Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Жоспар
1. Бақылау әдісі
2. Топтау, жинақтау әдістері
3. Талдау, қортынды жасау әдістері
Пайдаланған әдебиет
Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Статистика тәжірибесінде жүргізілетін әр түрлі зерттеу жұмыстары
өздерінің істелінетін сатыларына және жүйелілігіне қарай үш кезеңге
бөлінеді:
- статистикалық бақылау, яғни бастапқы мәліметтерді жинау;
- статистикалық бақылаудьщ нәтижесінде жиналған мәліметтерді өздеріне
тән нышандарына қарай бір жүйеге келтіріп жинақтау және оларды өңдеу,
топтау;
- жинақталған мәліметтерді талдау, қорытындылау және зерттеу нәтижелерін
тұжырымдау.
Біз бұдан статистикалық бақылау статистикалық зерттеуің бастапқы
кезеңі екенін көріп отырмыз. Шындығында да, статистикалық бақылаудың
нәтижесінде қоғамдық құбылыстар мен процестер және зерзаттар (объектілер)
жайында жиналған бастапқы мәліметтер статистикалық зерттеудің екінші және
үшінші кезеңдерінің негізін қалаушы болып табылады. Сондықтан,
статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер жоғары сапалы, нақты
шындықты көрсететін және әдістемесі дұрыс болуы керек. Демек, әр түрлі
фактілерді есепке алу және бастапқы мәліметтерді жинау ғылыми
ұйымдастырылған жүйеде жүргізілуі тиіс.
Статистнкалық бақылау деп қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен
процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама
бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тәсілі айтылады.
Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты-жөні, туған күні, айы,
жылы, ұлты, ата-анасының ұлты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа
фактілер жазылады.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау - статистикалық зерттеудің екінші
сатысы болып есептеледі және ол қоғамдык құбылыстар мен процестердің
өзгерісін зерттеуде шешуші рөл атқарады. Оның негізгі мақсаты -
статистикалық бақылау нәтижесінде жиналған мәліметтердің қорытынды
көрсеткіштерін есептеу.
Бастапқы алынған мәліметтерді жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделі
және жауапты жұмыс болып саналады. Себебі қаншама бай, толық және қызықты
материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми
жүйеде өңделмесе, онда ол өзінін, мағынасын жоғалтады. Іс жүзінде
құнсызданады және одан нәтижелі талдау қорытындылары жасаланбайды.
Сондықтан, статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған мәліметтерді дұрыс
жинақтап, өңдеудің әлеуметтік-экономикалық маңызы өте жоғары.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау жай және күрделі деген екі түрге
бөлінеді. Жай жинақтау дегеніміз – жиналға материалдарды топқа бөлмей,
қорытынды көрсеткіштерін өңдеу. Бұл - жинақтаудың ең жеңіл түрі және ол
жиналған мәліметтердің көрсеткіштерін қосу арқылы есептеледі. Мысалы,
республикамыздағы студенттердің жалпы санын анықтау үшін барлық жоғары оқу
орындарындағы оқитын студенттердің санын есепке алып, қосамыз.
Күрделі жинақтау деп алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық
бірліктерін топқа бөлуді және әрбір топ сол жиынтықтардың жалпы мөлшерін
есептеп шығуын айтамыз. Мысалы, республикамыздағы студенттердің санын
мамандықтары бойынша анықтау керек болса, әрбір жоғары оқу орындарындағы
оқитын студенттерді мамандықтарына қарай қосу арқылы есептейміз және т.с.с.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау екі түрлі жолмен қарастырылады.
Ұйымдастырудың бірінші жолы - барлық мәліметтерді бір орталыққа жинап,
осында қорытынды көрсету. Мысалы баланың тууы “адамның өлуі, некелесу және
т.б. туралы есептеулерді алуға болады. Екінші жолы – көрсетілген мәліметтер
төменгі сатыдағы мекемелерде жинақталып қорытынды мәліметтер жоғарғы
сатыдағы мекемелерге ауыстырылады. Мысалы, аудандық, қалалық статистика
органдар аумақтарындағы кәсіпорыдар, ұжымдар, мекемелер және тағы басқа
ұйымдар бойынша бастапқы мәліметтерді жинақтайды, ал қорытынды
көрсеткіштері барлық статистика агенттігіне тапсырылады. Ал облыстық
органдары өздерінің әрбір аудан, қала бойынша мәліметтерінің қорытынды
көрсеткіштерін Ұлттық статистика агенттігіне тапсырады.
Сонымен, жалпы алғанда, статистикалық жинақтау деп, бақылау
нәтижесінде, жиналған бастапқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және
жиынтық бірліктерін өздеріне тен белгілері бойынша топқа бөліп, қорытынды
көрсеткіштерді есептеуді айтады. Демек, мәліметтерді жинақтау жұмыстары
көптеген аса күрделі есептеу тәсілдерін қолдануды талап етеді.
Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналған бастапқы мәліметтерді
қорытындылаудың негізгі тәсілі топтау әдісі болып табылады.
Статистикалық топтау әдісі деп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді
өздеріне тән белгілеріне, өзара ұқсастығына немесе аса маңызды
өзгешеліктеріне, түрлеріне, үлгілеріне (типтеріне) сәйкес бір-бірінен
ажыратуға болатын топтар мен ішкі топтарға бөлуді айтады. Мұнда зерттеліп
отырған қоғамдық құбылыстар мен процестер жиынтығы жекелеген белгілері
бойьшша біртекті топтарға бөлінеді. Олардың әрқайсысы статистикалық сандық
көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, топтау әдісі статистикалық
зерттеудің аса маңызды кезеңі болып саналады және ол сатылы жүргізіледі.
Топтау әдісінің алдына қойған өз мақсаты мен мәні бар. Оның басты
мақсаты - жиналған мәліметтерге талдау жасау үшін ретке келтіріп, ықшамдау,
өзгермелі белгілеріне қарай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz