Мектеп жасына дейінгі балалар


Курстық жұмыс
« Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесі»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І Балабақшаларда балалардың тілін дамыту жұмыстарының теориялық негіздері
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту . . . 6
1. 2 Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде тіл дамыту жұмысын басқа пәндермен сабақтастыра жүргізу . . . 17
ІІ Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдістемелік жолдары
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда орындалатын оқытуды ұйымдастыру түрлері мен жұмыс тәртібі . . . 24
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда суретпен жүргізілетін жұмыс . . . 36
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 43
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған «Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекетік бағдарламасы» мектепке дейінгі білім беру деңгейінде тілдерді дамыту және алдағы қолданудың әдістемелік қорын жетілдіруге бағытталған шамалар кешенін өткізуді, сондай-ақ мемлекеттік тілді үйрету мен қолдану саласындағы жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу бойынша практикалық шаралар кешенін іске асыруды, көптілділікті сақтауды болжайды.
Мектепке дейінгілердің тілдік сауаттылығының өзектілігі экономикалық, мәдени және саяси салалардағы жалпыға ортақ әлемдік ықпалдастыққа беталыста анықталады. Қазіргі еңбек нарығы маманнан әлеуметтік - саяси, көпмәдениетті, коммуникативті, ақпараттық құзыреттіліктерді меңгеруді талап етеді.
Мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің негізгі басымдығымен анықталған. Оны меңгеру, мектепке дейінгі жастан басталатын қоғамдық өмірге белсене араласатын және жеке бәсекеге қабілеттітілікті анықтайтын, ынталандырушы, әрбір Қазақстан азаматының борышы және міндеті болуы керек.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» (ҚР 27. 07. 2007ж №319 Заңы, өзгерістермен толықтырулармен 09. 04. 2016ж №501-V ҚРЗ) Заңының 9-бабы Оқыту және тәрбиелеу тілі 3-тармағында «Меншік нысандарына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген.
Елбасымыздың балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту бағытында жұмыстарды енгізу керек» деп анық көрсеткен.
Мемлекет басшысы «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және оған қамқорлық та сондай дәрежеде болады», - деп сендірді. Ана тілін білу-еліміздің мектеп жасына дейінгі баласынан бастап, әрбір азаматының міндеті мен борышы. Қазақ тілімен қатар, өзге тілдерді меңгеру- еліміздің дамыған 30 елдің қатарына жету жолындағы басымдықтардың бірі. Мемлекеттік тілдегі бөбекжайымыздың мақсаты бүлдіршіндердің жастайынан ана тілін біліп, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойларына сіңіру, сонымен қатар, ел болашағы үшін өзге тілдерден хабардар ету. Ұшқыр ойлы, қиялы жүйрік, орыс-ағылшын тілдерінде алғашқы түсініктері бар жаңа заман баласын тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелей отырып, білім нәрімен сусындату-алға қойылған ұлы мақсаттарымыздың бірі болса, тілдердің үштұғырлығы жобасы аясында еліміздің бәсекеге қабілетті болашақ ұландарын дайындау - біздің міндетіміз. Олай болса, балабақшада бала өз ана тілін меңгеру барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Педагогика ғылымының тарихына үңілсек, баланың сөздің байланыстыра сөйлеуін дамытуда Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, СЛ. Рубенштейн, А. М. Леушина, Т. Тихеева және т. б. зерттеулерді бала тілін дамытуға көмек болатын еңбектер. Бұл тақырып бойынша қазақ тілінде зерттеулер жүргізіп ғалымдар Б. Баймұратова, А. Меңжанова, М. Мұқанов, Х. Т. Дебелбаева және т. б. еңбектері де назар аудартуға тұрарлық.
Баланың сөзді байланыстыра айта білуі дегеніміз - сөз бен сөйлемдердің үлесімділігі ғана емес, бұл бір-бірімен байланыста келген, дұрыс сөйлемдерден құралған бала ойының сыртқы жаңғырығы. Бала сөйлеу барысында, ойлай білуге де үйренеді. Одан баланың ойлау логикасын, өзін қоршаған әлемді қаншалықты қабылдап, сыртқа жаңғырта білуін байқаймыз. Осындай басты-басты мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу жолдарын тексеру мақсатында, балалар психологиясы мен мектепке дейінгі педагогикаға арналған оқулықтарда айтылғандай, баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізге ала отырып, оның қаншалықты менгерілгенін қадағалап, тәжірибелер жасау әрбір тәрбиеші педагогтың атқарар ісі.
Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде қазақ балалар әдебиетінің көркем шығармалар мен ертегілердің, соның ішінде қазақ халқының ұмытылып бара жатқан парасатты, сөзге шешен адамдар туралы естіген, білгендерімізді пайдалансақ нұр үстіне нұр болмақ. Ұзақ жылдар салып ортаға қайта оралған М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев және т. б. еңбектерін бала тәрбиесінде жан-жақты пайдалану - бүгінгі күннің парызы. Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде, ертегі, аңыз-әңгімелердің, мақал-мәтел, жаңылтпаштардың асыл сөздер мұрасының әсері әлдеқайда басым.
Зерттеудің өзектілігі:
Балабақашағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл-қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын-баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады.
Мақсаты: жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету. Сол себепті педагогика мен «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында» сәбидің тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге жаттықтырып отыру ісіне назар аударады. Өйткені, баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі - тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның сана - сезімін, ой - өрісін жетіле түсуіне негіз болады.
Міндеттері:
- Жүргізілетін тіл дамыту жұмысының көлемін, мазмұнын, жүйесін анықтау;
-Озат мұғалімдер тәжірибелерін зерттеп, қолданып жүрген тиімді әдіс - тәсілдерді саралап, жинақтау;
-Сауат ашу кезеңінде тіл дамыту жұмыстары жүргізілудің ғылыми негізделген әдіс-тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;
Нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, педагогикалық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, оқу процесін бақылау, психологиялық эксперимент жүргізу, сауалнама жүргізу, әңгіме, эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу және қорытындылау, арнайы ойындар, жаттығулар өткізу және оны талдау.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Мектепке дейінгі балаларға тілдік қорын байытып, дыбысталуы қиын сөздерді үйрету, балалардағы танымдық көзқарасын байыту және оны дамыту;
- Тәрбиешілердің әр баламен жеке сөйлесіп, психлдлгиялық көмек білдіру, т. б.
Зерттеудің нормативтік құқықтық базасы: Қазақстан Республикасының кодекстері мен конституциясы, Білім туралы заң, Стратегиялық білімді дамыту бағдарламалары және т. б. құрайды.
Зерттеу базасы: БҚО, Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы.
І Балабақшаларда балалардың тілін дамыту жұмыстарының теориялық негіздері
1. 1 Мектепке дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту
Тіл - ұлт ерекшеліктерінің бірі, ұлт мәдениетінің бір формасы, тілде әрбір халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімін, ойлау тәсілінің, мінез - құлқының белгілері бейнеледі.
Тіл мәдениетін меңгеру - адамның сәби шағынан іске асатын, келе - келе біртіндеп жетіліп отыратын нәрсе. Олай болса, тілді ұстарту отбасында, қоғамдық мекемелерде, мектепке жүйелі жүргізілетін тәрбие процесінде іске асады.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасында»: «Баланы сөйлеуге үйрету, тілін дамыту мәселесі барлық сабақта жүзеге асырылады, бағдарламаның ең көлемді бөлімі ана тілі және айналадағы дүниемен таныстыру», - делінеді.
Бағдарламаның осы бөлімінде тілдің қоғамдық рөлі, лексикалық қоры, оны дамыту, тіл тазалығы, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту, мәнерлі сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу мәселелері қарастырылған.
Аз сөзбен көп мағына беретін мақал, мәтел, аңыз ертегілер, эпостық шығармалар ғасырлар бойы ауыздан ауызға жатталып, жинақтала келе бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналып отыр. Бала тілін ұстартуда бұл халық қазынасы - ауыз әдебиетінің орны ерекше.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту - тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармашылығының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - деген болатын.
Қазіргі уақытта педагогика даму үстінде. Педагог тәрбие және оқыту барысындағы өзінің іс - әрекетінің нәтижелерін әрбір баланың қалай дамып келе жатқандығынан, қабілетінен, қызығушылығынан байқайды. Тілдің дамуы тек мазмұны ғана емес, сонымен қатар, образдық, эмоционалдық жақтарын да меңгеруді қажет етеді. Тілдік көркемдік жағынан дамыту үшін баланың тек қарапайым әңгімелескенде ғана емес, басқа да ортада - өзге адамдардың арасында да өз эмоцмясын, сезімін, көзқарасы мен ойын ашық айта білуіне жағдай жасау керек. Бұған баланы ерте жасынан үйрету керек. Тіл-қоғамдағы адамдардың бір-бірімен пікір алысып, қарым-қатынас жасайтын құралы, қоғамдағы өндірістің, ғылым мен техниканың, әдебиет пен мәдениеттің шарықтап өсіп, кемеліне келуі тілдің жемісі екені мәлім.
Тілдің қоғамдағы алатын орны Ж. Аймауытов «ана тілі халық брлып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі десе, А. Байтұрсынов: өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу тиістіміз» дейді. Баланың мектепке дейінгі кезі-оның жеке қасиеттерінің қалыптысып, дамитын кезеңі, сондықтан бала өз ана тілінде сөйлеуі қажет. Бұған ата-аналар да ерте бастан көңіл бөлген жөн. Тілдің дамуы тек мазмұны ғана емес, сонымен қатар, образдық, эмоционалдық жақтарында меңгеруді қажет етеді. Тілді көркемдік жағынан дамыту үшін баланың тек қарапайым әңгімелескенде ғана емес, басқа да ортада-өзге адамдардың арасында да өз эмоциясын, сезімін, көзқарасы мен ойын ашық айта білуіне жағдай жасау керек. Бұған баланы ерте жасынан үйрету керек. Баланың сөздік қорының молайып жетілуі, оның физиологиялық дамуына есту, сөйлеу мүшелерінің байланысты психологиялық процестері де ой қызметі, сезім, қабылдау, зейін, қиял, еліктеу жақтарының дамуына әсер етеді. Үш жастағы балаларға сөз ішіндегі барлық дауысты-дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, сөйлем мүшелерін жетілдіру, сөзді, сөз ішіндегі дыбыстарды дұрыс естіп тыңдай білуге үйрету, «Сөз», «Дыбыс» деген ұғымды меңгерту, сөздік қорын әрі қарай дамыту. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда төрт негізігі мақсаттар қарастырылады.
-Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту.
1. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылату, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа диалог түрінде жауап беруге үйрету.
2. Заттың атын ойыншық, гүл, ағаш, т. б сөздерді.
3. Заттың сынын, сапасын, түр-түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту.
4. Заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді әрі қарай кеңейту жүрді, жүгірді, келді, қияды, екті, септі т. б. меңгерту.
5. Үстеу сөздерді қасында, үстінде, асты, астында, жоғарыда, төменде, т. б. қосып айтуға үйрету.
-Сөз дыбыстарын дұрыс айтқызу.
Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем алып, дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату.
-Байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Күнделікті сабақта естіген, білгенін ойын, серуен, кезінде көрген-түйгенін, сурет және оқылған ертегілер мазмұнын, ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге үйрету.
Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасы педагогтың алдына мынадай мақсаттарды қояды.
-Балалардың көрген естіген дүниелері туралы ой қорыта отырып, көрген білгенің дұрыс та нақты айта білуге үйрету, әрі әңгімелеу үстінде оқиғаның неден басталғанын, оның өріс алуын, әрі қандай қортынды алғанын тізбектей, бас-аяғын ауыстырып алмай, айтып жеткізе білуге үйрету;
-Оларды әңгімелеу кезінде дұрыс сөздер мен сөз тіркестерін табуға көмектесу, атаулар, іс-әрекеттер мен заттық сапасы дәл айтылған уақытында баланы қошеметтеу;
-Суреттеу тілін дамыту, қызықты да еліктіре мйтуға үйрету.
-Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері.
Баламен әңгімелесу, күнделікті өмірге қажетті заттарды, айналадағы дүниені бақылату, кейбір заттың өзін немесе суретін көрсетіп сөйлесу, көрген-білгені туралы әңгімелеп бкруді үйретіп отыру, сөздік тапсырмалар орындату, түсіегені туралы оқиғаны суреттеп, мүсіндеп көрсетуге жаттықтыру.
Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшілігі оларда еліктеу, қиялдау басым болады. Сол себепті айналадағы құбылыс пен ересектердің іс-әрекеті балалардың бақылауынан мүлт кетпейді. Бақылаған заттардың елеусіз ерекшелігінедейін бірден байқап, тез қабылдайды. Олай болса, әрбір ата-ана баланың осындай даму ерекшелігін ескеруге тиісті.
-Балалар сөзді, сөйлемді дұрыс айтуға үйретукерек.
1. Баланың бақылау кезінде көргендері жайлы өзіне айтқызу.
2. Оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын сұрап, әңгіме желісін бұзбай айта білуге үйрету.
3. Белгілі грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, сөйлей білуге үйрету, ішінде, үстінде, астында, жанында, артында, ортасында, шетінде деген сөздерді сөйлем ішінде айтқызып отыру. Мектеп жасына дейінгі сәбилердің дүние танымын кеңейітіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіру ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Көркем сөз өрнегін балаға тыңдатып, санасына сәуле түсіру, халық қазынасының музыкалық үнінен нәр алдыру оның ең сәби шағынан, ана әлдиінен басталады.
Балаларға оқылатын шығармалар олардың ой-өрісіне, дүние танымына әсер етерліктей болу үшін мына мәселелер мұқият ескерілу керек:
1. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттап айтуға таңдалған материалдардың олардың даму деңгейіне, жас шамасына лайықты болуы.
2. Арнайы жинақталған муретті кітапшалар, әңгіме-ертегілердің, мақал-мәтелдердің, баланың өмірден алған әсерін, білім-дағдыларын, түрлі әдет-дағдыларын айқындай түсіндіріп, тереңдете, кеңейте түсірелік дәрежеде болғаны жөн.
3. Айналадағы балаға танымал дүние, табиғаттың тамаша көріністерін, жыл маусымдарына қарай құбыла түрленетін ғажайып өзгерістерін, табиғат пен адам арасындағы заңды байланыстарды балаға айқара ашып, көркем де түсінікті түрде суреттеп беретін, баланы сезімталдыққа, эстетикалық талғампаздыққа баулитын, оның зейін, қабылдау, таным әрекетін қалыптастыратындай болуы қажет. Бар жақсысын баласынан аямаған халық баланы сылаумен өсіре отырып,
Құлағына бесік жыры әуенін құя берген. Бала есейген сайын ана сүтімен даритын сөйлеу тілін дамытып, имандылыққа баулып, ізеттілікке, әдептілікке үйретіп, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу әрбір отбасы, ауыл-аймақ арманы болған. Оған дәлел-халық даналығы:санамақтар, мақал-мәтел, жұмбақтар, өтірік өлеңдер, ертегі, аңыз әңгімелер. Осылардың қай-қайсысы болмасын баланың сезімін селт еткізіп ойына орала қалады. Тіліне үйіріліп, еріксіз сөзге еліктіреді. Өйткені, ауыз әдебиеті халықтың ұрпағына деген сүйіспеншілігінен, арман-мүдесінен туындаған. Тілі жеңіл, мазмұны түсінікті, ойната сөйлететін шығармаларды тыңдату, сөйлесу кезінде-ақ бала қиналмай жаттап алып айта береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп атап көрсеткен болатын. ХХI - ғасырға байланысты баланың дамуына ойын арқылы өз халқының салт - дәстүрлерін бойына сіңіруге арнайы балалар ойнайтын жас ерекшеліктеріне байланысты ойын ортасын құра отырып, балаларды ойната отырып, дамыту қарапайым дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық құзыреттілігін арттыру өзектілігі туып отыр.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы, «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап».
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі және олардың іс - әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма -жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл - ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту.
Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс - қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есінде ақтайтын болады. Саусақ ойынын балабақшада жуне үй жағдайына әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі». Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың шымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойын да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойынын отырып өлең шумағын қазаға айтады.
Мысалы: «Моншақ».
Қызыл сары, көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz