ӨСІМДІКТЕР АНТИБИОТИКТЕРІ


Мазмұны.
1. МИКРОСКОПТЫҢ САҢЫРАУКҰЛАҚТАР АНТИБИОТИКТЕРІ.
2. ӨСІМДІКТЕР АНТИБИОТИКТЕРІ.
3. ЖАНУАР АНТИБИОТИКТЕРІ.
4. МИКРОБТАР АНТИБИОТИКТЕРГЕ ҚАРСЫ ТҰРА АЛА МА?
МИКРОСКОПТЫҚ САҢЫРАУКҰЛАҚТАР АНТИБИОТИКТЕРІ
Микроскоптық саңырауқұлақтар класына жататын организмдердің де көпшілігі антибиотиктер түзетіні анықталып отыр. Оның көпшілігі халық шаруашылығында кеңінен қолданылып, тиімді деп танылды. Сонымен қатар саңырауқұлақтар түзетін антибиотиктердің біразы пайдалануға жарамай да қалды. Оның басты себебі, бұл антибиотиктердің организмге ететін улылық әсері болып отыр. Сондықтан біз микроскоптық саңырауқұлақтар түзетін, медицина мен ауыл шаруашылығына қажетті олардың маңызды топтарына ғана тоқталып өтпекпіз. Оларға: пенициллин, гризеофульвин, трихотицин және фумагиллин жатады.
1929 жылы ағылшын микробиологы Александр Флеминг Петри шынысындағы қоректік ортада өсіп тұрған шіріткіш стафилококктарға зең саңырауқұлағы - пенциллиумның жойқын әсер ететінін алғаш рет байқаға-нын атап өткен болатынбыз. Флемингтың тәжірибесінен едәуір бұрынырақ зең саңырауқүлағын іріңдеген жараға жабыстырғанда жараның бітіп, жазылатьшын адамдар ез тәжірибесінен де байқаған болатын. Орта Азияның көрнекті философы, табиғат зерттеуші және дәрігер Абу-Али Ибн-Сина (Авиценна) X ғасырда іріңдеген жараға осы зеңсаңырауқұлағын басса, жара жазылатынын атап көрсеткен болатын. Бүдан сон, орыс дәрігерлері Манассеин мен Полотебнев, одан соң Лебединский зең саңырауқұлағының аса пайдалы, шипалы екенін кезінде мәлімдеген болатын. 1940 жылы ағылшын ғалымдары Флори мен Чейн пенициллин антибиотигін таза күйінде бөліп алған болатын. Бүдан соң совет ғалымы 3. В. Ермольева 1942 жылы советтік таза пеницилинді алып, оны емдеу мекемелеріне жіберіп, ¥лы Отан соғысында зор еңбек сіңірді.
Пенициллин қазір медицинада кеңінен қолданылып отыр. Оның активтігі өте жоғары. Оның бір өлшемінде таза препараттың 0, 6 микрограмы кездеседі. Сонда бір миллиграм таза кристалл пенициллинде 1667 өлшем болады. Ал көптеген ауру қоздырғыш микробтардың тіршілігін тежеп, жою үшін пенициллиннің 0, 01-1, 0 өлшемі жеткілікті болатыны дәделденді.
Зең саңырауқүлағы тобына жататын Аспергиллус
фумигастустан фумагиллин антибиотигі алынды. Ол көбінесе қарапайым амебалар мен стафилококктарды зақымдайтын бактериофагтарға жойқын әсер етеді. Фумагиллин бал арасының және жібек қүрттарының бір қатар ішекқарын ауруларын қоздырушы микробтарға қарсы қолданылады.
Гризеофульвин құрамында оттегі бар гетероциклды қосылыстар қатарына жатады. Оны пенициллиум туы-сына жататын зең саңырауқұлақтары түзеді. Гризеофульвинді овощ және кейбір цитрус дақылдарының ауру қоздырғыштарына қарсы күресте қолданады. Оны малда кездесетін таз ауруларын емдеуге де қолданып жүр. Микроскоптық саңырақұлақтардан алынатын антибиотиктердің біріне трихотицин жатады. Оны Трихотециум розеум саңырауқүлағынан алады. Бүл антибиотиктің негізгі қасиеті - ол микроскоптық саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларды емдеуге қолданылатындығында. Оны кейде өсімдіктердегі саңырауқүлақтық аурулармен күресте қолданып жүр.
Өсімдік тектес антибиотиктерден айырмашылығы бар, антибиотиктерді қыналар да түзе алады. Мәселен, қыналар түзетін уснин қышқылының антибиотиктік қасиеті үлкен. 1948 жылы осы қышқылдың натрий тұзы - бинан кристалл күйінде алынды. Ол көбінесе шіріткіш бактерияларға жойқын әсер етеді. Оның дифтерия таяқшаларын қырып жібере алатын қасиеті бар. Уснин қышқылы капуста мен асбұршақтың бактериялы дерттерін қоздырушы микробтарға жойқын әсер ететіні анықталды.
ӨСІМДІКТЕР АНТИБИОТИКТЕРІ
Көптеген ғалымдар жоғары сатыдағы өсімдіктерді зерттегенде олардың кейбір микроорганизмдерді, әсіресе бактерияларды жоя алатын қасиетін атап көрсеткен болатын. Солардың бірі ғалым Б. П. Токин шыны қалпақтың астында мойылды өсіріп, қасына ішінде амебасы бар суды қойғанда, осы қарапайым организмнің 15-20 минуттан соң өліп кететінін мәлімдеді. Сонда мойылдың амебаны қыратын, ауаға тез тарайтын зат түзетін болғаны.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер түзетін биологиялық
активті заттарды Б. П. Токин фитонцидтер деп атады. Фитонцидтер өсімдіктердің біразынан табылды. Ең күшті фитонцидтер пияздан, сарымсақтан бөлінетіні анықталып отыр. Фитонцидтер бір ғана зат емес, күрделі қосылыс. Фитонцидтік қасиет бальзамда, түрлі қара майларда, илік заттарда және тағы басқаларында да кездеседі.
Кейбір есімдіктердің фитонцидтері едәуір қашықтықта өсіп тұрған өсімдіктерді немесе олардың тозаңдарын жойып жіберетіні, ал кейде бұған керісінше, олардың қолайлы әсер ететіні де дәлелденді. Дәл осындай қасиет орманды жерлердегі шырша, қайың, қарағай өсімдіктерінен байқалады. Қазіргі кезде жоғары сатыдағы өсімдіктердің түзетін бірқатар фитонцидтері, басқаша айтқанда антибиотиктері белгілі болды. Оларды химиялық жолмен таза күйінде алуға мүмкіндік туды. Бұлардың ішінен біз кейбіреулеріне ғана тоқталып өтеміз.
Сарымсақтан бөлінетін антибиотик - аллицин 1944 жылы алынды. Бүл өзі аса тұрақсыз, яғни белінсе де сақтағанда тез, бірнеше күн ішінде жойылып кетеді. Ал бүлінбеген сарымсақта ол бір жыл, одан да көбірек уа-қыт сақталады. Бүл антибиотик бірқатар бактерияларға, соның ішінде өкпе ауруы таяқшасына жойқын әсер ете алады. Мәселен, жоңышқанын, тұқымын аллицинмен емдегенде оның өсуі жақсарады, тамырындағы түйнектер саны арта түсті және оның түрлі ауруларға қарсы түра алатын қасиеті жақсарды.
Бактерияларға жойқын әсер ететіндіктең сарымсақ антибиотигін ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің біраз дерттеріне қарсы қолданады. Сарымсақ пен пияздың сығындысы қоймадағы картоп пен сарымсақтың ұзақ сақталуына көмектеседі. Бірақ аллицин ұзақ уақыт әсер еткенде организмге улылық қасиет көрсетеді. Сондықтан оны медицинада қолданбайды.
Өсімдік тектес антибиотиктерден кең тарала бастағандары иманин, кансантйн және аренарин. Иманин шайқурай шөбінен белініп алынды. Алғаш рет онымен жоңышқа тұқымы өңделді. Сонда бақылау вариантына қарағанда, иманинмен өңдеген жоңышқа көк шөпті 1, 5 есе көп берді және оның тамыры дертке шалдықпады. Ал помидор мен темекінің түқымын өңдегенде олардағы вирустық аурулар 50-75 процентке азайды.
Кансантин антибиотигі егістік сора шебінен бөлініп алынды. Оның көптеген бактерияларға жойқын қасиеті барлығы анықталды. Бүның картоптың рак ауруына қарсы егістік жағдайда қолданғанда өсімдіктердің шап-шаң көтеріліп, дақылдың өнімі артатыны байқалды.
Аренарин шөлде өсетін шайшөптен алынды. Бүл да помидордың бактериялық рак ауруына қарсы қолданылды. Түқымды аренаринмен өңдегенде өскін бақылау вариантындағы өсімдіктерге қарағанда алты күндей бұрын көрінді және осының нәтижесінде алғашқы помидорды бес күн бүрын жинауға мүмкіндік туды. Сонда помидордың өнімділігі 10-26 процентке артқаны байқалды. Сонымен аренарин өсімдік өсуін тек қолдаушы препарат қана емес, сонымен бірге оның дертке шипалық қасиеті бар. Аренаринмен тұқымды себерден 2-3 ай бұрын өңдегенде, оның пайдалы қасиеті жойылмайды.
Шомыр түқымының сулы сүзіндісінен рафанин антибиотигі алынды. Рафанин де бірқатар бактериялар тіршілігін тежей алады.
ЖАНУАР АНТИБИОТИКТЕРІ
Жануарлардан алынатын антибиотиктердің қасиеті өсімдіктерден алынатын антибиотиктерден өзгешелеу. Олардың антибиотиктік қасиеті болғанымен, микроорганизмдердің олардан қорғану қабілетін күшейте түседі. Бүндай антибиотиктердің біреуіне лизоцим жатады. Алғашында ғалымдар тауық жұмыртқасының ақшыл белогының бактерияларға әсер ететінін аңғарса, А. Флеминг адам мен жануарлар және өсімдіктер ткань-дерінен бөлінетін заттардың да осындай қасиеті барлығын мәлімдеді. Бұны ол лизоцим деп атады. Лизоцим тауық жұмыртқасының ақ белогынан, көкбауырдан, жүректен, бауырдан, өкпеден және кейбір өсімдіктердің шырынынан табылды. Лизоцим адам мен жануарлар организміне қауіпсіз антибиотик. Жануарлар организмінде лизоцим негізінен басқа зиянды микроорганизмдерден оны сақтап, қорғаныштық роль атқарады.
Организмдегі кейбір органдардың (үй қояны бауы-рынан, жатырдағы бала орнынан) тканьдерінен бактериялар тіршілігіне зиян келтіретін заттар бөлінді. Әсіресе, мұндай зат едәуір мөлшерде адам мен жануарлардың қанындағы эритроциттерде кездеседі. Оны эритрин деп атайды. Ол дифтерия таяқшасының тіршілігін тежей алады.
3. В. Ермольева 1950 жылы балықтан экмолин деген антибиотиктік қасиеті бар препарат алды. Экмолин дйзентерия, іш сүзегі таяқшасы, оба вибриондары, тұмау вирустарына зиянды әсер етеді. Оның пайдалы жағы - ол улы емес. Оны новокаинмен және пенициллинмен қосып қолданғанда науқастың организміне енгізілген пенициллиннің қуатын арттыра түсетіні анықталды.
Адам мен жануарлардың спермаларынан антибиотиктік қасиеті бар екі препарат бөлініп алынды. Олар: спермин мен спермидин - улылық қасиеті бар антибиотиктер. Сперминнің спермидинге қарағанда активтігі күшті. Ол микробактерияларға, стафилококктарға, антрадис бациллаларына күшті әсер етеді. Бірақ қан плазмасы бүл препараттардын, активтілігін тез төмендетіп жібереді. Өйткені онда осы препараттарды ыдырататын спермоксидаза деген арнаулы фермент бар.
Ғылымда насекомдардың да антибиотиктер түзетіні жайлы мәліметтер бар. Ертедегі дәрігерлік кеңестерде кейбір ауруларға шипа ретінде қүмырсқалардан бөлінетін шырынды қолдануға болатындығы жөнінде айты-лады. Қейінгі кезде осы мақсатпен ғылымда насекомдар-дың 51 түрі тексеріліп, олардың 25 түрінде микробтарға қарсы әсер ететін қасиет барлығы анықталды. Бүл белінетін заттың қасиеті құмырсқалардан бөлінетін қүмырсқа қышқылына байланысты. Мәселен, Аргентина қүмырсқаларынан көптеген бактерияларға жойқын әсер ететін антибиотиктік зат бөлініп алынды. Оны иридомирмецин деп атаған. Негізінен бұл Аргентина қүмырс-қасының латынша атынан алынған. Ал Австралия қүмырсқасы да осы тектес зат бөле алады. Оны изоиридомирмецин деп атайды. Алынған антибиотиктік заттардың артықшылығы олардың организмге улы еместігінде.
1946 жылы адамның Трипанозома Крузи деген қарапайым паразитінен ракқа қарсы күресте әжептәуір нәтиже беретін круцин антибиотигі алынды. Трипанозома Крузи Латин Америкасында адамдар арасында трипанозома ауруын қоздырады. Оны жергілікті жерде чагое ауруы деп те атайды. Круцин паразиттің клеткасында түзіледі. Ол, әсіресе эпителий айналасында дамыған рак клеткаларына әсер ете алады. Круцин улы емес, оны қазіргі кезде өнеркәсіптік жолмен алу әдісі игерілді.
Жануарлар тектес антибиотиктер қатарына организм клеткасында вирустар, кейбір бактериялар түрлерінің әсерінен түзелетін белокты зат - интерферон жатады. Оның қазіргі кезде бірнеше түрі бар. Интерферон алты күндік тауық жұмыртқасына белгілі бір вирустар түрімен әсер еткенде алынады. Басқаша айтқанда, интерферон алу үшін вирус клетка деген белгілі бір система жасалады. Интерферон вирустың өсуін тежейді. Сон-дықтан болса керек, сонғы кезде вирустық инфекцияларға қарсы шипалық препарат дайындау мәселесі ғалымдар назарын аударып отыр.
МИКРОБТАР АНТИБИОТИКТЕРГЕ ҚАРСЫ ТҰРА АЛА МА?
Микробтарға әсер етуіне қарай антибиотиктерді бактерицидтік және бактериостатикалық деп ажыратады. Бактерицидтік әсер еткенде қолданылған антибиотиктерден микроорганизмдер мүлдем қырылып қалады. Бүл әрине біз үшін аса пайдалы қасиет. Бүларға пенициллин, стрептомицин, неомицин, канамицин, ваксомицин және полимиксиндер жатады.
Ал бактериостатикалық әсер еткенде қолданылған антибиотиктен микроорганизмдер өлмейді, тек олардың өсуі мен дамуы ғана тежеледі. Егер антибиотикпен әсер ету тоқтатылсаақ болғаны, біраздан соң микроорганизм-дер тіршілігі қайтадан жанданады. Әрине, бактериостатикалық антибиотиктерді қолданғанда, ол организмнің қорғаныштық қабілетімен қосыла отырып, аурудың тез жазылуына қолайлы жағдай туғызады.
Организмдегі ауру қоздырғыш микробтардың жеке түрлеріне өзіндік әсер ететін антибиотиктерді тауып, қолданумен байланысты адам баласы инфекциялық ауруларды мүлде жеңіп шықты деп айтуға болмайды. Бұлай дейтін себебіміз, осы антибиотиктерді қолданғаннан бастап олардың жойқын күшіне төзімді микробтардың шыға бастағаны дәлел.
Антибиотиктерді алғаш рет қолдана бастағанда оларға төзімді микробтар тобы да көбейе түсті. Олардың 40-жылдардағы санына қарағанда қазір, мәселен, пенициллинге, стрептомицинге, хлорамфениколға төзімді стафилококктардың штаммалары 60-70 проценттен асып түсті. Бұл қүбылысты қалай түсіндіруге болады?
Микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімді болуы бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден табиғатта тіршілік ететін сан алуан микроорганизмдердің барлығына дерлік, мәселен, бір антибиотик жойқын әсер ете алмайды. Олардың ішінде осы антибиотикке қарсы тұра алатын топтары болуы әбден мүмкін. Ал антибиотикке қарсы тұра алатың оған төзімді микробтың жарым-жалғыз клеткасының өзі, тез арада ешбір кедергісіз көбейе алады. Ал бүл клетканың антибиотикке төзімді қабілеті үрпақтан-үрпаққа беріліп, жалғаса береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz