Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту


Курстық жұмыс
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Балалардың сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер . . . 5
1. 2 Мектепалды даярлық сынып балаларымен жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың педагогикалық шарттары . . . 12
ІІ Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамытудың әдіснамалық негіздері
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуға әдіс-тәсілдер . . . 17
2. 2 Мектепалды даярлық тобындағы балалардың тілін сөздік қорын молайту арқылы дамыту . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
КІРІСПЕ
Тіл - рухани байлықтың қайнар көзі. Қазақ тілінің сөйлеу ауқымы өз дәрежесінде өсіп, кеңейіп келеді. Тілдік қатынас адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу т. б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс. Олай болса, сөйлеу тілін дамыту барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі - ауызша сөйлеп үйреніп жатады, ол сөздерді байланыстырып айту арқасыңда жүзеге асады. Балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту - баланың сөздік қорын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, оның сөзін түсіне білу, қысқаша айтқанда еркін сөйлей білуге үйрену. Осыдан келіп сөйлеу тілін дамыту жұмысының кең аялы екенін көреміз. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы сабақ формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
Халық даналығында былай деп айтылған: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте». Біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге, салт - дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. «2050 бағдарламасына» сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.
Зерттеудің өзектілігі: Баланың сөйлеу тілін дамыту балабақшадағы, мини-орталықтардағы педагогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына баланы мектепке әзірлеуде сөйлеу тілін дамыту, осы орайда әдіс-тәсілдерді көптеп меңгеру, практикада қолданудаерекше маңызы зор. Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепалды даярлық балаларын тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектепалды даярлық кезеңіндегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Жұмыстың мақсаты: 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға, құзіреттілікті меңгертуге бағытталған теориялық материалдар жинақтау, практикалық әдіс- тәсілдерінің тиімділігін тексеру.
Жұмыстың міндеттері : Жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
- «сөйлеу тілі» «сөйлеу мәдениеті» ұғымдарының теориялық сипатын анықтау;
- ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау және негіздеу;
- мектепалды даярлық тобы сабағында ойын арқылы сөйлеу тілін дамытуға байланысты жұмыс түрлерін қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Ғылыми болжам: балаларды мектепте оқуға әзірлеуде сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады:
-балалардың сөздік қоры кеңейеді;
-өз бетімен мәдениетті сөйлеу, талпыну қабілеттері ашылады;
-логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің артуы;
-өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;
-интеллектуалды ойлау қабілеті дамиды;
-сөз мәдениетін қалыптастырады.
Зерттеу әдісі:
- педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау;
- тәрбиеші-педагогтардың озық іс-тәжірибелерімен танысып, зерттеу, байқау;
- педагогикалық эксперимент жүргізу;
- әртүрлі мәтінмен, сюжетті суретке әңгіме құрау әдістерін қолдану;
- әңгеме, сауал сұрақтар, байқау, салыстыру;
-педагогикалық эсперимент нәтижелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылау.
Нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу әдістері: зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, педагогикалық және ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат іс-тәжірибелерді жинақтау, оқу процесін бақылау, психологиялық эксперимент жүргізу, сауалнама жүргізу, әңгіме, эксперимент нәтижелерін математикалық өңдеу және қорытындылау, арнайы ойындар, жаттығулар өткізу және оны талдау.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- Мектепке дейінгі балаларға тілдік қорын байытып, дыбысталуы қиын сөздерді үйрету, балалардағы танымдық көзқарасын байыту және оны дамыту;
- Тәрбиешілердің әр баламен жеке сөйлесіп, психлдлгиялық көмек білдіру, т. б.
Зерттеудің нормативтік құқықтық базасы: Қазақстан Республикасының кодекстері мен конституциясы, Білім туралы заң, Стратегиялық білімді дамыту бағдарламалары және т. б. құрайды.
Зерттеу базасы: БҚО, Орал қаласы, №34 «Балбұлақ» бөбекжайы.
І Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Балалардың сөйлеу тілін дамытуда қойылатын талаптар мен тәсілдер
Балалар өз бетінше шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйретіледі.
Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен белгілі бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек.
Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде сонымен қоса тілдік (метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда) сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлігі (ертегіні толық айтып беру) . Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т. б. қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету. Бұл жаста балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланы шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелеріне көңіл аударып, құрдастарының әңгімелерін тыңдауға бейімдеп, қиыншылық тудырған жағдайды, қол ұшын беріп, дұрыс емес жеріне түзету енгізе керек. Бала тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны - сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгертуге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізуін, қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым - қатынасқа түсу, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Тіл мәдениетін игеру - баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшада мектепке дейынгі мекемелерде бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балаларға тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйрену, суретпен жұмыс, сөйлем құрастыру жатады. Ол болса сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл - ой дамуымен біртұтас жүреді. Жас жеткіншектерді, тәрбиелеуде көркем әдебиеттің ролі ұшан - теңіз. Ол жаңа өскін балауса буынының сана - сезімін оятып, ақыл - есін дамытатын, адамгершілік моральға тәрбиелейтін өмір оқулығы.
Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді өздерінің бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу педагогтардың алдындағы міндеті. Ертегі, әңгімені, өлең - тақпақтар мен жаңылтпаштарды, сондай - ақ мақал - мәтелдер мен жұмбақтарды мәнерлеп оқып беру мен әсерлеп айту - тек қана олардың сөздік құрамын байытып қана қоймайды, сонымен қатар, сәбидің ақыл - ойының жетілуіне әсерін тигізеді. Баланың әдепті, көргенді болып өсуіне ықпалы өлшеусіз, баланың Отанын, өз ұлтын, өз жерін сүюі, оны қадірлей білуі ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің әсері деп білеміз. Өйткені, бала кітаптағы жағымды кейіпкерлерге еліктеп, ер атанғысы келіп, еркелікке, еңбекке құлшынып өседі. Ежелгі қазақ әдебиеті өкілдерінің балаларға қалдырған әдеби мұрасы, Ы. Алтынсарин, Абай Құнанбаевтың өлең - әңгімелері осы күнге дейін тәрбиелеу мен оқытуда, ғылым жолын танытып, өнер - білімге баулуда қастерлі қасиетін еш жойған жоқ. Мұның бәрі, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде баға жеткісіз қазына. Әрбір тәрбиеші соларды іздестіре отырып, термелеп жинап жүрсе, өз жұмысына өте демеуші дәнекер таппақ. Жас кезінде әңгіме, жырларды көп тыңдаған бала өз көрген - білгенін қиыстырып, тұжырымдап достарына, тәрбиешілеріне, ата - аналарына айтып бере алса, тіл шеберліктері артады. Мұндай жақсы қасиеттер баланың парасатты, инабатты, әдепті, еңбексүйгіш, көргенді болып өсуіне әсер етеді. Мектепке дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сондықтан - да балалармен жүргізілетін жаттығу түрлері әр алуан. Балалардың жас ерекшелігіне қарай топтарды үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып, үйренуге арналған жұмыс түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Дыбыстардың ерекшеліктерін жете меңгеріп, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру басқа да тілдерін дамыту сауат ашу оқу іс - әрекеттерінде ғана емес, ән, дене шынықтыру оқу іс - әрекеттерінде де, бос кезеңдерде де балаға өлеңдер, тақпақтар үйретіледі.
Балалардың жас ерекшелігіне лайықты көркем әдебиет шығармаларын, оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеп айтқызу, суретке қарап әңгімелеу, ертегілер оқып беру, мақал - мәтел, жаңылтпаш, тақпақтар үйрету сияқты жұмыстары арқылы бала тілін дамытуға болады. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысы жүйелі жүргізуді талап етеді. Қазіргі уақытта баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу ана тілі арқылы өз дәрежесінде жүзеге асатыны белгілі. Баланы ана тілінде анық, жүйелі, өзгелерге түсінікті, мәнерлі үн ырғағымен келістіре сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс жеткізуге мектепке дейінгі кезеңде үйрету керек. Тәрбиеші әр баланың тілін зерттеп, ерекшелігін жете меңгергеннен кейін, тәрбие білім беру үрдісіне күн тәртібінің қолайлы сәттерінде дыбыстарды дұрыс дыбыстауға орай жаттығу жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастырып жүргізеді. Сөздің дыбыстық жағын меңгерту. Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту барысында қолданылатын әдістерге тоқталатын болсақ: 1. Сахна ойындары. Оның барысында қажетті дыбысқа байланысты сөздер, сөйлемдер бірнеше рет қолданылады. әр кейіпкерді сөйлете отырып, балаларға қайталату.
2. Бағдарлама бойынша өтілетін шығармалардан тіл ұстартуға қажетті шумағын алып пайдалану. Сол шумақ қай ертегіден, қай өлеңнен алынғанын сұрап, жауабын алу арқылы тіл дамытудан игерген білім дағдыларын бекітеді, әрі қайталайды. 3. Сөздің дыбыстық жағын анық айтуға жаттықтыруда шағын әңгіме, ертегілерді мәнерлеп оқып беруге болады.
4. Көркем сөз шеберлерінің таспаға жазылған үндерін, мәнерлі дауыс ырғағын тыңдату. 5. Дидактикалық жаттығулар жасау. «Ғажайып қалта» «Не өзгерді?» үстел үстінде ойнайтын ойындарды пайдаланып, әр дыбысқа байланысты суреттерді топтап алу.
6. Жұмбақ, мақал - мәтел, жаңылтпаштарды айтқызу арқылы қажетті дыбысты бекіту. Жұмыстың осы түрлерін баланың жас кезінен бастап қолға алса нәтижесі де ойдағыдай болады. Жүргізілетін тәрбие, білім беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері кешенді түрде іске асырылады. Мәселен, ән оқу іс - әрекетінде музыка үнімен бала сезіміне әсер етсе, әнді тыңдай отырып ойланады, әннің сөзін тыңдайды, тіл дамытуда оқылған әңгіме, ертегілер, біріншіден баланың ақыл - ойын, танымын кеңейтсе, жақсы - жаманды, екіншіден қысқа ертегі мен әңгімені қайта айтып беру арқылы баланың байланыстыра сөйлеуді анық сөйлеуде, ана тілін жақсы білуге көмектеседі. Оқу жылының басында өз тобымда тілдері з, р, с, ш, ғ, т дыбыстарын айта алмайтын балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу мақсатында ойын - жаттығулар, тақпақтарды айтқызып үйреттім.
Мысалы: «З» дыбысын бекіту мақсатында А. Райымқұлованың «ауыл маңында» өлеңін және тіл ұстарту жаттығуын қолдандым.
Дыбыстарды меңгерту барысында ассоциация әдісін қолданамын. Мысалы: «Қ» дыбысын бекіту мақсатында Қ - қарға, қолғап, қасқыр, қой, қарындаш.
Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан ертегілер, мақал - мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаш бала тілін дамытуда шешуші орын алады. Тобымдағы балаларға ертегілерді ең алдымен оқып, ауызша айтып беремін. Сонан соң айтылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау және тіл байлықтарын арттыру мақсатымен сахналап рольдерге бөліп ойнатамын. Мысалы: «Бауырсақ» «Шалқан» «Мақта қыз бен мысық» «Алдар көсе мен тоңғақ бай» «Күз түсті» «Алма» ертегілері.
Түрлі ойын - жаттығулардың бала тіліне тигізер ықпалы мол. Мысалы: «Күз түсті» ертегісін алып ойын - жаттығу ретінде өткізіп жүрмін.
«Алма» ертегісінде күз мезгілі еді орман ішінде қоян келе жатады айнала тып -тыныш сықырлаған жапырақтардың дыбысы естіледі» дейді.
- қоян кенет жалғыз ағаш басында тұрған алманы көреді. ары секіреді бері секіреді, қолы жетпейді. Кенет қарғаны көреді, қарға - қарға мына алмаға қолым жетпейді үзіп жыберші дейді. Қарға қоянға қаға аласын ба? деп жауап береді. Мұны естіген аю ойланып сендер үшеусіңдер алма біреу мүны бөліп жеу керек деп жауап береді. Мұны естіген үшеуі аюға рахмет айтып бөлісіп жейді. Қызықтырып, дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Ертегілерден басқа көркем әдеби шығармаларды балаларға оқып беріп, олардан әңгіменің мазмұнын сұрау. Мысалы: «Екі дос пен қайыршы қария» әңгімесін оқып беріп, әңгіменің мазмұнын сұрау арқылы Венн диаграмма әдісін қолданып, балаларға Алдан мен Сауранның мінезін салыстыру.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы мақал - мәтелдер арқылы да беріледі.
Қазақты мақал - мәтелдері негізінен елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Бала тілінің дамуына жұмбақтар үлкен роль атқарады. Әр оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес жұмбақ айтудан бастаймын. Кешкісін маздап жанады, таң атса сөніп қалады (Жұлдыз)
Қырманнан көрдім, ырыздығы елдің (Дән) . Басында аппақ шәлі, етегі елдің сәні (Тау) . Аяғы жоқ қолы жоқ, Жүрмейтұғын жолы жоқ. /хат/
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімді жанр - жаңылтпаш.
Жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді. Көк кесе, көп кесе, Көп кесені әкелді кеше.
Балалардың ана тіліндегі дыбыстарды анық айтып, дұрыс сөйлей білуге берілер тәрбиенің ықпалы зор. Қазіргі заман талабына сай оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыру, яғни әр баланы жеке тұлға ретінде қабылдап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ойына, бойына шақ әдеби мұралармен сусындатып тәрбиелеу, тәрбиешінің алға қойған міндеті. Айналадағы дүниені, табиғатты бақылап түсіндіріп әрдайым жаңа сөздермен, сөздік қорын толықтырып отыру қажет деп есептеймін. Жоғарыда айтылған мүмкіндіктерге сай балалардың сөйлеу қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуда айтқан әңгімесіне, өзі құрастырған қысқа әңгімелеріне бағыт - бағдар бере отырып, тіл байлығын, сөздік қорын дамытуды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Баланы өз баламыздай жақсы көріп, білгенімізді олардың санасына құю, жеткізу тәрбиешінің алға қойған мақсаты. Сол мақсатқа жету үшін талмай, қажымай еңбек етуге міндетіміз.
Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, оқыту, үйрету үрдісін қамтиды. Балалардың ақыл - ойына қабілеттерінің дамуына жетудің бірден - бір жолы - өзара тілдік қарым - қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым - қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс - тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашылады. Мектепке дейінгі даярлық тобындағы балаларға өзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесуден қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың сөздік қорларын байыту, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру - балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мелекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Менің балаларға қазақ тілін жетік меңгертуде бірнеше тиімді әдіс -тәсілдерді атап өткім келеді.
Баланың ақыл-ой дайындығының компонеттерінің бірі - жеткілікті дамыған тіл. Баланың тілің жетілдіру үшін алдымен баланы дұрыс сөйлеуге, сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта білуге үйрету, оны әңгімеге тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту. Бұл ретте тәрбиеші балалармен сөйлесу барысында сөйлем мүшелерін қолдана білуіне тәрбиешінің қойған сұрақтарын түсініп, оған толық жауап беруге, өзіне таныс ойыншық, тағам, киім-кешек, қоршаған ортадағы әлемге соның ішінде бау-бақша, жан-жануарлар, өсімдік-жемістер, адамдар, бір ауланың балалары, тіпті балабақша қызметкерлері туралы кім не істейтіні жайлы түсінігі болып, олар жайлы әңгімелей білуге үйренуі тиіс. Осы арқылы айналадағы дүниені, табиғатты бақылата, таныта отырып, баланың тілін, сөздік қорын байыту, ол сөздерді күнделікті сабақта, сабақтан тыс сөзбе-сөз қарым-қатынас кезінде өздігінен дұрыс айта білуге төселдіру керек. Өзге ұлт өкілдеріне, әсіресе жаза алмайтын, оқи алмайтын балаларға тіл үйрету өте қиын екені белгілі. Дегенмен 4-5жас арасындағы балалардың сөзді қабылдау, есте сақтау қабілеті өте жоғары. Мен жұмысымда осы ерекшеліктеріне мән беремін де балалардың сөйлеу тілін дамытуды үйретуде мынадай талаптар қоюға болады:
- Әр сөзді тұрақты түрде есінде қалдыру;
- сөз балаларға таныс заттарға байланысты болуы керек;
- әрбір сөз үнемі қайталанып отыруға тиіс;
- сөздік қорды молайтып отыру; қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.
Баланың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету жолында іс-тәжірибеге сүйеніп, мынандай тәсілдер қолдануға болады:
- сөздік жұмыс (әңгімелесу, салыстыру, қайталау, сұрақ-жауап, сурет бойынша әңгімелеу ) ;
- көрнекі құралдарды қолдану (сурет, ойыншық, муляж, бейнефильм т. б. ) ;
ойын (дидактикалық, сергіту, жарыс, сюжетті-рөльдік, логикалық, ұлттық т. б. ) . Осының бәрі баланы мектепке даярлауда негізгі жетекші әдістер болып саналады. Сондықтан, балаларды мектепке әзірлеуде жоғарыдағы тәсілдерді пайдаланудың маңызы зор.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерін меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндеті саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz