Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Маңғыстау Гуманитарлы Техникалық Университеті

РЕФЕРАТ
Пәні: Жер құқығы
Тақырып: Жер құқығының қайнар көздері

Орындаған:
Тексерген:
Группа:

Ақтау 2018
Жоспары

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсінігі және белгілері.
2. Жер құқығының қайнар көздері мен жер заңнамасының ара-қатынасы.
3. Жер заңнамасының мақсаты мен міндеттері.
4. Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі.
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңінде жерге жеке меншік құқығын кешенді зерттеу, оның ғылыми жетістіктерін жаңадан қабылданып жатқан заңдарда қолдану - құқық жүйесіндегі аса маңызды мәселелердің бірі. Мемлекет жер қатынастарын реттеуде, жер ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауда осы айтылған ғылыми жетістіктерге сүйенеді және оны алдыңғы қатардағы мәселе деп есептейді.
Ғылыми зерттеулер жерге жеке меншік құқығын реттейтін нормативті-құқықтық актілердің өрісін жетілдірумен қатар, еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына ықпал етуі тиіс.
Ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар шаруашылық жүргізудің еркіндігі мен меншік түрлерінің дамуын, жердің меншік иелері мен жерді пайдаланушылардың құқықтары мен бостандықтарын заңдармен қамтамасыз етуді талап етеді. Осы тұрғыдан алғанда, жерге жеке меншік құқығын ғылыми түрде зерттеудің маңызы зор.
Жер-барлық тірі жан иелерінің мекені, өмір азығының негізі. Ал эволюциялық дамудың барысында "ішім-жем"өнімдерін өндіру ісіне шексіз дерлік үстем болуға барлық жан иелерінің ішінен адамның ғана қолы жетті [1,21б.]
Жер сияқты сол территорияда тұратын халықтардың өмірі мен іс әрекеті, қызметінің негізі болатын басқа табиғи ресурстардың жойылуы және қалпына келтірілуі мүмкін, жер қойнауларының энергетикалық қорлары қайта қалпына келмейді, бірақ бұл, жел, атом энергиясы сияқты баламалары бар. Бірақ жердің ең алдымен адамның тіршілік ету орны ретінде, орны толмайды.
Жердің басты қасиеті -- адам қоғамының тіршілігінен оның іс-әрекет қызметінің негізі болу қажеттілігін сақтап қалу. Сонымен қатар, жер өзіне деген субьективтік заттық құқықтардың іске асырылу ерекшеліктерін қатаң сақтауды талап етумен қатар, мемлекет пен оның органдарының жерді бөлу ұтымды пайдалану және қорғауға байланысты іс әрекетінің маңызын анықтайды.

1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсінігі және белгілері
Ќазаќстан Республикасыныњ Конституциясыныњ 9-бабына сєйкес Ќазаќстан Республикасы бірт+-тас мемлекет болып табылады, сол себептен жер зањдары да Республиканыњ барлыќ аймаѓы %.шін бірдей болып табылады.
Жергілікті органдар жер зањдарына жататын нормативтік-актілер шығаруға құќылы және олар барлық әкімшілік бөліністерінде бірдей күшке ие болады. Бұл жер құқығы субъектілерінің құқықтық дәрежесі, басқа аумақта орналасқан жер құқығы субъектісінің құықықтық дәрежесіне тек Республикалық заңдарда көрсетілген жағдайларда ғана ерекшеленуін білдіреді. Жалпы құқықтың қайнар көздері мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің сыртқы нысаны болып табылады. Мемлекеттің еркі құқықтың қайнар көздері арқылы барлығына бірдей сипатқа ие бола алады.
Жер құқығының қайнар көздері дегенміз - жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісім шарттардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың негізгі мақсаты - мемлекеттің жер саясатын білдіре отырып оны жүзеге асыру. Бұл жерде сот прецеденттерінің әдет-ғұрып ережелері есепке алынбайды.
Белгілері:
1. Жер қатынастары саласындағы мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге бағытталған;
2. Жер қатынастарын реттеуге бағытталған;
3. Бірнеше рет қолданылады;
4. Жер құқық қатынастары субъектілерімен орындалуға міндетті болып табылады.

2. Жер құқығының қайнар көздері мен жер заңнамасының ара-қатынасы
Жер құқық теориясында жер құқығының қайнар көздері мен жер заңнамасы деген ұғымды өзара ажырата білген дұрыс. Себебі жер құқығының қайнар көздері кең мағынада қарастырылатын ұғым болса, жер заңдары тар мағынада қарастырылады. Жер құқығының қайнар көздері ретінде Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі, Азаматтық кодексі т.б. жер құқық қатынастарын реттеу барысында қолданылатын өзге де актілер де болуы мүмкін. Ал жер құқық заңдары жер құқық қатынастарын реттеуге бағытталған және тікелей аталған салада қолданылады. Мәселен, Жер кодексі, Шаруа (фермер) қожалығы туралы заң, т.б. Жер құқығының қайнар көздері қарамас бұрын, жер заңдарының мақсаты мен міндетін анықтап алу қажет. Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңын саралай отырып, келесі жайттарды бөліп алуға болады. Жер құқығы заңдарының міндеттері мен мақсаттары заң актілерінде айтылғанымен, ғылыми зерттеулерде және оқулықтарда арнайы зерттелмеген. Осы ұғымдардың анықтамасы мен мәнін ашу ғылым үшін де, білім үшін де өзекті мәселе болып саналады.

3. Жер заңнамасының мақсаты мен міндеттері
Қазақстан Республиккасы жер заңнамасын теориялық тұрғыдан зерделей отырып, жер заңнамасының келесідей мақсаттары мен міндеттерін бөліп қарастыруға болады. Жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығының қайнар көздері
Құқықтың түрлері
Жер құқығы
Еңбек құқығының қайнар көздері (нысандары)
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Халықаралық құқықтық нормалар
Құқықтық нормалар құқықтық
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы
Дәлелдемелер теориясындағы дәлелдемелер және дәлелдемелердің қайнар көздерінің түсініктемелерінің ара қатынасы
Пәндер