Тұлға проблемасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тұлғаны зерттеудің этнопсихологиялық мәселелері
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1.Тұлға проблемасы.
2. Қалыптылық және ауытқу мәселесі.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе- тұлға-индивидтің әлеуметтік мәнді қасиеттерінің жүйесі. Адам дайын қабілеттермен, қызығушылықтармен, мінезбен және т.б. туылмайды. Бұл қасиеттер нақты әлеуметтік жағдайларда адамның өмір сүру кезінде қалыптасады. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы нақты бір қоғамдық жағдайларда туады.

Тұлға проблемасы бірқатар ғалымдардың - философия, социология, психология, педагогика т.б. ғылымдардың зерттеу объектісі. Мысалы Философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді. Тұлға дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін адам, индивид, тұлға деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз керек. Адам - деген ұғым, адамзат баласының қасиеттерін сипаттайтын, жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Индивид адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық - бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, тұлға дегеніміз, адамның тек табиғи - биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз - байланыс, қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.
Зигмунд Фрейд психоанализ терминін алғаш енгізген. Психоанализ терминінің үш мағынасы бар: 1) тұлға және психопатология теориясы; 2) тұлға көңілінің бұзылуының терапиялық әдісі; 3) индивидиумның саналы түрде сезілмейтін ойлары мен сезімдерінің зерттеу әдісі.
К.Юнг бойынша тұлға психологиясы үш бөліктен тұрады:
1) саналы;
2) индивидуальды бейсаналық;
3) ұжымдық бейсаналық.
Тұлға құрылымында, оның дамуында негізгі рөл атқаратын ұжымдық бейсаналық бөлім. Бұл адамзаттың психологиялық мұрасының ізі.
Альфред Адлердің ойынша, адам біртұтас ағза ретінде қарастырылады. Оның өз теориясын индивидуалды психология түсінігін енгізуі (бөлінбейтін). Индивидиум дене мен ми арасындағы байланыстың қатынасында да, психикалық өмірлік қатынаста да бөлінбейтін біртұтастықты құрайды. А.Адлер теориясының басты мақсаты - адамның барлық жүріс-тұрысы әлеуметтік ортада болғандықтан, адам табиғатының мәнін түсіну тек қана әлеуметтік қатынастарды түсінгеннен кейін барып қалыптасатындығын дәлелдеу.
Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік-психологиялық факторлары жалпы түрде екі топқа бірігуі мүмкін:
1) әлеуметтенудің әлеуметтік-мәдени жағын көрсететін және оның тарихи, мәдени, ұлттық ерекшеліктері мәселелерін қарастыратын әлеуметтік топ;
2) белгілі бір деңгейде тұлғаның өмір жолының кезеңдерімен анықталатын жеке-тұлғалық топ.
В.Г.Крысько тұлғаның әлеуметтенуінің үш факторын (микрофактор, мезофактор, макрофактор), механизмдері мен құралдарын көрсетті.
Микрофактор - жанұя, микроәлеумет, тәрбие институттары, діни ұйымдар;
Мезофактор - этнос, аймақтық шарттар, елді мекен типі, жаппай қарым-қатынас құралдары;
Макрофактор - мемлекет, қоғам, ел, мәдениет.
Адамның тұлға болып қалыптасуы этностан тыс мүмкін емес, онда этнопсихология пәніне этнос және тұлға мәселесі кірген маңызды.
Сонымен, Бороноев ұсынған контекске мұндай түсінік, этнопсихологияның пәндік ауданы - этностық сананы оның барлық тарихи формаларында және тұлғаның бағаларын құрастыруға әсер ету жолдары болып табылады.
Бүгінгі таңда мектептің, жоғарғы оқу орындарының басты мақсаты, білімді, мәдениетті, шығармашыл, белсенді және адамзаттық құндылықтары толысқан тұлға қалыптастыру болып табылады.
Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуы бастауыш сынып жасындағы балаларда қарқынды жүретіні белгілі. Өйткені барлық қабілет-қасиеттердің негізгі мектепке дейінгі кезеңде қаланып, кейінгі жаста тереңдей түсетіні психология, педагогика, психофизиология ғылымдарында теориялық және тәжірибелік тұрғыда дәлелденген.
Атап айтсақ, әрі ұстаз, әрі ғалым Ахмет Байтұрсынов: Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білулі керек, екінші, балалардың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адамға боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білуге керек, - деген психологиялық мәні бар ой тұжырымында мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу қажеттігін ескерте отырып, жеке тұлғаның өзіндік табиғатына көңіл аударып оқытудың ғылыми негізін айқындап берген болатын.
Психология оқулығында оқушылардың психологиялық таным процестері мен жеке ерекшеліктері қалай қалыптасып, дамитындығы жөнінде нақты мағлұматтар берілген. Онда адамның, тіпті жан-жануардың қоршаған ортаны танып білуі түйсіктен басталатыны айтылған. Түйсік жөнінде Ш. Құдайбердиев:
Тән, сезім, құлақ естіп, көз көрмек,
Мұрын - иіс, тіл - дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар алып,
Жақсы-жаман әр істі сол тексермек, - дейді
Бірақ түйсіну жекелеген сезім мүшелерінің қызметі арқылы іске асатын болғандықтан, әсер еткен тітіркендіргіштің мазмұны жөнінде бала ештеңе білмейді.
Абай этикалық тұжырымдамасында еңбек деп аталатын ұғым ерекше орын алады. Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа шашпақ, - деп қандай еңбекті дәріптеу керектігін байқатады. Тіптен ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттылық тұрғысынан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай-ақ, ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімділікке бөлейді, ал, оның қадірін білмейтін салбөске жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамға келеді. Сол себепті ол : Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейшілік - бәрі осыдан шығады, - деп жазды. Қысқасы, ақын еңбекті жоғары игіліктің көзі, адам қаракетінің ең биік өлшемі, халқына қызмет етудің, оның ұлттық арман-мүддесін жүзеге асырудың, намысын қорғаудың басты көрсеткіші деп білді.
Адамның тұлға ретінде қалыптасу процесінде өскен ортаның, тәрбиенің рөліне үлкен мән бере отырып, ұлы ақын әркімнің өзін-өзі жүйелі түрде тәрбиелеп отыруы керектігіне айырықша көңіл бөледі. Өзінің он бесінші сөзінде ол осы ойды былайша толғайды: Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПӘНДІК МӘРТЕБЕСІ
Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Философиялық антропология және аксиология
Жеке тұлға анықтамасы
Философиядағы адам проблемасы
Қазіргі кездегі жеке тұлға мәселесі
Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының қазіргі жағдайы
Педагогиканың категориялары
Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми – педагогикалық негіздері
Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі
Пәндер