Қабатты гидравликалық жару


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қабатты гидравликалық жару

Қабатты гидравликалық жару - (ҚГЖ) түп зонасындағы жаңа сынақтарды жасанды әдіспен жасу үшін қабаттқа жоғарғы қысыммен сұйық айдау арқылы жасау. Алынған ойықтардың жағалауы болмас үшін, операциядан кейін және қысымның төмендеуінен кейін, бірінші қабатқа сұйықпен бірге түйіршікті материал-кварцты құм айдалады. Жарудан болған сынықтар қабат тереңдігіне өтіп, ұңғыны түп аймағынан алыстаған қабаттың өнімді бөлшектермен қосады.

Қабатты гидравликалық жару келесі операциялардан тұрады:

1. Қабатқа жару сұйығын онда сынықтардың болуы үшін айдау.

2. Сұйықты құм аталас айдау, ол сынықтарды толтыру үшін арналған.

3. Құмды сынықтарға толтыру үшін оны сұйықпен итеру.

Жару кезінде жасау механизімін келесі жолмен елестетуге болады. Түп тау жыныстарында табиғи микро аймақтар бар, бірақ олар тау қысымымен сығылып тұрады. Бұндай сынықтардың өткізгіштігі өте төмен. Сораптың қысымымен қабатқа айдалған сұйық фильтрацияланып, бірінші өткізгіштігі жоғары қабатшалардан өтеді, сонымен бірге жаңағы табиғи ойықтарға да әсерін тигізеді. Осының салдарынан қабатшалар арасындағы бірыңғайлық болмайды.

Қабатты гидравликалық жарудың аса маңызды параметрі қысым болып табылады, ол жыныс материалында ойықтар пайда болады. Идеалдық жағдайда ойықты жару қысымы Р р , тау қысымынан Р г -дан төмен болмауы керек. Бірақ жалпы жағдайларда әдетте жару қысымы тау қысымынан аз болатын кездер болады. Бұл ұңғыны бұрғылаған кезде тау жыныстарының қуаты деформацияланады (қабашалар, мұнайлы қабат) . Осы деформациялар салдарынан қабат аймағында бұзылу аймақтары көбейіп, нәтижесінде тау жыныс қысымы ұңғы аймағында төмен болады. Сондықтан гидрожару қысымы төмен болады.

Қабатты гидравликалық жару технологиясы:

Гидравликалық жару келесі ұңғыларды таңдайды:

- аз өнімді;

- жоғары қабат қысымды, төмен өткізгішті коллекторлы ұңғы;

- түп зонасы ластанған;

- аз айдайтын айдау ұңғылары;

- жұтылу аралығын кеңітуші айдау ұңғылары;

Гидрожару техникалық жарамсыз ұңғыларда және сулы контур немесе газ шапкасы жақын орналасқан ұңғыларында қолданбаған дұрыс.

Жұмысты бастар алдында ұңғы түбін тазалап алу, яғни жуу жүргізген дұрыс. Бөлек жағдайларда қабаттағы фильтрация қасиетін жақсарту үшін ұңғыда тұзқышқылды немесе башмакты өңдеу және қосымша перфорация операциялары жүргізіледі. Бұл шаралар жару қысымын төмендетіп, оның тиімділігін жоғарылатады. Аса тиімді нәтижені гидроқұмағынды перфорациясы береді.

Тазалудан кейін ұңғыға СКҚ-лар түсіріледі, яғни игеру кезінде қысымды аз жоғалтудан сақтау үшін. Шегендеу құбырларын берілген жоғарғы қысымдардан сақтау үшін кейде пакерлер орнатылады. Жоғары қысымды гидрожару кезінде пакерге астынан өте көп күштер әсер етеді. Пакердің ығысып кетпеуі үшін тізбекте пакерден сәл жоғарырақ гидравликалық якорлер орнатылады.

Құбыр, пакер, якорь түсіріліп болғасын ұңғы сағасында головка орнатылады, оған айдау үшін сорапты агрегат жалғанады.

Басында жару сұйығын сорапты агрегатпен айдайды. Айдау барысында қысым жайлап жоғарылай береді. Түп аймағында қысым арнайы бір шамаға ие болған моментінде қабат жарылып, осыдан ойықтар пайда болады. Жарылу моменті манометрлердегі қысым көрсеткіштерінің күрт құлауынан анықталады. Жару қысымынан кей сағада айдау сұйығы біршама өседі-ойықтар іске қосылғандықтан, ұңғы сұйықты жару алдына қарағанда көп көлемде алады. Қабатты жарудан кейін құм тасушы сұйығын айдау басталады.

Аса тиімді нәтиже жоғары жылдамдықпен айдағанда болады. Содан кейін қабатқа сұйықты игеру сұйығымен айдайды. Оның қысымы да, жылдамдығы да максималды болады. Игеру сұйығы мұнай ұңғысында, мұнай айдау ұңғысында су болып табылады. Игеру процесінен кейін сағаны жауып, ұңғыны тоқтатады. Сосын ұңғыны жауып, топырақтардан тазалап оны меңгеруге кіріседі.

Қабатты гидравликалық жару және оның кең теориялық, осы облыста жүргізілген эксперименталды зерттеулері, кен орынды игеру және пайдалануда әртүрлі технологиялық жүйелерді тапты.

Мұнай қабатының геомеханикалық және пайдалану мінездемесіне байланысты, немесе бөлек өнімді қабаттар үшін, одан басқа өнімді қабаттың рентабельді технологиялық жүйесіне байланысты қабатты гидравликалық жару әдісінің бір түрі таңдалады.

Қабатты гидравликалық жару түрлері бағытымен және оның санымен анықталады. Бағыты -ол ойықтардың көлденең немесе тік болуы, ал ойық саны өте көп (селективті) немесе аралық.

Бұдан басқа гидрожарудың келесі түрлері бар: магнимен гидравликалық жару, құмағынды перфорация мен біріктірілген ГЖ, қышқылды пайдаланып, ойыққа құм айдамай, көп сатылы жару.

Қабатты гидравликалық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабатты гидравликалық жарудың технологиясы
Жетібай мұнай-газ кен орны
Кеніш ауданның оңтүстік аумағының мұнайғақанығу қалыңдығы
Қабатты сұйықпен жару технологиясы
Қабат кеніш
Шараны енгізгеннен кейін эксплуатациялық шығындарды есептеу және бірлік өнімнің өзіндік құнын анықтау
Қабаттың мұнай бергіштігін арттырудың жылулық әдістері
Мұнай кен орындарының физикалық-химиялық әдістері
Қабатты сұйықпен жару тиімділігі»
Мұнай және газдың технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz