КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ

Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы нарықтық экономикада үдей түседі. Тәуекелділік қандайда бір жағымсыз жағдайдың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығын (қаупі), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

Тәуекелділік ықтималдық категориясына жатады, яғни оны белгілі бір деңгейдегі жоғалтулардың ықтималдылығы ретінде есептейді. Әр кәсіпкер басшы типіне байланысты таңдап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгілейді. Кертартпа басшылар жаңалықтарға бейімделмеген, әдетте олар қандай да бір тәуекелден қашуға тырысады. Икемді басшылар, егер тәуекелділік ерікті болып, ал орындаушылар өз ісінің маманы болса, олар тәуекелді шешімдерді қабылдауға тырысады.

Кәсіпкерлік тәуекелділіктің жағымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықтималдығын білумен шектеліп қоймай, сонымен қатар ол жоғалтулар сол немесе басқа деңгейден аспау ықтималдығын да қарастыруы керек.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі бизнестің тәуекелсіз болмайтынын, көрсетеді. Кәсіпкер тәуекелді ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін қалай азайтатынын білуі қажет. Фирма үшін қандай да бір жағымсыз жағдай болса да, кәсіпкер негативті нәтижелерді азайту мүмкіндіктерін қарастыруы керек.

Тәуекелді өзін-өзі сақтандыру есебінен және хеджиралау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларга беру арқылы азайтуға болады.

Өзін-өзі сақтандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебінен зиянды жабу және ойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақтаумен байланысты. Құны фирманың қаржы көрсеткіштерімен салыстырғанда аса көп емес мүліктің немесе бір типті мүліктің мөлшерін жоғалту қаупі төнгенде, ішкі шаралар міндетімен өзін-өзі сақтандыру орынды болады.

Шет елдерде тәуекелді азайтудың кең тараған тәсілі хеджиралау (аудармасы - жоғалтулардан сақтау), қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік және басқа талаптар мен міндеттерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің көп бөлігі (менеджерлердің қатесі, бағаның өзгеруі, сұраныс, дұрыс таңдалмаған жоба және т. б. ) толығымен кәсіпкерлерге жүктелген. Жағдайларды болжап, кәсіпкерлік жүктеме бағалауды үйрену керек.

Кәсіпкерлік тәуекел - бұл бизнестің түріне байланысты компанияның қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі түрлеріне өндірістік, коммерциялық және қаржылық (несиелік) тәуекелді жатқызуға болады. (Өндірістік тәуекел - бұл өнім өндірумен, қызмет көрсетумен, басқа да түрлі өндіріс қызметтін жүзеге асыру мен байланысты тәуекел. Өндірістік тәуекелдің пайда болу себептері: ұйғарылған өндіріс көлемінің мүмкін болатын төмендеуі, материалдық шығындардың өсуі қызметкерлердің наразылығы, менеджерлердің өлкесі көтеріңкі аударым сомалары мен салықтарды сату және т. б.

Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері, өнімді өткізу көлемінің төмендеуі, материалдық ресурстардың сатып алу бағасының жоғарылауы, сатып алу көлемінің ойда болмаған төмендеуі, айналым шығындарының өсуі, экономиканың тұрақсыздығы және элементтердің ұнату қабілетінің езгеруі, бәсекелестердің әрекеті.

Қаржылық тәуекел кәсіпорынның банктермен және басқа да қаржылық институттармен қатынас өрісінде пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері: қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынастарының көлемінің жоғарылауы, кредиторларға тәуелділік, капиталдың әрекетсіздігі, бір жобаға, бір мезгілде көп қаражат жұмсау.

Қаржылық тәуекел мына операциялардан алынған шығындарда көрсетіледі: несиелік, инвестициялық, құнды қағаздар эмиссиясы.

Айналым және өндіріс өрісіндегі кәсіпорындар үшін қаржылық тәуекелдің құрамдастарын ажырата білу керек: несиелік, пайыздық, валюталық айрылып қалған пайда тәуекелі, инвестициялық тәуекел, салықтық тәуекел.

Қаржылық тәуекелді шешуге нақты қаражаттарды таңдаған кезде инвестор келесі принциптерді назарда ұстауы керек: меншікті капитал мүмкіндігінен артық тәуекелге бармау керек, аз нәрсе үшін көп нәрсені тәуекелге салмау керек, тәуекелдің нәтижесін алдын ала білуге тырысу қажет. Яғни берілген тәуекел бойынша, мүмкін болатын шығындардың ең көп мәнін есептеп, содан соң берілген тәуекелге итермелейтін кәсіпорынның капитал көлемімен, содан кейін салыстыру керек, содан кейін барып мүмкін болатын шығындарды жалпы ақша қаражаттарының көлемімен салыстыру керек. Сонда ғана, бұл тәуекел кәсіпорынды банкроттық жағдайға әкелмейтінін анықтауға болады. Басқаша айтқанда бұл тәуекелді басқарудың жалпы стратегиясы.

Қаржылық тәуекелді басқару процесі 6 сатыдан түрады: мақсаттарды анықтау, тәуекелді анықтау, тәуекелді бағалау, оларды жүзеге асыру және нәтижелерді бағалау.

Мақсатты анықтау кәсіпорынның едәуір шығындар жағдайында жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталады. Мақсат кәсіпорынды сыртқы орта жағдайынан немесе ішкі орташа оңтайландырудан қорғау болып табылады.

Тәуекелділік ықтималдылығы ресми және бейресми көздерден әр түрлі ақпараттар жинау көмегімен анықталады.

Шығындардың қаупін оның мағынасына байланысты үш түpгe бөлуге болады: банкроттық қауіп, шығынды болдырмау үшін қосымша ресурстардың қажетгілігі, активтердің бір болігін шарасыз жоғалту. Қаржылық тәуекелді басқарудың ең күрделі кезеңі болып табылатын тәуекелді талдаудың міндеті мүмкін болатын серіктестіктерге, жобаға қатысудың тиімділігі құралы шешім қабылдауға және ақша жоғалтуды болдырмау шараларын жасау үшін қажет мәліметтерді бару болып табылады.

Тәуекелді талдау кезінде тәуекел аймағы ұғымын пайдалану маңызды, яғни ол шекарасында белгіленген тәуекел деңгейінің шекті мәндерінен аспайтын жоғалтқан болатын, рыноктың жалпы шығындар аймағы. Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорын қызметінің 5 негізгі тәуекел аймағын белгілеуге болады. Тәуекелсіз аймақта операция жүргізген кезде кәсіптын ешқандай тәуекел жасамайды, ешқандай шығын көрмейді, кәсіпорын кем дегенде есепті табыс алады. Жобаны орындау кезінде, теориялық жағынан кәсіпорынның табысы шексіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпкерлік тәуекелділік
Кәсіпкерлік тәуекел туралы ақпарат
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Кәсіпкерлік тәуекелділік: түрлері мен типтері және оның зардаптарын жеңілдету жолдары
Компанияның қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі
Тәуекел деңгеиін бағалау және төмендету әдістері
Тәуекелді басқару және сақтандыру
Тәуекелді басқару негіздері
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні мен түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz