Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін өзіндік жұмыстар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

«Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын арттыру»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын арттырудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мазмұны мен мәні . . . 5

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын дамыту негіздері . . . 14

ІІ Бастауыш сынып оқушыларына өзіндік жұмыстар негізінде оқуға мотивациясын арттырудың әдіснамалық негіздері

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін өзіндік жұмыстар . . . 2

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын арттырудың әдістері . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу біздің алдымыздағы ең басты міндет.

«Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев. [1]

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында ұлттық және жалпы азаматтық құқықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамдарды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани күш - қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан - жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. [2]

Қазіргі кезеңде еліміздегі ғылыми-техникалық жаңару мен даму, қоғам өмірінің барлық салаларындағы өзгерістер адамның интелектуалдық күш-жігерін, саналы әрекеті мен ізденімпаздылығын, танымдық ой-өрісінің белсенділігі мен іс-әрекетін шығармашылық сипатта жүзеге асыруды талап етеді. Демек, жастарды еңбектің қай саласында да, білім алуда да тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, бастауыш сынып оқушыларына математика сабағында өзіндік іс-әрекетін тиімді ұйымдастыра отырып, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын оқушы етіп даярлау қажет болып отыр. Әр ғылымның барлық саласында болмысын білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық прогресс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы бастауыш сынып мектептеріндегі оқыту үрдісінде оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Осыдан келіп, оқушылардың өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады, қазіргі заман талабына сай бастауыш сыныпты бітірген оқушы, орта сыныпқа барған кезде өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс.

Сапалы білім, саналы тәрбие алған жастарымыз егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани адамгершілік тұрғыда дамуына үлес қоса алады. Сондықтан бастауыш сыныптан берілген білім мен іс-әрекет тәсілдерін бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәрбие тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, мақсатты іс-әрекетімен сабақтастыру үшін күнделікті оқу үрдісінде бағдар алып отырғанда ғана нәтижеге қол жеткізе алады. [3]

Оқу үрдісін жетілдіру және шәкірттің жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесіне байланысты көптеген ғылым педагогтардың еңбектері арналған (Я. А. Коменский, Ю. К. Бабанский, В. А. Сластин, М. Жұмабаев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, А. Г. Қазмағамбетов және т. б. ) .

Оқу үрдісінде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру, танымдық, ізденімпаздық, танымдық дербестікті дамыту мәселелері бойынша С. С. Смаиловтың, А. Е. Әбілқасымовтың, Р. С. Омаровтың, Т. И. Шашованың, Т. С. Сабыровтың, т. б. зерттеулері бар.

Жеке тұлғаның адамгершілік дамуы мен ұлттық мәдениеттің қалыптасуын Қ. Бөлеев, С. Аязақбаева, Р. К. Төлеубекова, Т. А. Тойлыбаев, т. б. зерттеген.

Бастауыш мектепте мұғалімнің кәсіби-әдістемелік даярлығын жетілдіру туралы М. Құдайқұловтың, Н. Д. Хамельдің, С. С. Смаиловтың, В. А. Якуниннің, С. И. Архангельскийдің, В. П. Беспальконың, А. А. Вербицкийдің т. б. зерттеген. [4]

Арттыруға әсер ететін оқу үрдісінің кейбір факторлары мен құралдары, әдістері туралы ой-пікірлер айтылады. Бастауыш мектеп оқушыларының өзіндік іс-әрекет дағдыларын қалыптастырудағы оқу тапсырмалары жүйесінің орны мен маңызы О. Салимбаевтың басылым көрген бірнеше ғылыми еңбектерінде жан-жақты ашылып көрсетілген. Қазақ халқының ғұлама ойшылы А. Құнанбаевтың тәрбие туралы идеяларын педагогика практикасында пайдалану мүмкіндіктерін зерттеген Г. И. Туретаевтың еңбектерінің ерекше мәнді екенін атап айтқан жөн. Бүгінігі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігінде енуге бағытталған талпыныстары білім беру мазмұнын жаңарту, оқу үрдісін жетілдіру, әсіресе шәкірттің өзіндік жұмысын, дербестігі мен ізденімпаздылығын дамытатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріп отыр.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының математика пәнінде өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, оның қазіргі кезеңдегі әдістемесін жасау және оқушылардың оқуға мотивациясын қалыптастыру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Оқу үрдісінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру проблемасын теориялық тұрғыда қарастыру және оны қазіргі кезеңде жетілдірудің перспективалық бағдарын айқындау.

2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде оқуға деген белсенділігін, мотивациясын арттыру.

3. Бастауыш сынып оқушыларының жұмысын ұйымдастыру әдістемесінің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.

І Өзіндік жұмыстар негізінде бастауыш сынып оқушыларының оқуға мотивациясын арттырудың теориялық негіздері

1. 1 Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың мазмұны мен мәні

Бүгінгі таңда оқу процесінде өзіндік жұмыс міндеттерінің күрделендіру деңгейі, мектеп оқушыларының тек бағдарлама мен жоспарланған білім, білік және дағды жүйелерін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта отырып, өз бетінше үздіксіз білімін көтере беруге бағытталған.

Өзіндік жұмыс мектеп оқушыларының дербес оқу-іздену қызметінің ғана өзегі болып қана қоймай, мұғалімдердің оқыту қызметіндегі “ең кіші ұйымдастыру бөлшегі” болып табылады. Осыған орай, оқу процесін ұйымдастыруда өзіндік жұмыс бір жағынан, мұғалімнің оқытушылық қызметін ұйымдастыру құралы, екінші жағынан, оқушының дербес оқу қызметі бола отырып, жүйедегі жетекші екі бағыттың тоғысар тұсы ретінде қарастырылады.

Мұғалім мен оқушының өзіндік жұмыс қызметін кесте түрінде келесі мазмұнда көрсетуге болады (кесте 1) .

Кесте 1 Мұғалім мен оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру кезіндегі қызметтері

Мұғалімнің басқару қызметі: Мұғалімнің басқару қызметі
Оқушының қызметі: Оқушының қызметі
Мұғалімнің басқару қызметі:

  1. Әрекеттің себептері, жұмысты орындау туралы әдістемелік нұсқаулар.
  2. Тапсырманы анықтап беру.
  3. Жұмыс барысында бақылау жүргізу.
  4. Оқушылар әрекетіне, оның жеке амал- тәсілдеріне түзетулер жасау.
  5. Жұмысты тексеру оның нәтижесін талдау, бағалау.
Оқушының қызметі:

  1. Жұмыстың нақты мақсат-міндеттерін аңғару.
  2. Жұмыстың мәні мен пайдасын ұғыну, оған қызығу.
  3. Жұмысты орындаудың жоспарын жасау.
  4. Өзін-өзі бақылау.
  5. Өзін-өзі тексеру, өз жұмысының қателерін табу, оны түзету, өзін-өзі бағалау

Енді өзіндік жұмыс кезіндегі мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын әрекетін кеңінен қарастырсақ.

Мұғалім оқушыларға шамалары келгендей тапсырмалар ұсынады, онда келесілер орын алады: жұмыстың мақсаты, оның бөлімдері бойынша орындау реті (өзін - өзі бақылау ), мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу ( кері ақпарат) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп, меңгергенін анықтайды, демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушылардың өзіндік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетіне бағдарлама жасайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды. [5]

Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындалу тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы, жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелер бағдарламасын жасайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді, (өзін-өзі бақылау ) және ( жазу жұмысы, сандар, сызулар, суреттер, модельдер т. б. ) тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу әрекетінің жемісті болуы - оқу жұмысының тәсілдерін меңгеруге байланысты.

Өзіндік жұмысты ұйымдастырғанда, мұғалім оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеріп, соған қарай беретін тапсырмаларды өзгертіп отырғаны жөн және орындалған жұмыстың жалпы қорытындысына ғана баға қоймай, сонымен қатар оқушы қалай жоспарлады, қандай тәсілдер қолданып орындады, өзі қалай тексеріп отырды, осының бәрін ескеріп, бағаланған жөн.

Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарының сапасын арттыру мақсатына жету үшін, мұғалімнің жоғарыда баяндалған оқу әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін біліп, соған сәйкес өзінің әдістемелік шеберлігін жетілдіріп отыру қажет. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін, мұғалім мынадай үш жағдайды ескергені жөн, олар:

1) оқушылардың өзіндік жұмыстарының мазмұнын анықтау

(берілетін білім және оны оқыту міндеттері ) ;

2) өзіндік жұмысты ұйымдастырудың жоспарын жасау,

қолданылатын амал - тәсілдерді белгілеу;

3) оқушылардың жұмысты ойдағыдай аяқтауы үшін дұрыс бағыт беріп көмектесу (жұмыстың жүйелі барысына басшылық ету, тиісті түзетулер жасап отыру) .

Оқушылардың өздігінен жұмыс істей білу әрекеті бірден қалыптаспайды. Ол өте күрделі процесс болғандықтан, жай, қарапайым сатыдан жоғары, күрделі сатыға қарай дамиды. Оның қалыптасуына алдымен сыртқы факторлар әсер етеді: оқытудың маңызы мен міндеттері, оның әдістері, мұғалімнің талаптары т. б. Содан бірте-бірте оқушының белсенді таным әрекетіне байланысты өздігінен жұмыс істеуі оның қажетіне айналды (өздігінен білім алу, өзін- өзі басқару, бағалау сияқты әрекет дәрежесіне көтеріледі) .

Оқушы ең алдымен, мұғалімнің берген үлесіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмлар орындайды. Мұндай жағдайда жұмыстың мазмұнын, жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ретінде жұмыс істейді. Егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жаңа жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Мұндай жағдайда оның дербестігі, өздігінен істейтін әрекеті арта түседі.

Бұдан шығатын әдістемелік қорытынды: мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге жаттықтыратын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын іс-әрекеттерге үйрету қажет.

Өзіндік жұмыс біздің пікірімізше, оқу-танымдық қызмет жүйесінің элементі болып табылады. Бұл жүйеде төмендегідей топтарды бөліп көрсетуге болады: субъективті, объективті, субъективті- объективті және мазмұндық- операциялық.

Кең көлемде алғанда оқушылардың өзіндік жұмысы, танымдық міндетіне сай білімдері, тәжірибелері мен қабілеттерін арттыру мақсатында олардың біліктері, дағдылары меңгерген құралдары мен әдістерінің негізінде оқу материалдарын өзгертуге бағытталған іс- әрекеттер жүйесі болып табылады. Бұл анықтамадан төмендегідей белгілерді бөліп көрсетуге болады:

а) нақты немесе нақты емес түрдегі мұғалімнің ұсынып отырған танымдық мәселелері;

б) бұған дейінгі ізденістер нәтижесінде қалыптасқан және алдағы атқарылатын өзіндік жұмыстар ойдағыдай орындауға қажетті білім, қабілет, білік, дағды.

в) қажетті мөлшерде өзгертіліп, нақты міндеттері көрсетілген танымдық тапсырма құрамына кіргізілген оқу материалдары;

г) оқу материалдарын меңгеру үшін пайдаланылатын оқу құралдары мен әдістері;

д) оқушылардың білімін, тәжірибесін тереңдету мен кеңейтуге, сондай-ақ оларда танымдық қажеттіліктер мен құндылықтардың қалыптасуы мен дамуына бағытталған іс-әрекеттер жүйесі.

Тақырыптың, мақсаттың бағыттары мен оқу танымдық қызметтерін көрсететіндіктен “а” және “б” белгілер сыртқы белгілер деп аталуы мүмкін. Мектеп оқушыларын дербес танымдық қызметке қосудың дидактикалық ережелері “б” бөлімде көрсетілген. Жұмысты жүргізу тәртібіне (процессуалдық) және оның нәтижесіне қатысты белгілер “в”, “г”, “д” бөлімдерде берілген. Өзіндік жұмысқа толық анықтама “сыртқы”, “ішкі” процессуалдық және нәтижелік белгілердің жиынтығы бойынша беріледі.

Бұл айтылғандарды сызба түрінде көрсетуге (сурет 1) және төмендегіше түсіндіруге болады: тәжірибелі, білімді, қабілетті өз дағдысы мен білігі бар мұғалім, оқу материалдарына сай, қажетті жағдайды, дәлелді келтіріп, мақсатты айқындай отырып, оқушыға танымдық тапсырма береді, ал ол өз кезегінде білімі, тәжірибесі біліктілігіне сүйеніп, қажетті нәтижеге жетуі үшін бірқатар іс-әрекеттерді орындайды. Мұндай іс-әрекеттердің қорытындысы жаңадан алынған білім, білік, жағдай мен нәтижені, жасалынуы тиіс іс-әрекеттерді меңгеруі болып табылады. [6]

Сурет 1 Өзіндік жұмыстың құрылымы

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұтымды ұйымдастыратын мұғалімдердің тәжірибесі мен зерттеулерінің көрсетуінше, оларды қажетті дидактикалық деңгейде және жүйелі ұйымдастыру сабақ материалдарының меңгерілуін арттырып, оқушылардың танымдық процестерін, ойлау қабілеті мен шеберлігін жоғарылатып, дағды қалыптастыратынын көрсетеді.

Әдіскерлер мен дидактиктердің қажырлы еңбегі нәтижесінде оқыту теориясында оқушылардың өзіндік жұмыстарына қойылатан төмендегідей негізгі талаптар айқындалған [1-6] :

1) өзіндік жұмыс мазмұнының оқу бағдарламасына қойылатын

талаптарға сәйкес болуы ;

2) өзіндік жұмыстарды атқаруға оқушылардың қабілеттерінің жететін

болуы;

3) жұмысты түсіне атқару қағидасының сақталуы:

4) өзіндік жұмыстардың белгілі жүйе бойынша ұйымдастырылуы;

5) оқушылардың өзіндік жұмыстарды орындауға төмендегідей тәртіп

бойынша дайындалуы:

а) оқушыларға өзіндік жұмыстың мақсаты мен міндеті жөнінде дәл

және қысқаша нұсқау берілуі;

б) оқушылардың жұмысты орындауға қажетті ұйымдастырушылық

және техникалық дағдыларға үйретіліуі;

в) оқушылардан елеулі деңгейдегі ой еңбегін қажет ететін

мәселелердің талап етілуі;

г) өзіндік жұмысты орындауға берілген уақыттың шектеулі болуы;

6) мұғалімнің өзіндік жұмыстың орындалу барысын қатаң қадағалап

қажетті жағдайда көмек беруі;

7) оқушылардың өзіндік жұмысының орындалуын міндетті түрде

тексерілуі;

8) оқушылардың жұмысты жүргізу кезінде өзін-өзі қадағалауға

дағдылануы;

9) өзіндік жұмысты ұйымдастыру барысында әр оқушыға дербес

талап қойылуы.

Осыған орай, өзіндік жұмыстың ұйымдастырушылық сипатын көрсететін белгілер төмендегілер:

- өзіндік жұмыс мақсатының болуы;

- нақты тапсырмасының болуы;

- жұмысты тапсырма алған әрбір оқушының орындауы;

- өзіндік жұмыс нәтижесін көрсетудің нақты анықталған сипатының

болуы.

Біздіңше, өзіндік жұмысты ойдағыдай ұйымдастыруға қажетті екі жағдайды ерекше атап көрсетуге болады: біріншіден, өзіндік жұмыстың мақсатын оны атқаратын әрбір оқушы өзі анықтауы тиіс; екіншіден, оқушылардың өзіндік жұмысты атқаруға жеткілікті деңгейде дайындығы, яғни белгілі деңгейдегі білімі және оны жинақтау әдістерін меңгерген болуы, сондай-ақ оларды нақты іс-әрекетке пайдалана алуы шарт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстардың педагогикалық мәні
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Бастауыш мектеп оқушыларының дүние танымдық білімдерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тиімді түрлері мен әдістері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының біліктерін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстың ерекшеліктері
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Сабақтан тыс жумыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Көркем шығарманы бастауыш сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негізін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz