Мұнайдың шығу тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. Мұнай туралы жалпы мәлімет
2. Қазақстан мұнай газының қазіргі жағдайы
3. Мұнайдың болашағы

1. Мұнай туралы жалпы мәлімет

Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 гсм3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын -- бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.

Қазақстанның мұнайгазды кешенінің дамуы энергетикалық шикізаттың сыртқы нарыққа шығару мәселелерімен тығыз байланысты, сосың салдарынан транспортты фактор аса маңызды мәселеге айналып отыр. Қазіргі уақытта шамамен мұнайдың 80% -ы Қазақстаннан мұнай құбырлары арқылы эксплуатацияланады, 12% темір жолдармен және 7% су көлігімен тасымалдау үлеісне тиесілі.

Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған

Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер - метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер - этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.

Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.

Мұнайдың шығу тарихы

Лос-Анджелестегі мұнай вышкалары(1896 жыл) Ертеректе тас майы деп аталған мұнайдың болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз - сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы - мұнайдың негізі..., - деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.

Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары - академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.

Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды - ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.

Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық - жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделеев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды. Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.

2. Қазақстан мұнай газының қазіргі жағдайы

Қазіргі уақытта Қазақстан энергоресурстары әлемдік нарыққа ықпал ете алатын көмірсутектің бай қорына иеленуші болып табылады. Елдің табиғи-шикі потенциалын отандық және шетелдік эксперттердің бағалауы бойынша бірнеше айырмашылықтар бар. Мысалы, British Petroleum эксперттерінің мәліметтері бойынша, Қазақстанның мұнай қоры 1,1 млрд тоннаны құрайды және ТМД елдерінің ішінде, Ресейден кейінгі екінші орында тұр.

Мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларының дамуына жағдай жасайды. Олардың қатарына отандық энергетикалық, тасымалдау, машина жасау, химия және мұнай химиясы, жеңіл өнеркәсіп, авто жолдарын салу және тағы басқа салалар жатады. Көмірсутектің өте үлкен қорына ие. Қазақстанның дамуының жаңа сатысы негізінен осы мұнай-газ комплексінің дамуымен байланысты. Республиканың мұнай-газ саласы негізінен төрт салаға бөлінеді: мұнай өндіру, мұнай өңдеу, газ өндіру, газ өңдеу. Бұл салалар өзара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай мен газ туралы жалпы мәліметтер
Мұнай шикізаты
Мұнай түсінігі, шығу тарихы, мұнай өнімдері
Мұнайды өңдеу
Мұнай және мұнай өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерінің маңызды параметрі тығыздықтың әсерін зерттеу
Сұйық мұнай газды пайдалану
Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы
Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама
Мұнай өндіру туралы түсінік
Өзенмұнайгаз кәсәпорнындағы практикаға есеп беру
Пәндер