Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің айналысатын қызметтерін жеңілдететін автоматтандырылған жүйесі


Аңдатпа
Бұл дипломдық жұмыста Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің айналысатын қызметтерін жеңілдететін автоматтандырылған жүйесі жасалды. Осы жүйе арқылы жастар саясатымен айналысатын бөлімнің қызметкерлер құрамы өз жұмыстарын барынша жан-жақты жоғары дәрежеде атқаруға, оңайлатуға, ақпаратты іздеуге, беруге, өзгертуге кететін уақытты қысқартуға және жұмыстың өнімділігін арттыруға, жастармен жүргізілетін әртүрлі шаралар туралы мәліметтермен дер кезінде хабардар етуге, әрі көптеген жастар ұйымдарымен тез арада байланысып отыру үшін жасалған автоматтандырылған жүйе болып табылады. Дипломдық жұмысының құрамы 64 беттен, соның ішінде кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, 2 кестеден, 28 суреттен, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Аннотация
В дипломном проекте анализирована разработка автоматизированной системы отдела молодежной политики администрации города Астана.
Данная автоматизированная система помогает сотрудникам отдела молодежной политики выполнять их работы на высоком уровне, упрощает процесс работы, сокращает время необходимое для изменения и поиска информации, повышая производительность труда. Система автоматизации предназначена для быстрого общения с разными молодежными организациями, и для своевременной информировании о различных мероприятиях. Дипломная работа состоит из 68 страниц, в том числе введение, три главы, заключение, 2 таблицы, 28 рисунков, список литературы и приложения.
Abstract
In the сapstone project analyzed the development of automated system of Department of youth policy administration of Astana city.
This automated system helps the employees of the Department of youth policy to perform their jobs at a high level, simplifies the process, reduces the time required to modify and retrieval of information, improving productivity. The automation system is designed for quick communication with different youth organizations, and timely information about various events. Thesis consists of 68 pages, including introduction, three chapters, conclusion, 2 tables, 28 figures, references and appendices.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе6
1. Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің жұмыс процесін ұйымдастыруда автоматтандыру құралдарын қолдану 9
- Ақпараттық жүйелерді автоматтандыру құралы ретінде қолдану9
1. 2 Ақпараттық жүйелердің классификациясы 10
1. 3 Ақпараттық жүйелердің қолдану салалары 17
1. 4 Автоматтандыру объектісін зерттеу 18
1. 5 Автоматтандырылған жұмыс орны туралы 20
2. Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің автоматтандырылған жүйесін жобалау 24
- Xampp-server веб-сервері 24
2. 2 IDE NetBeans интегралданған жасақтама ортасы39
2. 3 Notepad++ текстілік редакторы40
3. Жобаны іске асыру нәтижелері41
- MySQL ДҚБЖ41
- PHP программалау тілі49
- «Астана қаласы әкімшілігі жастар саясаты бөлімінің автоматтандырылған жүйесі» бағдарламалық өнімі және нәтижесі59
Қорытынды63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі66
Қосымша А68
Қосымша Ә74
Кіріспе
Адамзат өмірінің қазіргі даму кезеңі ақпараттық қоғамға өтумен сипатталады, мұнда ақпараттандыру мен компьютерлендіру процесстерінің нәтижесінде барлық салаларда ақпараттық технологиялар маңызды роль атқарады. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуының арқасында қазіргі заманғы қауым әртүрлі қоғамдық өндіріс деңгейлері арасындағы байланыстың күрделене түсуіне техникалық, ғылыми, саяси, мәдени, тұрмыстық және басқа да қоғамдық қызмет көрсету орталарында өзара жүретін ақпараттық ағындардың көбеюін талап етеді. Қазіргі кезде қоғам арасындағы ешбір процесті ақпарат алмасуынсыз елестету мүмкін емес. Ал осы байланысты жүзеге өз уақытында, дер кезінде жеткізу үшін әртүрлі құралдар мен байланыс жүйелері қолданылады.
Осыған байланысты адамның практикалық қызметінде ақпаратты өңдеу құралдарын және қазіргі перспективті әдістерді рационалды пайдалану қиындықтарының шешімі жоғары дәрежелі мағынаға ие болады. Сондықтан да адам өмірінің барлық салаларын автоматтандыру қажеттілігі туады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кез келген елді алға сүйреп, оның келешекке қадам басып дамуын жалғастыратын бүгінгі күннің жастары екені сөзсіз. Осыған орай бұл жобадағы алға қойылған мақсат - ақпараттар технологиялардың соңғы жетістіктерін қолдана отырып, Астана қаласы жастар саясаты бөлімінің автоматтандырылған жүйесін құру болып табылады.
Дипломдық жұмысының өзектілігі - кез келген мемлекеттің болашағы - сол елдің жастары екені белгілі, соған байланысты жастарға қатысты жүргізілетін саясат та ерекше назарда болуы керек. Бұл жобаның өзектілігі - ел ордамыздағы жастармен жүргізілетін саясат барысында олармен жасалатын шараларды жүзеге асыруға көмектесетін, әртүрлі жастар ұйымдарымен әрдайым тығыз байланыста жұмыс жасауды ұйымдастыратын және оларды дер кезінде қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отыратын автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасау.
Дипломдық жұмыстың деректік негіздері. Жасалынған web қосымша бағдарламасы динамикалық болғандықтан, міндетті түрде деректер қоры қолданылады. Web қосымшаны жасау үшін серверлі деректер қоры ретінде MySQL, ал скрипт тілі ретінде РНР алынды. Ал оған қосымша ретінде HTML, DHTML тегтері, бетін көркемдеу үшін CSS стилдері, Java Script, Notepad++ кодтау редакторы қолданылған.
Дипломдық жұмысты орындау барысында қазіргі таңдағы заманауи Denwer web-сервері мен MySQL сияқты деректер қорын басқару жүйелері технологияларының пайдаланылуы жұмыстың қазіргі заман талабына сай орындалғанын көрсетеді.
Қазіргі уақытта өмірді компьютер және оның күшті есептеу жүйесі орындайтын көптеген артықшылықтары мен басымдықтарынсыз елестету қиын. Барлық құрылымдық ұйымдарды, мекемелерді және кәсіпорынды орталықтан басқаруға көшуге тырысуда.
Бұл дипломдық жобада Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асыруға қызмет көрсететін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
XXI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Сондықтан жастармен жасалатын жұмыстар тыс қалып қалмауы керек. Бұған қоса жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, олардың ашылмай жатқан таланттарының оянуына түрткі бола білуіміз керек. Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды орындауда жастардың алар орны ерекше болып отыр.
Еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Біздің бүгінгі күннің талабына сай еліміздің әрбір азаматы, соның ішінде әсіресе жастарымыз айналамызда болып жатқан саяси процестерден жан-жақты хабардар болып отыруы тиіс.
Саяси білім - қазіргі қоғамдық және саяси құбылыстың мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдар өмірінде алатын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс-әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттың сыр-сипатын, қилы құбылыстарын жете ұғынуға, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат-мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады. Жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді. Саясаттан хабардар болу адамдарға саяси қажеттіліктерін мемлекет тарапынан іске асырудың жолдары мен әдістерін дұрыс таңдап алуға, демократиялық тәртіптерді және қоғамдық институттарды қалыптастыруға көмектеседі. Ол саяси төзімділікті, келісімге, серіктестікке, мәмілеге келе білуді, саяси шиеленіс, дау-жанжалдарды дер кезінде шешуді, ұлтжандылықты, қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды, жауапкершілікті сезіне білуге өз ықпалын тигізеді [13] .
Адамдардың саясатқа қатысып, салихалы шешім қабылдауы өзінен-өзі туындамайды. Ол үшін күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы жан-жақты хабардар болып, өзін дамытып отыруы тиіс.
Жастар саясатымен айналысатын бөлім жастардың шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, ішкі саясаттық тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайту, астаналық жастарға ең жақсы жағдайлар жасау мақсатында жастар ұйымдарымен, этномәдени бірлестіктерімен, саяси партиялардың жас қанаттарымен, қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерімен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Бұл жобада мен Астана қаласының әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің айналысатын қызметтерін қарастырдым. Осы жастар саясатымен айналысатын бөлімнің қызметкерлер құрамының жұмысын жеңілдететін және оңайлататын, ақпаратты іздеуге, беруге, өзгертуге кететін уақытты қысқартатын және осы арқылы жұмыстың өнімділігін арттыратын, жастармен жүргізілетін әртүрлі шаралар туралы мәліметтерді дер кезінде хабардар ету және көптеген жастар ұйымдарымен тез арада байланысып отыру үшін оның жұмысын автоматтандыру қажет болып отыр.
Автоматтандыру - техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.
Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие.
Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің деректерін, сессия қорытындыларын және т. б. жүйелерді басқара алады.
Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату.
Автоматтандыру - ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты.
Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл.
Автоматтандыру дәрежесі - автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.
Әр түрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйені дамығанын талап етеді. Сонда сол деректер мен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Бүгінде құжаттар айналымын компьютерлендіру және автоматтандыру мәселесі көптеген кәсіпорындар мен мекемелер үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Бұл мәселенің қойма басқару орындарында ерекше маңызы бар, өйткені ақпараттық жүйелер технологиясына негізделген есеп беруді автоматтандыру қойма басқаруды едәуір жоғарылатуға мүмкіндік береді. Бұл тауар айналымын жеделдетуге, олардың жұмысын оңайлатуға, керек материалды толық көлемде жедел алуға және дайын мәліметтермен жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жоба құрылымы: бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
- Астана қаласы әкімшілігінің жастар саясаты бөлімінің жұмыс процесін ұйымдастыруда автоматтандыру құралдарын қолдануАқпараттық жүйелерді автоматтандыру құралы ретінде қолдану
Қоғамның қазіргі заман дәуіріндегі ғылыми-техникалық прогрестің дамынуа байланысты адам іс-әрекетінің барлық саласында компьютерлік және желілік технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану кең етек жайды. Қоғамның барлық саласын компьютерлендіру арқылы адам жұмысын жеңілдетіп, соның негізінде оның жұмыс барысын автоматтандыру жүйесіне көшіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ол міндеттер мекеменің жұмыс процесінің тиімділігін жоғарылатуда, соның ішінде жүйеленген және уақытылы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы компьютерді және кез келген интернетке шығу мүмкіндігі бар есептеуіш құралдарды пайдаланып, ел болашағы жастармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұйымдастыруға пайдалану өте тиімді болары сөзсіз.
Ақпараттық технологиялар - ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдері мен оларды іске асырудың техникалық құралдарын қолдану мәселелері кіретін кең ауқымды анықтама. Әдетте адамдар ақпаратпен жұмыс істеу барысында реттелген және өзара байланысты техникалық құралдарға жүгінеді. Уақытқа және іс-әрекеттің масштабына байланысты әр түрлі қарым-қатынастар мен реттелген іс-әрекеттер және оларды басқарудың көптеген тәсілдері тандалады [1] .
Іске асыру тәсілдері алгоритмдеу және рационализациялау деңгейі бойынша анықталады. Бәрінен дұрысы, рационалды алгоритмизацияланған әдіс-тәсілдермен және ақпаратпен жұмыс істеу құралдары бұл - ақпараттық жүйелер.
Ақпараттық жүйелер дегеніміз - ақпаратты сақтауға, қайтадан өңдеуге, басқа қолданушыға беруге, ұсынуға және деректер алмасуға мүмкіндік жасайтын, қызметкерлердің, әдіс-тәсілдердің өзара байланысқан жиынтығы [3] . Қазіргі таңда, олар адам өмірінің кез келген саласында қолданысқа еніп, жұмыс барысында көп қолданатын құрал ретінде қызмет көрсетуде. Оны жұмыс кезінде қолдану арқылы автоматтандыру құралы ретінде пайдаланылып, көптеген тиімді нәтижелер беріп жатыр. Мемлекеттік қызмет саласында да жұмыс процесін ұйымдастыруда да бұдан тыс қалмау керек.
Ақпараттық жүйелерді мекеменің қызмет көрсету саласының аясы бойынша жіктейді. Бірақ, барлық ақпараттық жүйелерге тән ортақ қасиеттері де бар:
- Ақпараттық жүйелер ақпаратты сақтауға және өңдеуге арналғандықтан кез келген ақпараттық жүйе негізінде сақтау мен ақпаратқа қол жеткізу құралы жатыр;
- Электронды есептеуіш машина саласынан хабары аз пайдаланушыға арналған ақпараттық жүйелер.
Осыдан келіп шығатыны, ақпараттық жүйелерде пайдаланушы қиындықсыз түсінетін интерфейсі бар клиенттік қосымшалар болу керек.
Келесі бөлімшелерде ақпараттық жүйелердің жіктелуіне кеңірек тоқталып, оның жан-жақты және кең ауқымдылығы қарастырылады.
- Ақпараттық жүйелердің классификациясы
Ақпараттық жүйелер әр түрлі белгілері бойынша классификацияланады. Ақпараттық жүйелер классификацияларының орындалатын маңызды белгілер ретінде мыналарды атап айтуға болады.
- Берілгендерді басқару жүйесіне қатысты, яғни хабарды ішкі, кіріс, шығыс ақпараты деп бөлу мүмкіндігі;
- Уақыт белгісі хабарды уақытқа байланысты перспективті және ретроспективті болуы;
- Функционалдық белгілері орындайтын қызметіне байланысты.
Ақпараттық жүйенің құрылымын ішкі жүйелер деп аталатын жекеленген бөліктер құрайды. Қолдану саласына тәуелсіз ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын ішкі жүйенің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісін қарастырып, ал ішкі жүйелерді қамсыздандырушы ішкі жүйелер деп аталады. Жүйенің жалпы құрылымын мынадай қамсыздандырушы ішкі жүйелер құрайды: ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, ұйымдастырушылық және құқықтық.
- Ақпараттық қамсыздандыруішкі жүйесінің негізгі міндеті - басқарудағы шешімдерді қабылдау үшін шынайы ақпаратты дер кезінде ұсыну. Көптеген ұйымдар жұмысын талдау кезінде ондағы құжаттарды жүргізу ісінде бірқатар кемшіліктер байқалды:Қолмен өңдеуге арналған құжаттың шамадан тыс үлкен көлемі; Бірдей көрсеткіштердің түрлі құжаттарда қайталануы; Құжаттың үлкен көлемімен жұмыс істеу мамандардың негізгі жұмысын орындауына кедергі болуы; Жасалған көрсеткіштің қолданылуы.
Аталған кемшіліктерді жою ақпараттық қамсыздандыру алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Ақпарат ағымдарының схемасын жасау ақпараттың қозғалыс маршруттарын сипаттайды. Осындай схемаларды талдау нәтижесінде басқару жүйесін толығымен жетілдірудің іс‑шараларын жасап шығаруға болады. Ақпараттың көлемін анықтау және оны бөлшектеп талдау мүмкіндіктерін беретін ақпараттық ағымдардың схемалары қайталанатын және қолданылмайтын ақпаратты жоюды ақпаратты тиімді түрде сипаттау және жіктеуді қамсыздандырады. Сонымен қатар ақпараттың басқару деңгейлеріне сәйкес өзара байланыс қозғалысын қарастырған жөн. Басқару шешімін қабылдау үшін қандай көрсеткіштің қажет немесе қажет еместігін анықтау қажет. Орындаушының әрқайсысына оның қолданатын ақпараты ғана келіп тұруы тиіс. Деректер қоймасын құру методологиясы оны жобалаудың теориялық негіздеріне негізделеді. Методологияның негіздерін тәжірибеде тізбектей жүзеге асырылатын екі кезең түрінде атап өтейік.
1‑кезең: ұйымның барлық функционалды бөлімшелерін зерттеу мақсаттары:
- Оның іс‑әрекетінің құрылымы мен спецификасын түсіну;
- Ақпарат ағымдарының схемасын жасау;
- Ондағы құжат айналымы жүйесіне талдау жасау;
- Ақпараттық объектілерді және олардың қасиеттері мен міндеттерін сипаттайтын реквизиттің құрамын анықтау.
2‑кезең: 1‑кезеңде зерттелген іс‑әрекет саласына арналған концептуалды ақпараттық‑логикалық деректер моделін жасау. Бұл модельде объектілер мен олардың реквизиттерінің арасындағы барлық байланыстар орнатылып, оңтайландырылуы тиіс. Ақпараттық‑логикалық модель деректер қорын жасаудың негізі болып табылады.
Ақпараттық қамсыздандыруды жасау үшін:
- Ұйымды басқарудың толық жүйесінің функцияларын, мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
- Талдау үшін ақпараттық ағымдар схемасы түрінде ұсынылған ақпараттың пайда болуынан бастап басқарудың түрлі деңгейлерінде қолданылуына дейінгі ақпарат қозғалыстарын анықтау;
- Құжат айналымы жүйесін жетілдіру;
- Жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру;
- Ақпараттың өзара байланысын сипаттайтын ақпараттық‑логикалық моделді жасау методологиясын меңгеру;
- Қазіргі заманғы техникалық құралдың көмегімен ақпараттың массивтерін тасымалдаушыларға жазу.
- Техникалық құралдардың кешенінмыналар құрайды:
- Кез келген модельді компьютерлер;
- Ақпаратты жинау, өңдеу, тасымалдау және шығару құралдары;
- Байланыс құралдары;
- Ұйымдастыру техникасы;
- Ақпаратты автоматты түрде алу құралдары;
- Эксплуатациялық материалдар.
Қазіргі кезде техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудың негізгі екі формасы қалыптасқан: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған.
Орталықтандырылған техникалық қамсыздандыру ақпараттық жүйелерде ЭЕМ және есептеуіш орталықтарының қолданылуына негізделеді. Ал орталықтандырылмаған техникалық қамсыздандыру функционалдық ішкі жүйенің жұмыс орындарындағы дербес компьютерлерде жүзеге асырылады. Қарастырылған формалардың ішінен перспективті форма ретінде жартылай орталықтандырылмаған техникалық қамсыздандыру әдісін қарастыруға болады. Мұнда техникалық қамсыздандыру дербес компьютерден және барлық компьютермен байланыстырылған. Деректер қорын сақтайтын үлкен ЭЕМ таратылған желі негізінде жұмыс істейді.
3‑4. Математикалық және программалық қамсыздандыру.
Математикалық қамсыздандыру құралдарына мыналар жатады:
- Басқару процестерін моделдеу құралдары;
- Басқарудың типтік есептері;
- Математикалық программалау, математикалық статистика және жалпыға қызмет ету теориясының әдістері.
Программалық қамсыздандыру құралына жалпы және арнайы программалық құралдар және техникалық құжаттама енеді. Жалпы жүйелік программалық қамсыздандыруға ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған және қолдану саласына бағытталған программалар кешені жатады. Олар компоненттердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтіп, ақпаратты өңдеу процесіне басқару және бақылау орнатады. Арнайы программалық қамсыздандыру нақты бір ақпараттық жүйені жасау кезінде құрылған программалардың жиынтығын құрайды. Оған нақты бір объектінің қызмет етуін сипаттайтын түрлі деңгейдегі моделдерді жүзеге асырушы қолданбалы программалар пакеті енеді. Программалық құралдарды жасауға арналған техникалық құжаттама есептің сипаттамасынан, алгоритмдеу тапсырмасынан, есептің экономикалық‑математикалық моделінен тексеру мысалынан тұруы тиіс.
5 . Ұйымдастырушылық қамсыздандыру мынадай әрекеттерді орындайды:
- Кез келген ұйымның басқару жүйесін талдай отырып, ондағы қолданылатын ақпараттық жүйенің іс‑әрекеттерін анықтау;
- Есепті компьютерге шешуге дайындау; ақпараттық жүйені жобалаудың техникалық тапсырмасы және оның қоданылу тиімділігінің техникалық-экономикалық негізделуі жасалады;
- Әрекет орындалатын ұйымның құрамы және құрылымына сәйкес басқарушылық шешімдерді жасай отырып, басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.
6. Құқықтық қамсыздандырудың негізгі мақсаты заңдылықты бекіту болып табылады. Оның құрамына заңдар, бұйрықтар, нұсқаулар, т. б. нормативтік құжаттар енеді. Құқықтық қамсыздандырудың жалпы бөлігін және локальды бөлігін бөліп қарауға болады. Жалпы бөлігі кез келген ақпараттық жүйенің, ал локальды бөлігі нақты ақпараттық жүйенің жүзеге асырылуын зерттейді. Ақпараттық жүйені жасау кезеңдерінің құқықтық қамсыздандырылуы тапсырыс беруші мен программаны жасаушының келісім қатынастарымен байланысты құқықтық құжаттарды ұйымдастыруы жүргізіледі.
Ақпараттық жүйенің әрекет ету этаптарының құқықтық қамсыздандырылуы мынадан тұрады:
- Ақпараттық жүйенің статусы;
- Мамандардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;
- Басқару процесінің жекеленген түрлерінің құқықтық реттелуі;
- Ақпаратты жасау және қолдану тәртібі [2] .
Ақпараттық жүйелердің масштабы бойынша классификациялау
Масштабы бойынша ақпараттық жүйелерлер төмендегі топқа бөлінеді (Сурет 1) :
- Бірлік
- Топтық
- Корпоративтік
Сурет 1 Масштабы бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі
Бірлік ақпараттық жүйелер. Бірлік ақпараттық жүйелер ереже бойынша автономды дербес компьютерде орындалды. Мұндай жүйе өзінде бір бірімен ортақ ақпараттық қормен байланысқан бірнеше қарапайым қосымшалардан тұруы мүмкін және бір қолданушы немесе қолдаушылар тобына орнатылған, уақыт бойынша бір жұмыс орнын бөлісетін жұмысқа есептелген. Осыған ұқсас қосымшалар столды немесе локальді деректер қорын басқару жүйесі ДҚБЖ көмегімен жасалады. Локальді ДҚБЖ лар арасында ең белгілері PoxPro, Paradox, Dbase, Clarion, Ceipper MicrosoftAccses болып табылады.
Топтық ақпараттық жүйелер . Топтық ақпарат жүйелер жұмыс істеуші топтық мүшелерінің ақпараттық ұжымдық түрді қолдануына бағытталған және көп жағдайларда локальді есептеуіш желі базасында тұрғызылады. Мұндай қосымшаларды өңдегенде жұмысшы топтарға арналған берілгендер базасының серверлері, сонымен қатар, SQL сервелері қолданылады. Әр түрлі SQL серверлердің көптеген комерциялық сонымен қатар еркін таралатын көп көлемді түрлері бар. Солардың ішінде мынадай ДҚ ның серверлері кең таралған: Oracle, DB2, MicrosoftSQL Server, InterBase, SyBase, Inforgix.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz