Педагогикалық қызметтің құрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Педагогикалық қызметтің құрылымы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

І ТАРАУ. Педагогикалық қызметтің құрылымының теориялық негіздері

  1. Педагогикалық қызметтің мәнінің мазмұны5
  2. Педагогикалық қызметтің құрылымы және оның түрлері18

ІІ ТАРАУ. Педагог қызметі және оның құрылымының практикалық негіздері

2. 1. Педагог қызметіндегі практикалық және семинар сабақтары26

2. 2. Педагог қызметінің құрылымы ретінде сабақ жоспарлары29

Қорытынды34

Пайдаланған әдебиеттер тізімі36

КІРІСПЕ

Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi ұйымдасқан жүйе болып есептеледi. Бiрiншi - оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс - әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер бiрiншi iс - әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған қызмет жасайды. Екiншi - оқытудың тиiмдi амалдары мен құралдарын және оқытудың процедураларын теңдестiргендегi оқыту тәжiрбиесiнiң жалпылама iс-әрекетi - оқытудың амалдары мен әдiстерiн құрастыратын методист iс - әрекетi осындай. Үшiншi iс -әрекеттiң методикалығы, бiрақ ол оқу құралдары мен оқу сабақтарын құрастыруға бағытталған. Төртiншi iс - әрекет оқыту сабақтарын бiр тұтас жүйеге сабақтастырудан тұрады - оқу бағдарламаларын құрастыру бағдарламалау iс - әрекетi. Мұндай бағдарламалауды жүзеге асыру үшiн, оқытудың мақсатын бiлу қажет, бiрақта оқытудың бағдарламаларын құру барысында мақсаттың кейбiр жалпы бөлiктерiне бағытталады. Мұндай мақсаттар ертерек саясаткерлермен мәдени қызметкерлермен қалыптасқан, бiрақ педагогтармен емес. Қазiргi заманның әлеуметтiк мәдени жағдайы және және мiндерi мен оқыту мақсатын жобалау және бинелеу мен педагог - методолог, педагог айналысуы қажет деген талаптар қояды. Бұл өте қажет, өйткенi, бiрiншiден қазiргi өндiрiстiк iс тәжiрбиелiк қызымет жиi белгiлi бiр мақсатты, мiндеттердi қояды, оларды тек арнайы дайындалған адамдар шеше алуы мүмкiн. Екiншiден, қазiргi әдiснамалық ойлау оқыту процестерiн тиiмдi жобалауы мүмкiн, бiрақ ол тапсырыс берушiден нақты және анықталған мақсаттар талап етедi[1] .

Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған.
Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет - ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары - жалпы педагогикалық болып табылады. Педагогикалық қызмет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.
Педагогикалық қызметтің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек.
Педагогикалық қызметтің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.
Педагогикалық қызметтің мақсаты - тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан - жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.
Тәрбие мақсатының проблемасына А. С. Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А. С. Макаренко жеке тұлғаны педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық қызметтің мақсатын жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан көреді[2] .

Зерттеудің мақсаты : Педагогикалық қызметтің құрылымын анықтау

Зерттеудің міндеттері :

1. Педагогикалық қызметтің мәнін ашу;

2. Педагогикалық қызметтің құрылымын анықтау;

3. Педагогикалық қызметтің компоненттеріне сипаттама беру

Зерттеудің объектісі: педагогикалық қызмет, іс-әрекет

Зерттеудің пәні: Болашақ мұғалімдерді кәсіби іс әрекетке даярлау негізінде оқыту үдерісі.

Зерттеу жұмысының әдістері:

1. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу.

2. Баспасөз беттері, мерзімдік басылымдардан мақалаларды қарастыру.

3. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде студенттердің психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін анықтауда олардың кәсіби-адами құндылық қасиеттері мен жеке тұлғалық қасиеттерінің мән-мағынасын ашылып, теориялық тұрғыда дәлелденді. Студенттердің психологиялық, педагогикалық, тұлғалық қасиеттерімен іс-әрекет түрлерін зерттеген ғалымдар мен педагог-психологтардың ой-пікіріне сүйене отырып өзіндік тұжырымдама жасалды.

Ал, екінші бөлімде болашақ мамандардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін зерттеп, әдістемелік тұрғыда қолдануға болатынын айқындадық. Әр бөлімді қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімін көрсеттік.

І ТАРАУ. Педагогикалық қызметтің құрылымының теориялық негіздері

1. 1. Педагогикалық қызметтің мәнінің мазмұны

Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.

Педагогикалық мамандықтың мәні оның өкілдері арқылы жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекет негізінен көрінеді. Бұл әлеуметтік әрекеттің ерекше түрі, ол жинақталған мәдениет пен тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа беруге және қоғамда нақты әлеуметтік роль орындауға даярлық негізінде жеке бастың дамуына жағдай тудыруға бағытталған[3] .

Бұл іс-әрекетті педагогтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп пен мекемелердің жетекшілері, өндірістік және басқа топтар, жалпы ақпарат құралдары жүзеге асырады. Бірақ, ең бірінші іс-әрекет - ол кәсіби әрекет, яғни педагог арқылы жүзеге асырылады, ал қалғандары - жалпы педагогикалық болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет кәсіби әрекет сияқты арнайы қоғам ұйымдастырған білім беру мемкемелерінде: мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, кәсіби-техникалық училищелер, орта арнаулы және жоғары оқу орындары, қосымша білім беретін мекемелер, біліктілікті жоғарылату, қайта даярлауда үлкен орын алады.

Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсіну үшін оның құрылымын талдау қажет, ал оның өзін мақсат, мотив, әрекет (операция), нәтиже бірлігінде қарау керек. Іс-әрекеттің, оның ішінде педагогикалық іс-әрекеттің жүйелі сипаттамасы мақсат болып табылады (А. Н. Леонтьев) .

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған[4] .

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты - тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан - жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.

Тәрбие мақсатының проблемасына А. С. Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А. С. Макаренко жеке тұлғаны педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан көреді.

Педагогикалық іс-әрекет мақсатының негізгі объектісі тәрбиелеуші орта, тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара ерекшеліктері болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны дамыту[5] .

Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты - динамикалық құбылыс. Оның дамуы мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне сәйкестендіріп, жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық іс-әрекеттің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі ол мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып табылады. Педагогикалық әрекет түсінігі педагогикалық іс-әрекеттің барлық формаларына (сабақ, экскурсия, жеке әңгіме т. б. ) тән. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін салыстырады. Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес. Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан, педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен байланысты.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері:

Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.

Тәрбие жұмысы - жеке тұлғаның жан-жақты даму міндетін шешу мақсатында тәрбие ортасын ұйымдастыру мен тәрбиеленушілердің әр түрлі іс-әрекетін басқаруға бағытталған педагогикалық әрекет. Ал оқыту - ол оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға бағытталған тәрбие әрекетінің түрі.

Білім беру мазмұнының проблемасымен айналысатын ғалымдар (В. В. Краевский, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин және т. б. ) оқытудың білім мен іскерлік компонеттерінен басқа, адамның оқыту процесінде игеретін шығармашылық әрекет тәжірибесін және қоршаған ортаға деген эмоционалды-бағалы қатынасын жатқызады. Оқыту мен тәрбие жұмысының бірлігінсіз білім беру элементтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Біртұтас педагогикалық процесс - ол «тәрбиелеп отырып оқыту» мен «оқыта отырып тәрбиелеу» бірігетін процесс (А. Дистервег) [6] .

Оқыту прцесінде ерекше орын алатын оқыту әрекеті мен тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын тәрбие жұмысын салыстырып өтейік.

Кез келген ұйымдастыру формасы сияқты, оқыту да уақытты, нақты мақсатты, оған жету варианттарын қажет етеді. Оқытудың тиімділігінің маңызды критерийі оқу мақсатына жету болып табылады.

Ал тәрбие жұмысы кез келген ұйымдастыру формасы ретінде нақты мақсатқа жетуді талап етпейді. Тәрбие жұмысында мақсатқа бағытталған нақты міндеттерді алдын-ала көруге болады. Тәрбие міндеттерін шешу тиімділігінің маңызды критерийі эмоция, мінез-құлық, іс-әрекетте көрінетін тәрбиеленушілер санасының өзгеруі.

Оқыту логикасын нақты түрде бағдарламалауға болады, ал тәрбие жұмысында жоспарлауға қоғамға, еңбекке, адамдарға, ғылымға, табиғатқа, заттарға, қоршаған орта құбылыстарына, өз-өзіне қатынасы кіреді. Оқу мақсаты іс-әрекетпен анықталады, яғни оқушының танымдық әрекетін тудырып, бағыттау[7] .

Оқыту процесіндегі оқушылар іс-әрекетінің тиімділігінің критерийі - білім мен іскерлікті игеру, танымдық және практикалық міндеттерді шешу тәсілдерін меңгеру, дамудың алға жылжу деңгейі болып табылады. Оқушылар әрекетінің нәтижелері оңай көрініп, сапалық және сандық көрсеткіштермен реттеліне алады.

Тәрбие жұмысында мұны көрсету өте қиын. Дамушы жеке тұлғада педагогтың іс-әрекет нәтижесін көрсету өте қиын. Тәрбие жұмысында уақытымен кері байланысты бекіту мүмкін емес.

Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері кез келген мамандықтың педагогының іс-әрекетінде, яғни оның оқыту және тәрбие жұмысында көрінеді. Мысалы, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде өндірістік оқыту мастері іс-әрекетінде екі міндетті шешеді: қазіргі технология талаптарын және еңбекті ұйымдастыра отырып білім, дағды, іскерліктермен қаруландыру, білікті жұмысшыны дайындап шығару. Сондықтан болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мақсаты біртұтас педагогикалық процесті басқаруға даярлауды қалыптастыру болып табылады[8] .

Педагогикалық қызмет- әлеуметтік қызметтің түрін көрсетеді, үлкен буыннан кіші буынға өмірлік тәжірибесімен, мәдениетімен, жеке даму шартын әлеуметтік рөлдерде қоғамда жүзеге асырылуына бағытталған дайындық.

Педагогикалық қызмет-мазмұны оқу, тәрбие, білім, оқушылардың дамуы болып саналатын кәсіптік қызметтің бір түрі. Бұл қызметті жүзеге асыратын тек педагог мамандар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдастырушы мекемелер, мекемелерді басқаратын, өндіруші және де басқа топтағы тұлғалар, бұқаралық ақпарат өкілдері болып табылады. Біріншіден бұл қызмет-кәсіптік, ал екіншіден ортақ педагогикалық іс-әрекет. Педагогикалық қызмет кәсіби ретінде арнайы құрылған, ұйымдастырылған мекемелерде іске асырылуы мектеп алды мекемелерде, мектептерде, кәсіби-техникалық жоғары оқу орындарында, қосымша білім алу мекемелерінде. Педагогикалық қызметтің ең негізгі мінездемесі-бірігу мінездемесі емес. Бірігуі дегеніміз педагогикалық үрдісі кезінде міндетті түрде 2 активті жақ болады: мұғалым, оқытушы-оқушы, студент. Мұндай байланыс барысында педогогикалық қызмет қарым-қатынас заңымен құрылады деп жиі айтылады. Педагогикалық қызметке терең үңілу үшін, оның құрылуы талдауына көңіл бөлу керек[9] .

Педагогикалық қызметтің мақсаты тәрбие мақсатын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Бұл жалпы стратегиялық мақсат әр түрлі бағыттағы тәрбие мен оқытудың нақты міндеттерін шешуге бағытталған.

Педагогикалық қызметтің мақсаты - тарихи құбылыс. Ол әлеуметтік даму тенденциясының көрінісі ретінде өңделіп қалыптасады, адамның рухани және табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып талап қояды. Онда бір жағынан, әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың қызығушылығы болса, екінші жағынан - жеке тұлғаның қажеттілігі мен бағыты көрінеді.

Тәрбие мақсатының проблемасына А. С. Макаренко көп көңіл бөлген, бірақ оның бірде-бір еңбегінде жалпы анықтамасы жоқ. А. С. Макаренко жеке тұлғаны педагогикалық жобалауға жақын болды, ал педагогикалық қызметтің мақсатын жеке тұлғаның даму бағдарламасынан және жеке ерекшеліктерін коррекциялаудан көреді.

Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектісі -тәрбиелеуші орта, тәрбиеленуші іс-әрекеті, тәрбиелеуші ұжым және тәрбиеленушілердің жеке дара ерекшеліктері болып табылады.

Педагогикалық қызметтің мақсатын жүзеге асыру әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешумен байланысты, атап айтқанда тәрбие ортасын қалыптастыру, тәрбиеленуші іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие ұжымын құру, жеке тұлғаны дамыту.

Педагогикалық қызметтің мақсаты - динамикалық құбылыс. Оның дамуы мынадай, қоғамдық даму тенденциясы ретінде пайда болып, педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны, формасы, әдістерін қоғам қажеттілігіне сәйкестендіріп, жеке тұлғаның өз бетімен және социуммен дамуын қамтамасыз етеді[10] .

Педагогикалық қызметтің барлық қасиеттері көрінетін негізгі бірлігі ол мақсаты пен мазмұнның бірлігі, яғни педагогикалық әрекет болып табылады. Мұғалімнің педагогикалық әрекеті ең алдымен танымдық міндет формасында көрінеді. Өз біліміне сүйене отырып, теория жүзінде өз әрекетінің құрал, пән, нәтижесін салыстырады.

Педагогикалық міндеттердің ерекшеліктерін жүзеге асыру ол оңай емес. Олар ойлауды, фактор, жағдайларды талдауды талап етеді. Сондықтан, педагогтың шығармашылығы жаңа педагогикалық міндеттерді шешуді іздестірумен байланысты.

Тұтас педагогикалық процесте жүзеге асырылатын педагогикалық іс-әрекеттің негізгі түрлері оқыту (преподавание) және тәрбие жұмысы болып табылады.

Педагогикалық қызметтің жүзеге асырылуы тәрбие беру ортасын құру, тәрбиеленушілер іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелеу ұжымын құру, жеке тұлға дамуы секілді әлеуметтік мәселелерді шешумен байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты - тек тарихи емес, сондай-ақ динамикалық құбылыс. Қоғам дамуының объективті тенденцияларының шағылуы ретінде пайда болып педагогикалық қызметтің мазмұны, формалары мен әдістерін қоғам қажеттіліктеріне келтіре отырып, ол жоғары мақсат - тұлғаның өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді дамуына сатылы жылжу программасына келтіріледі[11] .

Педагогикалық қызмет - мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық қызмет жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға бағытталған. Осыдан шығатыны педагогикалық қызмет адам баласын қоғамдық өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік және тұлғалық детерминацияланған іс-әрекет.

Берілген контекстте педагогикалық қызмет оқытушы, тәрбиеленушінің оқушы немесе оқушыларға оның тұлғалық, парасатты және іс-әрекеттік дамуына бағытталған, әрі өзін өзі дамыту мен жетілдіру негізі ретінде шығатын тәрбиелейтін және оқытатын әсер. Ол үшін педагогикалық мақсат қоюшылық пен педагогикалық басқарушылық тән. Іс-әрекеттің бұл түрі В. В. Давыдов белгілеген өсіп келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік қимыл іс-әрекет нормалары мен өнеркәсіптік іскерлік үлгілерін (эталондарын) құру, сақтау мен беру сияқты қоғамдық маңызы бар есептерді шешу барысында өркениет таңының атуында пайда болды[12] .

Өзінің дамуы барысында қоғам «бір бірімен тығыз байланысты үйренуден», яғни балалар үлкендерден оларға еліктеуден класс, мектеп, гимназияларды құруға дейін қадам басты. Әртүрлі елдерде әртүрлі тарихи сатыларда білім беру мақсаты, мазмұны мен формаларында елеулі өзгерістерді басынан өткеріп, мектеп негізгі тағайындалуы - тиімді педагогикалық қызмет ұйымдастыру болып келетін басты әлеуметтік институт болып қалыптасты. Ескере кететіні, бұл іс-әрекетті маманды түрде тек оқытушылар жүзеге асырады, ата-аналар, өнеркәсіптік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, көпшілік ақпарат құралдары білім-тәрбиелілік үрдістің ерікті немесе еріксіз қатысушылары болды.

Мамандандырылған педагогикалық қызет қоғаммен арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында: мектепке дейінгі мекемелер, маманды-техникалық училищелерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындары, қосымша білім беру, квалификацияны жоғарылату мен қайта дайындау мекемелері. Педагогикалық қызмет адам іс-әрекетінің кез келген түріне тән сипаттамаларға ие: мақсатқоюшылық, мотивтендіру, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін А. Н. Леонтьев белгілеген мақсат, мотивтер, әрекеттер (операциялар), нәтиженің бірлігі ретінде оның құрылымын талдау арқылы ашуға болады, сондай-ақ оның жүйе құрылымдық сипаттамасы ретінде ол мақсатты санады[13] .

Осылайша, педагогикалық қызмет дегенде адамзат жинаған мәдениет пен тәжірибенің үлкеннен кішіге беруге олардың жеке дамуы үшін шарттарды құру мен қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін түсінеміз.

Педагогикалық қызметтің технологиясы мен оның негізгі бағыттары:

Бірінші бағыт. Балалардың ойынын ұйымдастыру. Осы жастағы баланың психикасы ойын арқылы өзгеріп қалыптасады, мектепке дайындалады. Өзі басқалардың қылығына баға беруге үйреніп, өмірді тани бастайды. Баланың ойыны арқылы оның қалай өсіп келе жатқанына баға бере аламыз, қисық жерін түзетуге кірісеміз. Қазақ «Баланы жастан» деп тегін айтпайды. Ойын арқылы бала өзінің қалай өсіп, дамып келе жатқанын білдіреді. Ойын - әкспериментті құрал. Ойынның ішінде сюжеттік ойындар бар. Ол өзінше спектакль. Сондықтан біріншіден, ересектер осы бір қолайлы жайтты ұтымды пайдаланғаны жөн. Мәселен, отбасы ойынын ойнағанда көргенін қайталайды, түзетулер енгізеді, әр отбасы мүшесінің міндет, құқықтарын, т. б. көрсетеді.

Осы рөлдік, сюжеттік ойындарда мынаны есте сақтаған дұрыс:
- біріншіден, жас балалардың ойынына араласпай, мұқият бақылау;

- екіншіден, осы бақылаудан қорытынды шығару;

- үшіншіден, кемшіліктерді түзетуге ойындық өдіс-тәсілдерді қолдану.
Ойын барысына араласу, түзетулер енгізу, ескерту жа-сау, бақылау балалардың ойынын бүзады, жалтақ қыла-ды, оның дамуына кесірін тигізеді.
Екіншіден, ересектер рөлдік ойындардың сюжетіне зер салғаны жөн. Себебі осы ойындар балада қатыгездік, жүрексіздік, өзімшіл, өркөкірек сияқты мінезді қалып-тастырып жүрмесін. Содан баланы сақтау керек. Ойын баланы жалықтырмауы тиіс. Себебі күндегі бір сарынды ойын өзінің тәрбиелік қүндылығын жоғалтады[14] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің міндеттері
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамыту үдерісі
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісіндегі педагогикалық практика
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫ МЕКТЕПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚБІЛІМДІК ІС-ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ
Психологиялық қызметтің дамуы
Мектеп басшысының жеке тұлға ретіндегі ролі туралы ақпарат
Нәтижеге бағытталған мұғалімнің педагогикалық қызметінің ұғымдық-түсініктік сипаты
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ– КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС – ӘРЕКЕТ
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде.Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz