Әлеуметтеңдіруді сыңаржақ түсіндіруші теориялар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Әлеуметтеңдіру ұғымы және оның кезендері.
  2. Оқыту (білім беру) - әлеуметтеңдірудің құралы. Білім - кәсіптеңдірудің негізі.
  3. Әлеуметтеңдіруді сыңаржақ түсіндіруші теориялар.

1. Әлеуметтеңдіру ұғымы және оның кезендері.

Адам дүниеге келгенде өлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы әлі ешқандай түсінік жоқ, онда адам болудың тек мүмкіндіктері ғана бар.

Демек, адам адам болып тумайды, қалыптасады. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, мәдени кұндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу, замандастарынын ықпалы сияқты факторлар шешуші әсерін тигізеді. Көпшілік зерттеушілердің пікірінше, адамның әлеуметтенуі белсенді түрде өтетін процесс болғандыктан, ол бүкіл өмір бойына созылмайды. Ол тек ауытқымалы мінез-құлық нормаларының жиыны тұрақты орнығу үшін, әлеуметтік ой-пікірлері мен дүниеге көзкарасы және т. б. қалыптасу үшін, әлеуметтік ой-пікірлері мен дүниеге көзқарасы және т. б. қалыптасу үшін қажетті болатын мерзімге ғана, яғни адамның жеке басының адамдық кейпінің қалыптасуына керекті уақыт бойына созылады. Ол, орта есеппен алғанда, 23-25 жасқа дейінгі мерзім. Ал ересек, яғни әлеуметтеніп үлгірген адамдардың бір әлеуметтік жағдайлардан басқаларына ауысуына байланысты жаңа рухани байланыстар мен ауытқымалы мінез-құлық нормаларын меңгеруіне келсек, мұны әлеуметтену емес, әлеуметтік бейімделу деген дұрыс сияқты.

Адамның әлеуметтену процесін әдетте үш кезеңге бөледі: а) бастапқы әлеуметтену немесе баланың әлеуметтенуі; ә) аралық әлеуметтену немесе жасөспірімнің әлеуметтенуі; б) орнықты немесе біржола әлеуметтену. Бірінші кезең, негізінен, семьяда және балалар бақшасында тәрбиелену кезеңімен, екінші кезеңі 17-18 жасқа дейінгі орта мектептегі оқу-тәрбие кезеңімен сәйкес келеді. Ал үшіншісі жасөспірім шақтан ересек шаққа ету кезеңін, яғни 17-18 жас пен 23-25 жастар арасынан қамтиды. Бұдан кейін әлеуметтенген, қалыптасып біткен адамның әрі қарай дамуы мен бейімделуі басталады. Демек, қазіргі заманғы адамның әлеуметтену дәуірі, негізінен, оқу арқылы білім мен тәрбие алу кезеңіне сәйкес келеді.

Әлеуметтеңдірудің марксистік ұғымы адамның бүкіл рухани өмір прогресін білдіреді. Адам мінез-құлықтын, мәдениеттің дайын үлгілерін жай қабылдап қана қоймайды, оларға деген өз қатынасын білдіреді, оларды не мақұлдап, не терістеп, белсенді түрде әрекет етеді, сөйтіп ол өзін қоғамдық қатынастардың тек объектісі ғана емес, оларды өзгертетін жан, субъекті, ретінде ие көрсетеді.

2. Оқыту (білім беру) - әлеуметтеңдірудің құралы. Білім - кәсіптеңдірудің негізі.

Жас ұрпақты әлеуметтеңдірудің марксистік ғылыми теориясы жас ұрпақты тәрбиелеу процесі мен оқыту арқылы білім беру процесін бірлікте қарастырады, өйткені қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс оқыту процесінің білім беру, оқыту арқылы адамды дамыту міндетімен бірге, сондай-ақ тәрбиелеу міндетіне де жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі заманғы оқыту мен тәрбиелеу дегеніміз жас адам тұлғасын қалыптастыру үшін оған жоспарлы да мақсатты түрде әсер ету - оның еңбекке деген білігі мен қабілетін дамыту, болашақ кәсіпті еркін тандай білу, қысқасы, оның бойында еңбек сүйгіштік қасиетті қалыптастыру деген сөз, ал бұл сонғы дүниеге ғылыми-материалистік көзқарасты, берік сенімді қалыптастырумен ұштасып жатыр. Ал табиғат пен қоғам жайлы ғылым негіздерін терең де жан-жақты меңгермейінше ғылыми көзқарасты қалыптастыру да, жасампаздықпен еңбек ету де мүмкін емес.

Сенімге айналған ғылыми білім ғана адамға жол көрсететін «жетекші», өздігінше бір рухани «ақылшы» болады. Білімдер мінез-құлық факторы ретінде сенімге айналады. Ал бұл бүкіл қоғамдық қатынастардың және рухани мәдениеттің әсері арқылы қалыптасады. Ол - адамның білім мен негізгі әлеуметтік дағды-іскерліктерді меңгеру кезеңінде, яғни әлеуметтену процесінде қалыптасады. Берік сенімнің болуы - адамның кемелденгенінің, әлеуметтенгенінің белгісі, рухани дербестігінің көрінісі.

Білім беру мен тәрбие берудің бірлігін оқыту деп айтамыз. Оқытудың кәсіптеңдіру міндетінің мәнін түсіну үшін, оның ғылыммен арақатынасын анықтап алған жөн.

Ал адам ол білімді негізінен оқу системасы арқылы алады, олай болса әлгі схемадағы «адамның» орнына «оқыту системасын» қояйық. Сонда мынадай схема шығады: «ғылым - өндіріс техникасы - оқыту». Сөйтіп, ғылым, өндіріс техникасы және адам арасындағы бұл өзара байланыс орта және жоғары оқу орындарына адамды кәсіптеңдіру міндетін жүктейді: оқу орындары жас ұрпақты өз дәуіріне сәйкес ғылыми біліммен қаруландыруы тиіс.

Білім беру жұмысшы күшін қайта қалпына келтірудің қажетті шарты болып табылады. Мәселен, мектепте бірнеше жыл оқымаған адам, зерттеулерге қарағанда, қазіргі кездегі мамандықтарды меңгеру қабілетінен айырылады. Ал оқу орындарында жақсы ғылыми даярлық алу - өндірістік мамандықтарды игерудің сенімді кепілі болып табылады.

Жоғары және орта арнаулы оқу орындары өндірісті кәсібі бар жұмысшылармен - мамандармен тікелей қамтамасыз етеді, ал жалпы білім беретін орта мектеп барлық мамандық иелері үшін болашақ кәсіптік даярлықтың негізін салып береді.

XIX ғасырдың аяғына дейін жас ұрпақты кәсіптеңдіру және әлеуметтеңдіру процестері, негізінен, семья арқылы, еңбек процестеріне тікелей араласу барысында сол айналадағы әлеуметтік ортада ғана жүзеге асып келген болса, ал XX ғасырдын басынан бері, әсіресе ғылыми-техникалық революция басталған 50-жылдардан бері қарай, оқу-тәрбие мекемелерінің рөлі барған сайын артып келеді, өйткені қазіргі кезде қоғамдық өндіріс пен әлеуметтік өмірге араласу үшін әрбір адам көп жылдар бойы алдын ала оқу-тәрбие системасының «өндеуінен» етіп, болашақ қоғамдық-әлеуметтік қатынастарға әзірленуі қажетті.

3. Әлеуметтеңдіруді сыңаржақ түсіндіруші теориялар.

Жағдайдың бұлайша өзгергеніне қарамастан қазіргі заманғы Батыс социологтары мен педагогтарының бір тобы білім беру системасын сыңаржақ қарастырып, оны түрліше әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстан тәуелсіз дербес мекеме түрінде түсіндірсе, Ф. Кумбс, Т. Парсонс, Ф. Драккер сияқты енді бір социологтар тобы, керісінше, оның рөлін абсолюттеңдіріп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси әлеуметтеңдірудін, негізгі міндетін американдық социолог
Адам - әлеуметтендірудің жемісі
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТАРИХИ ТИПТЕРІ
Әлеуметтендіру– рухани құндылықтарды таратушы және қайта жаңғыртушы механизм ретінде
Биологияны оқытуда өз организмін таным білуге үйрету
Тұлға-қоғам мүшесі
Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде
Адам - биоәлеуметтік жан. Адамның тарихи дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлар
АДАМНЫҢ ТАРИХИ ДАМУЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАР
Адам - биоәлеуметтік жан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz