Оқыту жүйесінде оқушылардың білімін бақылау және бағалау
Курстық жұмыс
Математика сабақтарында оқушылардың өзін-өзі бағалау икемділігін
қалыптастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Оқыту жүйесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың
теориялық негіздері
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын білімді бақылау және бағалаудың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 САБАҚТА СЫНЫПТАСТАРЫН ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ ЖҮЙЕЛІ БАҒАЛАУДЫ
ҚОЛДАНУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСЫ МЕН САНА-СЕЗІМДЕРІН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 15
ІІ Математика сабақтарында оқушылардың өзін-өзі бағалау икемділігін
қалыптастыру әдіснамалық негіздері
2.1 Оқу процесінің нәтижелерін бағалаудағы сабақтың орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Оқушылардың білім сапасын мониторингтік зерттеу, нәтижелерді
салыстыру

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің
міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Сонымен қатар мемлекеттік білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасы,
Қазақстан мектептерінде математикадан білім берудің мемлекеттік стандартына
жеке тұлғаның шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту, біліктілігі жоғары
білімді мамандарды даярлауды көздейді.[1]
Қазіргі таңда педагогика ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі
оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр.
Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі
жайлы құжат Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының
негізгі бағыттарында бұл мәселеге жоғары мән беріледі. Құжатта былай
делінген: Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң
бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет. Бұл
талаптардың жүзеге асыуы осы таңдағы оқушылардың білімін бақылау жүйесіне
жоғары сын қоя отырып, жан-жақты талдау жүргізуді қажет етеді. Қазіргі
қалыптасқан білімді бақылау-тексеру жүйесіне қанағаттанбау (білім
көрсеткіштері және оны тексеру тәсілімен қоса) мәселелері дидактикалық
материалдар бетінде жиі ескеріліп, әрі айтылып жүр.[2]
Осы күндегі білім бағасы жүйесінің бірден-бір кемшіліктерінің бірі
ғалымдар пікірінше, айрықшаланған көрсеткіштердің көптігі, көпжақтылығы
және немғұрайлығы. Бұл көрсеткіштердің осындай қыры білім бағасының
мазмұндық сипатының жойлмауына, әрі осы мазмұнға сәйкес бағаға практикалық
тұрғыда бағдарлануға қиындық туғызады. Сондықтан да, білім сапасының
теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай
психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі таңда
ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Тәжірбиелі әдістер мен оқушылардың
білім сапасын бағалау критерийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру
теориясымен органикалық байланысын талап ету мәселесі-педагогикалық
психологияда диагностиканың негізін құраушы принцип болып табылады. Білім
сапасының психологиялық диагностиканың бұл шектеулі оқу әрекетінің процесі
дамыған, толыққанды сипаттағы оқытудың теориясына сүйенген жағдайда ғана
жойылды.
Оқушылардың білім сапасына қазіргі таңда қойылар талаптың өсуі білімді
игеру көрсеткіштері құрылымының өзгерісінде көрініс табуда, әрі осы
мәселенің дидактиктер мен педагогтар зерттеулерінде көп қарастырылуы да
септігін тигізіп отыр.
Мотивация – психология ғылымындағы өте бір күрделі ұғым болып
табылады.
С.Л. Рубинштейннің айтуынша іс-әрекеттің өзінде бағытталуына орай
мақсаты нақты көрінеді және әрекет орындалуына қарай мотивтері белгілі
болып отырады. Әрекет мотивтері өте күрделі, олар түрлі қажеттіліктер мен
қызығушылықтар негізінде дамиды. Адамзатқа мотивтер арқылы қоғамның жері
көп жағдайларда бағалау әрекеті көмегімен беріліп, жүзеге асып отырады.
Психологиялық-педагогикалық теория және тәжірбиеде баға ұғымы көбіне
бағалау деген ұғыммен түсіндіріледі.
Бағалаудың оқу процесінде орындайтын үш қызметі талданады, оның
негізгісі – дамытушылық қызметі, функциясы.
Дамытушы бағалау ісі оқытуда қажетті психологиялық жағдайдың бірі
болып табылады. Білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметтері
қарастырылады. Білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде оның формасы, түрі
ажыратылады. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні-оқушыларға дер
кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім
білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру
және іске жұмылдыру. Білімде, іскерлікті, дағдыны тексеру және бағалау
танымдық іс-әрекет көздерінің бірі. Баға қою арқылы бала жанына үрей
туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек.
Сабақтың шынайы құндылығы – оның нәтижесі, оқушылардың материалды
меңгеруінің дәрежесі.
Өзін-өзі бағалау кіші жастағы оқушының өзінің табыстары мен
сәттіліктерін оқу мақсатына қарай жылжудың сипатын бағалауға мүмкіндік
береді.[3]
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамның оқыту және тәрбиелеу
үрдісіндегі өзін-өзі бағалауын елемей тастауға болмайды. Оны елемеу мынадай
теріс құбылыстарына алып барады.
1. Психикалық дамудың тежелуі
2. Оқытудағы психологиялық және мағыналық кедергілер.
3. Жаман мінездің қалыптасуы.
Жалпы алғанда бағалауды тек балдық жүйеде ғана емес. Мадақтау сөздерін
пайдаланғанда оқушылардың белсенділіктері артады.
Жұмыстың мақсаты: Оқыту жүйесінде оқушылардың білімін бақылау және
бағалау. Сыныптастыарын және өзін-өзі бағалау әдісін оқытуда пайдаланудың
негіздерімен таныстыру.
Жұмыстың міндеттері:
1. Оқыту жүйесінде оқушылар білімін бақылау және бағалаудың негіздерін
анықтау.
2. Оқушылар бойында сыни көзқарасқа қалыптастыру
І Оқыту жүйесінде білімді есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы,
қызметі
1.1 Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары
Орта ғасырда Германия мектептерінде алғаш рет үш баллды бағалау жүйесі
пайда болған. Әр балл сынып оқушыларының үлгерімін, басқа оқушылардың
үлгерімімен алатын орнымен, дәрежесін білдірген. 1-ші-өте жақсы, 2-ші
орташа, 3-ші нашар. Кейін орташа дәрежені иеленген оқушыларды сыныптарға
бөлген. Ресейде бес баллдық шкаланы алып пайдаланған. Осыдан барып баллға
басқаша мән бере бастаған. Баллдың көмегімен оқушылардың дүниетанымын
бағалауға тырысқан. Мұндай көзқарас негізінде Базедовтың 12 баллдық бағалау
жүйесі орнайды. Базедов Иоганн-Бернгард 1724-1790 неміс педагогы,
филонтропизмнің педагогикалық ағымының негізін салған. 1774 жылы Дессау
қаласында тәрбиелеу мектебін ашқан. Бұл мекемеде тәрбиеленушілерді мадақтау
үшін өзіндік ерекше бір мадақтау жүйесін қолданған. Мақтау негізінде
арнаулы тақта болған. Осы тақтаға оқушылардың аты жөні жазылған. Аты-
жөндерінің жанына нүктелер қойған. Осы нүктелердің санына қарай
тәрбиеленушілерге жеңілдіктер мен жетістіктерді тағайындаған. Жинақталған
нүктелер санына қарай тәрбиеленушілерді қандайда бір үздік белгімен немесе
тәттілермен марапаттаған. Нүктелердің саны он екіге шектелген. Кейінірек
нүктелерді жеке жауаптарға және оның сапасы мен дұрыстығына қарай қойылған.
Мектеп тәжірбиесіне енген әртүрлі елдердің бағалары әлеуметтік
маңыздылығына ие болған. Оқытудың бағалау жүйесінің кемшілігі XIX ғасырда
орта кезінде байқалған. Баллдық бағалау жүйесіне көптеген педагогтар қарсы
болған. Себебі олардың ойынша балл сан арқылы баланың адамгершілік
сапалары мен баланың еңбек жағдайы бағаланбайды деп санаған. Педагог тек
қана әр оқушының білім деңгейін, дағды мен іскерлігін ғана анықтап қоймай,
сонымен қатар әр оқушыға және олардың ата-аналарына оқытудың жетістіктерін
оқуға үлгермеушілік жағдайларын түсіндіре отырып меңгерту қажет. Осының
негізінде үлгермеушіліктің себебін анықтап беру міндеті жүктелген.[3]
1917 жылы Ресейде бағасыз оқыту идеясы әрі қарай өз дамуын
жалғастырды.
Баланың оқу және тәрбие саласындағы жетістігі тікелей мотивацияға
байланысты. Барлық жинақталған білімді меңгерудегі ынталандырудың әсері,
дағды мен әдеттерді қалыптастыруы, өзінің белгілі жеке сапалы қасиеттерін
жетілдіруіне байланысты.
Барлық қабілеттер баланың жетістікке жетуіне кепілді бола алмайды.
Қажетті мотивацияның баланың бойында болмауы оқу әрекетіне бейімделмейді
және сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда да аз белсенділік көрсетеді.
Мотивацияның тапшылығы болған жағдайда бар мүмкіндіктері қабілетке
айналмайды, интеллектуальді және жеке қабілеттері өте бояу дамиды. Қолайлы
жағдайдың болмауы да әсер етеді. Қорытынды нәтижесінде баланың жеке дамуы
қалыптасып, жаңа біліммен, әдеттерді қажеттілік ретінде сезіп, өзін-өзі
жетілдіруге және дербес дамуын жетілдіруге тырысады.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде маңызды қорлардың болғанымен, бірақ
тәжірибиеде мотивацияның жеткіліксіздігінен барлығы қолданылмайды.
Мұндай жағдайлардың себептері әртүрлі. Біріншіден, барлық мотивтердің
белгісіздігі, балалардың әртүрлі жасы, әртүрлі индивидуальді ерекшеліктері
оқуда қалыптасады. Жеке, сапалы, жаңа қарым-қатынастар, білім, дағды және
әдеттер қызығушылықтың негізінде байқалады. Екіншіден, біздер өсіп жетіліп
және педагог қызметін атқарғаннан кейін барып алғаш рет балалардың оқу
мотивтері жөнінде ойлана бастаймыз, бала бақшадан шыққанымыздан соң барып
балалардың тәртібі жөніндегі мотивтер, түпнұсқалар мен болжамдар туралы
ойланамыз. Біздің берген болжамдарымыз бен ойларымыз дұрыс шығуына кепілдік
бере алмаймыз. Біз негізінде балалардың бойында жоқ нәрсені бар деуіміз
мүмкін және оларға ненің маңызды екеніне мән бермеуіміз де мүмкін, оқыту
және тәрбиелеуде дәлеліміз дұрыс болуы да мүмкін. Үшіншіден, балалар
арасында әртүрлі индивидуальді айырмашылықтар болады, бір балаға бір
нәрсенің оған маңызды болуы, келесі балаға мүлдем қызықсыз болуы да мүмкін.
Ең соңында төртіншіден, мотивацияның өзі, жинақталған мотивтің өзі де кейде
бір жағдайға орай өзгермелі болады. Бұл себепке орай оқыту және тәрбиелеу
негізінде жағдайдың бірі қызықты болып келесі біреуіне қолайсыз болады.
Оқыту мен тәрбиелеудің ең басты міндеті осы негізгі айтылған төрт
мотивацияның өзгеру себебіне байланысты. Мотивацияның төмендеуіне жол
бермей тәжірбие жүзінде тиімді шартты қолдана білуге үйрену.[4]
Балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде қандайда бір шартты немесе
қызығуды қарастырсақта нақты қарағанда мадақтау мен жазалау жүйесіне
негізделеді. Мадақтау психологиялық ерекшеліктің ұнамды қасиетінің дамуына
ынталандырса, ал, жазалау теріс қылықтың шығуына кедергі болады. Егер
тәжірбие жүзінде тек қана мадақтау қолданылып, жазалау қолданылмаса, онда
баланың бойында сапалы, ұнамды қасиеттермен қатар, теріс қылықтар дамиды.
Егер де керісінше оқу-тәрбие процесінде тек жазалау ғана қолданылса мұндай
жағдай балалардың теріс қасиеттерінің шығуына жол бермеуі де мүмкін.
Сонымен бірге ұнамды, сапалы қасиеттердің дамуына кедергі келтіреді.
Мадақтау мен жазалауды бір-бірімен байланыстыра білсе ең қолайлы
мотивацияны қамтамасыз етіп, ұнамды қасиеттердің дамуына жағдай тудырады,
ал, бір жағынан теріс қылықтардың тууына кедергі жасайды. Ұстаз шәкәрттің
теріс істері мен қылықтарын дер кезенде көре біліп, ретті жерінде оған
түрлі жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негізгі
мақсаты- теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру.
Мұның мәні де осында. Жазалауды да мадақтау сияқты аса ептілік, ерекше
байсалдылықпен пайдалану қажет. Тіпте төменгі сынып оқушыларының да
өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын кездері
болады. Адамның кінәсі үшін әділ жазалау кісіні қатты ойландырып, бұл оның
мінез-құлқын түзете бастауға себепші болады.
Шәкірт нақты кінәсіне сәйкес жазаланғанда ғана босқа зәбірленбей,
қолайлы көңіл-күйін басынан кешіреді. Егер ол теріс жазғырылса бұл оның
тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдай қайталана берсе ол,
әділеттік, шындық деген ұғымға жөнді мән бермейтін, тіпті пысқырып та
қарамайтын болады. Орынсыз жаза оны ашушаң, ызақор, кекшіл, қасарыспа, не
қорқақ, жігерсіз, әр нәрсеге селсоқ қарайтын күйге түсіруі де мүмкін. Кейде
оқушының көре-тұра оны жазаламаудың да кесір - кесапаты аз болмайды. Шәкірт
оқыс қылықтарды әдейі жасамай, оны балалығымен, білместік,
аңғарымсыздығынан да жасайды. Ал, енді бір оқушы мұны орынсыз батылдығы мен
сотқарлығына, қасарыспалығына қарай істейді. Мәселен, бала терезенің
желдеткішін ашамын деп оның әйнегін сындырып алса, екінші бала оны
жолдасымен алысып жүріп сындырады. бұл жерде осы екі балаға бірдей шара
қолдануға болмайтыны белгілі. Өйткені, екеуінің кінәсі екі түрлі, сондықтан
екеуіне екі түрлі жаза ойлап табу қажет.
Шара қолдану мәселенің түпкі себебін іздеудің басталуы қажет. Өйткені,
әр уақытта да себепсіз ештеңе болмайды. Сондай-ақ, адамның теріс қылықтарын
айыптап тиісті жаза қолданып отыру белгілі талаптарға сәйкес жүргізілуі
тиіс. Бұлардың кейбірі мына төмендегілер:
біріншіден, жазалау әр уақытта әділ, адамның кінәсіне лайықталып
берілуі қажет.
екіншіден, жаза әр уақытта оқушы санасында із қалдырып, оны жақсы
жолға итермелейтіндей етіп берілетін болсын.
үшіншіден, жаза жеңіл түрден ауырға қарай, әр бұзақылықтың өзіндік
ерекшелігіне қарай қолданылуы қажет.
төртіншіден, шәкірттің теріс қылығының ақ-қарасы нақты тексеріліп,
оның бұрыннан белгілі ерекшеліктері (білімі, қабілеті, жалпы мінез- құлқы,
т.б). ескертіліп отырылсын.
бесіншіден, мұғалім бұл шараны аса байсалдылықпен, оның жеке басын
тәлкек етпейтін (ондай жағдайлар да кездесіп отырады) формалар
ұйымдастырылғаны абзал.[5]
Баланың психологиялық дамуына мадақтау, жазалауда ынталандырудың рөлі
барлық жағдайда бірдей қажет: мадақтау оң қасиеттердің дамуына әкелсе, ал,
жазалау теріс қасиеттерді түзетуде, коррекциялау да қажет. Оқыту және
тәрбиелеудің міндетіне қарай тәжірбие жүзінде екеуі де бір - бірімен
өзгеріп отыру керек. Егер оқу - тәрбие жұмысында жігер күш жұмсау қажет
болса, белгілі құрылымға сапалы жеке ұнамды қасиеттер көрінсе, жаңа білім,
дағды, икемді қалыптырса онда мадақтау көрсетіп, жазалауды қолданбау керек.
Шәкірт тәрбиесінде кісінің қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны
ретімен мадақтап орындаудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі
мақұлдау. Егер шәкірттің іс - әрекеті әркез мақұлданып отырса, ол еңбек
етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, "Бәрекелді", "Дұрыс", "Жақсы",
"Тамаша", "Мынауыңнан нәтиже шығады", т.б. осы секілді сөздер оның жігеріне
жігер қосып, үлкен демеу болады. Оқушының әрбір ісіне әділ баға беріп отыру
ұстаздың беделін онан сайын арттыра түседі. Егер, керісінше, жағымсыз
қасиеттерді оны түзеу міндетімен байланысып, егер бала өзін-өзі түзетпесе
және өзінің теріс қылығын сезінбесе, сонымен қатар келіспеушілік тудырса
онда жазалауды қолдану ең тиімді шешім болып табылады. Бірақта өзін төмен
бағалау, баланың өзіне-өзі сенімсіздігі кезінде мадақтауды ынталандыру
жүйесінде тиімді қолдана білу керек. Өзін жоғары бағалаушылық кезінде өзін-
өзі сенімді болған жағдайда керісінше жазалауды қолдану керек.[6]
Сонымен мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап
етеді. Ең алдымен мадақтаудың психологиялық тарапы маңызды келеді. Мадақтау
әдісі мына жағдайда нәтиже береді:
1. Балалардың мадақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы.
2. Мақтау арқылы тәрбиелеушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау.
3. Мадақтаудың қылық- ісіне сай болуы.
4. Мадақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету.
5. Мадақтаудың шыңдыққа негізделуі.
Осылайша тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау
деуге болады.
Баға- педагогикалық ынталандыру болып келеді. Мадақтау мен жазалау бір-
бірімен тығыз байланысты қасиеттер. Жақсы баға мадақтау болса, ал, төмен
баға - жазалау болып келеді. Негізінен бағаның маңызы ынталандырудың маңызы
әркезде ынталандырудың күші болып саналмайды. Бағаның ылғи жоғары болуы
ынталандырудың күшін жояды. Мысалы: ең жақсы ынталандыру болып және табысқа
жету көрсеткіші болып "4" бағасы саналады, ал, "5", "3", "2" немесе "1"
бағалары табыс көзі болып есептелмейді. Осылайша бестік бағасын алған оқушы
әрі қарай оқуда жетістікке жету деңгейін жоғалтады. Себебі, "5" балдық жүйе
бойынша 5 болғандықтан одан жоғары баға алу мүмкіндігі жоқтығын сезген
оқушы оқуға деген қызығушылығы мен табысқа жету деңгейі төмендейді. Ал,
егер оқушы "4" бағасын алса, онда оның бойында ең жоғары бағаны алып одан
әрі қарай табысқа жетуіне мүмкіндік барына көзі жетеді. Мысалы, оқушы
білімін ең төменгі "1" бағасымен бағаласа оқушының оқу үлгерімі төмендеп
нәтижеге тырысу деңгейі жоғалады. Себебі, бұл бағаны жойып "5" бағасын өте
қиынға соғады. Әдетте мұғалімдер "қанағаттанарлық" деңгейінде оқыған
оқушыға жоғары баға қоймайды. Үштік бағасы оқушының үздік оқуына, оқу
үлгерімін жақсартуға өте қолайлы. Оқушының белгілі бір пәннен бес балдық
жүйенің ең жоғарғы немесе ең төменгі бағамен білімі бағаланып отырса ең
тиімді жағдай болып есептеледі. Егер оқушы негізінен "3" немесе "4"
бағасымен бағаланса, онда оған ынталандыру күші болып "4" және "3" бағалары
саналады да "4" пен "5" алуға тырысады. "2" және "3" бағалары баланың көңіл
күйін түсіріп, жағымсыз күй тудырып ол бағаларды түзетуге деген ықыласы
болмай, немқұрайлылық тудырады.
Әркез ұнамды теріс ынталандыруларды жиі қолдану немесе балаларды
ынталандыру рөлінің маңыздылығын жоққа шығарады. Мысалы: мадақтаулар мен ең
жоғары бағаны шектен тыс жиі қолдану балаға ешқандай талпыныс пен күш
бермейді де алдынғыдай әсер тудырмағандықтан өз маңызы мен мәнін
жоғалтады.[7]
Бір жағынан ылғи ең төмен баға алған оқушы эмоциялық күйзеліске
ұшырамайды. Себебі бұрынғыдай әсер етпейді. Уақыт ете келе оң және теріс
ынталандыруды өзгертуге тура келеді. Олардың сақталуы мен дұрыс мән беруіне
тірек боларлықтай түрлендіру.
Оқытушыларды оқыту және тәрбиелеу кезінде ынталандырудың кешенді
мінезін іс-әрекетте қолдану қажет. Әртүрлі әсер еткіш жүйелерді енгізу,
бірақ барлығын бір сәтте қолдану шарт емес. Бірақ қайсібірі оқушыға дәл сол
кезде қажет болып тұрған жағдайда қолдануға болады.
Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке
алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда
қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай
жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және
дағдыны тексеру мен бағалаудың 5 баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін
анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді.
Тест – ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген
сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды.
Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны
Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест
түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның
қызметкерлері шығарған де есептейді.
С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам
уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға
жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест
тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық
құрылымдар шығаруға болады.
Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты,
Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б.
елдерде кеңінен тарай бастады.[8]
Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты – жаңа материалды игеруге қажетті
білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім
оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша
сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар
мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде
соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында
тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес
болып есептеледі.
Тест тәжірибе, тексеру деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім,
тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып
табылады.
Тестік жүйенің басты мақсаттары:
• өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдерінен олқылықтар
кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
• оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды
көздеу;
• оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
• білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
• бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
• өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;
• оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың
жетістіктерін салыстыру;
• оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және
салыстыру;
• оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл
үйренуде қосымша тапсымалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.
Тестік бақылаудың тиімділігі:
1. Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің
уақыты үнемделеді;
2. Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілеттерін дамытуға
мүмкіндік жасайды;
3. Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары
қойылады;
4. Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндегі артады;
5. Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге
машықтандырады;
6. Тест барысында әр сұраққа дқрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар
ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады;
7. Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын
анықтауға өте қолайлы;
8. Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі
стандартқа сәйкестілігі анықталады;
9. Тындалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-
түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;
10. Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамтып, оқушының әр саладан
хабардар болуына өз септігін тигізеді.
Тестік жүйедегі сақталатын шарттар:
1. Жалпыға ортақ емес, әрбір оқушыға деңгейіне байланысты тапсырмалар
жазылған жеке қағаздар дайындау қажет;
2. Әрбір тест түрінде 3-5 жауап қарастырылуы керек;
3. Тест сұрақтары түсінікті, жауаптары қатесіз берілуі тиіс;
4. Тест тапсырмалары бір модуль немесе бір тақырып көлемінде бағдарламаға
сәйкес жүргізілуі қажет;
5. Тест тапсырмасын орындауға уақыт тест көлеміне, күрделілігіне сай
берілуі тиіс;
6. Тест тапсырмаларында оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығы қатаң
ескерілуі қажет.
Негізінен ізденіп, ойлана білсе, сөз үйретудің де, жауапты
қадағалаудың да амалдары мен тәсілдері сан алуан. Оны әр оқытушы өз
сабағында тақырып өзгещелігі мен мазмұнына байланысты таңдауы керек.
Белгілі ғалым, педагогика ғылымының докторы Ф. Оразбаева Тілдік
қатынас: теориясы мен әдістемесі атты еңбегінде тестің төмендегі түрлерін
атап көрсеткен. Олар
1. Баламалық тест;
2. Таңдамалық тест;
3. Қосымшалық тест;
4. Жұмбақтық тест;
5. Толықтырмалық тест;
6. Өлшемдік тест;
Баламалық тест – жауаптың үлгілері иә-жоқ, дұрыс-бұрыс түрінде
беріледі де, оқушы осылардың біреуін ғана тандап алады.
1. Қазақстан жалауының түсі көк пе?
Иә, жоқ
2. Кит кішкентай ма?
Иә, жоқ
3. Мұғалім бала оқыта ма?
Иә, жоқ
4. Кітапханашы кітап бере ме?
Иә, жоқ
5. Ит мияулай ма?
Иә, жоқ
6. Орманда балық бола ма?
Иә, жоқ
7. Аспанда ұшақ ұша ма?
Иә, жоқ
8. Жирафтың мойыны ұзын ба?
Иә, жоқ
9. Бор ақ па?
Иә, жоқ
Таңдамалық тестте бір сұраққа бірнеше (3-5) жауап беріліп, оның
біреуде дұрыс болып, оқушы ең дұрысын тауып, дәлдеп алуы керек.
1. Қыста не жауады?
а) жаңбыр
ә) гүл
б) қар
в) су
г) жел
2. Қардың түсі қандай?
а) ақ
ә) қызыл
б) сары
в) көк
г) қара
3. Кім мектепте оқиды?
а) құрылысшы
ә) суретші
б) оқушы
в) дүкенші
г) кітапханашы
Қосымшалық тест – қазақ тілінің жалғамалы ерекшелігін оқушы меңгерді
ме әлде жоқ па деген сұраққа жауап іздегенде қолданылатын тест түрі.
Сөздер, сөйлемдер беріліп, оның сыртында нөмірленген бірнеше жұрнақтар,
жалғаулар тізбегі көрсетіледі. Сөйлемдегі қай сөздің қосымшасы түсіп қалған
(көп нүктенің орнына, т.б.) соны оқушы нөмірлеп тауып, цифрмен белгілейді.
Бұл тест түрінде мақалдары да ұтымды пайдалануға болады.
Толықтырмалық тест – жаттығу құрамындағы сөйлемдердің кейбір сөздері
не тіркестері түсіп қалады. Түсіп қалған сөздер нөмірмен соңынан беріледі.
Оқушы сөйлемнің мазмұнына қарай қажет сөзді тауып, сөйлемді толықтырады.[9]
Бұл жұмысты ғалым ауызша да жүргізуді ұсынады. Ол үшін оқытушы мәтінді
оқып тұрып, сөйлемдегі түсіп қалған сөздерді байқату үшін кідіріс (пауза)
жасайды. Осы сәтте оқушы сол сөзді тауып, өзінің қағазына жазып қояды да,
сөйлемнің нөмірімен белгілейді. Мәтін оқылып біткен соң, әр оқушы өзінің
тапқан сөзін сөйлемнің арасына қосып оқып, тіл үйренушілер бір-бірімен
салыстырып, дұрыс не қате екенін анықтайды.
Өлшемдік тест – оқушының білім дәрежесін тексеру үшін жүргізіледі.
Бұл тест бойынша бір сұрақтың бірнеше жауабы беріледі: бірі – толық
әрі дұрыс, екіншісі – жартылай дұрыс, үшіншісі – жартысынан азы дұрыс,
төртіншісі – дұрыс емес. Оқушы осылардың ішінен ең дұрыс жауабын тауып
көрсету керек.
Оқушылардың білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтау үшін білімді
тексеру мен бағалау мақсатында әр модуль, әр тақырып соңында тестік жүйені
қолдану – ұстаз еңбегінің біршама жеңілденіп, уақытты ұтымды пайдалануына
ыңғайлы.
Сол сияқты тест қазіргі заман талабына сай оқушы білімін бағалауда
оқушының психо-педагогикалық және жас ерекшеліктерімен санаса отырып,
әсіресе, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, білім деңгейін бақылаудың
бірден-бір тиімді әдісі болып отыр.
Мониторинг дегеніміз – белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, талдау
және болжау жүйесі. Бұл сөз ағылшынның монитор деген сөзінен алынған.
Белгілі параметрлерді анықтауды бақылау құралы. Мониторингті техникалық
құралдарың көмегімен жүргізілетін бақылаудың ерекше түрі деп қарастыруға
болады.[10]
Мониторингті жүргізгенде, шұғыл түрде белгілі бір ақпараттың көлемін
таңдай аламыз және өңдей аламыз. Бақылаудың тиімді жаңа технологиясы
уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Компьютерді пайдалану арқылы үнемі
бақылауға болады. Бұл – мониторингтің тағы бір маңызды ерекшелігі.
Мониторинг – бұл педагогикалық үрдіс негізінде білім беру мақсатын
таңдаудағы өзекті мәселе мен құралдарын шешу барысында диагностикалық,
прогностикалық зерттеудің жағдайың ғылыми негізге сүйене отырып үздіксіз
бақылау.
Мониторинг деген сөздің өзі Ресейде Чернобль апатынан кейін
Чернобльдегі балалардың денсаулық жағдайын бақылау ретінде пайда болды және
орыс тіліне сіңіп кетті.
Мониторинг ішінде басқарудың өзіндік қызметі, педагогикалық әрекет
барысындағы бағалау жүргізіледі. Соның барысында кері байланыс қамтамасыз
етіледі. Педагогикалық жүйенің соңғы мақсатына нақты нәтижелер мәлімделеді.
Педагогикалық мониторинг педагогикалық жүйенің дамуын болжау, сонымен қатар
оның жағдайын үздіксіз бақылауын қамтамасыз етуді көрсетеді. Сондай-ақ, ол
әлеуметтік-психологиялық, медициналық мониторинг, оқушының жеке басының
көзқарасын жалпылай алу мақсатында бұл оқу орындарына ең қажетті болып
табылады.
Мониторинг бойынша мұғалім кезекті тақырыптық бақылау жұмысының
алдында әр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап,
үлгірмеушілермен қосымша жұмыс жүргізеді.
Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан
графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын
көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап, білім деңгеін оқушы өзі бақылап
отырады. Яғни оқушылар өздігімен орындайтын жұмыстарын өзі бағалайды.
Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі.
Мониторингтің ерекшеліктері:
1.
1. оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенін, аздау ұпай
алғанын байқап, білімдегі олқылықты жою мақсатында тапсырмалар
жүйесін ұсынамыз;
2. шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз тұрғыластарынан қалмау үшін не
істеу керектігін аңғарады;
3. өз зейінін тәрбиелейді;
4. білім жүйелілігі мен тізбекті байқайды;
5. ойланып оқуға дағдыланады;
6. білім алуда жоспар, тезис құруға машықтанады;
7. оқушының білім сапасын арттыруға жағдай туады.
Мониторингтің көмегімен оқушы білімді меңгеру деңгейін ғана емес,
анықтайтын білім сапасын, дағды қалыптасқанын бақылауға болады.
Білімдік мониторинг – көп деңгейлік жүйе.
І деңгей (жеке, дара және дербес), оны мұғалім жүзеге асырады. (Сынып
оқушыларының даму динамикасын белгілі бір бағытта белгілеу.)
ІІ деңгей – мектепшілік.
Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады
(сыныптардың даму динамикасын бақылау). Тоқсан, жарты жылдық, жыл бойында
анықталған критерий бойынша бақылау.
ІІІ деңгей. Білім мекемелерінің даму динамикасын байқау.
Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – оқушылардың пәндер бойынша
алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының
сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған
теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне
көп байланысты.
Мұғалімдердің оқушы білімін бағалауда қазіргі уақытқа дейін қолданып
жүрген бес балддық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл
аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі
айырмашылық кездесіп отырады. Негізгі себеп – мұғалім бағалауындағы
субъективтілік пен жыл аяғындағы оқушы біліміндегі объективтіліктер. Жоғары
сынып оқушылары қазіргі қолданып жүрген бағалау жүйесіне қанағаттанбайды,
себебі қазіргі жүйемен нақты білім деңгейін анықтау мүмкіндігі төмен,
бағалау нәтижесі объективті емес.
Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі сияқты қоғамдық қатынастар
сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін бағалаудың жаңа шкаласын еңгізу
қажеттігі – бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі.
Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы
бағалап отыру көзделеді. Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму
деңгейі мен бейім қабілетін ертерек байқауға мүмкіндік жасалады.[11]
1.2 Сабақта сыныптастарын және өзін-өзі жүйелі бағалауды қолдану,
оқушылардың бірлескен жұмысы мен сана-сезімдерін жетілдіру
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің
маңызды да салмақты бөлігі болып табылады, оқыту үдерісін басқарудың
түйінді кілті бағалауда деп те айтуға болады. Бағалау - оқыту нәтижесін
анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі
кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор.
Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл
емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін
анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Қазіргі білімді бағалау жүйесінде мұғалім көптеген қиындықтарға кезігіп
жатады:
*Баға қою мектеп пен мұғалім тарапынан сыртқы бағалау функциясын
атқарады: мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін
баға қояды. Оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен
қарайды.
*Оқушының өздігінен оқуын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді;
*Оқытуды даралауға қиындық келтіреді. Бұрынғы алған білімімен салыстырғанда
әр баланың қаншалықты деңгейге нәтижеге жеткенін айқындау қиын;
*Көбіне зақым келтіреді. Баға қою мұғалім қолында ғана болғандықтан
балаға да, ата-анаға да психологиялық қысым жасалады. Оқушылар білім үшін
емес баға үшін оқиды.
*Мұғалімдер тәжірибесінде оқушының жеткен нәтижесі емес жұмыстың көлемі мен
формасын бағалау әдетке айналған;
*Бағалауда оқушыларды бір-бірімен салыстыруға екпін жасалатындықтан
оқушылардың оқуға ынтасы , белсенділігі жойылады, орта деңгейде оқитын
оқушылардың ынтасы мүлдем жойылып, жақсы оқитын оқушылардың жетістікке
жетуіне жағдай жасалмайды.
Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы-
оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау
жүйесін қажет етеді. Сол себептен, оқытуға деген көзқарас өзгергендіктен,
оқыту нәтижесін бағалау да жаңа бағытқа ие болуда.
Оқушылардың білім нәтижелерін бағалауға байланысты Кембридждік Бағдарлама
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін ұсынады. Бұл модуль бағалауды
екі түрде қарастырады: суммативті (жиынтық) бағалау және және формативті
(қалыптастырушы) бағалау. Яғни мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқытуды
бағалауды пайдаланғанда , бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.
Сонымен қатар білім беру үрдісінде мұғалімдер мен оқушылар үшін қандай
мақсатқа жету керектігін білу маңызды, ол мақсатқа жету критерийлерін
түсінуді талап етеді. Оқыту нәтижесін бағалау-Бағдарламаның басты идеясы
болып табылады. Сондықтан баланың тұлғасын емес, орындаған жұмысын бағалау
керек. (С.Т.Щацкий) Бағалаудың түрлері мен әдістерін ұтымды пайдалану
мұғалімге оқытуды даралауға, яғни әр оқушының мүмкіндіктері мен
қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Оқушылар алда тұрған мақсаттың
мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған
жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында
өзін-өзі бағалаудың және сыныптастарын бағалаудың маңызы зор. Әрбір
оқушының сабақта қалай жұмыс жасағанын анықтауда өзі-өзі бағалауға
үйретемін. Өзім сабақ беріп жүрген 1-сыныпта өзін-өзі бағалауға жас
ерекшеліктеріне сай қолданамын.[12]
Бастауыш сынып оқушылары үшін қарапайым және тиімді әдіс- Бағдаршам
әдісі. Бағдаршам түстерін пайдаланып, (жақсы, орташа, шамалы түсіндім)
оқушылар өздеріне берген бағасын хабарлайды. Мұғалім жасыл немесе сары
түстер бірлесіп бір-біріне проблеманы шешуге көмектесуі үшін оларды жұпқа
біріктіре алады. Ал қызылдар тобы өздерінің түсінбеушіліктерін жою үшін
мұғаліммен топтасады.
Басбармақ әдісі. Тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың қаншалықты
түсінген, түсінбегенін білу үшін мұғалім қол белгілерін қолданады.
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсіндім және айтып бере ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz