Тахауи Ахтановтың Қаһарлы күндер романының тілі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Курстық жұмыс

Тахауи Ахтановтың “Қаһарлы күндер” романының тілі

Қостанай 2018

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3-4

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі.

1. 1 Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы . . . 5-32

1. 2 Шығарма тіліндегі фразеологизмдердің қолданысы . . . 33-40

1. 3 Шығармадағы мақал-мәтелдердің қолданысы . . . 41-45

II. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелегіш тәсілдердің қолданысы.

2. 1 Шығармадағы эпитет, синекдоха, теңеу, метафора, кейіптеу сөздердің қолданылутәсілі . . . 42-58

2. 2 Шығармадағы кірме, көнерген, экспрессивті-эмоционалды сөздердің қолданысы . . . 59-67

2Шығармадағы портрет пен пейзаждың қолданысы . . . 68-72

Қорытынды . . . 73-74

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 74-77.

Кіріспе

  1. Тақырыптың өзектілігі:Тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі - оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырды тереңірек зерттеп, жете тану. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә. Т. Қайдаров ұсынған “тіл мен ұлт біртұтас” немесе “адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді. Лингвистиканың ғылыми-теориялық негізі Ә. Қайдаров, Е. Жанпейісов, М. Копыленко, Р. Сыздықова, Б. Қалиев, Н. Уәлиев, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Р. Шойбеков, А. Жылқыбаева т. б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тіл білімі лингвомәдениеттану, когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере бастады. [Есенова Қырмызы Есеновна«Ә. Кекілбаев шығармаларындағы жергілікті атаулардың лингвомәдени сипаты». Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. ҚР Алматы, 2009, - 28 бет, 3 бет] .
  2. Бүгінгі таңда халқымыздың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы болып табылатын тілімізді зерттеудің ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Тіл табиғатын терең бойлап, жан-жақты қарастыру, тілдік бірліктердің сипатын айқындау лингвистика, этнолингвистика, т. б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналды. Әдеби тіл- жалпыхалықтық тілдің құнды, дамыған, барлық халыққа түсінікті, стильдік жағынан сараланған түрі. Әдеби тіліміздің үнемі дамып отыруы қаламгерлеріміздің еңбектерінің әсеріне де тікелей байланысты. Көркем шығарманың тілі, жазушының өзіндік жеке сөз қолдану стилі, сөз қолдану зергерлігі мен шеберлігі- қазақ әдеби тілінің дамуына серпін беретін ерекше сала. [Әбікенов Мұхит Төкенұлы «Сафуан Шаймерденов прозасы тілінің көркемдік ерекшеліктер». Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. ҚР Астана, 2006, -28 бет, 3 бет] .

Жұмыстың мақсаты ­ Жазушы Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер»романының тілін зерттеу.

Жұмыстың ғылымилығы. Жазушы Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер»романы тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктерін анықтау. Осы мақсатқа сай алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:

  • Шығарма тіліндегі антоним, омоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
  • Кірме сөздер, сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясын анықтап, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлу;
  • Шығарма тіліндегі қос сөздердің стильдік қолданысын ашу;
  • Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметін, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясын анықтау;
  • Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметін, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуын айқындау;
  • Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатын (теңеу, эпитет, метонимия, синекдоха ) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтылап, мәнін ашу;
  • Портрет пен пейзаждың шығарма тіліндегі көрінісін анықтау;

Жұмыстың құрылымы - жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. 1 Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы

Антонимдер

Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ж. Мусин, Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.

К. Аханов өзінің «Тіл білімінің негіздері» атты еңбегінде антонимдерді төмендегіше сипаттаған.

Антонимия көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен, оның тіл-тілде синонимия, полисемия құбылысына қарағанда, өрісі тар болады. Анығырақ айтқанда, синонимдес сөздер мен полисематизмді сөздер сөздердің көптеген тобына тән құбылыс болуына байланысты, тіл-тілде жиі ұшырасатын болса, антонимдер көбінесе сөздердің белгілі бір тобына тән құбылыс болуына байланысты, синонимдер мен полисематизмді сөздерге қарағанда, әлдеқайда сирек ұшырасады. Ғалым ‟Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама - қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір - бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық - айқын, мейлінше мәнерлі болып келеді” деген [[К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» төртінші басылымы - Алматы, 2002, 173-бет] . 29 - 30 бет] .

Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады [К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» төртінші басылымы - Алматы, 2002, 173-бет] .

Антоним болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Мысалы: кәрі-жас, дұрыс-бұрыс, түзу-қисық, терең-саяз, адал-арам т. б.

Зат есімдерден антоним болатындар бірең-сараң ғана, Соның өзінде олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады. Мысалы: өтірік-шын, пайда-зиян, бақ-сор, бай-кедей, т. б.

Үстеу сөздерден жасалған санаулы, ана антонимдер бар. Мысалы: Бері-әрі, ілгері-кейін, жоғары- төмен, ерте-кеш т. б.

Бір сөз әр мағынасында әр түрлі сөздермен антонимдес болуы мүмкін. Мысалы: Оң деген сөз бағытты білдіру мағынасында сол деген сөзбен антонимдес болса, «дұрыс» деген мағынасында теріс деген сөзбен антонимдес. Қалың деген сөз ыңғайына қарай жұқа деген сөзбен де (қалың қар-жұқа қар), сирек деген сөзбен де (қалың шаш-сирек шаш) антонимдес болады [К. Аханов «Тіл білімінің негіздері» төртінші басылымы - Алматы, 2002, 175-бет] .

«Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал - мәтелдерден жиі кездестіруге болады» дейді зерттеуші ғалым С. Ғ. Қанапина өзінің « Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі » еңбегінде [Қанапина С. Ғ. Қазақ тіліндегі мақал - мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов шығармалары негізінде) . - Қостанай. ТОО ‟Центрум”, 2010. - 180 бет, 7бет] .

Зерттеуші ғалым К. Қ. Есіркепова өзінің ‟1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) ” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. Белгілі сөз зергері Ғ. Мүсірепов ‟Сөз сөзге жарығын да түсіріп тұрады, көлеңкесін де түсіріп тұрады. Біріне бірі жарығын түсіріп тұратын сөздерден құралған сөйлем айтайын деп тұрған ойыңды оқушыға дәл жеткізеді. Бұл арада ерекше ескертетін бір нәрсе - әр сөздің ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы, ең алдымен арман осында” деп айтқан болатын.

‟Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын - жазушылар өзара қарама - қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама - қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады.

‟Жан - жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі мақсат - мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей емес екендігін байқаймыз”. Антонимдердің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежелері әр басқа. Жеке тұрғанда барлық стильдік аяларды қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдану - барлық стильде бірдей дәрежеде емес. Антонимдерді поэзия тілінде қолданудың маңызы ерекше. ‟ Өйткені, тіліміздегі осы қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар алып, шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды ” [Есіркепова К. Қ. 1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі - Қостанай. ТОО ‟Центрум”, 2010. - 153 бет, 26 - 27 бет] .

Ғалым Ф. Оразбаеваның жетекшілігімен шыққан ‟Қазіргі қазақ тілі” оқулығында: ‟Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын - сапасын, артық - кем қасиетін, мөлшер - көлемін салыстырып, бір - біріне қарама - қарсы қоюдан шығады. Мысалы: Сараң - мырза, қапа - ырза, қайғы - шат, тұнық - ылат, тірі - өлі, паң - мүлайым, жұмсақ - қатты, т. б. ” [Оразбаева Ф. Ш, Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. - Алматы: ‟Print-S” баспасы, 2005. - 535 бет. 117 бет] .

Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыру жайында екі түрлі көзқарас бар: бірі - ұғымдардың белгілі бір логикалық қатарындағы қарама - қарсылығына негізделген тіл бірліктерінің қарама - қарсылығын білдіретін антонимдік жұптар тұрғысынан топтайтын Ж. Мусиннің пікірі. Екінші, антонимдерді логикалық, грамматикалық, психолингвистикалық қатынастарға негізделген универсалды құбылыс деп қарайтын А. Жұмабекованың пікірі. Оның пікірінше, осы күнге дейін тіл бірліктерінің қарама - қарсылығы ғана антонимдік жұп құрауға негіз болған, енді логикалық, психологиялық, тілдік ұғымдарды кең көлемде кешенді бағытта Н. С. Трубецкой ұсынған оппозиция әдісі бойынша топтастыру қажет. Антонимдерді топтастыруда дәстүрлі тәсілмен бірге, кешенді бағытта оппозиция әдісін қолдану антонимдердің табиғатын терең түсінуге мүмкіндік берері сөзсіз [ [Оразбаева Ф. Ш, Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. - Алматы: ‟Print-S” баспасы, 2005. - 535 бет , 120 - 121 бет] .

Ф. Оразбаеваның жетекшілігімен шыққан Қазіргі қазақ тілі оқулығында антонимдердің ерекшелігі сараланып жіктелген .

Антонимдердің ерекшеліктері:

1. Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады. Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама - қарсы бағасының атауы болып табылады.

2. Антонимдер кез келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы : суық - жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады.

3. Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай - ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.

4. Антонимдер - семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама - қарсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер - лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол сала.

5. Антонимдер лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады. Себебі оларға әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жаңа сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағының кең екендігін көрсетеді.

6. Бір - біріне қарсы мағыналас жұрнақтары ( - лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті, - сыз, - сіз) арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама - қарсылығы антонимдік қарама - қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына туғыза алмайды. Өйткені - лы, -лі екендігін көрсетсе, -сыз, -сіз жұрнағы белгілі бір затта не құбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді. Бұлар затқа, құбылысқа, жаңа мағына бермейді. - сыз, -сіз болымсыздық категориясын туғызатын қосымша болып танылады [[ [Оразбаева Ф. Ш, Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. - Алматы: ‟Print-S” баспасы, 2005. - 535 бет , 48 - 49 бет] .

Антонимдерге ең бай сөз табы - сын есімдер. Ал, етістіктерден, зат есімдерден, үстеулерден азды - көпті кездессе, ал қалған сөз таптарынан өте сирек ұшырасады [[ [Оразбаева Ф. Ш, Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. - Алматы: ‟Print-S” баспасы, 2005. - 535 бет, 49 бет] .

Тілдегі антонимдер қарама - қарсы құбылыстарды біріне - бірін шендестіріп салыстыру арқылы күшті стильдік мән тудырады. Сол себептен антонимдер өте - мөте мақал - мәтелдерде жиі қолданылады. Антонимдерді қолданудың негізінен төрт жолы бар деп лексиколог - ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев былай көрсеткен:

1. Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық. :

2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама - қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы : Арымақ, семірмек көңілден.

Фразеологизмдер нақты мәтіндерде бір - біріне қарама - қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсе алады. Мысалы: Қол жүйрік - тіл қысқа, қарға адым жер - ит өлген жер [Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы». Алматы:Сөздік-Словарь, 2006. -262 б., 120 бет] .

Соңғы кезде зерттеушілер қазақ тіліндегі антонимдерді градуалды, привативті және эквиполентті антонимдік оппозицияларға ажыратып жүр.

Градуалды оппозициялардың мүшелері белгілі бір қасиеттің ең соңғы шегіне дейінгі дәрежесін білдіреді.

Привативті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында аралық элементтің болуы мүмкін емес. Бұл қатарға әр түрлі (бар - жоқ) және түбірлес ( жанды - жансыз, таныс - бейтаныс) лексемалар енеді.

Эквиполентті антонимиялық оппозициялар мүшелері арасында тіл тәжірибесі арқылы орныққан ассоциативті қарама - қарсылық бар. Олардың өздерін іс - әрекетке байланысты туындаған қарама - қарсылықты лексемалар, лексикалық конверсивтер, үйлесімді ұғымдарды білдіруші сөздер және жыныстық, туыстық нышандары, тәулік уақыты, әлеуметтік қатынастары т. б. мағыналық жағынан ажыратылмайтын жұптарға топтастыруға болады.

Қазақ тілі антонимдерінің өзегін градуалды оппозициялар құрайды, ал привативті оппозициялардың жиілігі төмен де, эквиполентті оппозициялар өнімсіз қатарға енеді [ Оразбаева Ф. Ш, Қазіргі қазақ тілі: Оқу құралы. - Алматы: ‟Print-S” баспасы, 2005. - 535 бет , 51 бет] .

Жазушы Т. Ахтановтың “Қаһарлы күндер” романындағы антоним сөздердің қолданысы мынадай:

Зат есімге тән антонимдер:

  1. Кедейлергемықтап арқа сүйеп, орташаларды өз жағына тартып, ірібайлардыәшкерлеуге, конфискалауға тиіс. (35- бет. )

Кедей. 1. Күнкөріс, тұрмысы нашар байлығы жоқ адам. 2. Жұтаң, қайыршы, тіленші, тапшы. [ҚТТС, 373-бет ] .

Бай. 1. Меншігінде қыруар мал-мүлкі бар ауқатты адам. 2. өте көп, көл-көсір. 3. жеткілікті мол. 4. Тілге жүйрік, шешен. [ҚТТС, 98-бет ] .

КОММЕНТАРИЙ

Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес. Алла Тағала өзі қалаған кейбір пенделерін мал­мүлік, байлық, дәулетке кенелтіп, қайсыбіріне кедейліктің қамытын кигізеді. Бұған қоса, адамның білімінің, тәжірибесінің, еңбегінің де байлыққа қол жеткізу үшін керекті себеп екенін ұмытпағанымыз жөн. Бірақ бай болу үшін адамның бұл қасиеттерге ие болуы жеткілікті емес. Өйткені, дүние­мүлікке ие болудың барлық себептері мен шар­ттарын орындап, күндіз­-түні зыр жүгірген адамға байлық бермеуі де мүмкін. Әрбір адам мол рызыққа, несібеге жету үшін қолынан келер бар іс-әрекетті жасауы тиіс. Байлыққа қол жеткізу - бақытқа кенелу деген сөз емес. Бай бола тұра жан дүниесі байыз таппай бақытсыздықтан басы қатып, тіпті, өздеріне қол жұмсаған адамдар да аз емес. Қаншама байлар кедейдің бір күнгі алаңсыз бақытты өміріне зар, тіпті сол бақытты бір-ақ күн үшін барлық дүниесін бере салуға пейіл. Қара нан мен қара шайды қайғысыз ішкен қанағатшыл кедейдің қол жеткізген рахаты мен ләзззатын дәулетті кісілердің көбі небір тәтті мен дәмдіні жесе де, қол жеткізе алмай жатады.

  1. -кете беретін. (90-бет)

Бала. 1. Сәби, нәресте бөбек. 2. Ата-анасының перзенті, ұрпақ, тұқым.

Қыз. 2. Ұрғашы жынысты сәби, әйел бала. 2. Балиғатқа томаған қыз бала. бойжеткен. [ҚТТС, 550 -бет ] .

  1. Өзініңөлі-тірісінбілмей бір сәт ессіз қалды. (145-бет)

Тірі -жаны бар, өлмеген[ҚТТС, 847 бет] .

Өлі -қаза тапқан, өмірі таусылған, өлген[ҚТТС, 653 бет] .

  1. Осы өзіне әріжақын, әріжатәйелдің өзін де, жақын жолдасын да азапқа салған иәнсіз ұсақ өмірін аяды. (248-бет)

Жақын. 1. Арасы алыс емес, таяу. 2. Ағайын-туған, туысқан. 3. Ауыс. Көңілдес, ашына, тамыр. (253-бет)

Жат. 1. Туыстық қатысы жоқ, бөтен, бөгде. 2. Жау, дұшпан, қас. 3. Лайықсыз, сөлекет, өрескел. [ҚТТС, 279 бет] .

  1. Балалығы болмаса, өзінежақсылықістеген адамғақиянатжасай ма?(262-бет)

Жақсылық. 1. Қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік. 2. Белгілі бір заттың бойындағы тәуір қасиет, сапа. [ҚТТС, 253- бет] .

Қиянат. Зорлық, зомбылық, озбырлық. [ҚТТС, 505 бет] .

КОММЕНТАРИЙ

Таудың басын көр де, Түбіне барма. Жақсының өзін көр де, Үйіне барма . . . деген мақал-мəтелден-ақ жақсыға сенім білдіру, сенудің қаншалықты құндылылығын аңғарасыз. Күнделікті өмірде өзіміз жайлы немесе өзгелерге айтылған мақтаулар мен мадақтауларды естіп жатамыз. Кейде керісінше пікірлер айтуға асығатындар жиі кездеседі. Осындай кездерде сен қаншалықты жақсылық жасадым деп, өзіңе сұрақ қоя бергенде, ту сыртыңнан кінəлап жататындар жетіп артылады. Дəл осындай уақытта жақсылық пен жамандық туралы қарама-қарсы ұғымдардың төңірегінде ойға шомыларыңыз сөзсіз. «Жақсының жүрген жері шашу, жаманның жүрген жері ашу», деп Қадыр Мырзалиев айтса, Лев Толстой «Жүрекпен істелген жақсылық ең алдымен, өзіңе пайда» деген екен.

  1. тағдыр маған сені кез етті. (265-бет)

Өлім -тіршіліктің бітуі, ажал, қаза[ҚТТС, 653 бет] .

Өмір -материяның қозғалу, даму, өсу көріністерінің жалпы жиынтығы, тіршілік[ҚТТС, 653 бет] .

  1. Осыдан ары буалдыр тұман болып кетті. (265-бет)

Өң. 1. Ажар, көрік, жүз, реңк, бет-пішін. [ҚТТС, 655- бет] .

Түс. 1. Ұйқы кезінде елестелетін әртүрлі көрніс, бейне. [ҚТТС, 835 бет] .

  1. Бастық пен қатқыл рең жібіп, түйін жазылып кетті. (428-бет)

Бастық. 1. Жетекші, бастаушы адам. [ҚТТС, 113- бет] .

Бағынышты. 1. Біреуге бағынатын адам. 2. Бас еркі жоқ, тәуелді ел. [ҚТТС, 97-бет] .

  1. Соғыс дегенжақсыныңда, жамманныңда сырын ашады. (312-бет. )

Жақсы -жаман емес, оңды, тәуір[ҚТТС, 252 бет] .

Жаман -сапасы төмен, жақсы емес, әсіре нашар[ҚТТС, 261 бет] .

Етістікке тән антонимдер:

  1. Ал, Дербісәлінің мал-мүлкінің қайда екенін менбілем, менбілмегендіел біледі. (38- бет)

Біл . 1. Бір нәрсе жайында толық мағлұмат алу, ұғу, түсіну. 2. Жақсы, жете тану. [ҚТТС, 164-бет ] .

Білме . 1. Бір нәрсе жайында хабарсыз болу. [ҚТТС, 1164-бет ] .

  1. Мұраттың құны біртіндепкемиберді де, өз бағасыкөтерілебереді. Антоним. (45-бет)

Кем. 1. Аз, толмаған, жетімсіз, кеміс. 2. Сапасы төмен, нашар, осал. 3. Мүсәпір, кәріп, мүгедек. [ҚТТС, 380-бет ] .

Көтер. 1. Бір нәрсені арқаға салып не қолмен жоғары көтеру. 2. Бір затты тұрған орнынан алу. 3. Бір нәрсенің деңгейін өсіре, жоғарлата түсу. [ҚТТС, 420-бет ] .

  1. Қайтып оралғанша кімбар, кімжоқ. (60 -бет)

Бар -жоқ емес, бар болушылық [ҚТТС, 108 бет] .

Жоқ -бар сөзінің қарсы мағынасы [ҚТТС, 305 бет] .

  1. Ол екеуінің жүзіжадырағансайын, Көжек жүзітүнереберді. (64-бет)

Жадыра. 1. Шат-шадыман болып шаттану, рақаттанып масайрау, көңіл көтеру. 2. Жайма-шуақтану жарқырау.

Түнер. 1. Күннің жаууға айналуы, күнгірт тартып қарауытуы. 2. Қабағын түю, тұнжырау. [ҚТТС, 833-бет ] .

  1. Ал Добрушкиннің отыз бес жылдық өмірі Иван өміріне қарама-қарсы, бірдекөтеріліп, бірдетөмендепиретіліп, бұлғаңдап келді. (75-бет)

Көтер. 1. Бір нәрсені арқаға салып, не қолмен жоғары көтеру. 2. Бір затты тұрған орнынан алу. 3. Бір нәрсенің деңгейін өсіре, жоғарлата түсіу. [ҚТТС, 420 -бет ] .

Төменде. 1. Аласару, тайыздану, 2. Төмен қарай құлдилау. Ылдилау. 3. Әуелгі қалпынан нашарлай түсіу. [ҚТТС, 816-бет ] .

  1. Ал, өзге әңгімеде екеуі бірін-бірі қостап, толықтырды. (88-бет)

Мақта. 1. Біреуді немесе бір нәрсені мақтау, мадақтау, дәріптеу. [ҚТТС, 578 -бет ] .

Жамандау. 1. жаман сөз айту. 2. Өсектеу. Айыбын ашу. [ҚТТС, 260 -бет ] .

  1. Керекті-керексізболсын жұрт біле қоймайтын есімдерді білгенін, беймағлұм кітаптар мен таныстығын білімнің артықтығына санайтын. (284-бет)

Керек. 1. Қажет, тиіс, мұқтаж. 2. Басқа сөзбен тіркесіп айтылатын көмекші сөз. [ҚТТС, 387- бет] .

Керексіз. 1. Керегі жоқ, қажеті болмайтын. [ҚТТС, 387- бет] .

  1. Екі жауынгер жоқ болып шықты, өлі-тірісібелгісіз. (327-бет)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Т.Ахтановтың шығармашылық өмірбаяны
Боран романы енді
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Тахауи Ахтанов
Т.Ахтановтың өмір жолы және шығармаларының көркемдік қасиеті
Повесть, роман – идеялық- өркемдік ізденістер
Т. Ахтанов прозасындағы қаһарманның адамгершілік әлемі
Қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихы
Т. Ахтановтың прозасындағы соғыс тақырыбы (Қ. Қайсенов Жау тылында, Б. Момышұлы Соғыс психологиясы (академиялық дәрістер), Ә. Нұршайықов Ақиқат пен аңыз, т. б. )
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz