Ауызша әңгіменің фольклорлық сипаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ фольклорындағы әңгіме жанры

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

1 ӘҢГІМЕНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ . . . 6-35

1. 1 Ауызша әңгімелердің зерттелуі және жіктелуі . . . 6-24

1. 2. Ауызша әңгіменің фольклорлық сипаты . . . 24-35

2 АУЫЗША ӘҢГІМЕДЕГІ КЕЙІПКЕРЛЕР . . . 36-56

2. 1 Фольклорлық әңгімедегі кейіпкерлердің ерекшелігі . . . 36-46

2. 2. Фольклорлық әңгімелердегі тарихи тұлғалар . . . 46-55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56-59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 60-61

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Фольклордағы әңгіме жанры әлемдік фольклортану ғылымында тек осы ғасырдан бастап кең зерттеуге объекті болды. Аталмыш жанрдың қайнар көзі халықтың өте ертедегі мәдениеті мен тұрмысынан басталатыны анықталды. Апайда, біздің ұлттық фольклор туралы ғылымымызда әңгіме жанры еленбей келді.

Өткен ғасырларда қазақ фольклорын жинап, зерттеумен шұғылданған ғалымдар мен қызметкерлер прозалық фольклордың біраз үлгісін жинап, жарыққа шығарды. Бірақ бұл басылымдарда ауызша әңгіменің жанр ретіндегі сипаттамасы болған жоқ. Тек М. Әуезов А. ауызекі әңгіме туралы жалпы пікір білдірген. Ал, С. Сейфуллин: «Біреуден-біреу жадында алып жүрген сөз ауыздан-ауызға көшіп, бүкіл елге жайылып, бұрынғылардан кейінгілерге мұра болып қалып жүреді. Сол әркімнің аузында қақпақыл болып қалып жүрген сөзді әркім үстем санаттың ықпалымен өзінше өңдеп, дәлдендіріп, сырлаған болады . . . Сөйтіп, баста ауыз әдебиет болып шыққан сөз, неше басты аралап, неше ауыздан шығып, біраз өмір сүрген кезде көп өзгеріске түсіп, талай жері оңалып, талай адамның «еңбегі сіңген» сөз болып, бастап шығарған адамның кім екені ұмытылып, жалпы көпшілікке «бірдей» тәрізді «жалпы елге бірдей» тәрізді ел әдебиеті болып кетеді» [1, 244] - дейді. Бұл - жалпы фольклорға қатысты заңдылық фольклорлық әңгімеге де тән.

Қазақ халық әдебиетінде ауызша әңгімелер сан жағынан да сапа жағынан да елеулі орын алады. Жазу мен баспа ісі кешеуілдеп дамыған қазақ халқы өзінің өмірден, дүниеден көрген-білгендерін, екінші сөзбен айтқанда, қоғам тіршілігінде, табиғат қозғалысында байқағандарын ауызша әңгіме түрінде қалдырған. Ауызша әңгімелердің қамтитын тақырыптары әр түрлі. Қазақтың ауызша әңгімелерінің мол, әрі қызықты бір саласы - тарихи тақырыптағы ауызша әңгімелер. Онда ел басынан өткен ұлылы-кішілі уақиғалар, қауымда елеулі қызмет атқарған қоғам, өнер қайраткерлері сөз болады, олардың ұрпаққа үлгі-енеге болғандай немесе сақтандырғандай іс-әрекеті сипатталады.

Сондықтан да мұндай шындыққа негізделген әңгіменің та рихи да, тәрбиелік те мәні зор. Әуел баста керген-білгендерінен жеке әңгімешілер, тілмар шешендер шығарған аңыз, әңгімелер әңгімеге айналған. Қазақтың тарихи әңгімелері мазмұны, құрылысы және көркемдігі жағынан қарағанда бейне бір ауыз әдебиетінің құндағында өсіп жетілген алғашқы көркем қарасөз, яғни көркем әңгіме сияқты. Сондықтан да М. Ғабдуллин ертегі, аңыздардың әдеби мәні туралы айта келіп: «Халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезде туған ертегілер мен әдемі аңыз әңгімелердің әдебиет тарихынан алатын орны да, мәні де улкен . . . » [2, 145] деп жазады. Жазушы М. О. Әуезовтың тағы мынадай пікірі бар. «Қазақ ауыз әдебиетінде тамаша реалистік әңгімелер бар, олардың қайсы біреупері көркем әңгіме, повестерден кем емес. Қазіргі қазақ прозасы солардың дайын үлгісімен, өнегесімен өсіп жетілді . . . » [3, 314] . Ауызша әңгімелердің жүйелі түрде, ғылыми мақсатпен жиналмауының екі себебі бар. Бірінші - жалпы сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымының балаңдығы. Екіншісі - ел арасында шындыққа негізделген әңгімені айту қауіпті болды. Әсіресе, 1916 жылғы көтеріліс, 1928-1932 жылдардағы колхоздастыру, аштық жылдардағы өмір, сол кездегі оқиғалар жайындағы әңгімелер болғанымен ел арасында жасырын айтылды, сол себепті жиналмады. Ол әңгімелер сол тұстағы өмірдің ауыртпалығын айтып, большевиктер мен қызыл белсенділердің сорақы істерін әшкерлегені сөзсіз. Демек, бұл әңгімелер бір жағынан саяси мәнді болды.

Сондай-ақ атақты қайраткерлердің өмірі жайында аңыздама түрінде айтатын да ауызекі әңгімелер бар және олар тарихи аңыздан өзгешелеу. Мысалы, тарихи аңыз жөнінде С. Қасқабасов былай дейді: «Тарихи аңызда кейде оқиғалар мен фактілер көркем түрде жинақтапып қиял тұрғысынан бағаланады, яғни ел оқиғалар мен фактілердің өз ойына, арман-мүддесіне сәйкес болуын қалап, солай баяндайды, солай етіп көрсетеді. Оған бірнеше себеп бар. Біріншіден, көп уақыт өткендіктен оқиғаның қалай болғанын дәл білмегендік, екіншіден, бұрынғы заманда болған шындықтың көрініс табуы. Мұның бәрі аңызда көркемдеу саналы түрде болмайтынын дәлелдейді» [4, 92]

Егер шығарманың негізгі критериі деп оның тарихи шындығын ғана алатын болсақ, онда жанр өзінің мән-мағынасынан айрылады да тарихи және мемуарлы әдебиетке тек қосымша материал болып қалады. Өнердің басқа да түрлері сияқты, фольклордың күші мен әдемілігі оның шартты көркемділігіне байланысты. Сондықтан да ауызша әңгімені фольклорлық жанр ретінде анықтағанда оның идеялығына, көркемділігіне, эстетикалық бағытталуына, көпшіліктің ынтасын туғызатындығына сүйену керек. Ауызша әңгіме деп нақты адамдар мен шын тарихи оқиғалары көпшіліктің ынтасын туғызатындай мақсаты бар, танып білетін және эстетикалық құндылығы бар баяндауды айтамыз. Ауызша әңгіме - көпшілікке арналған жанр, өзінің өмір сүру кеңістігінің үлкендігіне қарай ол өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты жанрлардан қалыспайды, солар сияқты қолма-қол әрекет ететін жанр. Сондықтан да зерттеліп отырған тақырыптың теориялық және практикалық тұрғыдан айрықша мән-маңызға ие екенін көрсетеді.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыста ауызша әңгімелер сияқты қазақ фольклорының өзіндік бір саласының жанрлық ерекшеліктері, тарихнамасы, құрылымы және басқа жанрлармен ара қатынасы арнайы қарастырылады. Біріншіден, ауызша әңгімелерге осы уақытқа дейін ғалым- зерттеушілердің назары түспей, бірен-саран пікірлері болмаса, арнайы зерттелген емес. Тіптен, ауызша әңгімелердің ел ішінде мейлінше молдығына қарамастан, бұған дейін жүйелі түрде жиналмағанын, ғылыми түрде зерттеліп, жарияланбағанын атап өтуге болады.

Екіншіден, ауызша әңгімелер фольклорға тән қасиеттерді (сюжеттің тұрақтылығы, варианттылығы, композициясының то- лықтылығы) айғақтай алады. Үшіншіден, қазақ фольклорындағы басқа жанрларға қарағанда ауызша әңгіме оперативті жанр. Ол болған оқиғаға тез баға береді. Қоғам өміріндегі салт- дәстүрмен, әдет-ғұрыппен, күнделікті тұрмыс-тіршілікпен, қысқасы халықтың барша тарихи-әлеуметтік өмірімен біте қайнасып жатыр.

Осы мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттер шешімін тапты:

1. Ең алдымен зерттеліп отырған объектінің сипатын саралап тану шарт. Ол үшін ауызша әңгімелердің жанрлық ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілді.

2. Ауызша әңгімелердің пайда болу, қалыптасу және сол өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада дамуын көрсету.

3. Ауызша әңгіменің фольклордың басқа прозалық жанрларынан айырмашылығын, ара қатынасын шендестіре саралау арқылы зерттеп отырған тақырыптың ерекшелігін, мән- мағынасын тереңірек ашуға болады.

Міне, сондықтан да, ауызша әңгімелердің өзіндік құрылымы арнайы көңіл бөлуді қажет етеді.

Диплом жұмысының зерттеу нысаны. Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ фольклорындағы ауызша әңгімелердің жанрлық ерекшеліктерін, жанрлардан айырмашылығынашып көрсету болғандықтан, алдымен фольклорлық мұраларға дерек көзі ретінде ден қойылды. Әңгіме жанры ел арасында фольклор түрінде емір сүріп жатқанын газет-журнал беттерінде жарияланып жатқан материалдардан да, ел ішін кеп аралап, талай әңгімешілермен кездескен журналистердің естеліктерінен де, сондай-ақ жинаушылардың жазбаларынан да көруге болады. Республикалық біраз газет-журналдардың беттеріндегі «Ел аузынан» атты рубрикасында ауызша әңгімелер кептеп кездеседі. Мұның бәрі ауызша әңгіме жанрының проблемасы туралы, оның езіне тән белгілерінің ертеден қалыптасқаны туралы айтуға негіз болады.

Диплом жұмысының дерек көздері. Жұмыста әдебиеттану мен фольклортану ғылымында байсалды зерттеулер жүргізген жетекші ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Тақырыпты игеру барысында А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, М. Ғабдуллин, Р. Бердібаев, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, Е. Тұрсынов, Н. Төреқұлов, Б. Байтанаев, А. Сейдімбек, т. б. ғалым-зертеушілердің еңбектері ғылыми-методикалық бағдар берді.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Жұмыста салыстырмалы типологиялық әдіске арқа сүйедік, Сондай-ақ, жүйелі талдау әдістерін қолдану арқылы жанрдың тұрақты және өзгермелі белгілерін поэтикалық-көркемдік қасиеттерін сараладық. Жанрдың алғашқы даму тегі, бастау алатын козі, оның поэтикалық өзгеше түр ретінде қалыптасу кезеңдерін айқындадық.

Диплом жұмысының маңызы мен мәні. Жұмыс нәтижелерені көп қазақ әдебиетінің тарихын өткенде пайдалануға болады, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттеріне арнайы курс етіп өткізуге болады. Мектепке арналған жаңа оқулықтарды жазуда, филология факультеттерінің студенттеріне арналған арнайы жұмыстарға пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ӘҢГІМЕНІҢ ЖАНРЛЫҚ СИПАТЫ

1. 1 Ауызша әңгімелердің зерттелуі және жіктелуі

Қазақ фольклортану мен әдебиеттану ғылымдарында көркем фольклор мен профессионалды әдебиеттің тарихи да теориялық проблемалары соңғы 1970-80 жылдың ішінде айтарлықтай зерттелгені белгілі. Алайда, жеке жанрлардың мәселелері, олардың тууы мен даму жолдары, бір-бірімен арақатынасы, жалпы жанрлар теориясы ойдағыдай зерттелді немесе зерттелуде деп айта қою қиын. Әдебиетті былай қойып, фольклордың өзіне келетін болсақ, оның өлең түріндегі жанрлары, әсіресе эпостық түрлері ертеден бері ғылыми ізденістердің объектісі болып келеді. Бірақ фольклордың қара сөз үлгісіндегі жанрлары ғалымдар назарына енді ғана ілігуде. Бұл жерде ертегі жанрына қатысты сөз болып отырған жоқ. Әңгіме, ең алдымен, ертегіге жатпайтын прозалық жанрлар туралы екенін айту керек. Халқымыздың прозалық фольклорына, оның ішінде ертегіден тыс түрлеріне арналған С. Қасқабасовтың сүбелі монографиясы мен А. Сейдімбековтың, Б. Байтанаевтың кітабынан және Е. Тұрсыновтың бір-екі мақаласынан басқа ауыз толтырып айтарлық еңбек жоқ. Аталған жұмыстарда да ертегіден тыс прозалық жанрлар түгел қамтылмаған. С. Қасқабасов миф, хикая, аңыз, әпсана-хикаят тәрізді жанрларды зерттесе, Е. Тұрсынов жануарлар жайындағы тұрмыстық әңгімелерді, Б. Байтанаев әңгіменің көркем әдебиеттегі орны мен байланысын қарастырса, ал, А. Сейдімбеков күй аңыздарын қарастырады.

Осы орайда мына жағдайды айту шарт: «фольклорлық әңгіме» деген тіркесті «ауызша әңгіме» деген ұғымның синонимі ретінде түсінеміз, әрі оларды алмастырып қолданамыз. Оның мынадай себебі бар. Біріншіден, қазақ филологиясында «әңгіме» деп «әдеби әңгімені» түсіну қалыптасқан. Сондықтан екеуін шатастырмау үшін және «әдеби әңгіме» деген термин ғылымда қолданылмайтынын (өйткені әдебиеттануда тек «әңгіме» деп қолдану бар) ескеріп, «фольклорлық әңгіме» деген атаумен ол жанрды әдебиеттен бөліп алуды мақсат тұттық. Екіншіден, «әңгіме» деген сөздің өзі о баста екі адамның сөйлесуін білдірген ғой, демек, ол ауызша әңгіме. Олай болса, егер әділіне жүгінсек, «әңгіме» фольклор жанры болуға тиіс еді, бірақ әртүрлі себепке байланысты ол әдебиеттің жанры болып кетті. Міне, осы жағын да ойда ұстап, қажетті жерде «ауызша әңгіме» деген тіркесті де қолданып жанрлармен аралас өмір сүретінін дәлелдеу - осы тараудың басты мақсаты болып табылады.

Осы ғасырдың орта тұсында-ақ, яғни 1950-ші жылдары, қазақ фольклорының асқан білгірі әрі зерттеушісі Мұхтар Әуезов бізде ертегілерден басқа «ауызша айтылған салт романы (халық романы), тарихи ұзақ әңгіме (повесть), тарихтық хроника, ең алғашқы қысқа әңгіме (новелла), қызық құрылысты өткір әңгіме, күлкі әңгіме, геройлық аңыз, шебер өмірбаяндық әңгімелері, жорық-жортуыл әңгімелері сияқты құбылысы көп, қиын түйінді, шытырман оқиғалы (приключенческий) әңгімелері» [5, 236] бар екенін айтқан болатын. Ғалым көрсетіп кеткен бұл прозалық фольклор түрлері әлі күнге дейін жүйелі зерттеуге түспей отыр. Біз ол кісінің атап көрсеткен жанрларының ішінен тарихи әңгіме, тарихтық хроника, қысқа әңгіме, күлкі әңгіме, өмірбаяндық әңгіме деген түрлеріне ерекше мән береміз. Өйткені бұлар біздің объектімізге тікелей қатысты. Рас, М. Әуезов өз атауларында терминдік мақсат тұтпаған, сол себепті көрсетілген жанрлар тек сипаттама формасында аталған. Мәселен, ғалым тарихи ұзақ әңгімені орысша повесть, алғашқы қысқа әңгімені орысша новелла деген мағынада түсінген. Ақиқатында, бұлар тарихи әңгіме, новеллалық әңгіме екені күмәнсіз, сол себепті де жұмыста осы атауларды қолданамыз. Байқап отырсақ, Мұхтар Әуезов фольклорлық прозаның барлық дерлік түрін анықтаған тәрізді және анықтап қана қоймаған, оларды жалпы «халықтың ауызша әңгімесі» деп атап, оның XX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін үлкен рөл атқарғанын да айтады: «Көркем поэзияға, - деп жазады М. Әуезов, - ауызша поэзия қаншалық бөгетсіз, сатысыз көп қор құйған болса, бүгінгі көркем прозаға да халықтың ауызша әңгімесісондайлық жатық жолмен көп араласып, қабысып жатыр» [6, 237] .

М. Әуезов ойына орайлас пікірді Ғабит Мүсірепов те айтады. Қазақ фольклорында әңгіме жанры бар екендігі туралы былай дейді: «Мұның өзін әдебиетіміздің бұрын назар аударылмаған жанры деп атауға тұрарлық. Оны ауызша әңгіме жанры десе де болады. Мұндай жанр біздің фольклорлық әдебиетімізде бұрын болған. Ол ертеде билер сөзі немесе шешендік сөздер деп аталған. Ақындар айтысы дейтініміз де осыған ұқсас. Айтыс ақыны жазба ақын он күн ойланып табатын теңеулер мен сөздерді табан астында айтып тастап, түйдек-түйдегімен төгіп, жүйткіп жөнеле береді. Олардың ой ұшқырлығын найзағай жарқылына ғана ұқсатуға болады. Сол айтыс ақындары сияқты жер дауы, жесір дауы жайындағы билер айтысы да ғажайып емес пе? Сондай дүл-дүл, тұлпар билердің солармен сабақтастық танылады. Бұл сияқты ауызша әңгіме үлгісі там-тұмдап болса да, қазіргі орыс әдебиетінен де кездеседі. Ол - теледидардан айтылатын Ираклий Андроников, Аркадий Райкин әңгімелері. Жекен Жұмахановты, мына Әзілханды, осылар сияқты өзге де шебер әңгімешілерді теледидардан сөйлетіп, ауызша әңгіме жанрын қалыптастыру қажет болар. Ауызша әңгімені теледидардан тыңдауға оңай, сахнадан айтуға да ықшам. Жаңағы әңгімелерін Әзілхан бір сағат қырық минут айтты. Қайсымыз жалықтық? Жалықпадық, білем. Теледидар ез программасына «Ауызша әңгімелер мен естеліктер» деген хабар кіргізіп, оны апта сайын белгілі бір уақытта беріп отырса, керермендерге пайдасыз болмас еді» [7, 37] .

Ғабит Мүсіреповтың бұл сөзі сырттай қарағанда осы күнгі әдеби (теледидарлық) әңгімеге қатысты ғана сияқты көрінеді. Алайда, зер салып, зерделей үңілсек, мұнда фольклорлық әңгіменің кейбір белгілері сипатталып, оның жанр ретіндегі мән- мағынасы айқындалғанын байқау қиынға соқпайды. Айталық, ауызша әңгіменің бұрынғы замандардағы билер сөзіне жақындығы, сол арқылы ақындар айтысымен сабақтасатындығы ескертіледі. Сондай-ақ ауызша әңгіме фольклор сипатында болғандықтан естеліктен өзгеше екені айтылады. Фольклорлық әңгіме де, естеліктер кезде туып отыратынын да Ғабит Мүсірепов дәлелдеп айтады. Ал, ауызша әңгіменің сапасы мен өміршеңдігі айтушының (яғни әңгімешінің) шеберлігіне байланысты болатынын да жасырмайды. Сөйтіп, Ғабит Мүсірепов өзінің тұсында фольклорлық әңгіме теледидар арқылы беріліп, әдебиленген түрде баяндалатынын байқатады. Қалай болғанда да, Мұхтар Әуезов сияқты, фольклорлық әңгіменің қазіргі таңда да ез орны бар екеніне күмәнданбайды.

Ауызша әңгімені жанрлық тұрғыдан сипаттамас бұрын, оның халық прозасы құрамындағы орнын, оны саралаудың шарттарын анықтап алу жөн сияқты. Өйткені жеке тұрғанда бір жанрдың өзіне ғана тән қасиеттерін тап басып айту қиын. Оны сол өз үйірінің ортасында, басқа жанрлармен аралас-құралас жағдайында көріп, өзіндік ерекшеліктерін байқауға болады. Бірде- бір жанр саф алтындай таза болмайтыны белгілі. «Біз жанрларды айқындауда бірнеше шартқа сүйенуіміз керек. Айталық, шығармадағы басым түсіп жатқан (доминирующие) элементтер қандай, басты оқиға, қақтығыс қандай, ол қандай керкемдікпен, құрылыспен бейнеленген, шығармада баяндалған оқиғаға тыңдаушы жұрт пен орындаушы қалай қарайды: сене ме, жоқ па?» [8, 33] . Әрине, жанрларды анықтау мен саралап жіктеудің шарттары осы айтылғандармен шектелмейді. Олардың құрамына енетін шығармалардың көркемдік сапасы да, шындықты бейнелеу амалдары да, тарихқа қатысы да әр алуан. Мәселен, өлең түріндегі жанрлар мен қара сөз түріндегі жанрлардың айтылу мақсаты да, мәнері де өзгеше, олардың функциясы да әр басқа, сол себепті оларды жіктеу шарттары да өзіндік аспектілерімен ерекшеленеді. Егер үйлену мен жерлеу салтына байланысты өлеңдерді алсақ, олардың айтылу мәнері де, орны да, мақсаты да, атқаратын қызметі де батырлық немесе ғашықтық жырлардың орындалу орны мен мақсатынан, мәнері мен әсерінен айрықша екені көзге ұрып тұрады. Сол сияқты айтыстар мен дастандар, тарихи жырлар мен мақал-мәтелдер де өзіндік орындалу мәнері мен орны бар жанрлар. Өлең түріндегі фольклорға қарағанда, қара сөз түріндегі фольклорды жіктеудің, саралаудың шарттары басқаша. Бұл туралы халық прозасын арнайы зерттеген С. Қасқабасов былай деп жазады: «Фольклорлық проза шығармаларын айтылу мақсатына қарай үш топқа бөлуге болады. Бірінші топты танымдық (познавательный) мақсат көздейтін шығармалар құрайды. Мұндай шығармалар тыңдаушы жұртқа жаратылыстың, дүниенің, адамды қоршаған нәрселердің және неше түрлі жан-жануарлардың пайда болуын, олардың мінез-құлқын түсіндіреді (мифтің барлық түрі, кейбір аңыздар) . Екінші топқа мағлұматтық (информативный) мақсатпен айтылатын шығармалар жатады. Бұл шығармалар көбінесе екі-үш адамның сұхбаты, әңгімесі түрінде болып келеді. Мұнда көп жағдайда айтушы өз басында болған ғажайып оқиғаларды, немесе естіген хикаясын әңгімелейді (хикая, меморат-әңгіме) . Үшінші топтың шығармалары көркемдік-тәрбиелік (эстетическо-воспитательный) мақсатпен айтылады. Бұл шығармалардың көркемдігі жоғары, сюжеті дамыған болып келеді. Бұған классикалық ертегілердің барлық түрі жатады» [8, 32] . Демек, ауызша әңгіме, негізінен, танымдық мақсатта айтылады екен.

Халықаралық фольклортану ғылымында адамдардың жеке естелік әңгімелері меморат деп саналады. Меморатты екінші бір әңгімеші өз тарапынан өзгеріске, жөндеуге түсіруі мүмкін. Оның жай әңгімеден ерекшелігі сол - оны белгілі бір жердің, не ортаның тұрғындары түгел білетіндігі. С. Қасқабасов та бұл жанрды меморат-әңгіме деп атапты. Біздіңше, мұның себебі бар сияқты: әңгіме көбінесе айтушының өзі көрген немесе өз басынан өткен жағдайы туралы баяндайды. Олай болса, ол біршама естелік сипатты болады. Міне, осыдан барып, әңгімеде мемораттық белгі көрініс беріп тұрады. Осы себепті «меморат-әңгіме» деген қосарлы сөз ұсынылған болуы керек. Бірақ еңбегінің басқа бір жерінде С. Қасқабасов «ауызекі әңгіме» деген атауды да қолданып, оны халық прозасының ертегіге жатпайтын тобындағы жанр екендігін айтады. Олай болса, ауызша әңгімеге ертегіден тыс прозалық фольклордың жанрларында бар белгілер мен қасиеттер тән деп айтуға негіз бар. Халық прозасының ертегіге жатпайтын басқа жанрлары секілді, ауызша әңгіме эстетикалықтан гөрі танымдық, ғибраттық, мәліметтік, сейілдік функция атқарады. Оның да басты мақсаты - тыңдаушыларға тарихи, саяси, діни, т. б. мәлімет беру, оларды бір оқиғадан хабардар ету. Сондықтан ол нақтылы және қарапайым түрде баяндалады. Осы айтылған белгілер кейде ауызша әңгімені тек тұрмыстық мәнде болады деген де пікір туғызған. Мысалы, Е. Тұрсынов жануарлар жағдайындағы ауызша әңгімелерді, «бытовые рассказы» деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған үшінші деңгейдегі балалардың байланыстырып сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейін анықтау
Қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар
«Қазақ прозасындағы этно-фольклорлық сарындар сипаты»
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Қобыланды батыр жыры туралы
Қазақ әдебиетінің тарихы
Оғыз қаған тарихи жұрт
Ұлт этнографиясын зерттеудің кезеңдері
Қазақ фольклорының зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz