Бақсы типінің қалыптасуы, оның функциясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ТУДЫРУШЫ, ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ, ДАМЫТУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ . . . 61. 1 Абыздар шығармашылығы - қазақ әдебиеті мен өнерінің бастауы . . . 6
1. 2 Абыздардың сәуегейлік қасиеті . . . 14 2 2. ФОЛЬКЛОР ӨКІЛДЕРІ, ШЫҒУ ТӨРКІНІ ЖӘНЕ СИПАТТЫ БЕЛГІЛЕРІ . . . 212. 1. Бақсы типінің қалыптасуы, оның функциясы . . . 21
2. 2. Ақын ұғымының пайда болу тарихы . . . 32
2. 3. Сал, серілердің пайда болу тарихы . . . 36
2. 4. Жырау типінің пайда болу тарихы . . . 43
3. ХАЛЫҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖАНР ТҮРЛЕРІ . . . 48
3. 1. Өлең және оның түрлері . . . 48
3. 2. Өлеңінің өрнектілігі мен бейнелілігі . . . 54
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . … . . . 67
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеттануы мен фольклортануында сөз өнерін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлғаларды зерттеуге бағытталған ғылыми еңбектер аз емес. Дегенмен көне замандардағы шығармашылық тұлғалар мен олардың қызметінен мағлұмат берерлік жазба деректер мен материалдық жәдігерліктердің мүлдем тапшылығына байланысты бұл мәселе толық шешіліп болған жоқ. Ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлғаларды және оның қызметі жөнінде Абай Құнанбаев, М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Ә. Марғұлан, Е. Тұрсынов, Ш. Ыбыраев сияқты ойшылдар мен ғалымдар еңбектерінде сөз болады.
Ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлғаларды арнайы қарастырудың әдебиеттану үшін, жалпы мәдениетіміз үшін тигізер пайдасы мол. Біріншіден, ол өнер синкретизмі күшті кезде ең басты шығармашылық тұлғалар болды. Қазіргі көзқараспен қарағанда, ол әрі ақын-жырау, әрі сазгер, әрі актерлық өнердің негізін қалаушы. Оған қоса, олар - әлеуметтік-заңгерлік және сәуегейлік, емшілік сияқты міндеттерді қоса атқарған аса күрделі тұлға. Бұл тұрғыда олар халық өнерін қалыптастырушы, тудырушы тұлғалар ретінде айқындалады. Олардың осы қасиеттерін жіктеп шыққанымызда көптеген шығармашылық тұлғалардың: бақсылардың, жыраулардың, ақындардың, би-шешендердің, күйшілердің, жыршылардың, сал-серілердің абыздан өрбитіндігіне көзіміз жетеді. Көптеген әдебиет пен өнер жанрларының тақырыптық, образдық, көркемдік аясы абыз тұлғасымен тікелей сабақтасып жатқаны көрінеді.
Ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлғалар өнер түрлерін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлға болуымен қатар, олар көркем бейнеге де айналды. Олардан қалған рухани мұралардың, әсіресе, музыка жәдігерліктерінің түсіндірмесі ретінде қолданылатын аңыз-әпсаналарда олар бас қаһарман ретінде жүреді. Олардың өмірлік тұлғасы мен көркем бейнесінің арасындағы байланыстарды, тарихи шындық пен көркем қиялдың үлесін көрсетіп берудің де мәні зор. Сондай-ақ ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлғалар бейнесі кейінгі жазба әдебиеттен де елеулі орын алды. Бұл бейне эпикалық, лирикалық, драмалық түрлерде көрініс тапты. Қазақ халқының ауызша сөз өнері мен халықтық музыкасының ырғақтық жағынан етене жақындығы да ескерілмей келе жатыр. Өнер түрлерінің мұндай туыстығы синкреттік тұлғалардың, әсіресе, ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлғалар шығармашылығының жемісі ретінде көрсетілуі аса қажет. Осы айтылған жәйттар жұмысымыздың ең басты өзектілігін қамтиды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың ең басты мақсаты - ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлғалардың тарихта болғандығын, олардың ұлттық әдебиетіміз бен ұлттық өнеріміздің көптеген жанрларын тудырған, қалыптастырған шығармашылық тұлғалар екенін; кейінгі шығармашылық тұлғалардың олардан дараланып шыққандығын және олардың өнері тұтастығының кең ауқымда болғандығын; қазақ фольклорындағы болжау мәнді шығармалардың психикалық-шығармашылық негіздерін; төл әдебиетіміздегі көптеген дәстүрлі образдар мен көркемдік ойлау жүйесінің олардың шығармашылығының жемісі екендігін дәлелдеу. Басты мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
- ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, таратушылардың (абыз, сәуегей, ақын, бақсы, жырау, сал -сері т. б. ) тұлғасы мен шығармашылығы жайлы және оның қоғамдық қызметтерінен хабар беретін деректермен таныстыру;
- абыздың өз заманындағы қоғамдық-әлеуметтік дәрежесін, реалды шындықтан тысқары қасиеттерін, шығармашылық психологиясын толыққанды сипаттау;
- ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, таратушылардың бірі халық ақындары шығармаларындағы ауыз әдебетінің шағын жанрының көрінісін талдап, таразылау;
Тақырыптың нысаны. Жұмыста ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлғалардың шығармашылығына жан-жақты ғылыми сипаттама мен дәйектеме берілді, оның өнер түрлерін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлға екендігі айтылды. Абыз шығармашылығынан туатын өнер тұтастығы кешенді түрде зерделенді. Көне замандағы өнер тұтастығының, әсіресе, саз бен сөз өнері бірлігінің көзден таса белгілері дара өнер бойынан табылды, олардың арасындағы байланыс түрлері арнайы сөз болды. Ауыз әдебиетін тудырушы, қалыптастырушы, дамытушы тұлғалардың шығармашылығы мен оның көркемдік бейнесі жөніндегі арнайы зерттеулер деректілік негізі ретінде пайдаланылды. Бұл қатарда бірінші кезекте сөз өнері түрлерін тудырушы, дамытушы, таратушы өкілдер жөніндегі зертеулер мен монографияларды атап өткен ләзім. Атап айтсақ, Е. Исмаиловтың «Ақындар» еңбегін атаған жөн. Ол жырау, жыршы, шешен және әнші-ақындар, сал-сері, өлеңші, ақын-импровизаторлар туралы арнайы тоқталған [1] . Ғалым Е. Тұрсыновтың «Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері» атты монографиясында бақсы, ақын, сал-сері, жырау, сыншылардың әлеуметтік және шығармашылық тұлғасы мен олардың шығу тегін зерделеген [2] . Р. Бердібайдың « Халық ауыз әдебиетін жасаушылар мен дамытушылар » деген мақаласы жырау, ақын, жыршы, термеші, өлеңші сияқты шығармашылық иелерінің ерекшеліктерін көрсетуге бағытталса, «Билер сөзінің фольклорлық сипаты» деген мақаласы [3] би-шешендердің шығармашылығын сипаттайды. Тақырыбымызға қатысты тағы бір еңбектер шоғыры - фольклордың жеке жанрларын қарастырған зерттеулер. Бақсылар тұлғасы туралы Ш. Уәлиханов [4], Ә. Диваев [5] , М. Әуезов [6], Б. Уахатов [7], Б. Абылқасымовтар [8] ; жырау тұлғасы жөнінде М. Әуезов [6], Б. Абылқасымов [9] ; Қ. Өмірәлиев [10] еңбектеріндегі пікірлер де осы саладағы зерттеуге негіз болуға лайық.
Диплом жұмысының дерек көздері. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері жөнінде Б. Кенжебаевтың, жалпы көне дәуірдегі өнер заңдылықтары туралы Р. Бердібайдың, С. Қасқабасовтың еңбектері және коллективтік монографиялар жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі болды. Сонымен қатар, ауыз әдебиетін тудырушы, таратушы тұлғалардың шығармалары басты дерек көздері болып табылады.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Жұмыста салыстырмалы-типологиялық, жүйелі, аналитикалық зерттеу тәсілдері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АУЫЗ ӘДЕБИЕТІН ТУДЫРУШЫ, ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ, ДАМЫТУШЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ1. 1 Абыздар шығармашылығы - қазақ әдебиеті мен өнерінің бастауы
Қазақ халқының ұлттық руханияты мен төл өнері, көш басында қолына қобыз ұстаған абыздар тұр. Көпшілікке беймәлім қатардағы жұртшылық сезе алмайтын ақиқат құбылыстарды (халық тағдыры, елдің мұқтажына байланысты проблемаларды) алдын-ала болжап пікір айту, сол болжамын ел билеуші мен халық санасының өресіне лайықты көркем сөзбен орнықты етіп жеткізу және ең бастысы, не айтса, сол ойларының адаспай тура келуі олардың үлкен қабілет иесі екенін дәлелдейді. Олардың бойынан, көмескіні болжап, тілегі, дегені қабыл болу қасиетімен бірге кез келген, дау-жанжал, қақтығыстарды ақиқат заңымен үндестіре шешу қабілеті, халықтың танымдық зердесіне танытқыштық, тәрбиелік нұр беретін ғибраттық-ағартушылық жыр айту өнері қатар табылған. Абыздар - өнер тарихында өзіндік мәні мен мағынасы, өшпес ізі бар қобыз аспабын жасаушы, оны әбден кемелдендірген, әрі орындаушы, күй, толғау жанрын туғызушы тұлғалар. Абыз тұлғасы синкретті болғандықтан, оның рухани болмысы әуелде көп қабатты психологиялық ерекшеліктерді бойына топтаған асыл қасиеттерден құралған.
Тағы бір жәйт, абыздардың елден ерекше бітім-болмысын айқындау бір ғана көне түркілік мәдени дәстүр жалғастығымен ғана шектелмейді. Себебі абызға тән көмескіні болжайтын «сәуегейлік» қасиет те, елді бірлікке уағыздаған ақын-жыраулық қабілет те, яғни оның психологиялық ерекшелігі де ежелгі дәуір ойшылдарының бәріне ортақ. Сондықтан абыздарды интуитивтік сана-сезім иесі тұрғысынан зерттеу - екі түрлі жаңалықты ашуға мүмкіншілік береді. Біріншісі - жыраулар шығармашылығындағы болжал мәнді әдебиетті туғызған абыздардың басқаға көрінбейтін көмескіні болжау қабілетін, яғни сәуегейлік қасиетін ашу болса, екіншісі - абыздар дәстүрі бастау алатын қазақ халқының ұлттық дүниетанымының қалыптасуына терең із қалдырған жалпы адамзаттық мәдениеттерді тануға мүмкіншілік туғызады. Олар ежелгі ру-тайпа ұлыс дәуірі, ислам діні келуімен байланысты шығыс мәдениеті кірген дәуір, Алтын Орда дәуірі, Ресеймен қосылған шақтағы дәуірлер. Осы дәуірлерде абыздардың шығармашылық функциясы да әрдайым өзгеріп отырғанын және қазақ халқының мәдениет тарихында сол мәдениетті жасаушы, қалыптастырушы тұлғалардың дені абыздардан тарағанын Қ. Жұбанов былай деп түсіндіреді: «Қазақтың бақсылары, жұлдызды есептеп, тістің құртын шақыратындар, жыланды, бүйіні арбап байлайтындар, тамыршылар, қобызшылар, әншілердің көбісі абыздардан өрбіген, солардан тарап жіктелген», - деп, «Қазақта ру құрылысы қаулап, бұрынғы шамандардың қоғамдық дәрежесі төмендеп, олардың бірі бақсы, бірі балшы, бірі әнші болып кеткен», - дейді. Қ. Жұбановтың бұл пікіріне қарағанда абыздар - бақсыларға қарағанда ең ескі тұлғалар. Егер бақсылардың басты функциясы емшілік болса, абыздардың атқаратын көп қабатты функциясы сан алуан болған екен. Оның көп функциялы тұлға болғанын Ә. Марғұланның мынадай тұжырымынан байқауға болады. Оның айтуынша: “Ежелгі бақсы-жыраулардың бір тобын “абыз” деп атаған (Нысан абыз, Құрманбай абыз, Сабырбай абыз, т. б. ) . Бұлардың ерекшелігі ескі заманның тасқа, ағашқа, теріге түсірген жазуларын оқи білген. Далада тасқа түсірілген жазулар кездессе, ол жердің қазақтары оны пәлен абызға көрсет деп отыратын болған. Қазақта “киіз кітап” дейтін ұғым бар, бұл ұғым толығымен абыз аттарымен байланысты жүреді. Халық аңызы бойынша тас, ағаш, сүйек, теріден басқа бұрынғы заманда жазуды жұқа киіздерге жазып отырған. Орта ғасырдағы абыздардың көпшілігі қазақ хандарының кеңесшісі, ақыл берушісі болған, халық алдында үгіт айтып, оларға кеңес берген. Бұл деректерге қарағанда қазақтың абыздары ескі замандағы оқымысты бақсылардың дәстүрін соңғы заманға дейін сақтап келген, солардың қалдығы деуге болады. Абыздар бір жерде отырмайды, ылғи тау-тасты аралап, тасқа жазу түсіріп, ескі жазуларды оқып жүреді, жирен атқа мініп ел қыдырып, қобыз тартып, сарын айтып, сәуегейлік құрып жүретін болған. Бұл дәстүр, әсіресе, Алтайда, Ертіс бойында, Тарбағатайда көбірек сақталған. Алтайда жирен атқа мініп, қобызбен күй тартып, сарын айтып жүретін қарияларды “Жиренше” не “Сары абыз” деп атаған . . . Қазақ абыздарының бір ерекшелігі олар Сахарада әр заманда үстем болған салт-сананы біріктіріп (Тәңірі, будда діні, мани), олардың аралас синкретті түрін қолданған” [11, 214] . Ғалымның абыздардың тарихтағы қоғамдық және шығармашылық роліне берген бағасына қарап талдасақ, олардың мынадай сан-алуан функцияларға ие болғандығын жіктеп шығуға болады (1-кесте) .
Бақсы Абыз Күйші Ру бастықтары Сәуегей Ақын Би (шешен) Әлеумет заңгерСонда абыздың бойында ескі жазуларды оқи білген оқымыстылықтан бастап, болашақты болжаған сәуегейлік қасиеті және адамзат тарихындағы көне діни салт-дәстүрлер негізінде қалыптасқан қағидаларға сүйену арқылы ел билеушіге кеңесші болу қабілеті синкретті түрде бой көрсеткен. Мұндай қасиеттер кейінгі әдебиет пен өнер туындыларын туғызған, қалыптастырған, дамытқан шығармашылық тұлғалардың бойында жеке-жеке дараланып жіктеліп кетті. Кейінгі өнер атаулының абызбен байланыстығын тұңғыш профессионал тілші ғалым Құдайберген Жұбановтың пікірлерінен байқауға болады: “қазақта ескі кездегі шамандарды абыз деп атаған. Ру құрылысы дәуірінде бұлар ру бастықтары болғандықтан, рудың ақсақалы, үлкені болғандықтан, абыз сөзі бар үлкендіктің аты болып кеткен. Әйелдің үлкенін де қазақтар - абысын, татарлар абизтай, ағаны әбзи дейтіндері сол абыз ұғымынан шыққан сөздер” [7, 135] . Қ. Жұбанов қобыз сөзінің абызбен тікелей байланысты сөз екенін айта келіп, “Мұның дұрыстығына күмәнданбауға болады. Себебі алтай, ойраттықтарда қобызды тек шамандар ғана тартса, қазақта да қобыз ойнайтындар негізінен абыздар (кейін бақсылар) болған. Абыздардың шығу тегі жайлы Е. Тұрсыновтың зерттеулерінде егжей-тегжей айтылады [2, 200 б. ] . Ол фольклор үлгілерін сақтап, таратушылар: ақын, жырау, сал, сері, бақсы, болжаушы , абыздардың шығу тегін ең алғашқы адамдар дүниесімен табиғаттың тылсым күштерінің арасалмағын реттейтін ырым-салттарды орындаған дәнекершілерден тарағанын айтады. Дәнекерші болудың 2 түрі бар. Бірі ақиқатты тану, жаратушы иемен байланысу болса, екіншісі жын, дию, перілердің көмегімен сол хабарларды ұрлау арқылы байланысу. Бірақ этнограф-ғалымдардың (Э. Б. Тайлор, К. Вильсон, С. А. Токарев) зерттеулерінде бұл мәселенің ара жігі ашылып көрсетілмеген. Абыздың бойындағы қасиеттердің көбі дәнекершілермен ұқсас келеді. “Дәнекершілер өз руларының ырыми рәсімдерінің тәртібін, сол рәсімдер кезінде айтылуға тиісті дұға, арбаулардың сөздерін жетік білетін кісілер. Абыздардың нақты дәнекершілерден жіктеліп шығатыны жайлы Е. Тұрсынов: “Әлеуметтік-рухани өмірінде жеке-жеке абыз (жрец) немесе ақын, ертекші, т. б. типтер қалыптаса қоймаған халықтардың біразында дәнекершілер қазіргі күнге шейін бар екенін және ырыми фольклордың оқшалануы әдейі сайланған тұлғаларды туғызғанын айтады [2, 35] .
Фольклордың бүкіл халыққа ортақ кезі (2-кесте) .
Дәнекерші
Жырау
Жырау
Болжаушы абыз
Сыншы
Сері
Сал
Көрікчі
Ақын
Бақсы
Едіге Тұрсыновтың кестесі бойынша дәнекершіден бақсы, ақын, көрікчі тарайды да, ал кейінгі жыраулардың шығу тегімен байланысты болжаушы абыздар мен сыншылар осы көрікчіден тарайды. Сонда Едіге Тұрсынов ырыми фольклорды жүзеге асырған типтерді қайда жіберді? Әрине, көрікчі дегендер аты айтып тұрғандай сәуегейлер, болжаушылар. Ал халықтың наным-сеніміне қатысты дұғаларды оқитын ырыми фольклор иелері бұл зерттеуде дәнекершілерден әрі қарай жалғасын таппайды. Е. Тұрсыновтың еңбегінде болжаушылық, сыншылық дәстүр жыраулардың функциясына өтіп және дәнекершілердің ырыми фольклоры бақсылардың функциясына негіз болған. Этнографиялық деректерде абыз да, бақсы да бір ұғым болып кеткен. Оның негізгі себебі: абыздардың шығармашылық функциясында халықтың әлеуметтік келеңсіздіктерін шешу мақсатында пайдаланылған діни наным-сенімдерді зерттеп зерделеуге тиым салынудан болса, тағы бір себебі бақсы мен абыздың рухани күштерге ұластырған дәнекерші атрибуты - қобыз аспабы. Бақсы қобызда сарын айту арқылы адам емдеу барысында жын, дию, перілердің көмегімен тылсым дүниемен байланысқа түскен. Ал абызда оның қобыз ойнау дәстүрі де және дүниетанымы да басқа мақсатты көздеген. Абыздың қобызда ойнаған күйі - толғау. Толғаудың мақсаты - абызды жаратушы иемен жалғастыру арқылы, жоғарғы сана-сезім өресіне көтеру. Сондықтан абыздың бойында жаратқан иесінен сұрағанын алатын, тілегі қабыл болу қасиеті; әрбір әлеуметтік қақтығыстарды, келеңсіздіктерді Тәңірінің заңымен үндестікте шешу, халқына басалқы сөйлеп айтқанын тыңдата білу және билік басында отырған адамды дәлелді пікірмен көз жеткізіп тоқтату сияқты ерекше қасиеттер бой көрсеткен. Яғни абыздардың бойындағы қадір-қасиеттің барлығы ақиқатты тануға бағытталған құбылыс. Ал француздың атақты ойшылы Анри Бергсэн “Ақиқатты - интуитивтік сана-сезім ғана таниды”, - деп тұжырымдаған.
Қазақ абыздарының қоғамдық мәнінің ауқымы өте кең. Бұл сөзімізге дәлел ретінде Е. Ысмаиловтың “Ақындар” атты еңбегіндегі жыраудың ақындық қызметінен гөрі абыздық мәнінің терең екенін айтуы мысал бола алады. Оның пайымдауынша: “Жрец - көне шығыс елдерінде құдай мен адам арасын жалғастырушы әулие деп саналған. Бақсылық, болжағыш, балгерлік мәнінде де болған. Бұл терминнің көне шығыста бір мағынада көздегенімен әрбір өлкелерде, қоғамдық жағдайларға қарай мәні де өзгеріп отырған”, - дейді [1, 41] . Е. Ысмаилов жрецке тән оның функциясын анықтайды: “Жрец тарихта Тәңірге табынып, құрбандық шалу рәсімін орындаушы, язит дінінің әулие молдалары. Олар дінді кейбір ғылымдық тәжірибелерді құрал қылып елге мемлекет ісіне үстемдігін жүргізген. Көне халықтардың тарихында жрецтер деп билік, басалқысөз айтушы “әулиелерді” атаған. Олар үнемі билеуші қауым ортасында айтқаны тыңдалатын үстем тап өкілі болған”. Жырау мен абыздар арасындағы ортақ ұқсастық бар екенін Потаниннің “Оғыз қағанның қасындағы Ерқылы қожа, шешен, кеңесші жыршының бейнесіне ұқсайды” - деген пікірінен [1, 41] және Қ. Өмірәлиевтің “Оғыз қаған” эпосындағы “Ұлығ Түрүкке” берген бағасынан болады. “Оғыз қаған” эпосында Ұлығ Түрүк әрекеті басқаша: мұнда ол сәуегей, әулие образына жақын көрінеді. Ол күллі Оғыз ұрпағына қатысты түс көреді; өзі данышпан ақыл иесі, жүз тоқсан жасаған Сыпыра жырау, үш жүз жыл жасаған Қорқыт сияқты әруақ иесі киелі кісі ретінде көрінеді. “Ежелгі хундарда мұндай даналарды чжуки деп атаса [10, 76-77], көне түріктерде өге деп, білге деп атаған” дейді. Бұл дәстүр кейінгі қазақ хандығының тұсында да керегесін кеңге жая білді. Ханға ақыл қосып отырған Майқы би, одан соң әз-Жәнібек заманындағы Асан қайғы, Тоқтамыс ханның Сыпыра жырауы, Абылай хан тұсындағы Бұхар жыраулар болжау сөз бен кеңесші болуларының арқасында халықтың тарихи жадында “Әр ханның тұсында бір сұрқылтай” деген анықтама немесе мінездеме ретінде мақал қалдырды [10, 75-76] . С. Мұқанов: “Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұқар жыраулар ХІХ ғасырға дейінгі қазақ ақындарының символы, олар хан қасында отырып, батырды жырлаумен қатар сол кездегі мемлекет мәселесін шешуге қатысады. Абылай хан мемлекет мәселесін шешерде Бұқар жыраумен үнемі ақылдасып отырған, дейді [1, 41-42] . Яғни жоғарыда Е. Ысмаиловтың жыраудың қоғамдық пәнінің ескі абызға көбірек ұқсайтынына Қ. Өмірәлиевтің, С. Мұқановтың пікірлері де дәлел бола алады. Сонда жырау мен абызды жақын етіп тұрған олардың ескі замандағы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған көп қабатты синкретті функциясы екенін М. Әуезов өзінің жыраудың әлеуметшіл толғауына берген бағасында дәл анықтап көрсетіп береді. “Анығында өсиетшіл қария, толғаушы жыраудың негізгі міндеті өлеңшілік емес, елге басшылық істеп, бас алқа айту болатын. Бұның екеуі де ең алдымен елдің ақылшы кемеңгері, заманның сыншысы, қырағысы болатын. Сондықтан әр қайсысы өз елі, өз тобының не биі, не батагөйі болады. Екеуі де жалғыз ел ақылшысы емес, елді меңгерген хан мен бектің ақылшы, уәзірі есебінде болған” дейді [6, 196-197] . М. Әуезовтің сараптауынша болжаушы - батагөй қария мен толғау айтқан жырау мынадай көп қасиетті функцияға ие болған: Хан шеше алмаған ауыр түйін, қиын жұмбақ, көмескі келешек болса, барлығына да шешуді солар айтатын (абыздардың көмескіні болжап сәуегейлік қасиеті) . Тыныштық заманда қыюы қашып, арасы ашылған қарындасты табыстырып, қысылшаң заманда сасқан елге жол табатын, кемеңгер көрегені болған. (Дәлелді пікір пәтуә сөйлеп, діни қағидаларға сүйене отырып адамдардың сеніміне кіре білу, сөздері өтімді болған) әлеуметтік заңгер болған.
Елдің бірлігі мен тыныштығын қамтамасыз еткен, ел билеушісінің әділдігін тілеген абыздың әлеуметтік заңдарды шығарушы рухани тұлға болуы әбден мүмкін еді. Себебі ол кездегі заманның талап - тілегі солай болатын. Әлеуметтік заңдардың негізгі мазмұны - халықтың өмір сүруде дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, яғни сол кездегі дүниетанымына көре рухани жауапкершілігін оятатын өсиет айту, үгіт-насихат беру.
Ал, Алтын Орда дәуірінде әлеуметтік қақтығыстардың кең өріс алуына байланысты абыздардың көбінесе айналысатын кәсібі ханның кеңесшісі болу еді. Бұл кезеңде халыққа айтқан ағартушылық өсиеттері бұрынғыдан да құлашын кеңге жаяды. Ата-ана, неке туралы не жақсы, не жаман деген дүниенің мағынасы мен мәнісі жайлы толғауларды туғызды. Абыздардың бұл функциясы кәсіби жырауларды дүниеге әкелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz