Құрлық әскерлері - қазақстандық армияның басты жауынгерлік күші



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан білім және ғылым министрлігі
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті
Әскери кафедра
Цикл''Жалпы әскери дайындық `'

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ
ҚР ҚК мотоатқыштар батальоны бөлімшелерінің құрамы мен мақсаты

Дайындаған;студент взода 2005
Түймебек.О.Ж
Тексерген; подполковник
Затримайлов.В.М

Өскемен,2018 .
ЖОСПАР.

1. Қазақстанның қазіргі армиясы.
2. Құрлық әскерлері - қазақстандық армияның басты жауынгерлік күші.
3. Жаяу әскердің ұрыс машиналары .
4. Мотоатқыштар батальонын ұйымдастыру кестесі.
5. Мотоатқыштар батальоны жаяу әскердің соғыс машиналары кестесі.
6. Қорытынды.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ АРМИЯСЫ.

Қазіргі кезде ҚР ҚК - не құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, ҚК түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады.
Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалары болады.
Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері жатады
Арнайы әскерлерге инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т. б. жатады.Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен (ЖҰМ), бронетранспортерлермен және танкілермен жарақталған. Жауынгерлер автоматпен қаруланады және бөлімшелерде танкіге қарсы күрес жүргізетін және басқарылатын реактивтік снарядтар (ПТУРС) болады. Қаруланған мотоатқыштар құрамалары бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллериялық инженерлік, химиялық, байланыс, автомобильдік және басқа бөлімшелер енген.
Танк әскерлері - құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар ең басты күрделі міндеттерді орындау үшін қолданылады.ҚР ҚК-нің құрамаларының қару - жарағында орта және жеңіл жүретін танкілері бар.
Құрлық әскерінің артиллериясында зеңбіректер, келте зеңбіректер, реактивтік қондырғылар, танкіге қарсы қолданылатын жойғыш зеңбіректер, минаатарлар және алыс қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Барлық құралдары моторландырылған.
Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері құрлық әскерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық қамтамасыз етуге арналған.
Инженерлік әскерлер. Бірде - бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныста қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрызыды, бөгеттер жасайды.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау) - әскерлерді ұрыстық қамтамасыз ету түрлерінің бірі ретінде ұрыста радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдану жағдайында әскерлердің шығынын төмендету және қорғану мақсатында қолданылады.
Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын қамтамасыз етеді. Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері ракеталар мен оқ - дәрілерді күтіп ұстауға, сақтауға, әскерлерді қару - жарақпен , техникамен , оқ - дәрілермен қамтамасыз ету және әскери - техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару - жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған. Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын қамтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндетін атқарады.
Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайды. Олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері (ӘШҚӘ) зениттік - ракеталық әскерлерден, ӘШҚӘ авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады.
Әскери әуе күштері майдан, армиялық және әскери - тасымалдау авиацияларынан тұрады.
Әскери - теңіз күштері Каспий теңізімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларын жүргізуге арналған.
Аэроұтқыр әскерлері (десантшылар) әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге арналған.
Ракеталық әскерлер және артиллерия қарсыласты атыспен жоюға арналған.
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында: шекара әскерлері мен шекара қызметінің теңіз дивизиясы болады.
Шекара әскерлері Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Шекара қызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге ҚР-ның Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғауға арналған.
Республикалық ұлан ҚР Президентіне бағынатын жеке әскери құрылым. Ол аса маңызды объектілерді қорғауға байланысты міндеттерді орындайды. Жоғары мемлекеттік деңгейдегі хаттамалық және салтанатты шерулерді қамтамасыз етуге, сондай - ақ төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысады.
Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік - әскери міндеттерді орындауға арналған. Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы атаулы күн қарсаңында елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін, шекарасын, мемлекеттік және әскери нысандарын қарумен күзететін ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеевпен сұхбаттасудың сәті түскен еді. ҚазАқпарат оқырман назарына осы сұхбатты ұсынады. - Мұрат Жәлелұлы, Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары армиямыздың қиын-қыстау кезеңді бастан өткергендігін білеміз. Ал бүгінде тарих үшін қасқағым сәт саналатын 20 жылда заман талабына сай әскерімізді қалыптастырдық деп айтуға толық негіз бар. Осы ретте Қарулы Күштеріміздің өсіп-өркендеу жолына бір назар аударсаңыз. - Шындығында да егемен елдің қалыптасуы аса күрделі геосаяси үдерістер аясында жүрді. Бұрынғы КСРО-ның оңтүстік шекаралары тұрақсыздық белдеуі ретінде, тіпті әскери жанжалдар шығуы ықтимал ошақтар ретінде сипатталатын. Ауғанстандағы соғыс мемлекеттік шекаралар шептерінен аттап өтіп, анық әскери қауіпке айналды. Қырғызстанның Ош қаласында өзбек пен қырғыз халықтары өкілдерінің қанды қақтығысы орын алып, нәтижесінде ондаған кінәсіз адамдар қаза тапты. Кавказда Әзірбайжан мен Армения арасында соғыс болды. Грузия шекаралары түбінде де соғыс өрті тұтанды. Міне осындай қиын кезеңде мемлекеттік саясаттың әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы алғашқы қадамдарының бірі ҚР Президентінің 1991 жылғы 25 қазанда шыққан Қазақ КСР-і Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы Жарлығы болды. Екі айдан кейін, 16 желтоқсанда ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданып, ол Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын күзету мақсатында өз Қарулы Күштерін құруға құқылы деп анықтады. Айта кетерлігі, осы кезеңдерде өткен Қауіпсіздік кеңесі жағдайды жан-жақты және терең зерделегеннен кейін республикада орналасқан бөлімдер мен құрамаларды, бірін қалдырмастан, түгел Қазақстан Президентінің бақылауына алу қажет деген қорытындыға келді. Осылайша өзінің дербес Армиясын құруға заңды құқығын ҚР 1992 жылғы 7 мамырда ел Президентінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлығы шығуымен іске асырды. Қарулы Күштер құрылысының бастапқы кезеңіндегі аса маңызды проблема егемен ел Армиясының нормативтік-құқықтық негізін құру болды. 1993 жылғы ақпанда ҚР-ның бірінші Әскери доктринасы қабылданды. Онда Қазақстанның, егер оның өзі немесе одақтастары қарулы агрессия объектісіне айналмаса, қандай да бір мемлекетке қарсы әскери іс-қимылдарды ешқашан, ешқандай жағдайда да бірінші болып бастамайтындығы көрсетілді. Оны былай қойғанда, доктринада біздің Республиканың ешкімге қауіп төндірмейтіндігі, барлық мемлекеттермен қарым-қатынасты қауіпсіздік мүддесін өзара ескеру негізінде құруға әзір екендігі, әскери үстемдікке де ұмтылмайтындығы атап көрсетілді. Одан кейінгі жылдарда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы 2000 жылғы 10 ақпанда бекітілген екінші Әскери доктринаның базисіне айналды. Нақ сол кезде алғаш рет Қарулы Күштерді елдің жалпы ішкі өнімінің кемінде 1 пайыз көлемінде кепілді бағдарламалық-мақсатты қаржыландырып отыру ұстанымы нормативтік түрде бекітілді. Жаңа доктрина Қарулы Күштерді құру мен реформалаудың: құрылымды оңтайландыру; Ұтқыр күштерді басымдылықпен дамыту; басқару жүйесін жетілдіру, әскери-аумақтық құрылымға ауысу; резервті даярлау жүйесін жасау; әскери білім беру және әскери кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, әскери-ғылыми базаны құру және дамыту; әскери қызмет мәртебесін көтеру; әскери-қызметтік қарым-қатынастарды адамгершілдендіру секілді басты бағыттарын айқындады. 2007 жылғы келесі Әскери доктринада мемлекеттің әскери ұйымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің белгіленген жауаптылық аймақтарында әскери қауіпсіздік міндеттерін шешу мәселелеріндегі нақты дербестігін қамтамасыз ету және әскерлердің стратегиялық бағыттардағы жеткілікті топтастықтарын құру болып айқындалды. - Жаңа мемлекеттің жаңа Армиясының нормативтік-құқықтық базасын жасаумен бір уақытта ұлттық Қарулы Күштердің бейнесі мен құрылымын, олардың басқару органдарын қалыптастыруда тынымсыз жұмыс жүргізілгендігі белгілі. Аталған жұмыстардың қалай жүргізілгенін тарқата айтып берсеңіз. - 1991 жылдың соңына таман Қазақстан аумағында КСРО Қарулы Күштері әскерлерінің жалпы саны шамамен 200 мың адамдық топтастығы болды. Кадр мәселесін шешу қиындады. Түрлі ұлтты әскери қызметшілердің өз елдеріне белсенді кетуі кезеңінде Қазақстан әскери мамандардың жеткіліксіз мөлшерімен қалды. Өз армиямызды құрып жатқан аса жауапты кезеңде Қазақстанда қызметте жүрген көптеген офицерлер қызмет өткеруді ТМД-ның басқа мемлекеттерінде жалғастыруға немесе запасқа шығуға шешім қабылдады. Екі жарым жыл ішінде, 1992 жылғы мамырдан 1995 жылғы қаңтарға дейін офицерлердің кетуі ең жоғарғы деңгейге - тізімдік құрамның 89 пайызына жетті. Қазақстанның жас армиясы кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп жатты. 1993 жылдың соңына таман негізгі құрамалар мен бөлімдердің офицерлермен жасақталуы 50-60 пайыз шамасында болса, кейбір полктер 40, ал Георгиевтегі мотоатқыштар полкі тек 27 пайыз ғана жасақталды. Үшарал гвардиялық мотоатқыштар полкінен 1992-1995 жылдар аралығында командир, штаб бастығы, командирдің қару-жарақ, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары; киім-кешек, азық-түлік, жанар-жағар май материалдары, радиациялық, химиялық және бактериологиялық қорғау қызметтерінің бастықтары кетіп қалды. Алматы мотоатқыштар полкінің батальондарында бірде-бір штаб бастығы, бірде-бір батальон командирінің орынбасары болған жоқ. Полк қызметтері бастықтарының лауазымдары және танк роталары командирлерінің лауазымдары бос тұрды. Тек Қорғаныс министрлігінің жедел және ұтымды шараларының, жас Армияны құруда тынымсыз еңбек еткен генералдар мен офицерлердің, олардың күрделі шешім қабылдай білуінің арқасында ғана бізге жағдайды оңдап және Қарулы Күштерді сақтап қана қоймай, әрі қарай қарыштап дамуға плацдарм жасау мүмкіндігі туды. - Жалпы осы Қазақстан Қарулы күштері құрамындағы құрлық әскерлерінің пайыздық үлесі қандай? - Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қарулы күштердің басқа түрлерінің қарқынды дамуына қарамастан, Құрлық әскерлері, бұрынғысынша, басым түрде қалып отыр және әлемнің жетекші армияларының негізін құрайды. Мысалы, бұл көрсеткіш АҚШ-та - 46, Ұлыбританияда - 48, Германияда - 69, Қытайда - 70 пайыз. ҚР Қарулы Күштерінің құрамында, оның бір түрі ретінде, тиісті міндеттемелері мен өкілеттіктері бар Құрлық әскерлері болу керек деген түсінік алғаш рет 1996 жылы келді. Сөйтіп, 19 шілдеде Қорғаныс министрінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарулы Күштер тылы
Қазақстанның қазіргі армиясы туралы
Кеңес Одағы халықтарының Москва қорғанысына үлес қосуы
Азаматтардың қорғанысы туралы және қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының тұңғыш әскери доктринасы
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)
Қазақстан Республикасының әскери саясаты
Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандық құрамалардың ерліктерін насихаттау
ҚР Қарулы күштерінің техникасы мен жабдықталуы
Ұлы Отан соғысы. Шайқас даласындағы қазақтандықтардың ерліктері
Пәндер