Дін социологиясының атқаратын қызметтері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы.
  2. Дін социологиясының ғылыми құрылымы.
  3. Дін социологиясының атқаратын қызметтері.

1. Дін социологиясы - социология пәнінің бір бөлігі болып табылады. Қоғамды тұтастай зерттейтін социология ғылымының қоғамдық жүйеде өзінің алатын орны бар және онда атқаратын түрліше қызметтері бар дін феноменін елемеуі мүмкін емес. Социология ғылымы өзінің пайда бола бастағанынан бері-ақ және қазіргі кезде де дін атаулыны қоғамның әлеуметтік жүйесшің өте бір маңызды элементі деп қарайды. Социология ғылымының бұл ұстанымының негізінде қоғамның практикалық өмірі жатқаны белгілі.

Дін социологиясы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтканда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оның пайда болуы мен қалыптасуының әлеуметтік және теориялық алғышарттары болды.

Дін бұл елдердің қоғамдық өмірлерінде сол кезде де үлкен орын ала бастады: діни мекемелер мен діни ұйымдар және дін басылары өздерінің насихат жұмыстарын белсенді жүргізді. Дінге деген қоғамның ынтасы оянды. Сонымен бірге, тарихи-әлеуметтік ғылымдар саласында да ғылыми-зерттеу жұмыстары өсті. Тарих, этнология, археология, этнография, мәдениет тарихы саласында көптеген мәліметтер жарық көрді. Оларды сұрыптау, талдау барысында ол білімдердің астарында, тасасында жатқан дүниетанымдық мәселелер көтеріле бастайды. Осындай алғышарттардың негізінде тарихи-әлеуметтік білімдердің саласында, солардың ішінде, әсіресе, социологияда білімдердін жаңа бір саласы - дін социологиясы қалыптаса бастады.

Дін социологиясын социология ғылымдарының арнайы бір бәлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың қатарында алдымен Э. Дюркгейм, М. Вебер, К. Маркс, Т. Парсонс т. б. болды.

2. Дін қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі болып табылады. Философия ғылымның қағидасы бойынша, кез келген өмір сүретін құбылыстың, ол үлкен бе, әлде кіші ме, бәрі бір, өзінің жүйесі болады. Ал діңнің де өзіндік біртұтас жүйесі бар екені сөзсіз. Діннің жүйесі өте күрделі келеді. Діннің жүйелілік құрылымы өте күрделі. Ол негізінен үпі түрлі элементтерден құралады: діни санадан, діни мінажаттардан және діни ұйымдардан.

Діни сана діннің негізгі элементтердің бірі екені белгілі. Діни сана қоғамдық сананың ежелгі формаларының бірі екендігі туралы және олардың ерекшеліктері қандай болатындығы туралы жоғарыда айтылған. Енді осы діни сананың өзіне, оның деңгейлеріне және оның қызметтеріне тоқталайық.

Діни сана екі деңгейдегі құбылыстардан құрылады. Бірінші деңгейі діни психология құбылыстары, ал екінші деңгейі діни napaсат, ақыл-ой құбылыстары, яғни діни идеология.

Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінін, мінез-құлықтарының жиынтығы. Гегель философияның да, діннің де мақсаты біреу, ол абсолютті тану болып табылады. Ол үшін философия логикалық ұғымдарды пайдаланады, ал дін түсініктер мен образдарды пайдаланады дегеніндей, діни психологияның таным құралы негізінен нақты образдар болып табылады. Діни психология қалыптасканнан кейін адамдардың жан дүниесінің үлкен күшіне айналады. Стихиялы түрде қалыптасқан діни психологияны, оның түсініктері мен бейнелерін өндеу, жөндеу, бағыттау өте қиынға түседі.

3. Дін социологиясы діннің қоғамдағы орнын зерттеумен қатар, өзінің қоғамдағы қызметтерін де зерттейтін ғылым екені белгілі. Сөз желісі келгенсін айта кетуіміз керек, философия ғылымында мынадай логикалық түйін бар: дүниеде не нәрсе болмасың, нендей объект болмасын, олардың әрқайсысының ең алдымен дүниеде бар болулары керек, өмір сүрулері керек, содан кейін ғана олардың - ол нәрселердің қимыл әркеттері туралы сөз болмақ. Біздер енді діннің іргелі (субстанциональды) болмысын ашқаннан кейін ғана барып діннің функциональды қызметтерің ашып көрсетуге кіріскелі отырмыз.

Діннің адам өміріндегі, қоғам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады.

Дін құрылымының негізгі элементтерінің барлығы дерлік адам өмірінде, қоғам өмірінде үлкен роль атқарады. Оның әрқайсысының өзіндік болмыстарына сәйкес әрқайсысының белгілі бағытта қызметтер атқаратыны да сөзсіз. Мәселен, діни сана адамдардың жан дүниесін баурап алғаннан кейін, міндетті түрде олардың қимыл-әрекеттеріне әсер етіп, ол қимыл-әрекеттердің сипаттарын айқындап отыратыны да белгілі. Ал, діни ғибадаттар жасалар алдында адамдар алдын ала не нәрседен аулақ болып, ал не нәрсеге ұмтылу керек екендіктерін ойластырып алулары тиіс.

Діни социологияның негізін қалаушылардың бірі М. Вебер діннің қоғамдағы функциональдік қызметтерін зерттеу, талдау қажеттіктерін дін социологиясының арнайы ғылымға айналуынын басты шарты ретінде қарады.

Діннің қызметтері негізінен алты салаға, алты бағытқа бөлінеді. Діннің қызметтерінің бірінші бағыты - дүниеге көзқарастық қызметі. Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін - құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни - абсолют күш деп түсіндіреді. Дүние мен адам және олардың өмірлері тек сол абсолюттен туындайды және ақыр аяғында сол абсолютке тәуелді болады дейді. Осылайша дін дүниенің діни келбетін, діни бейнесін, діни суретін жасайды. Сол бейне, сол сурет негізінде адамдардың сыртқы дүниеге көзқарастары қалыптасады. Олардың әлеуметтік мінез-құлықтарының сипаты айқындалады. Дүниеге көзқарас адамдардың рухани өмірлерінің арқауы іспетті. Адамдар маңызды мәселелерді шешкенде, өзінің дүниеге көзқарасын басшылыққа алады.

Діннің қызметтерінің екінші бағыты /функциясы/ бағалаушылық қызметтер болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін социологиясының шығуы және қалыптасу тарихы
Дін социологиясының шығуы мен қалыптасу тарихы
Діннің социологиялық құрылымы мен қызметтері
Ғылым социологиясы
Ғылым социологиясының мәні мен рөлі
Білім және қоғам
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Дін – қоғам ішіндегі рухани күш
ІХ. Ғылым -әлеуметтік өмір системасында
Дін социологиясының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz