Қиын балалар қиғылығының қыры



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. 1 ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ. 5
1.1. Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар 5
1.2. Қиын балалар қиғылығының қыры 11
ІІ ТАРАУ. 15
2.1 Бала тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Жаман тәрбие - болашақтағы қайғымыз 19
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 22

КІРІСПЕ
Еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуын жеделдету кезінде адам факторы жаңа негізде қаралып, жаңа адамды қалыптастыру барысында әр бір жас өспірімнің субъективті талап-тілегінің, бейім - қабілетін және тіршілік өмір өрісін, белсенді саналы творчестволық қасиетін одан әрі дамыту кезек күттірмейтін мәселе. Жеке адамның әлеуметтік белсенділігі артқан сайын, оның терең мағыналы қоғамдық мәселелерді шеше білуге құлшына кірісіп, адамдармен ара қатынастары және имангершілікті - психологиялық байланыстырды күрделеніп, қоғамның саяси - экономикалық қарым -қатынастары жүйесінде әлеуметтік творчестволық деңгейі өсіп, мәні арта түспек.
Саналы және мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру - ең басты бүгінгі қоғамымыздың жоспарлы қағидасы. Себебі, өндірістік қарым - қатынастар, материалдық және рухани мәдениеттер, қоғамда жан-жақты қалыптасқан адамдарды дайындау, идеялық имангершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасу үстіндегі, эстетикалық талғам - сезімі кең дене күші мығым, белсенді өмірлік позициясы айқындалған жасөспірімдерді дамытып қалыптастыру зор міндет.
Кәзіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынды кәмілетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуында. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары, сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарларымен мінезделінеді.
Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап тілектерімен ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, екінші жағынан, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде нигилистік шиелініске апарады.
Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде тек ішіп жеуге, өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды еңжарлыққа өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ шарап темекі, анаша тарту және уақытты сұйық затты иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, жасөспірімдерге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау, сол себептен, өзінің күш-қуатын жеке басының мән-мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу-тәрбие мен еңбек процестеріне қатыстарынан байқалады. Себебі қиын балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиындықтарына кездесіп, оны жеңіп шығуға ішкі күй-жәйі жол таба алмай әлеуметтік - педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды. Содан қиын бала ешкімге қажеті жоқ деген сезімге беріліп кінәні үлкендерге теліп айналасымен жанжалдасуға, ұрыс төбелеске бейімделеді. Қанағаттанбаудың орын толтырудың жолы - бос уақытын мақсатсыз пайдалану, сандалып бос жүру, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормасын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Зерттеу жұмысының құндылығы, қиын балаларға қол ұшын беріп, ішкі жан-дүниесін түсіну, өмірге өз талпыныс-тілегіне өмірде өз орнын табуға, ынта-ықыласына, жалпы жеке-дара ерекшелігіне орай өмірде аз орнын табуға көмектесу. Қиын балалардың пайда болуы мен қылмыстық істер жасау себеп-салдары барлығына ортақ болып келуімен қатар, әр республиканың, аймақтың құрылымдағы халықтың тарихи-ұлттық дамуларының өзіндік ерекшеліктері, олардың тәртіптерінің нашарлауымен қылмыстық істерінің жоғалуына немесе төмендеуіне әсерін тигізеді.
Бала ұлттық болашағы, келешектің иесі, бір ұлттың күре тамыры. Ертеңгі күні ұлтты өсіретін де өшіретін де - жеткіншек ұрпақ. Ал бұл ұрпақты жеткізетін сіздер мен біздер, яғни өз халқымыздың болашағы тек қана өз қолымызда. Бүгінгі ұрпақтың денсаулығы, оның сапалы тәрбиесі, ұрпақ имандылығы - мемлекеттің өсіп өрбуінің, нығаюының, гүлденуінің кепілі.
Зерттеу мақсаты: Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайда қиын балаларды тәрбиелеу.
Зерттеу объектісі: Қиын оқушыларды - әлеуметтік - экономикалық тәрбиесін тұтас педагогикалық тұрғыдан қарастыру.
Ғылыми болжамы: Егер жалпы білім беретін орта мектептерде тәрбие жұмыстарын одан әрі жетілдіру, онда тәрбиесі қиын оқушыларды болдырмауды тәрбиенің мазмұны мен әдістерін қарастырып отыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Қиын, тәрбиесі қиын деген ұғымды анықтау.
2. Модель жасау.
3. Әлеуметтік - экономикалық жағдайда қиын балаларды тәрбиелеудің әдісі мен педагогикалық ұсыныс жасау.
Зерттеудің әдіснамалық теориялық негіздері: Диалектикалық ілімдерді басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Зерттеу әдістері: Қиын балалардың мәселелерімен шұғылданушылардың ғылыми еңбектерінде (В.А Сухомлинский, Л.С Славина, Г.П Медведев, Л.М Зюбин, Э.Г Констяшкин, Г.А Уманов, М.А Невский, З.И Шыныбекова, В.В Трифонов, Р.К Мәмбетова, Л.К Керімов, т.б) жарық көре бастады. Бұл ғылымдарының зерттеу жұмыстарының дәлелдеуінше, қиын оқушыларының пайда болуына үш фактор себепші болатыны анықталған.
1. Семья тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы тағы басқа жағдайлар себепші болған.
2. Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер, яғни жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін ынта-ықыласын, қызығушылығы талап тілегін ескермеу мүмкіндік берген.
3. Жұртшылықтың тәрбие процесіне толық көңіл аудармауынан, яғни оқушылардан тұратын микроаудандарында әртүрлі үйірме жұмыстары мен спорт секцияларына тиянақты, тартылмауы салдары да негізі болған.
Зерттеу ғылыми жаңалығы: Қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық жағдайда өмірдің талабына сай қиын балалардың тәрбиесін жаңаша қарастыру.
І ТАРАУ. ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ.

1.1. Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

Әдеби материалдардың қатарында мінез-құлық ерекшеліктері және жеке ерекшеліктер мен өзгешеліктер арасындағы байланыстар байқалады. Осындай ерекшеліктердің дұрыс құрылмауы және теріс жеке қасиеттің бар болуы мінез-құлықтағы қиындықтардың тууына әкеп соғады.
В.Г.Степанов, В.А.Крутецкий мінез-құлықтағы қиындық мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға (категория) бөледі.
Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез-құлқында, шамамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар - тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Мінез-құлықтың тәртіптілігі және тәртіпті емес белгілері бөлініп қарастырылады. Тәртіптілікті мынандай - қалыптасқан тәртіпті қатаң сақтау, берілген тапсырманы тез және нақты орындауға тырысу, өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық киіміндегі тазалық және жинақылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындайды. Тәртіпті емес мінез-құлықты осыған қарама-қарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтырап кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан т.б. байқалады.
Екінші қатарға жеке акцентуациясына және мінез-құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады. Мінез акцентуациясы - бұл жеке бітімдегі аса күшейген, мөлшердің ең ақырғы түрі. Сондықтан психогендік ықпалдарға жататын белгілі қатардың кейбір осалдығы білінеді. Олар психогендік бұзылудың (растройство) дамуы үшін сендірілген факторлардың (өткір жан күйзелісі реакциясы, жүйкенің ауруы (невроз), психопатиялық даму, реактивті жынданып ауру (психоз)), мінез-құлықтың патологиялық бұзылуына себепші болған жағдайлар және т.б. салдары болып табылады. Жеткіншек жастағы балаларға жүргізілген жеке құрылымдағы зерттеулер (Лучко А.Е., Леонгард К.) бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жеке ерекшеліктерін талдауы (разработка) үшін негізгі қызмет атқарады. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке қасиеттерінің жіктелуі (типология) Э.М.Александровскаяның (1985ж., 1987ж.) жұмыстарында талданды. Ғалым акцентуацияның 7 түрін (тип) қарастырады: үйлесімді (гармоничный), әлеуметті-болжамды (конформды), үстемді (доминирующий), әсерленгіш, қауып-қатерлі, интровертивті, инфальтивті.
Үйлесімді типтегі балалар барлық жеке қасиеттері қалыптасқандығымен сипатталады, олардың қиналыс және қауып-қатерлік сияқты психологиялық факторлары іс жүзінде қалыс қалады. Олар интеллектің жоғары деңгейіне болады, көпшіл, өзіне сенімді, орындалатын жұмысқа адал ниетпен кіріседі, өзінің мінез-құлқына ойдағыдай баға береді. Жеке құрылымындағы барлық тұрақтылықта үйлесімді типтегі балалардың ішінен жоғары деңгейдегі қозғыштық, моторлық белсенділігімен айқындалатын, ерекше топты бөлу керек.
Әлеуметті-болжалды (конформ) типіне жататын балалар үйлесімді тип сияқты жекеліктің тұрақты құрылысына ие болады, бірақ оларда жағдайға байланысты өте күшті тәуелділік, өзін қоршаған ортамен сәйкестендіруге тырысушылық, дұрыс мінез-құлық мөлшерін сақтап, іс-әрекет жасауға деген қажеттіліктері өзгешелендіреді. Бұлар ыждаһатты, адал, мектеп мотивациясының жоғары деңгейіне қожа болған балалар. Сынып ұжымындағы төменгі әлеуметтік жағдай (статус) олар үшін бейімделуді жоққа шығарушылықтың (дезадаптация) себебі болып құрылады. Әлеуметті--болжалды типіне жататын балаларда әлеуметті-педагогикалық қараусыз қалуға байланысты, сөздік (вербальді) интеллектісінің дамуы азап шегеді, олардың жанұя тәрбиесінің кемшілігін көріп отыратындықтан мәдени дамуы кідіріске ұшырайды.
Үстемді типіндегі балалардың айрықша ерекшелігі болып дербестік, тәулсіздік, өзін-өзі сендіруге деген тырысушылық табылады. Олар өздеріне өте сенімді тәуекел жасауға бейім тұрады және әлеуметтік батылдылыққа ие болады. Мұндай балалардың жоғары белсенділіктері өзін-өзі бақылауының төмендігіне сәйкес келеді, оларда мінез-құлықтың мөлшері және ережесін орындауға байланысты бейімделудің қиындығы туады. Бұл типтің 2 түрі (вариант) бар:
1) қарым-қатынсата белсенділігімен ерекшеленетің, топтағы басшылыққа бейімділігімен айрықшаланатын балалар;
2) интровертті келбет көрсететін, өзіндік маңыздылыққа және өздеріне қажет болып саналатын әрекет түріне басшылық позициясын қолдануға тырысатын балалар.
Әсерленгіш типтегі балалар жасқаншақ және ұялшақ,бірақта оларда бұрыннан араласып жүрген балаларымен тұрақты достық байланыстары орнайды. Негізгі қасиеттеріне жоғары әсерленгіштік, аяушылық жатады, оар қоршаған ортадағы болатын түрлі көкөністерге қатты әсерленеді. Бұл типтегі балалар үшін қарым-қатынаста эмоционалдық жылылықтың болмауы, өрескелдік, өздеріне маңызды болып саналатын сезімдері, ұғымдары, принциптеріне басқалалардың күлуі психотравмды жағдай болып табылады.
Қауып-қатерлі типті балаларға жоғары эмоционалдық тұрақсыздық, мазасыздану, қауып-қатерлік, төменгі стресстік-тұрақтылық тән. Бұлар әлбетте үлкен қозғыштығымен, жоғары жауапкершілігімен, адал ниеттілігімен, әлеуметтік мөлшерді (нормативті) жақсы түсінумен сәйкес келеді. Олар үнемі өз мінез-құлықтарына бақылау жасап отарады, жан-жағындағы адамдардың өзінің жасаған әрекеттеріне беретін бағасына қатты әсерленеді және олардың жағымды эмоционалды жағдайда аяқталуын қажетсінеді. Жанының зақымдануы (психотравмирующий) мектептегі сәтсіздіктерге, көпнесе қоршаған ортадағы адамдармен өзара қатынастарындағы қиындықтарға байланысты болып жатады.
Интровертивті типті оқушылардың ерекшеліктері болып танымдық ірекеттерге бағыттылығы табылады. Олардан жоғары деңгейдегіақыл-ойлылықты (интеллект) байқауға болады, бірақ бұлар тұйық, жаңасымы кем (малообщительный) балалар. Олар үшін бүреулермен байланысқа түсу (контакт) қиындық тудырады, ұжымдық түрдегі жұмыстар әсер етеді, сондықтан топқа үнемі жоғары әсерленгіштік, зорланушылық, әлеуметтік жасқаншықтық, өзіне сенімсіздікті көрсетеді. Бұл типті 2 шағын топқа бөлуге болады:
1) енжар балалар, олар үшін ынтасыздық, алаңғасарлық, қоршаған адамдардан аулақтануға жағдай жасау тән;
2) белсенді балалар, олар үшін жоғары әсерленгіштік, аффектілік, кейде мінез-құлықтың агресивтік түрі тән.
Инфантилді (дене мүшелердің жетілмеуі) типтегі балалардан эмоционалды-еріктік сфералары жетілмегендік, өзіндік шешім қабылдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді. Балалар өзіне деген сынаушылықпен сипатталады, ал басқа жақтан - қоршаған әлеуметке жоғары талап қоюшылық, өзін күту, жоғары психикалық зорлануды талап ететін жағдайларда тез шаршайтындығын көруге болады.
Жеке-даралықты қалыптастырушы тип мінез-құлықтың реакциясына, одан әрі тым тұрақты мінез-құлыққа себепші болатыны анықталынған.
Баланың қалыпты бейімделуіне бөгет болатын жеке-даралық ерекшеліктер әр түрлі және әлеуметтік мінез-құлықтың түрін (модус) анықтайтын интегративті білім өмір сүреді. Мұндай білімнің қатарынан өзіндік бағалау және талаптану деңгейі де орын алады. Бұлардың өз дәрежесіне тең болмай, артып кетуінде балалар ештеңеге қарамай басшы болуға талпынады, әр түрлі қиындықтарды мойындамайды және агрессивті түрде сезінеді, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығады, өзінің шамасыздығын білдіруі мүмкін әрекетті орындаудан бас тартады. Мұндай көрсеткіштің негізінде талаптану мен өзіне сенбеушіліктің арасындағы ішкі дау-жанжал (конфликт) жатыр (Божович Л.И., Неймарк М.С., Славина Л.С.). Әсіресе көп жағдайда мұндай қайғырулар бала үшін үлкен мағына беретін аймақта, оның талаптануы қанағаттырылмағанда туады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ереже сияқты - бұл жақсы оқуға талаптану, ұжымда белгілі бір орынды иелену және қоршаған орта адамдармен айқын өзара қатынас орнату боп табылады.
Қанағаттандырылмаған талаптану теріс аффектілі қайғыруды тек, осы талаптанумен және баланың мынадай қабілеттілігімен, сондағы оның қанағаттануын қамтамасыз ету жағдайы (бара-бар емес аффект) арасындағы қайшылық туғанда ғана шақырады. Өзінің талаптануын қанағаттандыру шын мәнінде мүмкін болмаған жағдайда баланы ол әрдайым табысқа жетпеуімен қақтығыстырады. Осыдан барып баланың өзіндегі табысқа жетпеу барабар емес реакциясы туады: ол табысқа жетпеудің тура шындығын жоққа шығарады немесе оны сәйкес келмейтін болмыс себептерімен түсіндіреді. Баладағы барабар емес реакциясы өз ретінде қоршаған адамдардың жауап беру әрекеттерін шақырады, ол баланың эффектілі қайғыруын одан сайын күшейте түседі. Осыны сезіп, бала өзінің табысқа жетпеуінің жолын тапқандай болып ақталады, бұл табысқа жетпеуінің себебін өзінен емес, қоршаған адамдардан, кездейсоқ жағдайлардан т.б. көреді.
Біршама қиын мәселелер өзіндік бағасы төмен балалардан да туады: олардың мінез-құлықтары батылсыздығымен, өзіндегі күшке өте сенімсіз қарауымен, біреуге бағыныштылық сезімін қалыптастырумен, ынтасының (инициатива) дамуын және өз бетінше пікір айту мен әрекет жасауды тежеп тастауымен ерекшеленеді.
Балалардың мінез-құлықтарының ауытқуына әр түрлі факторлар себепші болуы мүмкін.
Мінез-құлықтағы қиындықтың бір себебі болып бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуының бұзылуы табылады. М.С.Выготскидің ақаулықтың (дефект) жүйелік құрылысы жөніндегі ой желісі бойынша, негізгі жетіспеушілік үнемі баланың мінез-құлқында, оның әлеуметтік позициясының төмендеуі сияқты іске асады.
А.С.Спиваковская, А.И.Захаров, Р.В.Овчаровалар былай деп белгілейді: Орталық жүйке жүйесіндегі негізгі кемшіліктің дөрекі емес түрінде әлеуметтік факторлар үлкен орын алады: ата-аналардың және балалар қарым-қатынастың тұрқы, жанұядағы тәрбиенің түрі (стиль).
Жанұяның сәтсіз болуы мінез-құлықтағы қиындықтың тууына себепші болып жатады. Жанұядағы ырың-жырың - бала тәрбиесіндегі өзара келіспеушілік, орынсыз кикілжің, маскүнемдік, мінез сәйкессіздігі. Осындай қолайсыз жағдайлар, яғни жанұялық ахуалдың бұзылуы бала тәрбиесіне өте зиянды әсер етеді және де үлкен психикалық дискомфоттыққа алып келеді.
Мінез-құлықтағы және бала дамуындағы әр түрлі ауытқушылықтың пайда болуының жоғары қауіп-қатерлі факторы болып церебральді-органикалық кешшілік табылады, бұл баланың бас миына негативті биологиялық әсер ету нәтижесінде, әсіресе онтогенездің ерте шағында қалыптасады (патологиялық жүктілік, туған кездегі зақымдану, асфикасия, шала туғандылық, нейроинфекциялық және т.б.). Генезде психикалық дамудың бұзылуының негізгі орнын маскүнемдік алады, әсіресе баланың ақыл-ой сферасына және қасиеттерінің қалыптасуына, сондай-ақ әлеуметтік мінезіне т.б. биологиялық және бір мезетте әлеуметтік - қарсы ықпал көрсететін аналар маскүнемдігі кең орын алады.
Бала көп жағдайларда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімінің, дағдысының, ақылының қалыс қалуынан, мінез-құлықтың негативті таптауырын (стереотип) қалыптасуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ықпалынан, соның нәтижесінде әлеуметті-психологиялық дезадаптациясының дамуынан т.б. көрінеді. Әсіресе, бұл факторлар мен себептердің ішінен негізгі орынды балалардың әлеуметті-психологиялық қараусыз қалуы алады, бұған балаға деген мұғалімнің және ата-аналардың немқұрайдылығының өршуі, құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарының дұрыс болмауы т.б. жатады.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың мінез-құлығындағы қиындықтарының ерекшеліктері туралы жалпы айтсақ, төмендегідей белгілеуге болады: өмірлік позициялық мінездемесінде адамдарға деген сыйламаушылық, селқостық қатынастар сақталады және өзінің жасаған теріс қылығына күйіну, өзімшілдік (эгоизм), немқұрайдылық, өзіне сын көзбен қарамау, жоғарғы өзіндік бағалау (самооценка) және күшіне күмән келтіру; үлкен болуға талпыну және кейбір қызығушылықтарындағы балалық, көптеген іс-қылықтарындағы бетпақтық (наглость), сынып ұжымындағы (мектеп) құрбыларымен қатынасындағы мейрімсіздік, қаттылық және формальды емес топтарға жағымпаздану т.б. байқалады.
Мінез-құлығында бар оқушалардың басым көпшілігі үшін рухани қажеттіліктері мен қызығушылықтарының кедейлігі, арынды талаптанудың басымдығы, оларды қанағаттандырудың адамгершілікке жат мінез-құлықтық (аморальное) тәсілдері тән.
Бұл балаларда танымдық және эстетикалық қызығушылықтар өте төмен деңгейде көрінеді. Мінез-құлқында қиындығы бар балалардың 25 пайызынан астамы сабақты нашар оқиды, оларда сабаққа деген қызығушылық жоқ және білімнің өмірде алатын орнына мән беріп қарамайды, борыш сезімі дамымаған, мотивациялық сферасы қиналады, жалқаулығы басқарады.
Мінез-құлқында ауытқуы бар бастауыш мектеп жасындағы оқушылар үшін танымдық қабілеттіліктерінің дамуының қалыс қалғандығы тән. Зейіні тұрақсыз, тез әлсірейді, есі машықтанбаған өте әлсіз, бірақ қызығушылық туғызған хабарлар есінде мықтап сақталады. Қиялы не кедей, не фантазияны тоқтаусыз іздеуінен көрінеді. Ойлауы аз қозғалысты, жаңылысты, абстракция жасауда қабілетінің әлсіздігі байқалады. Сөйлеуі жақсы дамымаған, жаргондық сөздермен былғанған. Ерік-жігері таңдап алынуымен сипатталады: тәртіпсіздік жасаған кезде сирек кездесетін төзімділігін, қайсарлығын байқатады, ал жағымды әрекет жасағанда қажырсыздығын, жасықтығын көрсетеді. Қиын балалар көп жағдайда істелген іске дұрыс баға беріп жатса да, олар болашақ туралы тереңінен ойланбайды.
Эмоционалды сферасына келетін болсақ, мінез-құлқында қиындығы бар көптеген балалар үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды қозғыштық тән екенін көруге болады. Мінез-құлқында айтарлықтай ауытқуы бар балаларда тежелеуге деген қабілеттілігі, өзінің талаптану, тілек-ықыласы, сезіміне деген төзімділігі өте әлсіз дамыған, сондықтан ата-аналар, мұғалімдердің қоятын талаптарына көп ретте қарсы шығып, дау-жанжал тудырады.
Мінез-құлқында қиындығы бар балалардың арасында соматикалық және жүйке-психикалық ауруларымен қасірет шегетін, физикалық дамуында ауытқуы бар балалар да аз емес. Бұның себептері тумыстағы аномалиядан, сол сияқты бала өміріндегі дұрыс емес режимдерден, шылым шегуге, ішімдікке ерте бастан кірісуден, жанұя өмірінің сәтсіздігінен, тәрбиедегі қателіктен көрінеді. Олай болса, мінез-құлқында қиындығы бар бастауыш мектеп жасындағы балалардың жеке даралық ерекшеліктері өте әр түрлі, бірақ баланың әлеуметтік мінез түрін анықтайтын, интегративті жеке білімдер бар. Осындай білімнің қатарынан өзіндік бағалау мен талаптану деңгейі табылады. Мінез-құлықтың қиындығына себепші болатын негізгі факторлар айқындалды. Бұл ретте үлкен орынды әлеуметті биологиялық және психо-педагогикалық факторлар иеленеді.
Адам баласы жақсыны көрумен бірге, жамандық пен жақсылықты, адалдық пен арамдықты, ұнамды зат пен ұнамсыз нәрсені көріп, әртүрлі сезімді бастан кешіріп жүреді.
Әрбір жеке адамның іс-әрекеті мен қызметі және басқа адамдар мен қарым-қатынасы оның әлеуметтік өмірін құрайды. Сол себептен іс-әрекет пен қарым-қатынас тәрбие процесінің негізгі қоғамның мәні зор адамдық сапалығын қалыптасатын өзекті тірек.
Оқушылардың сапасы мінез-құлқы, сана-сезімдері, талап тілектері мен мұқтажының қалыптасуы мен даму мақсаты және бағыт-бағдар мен оларды қоршаған ортаның тікелей ықпал жасаумен қалыптасады.
Кейбір оқушының кейбір жағымсыз субъектілік жағдайға байланысты. Келісімсіз мінез-құлықтарда қалып ала бастауын зиянды әдет дағдыларды қылықтарды тежеп жаңа адамдық алуға бағытын жұмысын педагогтер мен қиын балалардың бірге отырып атқарылуы тиіс.
Қайта тәрбиелеудің басты шаралары жалпы айтқанда қиын балаларды жан-жақты зерттеу, яғни оқу үлгерімдері тәрбие алған ортасы денсаулығына жүріс тұрыстары мен мінез-құлықтарын жүйелі тиянақты қадағалау және әр қилы мәселелер жайлы ақпараттар жинау.
1.2. Қиын балалар қиғылығының қыры

Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола бастады (Блонский П.П). Бастапқыда ғылым саласында емес күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерде нақты орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды аландадып отырған үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917ж., 1924ж.) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырды. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петрожитцкийдің теориясына сүйенді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен, сонымен қатар Ч.Ломбрододан да бір талай мағлұматтар алды.
А.С.Макаренконың қиын балалар мен жасөспірімдеге арналған еңбектері отандық педагогиканың алтын қорына енеді.
П.О.Ефруссий мінез-құлықтағы қиындық табиғаттын жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер: қозушылық, көңіл-күйдің аумалы-төкпелігімен, жұмысқа қабілеттіліктің нашарлауымен түсіндіруге әрекет жасады, сонымен бірге ол психологиялық себептерді физиологиямен ұштастырды. Оның зерттеуінің құндылығы мынада, ол кейбір жекелік ерекшеліктерді талдауға, соның ішінде оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру әдетін анықтауға көп себептігін тигізеді.
Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағдайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрамы түрінде зерттеп, әске асырған П.П.Болонский (1936ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты - қиын балалардың өмірін анықтау. П.П.Болонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға мұғалімнің қатынасы арқылы қиын оқушы терминін нақтылауды жөн көреді. Бұл балаларға былайша мінездеме берді: Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы мынандай, ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы - мынадай, онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы. Істі бүлдіруші оқушыларға толқынды мінездеме бере отырып П.П.Болонский өз жұмыстарында мектепті, сыныпты ұйымдастыруға баса көңіл бөледі. Болонскийдің пікірі бойынша қайта тәрбиелеудің нағыз тура жолы, тәртіп бұзушыларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп әкелу болып табылады.
Көп жылдық оқу мен бақылау негізінде И.А.Невский қиындықпен тәрбиеленетін баланың пайда болуын, балалармен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педагогикалық практика нәтижесінен деп түсіндірді. Ары қарай ол өз ойын былай көрсетеді: Бұл қыңыр құбылыспен күресу бағытының шешімі мұғалімнің тиімді әдістерді меңгеру қабілетіне қарай емес, сол әдістерде дұрыс қолданып, дұрыс игеруіне негізделеді. Ал бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылды.
Баланың психикасы көп факторлы, әлеуметтік өмір жағдайына, қоғам дамуына тәуелді екенін қарастырды.
Ғалымдардың бірқатары баланың дамуындағы кідіріске, қоғамға бейімделудің қиындығына себепші болып отырған қолайсыз әлеуметтік - биологиялық факторларды анықтады.
Балалар мен жасөспірімдердің ассоциялды мінез-құлық мәселесімен бірқатар қазақстандық педагог зерттеушілер жұмыс істеді. (Мысалы, В.В Баженов, Р.А Дебадиан, А.Жұмабаев, К.А Жүкенова, А.М Қарабаева, Л.К Керимов, В.П Кривошеев, Л.В Лысенко, И.Ф Назаров, В.А Парфено, В.А Трифонов, В.А Шевченко, Е.И Шнибекова, Г.А Уманов). Бұл зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық сияқты жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік - педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. Бастауыш мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің ассоциялды мінез-құлықтарын, спорт өзіндік және жеке жұмыстарды ұйымдастыру, мектепке деген ықпалды күшейту, отбасындағы белсенділікті арттыру, ұжымды әрекеттерге балаларды қатыстыру арқылы жеңудің әртүрлі жолдарын көрсетті.
В.В Трифонов зерттеулерінде қиын оқушы анықтамасы - бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзін үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін қаржылы педагогикалық еңбегін қажетсінетін оқушы. Бұл шексіз (интегральное) ұғым, ол жеке адамның өзгеру құбылысын жинақтаушы. Осы категориядағы балалардың жалпыадамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттері, әлеуметтік және биологиялық факторлардың ықпалымен қамтамасыз етіледі.
Біраз зерттеулер (М.А Алемаский, Л.М Зюбин, Д.В Колесов, В.Н Кудряцев, Г.М Минковский, И.Ф Мягков және т.б.) қиын балалардың басым көпшілігі бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, сондықтанда оқушылар ұжымынан тысқары шығып қалатын балалар, - деп атап көрсетті. Ұжымдағы жағымды поэзиядан қалыс қалу оларды теріс мінез-құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы-құрдастармен дұрыс қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді.
Қиын балалар, мінез-құлықтары қиындық ұғымынан басқа қиындық пен тәрбиелену ұғымы да кеңінен қолданылады.
Қиындықпен тәрбиелену термині тәрбиеленушінің педагогикалық әсерге қарсылығын және оны түсінгісі келмейтінін бейнелейді. Бұл қарсылықтың басты себебі - көп жағдайда жеке тұлғаның қалыпты дамудан қалыс қалуынан болады. Осыдан мінездегі жаман қылықтар туады.
Қиындықпен тәрбиелену - баланың теріс емес құлқы, дау-жанжал. Кейде бұл қайшылық табиғи түрде, тек бір-бірін түсінбеуден шығатын дау-жанжал екенін айтуға болады. Ал мұндай дау кейде онша қауыпті емес және ол қиындықсыз жойылуы мүмкін.
Қиындықпен тәрбиелену мәселесі Г.А Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттелген. Өзінің зерттеулерінде қиын бала ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызды. Қиын балаларға ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Г.А Фортунов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептерін түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналтатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың туу негізінде балаларда көбінесе мынандай мінез - бітістер: қозушылық, ұстамсыздық, кейде ақылға симайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік, т.б. пайда болады.
Қиын балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап, маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен оларға көрсетемін, - деп саналы түрде ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.
Ұзақ мерзімді дау-жанжал баланы қиын атандырып қана қоймайды, сонымен бірге оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиын балаларды педагогикалық-психологиялық қолдау
Ата ананың тұлғасын сипаттау
Баланы психологиялық қолдау
Қиын балалармен әлеуметтік жұмысты жаңарту мәселесі
Қиын балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен ерекшеліктері
Ұжымда балалардың оқшаулану себептерін анықтау мәселелері
Қиын балалармен әлеуметтік жұмыс жасау
Мұғалім мен оқушының тығыз қарым - қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері
Бастауыш мектеп оқушыларының геометриалық түсініктерін қалыптастыру жолдары
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті және оған қойылатын талаптар
Пәндер