дүниені таниды. " - дейді Т. Тәжібаев. Шынында да, бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады[4, 19б] .
Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік объективтік сұранысын орындауда бастауыш мектепте оқушылардың танымдық, адамгершілік және сабаққа қызығушылығын, белсенділігін дамыту педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттігін, дамытудың бір саласы дидактикалық ойындарды пайдалану өз деңгейінде болмағандығы арасында қайшылықтар бар екендігі орын алып отыр. Бастауыш мектепке жасындағы балалар еліктегіш, жаңалыққа жаны құмар келеді. Сондықтан әр сабақтың мазмұны мен мақсатына, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын элементтерін пайдаланса балалардың сабаққа деген ынтасы артып, танымдық қызығуы, ізденімпаздық дағдылары жетіледі.
Сонда дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа білімді меңгертіп, танымдық белсенділігін арттыру болса, мұғалімнің міндеті - сол дидактикалық ойын түрлерін тиімді пайдалану арқылы балаларды өздігінен ойлай білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге, әртүрлі танымдық дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу болып табылады, яғни оқу үрдісінде “дидакикалық ойын” элементтерін пайдалану біріншіден, балаларға берілген білім берік меңгерту құралы болса, екіншіден балаларға берілген білім сапасын көтеріп, танымдық қызығушылығын арттыру болып табылады. Осыған орай бұл зерттеудің тақырыбы: "Бастауыш сыныптың математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы. " - деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Бастауыш сынып математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны. Бастауыш сыныптың оқыту процесі.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сыныптарда математика пәнінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар жүйесі.
Курстық жұмыстың міндеті.
-Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздерін айқындау:
- Бастауыш сынып оқушыларына арналған дидактикалық ойындардың мазмұнын саралау;
- Дидактикалық ойындарды пайдаланудың әдістемесін құру.
Зерттеу әдістері. Тақырып бойынша ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау, бақылау, материалдарды сұрыптау, жүйелеу, зерттеу.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы, жетекші психолог, педагог, әдіскерлердің ғылыми-зерттеу нәтижелері, зерттеліп отырған мәселеге байланысты отандық, жақын шетелдік ғалымдардың еңбектері.
Зерттеу болжамы: Бастауыш сыныпта математика пәнін оқытуда дидактикалық ойындарды пайдалану тиімді болар еді, егер математика сабақтарында дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемелік жүйесі жасалынса. Дидактикалық ойындарды математика сабағының мазмұны мен мақсатына сәйкес пайдалана білсе.
Зерттеу базасы. Тараз қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебі.
Зерттеу жұмысының кезеңдері: Зерттеу үш кезеңнен тұрады.
1-кезеңдезерттеу тақырыбының өзектілігі анықталынып, осы мәселеге байланысты әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жүргізілді.
2-кезеңде математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындарды қолдану мақсаты мен маңызы және олардың , зерттеудің теориялық негізі жасалынды.
3-кезеңде дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың әдістемесі және 1 - сыныптың математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындарды жинақталды. Зерттеу нәтижелері жинақталынып, қорытындыланды.
Курстық жұмыстың мазмұны: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, зерттеу әдісі, зерттеу көздері, зерттеу базасы, ғылыми болжамы тұжырымдалды.
«Бастауыш сыныпта дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімінде Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінен қолданылатын дидактикалық ойындардың негізгі мақсаты мен міндеттері, маңызы және ерекшеліктері мен түрлері қарастырылған.
«Математика сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану әдістемесі» атты екінші бөлімінде дидактикалық ойындарды математика сабағында қолданудың әдістемесі баяндалып, бастауыш сыныптың 1-ші сыныбына арналған әр түрлі тақырыптағы дидактикалық ойындар жинақталды.
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындарды қолдану мақсаты мен маңызы
XXI - ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан - жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Ал жас ұрпақтың білімді, саналы, бәсекеге қабілетті тұлға болып өсуі, ол ұстазға байланысты. Сондықтан да мұғалім әрбір сабақты түрлендіріп, оны оқушылар жалықпайтындай етіп өткізу керек. Оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт - бағдар беруі керек.
Қазіргі күні Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу приоритеті түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландырк емес, оның оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жекебас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отыр. Бұл, өз кезегінде, мектептегі математикалық білім беру ісіне елеулі түрде ықпал етіп, оны қайта қарауды талар етеді. [5, 29б]
Мектепте математика пәні оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердің бірі. Алайда бұл пәнді кейбір оқушылар тез игеріп кете алмайды. Сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті де, қызығушылығы да әр түрлі. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақ бойы оларды белсенді қалыпта ұстап, сабақты өз бетінше меңгеруге құлшындырып, ынтасын арттыру мақсатында оқытудың тиімді әдістерін іс-тәжірибеде қолдану міндеті мұғалімдерге жүктеледі. Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің енуі, заманауи педагогикалық технологиялардың қолданылуымен қатар оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі математика сабағында дидактикалық ойындарды немесе олардың элементтерін қолдану болу табылады [5, 56б] .
Дидактикалық ойын - бұл оқыту мақсаттары үшін арнайы құрылған немесе сәйкестендірілген ойындар. Мектепке дейінгі тәрбие үшін бірінші болып ойындарды зерттеуге кіріскен Ф. Фребель және М. Монтессори, бастауыш мектеп үшін - О. Декроли (XIXғ. - XXғ. басы) . Өткен ғасырдың ортасында дидактикалық ойындар, алдымен - бастауыш сыныптарда, кейінірек - жоғарғы сыныптарда қолданыла бастады. Дидактикалық ойындардың ерекше бір белгісі оқушылар іс-әрекетінің шартты ойын жоспары мен оқуға бағдарлануының үйлесуі. Ойындардың уақыты шектеулі және барлығы белгіленген ережелерге бағынады. Дидактикалық ойындардың оқыту және дамыту қасиеті бар, оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, танымдық қызығушылықтарын ынталандырады, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастырады және балалардың психофизиологиялық дамуына себеп болады [6, 55б] .
Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен қызығушылықтарын арттыруда дидактикалық ойынның маңызы аса зор. Оның себебі, біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескерсек, олардың абстрактілі ойлау қабілеттерінен көру қабілеті басым болып келеді. Екіншіден, мектепке дейінгі кезеңде оқушылардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан оқу әрекетіне бірден көшу оқушыға қиын соғады. Үшіншіден, ойын оқушылардың сабаққа қызығушылығын, ынта - ықыласын арттыру, математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру үшін және оқушылардың ой-өрісін дамытып, танымдық белсенділік қасиеттерін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Сондықтан математика сабақтарында түрлі дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы зор[6, 74б] .
Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен қолданылатын дидактикалық ойындардың негізгі мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының бағдарлама талаптарында көрсетілген математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, белгілі бір тақырып бойынша білім беру, пысықтау, қайталау немесе тексеру.
Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінен қолданылатын дидактикалық ойындардың негізгі міндеттері - оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, математикалық білімдерін дамыту, шапшаңдылыққа, қырағылыққа, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын материал сипаты бойынша дидактикалық ойындар заттық (негізінде дидактикалық материалдар мен ойыншықтыр) ; үстел үстіндегі және «Қиын саяхат», «Лабиринт» түріндегі логикалық ойындар; сөздік ойындар - жұмбақтар, есептер және тағы басқа болып болінеді.
Бұл ойындар балаларға әсіресе қол жеткізерлік болады, себебі осы ойындар тікелей қабылдауға негізделген, балалардың заттармен әрекет жасау талпынысына және сол арқылы оларды танып білуге сәйкес құрылған.
Заттармен ойналатын ойындар секілді, көрнекілік принципіне негізделген, алайда мұндай заттың өзі қоланылмай, оның бейнесі ғана беріледі.
Осы ойындар ең күрделі болып табылады. Олардың тікелей қабылдауымен байланысы жоқ. Мұнда балалар елесті іске қосу керек. Бұл ойындардың оқушының ойлау қабілетін дамытуда пайдасы мол, себебі балалар басқалардың пікіріне сүйенбей, өз бетінше пайымдау мен ой қорытындылар жасауға, логикалық қателіктерді байқауға үйренеді
- Заттармен ойналатын ойындар (ойыншықтар, табиғи материалдар және тағы басқа) балаларға әсіресе қол жеткізерлік болады, себебі осы ойындар тікелей қабылдауға негізделген, балалардың заттармен әрекет жасау талпынысына және сол арқылы оларды танып білуге сәйкес құрылған.
- Үстелүстіндегі - баспа ойындары, секілді, көрнекілікпринципіне негізделген, алайдамұндайзаттың өзіқоланылмай, оныңбейнесі ғанаберіледі. Үстелбетіндегі - ақыл-ой жұмысын талап еткенде ғана дұрыс, әрі табысты болады.
3. Сөздік ойындар ең күрделі болып табылады. Олардың тікелей қабылдауымен байланысы жоқ. Мұнда балалар елесті іске қосу керек. Бұл ойындардың оқушының ойлау қабілетін дамытуда пайдасы мол, себебі балалар басқалардың пікіріне сүйенбей, өз бетінше пайымдау мен ой қорытындылар жасауға, логикалық қателіктерді байқауға үйренеді [7, 34б] .
Сонымен қатар, дидактикалық ойындарды оқыту мақсаты мен міндеттері бойынша топтастыруға болады.
1) Саяхатойындарқияли келеді. Ойынның мақсаты - танымдық мазмұнға сәл ғажайып сипат беріп, әсерін күшейту, балалардың жан-жағындағы байқалмай қалған нәрселерге көңіл аударту. Осындай ойындар зейін мен байқағыштықты дамытады.
2) Нұсқау-ойындар. Оның негізіндезаттармен, ойыншықтармен әрекет жасау, сөздік нұсқаулар (бір түсті заттарды біріктіру, заттарды көлемі, формасы және басқа да белгілері бойынша бөлу. )
3) Ұйғарым ойындары. «Не болареді?»немесе«Менне істередім?»жәнетағыбасқа. балалардыңалдына міндет, жағдаят немесе мәселе тудыруын ал бұл олардың келесі әрекеттерін ойластыруды талап етеді. Бұл ойындар бар білімін себеп-салдар байланыстары арнасының кез келген жағдайында қолдана алу икемділіктерін талап етеді.
4) Ойын-жұмбақтарбілімді, тапқырлықты тексеру үшін қолданылады. Жұмбақтардың басты ерекшелігі логикалық есеп болып табылады. Логикалық есептердің құрылу тәсілдері әр түрлі, бірақ олардың барлығы оқушылардың іс-әрекетін белсендіреді. Оқушыларға ойын-жұмбақтар ұнайды. Салыстыру, еске түсіру, ойлау, шешімін табу қажеттілігі ақыл-ой еңбегінің қуанышын толтырады. Жұмбақ шешу талдау, жалпылау, қабілеттерін дамытып, пайымдау, қорытынды шығару, ой түйіндер жасау икемділіктерін қалыптастырады.
5) Ойын-әңгіме (диалог) . Мұның негізіндемұғалімнің оқушылармен, оқушылардың мұғаліммен және оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы жатыр. Ойын әңгіме мұғалімнің сұрақтарын, құрбыларының сұрақтары мен жауаптарын тыңдау, әңгіменің мазмұнына зейін қоя білу қабілеттерін тәрбиелейді. Мұның бәрі міндетті шешудің белсенді ізденісін сипаттайды.
2 кесте-Оқытумақсаты
Ойынның мақсаты - танымдық мазмұнға сәл ғажайып сипат беріп, әсерін күшейту, балалардың жан-жағындағы байқалмай қалған нәрселерге көңіл аударту. Ойынның міндеті - зейін мен байқағыштықты дамытады.
Оның негізінде заттармен, ойыншықтармен әрекет жасау, сөздік нұсқаулар (бір түсті заттарды біріктіру, заттарды көлемі, формасы және басқа да белгілері бойынша бөлу. )
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына міндет, жағдаят немесе мәселе тудыруын ал бұл олардың келесі әрекеттерін ойластыруды талап етеді.
Ойынның мақсаты - білімді, тапқырлықты тексеру. Жұмбақтардың басты ерекшелігі логикалық есеп болып табылады. Логикалық есептердің құрылу тәсілдері әр түрлі, бірақ олардың барлығы оқушылардың іс-әрекетін белсендіреді. Салыстыру, еске түсіру, ойлау, шешімін табу қажеттілігі ақыл-ой еңбегінің қуанышын толтырады. Жұмбақ шешу талдау, жалпылау, қабілеттерін дамытып, пайымдау, қорытынды шығару, ой түйіндер жасау икемділіктерін қалыптастырады.
Ойын әңгіме мұғалімнің сұрақтарын, құрбыларының сұрақтары мен жауаптарын тыңдау, әңгіменің мазмұнына зейін қоя білу қабілеттерін тәрбиелейді.
Дидактикалық ойындарды құру принциптері
• Балалардың іс-әрекетіндегі ойын түрлері мен оқуды байланыстыру.
• Ойын тапсырмалары арқылы біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан оқу-тәрбие міндеттеріне көшу.
• Ойынның шарты мен ойын міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
• Берілген тапсырмаларды шешуде оқушының ақыл-ой белсенділігінің артуы.
• Оқу мен тәрбие міндеттерінің бірлігі.
Дидактикалық ойындарды құру ережелері.
1. Ойын ережесі қарапайым, нақты тұжырымдалған болуы шарт.
2. Ұсынылған материалдың математикалық мазмұны оқушылардың түсінуіне жеңіл, қол жетімді болуы керек.
3. Ойын-ойлау әрекеті үшін қажеттілікті жеткілікті түрде қамтамасыз етуі керек.
4. Ойын кезінде қолданылатын дидактикалық материалдар, құрал-жабдықтар қолдануға қолайлы болуы тиіс, олай болмаса ойын тиісті нәтижесін бермейді.
5. Әр оқушы ойынның белсенді қатысушысы болу керек. Оқушының ойынға кірісу кезегін ұзақ күтуі баланың ойынға деген қызығушылығын төмендетеді.
6. Егер сабақта бірнеше ойын жүргізілсе математикалық мазмұны жағынан оңайы мен күрделісікезектесе жүргізілуі тиіс.
7. Математика сабағында ойналатын ойындардың ойындық сипатының белгілі бір шегі болу керек. Бұл шектен асқан ойынды оқушы тек қана ойын деп қабылдауы мүмкін.
8. Оқушы ойын процесі кезінде өзінің ой қорытындысын математикалық жағынан сауатты түрде жеткізе алуы керек, қысқа, дұрыс, нақты тілде сөйлеу керек. [8, 45б] .
Дидактикалық ойындардың классификациясы.
Ойын мақсатының басты ерекше белгілеріне қарап оларды шартты түрде классификациялауға болады.
•Ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру мен жетілдіруге бағытталған ойындар.
•Теориялық білімдерін өзектендіруге бағытталған ойындар.
•Есептеу дағдылары мен шеберліктерін шыңдауға бағытталған ойындар.
•Бақылау, зерттеу, қорытындылау ойындары.
•Сурет, кесте, сиволдық жазулар арқылы есептер құрастыруға бағытталған ойындар.
•Есептің шарты мен талаптары жасырылған схема бойынша өз бетінше тұжырымдамалар жасауға бағытталған ойындар. Сонымен бірге көбінесе сыныптағы ұжымдық ойындар дидактикалық міндеттеріне қарай түрлерге бөлінеді. Олар: оқыту ойындары, бақылау ойындары, қорытындылау ойындары.
•Егер оқушы ойынға қатыса отырып немесе ойынға дайындық кезінде жаңа білімді меңгерсе, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырса бұл тек ойынға ғана емес математикалық материалдың мазмұнында да айқын көрсетілсе, жаңа білімді меңгеру нәтижесі соғұрлым жақсы болады.
•Дидактикалық мақсаты қайталау, бекіту, алынған білімді тексеру болып келетін ойын-бақылау ойыны болып табылады. Бұл ойынға қатысу үшін әрбір оқушыға арнайы математикалық дайындық керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz