Оқушыларды сабаққа әзірлеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ



НАЗИРА ЖҰМАЖАН

БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ДӘПТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ, ОНЫҢ БІЛІМДІ ИГЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ

(КУРСТЫҚ ЖҰМЫС)

5В011300 - БИОЛОГИЯ

Ғылыми жетекші:
биология ғылымдарының
кандидаты, доцент
Бимағамбетова Г.А

Орал, 2018ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ____________________________ ____________________________
1.БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
1.2 Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері___________
1.3 Биология сабақтарында көрнекі әдістердің түрлері және пратикалық
әдістер____________________________ ______________________________
2. БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ДӘПТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ, ОНЫҢ БІЛІМДІ ИГЕРУДЕГІ МАҢЫЗЫ
2.1 Биология пәні бойынша дәптердің ұсталуына қойылатын талаптар ___
2.2 Биология пәні бойынша оқушылардың ауызша жауабына қойылатын бағалау нормасы____________________________ _______
3. ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ
3.1 Оқыту құралдарына түсінік
ҚОРЫТЫНДЫ__________________________ ________________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ________________________
ҚОСЫМША____________________________ _________________________

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарда білім беру саласында, оның ішінде орта білім беру саласында көптеген реформалар жүргізіліп, жаңа талаптар қойылып жатыр.Осы талаптардың бірі мұғалімнің оқушыға нақты білім беріп, дұрыс тәрбиелеуі болып табылады..Ал мұғалімнің дұрыс білім беру үшін оның теориялық базаның қалыптасуы тиіс.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде болашаққа интеллектуалдық секіріс атты дәрісі барысында Біздің ендігі міндетіміз - қазақстандықтардың бірінші кезекке жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарасын өзгерту.Қазақстанның білім беру жүйесіне серпіліс жасай отырып, ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды, даярлауға тиістіміз -деді.
Осыған орай орта мектеп деңгейінде биология пәнінен білім және тәрбие берудің жаңа технологиясын енгізе отырып, оқушылардың қызығушылығын арттырып, жоғарғы оқу орындарына сапалы мамандарды дайындау - басты міндет.
Қоғам мектептің алдына арнайы педагогикалық құралдар арқылы оқушының танып-білу дербестігін, ынтасын, қызығушылығын мақсатты түрде дамыту міндетін қойып отыр. Ал бұл міндетті шешудің басты формаларының бірі - сабақ. Сабақ дегеніміз не? Бұл ұғымға берілген анықтамалардың көпшілігінде ...оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешу үшін үнемі қолданылып отыратын оқушылар мен мұғалімдердің тұрақты құрамының белгілі бір уақыт бөлігіндегі қызметін ұйымдастыру формасы. деп көрсетіледі. Сабақта оқу-тәрбие үдерісінің барлық педагогикалық элементтері: мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, ұйымдастыру мен басқару қызметі көрініс табады. Оның нәтижелілігі - оқушының білімді дұрыс меңгеруінің шарты. Жаңа педагогикалық технологияларды, жаңа идеяларды практикаға баяу ендірудің басты себебі сабақты ұйымдастырудың, өткізудің әдістемелік деңгейінің төмендігінен екені даусыз.
Қазіргі заманға биология ғылымына табиғат туралы білімдердің жіктелуінің тез қарқынмен дамуы мен зерттеу əдістерінің алуантүрлілігі тəн. Қазіргі биологиялық білімнің көлемі кең жəне ауқымы одан əрі өсе түсуде. Көптеген биологиялық ғылыми ақпараттар ағымынан құнды əрі мектеп пəнінің білім беру жəне тəрбиелік жағына сəйкес оқу материалдарын таңдап алынады. Мектептегі биология пəні биология ғылымының əр түрлі бағыттарының қысқартылған мазмұны емес, оның элементтерін біріктіріп, əдістемелікжағынан іріктеп алып, жүйелейді. Мектептегі биология пəнінің курстары бірізділікпен орналасады, яғни ботаника, зоология, анатомия, адам физиологиясы мен гигиенасы жəне жалпы биология. Осындай жүйелілік биология ғылымының негізгі жүйесін көрсетеді жəне объективті, ғылыми болып табылады.
Биология курсында сабақтың əртүрлі типтері қолданылады. Ол курстың мақсатына оқу- тəрбиелік мақсаты байланысты. Дегенмен жаңа материалды оқыту сабағы мен түсіндіру лабораториялық сабақ сияқты көбірек қолданылады.Сабақтың əртүрлі типтері мен түрлерінің құрлымы оқу материалының мазмұнына дидактикалық мақсаты əртүрлі əдістемелік құралды пайдалануға байланысты. Сабақтың кез- келген типінен оның буындары арасындағы байланысты аңықтаудың уақытты дұрыс бөлудің оның басты дидактикалық мақсаттарына бағынуының мəні зор. Ондай болмаған жағдайда сабақтың жалпы жүйесі бұзылады. Ол ұғымдардың дамуына оқушылардың ғылыми дүние-танымдық көзқарасының қалыптасуына теріс əсер етеді.
Биологияны оқыту әдістемесі курсын үйрену барысында сабақ ұғымына тереңірек мән беріп, сабақ типтерін ашып көрсету, сабақ типтерінің құрылымын және ерекшеліктерін салыстырмалы түрде зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: . Биологияны оқытуда дәптерді пайдалану, оның білімді игерудегі маңызды деректерін, ұғымдарын, заңдарын жəне теорияларын нақтылау. Сабақ типтерін және оның құрылымы мен ерекшеліктерін, маңыздылығын көрсете отырып оңай әрі тиімді жолдармен түсіндіру, ғылыми тұрғыдан білім беру жүйесінің біртұтастығын қалыптастыру, жасөспірімдерге дүние тану көзқарасын қалыптастыру барысында теориясын, методикасын, формасы мен әдістерінің арасындағы байланыстарын ашып көрсете білу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
1) Биологияны оқытуда дәптерді пайдалану, оның білімді игерудегі маңыздылығын түсіндіру арқылы жас ұрпаққа биологиялық білім беруді үйрету;
2) Дәптерге қойылатын талаптар жəне биология сабақтарының түрлерімен танысу.
Зерттеу жұмысының нысаны: . Биологияны оқытуда дәптерді пайдалану, оның білімді игерудегі маңызды
Зерттеудің пәні: биологияны оқыту әдістемесі
Зерттеудің әдістері: Тақырыптың маңыздылығын көрсету, алға қойылған міндеттерді шешу үшін түрлі әдістер қолданылады. Теориялық деңгейде талдау, синтездеу, жіктеу, бағдарлау, талқылау, жүйелеу, үлгілеу, тәжірибені қорыту сипатты әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің практикалық маңызы:Болашақта , биологияны оқыту әдістемесі курсы бойынша игерген теориялық және практикалық білімді білім беру мекемелерінде, сабақ беру барысында жүйелі түрде пайдаланылуы.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан , пайдалынылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1. БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

1.1 Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым.

Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады. Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады. Оқыту тәсілдерінің түрлері: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері; мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер; оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер; жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқарутәсілдері. Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістіңжүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру. Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі. Олар: көрнекі құралдар, оқулықтар, дидактикалық материалдар, техникалық оқыту құралдары, станоктар, оқу кабинеттері, зертханалар, ЭЕМ және ТВ, нақты объектілер, өндіріс, құрылыс.

1.2 Биологияны оқыту формаларының жүйелері және түрлері

Жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, оқушыларға білім мен тәрбие беру үшін, пәннің мазмұны мен құрылымы және сабақ өткізу үшін пайдаланылатын көрнекіліктер мен қажетті материялдардан басқа, мұғалімнің қолданатын оқыту әдістерінің үлкен маңызы бар. Оқушылардың жас ерекшелік физиологиясы мен психологиясын ескере отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдап алғанда ғана, оқушыларға сапалы білім беруге, тәрбие қалыптастыруға болады. 1963 жылғы философиялық сөздікте "метод" немесе "әдіс" дегенімізді белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің тәсілі, реттелген іс- әрекет деп түсіндірілген. Демек "іс - әрекетті" дидактикалық принсптер тұрғысында алатын болсақ, жасөспірімдерге білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мұғалімнің алдына қойған мақсатына жету ұшін жасайтын, пайдаланылатын тәсілдері деп қарастырамыз.
Биология пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
1. Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекеттің сипаты.
2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.
3. Білім алу көзі.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білшім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: ал сөздік әдіс, көрнекілік және әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістері де оқу - тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда. Олар: оқулық және алуантүрлі техникалық жүйелер. Әдістердің сызбанұсқасын төмендегідей етіп көрсетуге болады[7].
Биологияның пәндерін оқытудың оқушыларға тиянақты жемісті білім беру мен оқытып - тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелі болуы мұғалімнің оқушылармен бірігіп жүргізетін бір бағыттағы іс - әрекеттеріне байланысты.
Сабақтың алғашқы жобасын жасаған неміс педагог И Штурм, дамытып, теорялық негізін қалаған, іс жүзінде қолдану технологиясы жасаған А.Я.Коменский. Сабақта мемлекеттік оқыту бағдарламасына сай материялдардың мазмұны оқытудағы тақырыптың негізінде мазмұндап, оқушыларға білім және тәрбие қалыптастырады. Әр бір оқушы сабаққа қатысуға міндетті. Кластағы оқушылар сагы тұрақты жас шаралар бірдей, білім деңгейлері де бірақ қалыпты болу керек. Сабақ барысында жетекші, негізгі ролі мұғалім атқарады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдердің, формаларын қолданады. Деңгеймен сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде орын жоғарылатпайды [1].
Мектептегі биология пәндерін оқыту барысында оқытудың басқада формалары қолданады. Сабақтардың мазмұнына байланысты міндетті түрде өткізілетін топ серуендер (экскурция), сабақтан тыс, үйде орындалатын жұмыстар, кеңестер, қосымша сабақтар, жұмыстар міндетті немесе кластан тыс жұмыстық, мен тірі табиғат үйірмесінде биология бөлмімінде орындалатын жұмыстар. Сабақ классификациясы (жіктелуі) - сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе тұрғысында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз. Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерек-шеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшелік-теріне де байланысты болып келеді. Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С. В. Иванов оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне өте ұқсас келеді.
И. Н.Казанцев бойынша:
1 Алғашқы сабақ - әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
2Кіріспе сабақ - бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
3Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
4Жаттығу сабағы - оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы. 5.Тәжірибелі сабақ - оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
6Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
7Тексеру сабағы - оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
8Білім сапасын бағалау сабағы - оқушылардың алған білімін бағалау сабақтары.
9Қорытынды сабақ - оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
С. В. Иванов бойынша: 1)Кіріспе сабақтар. 2)Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы. 3)Жаңа білімді меңгеру сабағы. 4)Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы. 5)Дағдылану сабағы.6) Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.7) Бақылау сабағы.
Б. П. Есипов бойынша:
1 Аралас сабақтар.
2 Жаңа оқу материалымен танысу сабағы.
3 Пысықтау сабағы. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
4 Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
5 Білім сынау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеуде біздің тәжірибемізге ұқсастығын байқаймыз. 1.Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы 2. Жаттығу сабағы. 3.Қорыту сабағы 4. Қайталау, білім сынау сабағы. 5. Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жат-қызуға болады:
1) Кіріспе сабағы.
2) Жаңа білімді хабарлау сабағы.
3) Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4) Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
5 )Зертханалық сабақ.
6) Қайталау-қорыту сабағы.
7) Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.
8) Аралас сабақ өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай ''Жаңа білімді хабарлау сабағы'' деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін іс жүзінде пйдалана білу жолын қарастырса, онда ол ''Жаттығу немесе практикалық сабақ'' деп аталады. Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушы-лардың есіне салу, қайталау мақсатын көздесе, ол ''Қайталау-қорыту сабағы'' деп аталады. Ал сабақтың ''Аралас сабақ'' түрі оның құрылымына байланысты болып келеді.
Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап. қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі ''Аралас сабақ'' деп аталады. Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынандай болып келеді:
1)Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).
2)Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
3)Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
4)Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жат-тығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
5)Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
6)Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады. Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде. Кіріспе сабағының құрылымы
1 Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
2 Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.
3 Оларды сабаққа әзірлеу. Жаңа оқу материалын ендіру.
4 Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
5 Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.
1 Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы
2 Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
3 Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.
4 Оларды сабаққа әзірлеу. Жаңа оқу материалын ендіру.
5 Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
6 Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақ-тарына қатысты мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын меңгеруге сай сабақтар жүйесін ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Сондықтан да ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі. Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті мөлшерде уақыт бөлінеді. Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалім-нің оқу материалын түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы:
1 Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
2 Бұрын өтілген оқу материалдарын қайталау, пысықтау.
3 Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығу-лар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
4 Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру.
Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес. Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып келеді. Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелік-зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады. Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады. Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.
Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы
Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
:: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығу-лар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқаруы.
:: Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді. Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу жұмыстары мен тәжірибелер қолданылады. Олар әр пәннің ерекшеліктеріне қарай атқарылады. Мысалы, тілден граматикалық түрлі ережелерге сәйкес жазбаша және ауызша жаттығу не талдау жұмыстары жүргізілсе, сызу пәнінен графикалық, ал физика мен химиядан лабораториялық-эксперименттік тәжірибелер жасалады. Яғни, практикалық сабақтарда оқушылардың білімімен қатар олардың біліктілік және дағдыларын пысықтау да көзделеді.
Қайталау сабағының құрылымы:
* Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
* Бұрын өткен оқу материалдарын қайталау, пысықтау, еске түсіру арқылы оларды жүйеге келтіріп, жинақтау және қорытындылар мен тұжырымдар жасау.
* Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Қайталау-қорыту сабақтың аса көп тараған түрі. Қайталудың мақсаты - өткен оқу материалдарының ең негізгі түйінді мәселелерін қайталап пысықтауды (қай-талау - оқытудың анасы), оқушыларды өздігінен қоры-тынды жасауға үйретуді көздейді. Бұған мұғалімнің аса жауапкершілікпен ой жіберіп, тыңғылықты әзірлігін қажет етеді. Қайталау сабақтары не сабақ үстінде, болмаса арнайы ұйымдастырылған сабақ арқылы өткізіледі. Ол оқу бағдар-ламасы бойынша көлемі жағынан ірі тақырыптар немесе тарауларды оқып үйренуге байланысты соңында, сол сияқты оқу тоқсанының және оқу жылының аяғында жүргізіліп отырады. Қайталау сабағына оқушыларды жақсы ұйымдастыру үшін оның сұрақтары мен пайдалануға тиісті әдебиеттерін оқу және сабақ барысында қолданылатын қажетті құрал-дарын әзірлеу жұмыстарын алдын ала белгілеу керек. Қайталау сабағын әр түрлі тәсілдермен (ауызша, жазбаша, графикалық, лабораториялық жұмыстары және саяхат жасау) ұйымдастыруға болады. Сабақ соңында мұғалім оның нәтижесін қорытын-дылап, оқушыларға қосымша тапсырмалар беруі мүмкін. Мұғалім оқушылар біліміндегі басты жетістіктері мен кемшіліктерді басымырақ көрсетіп, келешекте қандай мәселелерге көбірек көңіл бөлу қажеттігіне оқушылардың назарын аударады.
Сабақ кезінде мұғалім оқытудың барлық әдіс - тәсілдерін қолданады. Өсімдіктермен жануарлар демократияларда зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу барысында, олардың ішкі және сыртқы құрлыстарымен таныстырады.
Тірі ағзалардың тіршілігін, дамуын, бір - бірімен қарым - қатынастарын білу үшін ұзақ уақыт бақылау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындайды, сондықтан оқытуың басқа формасы қолданылады ол сбақ оқыту формасын толықтырады. Әр әдістің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар. Сөздік әдістері қолдануда оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады. Мұғалім әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап, лекция түрінде білім береді, ал оқушылардың іс- әрекеті тыңдау. Тақырыпты өтіп болған соң, оқушылар ауызша немесе жазбаша есеп беру барысында алған білімдері мен түсініктері қортындылады, бекітеді. Көрнекілік әдісін пайдаланған кезде мұғалімнің сөзі бас қа мағына алады да, оқушылардың алатын білім көзі мұғалімнің заттар мен құбылыстарды көрсету, демонстрациялау болып табылады. Оқушылар көрген фактілерін ой елегінен өткізіп, белгілі бір қорытындыға келіп жаңа білім қалыптастырады. Бұл жағдайда оқушылардың бақылаған, көрген құбылыстары білім көзі болып есептелінеді.
Практикалық әдіс қолдануда мұғалім нің сөзі нұсқау беру үшін және орындалатын жұмыстың мақсатымен таныстыру үшін қажет. Оқушылардың алатын білім көзі, өздерінің орындайтын практикалық жұмысы. Бірқатар жағдайларда мұғалімнің нұсқауымен білім алу үшін кітаппен жұмы с жүргізледі. Оқушылар білімді кітаптың мазмұнынан алады. Кітаппен жұмыс алуан түрлі әдістерді қолдану барысында да жүргізіледі мұғалімнің қандайда бір әдістерді қолдануының негізгі мақсаты, оқушыларды белсенді түрде сабаққа қатыстыру . Оқушылар сабақтарда баяндамалар, түсініктемелер, тәхрибелер, практикалық жұмыстар жасайды. Әдістердің барлық түрлерін қолдануда, оқушылардың өз бетінше ойлау деңгейін дамыту жағын қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін дамыту үшін олардың жауап әрекеттеріне сараптама жасау керек. Бұл жұмыс оқушылардың білімін тексеру, есепке алу арқылы жүзеге асады[2].

1.3 Биология сабақтарында көрнекі әдістердің түрлері және пратикалықәдістер

Көрнекілік әдісін педагогиканың көрнекілік принмптерімен шатастырмау керек. Бұл екі түрлі түсінік, бірақ бір - бірімен тығыз байланыста.
Көрнекіліктер биология сабақтарының барлығында қолданылады, бірақ бұл сабақтарды көрнекілік әдісімен өткізу деген түсі нік емес.
Сөздік әдістерін қолдануда алуан түрлі суреттерді, таблицаларды көрсету арқылы мұғалімнің сөзін дәлелдеу үшін қолданады. Мысалы: өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеуде, табиғи обеътілерді қолдануға, суреттерін көрсетуге болады. Сондайақ ғалымдардың өмір жолын, ашқан жаңалықтарын баяндаукезінде суреттер, таблицалар т.б. қолданады. Бұл кезеңдерде оқушылардың білім алу көзі, мұғалімнің сөзі, баяндауы, лекциясы немесе түсіндіруі. Ал қолданылған көрнекілігі қосымша материял ретінде сабақтың мазмұнын әсерлеу үшін қажет.
Ал сабақты көрнекілік әдіспен өткен кезде, пайдаланылған көрнекіліктің сипаты өзгереді жасалған тәжрибелер, көрсетілген тірі обеъктілер, кинофилмдер, таблицалар, бейнетаспалар - оқушылардың білім алу көзі мұғалімнің сөзі екінші ретте көмекші құрал ретінде көрініс алады.
Көрнекіліктер мен обеътілерді демонстрациялау барысында оқушылар өз бетінше бақылап немесе мұғалімнің жетекшілігімен қортындылар мен тұжырымдар жасап, жаңа білім алады.
Көрнекілік әдәсін қолдану, оқушылардың хаңа мазмұнды қабылдау және ойлау қабілетін дамытады.
Биология сабақтарында қолданылатын көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді.
1 Табиғи түріндегі (Табиғи тірі объектілер және препраттар)
2 Бейнелеу құралдары (таблицалар сызбанұсқалар, мульяждар, бейнефилмдер т.б.) (№8 қосымша)
Әсіресе табиғи объектілерді демонстрациялау пәнді оқытуды тиімділігі өте жоғары. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар жайында нақты ұғымдар қалыптастырады. Өсімдіктер тіршіліктану пәндерін оқытуда өсімдіктерді демонстрациялауға мүмкіншіліктері мол өсімдіктері алдын-ала табиғаттан тірі табиғат жүйесінен, т.б. дайындауға болады.
Өсімдіктану пәнінен жапырақтардың түр өзгерісі "тақырыбында, суды аз мөлшерде буландыру үшін жапырақтардың экологиялық ортаға беймделуін олардың түк қабаттары мен шаңданған қабаттарын, жапырақ тақталарының көлемінің кішірейун бөлме өсімдіктерінен көруге болады, оқушылар тірі обеъктілерден беймделуді көреді, мысалы: Монстера (Бразиляның ылғалды тропик ормандары), Камелия (Оңтүстік қытай) Алое (Оңтүстік африканың Калахари тахыры), Кактустар (Мексика шөлейті), шыршаның иелерінен, сексеуілдің жапырақтарынан, жантақтың теңге жапырақтарынан, т..б. көрсетуге болады. Жануартану адам физиологиясы сабақтарында тірі жануарларды демонстрациялайды. Сүт қоректілердің, құстардың орташа көлемді түрлерін торда ұстап немесе арнайы жасалған ұяларда көрсету үшін мұғалімнің үстеліне қояды. Ұсақ жануарларды құрбақа кесірткі, шаян сияқты шыны ыдыстарға салып бетін дәкемен жауып көрсетеді. Пробиркада өте ұсақ жануарларды, бунақденелілерді, өрмекші тәрізділерді, қуыршақтарының дамуының әртүрлі сатысында демонстрациялайды. Үлкен жануарладың қаңқасын, модельдерін мульяждарында контрасты экран жарық сәулелерін қолдану арқылы арнайы үстелдерде көрсетеді. Тәжрибелерді демонстрациялау биология пәндерінің барлық сабақтарында қолданлады. Тәжрибелерді бірнеше оқушыларға бөліп береді. Оқушылар жұмыс дәптерлеріне тәжрибені қою Тәртібінің суретін салып, қортынды нәтижелерін жазады. Мысалы: жасыл өсімдіктердің жарықта оттегінбөлуі, өніп келе жатқантұқымның көмірқышқылгазынбөлу туралы.
Көпшілік микроскоптық объектілер биология сабақтарының барлығында қолданылуы мүмкін. Сондықтан оқушылар микроскоппен жұмыс істеу икем дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік әдісін Қолдану сынып жоғарылаған сайын күрделеніп, нағыз білім алу көзіне айналады. Қандайда болмасын әдістің негізгі мақсаты оқушылардың өз бетінше білім алуын көздейді. Олардың сана сезімін дамытып, логикалық ойлауын, шығармашылығын, өз бетінше білімін іс - әрекетте, практикада білуін дамытады .
Практикалық әдістер бұл әдістер мұғалімнің ұйымдастыруы мен бағыттауның нәтижесінде оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын сөздік көрнекілік және практикалық жұмыстардың күрделі байланысы болып табылады. Практикалық метадоттарды қолдану оқушылардың рецепторлары мен анализаторларын белсендіреді, еңбекке баулйды. Оқу тәрбиелеу жұмысын іске асыруға практикалық жұмыстарды орындау өте құнды. Оқушылар бұрынғы алған блімдерін іс - жүзінде практикалық тапсырманы орындау нәтижесінде жүзеге асырады, дағдылары қалыптасады. Осындай жағдай ғана практикалық жұмыстар білім көзі болып табылады. Практикалық жұмыстардың методоттардың түрлеріне жататындар:
1 Табиғи объектілерді танып білу және анықтау.
2 Құбылысты бақылап есепке алу.
3 Эксперимент жасау.
Практикалық жұмыстың басында қойылған мәселе мен сұрақты практикалық жұмыстың көрсеткіші мен оқушылар дәлелдеулері керек. Көрнекілік методымен практикалық методот кезіндегі оқушыларының бақылауының айырмашылығы жер мен көктей. Практикалық бақылау кезінде оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізеді, өлшейді, есептейді, кептіреді т.б. Осындай құбылыстардың нәтижесінде оқуушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары
Сабақтың мақсатын анықтау
Сабақтың типтері және құрылымы
Жаңа білімді меңгеру типті сабақтың ерекшелігі және оны өткізу
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Ана тілі сабақтарында бекіту кезеңі
Сабақтың тәрбиелік потенциалы
Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Шатыр төсеу технологиясы
Lesson Study - дің теориялық аспектілері
Пәндер