Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған жаттығулар
Курстық жұмыс
Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда тіл дамытудан жұмыс түрлері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістемесінің мақсат,
міндеттерінің теориялық негіздері
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту әдістерінің
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын
әдіс-тәсілдерінің түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..10
ІІ Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда тіл дамытудан жұмыс түрлеріның
әдістемелік негіздері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған
жаттығулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...26
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің
барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны
тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор.
Қазіргі заман талабына сай үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының
міндетті шарты. Ал үш тілді білудің алғышарты ана тілінің ережелері мен
нормаларын меңгеру негізімен тікелей байланысты.
Тіл – ұлттық тәрбиенің негізі. Туған тілдің тағдырын ойлағанда ең бірінші
көз алдымызға бүгінгі жас ұрпақ елестейтіні орынды. Өйткені тіл үйрену -
балабақшада, бастауыш сыныптарда дыбыс үйретуден басталады. Фонетикадағы
дыбыстарды дұрыс айтылуын білмеген бала сөзді сезбейді, түсінбейді. Ол үшін
сол дыбысты, сөзді тыңдау, есту, көру, сезу керек. Сонда ғана сөздің
мазмұнын эмоция, ым - ишара, бейне арқылы түсінеді.
Кіші жастан - ақ баланың тіл үйренуге деген қызығушылығы пайда болады,
сөзбен тәжірибе жасай бастайды. Тілдің мағыналық, әрі грамматикалық
құрылымын бағдарлай отырып, жаңа сөздер құрады. Дегенмен бала тілінің өз -
өзінен дамуы барысында олардың тілдік дағдылары жоғары болмайды, сондықтан
педагогикалық - психологиялық тұрғыдан арнайы зерттеу, жаттығу және оқыту
қажет.
Біздің ана тіліміз - қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің
деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың
сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады.
Қазақ мәдениеті мен білім - ғылымында ана тілі - сөз мәдениеті туралы
едәуір зерттеулер жарық көрді. Бірақ тіл сияқты халқымыздың ғасырлар бойы
жиналған асыл мұрасын дұрыс, әсем жұмсаудың жөн - жосығын көрсету, дұрыс -
бұрысын ажыратып отыру, жалпы сөз мәдениетін насихаттау жағы әлі де
жеткіліксіз. Тілдің қызметі қандай күрделі болса, оны үйретудің әдістері де
сондай күрделі.
Кез келген деректі адамның ынтасын оятып, санасына жеткізе білу – нағыз
шеберлік. К. Д. Ушинский адамның ынтасы – оның санасының есігі, - деген
екен. Педагог өз сөзінің басында сол есікті сәл ашып, қалған уақытта
жабылып қалмауы үшін баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, әр түрлі
құралдар мен әдістерді қолданады. Қандай жолды таңдаса да, ол шеберлігі
арқылы сол жолдың тиімділігін, әсерлілігін арттыра түседі. Балаға берілген
үлгі - өнеге оның санасына сіңіп, ой ұшқырлығы, тіл көркемдігі арқылы
ортаға шығады. Олай болса, жас ұрпаққа өнеге боларлық ұстаздың да тіл
біліміне, сөйлеу мәдениетіне, тіл үйрету біліктілігіне қойылар талаптар да
жоғары болмақ. Балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдарына баса
назар аудару қажет.
Балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру жолдары деп біз тілдік
жаттығуларды, саусақ ойындарын, сондай - ақ сөздік жұмысқа бағытталған өлең
жолдарын айтып отырмыз.
Тілдік жаттығуларға тыныс алу жаттығуларын, артикуляциялық жаттығуларды,
фонетикалық жаттығулар мен дикциялық жаттығулардыжатқызамыз.[1]
Жаттығуларды жүйелі қолдану ана тілінің ережелері мен нормаларын игеруге,
оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыруға көмегін
тигізері анық.
Баланың тілін дамытуда саусақ ойындарын дидактикалық және дамытушы
материал ретінде қолдана отырып, оның қызықты, әрі пайдалы құрал екендігіне
көз жеткізесіз.
Өз тарапымыздан жүргізген тәжірибе жұмыстарымыздың барысында ойындар мен
жаттығуларды тілдік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында тиімді
пайдалануға болатынын аңғардық. Әсіресе, сөздің дыбыстық мәдениетін
тәрбиелеуге бағытталған жаттығулар және қимылмен үйлестірілген өлең жолдары
балалардың сөйлеу дағдыларын орнықтыра түсетінін көрсетті.
Олай болса, ойындар мен жаттығуларды бірге орындайық!
Тіл – адамның рухани айнасы. Мемлекетіміздің ұлттық тілі неғұрлым бай
болса, оның рухани дүниесі де соғұрлым жоғары болмақ.
Мақсаты: балалардың ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі
негізінде тілдік құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
-Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту барысында тиімді
әдістерді анықтау;
-Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту барысында жас
ерекшеліктеріне қарай жаттығуларды таңдау;
Объектісі: Мектеп жасына дейінгі балалар.

негіздері
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін
емес....Ж.Аймауытов.
Сәбилер мен мектеп жасындағы балаларды өз ана тіліне үйрету
–тәрбиешінің кәсіби даярлығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Баланың
табиғат сыйға тартқан барлық интеллектуалдық қабілеттері ана тілін
меңгерудің, әсіресе мектепке дейінгі кезеңде меңгерудің арқасында пайда
болады және дамиды.
Бала ана тілінде ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын халықтың
рухани байлығын мұрат етеді.Одан арғы жерде тәрбиеленушілердің өз
заманының ғылыми жетістіктеріне сай болуы – тәрбиешіге байланысты.
Балаларға ана тілін оқытуда кәсіби шеберлікті меңгеру үшін болашақ
тәрбиешіге әдістеме теориясын ұғыну және ғылымға белгілі әдістерді меңгеру,
яғни осы әдістерді жүзеге асыратын оқытудың аса маңызды тәсілдерін
орындауға жаттығу керек.Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де,
олқылықтың да негізі бала кезде ,оның ішінде балабақшада берілетін білім
мен дағдыға байланысты болады. Көрнекті орыс психологы Л.С.Выготский
баланың жеке тұлға болып қалыптасу процесін бірнеше кезеңге бөліп
қарастырады:
1)жаңа туған нәрестенің жады пайда болғаннан кейінгі кезең;
2)тәй-тәй басып, тік жүре бастағаннан кейінгі кезең;
3)алғаш сөйлеу дағдысын меңгере бастағаннан кейінгі кезең;
4)белсенді ойын кезеңі;
5)мектеп есігін ашқаннан кейінгі кезең;
6)12 жасқа толғаннан кейінгі кезең;
7)жасөспірім жетілу кезеңі;
Жоғарыда айтылған әр кезеңді баланың даму, жеке тұлға ретінде
қалыптасу жолындағы шағын секірістерге балайтын ғалым, әсіресе алғашқы
сөйлеу дағдысын меңгеру мен балабақша табалдырығын аттау оқиғаларына
ерекше маңыз береді.
“Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білген, көргені
көп болған адам білімді болады”,-деген ұлы Абай өсиетімен өз ұлының алғаш
сөйлеген күнін оның рухани туған күні деп санаған белгілі неміс педагогы
И.Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасуы мәселесін арнайы зерттеген
Л.С.Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдамасымен үндесіп жатыр.[2]
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен
жеке ерекшеліктерін,олардың зейінін, қабылдау мен есін, ой-қиял
ерекшеліктерін, т.б.білу керек. Мысалы, алты жасар баланың зейіні
тұрақсыз, сабақ үстінде оның толқуы күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ
десе болғандай, көлемі шағын болады. Оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ
балаларды тыңдай білуге, тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек.
Олардың зейіндері заттарды бақылап, олармен жұмыс жүргізу арқылы
тәрбиеленеді.
Суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда бала зейінінің
тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтерін, іс-
әрекеттің түрлерін жиі өзгерту–олардың зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.
Мектепке дейінгі ес ерекшеліктері логикалық-сөздік байланыстардан қарағанда
көрнекі бейнелердің басымдылығында. Сөздік материалды олар мағынасын
түсінбестен, механикалық түрде жаттап алады. Қабылдау мен ойлауында да
толып жатқан ерекшеліктер бар:олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас
қабылдайды. Осыған орай, тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру
немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыруды ескерген жөн.
Мысалы, олар сөз, буын, дыбыс ұғымдарын шатастырады. Ажырата
қабылдауға салыстыру арқылы үйретуге болады. Мұнда тек әріп
дыбыс,буын,сөздерді ғана салыстырып қоймай,заттар мен құбылыстарды да
салыстыруға болады. “Тауықты құстар қатарына қосамыз ба?”- сұрағы арқылы,
”Егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз? Егер болмаса, неге құстар
қатарына жатпайды?, т .б.салыстыруды іске асыруға болады.
Оқытудың мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс.
Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет
деген ұғым тумаса керек. Қиыншылық кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет
атқармайды. Екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиыншылық кездессе, ой
тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Бұл ойлардан шығатын қорытынды-
сабақтың түсінікті болуы шарт.
Материалды балаға ұғындыру, оларды білім алуға дағдыландыру көп
жағдайда оқыту тәсілдеріне байланысты. Оларды түрлендіру, көрнекілік жағына
баса назар аудару сияқты талаптар, міне, осыған орай туады. Балалар сөз,
дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі.
Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін сурет, кесте әліппе, т.б.
көрнекіліктердің пайдасы мол. Соңғыларын ойын ретінде де пайдалануға
болады. Ескеретін жай - шектеу. Себебі, бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға
немесе керегі болсын - болмасын кез-келген суретті ұсына беруге болмайды
(олар тіпті ашық бояулармен әдемі әшекейленген болса да). Басы артық
көрнекілік балалардың зейінін тұрақтандырып, жинақтауға көмектесудің орнына
баланы алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін. Ал осы жастағы балалардың тілін
дамыту мәселесі маңызды жұмыс екені талас туғызбас. Балалардың ойлау және
сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселесі Т. Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың,
М.Жұмабаевтың еңбектерінде қозғалады. Мектеп жасына дейінгі балалардың
тілін дамыту жұмыстары баланың балабақша табалдырығын аттаған сәтінен
бастап, балабақшадағы ең негізгі пәндердің бірі-тіл дамыту сабағында
үздіксіз жүзеге асырылса, қоғамның әлеуметтік қажеттілігін өтейтін, рухани
бай тұлғаның қалыптасуына игі ықпал етері сөзсіз. Берілетін білім мазмұны
мен қолданылатын әдіс-тәсілдер баланың өзін-өзі тануына мүмкіндік
туғыза алса, оның танымының дамуына бағдарланса, онда балабақшадан
бастап баланың білімге қызығушылығы артады деген сөз.[3]
Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бұлшық еттерінің күрделі
шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Сонымен қатар,
басқа адамдармен қарым – қатынастың маңызы зор екеніне көптеген
мысалдар бар. 12-16 жасқа дейін адамдармен араласпай өскен балалардың
адам сияқты сөйлеу қабілеті болмайды. Сөздердің мағынасын түсініп,
аздап сөйлеп үйренгенімен, оларда екінші сигналдық дәрежедегі тіл
қалыптаспайды. Бұған дәлел - маймылдар тәрбиелеген адам балалары. Сәби
кезінен жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым-қатынасы кеш
басталған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайды, оларды
адам кейпіне келтіріп тәрбиелеу де, сөйлету де қиын, кейде мүлдем
мүмкін болмайды.
Жаңа туған бала дыбыс аппаратының шартсыз қимыл рефлекстеріне
байланысты мағынасыз үн шығарады.
2 – айдан бастап бала дауыстай алады. Ересектерге еліктеп,
кейбір дауысты дыбыстарды қайталауы мүмкін.
3 - айдан бастап гу-гулеп, былдырлап, дыбыс аппаратын сөйлеуге
дайындайды.
5 - 6 айдан еліктеу арқылы жеке дыбыс, буындарды айта бастайды.
Бұл кезде тек бірінші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан, сөздің
мағынасын түсінбейді, жай қайталайды. Сонымен қатар, тілдің шығуына
есту қабілетінің әсері зор. Есту қабілеті ерте жойылған балалардың
тілі шықпайды. Жақсы еститін баланың тілі 9 айында түсінікті жеке
сөздерге айналады. 2 жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне
байланысты емес, содан кейін ғана ана тіліне сәйкес артикуляция
байқалады. Ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының
арасында нервтік байланыс пайда болады. Кейіннен байланыс күшейеді.
Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың 1 жасында - 6-10, 2 жасында
-250-300, 3 жасында – 1500, 4 жаста - 4000-ға жуық, 5-6 жасында - 4000-
5000-ға дейін баратын сөздік қоры жиналады. Тәрбиесіне, жоғары жүйке
әрекетінің тобына, қозу мен тежелу қасиеттеріне байланысты балалардың
сөз қорының мөлшері әртүрлі болады. Басқа адамдармен қатынасына,
табиғатына, яғни генетикалық (тұқым қуалаған) ерекшеліктеріне, болмысты
білуге арналған ынтасына, өмір сүріп отырған ортасының мәдениетіне
байланысты алғашқы сөздері баланың көңіл – күйіне негізделген, өмір
қажеттілігінен шыққан сөздер болса, кейіннен мағына тереңдейді. Ерекше
ескеретін жай – баланың тілінің дамуында 3-4 жас аралығының
маңыздылығы. Осы кезде баланың сөздерді дұрыс, анық айтуына көбірек
көңіл бөліп, онымен сөйлескенде қателерін жөндеу маңызды. Бұл кезең ата-
аналардан шыдамдылықты талап етеді, баланың мәлімет алуға ынтасы зор,
сұрағы көп болады. Бір сұрақтан екінші сұрақ туындап, ересек адам
мезі болуы мүмкін. Баланы дөрекі тыйып тастамай, сыпайы түрде көңілін
басқа нәрсеге аударып жіберген жөн. Жалпы алғанда, ауызша сөз қорының
дамуы 5-7 жасқа дейін созылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл
байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің, балалармен серуендеп
жүрген кездердің, сыртқы ортамен таныстырудың маңызы зор. Олардың
есінде белгілі бір жағдайға, нақтылы әсерге байланысты сөздер жақсы
сақталады. Бұл кезде баланың санасы нақтылы тітіркендіргіштердің
әсерінен дамиды.Балабақшадан мектептің бастауыш сыныбына аяқ басқан
балалардың жазбаша тілін дамытқан кезде ауызша тілінің маңызы зор
екенін ұмытпау керек. Жауап беріп үйрене бастағанда баланың ішкі
қабілеті дамиды. Ішкі ойын дәл жеткізу қабілеті баланың жеке
басының санасының, ақыл – ойының дамуына байланысты. Сондықтан баланы
дұрыс сөйлетіп, ойын дәл айтуға үйретуде тәрбиешінің орны ерекше.[4]
Тәрбиеші тілі – бақшадағы балалардың сөйлеу тілін дамытудың
негізгі көзі болып табылады. Жас шамасына қарай әр топтағы балалар
өз тәрбиешілерімен шаруашылық – тұрмыстық және еңбек іс - әрекетінде
қатынас жасайды. Тәрбиеші балалардың ойындарын ұйымдастырады,
бағдарламада көрсетілген барлық сабақтарда балалармен сөйлеседі, кітап
оқып беру кезінде балаларды көркем шығарма авторларының сөздерімен
таныстырады. Демек, балалар тәрбиеленетін мекемелерде тілді дамыту
потенциалының мүмкіндігі түгелімен тәрбиеші сөзінің сапасына
байланысты. Балабақша тәрбиешісі үшін үлгілі сөйлеуді меңгеру - оның
кәсіби даярлығының көрсеткіші. Сондықтан өзінің сөйлеу тілін
жетілдіру - әрбір педагогтың адамгершілік және қоғамдық парызы.
Кейін балаларға беретін тілдік дағдыларды өзі жетік
меңгеруі маңызды. Сөйлеу мәдениетіне ие болу дегеніміз – бұл тілдің
барлық элементтерінің (сөздің, түбірдің, қосымшаның, жұрнақтың,
жалғаудың, сөйлемнің әртүрлі типтерінің, ырғақтың) мағынасын түсіну ғана
емес, сонымен қатар әдеби тілде олардың қалай қолданылатынын есте
сақтау деген сөз. Әрбір адамның сөйлеу мәдениеті оның тілді
сезінуіне және тілді сезгіштігінің қаншалықты дамығанына байланысты.
Қазақ балабақшаларында жүргізілетін тіл жұмыстарын жүйелеп, кешенді
зерттеу жұмысын анықтаған профессор С. Р. Рахметова бұл жұмыстарды
төмендегідей құрамдас бөліктерге бөледі:
1) сөздік жұмыс;
2) сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс;
3) байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы.
Бұл жұмыстар бір – бірімен байланыстырыла, бір – бірімен қатар
жүргіледі.Бұл - тәрбиешінің еңбегі.
Осы еңбек нәтижесінде балалар нені меңгереді?
1) қойылған сұраққа тиісті жауапты, сөздерді қателеспей айтуға
үйренеді;
2) сұрақтарға қатысты жауап болатын сөздерді бір – бірімен
байланыстыра сөйлем құрастыруға үйренеді.[5]
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып, сөздік қорын
молайтып, сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін екі түрлі тапсырма
орындатуға болады:
1. Ойыншықтар арқылы ауызша сөйлеу.
2. Сурет бойынша әңгімелету.
Баланың тілін дамытуда ненің пайдасы зор? Біріншіден, жұмбақтарды
жаттатып, шешкізу пайдалы. Екіншіден, тіл дамытуда балаларды өте
қызықтыратын тағы бір халық ауыз әдебиет үлгісі – жаңылтпаштар. Бала бір
сөзді қайталап айта отырып, тез жаттап алады. Бір – біріне айтып,
екінші бала да тез жаттауға үйренеді. Жаңылтпаштар көбінесе тілінің
мүкістігі бар және қиын сөздерді айта алмайтын, дыбыстарды
шатастыратын немесе кейбір дыбыстарды айта алмайтын балаларға көп
көмегін тигізеді. Сөзі түсінікті, оқығанда тез жатталатын
жаңылтпаштар баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорының молаюына
әсерін тигізеді. Әрине, бұл тіл дамыту жұмыстарының басы ғана. Тіл
дамыту барысында жүргізілетін таным қызығушылығын арттыру жұмыстарының
өзгешелігі – талдау мен жинақтау процестерінің бірлігінде. Яғни, тіл
дамыту сабақтары негізінен балалардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу
дағдыларына сүйене жүргізіледі деген сөз. Бала тілінің дамуының алдыңғы
баспалдағы балабақшада қалануы керек. Егер балабақшада баланың тілі
дұрыс дамып, жетілмесе, тілдік нормалары қалыптаспаған болса,
байланыстырып сөйлеуі нашар, сөздік қоры аз болса, бірінші сыныпқа
барғанда оған тіл сабақтары өте ауырға түсетіні айтпаса да
түсінікті. Сондықтан балабақша сабақтарының барлығында дамытушылық
тапсырмалардың маңызы зор. Озық тәрбиешілердің іс-тәжірибесінен
үйренудің, талмай ізденудің, біліктілікті көтерудің қажетілігін үнемі
есте ұстауымыз керек. Себебі қазіргі балабақшада тәрбиеленіп жатқан
бүлдіршіндер – болашақ 12 жылдық мектеп оқушылары. [6]
1.2 Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуда қолданылатын әдіс-
тәсілдер
1-1,5 жас аралығында баланың сөздік қоры 30-40 шамасында болады. Екі
жасқа аяқ басқанда, Абай атамыз айтқандай, жылтыраған, шықылдаған
ойыншықтарға, заттарға көңіл аударып, зат, ойыншық аттарын өздігінен атай
бастайды. Екі-үш сөзден сөйлемшелер құрап, есімдіктермен мынау, анау, мен,
сен, қалай, кім, не, т.б., сын есімдермен үлкен, кішкентай, т.б., домалақ,
ұзын, әдемі, жаман, т.б. жаңа да талпынып айта бастаған сөздерінде
дыбыстық, грамматикалық қателер жібереді. Бұл кезеңдегі қателерге назар
аударылмай, баланың сөздік қорын сан жағынан молайтуға назар салынуы керек.
Қойылған сұраққа сәбидің бірден жауап беруге талаптануы осы кезде баламен
сөздік жұмысын суреттер арқылы да дамытуын қажет етеді, бала сөздігі 300-
400-ге жетеді. Ал үш жасында бала өз атынан сөйлеуге (Мынау менің... Маған
қарашы көзім қандай, қолым қандай?), өзінің жақсы көретін ойыншықтары, үй
жануарлары, олардың төлдері жайлы жақсы көру сөздерін сезім білдіре айтуды
(Бөпені уату, Қуырмаш ермек тақпақтар) ұнатады. Ана тілін сезіммен
қабылдау, өзге тілдің құрылымдық ерекшеліктерін, айтылу әуезін сезіну, оны
қабылдау дағдыларының қалыптасуы 2,5-3 жас аралығында айқын көрініс береді.
4-5 сөзден тұратын сәби сұрақтарын бұл кезде жауапсыз қалдырмау керек.
Сәбилермен сөйлесе бастау кезеңі 3 жаста оның диалогты сөйлеу тілі
негіздерін құрайды.[7]
2-3 жастағы сәбилерге тән психологиялық табиғи ерекшеліктерді ескеріп,
ата-аналар, педагогтер қауымы сөздік-альбомды, Тілашарды дұрыс
пайдаланса, сәби тілінің белсенді сөз қоры арта түспек. Суреттi сөздiкте
берілген суреттер баланың жақыннан танитын ойыншықтары, заттары; көшеде,
аулада көргенде қызықтыратын құбылыстарды, жанды-жансыз қарекет иелерін
аңғарта таныстыратын, өз елінің ерекше тұрмыстық ерекшеліктерін білдіретін
тақырыптарды қамтыды. Екі жастағы бала тәрбиешіні тыңдайды да, жаңа
сөздерін іштей, не бірлесе қайталай қабылдап, ойыншықпен ойнайды. Кейін өзі
ойыншыққа жақындап бұл сөздерді өзі қайталауға талпынады. Ойнау кезінде
бала ол сөздердің жалпы мағынасын (мысалы, жүн, жұмсақ) ұғады, бұл сөздер,
иттың ғана емес, әтештің, аттың тағы басқа жануар, хайуанат, құстардағы
терінің түгінде кездесетінін түсінетін болады. Еліктеу әдісі бұдан гөрі
ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез келген ойын үстінде
пайдаланылады. Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан
екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап егеді,
бұрайды, заттарды бақылайды және олардын сапасын, қимылын атайды. Мұнда да
тәрбиешінің баламен дұрыс сөйлесуі, интонациямен бала игеретін жаңа
сөздерді бөліп айтуы үлкен рөл атқарады.[8]
4 жасқа қараған бала әрекетінде тілді, сөйлеуді меңгеруде мазмұндық
және құрылымдық-формалық бағыт айқын байқалады. Балалардың осы кезеңде
өздігінен сөз шығарғыштық белсенділігі басым болуына байланысты оларға
сөздің мағыналық және формалық құрылысы туралы нақты білім берілу
көзделеді. Заттарды жеке-жеке аталымдарымен қоса, жалпы аталымы болатыны
кей сөздердің дерексіз, белгісіз нысандарды да белгілі бір сөздермен
берілетіні балаға біртіндеп түсіндіріледі. Осындай жас ерекшеліктеріне
қарай тіл жетілісін ескеріп, балалармен сөздік жұмысын жүргізу әдістерін
білу керек.
1) өзі үшін, сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу
қабілеті-сөздердің дыбыстарын дұрыс артикульдеу, интонация элементтерін,
просодемаларды модульдеу және оларды есту;
2) дыбыс түрлері мен интонацияны тілден тыс элементтермен, өз ана
тілімен салыстыра алу қабілетінің болуы, оларды қазақша сөйлеу
элементтеріне тән мағына ретінде түсіне алуы;
3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті,
яғни оларды бағалауы;
4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-кұлқын тәртіптеу үдерісінде
сөздің мағыналық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау
қабілеті ерекше рөл атқарады. Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым
қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланьң тілі солғұрлым тезірек байиды
және оның психикасы жан-жақты дамиды. Ал тілді екінші тіл ретінде үйретуде
лингвистикалык-дидактикалық ұстанымдарға құрылған әдістерді қолдану керек
болса, үйретуші олардың төмендегідей жіктелісін еске ұстағаны ләзім:
Алдымен тілге арнайы оқыту әдісі қолданылады. Оқыту әдісі деп білімді бір
адамнан басқа адамға беруді, үйренуші мен үйретушінің арасында жүйелі
түрде, біртіндеп орындалатын іс-әрекетті айтады. Оқыту бірыңғай теориядан
тұруы, тілді үйретушінің әрекеті тұрғысында болуы – балабақша үдерісіне жат
нәрсе. Сондықтан да мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай
практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі,
қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (құрастыру) әдісі. Еліктеу әдісінде
үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, ырғақ жағынан әр түрлі етіп
айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегідей біршама қарқындырақ,
сөздің дыбысын артикульдеп және сөздің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал
үйренуші тыңдайды да, соңынан қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу
қимылын үйренуге (дауыстьң артикуляциясы мен модуляциясы) және мағынасын
түсінуге тырысады (затты, қимылды және т. б. көрсететін дыбыс
комплекстерін, мәліметін салыстырады).Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялык
норма деңгейінен төмен түспеу және баланьң сөзіне еліктемеу (сақауланбау,
шолжаңдамау) аса маңызды. Бұл әдісті қолдануды сәби шағынан бастап, кейінгі
шақтарға (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де)
жалғастырып отырады.[9]
Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде,
айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас үдерісінде еріксіз
түрде болуы мүмкін. Мына құлыншақтың айдары, құйрығы қайсы? деп тәрбиеші
ойыншық құлыншақтың алдымен айдарын, кейіннен құйрығын сипап, айдар,
құйрық деген сөздерді ерекше бөліп, дауыстап Міне, айдары, міне,
құйрығы! Қандай әдемі десейші! Қазір біз оның айдары мен құйрығын жұмсақ
тарақпен тараймыз. Міне, айдары да, құйрығы да жап-жақсы, жұп-жұмсақ болды
–деп, баланы өз сөзіне еліктете алуы керек.[10]
Балабақшада сөздік жұмысын жүзеге асыратын сабақтардың бірнеше түрі
бар. Олар:
1) Балалардың сөздік қорын байыту сабақтары;
2) Сөз мағыналарын меңгерту сабақтары;
3) Сөздерді бейнелі қолдануға үйрету сабақтары. Бұл сабақтардың қай-
қайсысында да төмендегідей әдістер қолданылады:
1. Бақылау әдісі;
2. Сурет қарастыру әдісі;
3. Техникалық құралдарды қолдану әдісі;
4. Көркем шығарманы, оқу, жаттау, талдау әдістері.
Бақылау әдісі – арнайы сабақта да, сабақтан тыс режимдік сәттердің әр
кезеңінде қолданылатын әдіс. Бақылауға дайындық кезеңінде тәрбиеші
бағдарлама бойынша балаларға танып білуге тиісті құбылыстырды таңдап алады.
Бақылау кезінде негізгі мақсат – айналаны жоспарлы түрде, біртіндеп
бақылату. Тәрбиеші айналаны танытуда әр түрлі тәсілдерді алмастыра
қолданады. Атап айтқанда, затты тікелей қарастырып (мысалы, қолмен сипап,
қозғалмалы зат болса, қозғалтып, жүргізіп көрсету; ұқсас заттармен
салыстырып зерттей қарастыру, түсінбей қалғанын сұрап алуға үйрету), т.б.
Кеңістіктегі уақытты бағдарлай білу дағдылары балабақшадағы іс-әрекет,
ойын, серуен кездерінде нақты мысалдармен тереңдетіле түседі. Бақшадағы қол
еңбегі, бейнелеу өнері, көркемөнерге қатысты аталымдар баланың тікелей
бақылауы арқылы жүзеге асып жатады.[11]
Сабаққа дайындық барысы:
1. Тәрбиешінің бақылауға алынатын нысандарды белгілеуі;
2. Саяхат өткізетін жерге бару жолын ойластыруы;
3. Әңгімелесу арқылы бұрыннан білетін жайларын балалардың естеріне
салу, яғни тақырыпаралық байланысты жүзеге асыру;
4. Сабақтың қызықты, ерекше эмоциямен басталуын көздеу, тақырыпқа
қатысты тақпақ, жұмбақ дайындау;
5. Сабақ барысында балаларға берілетін нұсқауларды әзірлеу.
Бағдарлама бойынша қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бақылау
және саяхаттар мен мақсатты серуендер Күзгі табиғат аясына, Құстар
қайтқанда, т.б. тақырыптарда ұйымдастыру көзделген. Тілді табиғи түрде
дамыту мақсатымен сонымен қатар күзгі еңбекпен таныстыру, малшылардың
жайлаудан (қырдан) қайтатыны, малдың қыстауына келетіні, малға жемшөп
әзірлеумен малшылыр қалай айналысатыны туралы арнайы әңгімелесу сабақтары
өткізіледі. Балалар мұндай әңгімелесу барысында егінді ору, оны бастыру,
тазарту, қоймаға құю сияқты сөз тіркестеріне үйренеді. Астық дақылдары:
арпа, сұлы, бидай, тарыны муляждан көріп, ойында бекітеді. Олардың
пішіндерінің әр түрлілігі және олардан жасалған нандардың дәмі ерекше
екендігі дәлелді түрде түсіндіріледі. Жалпы ұғым беретін (астық, жеміс,
дақыл, көкөніс) сөздері меңгертіледі.[12]
Сурет қарастыру әдісі – балаға эстетикалық және адамгершілік тәрбие
беру жағынан тиімді әдіс. Балаларға суретті бірден көрсетпей, тәрбиеші
сабақтың қай тұсында көрсету тиімді екенін алдын ала ойластырады. Қазіргі
тіл дамыту жағдайы суретке дейін олардың сұлбасын көрсете отырып, басқа ұлт
баласының белсенді сөз қорын дамыту жолын тауып отыр. Мысалы, бала тілін
ширату үшін қазақ тіліндегі тақпақтарды жеңіл жолмен тез жаттатуда сол
шығармадағы сөздердің, тіркестердің мәнін бейнелейтін тірек суреттер мен
тірек-сызбаларды пайдалану жақсы нәтиже беріп келеді. 3-4 жастағы балаға
екінші тіл алғаш рет үйретілу кезеңінде орыс тілінде берілетін мәтін ішінде
бірнеше сөздердің ғана жаттатылу мақсаты қойылса, естияр топта тек қана
атауыш сөздерден тұратын мәтіндер бойынша бірнеше сөздер мен тіркестерді
жаттату ұсынылады. Бастапқыда тақпақтарды балалар сызбалар, тірек суреттер
арқылы еріксіз жаттаса, кейін қазақ тілінде еріксіз үйреніп жаттап алған
сөздерінің мағыналарын өздігінен түсінуіне мазмұнды мәтіндер негізінде жол
ашылады. Солтүстік аймақтық орталықтарда қазақ отбасындағы ата-аналардың өз
ана тілдерінде сөйлемеуі балалардың ана тілін табиғи түрде үйренуіне
қиындықтар туындатуда. Қазіргі осы жағдайдан шығу жолы баланы қазақша
сөйлетуде түрлі ұғымдарды, қимыл-қозғалыстарды: жоқ, бар, биік– ұшы
жоғары қараған жебе, қысқа – ұшы төмен қараған жебе, кішкентай –
жолақты кішкентай дөңгелек, үлкен – жолақты үлкен дөңгелек, жұмсақ-
мақта, қатты – боялған төртбұрыш, әдемі – көбелек секіреді– екі ұшты
тік жебе, менде – адам силуеті, тәтті – кәмпит, ұшты – құс қанаты
суреті, отыр – орындық белгісі, жатыр – ұзын сызық, таза – түйір қан
белгісі, жейді – жабық ерін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz