Сымсыз байланыс


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Телекоммуникациялық жүйелерді қолдану салалары:АТС, мобильді байланыс, спутниктік, байланыс, әскери, ғылыми, байланыс, телекөрсетілім. Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele - қатынасу, байланысу, грекше - қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon - байланыс) - ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т. б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын, өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы (ХЭО) айналысады. ХЭО-ның мақсаты шартараптық ақпараттық құрылым жасау және соның нәтижесінде Телекоммуникацияны шартараптандыру, дербестендіруезі Шартараптандыру - әлемдік (шартараптық) желі құрып, оған барлық мемлекеттердің және олардың аймақтық, абоненттік желілерін интеграциялау; дербестендіру - UPT (Unіversal Personal Telecommunіcatіon) тұжырымдамасы бойынша дүние жүзіндегі адамдардың барлығына дүниеге келісімен дербес нөмір тағайындалып, әлемдік желіге тіркеледі, ал жолданған ақпарат абонентін іздестіру желі қызметінің зерделілігінің көмегімен автоматты түрде орындалады. Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі - телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды.
1 ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ӨТКЕН МЕКЕМЕНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕСІ
- IB NANО қызмет көрсету саласы
Біздің мақсатымыз бір уақытта қарапайым және күрделі. Біздің тапсырыс берушіміздің табысы мен тиімділігі - бұл біздің жетістік. Сондықтан біз: Ең алдымен, жұмысқа кіріспес бұрын көптеген сұрақтар қоямыз. Сіздің нәтижелеріңізге сүйене отырып, сіздің тапсырмаңыз үшін ең қолайлы платформаны таңдап аламыз, біз қысқа мерзімде жобаны екі жақты консультациялық режимде жүзеге асырамыз - біз сіздерге алғыңыз келетін нәрсені, ал біз сіздерге озық тәжірибелер туралы, оның қалай жүзеге асуы жақсы. Біз сіздің қызметкерлеріңізді үйретеміз. IB nano корпоративтік басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жобалау, енгізу және қызмет көрсетумен айналысатын консультант болып табылады. 2011 жылы біз өз қызметімізді бастадық, ал қазір компания қызмет көрсету ортасын қарқынды түрде кенейтуде. Көрсететін қызметтерінің ең негізгі түрлері диаграмада корсетілген 1. 1 - сурет.
1. 1 - сурет IB nano қызмет ара қатынасы
Қазақ көлік және коммуникация академиясына келесі сервистік қызметтерді көрсетеді офистік жұмыс, қызметкерлер туралы құжаттар, техникалық мәселелерге арналған жәрдем көрсету.
Телекоммуникация желісіне радио, теледидар, телефон желілері және компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін атқарады. Телекоммуникацияның ең алғаш құрылған желісі - телеграф желісі. Қазіргі телекоммуникация саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер аналогты сигналдарды (дыбыс пен бейне) цифрлап, ал цифрланған сигналдарды дестелеп таратудың мүмкіншіліктерін іске асырды. Телекоммуникация (Telecommunications) - компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т. б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас) .
Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы - Қазақстандағы телекоммуникациялық компания. 1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақстан телекоммуникациясы” ұлттық корпорациясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акциялардың 50 пайызы мемлекетке тиесілі. “Қазақтелеком” барлық желісін - телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген. 2001 - 05 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көл. 265 млн. АҚШ долларын құрайды. 1995 жылдан бастап көрсетілетін байланыс қызметтерінің жалпы көлемі ұлғая түсті. 1999 жылға дейін оның көл. 43 пайызға артып, 29, 5 млн. теңге болды. 1999 жылы жергілікті желіге 144 мың жаңа абонент қосылды. Телефон арналарының жалпы ұзындығы 2002 жылы 186, 8 млн. арна-км, оның ішінде оптикалық кабельдерді қолданатын арналардың ұзындығы 130, 6 млн. арна-км болды. қалааралық және халықар. телефон байланысы арқылы сөйлесу көлемі жылына 310 млн. арна/км-ге жуық. Ауылдық жерлерде 162 станиялары қалпына келтірілді, 30 мыңнан астам телефон іске қосылды. ТрансАзия талшықты-оптикалық байланыс желісінің қазақстандық телімі (1754 км) арқылы Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытай мен Еуропаға шықты. Осындай байланыс желісінің Шымкент-Ақтөбе-Атырау-Ресей бағытындағы батыс телімі (2500 км) салына бастады. Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Орал қалаларында ең жоғары талаптарға сай келетін электронды станциялар іске қосылып, республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды. Жол қатынасы қиын шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандарға байланыс қызметін көрсету үшін ДАМА ұлттық спутниктік байланыс желісі орнатыла бастады, оның құрамына 250 станциялары кіреді, бұл желінің қызметін пайдаланатын абонент саны 2 млн-ға жетті. “Қазақтелекомның” “Kazakhstan on-lіne” сауда таңбасымен көрсетілетін қызметі Қазақстанның 18 ірі қаласын қамтиды. Телекоммуникацияның негізгі телімдерін жаңғырту шеңберінде “Интернет аймағы” қызметі көрсетіледі. Ол телефоны мен модемді компьютері бар тұтынушылардың Интернетті пайдалануына жол ашты. Бұл жүйені жетілдіру мақсатымен 1999 “Қазақтелеком” өз абоненттеріне “Қазақстан Интернеті” атты жаңа қызмет ұсынды. 2000 жылдың ортасына қарай Интернетті пайдаланушылардың саны 20 мыңға жетті. 1999 жылдан Қазақстанның барлық облысы орталықтарында, қалалары мен аудандарында әмбебап таксофондар орнатылды. Осы жылы қалааралық телефон станцияларын толық цифрлау бағдарламасы аяқталды. Ақтөбе, Тараз, Оралда қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары іске қосылды. Алматы мен Астанада қалааралық коммутациялық орталықтарының салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық қағидаттарына көшуге мүмкіндік берді. Барлық облыстардағы қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Ел тұрғындарының бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды. Ел Президенті «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты биылғы Жолдауында «ұлттың ұйытқысы болар қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды» деп мемлекеттік тілдің маңызына ерекше тоқталған болатын. Расында, бүгінгі күні қазақ тілін дамытуға әр сала өз үлесін қосуда. Құрылғанына 20 жыл толған «Қазақтелеком» АҚ ұлттық компаниялар арасында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік тілді дамытуда нақты қадамдармен және жемісті нәтижелермен көзге түсіп жүргенін айта кеткен жөн. Осы орайда «Қазақтелеком» АҚ-ның Атырау облыстық филиалында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар жайлы сөз қозғауды жөн көрдік. Мәселен, 2014-2016 жылдарға арналған Мемлекеттік тілді енгізу және дамыту бағдарламасы бойынша Атырау филиалы ұйымдастыру-техникалық шараларын жүзеге асыруда. Әуелі, қызметкерлердің қазақ тілінде еркін сөйлеп, сауатты болуы басты назарға алынды. Себебі компания қызметкерлерінің тілдік әлеуетін дамытуды басты мақсат еткен. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін компания ісқағаздарында мемлекеттік тілді толық деңгейде пайдалану, телекоммуникация қызметінде тұтынушыларға өтініш жасаған тілінде қызмет көрсету, қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде насихаттау бағытында мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастыру, телекоммуникация және байланыс саласының терминологиялық базасын жүйелендіру және әрі қарай дамытуға ұсыныстар беру, ақпараттық және коммуникативтік технологияны белсенді пайдалану жұмыстары іске асырылуда. Қызметкерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгеріп кетуіне де барлық жағдай жасалған. Мәселен, олар үшін Қоғамның корпоративтік «Тілтаным» сайты жұмыс істейді. Соңғы бес жылдан бері оқу порталына тіркелген қызметкерлер «Қазақтелеком» АҚ филиалы - «Инфокоммуникациялық технологиялар академиясы» дирекциясы әзірлеген «Ағылшын тілі», «Іскери ағылшын тілі», «Қазақ тілі іскери қатынас үшін (бастауыш деңгей және инфокоммуникациялық, коммерциялық бағыттағы қызметкерлер үшін жалғастырушы деңгей) », «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу (бастауыш, жалғастырушы, жетілдірілген деңгейлер) » курстарын қашықтықтан меңгеріп жатыр. Оқу курсы аяқталған соң оларға тиісті сертификаттар беріледі. Бұл курстың артықшылығы, қызметкерлер өндірістен қол үзбей, қажетті білімдерін ала алады. Мемлекеттік тілді үйренуде көптеген артықшылыққа ие жүйелердің тағы бірі - вебинар. Ол қоғамның ИКТА дирекциясымен интернет арқылы нақты уақыт тәртібінде онлайн-кездесу, семинар, конференциялар ұйымдастыруға арналған құрал. Интернет-технологиялардың қарқынды дамуы корпоративтік орта, қызметкерлерді оқыту саласындағы іс-шараларды виртуалды кеңістікте өткізуге жол ашатыны анық. 2013 жылдан бастап бұл оқу жүйесі бойынша филиалдың мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі мамандары мен менторлары трансферт курстардан өтіп келеді. Сонымен бірге филиал қызметкерлеріне салалық терминологиялық лексиканың негізінде әзірленген «Кәсіби қазақ тілі» электронды оқулығы таратылып, жұмыс үстелдеріне орнатылғанын айта кеткен жөн. Атырау филиалында қазақтілді көпдеңгейлі оқыту жүйесі бойынша курстар өтеді. Оған биыл 153 тыңдаушы қатысты. Қызметкерлердің тілдік деңгейін көтеру мақсатында көпдеңгейлі оқыту жүйесіне негізделген «Лексикалық-фразеологиялық өлшемдер» топтамасы оқытылады. Жыл сайын мемлекеттік тілді меңгерудің негізгі жүйесі - Қазтест талаптарына негізделген салалық тест сұрақтары бойынша тестілеу жүргізіліп, қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі анықталып отырады. Бұл да бір жағынан қызметкерлердің мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне көмектесетіні анық. Тағы бір айта кетерлігі, филиалдың сервис және анықтамалық-ақпараттық қызметтері (160, 165 және т. б. ) мамандарының тұтынушылар талап еткен жағдайда мемлекеттік тілде жауап беруі тұрақты қадағаланып отырады. Яғни арнайы бағалау парақтары әзірленіп, онда операторды бағалау өлшемдерінің бірі ретінде мемлекеттік тілді білуі ескеріледі. 2013 жылдан бастап сервистік қызмет көрсету бөлімшелерінің қызметкерлерін аудиобақылау және тікелей бақылау жұмыстары қолға алынды. Ал сапа сарапшыларының (www. 165. kz сайты) бағалау нәтижелеріне сүйенсек, «операторлардың тұтынушымен түсінісу тілін білу» көрсеткіші 90%-ды құраса, орташа көрсеткіш 95%-дың межесіне жетті. Мемлекеттік тілдің кең ауқымда насихатталуына өткізілетін ұжымдық шаралар да маңызды. Батыс аймақтық көшпелі семинарлар, мемлекеттік тілді енгізу мен дамыту үдерістерін қолдау бағытындағы конкурстық шаралар, Тілдер күні, Наурыз мерекесі, «Ең үздік іс жүргізуші», «Ана тілі аруы», «Ең үздік байланыс қызметкері», «Ең үздік блок командасы» және т. б. шаралардың да мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ықпалы зор. Оның жалпы қамту аумағы жеке базалық станциялардың қамту аумағымен анықталатын ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтар бір-бірін көмкеріп, желі құрайды. Тегіс және ашық жердегі қамту аумағының базалық станциялары шеңбер пішінді болып келеді, сондықтан олардан құралған желі алты бұрышты ұяшықтардан құралған бал арасының ұяшығына ұқсас болып келеді. Желі бірдей жиілікте жұмыс істейтін, кеңістікте таралатын қабылдағыш-таратқыштардан, қозғалыстағы абоненттердің орнын алдын ала анықтау және оның бір қабылдағыш-таратқыштың қызмет көрсету аумағынан басқа қызмет көрсету аумағына ауысу кезіндегі байланыстың үзіліссіздігін қамтамасыз ететін коммутаторлық жабдықтардан тұрады. Сонымен қатар телекоммунмкациялық желілір бизнес жүргізідің ең негізгі казғаушы күші болып табылады ID Nano компаниясы ақпарат базасын басқару, терен анализ жасау, аналитика секілді қызметтер көрсетеді.
- Сымсыз байланыс
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz