Мұнай эмульсияларын бұзу әдістерінің жіктелуі және тұзсыздандыру технологиялары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Эмульсияларды бұзу әдістерін жіктеу және мұнайды тұзсыздандыру

Кен орындарындағы мұнайды дайындау қондырғыларында мұнайды тауарлық дәрежеге дейін дайындаудың негізгі процестеріне мұнайды сусыздандыру және түзсыздандыру процестері жатады. Сусыздандыру технологиясының негізіне су-мұнай эмульсияларын бұзу процесі жатады. Бұл процесс негізінде эмульсиялар тұрақты ұсақ дисперсті күйден кинетикалық тұрғыдан тұрақсыз ірі дисперсті жүйеге ауысады.

Мұнайды деэмульсациялау (эмульсиясыздандыру) тәсілдерінің шартты жіктемелері бар:

• механикалық (сүзу, центрифугалау)

• термиялық (тұндырып қыздыру, ыстық сумен жуу)

• электрлік (электромагниттік өрісте өңдеу)

• химиялық (реагент - деэмульгаторлармен өңдеу)

Сонымен қатар, эмульсияларды бұзу үшін ультрадыбыстық және акустикалық тербелістермен өңдеу әдісін де қолданады. Әр түрлі әдістерді біріктіріп те пайдаланады.

Деэмульсация процесінің негізгі үш кезеңін былай көрсетуге болады:

I - сыртқы "бронды " қабықшаларды бұзу

II - тамшыларды ірілендіру

III - фазаларды айыру

Бірінші кезеңде, эмульсияны бұзудың негізгі және ең әмбебап түрі - химиялық реагент - деэмульгаторлардың әсері болып табылады. Кейбір жағдайларда қыздыру немесе қарқынды араластыру әсерінен сыртқы қабықшаларды әлсіретуге немесе бір бөлігін бұзуға болады. Қабықшалардың бір бөлігін электростатикалық және электромагниттік (өнеркәсіптік жиіліктегі) өрістерді қолданып бұзуға болады.

Жоғары және аса жоғары жиіліктегі тербелістерді қолдану күрделі қондырғыларды қажет етеді және ол қазіргі кезде әлі қолданыс тапқан жоқ.

Екінші кезеңде, маңызды және болашағы бар тәсіл - электр өрісін пайдалану (электродегидраторлар) арқылы су тамшыларын ірілендіру болып табылады. Сондай-ақ, эмульсияларды су қабатында шаю әдісі де кең тараған, бұл процестің жақсы жүруі көбінесе тесілген құбырлар-маточниктер арқылы сұйық ағынының біркелкі таралуымен анықталады. Магниттік өрісті (яғни импульсті аса күшті магниттерді) қолдану шарасы - қондырғылардың күрделігіне байланысты тежеліп тұр.

Үшінші кезеңдегі негізгі процесс - бұл гравитациялық тұндыру болып табылады. Соңғы жылдары тұндырғыштардың жоғары өнімді конструкциялары шықты, олар сыйымдылықтардың тиімді көлемін толық пайдалануға және эмульсиялық жүйелердің физикалық-химиялық қасиеттерін ескеруге мүмкіндік береді. Құрамында механикалық қоспалары едәуір мөлшерде көп болатын эмульсияларды өңдеу үшін центрифуга әдісін қолдану тиімді болып табылады.

1-кесте. Мұнай эмульсияларына әсер ету әдістерін жіктеу

Процесс кезеңдері: Процесс кезеңдері
Процесс кезеңінің сипаттамасы: Процесс кезеңінің сипаттамасы
Қолданылатын әдістер: Қолданылатын әдістер
Процесс кезеңдері: I
Процесс кезеңінің сипаттамасы: Сыртқы "бронды" қабықшаларды бұзу
Қолданылатын әдістер:

• Хим. реагенттерді қолдану

• Эмульсияларды қыздыру

• Араластыру

•Электростатикалық өрістерді және өндірістік жиіліктегі өрістерді қолдану

•Жоғары жиіліктегі және аса жоғары жиіліктегі тербелістерді қолдану

Процесс кезеңдері: II
Процесс кезеңінің сипаттамасы: Тамшыларды ірілендіру
Қолданылатын әдістер:

• Электрлік өрістер

• Ірілендіру насадкілерін қолдану

• Тұщы су қабатында шаю (дисцилированная)

• Акустикалық толқындарды қолдану

• Магнит өрісі

Процесс кезеңдері: III
Процесс кезеңінің сипаттамасы:
Қолданылатын әдістер:

Фазаларды бөлу

• Тұндыру

• Центрифугалау

Қазіргі кезде М/С түріндегі мұнай элмульсияларын бұзудың негізгі әдістеріне: гравитациялық суық бөлу (қыздырусыз тұндыру), құбыр ішіндегі деэмульсация, центрифугалау, сүзгіден өткізу, термохимиялық әсер ету, электрлі әсер ету, сондай-ақ осы әдістердің үйлесімді біріккен түрі жатады.

Сусыздандырудың қазіргі кездегі эдістері сулылығы 0, 2%-дан төмен тауарлы мұнайды алуға мүмкіндік бермейді, сондықтан қабат суларының минерализациясы жоғары мұнайларды дайындауда, оны тереңірек сусыздандыру сатысынан өткізгеннен кейін сусыздандырылған мұнайды тұщы сумен шаю арқылы тұзсыздандыру сатысы қарастырылған.

Тұзсыздандыру кезінде келесі процестерді бөліп көрсетуге болады:

  • қыздырылған мұнаймен тұщы суды эмульсиялау;
  • экстракция немесе тұздарды тең бөлу;
  • тамшыларды ірілендіру
  • фазаларды бөлу

Тұзсыздандыру кезінде химиялық реагенттер де қолданылады. Тұзсыздандыру процесін сусыздандырумен бірге жүргізеді.

Дайындаудың қажетті тереңдігіне байланысты келесі қондырғылар қолданылады:

• мұнайды термохимиялық сусыздандыру (ТХҚ) ;

  • мұнайды электрлік тұзсыздандыру (ЭТҚ) ;
  • мұнайды кешенді дайындау (МКДҚ) - сусыздандыру, тұзсыздандыру және тұрақтандыру.

Термохимиялық қондырғыларда және МКДҚ-да мұнайды сусыздандыру процестері ұқсас. МКДҚ-да тұзсыздандыру кезінде сусызданған мұнайға тұщы су қосып, қарқынды түрде араластырады. Осы кезде түзілген эмульсия тұндырғыштарға түсіп, бұл жерде су бөлінеді.

Судың бөліну процесін жеделдету үшін эмульсияны электродегидраторлар (ЭТҚ) арқылы өткізеді.

МКДҚ-да мұнайды тұрақтандыру арнайы колонналардағы ректификация әдісіне негізделген, мұнда қысым мен жоғары температура әсерінен мұнайдан жеңіл пропан-бутанды және шамалап бензинді фракциялар бөлініп шығады. Жеңіл фракцияларды тереңірек өңдеу үшін ГӨЗ-на өңдеуге айдайды, ал тұрақты мұнай МӨЗ-на шығынсыз тасымалданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай эмульсияларын бұзу: деэмульгаторлардың жіктелуі, талаптары және негізгі қасиеттері
Мұнайды өңдеуде сусыздандыру, тұзсыздандыру және эмульсияларды бұзу технологиялары
Мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру технологиялары мен эмульсияларды бұзу әдістері
Мұнайдағы зиянды қоспалар, сусыздандыру мен тұзсыздандыру: эмульсия түрлері және бұзу әдістері
Мұнай және газ өнімдерін өңдеу технологиясы мен жабдықтары: оқу-әдістемелік кешен (біріншілік өңдеу, газдарды тазарту, тұзсыздандыру және эмульсияларды бұзу)
Мұнайды сусыздандырудың қазіргі заманғы технологиялары мен эмульсияларды бұзу әдістері
Мұнай өңдеу зауытындағы тұзсыздандыру және сусыздандыру қондырғысының технологиялық үрдістерін автоматты бақылау
Мұнайды біріншілік өңдеу: тұзсыздандыру, сусыздандыру және атмосфералық-вакуумдық айдау технологиялары
Мұнай және мұнай өнімдерін тұзсыздандыру: тұздардың пайда болуы, эмульсиялар және әдістері
Мұнай эмульсиялары, сусыздандыру мен тұзсыздандыру әдістері және магнит өрісінің әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz