Мұнай кен орындарын құрастыру және игеру жобалары туралы жалпы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Мұнай кен орындарын құрастыру және игеру жобалары туралы жалпы түсінік
Мұнай кен орнын тұрғызуды жобалау кезінде жалпыкәсіпшілік шаруашылығымен,бүрғылау техникасы және технологиясымен, пайдаланумен, жинаумен, тасымалдаумен, мұнайды сақтау және дайындаумен байланысты барлық мәселелерді тиімді шешу қажет.
Кез - келген кен орынды жобалау игеру жобасын құрастырудан басталады.Ол келесі бөлімдерден тұрады:
::мұнай мен газ қорларын есептеу;
::кен орнын игеру сұлбасын(схемасын) жасау;
::барлық өнімді қабаттардың (горизонттардың) геологиялық, гидродинамикалық және пайдалану сипаттамаларын анықтау;
::қабат суларының сипаттамасы мен химиялық құрамын анықтау;
::мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиетін анықтау;
::айырудың әр түрлі сатысындағы мұнайдың дифференциалды газсыздануы;
::мұнайды өңдеудің неғұрлым сұлбасын ұсыну;
::кен орнын игеру жүйесі бойынша ұсыныстар;
::игерудің барлық мерзіміндегі әр жыл бойынша мұнайдың сулануын ескере отырып мұнай мен газды өндірудің болашақ жоспарын жасау;
::жақын жатқан аудандардың мұнайлылық болашағы;
::ұңғыны пайдалануға енгізу тәртібі мен уақыты және оларды пайдаланудан шығару;
::игеру кезеңінде ұңғылардағы қабаттық,түптік,буферлік (сағалық) және құбыр сыртындағы қысымдардың өзгеру динамикасынан;
::ұңғыларды сусыз мұнаймен фонтандандыру қысымының есебі және параметрлері,осыған байланысты ұңғыларды фонтандық тәсілден механикалық пайдалану тәсіліне ауыстыру қажеттілігі;
::газ факторын анықтау;
::қабат қысымын ұстау тәсілін таңдау және айдалатын жұмысшы агентінің(су,газ)көлемі мен көрсеткіштерін анықтау;
::айдау ұңғыларының жұиыс режимі,жұмысшы агентінің (су,газ)негізгі көздері;
::кен орнын игеру жүйесі бойынша қабылданған техника-экономикалық көрсеткіштер.
Игеру жобасының негізгі міндеттері: жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін іс-шараларды сақтай отырып максималды мұнай алу және бір тонна мұнайды өндіруге жұмсалатын шығынды азайтып кен орнынан жоспарланған өнім алуды қамтамасыз ету.
Осыдан кейін кен орнын тұрғызудың басты сұлбасы мен техника-экономикалық негізі құрастырылады, және мұнда келесі мәселелер қарастырылады:
І.Мұнай мен газды өндіру, тасымалдау, сақтау және дайындаудың кәсіпшілік кешендерін (объектілерін) орналастыру.
Барлық кешендер 3 категорияға бөлінеді:
1) Технологиялық кешендер
- пайдалану және айдау ұңғылары,
- айыру қондырғылары,
- сығымдайтын және ортадан тепкіш сорап
станциялары, шикізат резервуарлары,
- мұнайды дайындаудың кәсіпшілік қондырғылары,
- кәсіпшіліктік компрессорлы станциялар және
газдыбензинді зауыттар.

2)Мұнайды жинау және дайындау технологиясына тікелей байланысы жоқ кешендер
- мұнайгаз өндіру басқармасының (МГӨБ) базасы,
- бұрғылау ұйымдары,
- транспорттық базалар,
- сумен жабдықтау, канализациялар, энергиямен
жабдықтау және байланыс кешендері,
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газбен қаныққан мұнай
Мұнай газ саласындағы мұнай өнімдеріне бағаның құрылуы
Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары
Компанияның бәсекелестік артықшылығын қолдану стратегиясы
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Мұнай мен газдың қазіргі жағдайы
Инновациялық және инвестициялық қызметтер
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы
Мұнай саласындағы жобаларды басқару
Пәндер