Әдебиет танытқыш кітабы


Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Ахмет Байтұрсұнұлының «Әдебиет танытқыш еңбегінің құндылығы».
2. 1. «Әдебиет танытқыш» әдебиеттануының тұңғыш ғылыми еңбегі.
2. 2. Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыштағы» басты ойлары.
- «Әдебиет танытқыш »кітабы және фольклор.
Қорытынды.
Қолданған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов - Алаш қоғамы жетекшілерінің бірі болып, Қазақ елінің дербес мемлекеттігі үшін саяси күресте шыныққан тарихи тұлға. 1919 жылы Алаш басшылығының келісімімен Ахмет Байтұрсынов Қазақ революциялық комитетіне мүше болып тағайындалды, яғни, Қеңес өкіметі кезінде де жоғары лауазымды ресми қызметтер атқарды; Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби Комиссияның төрағасы, халық оқу ағарту комиссары, Бүкіл - одақтық орталық Атқару Комитетінің мүшесі; Қазақстан халық комиссариаты Академиялық орталығының жетекшісі; Алматы, Ташкент жоғары оқу орындарының профессоры болды.
Ахмет Байтұрсынов қай салада жұмыс істесе де, саяси, ғылыми, әдеби, ұстаздық болып, Қазақ елінің ұлттық мүдделерін қорғауды мақсат етті.
1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш » қазақ тіліндегі әдебиет теориясының, әдебиеттануынның тұңғыш ғылыми еңбегі екені даусыз. «Әдебиет танытқыш » деп атаудың өзінде үлкен мағына бар. Әдебиет - сөз өнері болса, оны халыққа түсіндіріп, оның көркемдік ерекшеліктеріне негізделген адамгершілік, кісілік, яғни, имани, рухани жаңалықтарын таныту әдебиетшілердің, зерттеушілердің ісі екенін А. Байтұрсынов осы екі сөзбен ғана түсіндіріп кетті.
Әдебиет деген не? Бұл сауалға бүгін дайын жауап бар ма? «Әдебиет танытқышта » бұл орайда көркем сөздің тектері мен түрлері «адамның жан қоштау керегінен шыққан » нәрселерге жатқызылады. «Нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады. Қазақша - асыл сөз, арабша - әдебиет, европаша - литература… Және оның басқа ғылымдардан айырмашылығын айта кетеді. «Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай әдемі ән - күй болсын, сөзбен сөйлеп, сүреттеп көрсетуге танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.
«Әдебиет танытқышта » белгілі әдебиет терминдерінің тек қазақша баламасы аталып берілген. Әр категория өзінің логикалық дамуы, қалыптасқан жүйесі бар түсінік ретінде айқындала түседі. Мысалы: «Баяндаманың зор мүшесі төртеу: бастамасы, ұсынбасы, баяндамасы, қорытындысы». Яғни, әр тұжырымның ішкі заңдылықтары ашылып, парадигма ретінде дәлелденеді.
Қара сөз бен дарынды сөздің айырмашылығын Ахмет Байтұрсынов нақтылап көрсетеді: «Қара сөз әдебиетте пікір, сүнде түрінде айтылады. Дарынды сөзде пікір сурет түрінде шығады, яғни сүлде үстіне оң, атар, жан, мінез, қылық беріліп, тұрмай тұлға, түс бітім, тері нәрсе болып шығады. Сондықтан да дарынды сөз көркем сөз деп аталып, қара сөздер жалаң сөз деп айтылады. Ғылым бұнымен шектелмей, осы екі түрлі сөзді қалай тануды, олрдың дұрыстығын қалай айқындауға болады деген сауалдарға жауап береді: «Қара сөздің сынында пікір дұрыстығы, істің растық жағы тексерілсе, көркем сөздің сынында пікір дұрыстылығының үстіне пікірге берілген сурет, сұлулық жағы да тексеріледі. Көркем сөзді әрі сүлде, әрі сурет-екі жағынан да тексеруге тиіс болғандықтан, оның сынында мынандай сұраулар боларға керек.
Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыштағы» басты ойлары:
- Әдебиеттің өз даму заңдылықтары бар екені және олар тікелей саясатқа, идеологияға байланысты емес екені жөніндегі тұжырымдар. Яғни, «сөз өнері» деген термин «халықтың ежелден келе жатқан әдебиеті» деген ұғымды білдіреді. Оның «аузша», «жазбаша» деп бөлудің өзі ойдан шығарылғаның екені айтылады. Әдебиеттің ресми жазба түрі бар деп бөліп-жару соңреализімнің ойлап шығарғаны боп шықты: бір әдебиетті жоғарлату үшін екіншісін төмендеу керек болды. А. Байтұрсынов былай дейді: «Ауыз шығарманы ауыз сөз» деп қана атап, жазба шығарманы «сыпайы әдебиет » деп танушылар бар. Бірақ қалай да асыл сөздің бәрі де тілдегі әдебиет есебіне жүріледі.
- Әдебиетті өз категориялары арқылы түсіндіруге шақырады, яғни, « пән сөздері» басты міндет атқаруын басып айтады. Сонда зерттеу мағынаны басып, зерттеушінің жалпылама көпсөздіктен бас тартуына әкеледі. Бұл қағида дәлелсіз мақтаулардан сақтандыратыны сөзсіз.
- Көркемдік әлемнің құдіреті тікелей жазушының ішкі рухани бостандығымен байланысты екенін айтып, осы орайда Абайдың, Мағжанның шығармаларын мысал ретінде келтірудің бүгінгі мәні керемет емес пе ? « Әдебиет танытқыштағы » біз бүгін ұмытқан діндар дәуірінің жанрларының атаулары: мінажат, намыс толғау деген түсініктердің өзі ой савлады. Бұлар бізге бүгін қажетті әдеби талдаулардың үлгісі емес пе?
- Зерттеушінің кітабына кең ауқымда ойлау қабілеті тән. Біздің қазақ Европа әдебиетінен үлгі алмай, әдебиетін өз бетімен жетілдіргенде, қазақ айтыс өлеңдері алаңға түсе - түсе барып, алаң алданышына айналып, айтыс - тартыс түрге түсетіні даусыз еді. Үлгіні өзге жұрттан алғандықтан, алаң әдебиет бізде төтеннен шығып қалды. Бүгінгі әдебиеттанудағы типология, әдебиеттердің қатынасы, сюжеттердің ұқсастығы деген мәселелер туралы « Әдебиет танытқышта» А. Байтұрсынов былай дейді: « Жер жүзіндегі жұрттардың түріндегі шығармалары бір - біріне көбінесе ұқсас келеді. Ондай ұқсас себебі: олар шыққан заманда халықтың бәрінің бір ананың қалында өскен балалар сияқты көргені, өнегесі, үлгісі бар болған ».
- А. Байтұрсыновтың пайымдауынша, көркемдік заңдылығы біреу ғана және ол барлық тілдегі әдебиеттерге ортақ. Демек, «адамның жан қоштау керегінен шыққан» әдебиет - « асыл сөз »
Сондықтан, «Сөздің асыл болашағын сырын білген адам сөзді сынай біледі». Өйткені: «Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен асыл болып шығады». Әдеби стиль, көркемдік шеберлік категорияларын ғалым осылай таныта түседі.
А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі негізінен алғанда қазақ әдебиеті қисынына арналғанымен, онда сонымен бірге қазақ фольклортану ғылымына қатысты материалдар мол қамтылумен де ерекшеленеді.
Ахаңның бұл еңбегі: «Арнау», « Көрнек өнерінің тараулары», «Сөз өнері», «Шығарма сөз», «Мазмұн түрлері», «Сөз өнерінің ғылымы», «Тіл қисыны», «Сөз тоғау», «Өлең шығару», «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі», «Қара сөз», «Дарынды сөз», «Жазу әдебиеті», мен «Ауыз әдебиеті» деп аталатын 15 тараудан тұрады.
Ғалымның фольклортанушылық еңбегі «Ауыз әдебиеті» тарауында неғұрлым көп сарапталынады десек те, басқа да тараулардағы мысал ретінде келтірілген фольклорлық үлгілер тағы басқа назардан тыс қалдырмау керектігіне назар аудартқымыз келеді. Кітаптағы ғалымның фольклористік қызметін біз екі бағытта қарастыруды жөн көрдік. Оның бірі - «Ауыз әдебиетінен» өзге 14 тарауды өз алдына жеке қарастыру болса, екіншісі - аталған зерттеушінің « ауыз әдебиетіне » қатысты көтерген күрделі де, түрлі ғылыми сараптауларының мәні; оның фольклор үлгілерін қолдану, оларды жүйелеу, жіктеу ерекшеліктерін дәйектеу.
Кітаптың «Аңдату» деген бөлімінің аталымының өзібайқатып тұрғандай, айналадағы қоршаған болмыс атаулыға оқырман назарын аударта, яғни аңдата отырып, соның бәрінің түп негізі табиғат екендігін дәлелдеу орын алған: « Біздің анық көріп, седіп, біліп тұрған айналамыздағы нәрселер бәрі не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, не адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе», - дей отырып, автор қоршаған ортаға адам әсерінің де нәрсенді болатынын көрсетеді. Демек, ғалым бүкіл ғылым атаулының қайнар көзі табиғатты тануда, оны өзгертуге арналған адамзаттың эстетикалық қызметіне тағы басқа тірелетінін діттейді.
Кітаптың екінші тарауында зерттеуші өнер атаулыны көрнек өнерінің өнер атаулыны көрнек өнерінің тараулары ретінде іштей беске бөледі: сәулет өнері, сымбат өнері, кескім өнері, әуез өнері, сөз өнері. Міне осы орайда: « Өнердің ең алды - сөз өнері деп саналады. « Өнер алды - қызыл тіл » деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан», - деп түйген пікірінен біз ғалымның мақалды - дайын дәлел, үгіт, мәтін көзі ретінде филологиялық тұрғыда, сөздің құдіретін, сырын өнер саласында сараптау құрамы үлгісінде танытуын көреміз.
Еңбектің үшінші тарауы тікелей сөз өнеріне арнала отырып, онда сөз өнері адам санасының көрінісі болып табылатын ақыл, қиял, көңіл ұғымдарымен байланыстырылады да, бәрі де тіл арқылы іске асатыны дәйектеледі, яғни тілдің адам ойын жеткізуде міндеті қиындығы, өздіндік қолданыс ерекшелігі әдісі, автор стилі тағы басқа сөз болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz