Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1 Терроризм актісі (255-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2 Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.3 Адамды кепілге алу (261-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.4 Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.5 Заңсыз әскерилендірілген құралымды ұйымдастыру (267- бап) ... ... ... ... 14
2.6 Бандитизм (268-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.7 Ғимараттарға,құрылыстарға,қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (269-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.8 Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс
құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (287-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3. ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..21
3.1 Жаппай тәртіпсіздік (272-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.2 Бұзақылық (293-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
3.3 Тағылық (294-бап) ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының бірінші бабына сәйкес - Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - делінген.[1]
Жалпы, қоғамдық қауіпсіздік (ағыл.public safety) - Адамдардың мінез-құлқы немесе табиғаттың дүлей күші тудырған қоршаған орта үшін қауіпті, азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтіретін зиянды зардаптардың алдын алумен немесе жоюмен байланысты қатынастар.
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың құқықтық мемлекет орнатуға келтіретін залалы мол. Осылардың ішінде әсіресе ең қауіптісі террорлық іс-әрекет екені мәлім. Бұл әсіресе 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та болған террорлық әрекеттен соң айқындала бастады.
Сөйтіп,терроризм - ең қауіпті және қоғамның ең басты проблемасы ретінде адамзаттың 21 ғасырына енді. Яғни, соңғы кезде терроризм дами келе қоғамға қауіптілігі күшейіп, осының салдарынан көптеген елдерде және оның азаматтарына орасан түрде зиян келтіреді. Сонымен қоса саяси, экономикалық, имандылық немесе өнеге (мораль) саласында орасан зор шығындарға әкеліп соғады және көптеген адамдарға психикалық түрде әсер етеді. Ең бастысы ешқандай кінәсі жоқ жандардың құрбан болуы.
Қазіргі этапта терроризмнің жан-жақтылығы дамып, ол өте кең өріс алып отыр. Яғни, соңғы кездері терроризмнің салдары ұлтаралық, мемлекет аралық конфликтіге әкеліп соғуда. Соңғы жылдары террористік қылмыстың географиялық жағдайы өсіп, яғни оның жасалу айқыны ұлғайып және сипаттамасы күннен-күнге күрделеніп барады. Терроризмнің саны күрт өсуде және оның жасалу формасының әркелкілігі, объектісі мен мақсаттарының әркелкілігі онымен күресуге қиындық соқтырып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың түсінігін, мақсатын, негізгі түрлері мен мақсаттарын қарастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі Ең басты өзекті мәселе ретінде бұл қылмыстардан ешқандай мемлекеттің сақтандырылмауында болып отыр. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстарға арналған осы курстық жұмыста аса назар аударарлық террорлық әрекет болып отыр. Сол себепті менің тақырыбым өзінің өзектілігін байқатады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе жұмыстың кіріспесі болып табылады да зерттеудің мақсатын, қажеттілігін, көтеріліп отырған тақырыптың қажеттілігі мен тәжірибелік мәнін көрсетеді. Негізгі бөлім зерттеудің нәтижесін береді де, екі тараудан тұрады. Қорытындыда жұмыстың негізгі нәтижелері жинақталған. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі берілген.

1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Қылмыстық кодекстің бұл тарауында екі түрлі топқа жататын қылмыстардың түрі көрсетілген. Оның біріншісі қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздік деп -- адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану, қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды тиісінше және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастарының жиынтығы болып табылады. Бұл қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздіктің жекелеген салалары (адам өмірінің және онын қызметінің қауіпсіздік шарттары; ерекше қауіп көзі болып табылатын заттарды пайдалану, өліммен аяқталатын зардап туғызуы мүмкін жұмыстарды жүргізу және т.б.) болып табылады. [2]
Осы топқа жататын кейбір қылмыстардың қосымша тікелей объектісі адамның өмірі, денсаулығы болуы мүмкін.
Объективтік жағынан алғанда қоғамдык қауіпсіздікке жататын қылмыстардың көпшілігі әрекет арқылы (ҚК-тің 255 және басқа баптары); ал қайсыбіреулері әрекет немесе әрекетсіздік күйде (мысалы ҚК-тің 277, 281-баптары) жүзеге асырылады. Кейбір қылмыс құрамының нормалары бланкеттік диспозицияға негізделген (ҚК-тің 277, 281, 287-баптары).
Көптеген қылмыстар құрам жағынан формальдық (ҚК-тің 255, 261, 268-баптары т.б.), ал қайсыбіреулері материалдық құрамға (ҚК-тің 276, 277-баптары) жатады.

2. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ЖАТАТЫН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НАҚТЫ ТҮРЛЕРІ

2.1 Терроризм актісі (255-бап)

Терроризм -- қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктіретін екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі -- терроризм -- мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі -- терроризмді жүзеге асыру арқылы, яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 255-бабы бойынша: "Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасау, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру", -- болып табылады. [3]
Қылмыстың тікелей объектісі -- қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстың қосымша тікелей объектісі болады.
Қылмыстық кодекстің 255-бабында көрсетілген қылмыс объективтік жағынан: 1) адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау; 2) аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталады. Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың қиратылуын, сондай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады.
Терроризмнің объективтік жағының ерекшелік белгісі -- осы баптың диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптарының нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жары - лыс жасау немесе өзге де әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да қылмыс аяқталған деп табылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып та - былады. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң -- қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен.
Қылмыстың субъектісі -- 14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 255-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:бірнеше рет; азаматтардың өмiрi мен денсаулығына нақты қауiп төндiруі мүмкін қаруды не қару ретiнде пайдаланылатын заттарды, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданып жасалған терроризм үшін жауаптылық көзделген. Бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі Қылмыстық кодекстің 12-бабының 1-тармағында берілген.Атыс қару-жарағының түсінігі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңында берілген.
Қылмыстық кодекстің 255-бабының 3-тармағында терроризмнің аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: жаппай қырып-жою қаруын, радиоактивтi материалдарды қолданумен немесе қолдану қатерін төндірумен және жаппай уландыруды, эпидемияны немесе эпизоотияны таратуды, сол сияқты адамдарды жаппай қырып-жоюға әкеп соғуы мүмкін өзге де әрекеттердi жасаумен немесе жасау қатерін төндірумен ұласса және абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер жатады. Жаппай қырып-жоятын қарудың, радиоактивті материалдардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 275, 283-баптарында берілген.
Өзге ауыр зардаптарға (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы құрылыстарды жою т.б. әрекеттер жатады. Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан терроризмнің субъективтік жағы кінәнің екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте кінәлінің істеген әрекеті -- қасақаналық, ал одан болатын зардапқа қатынасы абайсыздық болады. Егер кінәлінің әрекеті және одан туатын зардап -- адам өліміне деген қатынасы қасақаналықтан құрылатын болса, онда оның әрекеті қылмыстардың жиынтығы (ҚК-тің 99-бабы және 255-бап) бойынша сараланады.
Қылмыстық кодекстің 255-бабының 4-тармағында терроризмнің аса қауіпті түрі үшін жауаптылық көрсетілген: Қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалған, адам өмiрiне қол сұғу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, сондай-ақ мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған оның өмiрiне қол сұғу не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы темiржол составын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 255-бабының ескертуінде: "Терроризм актiсiн дайындауға қатысатын адам, егер ол мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертуiмен немесе өзге тәсiлмен терроризм актiсiн болғызбауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады", -- делінген.
Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдесуге адамның өзінің жарылысты, өртті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.
Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде. өзге қылмыс құрамы (мысалы, қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды ұрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

2.2 Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар

Соңғы 2001-жылғы 11-қыркүйектегі жағдай мен 2002 жылдың 23-қазанында болған Мәскеудегі жағдайдан кейін террористер үшін ешқандай державаның күші болмайтын болды. Себебі, осы аталған екі, яғни Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттары дүние жүзіндегі ең мықты державалар саналады. Ал, террористер үшін Ресей мен Америка Құрама Штаттары сияқты держава ма жоқ әлде Шри-Ланка мен Филиппин сияқты дамушы елдер ме бәрі бірдей сияқты. Өйткені, олар қандай мемлекет болмасын бәрібір өз мақсаттарына жететінін дәлелдеп отыр. Сондықтан, дүние жүзінің қай елі болмасын, мейлі ол дамушы ел ме, жоқ әлде дамыған капиталистік ел ме, жоқ әлде дүние жүзіндегі ең ірі держава ма бәрібір терроризм қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Ол дегеніміз барлық дүние жүзінің 230-дан астам елі үшін кез-келген уақытта терроризм қаупі төніп тұр деп айтуға болады. [4]
Өзіміз Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан Қазақстандағы терроризм қаупі төніп тұр ма деген көкейтесті сұрақ барлық Қазақстан Республикасының азаматын толғандырса керек. Сондықтан, осы қазіргі таңда басты сұрақты өз ойымызша жауап беріп көрейік. Осы жұмыста бірнеше Қазақстанның көрнекті саясаткерлері мен ғалымдарының осы көкейтесті сұраққа берген ой-пікірлерін қысқаша беріп өтейік.
Тарих ғылымының докторы, подполковник, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің АЮИ кафедрасының бастығы Азимбай Ғали мырзаның айтуы бойынша-терроризм қаупі дүние жүзінің кез-келген елінде бар екенін және оның негізгі себептері ретінде-діни, этикалық, әлеуметтік және психологиялық радикализм қалыптасуында деп тұжырымдайды. Ал, Қазақстанға келетін болса Азимбай Ғали мырзаның айтуы бойынша 1991-1995 жылдары Қазақстанда әлеуметтік және этикалық радикализмді терроризм қаупі болған деседі. Бірақ оның болмауына басты себеп сол жылдары 1,5 млн орыс тілді халықтың эмиграциялануы. Яғни Қазақстанда этикалық қайшылықтардың пайда болуына жол берілмеді. Бірақ, соңғы кездері Орта Азияда қалыптасып келе жатқан талибо-ваххобизмнің яғни мұсылман фундаментализімінің өріс алуы Қазақстандықтарды қатты толғандырып отыр. Тіпті кейбір Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде орналасқан мұсылман ұйымдарының басшыларының өзін Бұқаралық Ақпарат Құралдары тарапынан да, құқық қорғау органдарының тарапынан да, әкімшілік қысымға алды. Бірақ, соның өзінде Азимбай Ғали мырзаның айтуы бойынша талибо-ваххобистік қозғалыстың Қазақстанның саяси құрылымы мен қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ дейді. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан территориясында терроризмнің пайда болуына негіз болатын радикалді әлеуметтік, саяси яғни оппозициялық, конфессиалды этникалық қозғалыстың жоқтығын тиек етеді.
Саяси зерттеу орталығының директоры, Қазақстан даму институтының вице-президенті Абен Ерлан Мүбәрәкұлының айтуы бойынша-Қазақстанда терроризм проблемасы актуалды мәселе емес және оны мынадай негіздермен дәлелдеп отыр:
саяси режимнің либеральділігі;
көрші мемлекеттермен салыстарғанда, мысалы Өзбекстан мен күнделікті өмір салтының, саяси мәдениеттің демократиялық дәрежесінің жоғарылығы;
саяси шешімнің қабылдануының өте жоғары деңгейде болуы ;
саяси элитаның бірлігі, ынтымақтастығы:
позиция-оппозициясының тең дәрежелігі;
Қазақстан қоғамының діни толеранттығы;
Абен Ерлан мырзаның айтуы бойынша-қазіргі кездегі терроризмнің сепаратистік, діни көзқараста болғанымен, жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін терроризмнің жоғарыда аталған түрлерінен көбіне орын алатындығы.
Қорытындылай келгенде, Абен Ерлан мырзаның пікірінше-жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін құқықтық мемлекеттің саясатын одан әрі жалғастыра беру керек дейді. Сонда ғана терроризмнің пайда болу қаупін жоюға болады және сол кезде барып біз терроризмнің болған салдарымен күресіп жатпаймыз.
Философия ғылымының докторы, профессор, Аль-Фараби атындағы ҚАЗҰУ политология кафедрасының меңгерушісі Байдильдинов Лаик Амирович мырзының айтуынша-терроризм қоғамдық өмірдегі ең қауіпті элемент болып отыр. Экономиканың дамуы, күнделікті өмірдегі демократияның өркендеуі, адамдардың адамгершілік тұрғыдағы көзқарасының өзгеруі көптеген пайда болған қайшылықтарды келісімді жолмен шешуге мүмкіндік болғанымен, әлі уақытқа дейін терроризм адамдардың күнделікті өмірінен кетпей отыр. Терроризм-кінәсіз жандардың қырылуына әкеліп соғатын өте қауіпті масштабта болып отыр.
Лаик Амировичтің тұжырымдауынша-терроризмге көбінесе белгілі бір мәселені тыныш, келісімді жолмен шеше алмайтындар барады деп ойлайды. Оларды адамгершілік қасиеттен шыққандар және олардың іс-әрекеттері адамгершілік қағидасынан шығып, жан ақиқатын, яғни адам өмірін аяққа таптау дейді. Бірақ, солай десе де көбіне ондай адамдар белгілі бір мақсатқа жете алмағандықтан көпшіліктің көңілін өзіне аудару үшін жасайтын әрекеттер көрінеді. Бірақ мұндай әрекеттің салдары қарсы акциясының болуымен ұштасып жатады. Әсіресе, қарсы акцияның болуы соңғы кезде өте жиі кездесіп жүр. Америка Құрама Штаттарының Иракқа қарсы әрекеті немесе НАТО-ның Югославияға қарсы әрекетін еске алсақ жеткілікті. Тарихта болған екі Дүние жүзілік соғыстың өзі де фашизм мемлекетінің мемлекеттік терроризіміне қарсы бағытталған акцияның салдарынан басталғанын естен шығармаған жөн.
Саяси зерттеу орталығының Қазақстан даму институтының ғылыми қызметкері Карин Ерлан Тынымбайұлының ойы бойынша терроризм қаупі ешқандай мемлекетті айналып өтпейді, ал соның ішінде Қазақстанды да. Егер терроризмді саяси тәртіптің ең соңғы формасы деп тапсақ, онда оның пайда болуы негізінен жабық түрде болып келеді. Бұл дегеніміз байланыс линияларының жоқтығы, яғни құқық қорғау органдарының бұл жөнінде хабарсыз болуында деп түсіндіреді.
Карин Ерлан мырзаның түсінігі бойынша-Қазақстанда саяси экстремизм мен терроризмнің қаупі негізінен көбірек болып отыр. Өйткені, республикалық саяси құрылымы әлі күнге дейін толығымен жұмыс атқара алмай отыр. Әртүрлі экстремистік топтарға біздің еліміздегі көппартиялықтың жоқтығы, Бұқаралық Ақапарат Құралдары және басқа да каналдардың тәуелсіздігінің жоқтығы жақсы жағдай туғызып отыр деп ойлайды.
Қазақстан Республикасы ҰҚК институтының әлеуметтік-саяси тәртіптік кафедрасының доценті Байсалбаева Жанна Аубакировнаның тұжырымдауынша-ешқандай мемлекет, тіпті ол ел күшті мемлекет болсын терроризм қаупінен сақтандырылмаған. Бұл қылмыспен тек полицияның қанаушылық, тәртіптік әрекетімен ғана күресуге болмайды, сонымен қатар ескерту, алдын алу жұмыстары және тиісті құқықтық база қажет деп ойлайды.
Қазақстанда террористік және экстремистік қозғалыстың пайда болуына толық жағдай болып отыр. Олар: әлеуметтік-экономикалық, ұлттық, идеологоиялық және психологиялық көзқарастар деп ойлайды. Елімізде болған экономикалық кризистің салдарынан адамның күнделікті өмір сүру жайларының күрт түсіп кетуі, жұмыссыздықтың көбеюі, көпшіліктің бір-біріне деген қарым-қатынасының өзгеруі экстремистік қозғалыстың пайда болуына өзінің әсерін тигізіп отыр.
Сонымен қатар Ж.А. Байсалбаева ханым мұндай тығырықтан шығудың мынадай жолдарын ұсынып отыр:
Қазақстан Республикасы Президентіне "терроризммен күресу туралы заңның" талқылауын талап етуге. Бұл сұрақнама 1999 жылдың наурыз айында жүргізілгендіктен "терроризммен күресу туралы заң" әлі шықпағаны еді. Бәрімізге белгілі бұл заң 13.03.1999 жылы жарық көрді.
Құқық қорғау органдарында және тиісті ведомстваларда терроризммен күресуді шешу мақсатында Антитеррористік орталық координациясының қызметін құруды;
Террористердің идеясын жарнамалауға Бұқаралық Ақпарат Құралдарында соның ішінде телеканалдарда тыйым салуға;
"Саясат" журналының жауапты редакторы Қазақстан даму Институты саяси зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Сатпаев Досым Асылбековтың айтуынша-ол барлық жоғарыда өз пікірлерін айтып өткен саясаткерлер мен ғалымдарға қосылып терроризмге қарсы ешқандай мемлекетте имунитет жоқ деп бағалайды.
Оның айтуынша терроризм тек ғана бір мемлекеттің аумағында емес, бірнеше мемлекеттің аумағында болуы мүмкін дейді. Өзі мысал келтіргендей Жапонның "Қызыл Армиясы" немесе жұмыскерлер партиясы үшін ешқандай шекара деген түісінік жоқ дейді. Яғни, олар кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің террористік акциясын, мысалы тыныш мемлекеттер Швейцария немесе Финляндия елдерінде тек сен менің жауым сияқтысың деп тисе салуы мүмкін деп ойлайды.
Ал, Қазақстанға келсе бізде терроризм қаупінің сыртқы және ішкі факторларының арқасында болуы мүмкін деп тұжырымдайды. Сыртқы факторлар-ол біздің геополитикалық жағдайымыз болып отыр. Ол дегеніміз, мысалы Ресейдегі неофашистік немесе ұлттық топтардың өріс алуы біздің солтүстік облыстарымызғада қарулы топтардың пайда болуымен ұштастырады.
Террористік қауіптің қалыптасуына ықпал ететін ішкі факторлардың негізгілері:
Саяси жүйеміздің әлі уақытқа дейінгі толық көлемде қызмет атқармауы;
Әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты халықтың жағдайының төмендеуі;
Идеология кризис, яғни ол дегеніміз халықта әлі бір қалыпты идеология қалыптаспаған. Осы факторге аса көңіл бөлу қажет. Өйткені, осы қарбалас сәтті пайдаланып көптеген ұйымдар өзінің идеологиялық көзқарасын тарату арқылы халықтың сана-сезімін улайды. Соның салдарынан көптеген сеператистік топтар пайда болуы мүмкін және бұл топтар мемлекетіміздің саяси құрылымына көп кері әсерін тигізуі мүмкін. Біздің мақсатымыз-осылардың алдын алу болып табылады деп Досым мырза өз пікіріне нүкте қойды.

2.3 Адамды кепілге алу (261-бап)

Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда "Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы" халықаралық конвенция қабылдаған.
Қылмыстың тікелей объектісі -- кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады.
Кепілге алу -- кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады.
Кепілдік ретінде ұстау -- адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.
Адамды кепілге алу -- формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей касақаналықпен жасалады. Кінәлі адам адамды заң - сыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді.
Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі -- қылмыстың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол -- мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандайда бір іс-әрекет жасауға неме - се қандайда бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету бо - лып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түрінде жасалады. Кінәлінің мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады.
Әрекетсіздікті істеуді мәжбүр етулерге: қылмысты icтi тергеуді доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, әлеуметтік немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады.
Қылмыстың субъектісі 14-ке толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстық кодекстің 261-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып жасау яғни,жәбірленушінің денсаулығына қасакана жеңіл, орташа ауырлықтағы, ауыр зиян келтіру, ұрып-соғу, оларды суық немесе өте ыстық жайларда ұстау, ұзақ уақытқа қол-аяғын байлап, аузын тығындап тастау, т.б.;
4) қаруды (атылатын немесе суық) немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды (таяқ, балта, монтировка және т.б.) қолдана отырып жасау;
5) көрiнеу кәмелетке (18-ге) толмаған адамға қатысты;
6) кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрiнеу белгілі әйелге қатысты;
7) көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға(өте жас, кәрі, есалаң, ауру адамдарға) қатысты;
8) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
9) пайдакүнемдiк ниетпен немесе жалдау бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет
Қылмыстық кодекстің 261-бабынын 3-тармағында адамды кепілге алуды қылмыстық топ (қараңыз: ҚК-тің 31-бабының 3-тармағы) жасаған не абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға (жәбірленушінің немесе оның туыстарының ауыр науқасқа душар болуы, ауыр дене жарақатын алуы неме - се оларға едәуір мөлшердегі мүліктік залал келтірілсе және т.б.) әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 261-бабының ескертуінде: " Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе биліктiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады ", -- делінген. Осыған орай қылмыстық жауаптылықтан босатылудың шарттары: а) кепілге алынған адамды өз еркімен босату; б) өкіметтің талап етуі бойынша босату болып табылады. Кепілге алынған адамды өз еркімен босату деп кепілге алған адамның кепілге алынған адамды ұстап тұруға толық мүмкіндігі бола тұра, оны босатуын айтамыз. Өкіметтің талап етуі бойынша босатуда осылай жүзеге асырылады.
Кепілге алынған адамды амалсыздан босату өз еркімен босатуға жатпайды.Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның әрекетінде басқа қылмыс құрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру: адам өлтіруі, қару-жарақ, оқ, дәріні ұрлауы т.б.) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.

2.4 Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап)

Ұйымдасқан қылмыс жеке адам, қоғам, мемлекет үшін аса қауіп тудыратыны жалпыға мәлім. Осыған орай осы қылмыстың тікелей объектісі -- қоғамдық немесе мемлекеттік қауіпсіздік болып табылады. Өйткені ұйымдасқан қылмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың әртүрлі құрылымдарының бірқалыпты дұрыс қызмет атқаруына кедергі келтірумен бірге, олардың дұрыс қызметіне санқилы тосқауылдар жасап, нақты қауіп төндіреді. [5]
Объективтік жағынан Қылмыстық кодекстің 262-бабында көрсетілген қылмыс құрамы төмендегіше түрде сипатталады:
а) Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру (262-баптың 1-тармағы);
б) сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету; (262-баптың 1-тармағы);
в) ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу (262-баптың 2-тармағы);
г) жоғарыда көрсетілген әрекеттерді адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасауы (262-баптың 3-тармағы).
Ұйымдасқан қылмыстық топты құру, сондай-ақ оған басшылық ету -- бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын екіден кем емес адамдардың біріккен тұрақты тобын құру, құрылған топқа басшылық істеу әрекеттері жатады. Осы әрекеттерді істеген адам Қылмыстық кодекстің 262-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылады.
Қылмыстық ұйымды (қоғамдастықты) құруға осы ұйымға қатысушыларды тарту, оларға кіретін құрылымдық бөлімшелерді құру, қылмыстық топтардың ұйымдастырушыларын, басшыларын, өзге де өкілдерін белгілеу, олардың міндеттерін анықтау, ұйымдастырушылық нысандағы жоспарлар жасау болып табылады. Қылмыстық қоғамдастық ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау үшін немесе осындай қылмыстарды жүзеге асыру үшін жоспарлар мен шарттар әзірлеу мақсатында құрылады. Осындай мақсатты жүзеге асыру -- қылмыстық ұйымға немесе оған кіретін бөлімшелерді басқарушыға да тән болып табылады. Осыған орай онша ауыр емес, ауырлығы орта қылмыстарды істеу үшін қылмыстық ұйымды құру және оның немесе оған кіретін бөлімшелерге басшылық ету көрсетілген қылмыс құрамына (262-баптың 2-тармағы) жатпайды, мұндай әрекеттер ҚК-тің 262-бабының 1-тармақшасымен қамтылады.
Қылмыстық ұйым банда құрамына ұқсас, бірақ одан оқшау, өзіндік өзгешеліктері де бар.
Қылмыстық ұйым көп жағдайларда заң тыйым салған басқадай әрекеттер: наркотикалық нәрселерді өндіру, тасымалдау, тарату, жалған ақша жасау, жасырын түрде алко - голь ішімдіктерін, дәрі-дәрмек, улар, қару-жарақтар, жаппай зақымдау заттарын дайындау, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық сияқты іс-әрекетгерді істеумен байланысты болады. Ал банда болса азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында құрылады. Қылмыстық ұйымның міндеті әр уақытта шабуыл жасаумен байланысты емес. Банда мүшелері сияқты қылмыстық ұйымға кіретіндер де қаруланған болуы мүмкін. Бірақ қылмыстық ұйымдағы қару шабуыл жасау үшін емес, олардың өзін, оған кіретін бөлімшелерді басқа қылмыстық топтан, ұйымнан, қауымдастықтан қорғау үшін ғана қажет болады. Егер қылмыстық ұйым бандитизм құрамындағы қылмысты әрекеттерді істесе, онда іс-әрекетте Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабында (262, 268-баптар) көрсетілген қылмыстардың жиынтығы бар.
Қылмыстық ұйымды басқаруға оны немесе оған кіретін бөлімшелерді тікелей басқарып, жұмысын ұйымдастыру, олардың құжаттарын дайындау, қоғамдастыққа кіретін адамдардың, олардың бірлестіктерінің міндеттерін, рольдерін айқындау, оларға міндет жүктеу әрекеттері жатады.
Қылмыстық ұйымға қатысуға, осы ұйымның міндеттерін тікелей жүзеге асыру үшін қылмыстық әрекеттердің тікелей орындаушысы болу немесе қылмысты жүзеге асыру үшін көмекші міндеттерді атқару немесе қылмыстық ұйымды қажетті құжаттармен, басқа материалдармен жабдықтау әрекеттерін жүзеге асырушылықтар жатады. [6]
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады: кінәлі ұйымдасқан қылмыстық топ, ұйымды құрудың, оны басқарудың немесе оған қатысудың қоғамға қауіпті, заңға қайшы екенін сезеді, біледі, бірақ соған қарамастан оны құруды, оған басшылық етуді немесе оның қызметіне қатысуды тілейді.
Қылмыстық кодекстің 262-бабының 1, 2 -тармақтарында көрсетілген қылмыстардың субъектісі болып 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам, ал осы баптың 3-тармағында көрсетілген қылмыстың субъктісі болып -- арнаулы субъект (қылмыс - ты әрекеттерді істеуге өз лауазымдық жағдайын пайдаланған лауазым иелері немесе өкімет өкілдері) танылады.

2.5 Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру (267-бап)

Қылмыстық кодекстің 267-бабында: " Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құру, сол сияқты осындай құралымға басшылық еткені" үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады: а) әскерилендірілген құрама кұру және басшылық ету; б) Заңсыз әскерилендiрiлген құралымға қатысу
Әскерилендірілген құралым деп атылатын немесе суық қарумен қаруланған тұрақты, берік ұйымдасқан адамдардың тобын айтамыз.
Құралымды кұру деп оған адамдар тарту, оларды қаруды қолдануға үйрету, қару-жарақ жасау, оның немесе олардың қорын жасау әрекеттерін айтамыз. Заңсыз әскерилендірілген құралым - оның Қазақстан Республикасынын, заңына қайшы, оған негізделмей кұрылған құрамалар жатады. Әскерилендірілген құраманы басқаруға оған катысушылардың қызметін бөліп беру, әскери құрамалардың топтарының, олардың жекелеген мүшелерінің іс-әрекетіне, бұйрықтардың орындалуына бақылау жа - сау, қарулы қақтығыстарды жоспарлау әрекеттерін жүзеге асырулар жатады.
Қылмыс құрамы жағынан формальдық. Қылмыс заңсыз әскерилендірілген құралымды -- бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге топты құру әрекетін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектісі -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
Терроризммен күресудің қылмыстық құқықтық мәселелері
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Саяси экстремизм және терроризм идеологиясы
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстармен күрес
Ислам діні бейбітшілікті жақтайтын дін
Терроризм қылмысының қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Пәндер