Оларға экономика және сауда Министрлігінің шағын кәсіпкерлікті қолдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы Елбасының Жарлығы
бүгінгі нарық кезеңінде келешек көкжиегіне жетелер үміт ұшқыны. Кәсіп тауып
еңбек еткендер ғана тығырықтан шығар соқпақты қай кезде де тапқан.
Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға
көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Оның экономиканы жандандырудағы,
адамдарды жұмыспен, жалақымен қамтамасыз етуде маңызы зор екендігін
әлемдегі көптеген елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Бізде де ол жайлы
бүгіндері аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Біраз нақты істер де
атқарылды.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда атқарылған істер, қол жеткен
табыстармен қатар, әлі де осы саланың дамуына кедергі жасап отырған, шешуі
табылмаған мәселелер де көп. Олардың негізгі екі себебі бар. Біріншісі-
қызмет бабы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікпен байланыс жасайтын
мемлекеттік қызметкерлер мен ұйымдар тарапынан тыйылмай отырған зорлық-
зомбылығы. Екіншісі-орталықтан қаржыландырудың және бір сауда айналымына
ғана емес, ұзағырақ мерзімге несие беру мүмкіндігінің жоқтығы. Сонымен
қатар шағын бизнеске бөгет болып отырған тағы да нақты-нақты мысалдар мен
фактілерді келтіруге болады. Мысалы, жергілікті бюджеттің мәселесі
кәсіпкерлерден алу есебінен шешіледі. Әр түрлі қорлар мен арнайы есеп
шоттарды толықтыру жергілікті мемлекеттік шенеуніктің еркіне қарамастан
олар кәсіпкерлік қызметке амалсыз араласып, бақылау мен тексеру жасауға
міндетті. Аудандық әкімшілік жанында бір реткі жарнасы 9 мыңнан 25 мыңға
дейінгі, ай сайынға жарнасы 3 мыңнан 8 мыңға дейінгі даму қоры құрылды.
Одан басқа әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларын қолдау
қоры, экология қоры, қоршаған ортаны қорғау қоры, табиғатты қорғау қоры,
бұған қоса құқық қорғау органдарының арнайы есеп шоттары тағы бар.
Лицензиямен барлық органдар шұғылданады және лицензия жасау қаралмаған
қызмет бойынша да жасалады. Мәселен, аудандық әкімшілік жанындағы біртұтас
тапсырыс қызметі бүгінге дейін вулканизацияны пайдалануға лицензия береді.
Кей жағдайда лицензия рұқсат берумен алмастырылады. Мысалы, сауда жасауға
рұқсат беру немесе кәсіпорын паспортын жасап беру.
Шағын кәсіпкерлікке жасалып отырған басқа да бөгеттер бар.
Кәсіпорындарды қайта құру, жөндеу, көркейту сияқты жұмыстарды бастаудан
бұрын қазіргі заңға байланысты толып жатқан келісімдер мен рұқсаттар қажет.
Ал олардың кейбіреуі тіпті шешілмейтін қиындыққа айналады. Мәселен, сәулет
жөніндегі заңның 28-бабы. Заң 1993 жылы қабылданды, ол кезде жерге
жекеменшік жөнінде мәселе жоқ еді. Жаңағы баптың 3-тармағында: объектілер
мен кешендерді салу, сондай-ақ оларды қайта құру, қалпына келтіру, жаңарту,
күрделі жөндеу мен көркейту осы баптың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген.
Құжаттарсыз жасалмайды және заңмен белгіленген тәртіп бойынша қудаланады
делінген. Ал әңгіме мекемені кәдімгі бояу, ағарту, терезесін, есігін
айырбастау жөнінде ғой. Сондай-ақ тұрғын үй қатынастары жөніндегі заңда да
қайшылықтар баршылық, оларға әркім өзінше түсінік береді.
Осы салада шешілмеген біраз мәселелерге тағы да тоқталып кетейік.
Мәселен, ауылды, шалғай жерлерде тексеру касса аппараттарын пайдалануды
талап етуді тоқтатқан жөн. Ол аппараты бұзылып қалған жағдайда 500 шақырым
облыс орталығына жөндеуге әкеліп көр! Және оның орташа құны 35-40 мың
теңге. Ал кейбір кәсіпкердің айлық тауар айналымы мұндай сомаға жетпейді.
Салық инспекторларының кәсіпкерге айыппұл (штраф) салуға кез келген ілікті
іздестіретіні де сөз болады. Мысалы, сатып алушыға әуелі артық ақшасын
(сдача) қайтарып беру керек пе, жоқ, чекті ұстату керек пе? Бұл еш жерде
жазылмаған. Ал сен артық ақшасын бұрын қайтарып берсең инспектор куәлігін
көрсетіп, әуелі чекті беруің керек еді деп тікіңдейді, айып салады...
Республикада бірнеше ірі қаржы-өнеркәсіп топтары құрылғаны және олардың
арасындағы мемлекеттік аппарат пен бюджетке ықпал ету құқығы үшін қатал
бәсекелік күрес жүруі мемлекет пен кәсіпкерлік арасындағы мүдделерді
келістіріп отыратын қалыпты тетік жасауға кедергі жасауда. Қазіргі кезде
шағын және орта кәсіпкерлік атқарушы билік органдарының әртүрлі тармағының
қысымында қалып отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің барлық категорияларының
табысы жеткілікті болмаған жағдайда бұл қысымды айналып өту мүмкін емес.
Бұған тек қана шағын және огрта бизнестің өкілдерінің өз мүддесін қорғау
үшін құрылған елеулі тобы қарсы тұра алады. Шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдаудың бүгінгі бейнесі ел президенті мен кәсіпкерлер арасындағы
түсіністік пен келісім жөніндегі өзара әңгіме ретінде болып отыр, ал
атқарушы билік органдары тарапынан шағын бизнестің дамуына деген ынталылық
жоқ. Осы айтылған мәселелер шағын және орта бизнес өкілдерінің және
тұрғындар капиталының көлеңкелі айналымға кетуіне ықпал етуде. Сондықтан
да ішкі инвистициялық саясатты жүзеге асыру мен осы капиталды жариялы
етудің тетігін жасау қажеттігі туындап отыр. Бұл саясат сыртқы
инвесторлардың капиталын біздің елге тартумен бірге өз капиталымызды өз
ішімізде ұстап қалуға, оның шетелге кетіп қалғанының қайтып келуіне және
оның жариялы болуына, шағын және орта бизнес ел экономикасын инвестициялау
көзіне айналуына жағдай тудыруы қажет. Ел ішінде елеулі қаржы жинаған
азаматтар пайда болды, олардың қаржысын өз экономикамызға бағыттауымыз
керек. Мәселен, Ұлттық банктің дерегі бойынша банктік депозиттік салымдарда
халықтың 27 миллиард теңгеден астам ақшасы бар, сонымен бірге 15 миллиард
теңгедей ақшаны тұрғындар өздерінде сақтап отыр. Егер тұрғындардың осы
жиналған ақшасының бір бөлігі инвестициялық бағыт алса, онда экономикаға
деген инвестиция көлемі өскен болар еді.
Көп айтылатын басты мәселе-бақылаушы, тексеруші органдар
қызметкерлерінің зорлық-зомбылығы, қысымы, олардың жемқорлығы жайлы болып
жүр. Олармен күресудің, елеулі тойтарыс берудің тетіктері әлі табыла қойған
жоқ. Бұл мәселеге Президент Н.Назарбаев та көңіл бөлуде.
Сондай-ақ БТИдеп аталатын техникалық хаттау бюросының қызмет
тәртібіне шағым көп айтылады. Осы БТИ-дің бағалаушысы екі шаруашылық
субъектілерінің жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу шарты бойынша
жүргізілетін қарым-қатынаста араласып, көбінесе өзінің аспаннан алғандай
бағасын қоя салатынын, кейіннен пара алған соң райынан қайтып екі жақты
да риза ететін бағасын қойып береді. Егер сен үйдің бірінші қабатынан дүкен
ашатын болсаң, онда сен осы подъезде тұратындардың барлығының ризашылығын
алуың қажет, ал олардың әрқайсысы өз талабын көлденең тартады-сен маған
пәтер сапып әпер, маған кілем әпер, тегін жөндеу жасап бер, менің шашымды
тегін алатын боласың... Барып тұрған тәртіпсіздік, мұндай жүгенсіздік
әлемнің бірде-бір елінде жоқ.
Сондықтан қысқа мерзім ішінде осы процестерді реттейтін заңды
нормативті құжаттарды тиісті тәртіпке келтіру, қазір кездесіп қалып жүрген
қайшылықтарды болдырмайтындай етіп Сәулет және қала құрылысы туралы Заң
мен Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы Заңның бірқатар ережелерін қайта
қарап, нақтыландыра түсу қажеттігі ешкімнің таласын тудырмаса керек.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
Шағын және орта бизнестегі салықтардың экономикалық мәні
Шағын және орта бизнесті несиелендіру тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
Астана қаласындағы «Баққон» кәсіпорны негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыру жағдайы
Ұсақ бизнес деген ұғым және оның маңызы
Жапония экономикалық саясаты
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі
Қазақстан мемлекетіндегі шағын және орта бизнестің дамуы және шешу жолдары
Пәндер