Үндістанның патшасы


Жоспар
- Үндістанның патшасы.
- Жергілікті басқару.
- Сот.
Үндістанның патшасы.
Патша кшатрий кастасынан ғана шығып отырған. Түсінік бойынша кшатрий құдайдың тұқымы, құдай оны осы жердің адамдарының бәрін сақтап қалу үшін шығарған. Патша от, жел, күн және ай, әділеттік соттың бастығы, ол ең жоғары адам. Бірақ Ману заңдары бойынша патшаның құқықтары шектеулі, ол бір жағынан брахмандардың берген ақылдарын тындауы керек, екінші жағынан ол кейбір талаптарға сәйкес болуға тиісті.
Ману заңдары бойынша патша сұлу, кемшілігі жоқ, брахмандардың жеке меншігін сыйлайтын және олардың ақылдарын алатын адам. Ману заңдарының 7 тараудың 111-бабында былай делінген: "Ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша тез арада ағайын-туысқандарымен бірге елден және өмірден айырылады". Патша өзінің патшалығын қорғау үшін батыр адам болуға тиісті. Патша сот ісін басқарады, жаза кеседі, салық жинайды, бұның бәрі бірге "стхана" деп аталады. Брахмандарды сыйлау, халықты қорғау, соғыста батырлық керсету сияқты әдістер патшаны шаттыққа кенелтуі тиіс. Патшаның жаман мінез-құлықтан: сөз тасудан, қүштеуден, озбырлықтан, өтірікшілікген, араздықтан, меншік құқығын бұзудан, сөзбен қорлаудан және таяқпен күш көрсетуден аулақ болуы шарт.
Жоғарғы қызметкерлерді патша рулық ақсүйектерден тағайындайтын. Үндістанның шексіз деспотиясы ежелгі каста жүйесімен мықты байланысты болатын. Патша 7-8 министрді тағайындайтын, олар патшаның малайлары болып саналады.
Мемлекеттің ежелгі кезеңінде патша әскери және сот ведомстволарын құрды. Патшаның негізгі көмек беретін ұйымдарының бірі - әскер. Ол төртке бөлінеді: жаяу әскер, атты әскер, пілдер және доңғалақшалар. Ол кездегі Үндістан әскерінің негізгі күштері пілдер мен доңғалақшалар. Шлдерді Үндістанның халқы ең бірінші болып үйреткен және пайдаланған. Бейбітшілік кезеңде әскерлер ауылдардың арасында орналасқан. Соғыс кезінде әскерді баю үшін пайдаланатын еді. Веда зандарының мәтіндерінде былай делінген: соғыс кезінде тапқан табыстың бір бөлегін патша әскерлердің арасында бөлуге тиісті (Ману заңдары, 7-бап) . Әскерді патшаның өзі басқарды, сондықтан тапқан табыстың көбін өзіне қалдырды. Әскери қызметкер кшатрийге жататын, бұл касталық әскер болатын. Кшатрийден басқа қасталар қаруды тек қана ұлы апат, ауыртпашылықтар кезінде ғана ұстауға құқылы болатын. Армия қоғамдық төртіпті де қорғайтын еді.
Үндістанның патшасы қолына сот функцияларын да жинақтады. Ману заңдарында бүл туралы былай делінген: Патша жазаны өзі кеспесе, қүштілер өлсіздерді балық сияқты қуырып жейді. Тәртіп болу үшін патша сот қызметін жүргізуі керек. Ману заңдары бойынша сот қызметі брахмандарды және кшатрийлерді қорғау үшін жүзеге асатын.
Патша мемлекеттік мүлікті басқарады жөне дхарманың қорғаушысы болып саналады.
Идеологиялық қызмет брахмандардың қолында болатын. Жалпы мемлекет құрылғаннан кейін Үндістанның халқы бір құдайға сенетін болды. Бір құдайға сену праджапи деп аталады. Тек брахмаңдар ғана қасиетті Веда деген кітапты оқып, діни әдеттерді орындауды басқарды, садақа берді және садақа жинады. Патшаның қызметкерлері орталық және жергілікті басқару қызметкерлеріне бөлінді.
Патшаға ақыл, кеңес беретін жоғары қызметкерлер жеке тұратын. Патша кеңесі матрипаришад деп аталды. Бұған қызметкерлерімен қатар қалалардың өкілдері кіретін. Маурья империясы құрылған кезде басқарудың бері солардың қолында жинақталған еді. Патша шаруашылығын жүргізетін кызметкерлер жайлауларды, патша сарайын, қазынасын және салық жинауды басқаратын. Ману заңдары бұл адамдар туралы былай дейді: олар әділетті, ақылды және мықты болуға тиісті. Қызметкерлердің арасындағы ең басшысы салық жинаушы, басшы қазынаны басқарушы және сенопати-әскер басшысы болып бөлінді. Бұлардан басқа жоғары абыз-пурохита, жоғарғы сот қызметкерлері және балалардың бас тәрбиешісі де жоғарғы қызметкерлерге жататын. Патшаның көптеген құпия жансыздары болатын. Олар инспекторлық әрі тыңшылық міндеттерін де орындайтын, патша оларды күні-түні қабылдайтын еді.
Жергілікті басқару.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz