Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми-зерттеу жұмысы

Тақырыбы : Психология бойынша кластан және мектептен тыс жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І Психология бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы теориялық- әдістемелік негіздер

1. 1 Сыныптан тыс жұмыстар туралы сипаттама . . . 5

1. 2. Сыныптан тыс жұмыстарда психологтың жұмыс бағыттары . . . 7

1. 3. Оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін психологиялық жұмыстар. … . . . 9

II Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар

2. 1. Психологиялық үлгісі . . . 13

2. 2. Оқушы тұлғасын қалыптастыруға арналған оқушылар арасындағы психологиялық тренингтер . . . 17

2. 3. Психологиялықжурнал бойынша жаттығулар және жұмыстар . . 20

Қорытынды . . . 30

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Сыныптан тыс жұмыстар өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына тән қадір-қасиеттерді сіңіруге ұйытқы болады.

Бүгінгі таңдағы қоғамның талабы тұлғаның психологиялық сипатының дұрыс қалыптасуы. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім мен тәрбие беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады. Тұлғаны психологиялық дамыту үрдісі - әрі қиын әрі ұзақ үрдіс. Субьект мен обьект адамның дүниені өзгерту, игеру жөне тану қызметімен байланысты қолданыла бастады, яғни субьект өз болмысының, іс-әрекетінің, соның ішінде рухани жаратылыс пен таным қызметінің бірден-бір иесі, жасаушысы деп түсінетін көзқарас пайда болды. Субьект осы дүниеде ең ақырғы себеп, ең ақырғы нәтиже болып табылады.

Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жататын әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де. Тұлғаның психологиялық мәнін ашып көрсету - тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көріністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды.

Жұмыстың мақсаты: Сыныптан тыс психологиялық жұмыстардың жалпы мақсатын орындауға бағытталған-балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру, сабақтан тыс жүзеге асыратын міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, дүниетанымын қалыптастыру, бос уақытын дұрыс ұйымдастыру.

Жұмыстың міндеттері:

а) Оқушылардың тұлғасын дамытуда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың алатын орны;

б) мұғалімдерінің оқушылардың жеке тұлғаны дамытудағы аспектіні психологиялық эксперимент жүзінде тексеру.

в) Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру

г) Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

Жұмыстың пәні: Психология бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізу

Жұмыстың объектісі: Оқушылардың психологиялық даму процесі

Жұмыстың әдістері: Психологтардың сыныптан тыс жұмыс жүргізу арқылы жеке тұлғаны дамытудағы іс-тәжірибесімен танысып, құндылығын анықтау, оқушылармен әңгімелесу.

Жұмыстың болжамы: Егер, сыныптан және кластан тыс психологиялық жұмыстарпсихологиялық- педагогикалық дамуы жағынан сай жасалса, онда оқушылардың кәсіби-адами құндылық қасиеттерінің сапасы жоғары болар еді.

Жұмыстың жұмысының әдістері : педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге талдау жасау;

-сауалнамалар, топтық жеке әңгімелесулер, жеке адамды зерттеу әдістемелері.

І Психология бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар

1. 1 Сыныптан тыс жұмыстар туралы сипаттама

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі әрекеттердің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде ықпал ете алады.

Біріншіден , оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден , сыныптан тыс әр түрлі жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.

Бесіншіден, сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Психолог оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.

Алтыншыдан, сыныптан тыс жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік психологтан табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.

Жетіншіден, сыныптан тыс жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.

Қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі жоғары мектептегі психологияны оқытудың әдістемесіне жаңа, әрі тиімді әдістерді енгізуді қажет етіп отыр. Психологияны оқытудың тиімділігі негізінен педагогтың оқу процесін психология ғылымының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты болады.

Осыған байланысты психология пәнінің оқытушысы психологияның теориялық сұрақтарымен бірге, оқушыларда жоғары мектепте оқу барысында пайда болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына да жауап бере білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту әдістемесі оқушылардың ерекшеліктерін ескеруі міндетті.

1. 2 Сыныптан тыс жұмыстарда психологиялық қызметтің маңыздылығы

Психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу-тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында, оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек беру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) .

2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

3. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.

4. Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау[7] .

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты жалпы мақсатты орындауға бағытталған-балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру, сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, дүниетанымын қалыптастыру, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

Міндеттері:

1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету.

2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егер де балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.

3. Балада әр түрлі көркем өнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыстарында бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту бір жағдайда, ол оқу процесінде жұмыс істесе, екінші жағдайда балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Соның ішінде псхологиялық үйірмелер мен тренингтерге қатысу сыныптан тыс оқытудың бір түрі болып табылады.

Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың әрқайсысының тұлғасын қалыптастыруда, ең алдымен психологиялық-педагогикалық, басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдермен оқушылардың мызғымас ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.

1. 3 Оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін психологиялық жұмыстар

1. Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру.

Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:

- балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т. б. ) ;

- бастауыш сынып оқушыларының мектептегі оқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;

- оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеу мен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау.

- оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;

- арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулы бағдарламалар дайындау;

- интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

- оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т. б. ) байланысты олардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу;

- педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімді байланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.

Психолог психопрофилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін сынып жетекшілермен бірлесе отыра, оқушылар туралы мәліметтер жинақтайды:

- дарынды оқушылар;

- озат оқушылар;

- үлгермеуші оқушылар;

- «қиын» оқушы мәселесі.

Психолог сабақтарға қатысады:

- оқушылардың жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында;

- оқушылардың психикалық үрдістеріне, мінез-құлық, темперамент ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу мақсатында;

- мұғалімдерге педагогикалық-психологиялық ұсыныстар беру мақсатында.

Оқудан тыс шаралар ұйымдастырады:

- мұғалімдер үшін психотерапиялық ойындар мен тренингтер өткізу;

- педагогикалық-психологиялық консилиумдар өткізу;

- ІХ-ХІ сынып оқушыларының кәсіби бейімділігін зерттеу;

- оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

- мұғалімдер үшін психологиялық мазмұнда тұрақты семинарлар өткізу;

Психопрофилактикалық жұмыс түрлері: психологиялық сауаттандыру, психологиялық кеңес беру, педагогикалық-психологиялық консилиум.

2. Психодиагностикалық жұмыстар - ол әрбір жас кезеңдеріндегі оқушылардың өзіндік психикалық үрдістерінің даму ерекшеліктерін түрлі зерттеу әдістері мен зерттеу әдіс темелерін қолдана отыра анықтайды.

Психодиагностикалық жұмыстарды мектеп психологы мынадай мақсатта жүргізе алады:

- оқушылардың психикалық дамуы оның жас ерекшеліктеріне сай келе ме? Әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу мақсатында олардың қабілетін ерте анықтау үшін психологиялық зерттеулер жүргізеді;

- балалардың жас дамуынан төмен психикалық ауытқушылықтарының себептерін, мінез-құлықтың бұзылу себебін анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізеді;

- оқушылардың ересектермен (мұғалім, ата-ана), өз құрбыларымен қарым-қатынасының мазмұнын, қарым-қатынастың бұзылуының кейбір психологиялық себептерін анықтауға байланысты жұмыстар жүргізеді.

3. Психокоррекциялық (түзету) жұмыстары. Оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал ету. Білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар жүргізе отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігі, жалпы психикасындағы ауытқушылықтар мен кемшіліктерді түзету. Ол үшін психолог:

- жас ерекшелігіне байланысты әрбір кезеңнің қалыптасу бағдарламасын жасауы керек;

- психикасында ауытқушылығы бар балалардың жүйке жүйесінің бұзылуының себептерін анықтайды;

- әрбір психикалық ауытқушылықтардың мазмұнына байланысты коррекциялық (түзету) жұмыстың бағдарламасын жасайды;

- шұғыл шара алатындай отбасы жағдайы қиын балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетудің бағдарламасын жасау.

Психокоррекциялық жұмыс ата-аналармен, пән мұғалімдері мен сынып жетекшісімен бірлесіп жүргізілуі керек. Психокоррекциялық жұмыстар барысында оқушыларға ойын тренингтерін беру, иммитациялық ойындар, түрлі маңызды ситуацияларды шешу т. б. тапсырмалар беріледі.

Қиындық туғызатын оқушылармен жұмыстың мақсат-міндеттері:

1. Оқушының жеке басын, отбасын жеке зерттеу;

2. Оқушының физиологиялық-психологиялық ерекшелігін диагностика арқылы анықтау;

3. Қиын оқушылармен ақыл-кеңес, әңгімелесу, сырласу жұмыстарын жүргізу;

4. Мектептің, сыныптың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде араластыру;

5. Арнайы мамандармен (дәрігерлер, психолог, заң қызметкерлерімен) кездестіру;

6. Арнайы комиссияларға апару;

7. Оқушыларға жауапты жұмыстар тапсыру;

8. Балаға сыйластықпен қарап, оның жағымды жақтарын ашуға тырысу;

9. Сабаққа қатысуын жүйелі бақылау;

10. Ата-анасымен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл - кеңес беру.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді демек, олардың қызметі ерекше. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен оқудан тыс жүргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие мінеттерін толықтыру және терендету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық тану, белгілі бір нәрсеге қызығушылына мен ынтасын ояту, қогамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастаруды көздейді .

Оны талдау жалпы немесе жекелеген мақсат, міндетгеріне, оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелеген оқушылардың міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысы атқарылады.

1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунтар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын- жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынтерлермен) .

3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.

4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуга арналған байқауларды ұйымдастыру.

5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.

6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікір талас, әңгіме түріңде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тогыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т. с. с.

9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.

10. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілекгері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т. б.

11. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

12. "Атамекен" бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.

13. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрамдардын атап өту.

14. Сынып жиналыстарын өткізу.

15. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жендеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

16. Мұражайларға, көрмелерге, демалалыс -мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.

17. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

II Сыныптан және мектептен тыс психологиялық жұмыстар

2. 1 Психологиялық үйірмелер ұйымдастырудың үлгісі

Психология пәні бойынша аудиториялық оқудан тыс ұйымдастырылатын жұмыстың бірі психологиялық үйірмелер болып табылады.

Психологиялық үйірмелер - білім алушылар өздерінің танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыратын, шығармашылық әлеуетін дамытатын, олимпиада, байқаулар мен көрмелерге, конференцияларға және т. б. қатыса алатын оқудан тыс жұмыстың арнайы ұйымдастырылған формасы.

Үйірмелер екі түрлі қызмет атқарады: білім берушілік және тәрбиелік. Бірінші қызметі білім алушының бағдарламадан тыс материалды терең игеруінен көрінеді, екіншісі педагог мамандығына сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін оятып, балалармен жұмыс істеу қажеттіліктерін қалыптастырады.

Үйірменің бірнеше түрлері бар, олар: проблемалық-тақырыптық (жекелеген өзекті сұрақтарды тереңірек қарастыру, мысалы, бейіналды және бейінді оқытуды ұйымдастыру, сабақтарда белсенді оқыту тәсілдерін қолдану және т. б. ), тарихи-тақырыптық (өткен ғасырлардың атақты педагогтарының өмірі мен қызметі туралы оқу), проблемалы-аналитикалық (оқу, талдау, озат педагогтар тәжірибесін, білім беру мекемелерінің инновациялық үлгілерін жинақтау, қорыту) .

Үйірмелер қызметін ұйымдастырудың талаптары :

-үйірме жұмысына қатысу ерікті түрде жүзеге асады;

-үйірме жұмысына қатысушылар жас мөлшері әр түрлі болуы мүмкін;

-қаралатын сұрақтар өзекті, практикалық жағынан мәні зор болуы керек;

-теория мен практика арасындағы байланыс орнату яғни, барлық қаралатын сұрақтар теорияға негізделуі тиіс, ал үйірме қатысушылары жекелеген тапсырманы орындаудан бастап, жоба қорғауға дейін әр түрлі іс-әрекетке қатысулары керек.

-үйірмеге қатысушылардың іс-әрекеттері шығармашылық тұрғыда болуы шарт, бұл олардың зерттеушілік, ізденіс жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттырады;

-үйірме қатысушыларының іс-әрекет нәтижелері мен жетістіктері үнемі баспасөз беттерінде немесе білім беру порталдарында жарияланып отыруы керек;

-рефлексия өткізу: үйірме мүшелері өз іс-әрекеттерін талдап, өз жетістіктеріне болжау жасап отырулары керек.

Тақырыбы: «Өз - өзіңді танысаң - істің басы»

Үйірменің басты мақсаты:

  • Оқушылардың өзін - өзі тануына, өзінің не нәрсеге қызығушылығы, қабілеті бар екендігін анықтауға бағыт беру;
  • Өз - өзіңді тани білсең ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ұғындыру;
  • Адам өмір жолының маңызды құрамдасы ретіндегі өзін - өзі тану туралы түсініктерін кеңейту;
  • Әр адамның қайталанбас тұлға екендігін есте тұта отырып, өзін - өзі түсіну, өзін - өзі бағалай білу және өзін - өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен таныстыру;
  • Өзін - өзі тәрбиелеу үрдісінде рухани құндылықтардың қайнар көзі - халықтық тағылымдардың тәжірибесінен тәлім ала білуге баулу.

Үйірменің міндеті :

Жоғарыда көрсетілген мақсат негізінде келесі міндеттер анықталды:

  • Оқушыларды өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
  • Психология әлеміне енуге жағдай жасау;
  • Зерттей оқу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;
  • Оқушылар шеберлігіне көз жеткізу.

Күтілетін нәтиже:

-Берілген ақпараттарды игере отырып, өз - өзін тани алуы, өз мүмкіншіліктерін білуі;

- Оқушының ойлау аймағының шексіз екендігін көрсете отырып, өз - өзін түсінуге, бағалауга баулу;

- Байқампаздыққа жетелеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама беру
Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу жолдарын практикада жүзеге асыру
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің ғылыми -теориялық негіздері
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің жолдары
Бастауыш сыныпта сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру жолдары
Бастауыш сыныпта математика пәнінен ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттырудағы музыка пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың әдістемесі
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелеудегі маңызы
Оқу дағдылары және оқу жұмысы тәсілдері
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz