Кәсіби оқыту психологиясының мазмұны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Кәсіби білім беру психологиясы»

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І Кәсіби оқытудың психологиялық мазмұны мен теориялық негіздері

  1. Кәсіби оқытудың психологиялық міндеттері мен мазмұны……… . . . 5

1. 2 Кәсіби оқыту психологиясының зерттеу мәселесі - еңбек субъектінің қызметтік күйлері . . . 9

ІІ Кәсіби оқыту психологиясында маман тұлғасының қалыптасуының практикалық мазмұны мен технологиясы

2. Кәсіби оқыту психологиясында маман тұлғасының қалыптасуының мазмұны… . . . 14

2. 2 Кәсіби оқыту психологиясында зерттеу әдістері . . . …. . 21

Қорытынды . . . 34

Пайдаланаған әдебиеттер . . . 36

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Жұмыс ұжымының тұлғасы жалпы психология, еңбек психологиясы, инженерлік психологиялық пәндер қатарымен оқылады. Сонымен бірге жұмысшы топ немесе еңбек ұжымы әлеуметік және педагогикалық психологияда қарастырылады. Кәсіби психологиясының айрықша ерекшілігі оның обьектісі болатын адамдардың ұйымдастырылған қызметі құрайды, ал ұйымдастырылған қызмет - бұл адамдардың ортақ қызығушылығымен немесе мақсаттарымен, симпатияларымен немесе құндылықтарымен біріккен күнделікті жай қызметі емес. Бұл адамдардың бір ұйымға біріккен сол ұйымның ережелерімен нормаларына бағынатын және экономикалық, технологиялық, құқықтық, ұйымдық және корпоративтік талаптарға сәйкес оларға қойылған бірлескен жұмысты орындайтын қызметі және сол топтарда жұмыс барысында пайда болатын түрлі психикалық жағдайларды тиімді шешу болып табылады [1] .

Педагогикалық қызметкерлердің кәсіби мәнді сапалары мен шығармашылық әлеуметін дамыту үшін осы кезге дейін мамандардың пәндік кәсіби аймақтары аясында қызмет етіп келген біліктілікті арттыру жұмысындағы тәжірибеге түбегейлі өзгерістер енгізу қажеттілігі күн санап артып отыр деуге болады. Сондықтан мұғалімдер мен басқа да педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру ісімен айналыса отырған жүйенің де өз жұмысының мазмұнын, құрылымын өзгертіп, жаңа дидактикасын жасау кезек күттірмейтін өзекті мәселелер қатарына жатады.

Кәсіби оқытуда психикалық қатынасы ұйымдасқан біріккен қызметті құрап оны ұйымдасқан түрге келтіреді. Басқаша айтқанда бұл қызметінің байланысты қатынас емес, ол біріккен іс-әрекетті құрайтын қатынас болып табылады. Әлеуметтік психологияда басқарушы, оның мінезі түсініктігі болмайтын тұтас жеке әлеуметтік топтың бөлігі, элементі ретінде көрініс табады.

Адам психологиясының қалыптасуында ынтымақтасқан еңбек әрекетінің алатын орны да ерекше екенін халқымыз жақсы түсінген. Мәселен, “Көп еңбегің көп көңілді” деп, еңбек қана адамға зор қуат беріп, оның қажеттігін көтеріп, психикасын байытатып, жалғыз кісінің өндіргені тамшыдай болса, көптің өндіретіні дариядай болатындығы тебірене жырлаған. Шығыстың ұлы ойшылдары Әбу Насыр Әл-Фараби (870-968) , Қ. А. Ясауи, Жүсіп Баласағұни еңбектерінде, қазақтың ойшыл-ағартушылары Шоқан Уәлиханов (1835-1865), Абай Құнанбаев (1845-1904), ағартушы-педагогі Ыбырай Алтынсарин (1841-1868) т. б. өз шығармаларында еңбек тәрбие идеяларының мәнін ашуға атсалысты [2] .

Зерттеу мақсаты. Білім алушының кәсіби білімділігін арттыру және кәсіби оқытуды психологиялық тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу нысаны. Кәсіби оқытудың психологялық негіздері.

Зерттеу пәні. Кәсіби оқыту үрдісі

Зерттеудің міндеттері:

- Кәсіби оқытудың психологиялық міндеттері мен мазмұнын ашып көрсету;

  • Кәсіби оқытудың субъектісі тұлғасын қалыптастыруға әсер етеін факторларға психологиялық сипаттама беру;
  • Кәсіби оқыту субъектінің жұмысқа қабілеттілігін анықтау;
  • Кәсіби оқыту субъектінің қызметтік күйлердің жалпы сипаттама беру;
  • Кәсіби оқытуды психологиялық зерттеу әдістері және оларды практикада пайдалану жолдарын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер кәсіби оқытуды психологиялық тұрғыдан зерттеп, оның қызметтік күйлерін анықтап, оларды басқару шарттарын және тиімді жолдарын анықтасақ, онда кәсіби оқыту әрекетінде еңбек субъектісінің психологиялық және қызметтік күйлер туралы білім сапасының дамуы жаңа сапалық деңгейге көтеріледі, өйткені кәсіби оқыту субъектісінің психологиялық функцияларын тиімді басқарып, практикада қолдансақ, кәсіби оқытудың психология мазмұнын дұрыс меңгеруге ықпал етеді.

Зерттеу көздері : психология, әлеуметтік психология, психологиялық менеджмент туралы еңбектер.

Зерттеудің әдістері : Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, салыстырмалы талдау, әңгіме, сауалнамалар жүргізу, тестілеу, анкета жүргізу.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар : Қазіргі қоғамда кәсіптік міндеттерді орындау барысында адамның физиологиялық қорының деңгейіне талаптардың жоғарылауына, еңбектің көп түрлерінің жауапкершілігі мен кауіптілігіне, күрделілігіне, біздің өміріміздің барлық салалары мен формаларындағы әлеуметтік-экономикалық және техникалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты адамның еңбек қызметі туралы психологиялық білімдердің рөлі жоғарылап жатыр.

І БӨЛІМ Кәсіби оқытудың психологиялық мазмұны мен теориялық негіздері

  1. Кәсіби оқытудың психологиялық міндеттері мен мазмұны

«Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жаңа мазмұн мен жаңаша оқыту үлгілеріне көшіру - педагогикалық мамандардың кәсіби дайындығы негізгі факторы ретінде қарастырылады [1] . Кәсіби оқытудың психологиялық заңдылықтарын, еңбек талаптарын іске асыруда мүмкіндіктер мен шектеулерді, адам мен еңбек құралдарының өзара адаптация заңдарын білу «еңбек қызметінің психологиясы» ғылыми-тәжірибелік пәнінің мақсаты мен пәні болып табылады.

Бұрынғы заманнан бастап халықта еңбек жастарда кәсіби психологияны қалыптастырудың негізі деп ұққан. Сондықтанда еңбек - өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі ретінде қарастырылғаан. Ол жөнінде де көптеген мақал-мәтелер туған. Кәсіби психологиясының қалыптасуында ынтымақтасқан еңбек әрекетінің алатын орны да ерекше екенін халқымыз жақсы түсінген. Мәселен, Ы. Алтынсарин “ психология ғылымы адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше” - деп “жалқаулық адамды салақтыққа алып барады, жағымсыз көңіл-күй мен жағымсыз әдеттер туғызады” деген ой білдіреді [6] .

Абай адамның бірқатар жағымды, жағымсыз қасиеттерін көрсетіп, олардың адам өміріне, оның еңбек жетістіктеріне әсерін тигізеді деп айтқан [7] . «Біліктілік» категориясы педагогика үшін аса маңызды жалпы ғылыми әдіснамалық ұғым болып табылады. Адамға қатысты айтылатын бұл ұғымның философиялық сөздіктегі түсіндірмесі адамның бойындағы «күш-жігер», «қайрат» деген сөздерімен мағыналас екендігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, адамның белгілі бір мәселені шешу, нәтижеге жету үшін жұмсайтын қор, ішкі мүмкіндіктер кезі.

Ұғымды ең алғаш тұрмыста қол жеткен нәтижелер мен болашақты екі +бөліп қарастыру үшін қолданысқа Аристотель енгізген.

Біліктілігі жоғары мамандар - елестің, интуицияның күшті дамуымен, қалыптан тыс өнімді ойлай алуымен, ойды шығармашылықпен іске асыра алуымен, шығармашылық әрекет барысында ішкі күштерін жылдам жұмылдыра алушылығымен сипатталатын адамдар.

Бұл ұғымның психологиялық және педагогикалық түсіндірмелері курстық жұмыстың келесі тарауларында берілетін болғандықтан, жұмысымыздың келесі тірек түсінігі шығармашыл - адамның мәні, оның ішкі күштерінің яғни әлеуетінің бастауы, ішкі құрамаларының даму барысы екендігі айқындалды.

Кәсіби оқыту психологиясы - кәсіпті еңбек психологиясының субъекті ретінде адамды қалыптастыру және қызметтендіру саласындағы тәжірибелік есептерді ғылыми тұрғыда шешудің шарттарын, жолдары мен әдістерін зерттейтін психологиялық ғылымның саласы.

Кәсіби оқыту қызметінің психологиясының негізгі міндеттері келесі проблемалар бойынша тәжірибелік сілтемелерді зерттеу және өңдеу болып табылады:

1) кәсіби қызметтің нақты түрлерінің психологиялық ерекшеліктері (оның құрамы, шарттары мен ұйымдастырылуы, қателерді талдау, мамандықтардың жіктелуі және т. б. ) ;

2) еңбектің тиімділігіне, кепілдігіне, қауіпсіздігіне адамның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерінің әсері;

3) адамның кәсіптік жарамдылығын қалыптастырудың психологиялық заңдылықтары (профориентация, кәсіптік дайындық, еңбекке бейімдеу) ;

4) Еңбек субъектінің қызметтік жағдайлары ( шаршау, эмоциялық күйзеліс, стресс, монотония және б. ) және оларды диагностикалаудың, алдын алудың мен өзгертудің әдістері;

5) адам мен техниканың өзара әрекеттесуінің психологиялық заңдылықтары;

6) құру процесін (жобалау, бағалау) және жаңа техниканы қолдануды инженерлік-психологиялық қамтамасыз ету.

Кәсіби оқыту психологиясы педагогикалық психологияның саласы болып, кәсіптік білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмдерін зерттейді. «Кәсіп» термині ретінде адамның тіршілігін материалдық қамтамасыз етудің көзі болып табылатын және белгілі дайындықты қажет ететін еңбек қызметінің түрі түсініледі. Кәсіп тағы да белгілі адамға тән білім, дағдылар мен қабілеттердің жүйесі ретінде сипатталады. «Кәсіптік білім беру» ұғымы арнайы білім алумен сәйкес келеді және кәсіптік-техникалық, орта және жоғары білім беру мекемелерінде алуға болады. Кәсіптік білім нақты кәсіп пен мамандық бойынша белгілі білім мен дағдыларды алумен байланысты. Осылай, кәсіптік білім оқу орындарында мамандарды бастапқы, орта және жоғары кәсіптік білім алуға дайындықты жүргізеді [8] .

Кәсіптік білім беру кәсіпті алуға бағытталу керек, ол кәсіптік дайындықтың кәсіптік өзін анықтау немесе кәсіпті таңдау, кәсіптік сана-сезім, субъекттің кәсіптік дамуының кезеңдерін талдау сияқты пролемаларын зерттеуді қажет етеді.

Кәсіптік білім беруді ұйымдастыру келесі қағидаларға бағыну тиіс:

  • кәсіптік білім берудің арнайы білімнің қазіргі әлемнің

тенденцияларына сәйкес келуі;

  • кәсіптік білім берудің фундаменттенуі біім алудың психологиялық

процестерімен, әлем көзқарасын қалыптастырумен, жүйелік білімді алу проблемаларын қоюмен байланысты қажет етеді;

  • кәсіптік білім берудің индивидуализациясы белгілі кәсіпке қажетті

кәсіптік маңызды қасиеттерді қалыптастыру проблемаларын зерттеуді қажет етеді.

Осы қағидаларға сүйене отырып, кәсіптік білім беру психологиясының пәндік саласы төмендегіден тұрады:

  • кәсіптік білім беру жүйесінде тұлғаның жасарлық және жеке

ерекшеліктерін зерттеу;

  • адамды кәсіптік қызметтің субъекті ретінде, оның өмірлік және

кәсіптік жолын зерттеу;

  • кәсіптік оқыту және кәсіптік тәрбиелеудің психологиялық

негіздерін зерттеу.

Кәсіби оқыту қызметінің психологиясы тек қызметті қалыптастыру жолдарын, әдістерін мен тәсілдерін ғана емес, сонымен қатар адам психикасының қалаушы құбылыстарын да зерттейді. Кәсіби әрекет - адамның рухани және материалдық, жеке, қоғамдық қажеттіліктеріне жауап беретін, нәтиже алу үшін еңбек пәнін өзгертуге бағытталған адамның белсенділігі. Кәсіби әрекет құрамына да жалпы әрекеттің құрамындағы мотивтер, мақсаттар, құралдар, әрекеттің тәсілдері мен түрлері, осы өзгерістерден алынған нәтижелер мен өнімдер енеді. Кәсіби әрекет осыған сәйкес адамнан кәсіби білімді, арнайы дағдылар мен кешенді біліктерді және маңызды кәсіби сапаларды қажет етеді. Бұл салалардағы адамның дамуы жүйелі, өзара байланыстағы мақсаттарға бағытталған [5] .

Кәсіби оқыту психологиясының мазмұны. Кәсіби оқытудың әр нақты түрі белгілі нормативті келісілген (ең тиімді, үнемді) тәсілмен іске асады. Кәсіпті меңгеру процесінде адам осы тәсілді жеке, тек қана оның еңбегінің тәсіліне айналдырады, онда ол өзінің психологиялық, жеке ерекшеліктерін көрсетеді. Кәсіптің ішкі жағын меңгеру- нақты қызметтің функцияларын орындау үшін ұйымдастырылған еңбек субъектінің қасиеттерін, психикалық қасиеттердің жиынтығы ретінде, қызметтің психологиялық жүйесін еңбек субъектінің жеке қасиеттерінің негізінде қалыптастыру болып табылады.

Кәсіби оқыту психология жүйенің дамуы еңбек субъектінің кәсіптік дайындық процесінде де, және кәсіпкердің қалыптасу кезінде де жүреді. Бұл жүйенің қалыптасуы, қызметті меңгеру процесіне субъектің функционалдық блоктарының қосылуын, оларға пәндік мазмұн беру, нақты жұмыс функцияларының іске асуына бағыт алу, жеке блоктар арасында өзарабайланыстардың нығайтылуын қажет етеді.

Кәсіби оқытудың психологиялық жүйесінің функционалды блоктары келесі бөлімдерден тұрады:

1) кәсіби қызметтің мақсаттары, оның күштері (материалдық, білімдік, эстетикалық және т. б. ) ;

2) нақты болжамданған нәтижелерде көрінетін және құрамын қалыптастыратын қызметтің мақсаттары;

3) оның нақты мазмұны мен процесін бейнелейтін қызмет бағдарламасы;

4) қызметтің ақпараттық негізі - оның пәндік және субъекттік шарттары туралы ақпараттардың жиынтығы (нақты дабылдар, нақты кәсіптік білімдер) ;

5) шешім қабылдау процестері - проблемалық жағдайды белгілеу, гипотезалар шығару (шешімдер амалдары), шешімнің принципін анықтау, шешім тәсілдері туралы ұсыныстарды өңдеу, оларды бағалау (ең тиімді тәсілді табу) ;

6) психомоторлық процестер және жұмыс әрекеттері, қызметті мотор актері және қызметі бақылауда қолданылады;

7) кәсіптік маңызды қасиеттері - жеке психологиялық қасиеттердің, қызметердің жиынтығында нақты еңбек қызметін көрсететін еңбек субъектінің психолгиялық ерекшеліктері.

Қоғам дамуының әр кезеңі, оның әлеуметтік-экономикалық реті, ғылыми-техникалық прогресске жетуі үшін еңбек қызметінің ескі түрлерінің жойылып, жаңа түрлерінің пайда болуы тән. Бұл процес маңызды түрде қызметтің нақты компоненттерінің және еңбек субъектінің (жастардың өзіндік санасы, өзін-өз анықтау) және адам ресурстарының (саны, сапалық құрамы), еңбек міндеттерінің құрамын, жұмыс жүктемелерінің түрін, еңбек құралдарының, еңбек процесінің ұйымдастырылуының және ерекше шарттарының өзгерулерін көрсетеді. Кәсіби әрекет - адамның рухани және материалдық, жеке, қоғамдық қажеттіліктеріне жауап беретін, нәтиже алу үшін еңбек пәнін өзгертуге бағытталған адамның белсенділігі. Кәсіби әрекет құрамына да жалпы әрекеттің құрамындағы мотивтер, мақсаттар, құралдар, әрекеттің тәсілдері мен түрлері, осы өзгерістерден алынған нәтижелер мен өнімдер енеді. Кәсіби әрекет осыған сәйкес адамнан кәсіби білімді, арнайы дағдылар мен кешенді біліктерді және маңызды кәсіби сапаларды қажет етеді. Бұл салалардағы адамның дамуы жүйелі, өзара байланыстағы мақсаттарға бағытталған [6] .

Кәсіптік дамудың теорияларының барлығы өзін мақсатына келісімін қояды: кәсіптік таңдаудың бағытын, карьералық жоспарларды құру, кәсіптік жетістіктердің нақтылығы, кәсіптік тәртіптің жұмыстағы ерекшеліктері, кәсіптік еңбектен ляззат алу, тұлғаның білім тәрбиесінің тиімділігін, жұмыс орнының, кәсіптің тұрақтылығы немесе ауысуы.

Тұлғаның кәсіптік дамуының кейбір бағыттарын, теорияларын қарастырайық, онда кәсіптік таңдаулар мен жетісіктердің маңыздылығы мен детерминациясы айтылады.

Өзінің теориялық негізіне психодинамикалық бағытты алып З. Фрейд кәсіптік таңдаудың детерминациясы мен кәсіптегі тұлғаның қанағаттануының сұрақтарын шешуде адамның өте ерте бала тәжірибесінен бастап арық қалған өміріне белгілі ықпал етуін мойндауды ұсынады [15] . Кәсіптік таңдау және адамның соған байланысты кәсіптік тәртібі бірқатар факторлармен түсіндіріледі:

  1. ерте жастағы қажеттіліктердің құрылымдарымен;
  2. ерте балалық жыныстық дамудың тәжірибесімен;
  3. адамның негізгі әуестерінің энергиясын қоғамдық пайдалы қозғалту ретінде сублимациямен және негізгі қажеттіліктердің фрустарциясына байланысты аурулардан қорғану процесі ретінде;
  4. маскулинділік кешенінің (З. Фрейд, К. Хорни), «ана болуды көреалмаушылығымен» (К. Хорни), өзін кем санаумен (А. Адлер) көрінеді [16] .

50- шы жылдардың ортасынан америка психотерапевті Э. Бернмен дамып келе жатқан сценариялық теория, кәсіпті таңдау процесі мен кәсіптік тәртіпті ерте жаста қалыптасатын сценариймен түсіндіреді [17] .

Сценариялық теорияда адамдардың салыстырмалы аз саны өмірде толық автономияға жететіндігі дәлелденген; өмірдің маңызды кезеңдерінде (неке, бала тәрбиелеу, кәсіпті таңдау мен карьера, ажырасу және өлім тәсілі де) адамдар сценариймен, яғни ерте жаста (6 жасқа дейін) ата-аналардың ықпалымен қалыптасқан өзіндік өмірлік жоспарымен және адамның тәртібін анықтайтын даму бағдарламасымен жүреді.

«Жақсы» карьералық сценарийлер шын мәнінде орынды болуы үшін бірқатар шарттарды орындау қажет: ата-аналар сценарийді балаға жеткізуге дайын, ал бала оны қабылдап алуға дайын болу керек; балада сценарийге сәйкес қабілеттер және сценарийдің құрамына қарама-қарсы болмайтын өмірлік жағдайлары дамуы қажет; екі ата-ана да «жеңімпаздардың» өзіндік сценарийлері болуы тиіс (яғни олардың өздерінің сценарийлері мен антисценарийлері сәйкес келу керек) .

Сценариялық теорияның құрылымдық бөлімінде кәсіптік таңдаулардың мазмұнына, субъект тұлғасын құрастырумен және «Мен» (Ата-ананың, Үлкеннің, Баланың) күйлерінің бірінің доминирленуін түсіндірумен беріледі.

Кәсіби оқытуда психологиялық әрекеті - тұлғаның кәсіби міндеттерді өз бетінше әр индивидтің бойында болатын қабілеттілік бастауларының болатындығы жайлы мәселе адамның жан қуаттарының барлық қызметтерінің қатысуы нәтижесінде болатын оның жаңа сапалық деңгейі болғандықтан, психологиялық және педагогикалық еңбектерде кең қарастырылған. Сондықтан жұмысымызды оның психологиялық тұрғыдағы мәні мен мағынасын ашу бағытындағы баяндаулармен жалғастырамыз [18] .

1. 2 Кәсіби оқыту психологиясының зерттеу мәселесі - еңбек субъектінің қызметтік күйлері

Кәсіби қызметтің нақты мазмұнына қарай адамның қызметтік реакциялары әрқашан арнайы және құндылықты (өзара байланысты) . Бұл қызметті орындауға мүмкіндік береді физиологиялық, психологиялық, тәртіптік қасиеттермен белгіленетін, адамның ағзасы мен психикасының жүйелік реакциясы - қызметтік күйі туралы айтуға негіз береді. «Қызметтік күй» ұғымы еңбек физиологиясында жұмыс істейтін ағзаның мобилизациялық мүмкіндіктері мен энергетикалық күш-қуатты сипаттау үшін пайда болған. Психикалық үдерістер - психикалық іс-әрекет көріністерінің жиынтығы. Әрбір психикалық үдеріс жалпы бейнелеу нысаны мен бір текті бейнелеу - реттеу ерекшелігіне ие. Мұндай үдерістер танымдық, еріктік және көңіл-күйлік болып ажыралады.

Танымдық үдерістер әрекет-қылықтың бағыт-бағдар негіздемесін қамтамасыз етеді және оның ақпараттық қорын қалыптастырады. Бейнелеу нысанына орай олар бес түрге бөлінеді.

  1. Сезімдік (сенсорлы) үдерістер болмыстың жеке қасиеттерін (физикалық, химиялық, т. б. ) бейнелейді. Бұл үдерістердің психикалық нәтижесі түйсік деп аталады.
  2. Қабылдау (перцептивті) үдерісі заттар мен ќұбылыстардың мәнді айырмашылық белгілерін саналы түсіну арқылы оларды біртұтас күйінде бейнелеу әрекеті. Бұл үдерістердің нәтижесін психологияда қабылдау деп атау қалыптасқан.
  3. Ақыл-ес үдерістері - бұл заттар мен құбылыстардың мәнді өзара байланыстары және ерекшеліктерін бейнелеу әрекеттері; интеллектуал үдерістер болмысты салыстыру, бейнақтылау, сәйкестендіру, ауыстыру, сырттай заттастыра тану (экстраполяция), іштей ойда бейнелеу (интерполяция) жолдарымен бейнелеу қызметін атқарады;
  4. Қиял - іс-әрекеттің алда күтілген нәтижелері, әрекет-қылық бағдарламалары ретінде, сонымен бірге баяндап, суреттеу негізінде пайда болатын жаңа, бұрын соңды көрілмеген бейнелердің туындауы; қиял бейнелері ақпараттық ол қылықтардың орнын толтырады; қиял оқиғалардың алдағы дамуы мен нәтижесін көрегендікпен сезуді қамтамасыз етеді.
  5. Ес үдерістері - өткенде қабылданған материалды санаға түсіру, оның сақталуы, қайта жаңғыруы және ұмытылуымен бірге жүретін психикалық әрекеттер; естің келесідей жіктелуін аңғару қажет: ес түрлері, ес жүйелері және ес типтері, есте сақталу жылдамдығымен, көлемі мен жетекшілік рөліне байланысты жекеленген - типологиялық ес формалары - ырықты және ырықсыз ес - ажыралады.
  6. Ерік - жоспарланған нәтиженің мәнін түсінуден адам белсенділігінің өзінен өзі іске қосылуына себепші психикалық үдеріс. Ол белсенділік қарапайым және күрделі ерік әрекеттерімен көрініс беріп, орындалып жатады.
  7. Көңіл шарпулары (эмоции) -сыртқы ықпалдардың қажеттілік мәнін, олардың тек өкілі тіршілігіне пайдасы мен зиянын сезу арқылы бейнелеуге негізделіп, адам қылығына бейберекет (импульсив) реттеу беруші психикалық үдерістер [18] .

Қызметтік күйлерге арнайы психикалық күйлердің қатарын жатқызуға болады. Психикалық күйі - бұл белгілі уақыт ішінде психикалық процестердің ағымын, шындылықтың құбылыстарын, тұлғаның психикалық қасиеттерін көрсететін психикалық қызметтің толық сипаттамасы.

Қызметтік күйлердің келесі көрсеткіштерін белгілейді:

  • субъективті реакциялар;
  • вегето-соматикалық және психикалық қызметтердің өзгеруі;

жұмыстың өнімділігі мен сапасы. қызметтік жағдайлар келесі компоненттердің міндетті түрде болуымен сипатталады:

  • энергетикалық - энергожұмсалымдардың қажетті деңгейін

қамтамасыз ететін физиологиялық реакциялар (жеке жүйелер деңгейінен бтохимиялыққа дейін) ;

  • сенсорлық - ақпаратты қабылдау және біріншілік өңдеу бойынша

мүмкіндіктерін сипаттайды (сезіну, даблдарға бейімделу және т. б. ) ;

  • ақпараттық - ақпараттың ары-қарай өңделуін қамтамасыз етеді

және соның негізінде шешімдерді қабылдау (сете сақтау, ойлау) ;

  • эффекторлық - тәртіп актілернде қабылданған шешімдерді іске

асыруға жауаптылық (жылдамдылық, реакциялардың туралығы, іс-қимыл координациясы, жұмыс әрекеттері) ;

  • активациялық - қызметтің бағытылығын анықтайды және адамда бар қасиеттерді іске асыруда белсенді қабілеттілігін сипаттайды [21] .

Қызметтік күйді қалыптастыру. Қызметтік жағдайы еңбек субъекті мен қызметтің өзінің ерекшеліктерінің әсерінен қалыптасады және өзгереді. Бұл ерекшеліктерге жатады:

  1. нақты қызметке кәсіптік дайындық дәрежесі;
  2. еңбек міндеттерін орындауға дайындық деңгейі;
  3. қызметті энергетикалық және ақпараттық қамту үшін жеке ресурстар мен қызметтік қорының мөлшері;
  4. денсаулық жағдайы;
  5. еңбекке қатынасы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Заң психологиясы жайлы түсінік жайлы
Студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту
Психологияның даму кезеңдері
Жалпы психологиялық дайындық
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой дамуы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz