Қыпшақтардың даму тарихы


Жоспар
- Қыпшақтардың даму тарихы.
- Хандықтың құрылуы.
- Қыпшақтардың өзара саяси қарым-қатынасы.
Қолданылған әдебиеттер
Қыпшақ хандығы (XI ғ. басы - 1219ж. )
Қыпшақтардың даму тарихы. «Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректеріне қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабихтың жылнамалық жағынан VIII ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі.
656ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғ. соңында оларды кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. IX-X ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. Қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.
XI ғ. басында Кимек қағанаты тарағаннан кейін, кимек, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери- саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті оңтүстік және батыс бағыттарында белсенді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия және Оңтүстік- Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.
XI ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпаларының ақсүйектері оғыз жабғысын Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып қуалап жібереді.
Аймақтағы этникалық- саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес, XI ғ. екінші ширегінің бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Қыпшақ аты пайда болады. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетіп барады.
XIғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжи бастайды, Батысқа қарай жылжып өрлеген сайын кумандар тайпаларының қалың жұрты бірінші болып, Шығыс Еуропаның әсіресе орыс, Византия, Венгрия халықтарымен тура қарым-қатынас жасауға көшеді.
Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтікті зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-жағрафиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.
Қыпшақ этникалық қауымының қазақ территориясында құрылуы күрделі де ұзақ процесс болған, оның дамуы жолынан үш кезең айқын көрінеді.
Бірінші кезең кимек тайпалық бірлігі өзегінің құрылуына байланысты, онда VII ғ. екінші жартысынан бастап, VIII ғ. аяғына дейін қыпшақтар елеулі роль атқарады. Осынау замандарда қыпшақтар мен теле тайпалары өзара өте тығыз этникалық-мәдени байланыста болып, жақындасып кетеді.
Екінші кезең - VIIIғ. аяғынан XI ғ. басына дейін. Осынау күннамалық аралықта қыпшақтар бірте- бірте еркін жайылып, шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батыстағы Оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына дейін жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанды, орталығы Мұғаджар тауларында болған кумандар жайлайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік - қимақтардың, қыпшақтар мен кумандардың өзара істес-әрекеттес болып бірігуі қимақ тайпаларының ұйытқыш-ұйымдастырғыш ықпалы арқасында жүзеге асады. Қимақтар мен кумандар сияқты, қыпшақтар ежелгі башқұрт, печенек, қарлық, әсіресе оғыз тайпалары конфедерацияларымен өзара тығыз этникалық -мәдени байланыста болып, бір-біріне әсер етіп отырған. Сонымен бірге қыпшақ этносының ішкі этникалық даму жолы сол араның байырғы тұрғындары теле, угрофинн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерді өз арасына сіңдіріп, қыпшақтандыруға бағытталған еді. Қыпшақ этносы қандас туыстар байланысы емес, территориялық- шаруашылық қарым-қатынасы принципінде біріккен, көптеген рулар мен тайпалар негізінде құралып қалыптасқан.
XI ғ. басынан XIII ғ. басына дейін қыпшақтардың этникалық қауымдастығының құрылуы өз дамуының үшінші кезеңіне өтеді, бұл ең әуелі қыпшақ хандарының құдірет күшінің өсуіне байланысты болатын, өйткені олардың өкіметі ел-бөрілі руының әулеттік билігімен заңдастырылған еді. Қыпшақ хандығындағы этникалық байланыстың дамып, тереңдеуінің мөлшері және қыпшақ этносының құрылуының деңгейі белгілі дәрежеде Шығыс ұлысы қыпшақтарының тайпалық құрамы арқылы анықталып отыратын.
Қыпшақ этникалық қауымдастығы өз құрамына түрік тілді кимек, куман, ежелгі башқұрт, оғыз тайпаларымен бірге, иран тілді этникалық қауымның түріктендірілген топтарын да қабылдайды.
Хандықтың құрылуы. Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті Қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуге себепші болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетімен, Орта Азиядағы Салжықтар, Хорезмшахтар және Қарахандар әулеттерімен соғысқа және тоқтығыстарға әкеліп жеткізген XI ғ. бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін құрудың объективті себебіне айналды.
XI ғ. орта кезінде Дешті Қыпшақтағы ыдыраушылықтың көзі болып келген қыпшақ пен куман тайпаларының көптеген топтары көшіп кеткеннен кейін, Қыпшақ хандығының саяси тірегі едәуір күшейіп, нығая түседі.
XI ғ. екінші жартысынан XII ғ. бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарады. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық-әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.
Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұра болып әкеден балаға қалдырылып отырған. Хандар шығатын әулеттік ру ел-бөрілі екен. Орда деп аталатын хан қосынында ханның дүние-мүлкі мен армиясының ісін жүргізетін басқару аппараты болған. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтап, екі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойында, Сарайшық қаласының орнында, сол қанат - қосынымен Сығанақ қаласында тұрған. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Хандықтың орталығы, тегі Торғай даласында болғанға ұқсайды. Әскери ұйымдар мен әскери-әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені олардан көшпелі тұрмыс ерекшелігі толық көрінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.
Билеуші ақсүйек топтың (хандар, тархан, басқақ, бек пен байлар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бұған қоса рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлінеді.
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі - малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жеке меншікті бұзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі құқтың нормасы олар айыпталуға тиіс деп есептеген. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері - таңбалар басылған.
Соғыс тұтқындары есебінен толықтырылып жататын құлдар - қыпшақ қоғамының ешбір құқы жоқ тобы болған. Олар көбінесе сатылып отыпған, олардың тек бір бөлігі ғана шаруашылықта жалшы малай ретінде пайдаланылған.
Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ертефеодалдық мемлекет болды, ол көне түрік мемлекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.
Қыпшақтардың өзара саяси қарым-қатынасы. 1065ж. салжықтардың билеушісі Алп Арыслан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жортуылға шығады. Осынау соғыс науқанынан кейін қыпшақ тайпаларының бір бөлесі Хорасан салжықтарына тәуелді болып қалады.
XI ғ. соңғы ширегінде Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында қыпшақтар бұрынғыша өз өктемділігін жүргізіп тұрады, оғыз бен түркмен тайпаларының кейбір топтары оларға саяси жағынан кіріптар болады. 1096ж. «құдіретті» хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады. Бірақ, хорезмшахтар қамқоршысы болып келген салжықтар оларды Маңғыстауға қайтып кетуге күшпен көндіреді.
Махмұт Қашғари айтты деген дерекке қарағанда, Қыпшақтың әскери-көшпелі ақсүйектері Қарахандар әулеті билеушілерімен аса күрделі саяси қарым-қатынаста болған. Қарахандар Қыпшақ ұлысының шығыс шебіне шапқыншылық жасап тұрған, кимектер де есесін жібермей, Ертіс жағалауынан Жетісудағы мұсылман мемлекеті жеріне жортуылдар жасап, тыныштық бермеген.
XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сырдарияның тағы басқа қалалары да қыпшақ көсемдерінің қолына қараған. Алайда XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның мұсылмандық әулеттері арасындағы қиянкескі күрес алаңына айналып кетеді . Ислам дінін таратуды ту ғып көтерген Хорезмшахы Атсыз Жентті жаулап алады, сосын солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады.
1133ж. Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Қыпшақтардың тұңғыш рет күйелей жеңілгенінің себебі жөнінде деректерде ешқандай қосымша мәліметтер келтірілмейді. Шын мәнінде тап сол кезден қыпшақ хандығының ыдырауы басталады, оған себеп болған негізгі жәйттар : қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімделушілер қатарының молаюы, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің құрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі болады.
XII ғ. екінші жартысынан, әсіресе Текеш (1172-1200) билеген дәуірден бастап, Хорезм Қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнаулы саясат жүргізеді. Қаңлы, Қыпшақ, имек, ұран тайпалары топтарының жетекшілерін хорезмшахтар әртүрлі қызметке тарта бастайды. Қыпшақ хандығының билеуші ақсүйектері мен Хорезмшахтар әулеті өзара туысқандық байланыс орнатуға кіріседі. Қыпшақ ханы Жанкеші - қызы Теркенханымды Хорезмшах Текешке береді. Орта ғасырдың салт-дәстүріне сәйкес, әртүрлі деңгей-дәрежедегі этносаралық «татулық пен туысқандық одақ» жасасу байланысы айрықша маңызды болған. Олар қоғамдық-саяси өмірде бір-бірін қолдап отыратын шынайы да тұрақты тығыз байланыстар жүйесін тудырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz