Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

3-4
1.КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ
5
0.1. Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау
5-12
0.2. Тергеулік қарау және куәләндіру.

13-15
1. ТЕРГЕУЛІК ЭКСПЕРИМЕНТ
16
1.1. Тінту және алу.
16-17
1.2. Жауап алу және беттестіру.
18-20
1.3. Тану үшін ұсыну.

21-25
ҚОРЫТЫНДЫ

26-27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
28

КІРІСПЕ

Әрбiр қылмысты тергеу, қылмыстық iс жүргiзу заңы рәсiмделген дәлелдемелердi табу және жинауға бағытталған тергеу әрекеттерiн жоспарлы түрде жүргiзумен қамтамасыз етiледi. Осы бағытта криминалистикалық техника және тактикалық тәсiлдердi жедел iздестiру шараларымен ұштастыра отырып шеберлiкпен пайдалану, қылмыстарды тиiмдi түрде әшкерлеуде елеулi маңызы бар.
Қылмыстық iс жүргiзу заңының қағидалары және тергеулiк тактика тәсiлдерiнiң өзара қатынасы криминалистикалық тактиканың маңызды мәселелерiнiң бiрiне жатады. Қылмыстық iс жүргiзу заңы процесске қатысушылардың барлығына мiндеттi болып саналатын, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiн тағайындайды, ал криминалистика осы заң қағидаларын негiзге ала отырып, қылмысты тергеуде қолданылатын тактикалық нұсқауларды дайындайды.
ҚР ҚIЖК-нiң кейбiр баптары, тергеу әрекеттерiн жүргiзу ретiне қатысы бар тактикалық шешiмдi таңдау құқығын тергеушiге ұсынған. Осылайша, ҚР ҚIЖК-нiң 212 - бабында, "тергеушi қажеттi деп санаса, жауапты жауап берушi отырған жерде алуға оның құқығы бар" екендiгi көрсетiлген. Мұндай кезде айыпкерден жауап алу орнын тергеушi, iстiң мән-жайына байланысты пайда болған тактикалық көзқарастарына қарай анықтайды. Тергеушi айыпкерден жауапты қай жерде алса да, мұндай тергеу әрекетi ҚР ҚIЖК-нiң 212 - бабына сәйкес өткiзiледi. Айыпкерден жауап алу тергеушi бөлмесi не басқа жерде ме, одан жауап алудың процессуалдық тәртiбi өзгермейдi.
Тактикалық тәсiл нақтылы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында қолданылып, оның тәртiбi қылмыстық iс жүргiзу заңымен рәсiмделедi.
Жоспарлау, тергеушiнiң қылмысты тергеу қызметiндегi ұйымдық бастамасы болып саналады.
Жоспар және тергеулiк болжам тергеудiң дұрыс бағытын анықтайды, оны мақсаттылықпен қамсыздандырады және қылмыстың тез арада, толымды түрде әшкерленуiне жол бередi. Iстегi дәлелдемелерге терең және ойшыл талдау жүргiзу нәтижесiнде шығарылған болжам арқылы, тергеудiң дұрыс бағыты анықталады.
Жоспарлау мазмұнын анықтай отырып, тергеудi жоспарлау элементтерiне көңiл аудару қажет. Ондай элементтерге:
1. тергеулiк болжамдарды дайындау;
2. анықтауға жататын сұрақтар шеңберiн анықтау;
3. осы болжамдарды тексеруге бағытталған тергеу және жедел iздестiру шараларын таңдау;
4. осы әрекеттердi орындау ретi және оларға берiлетiн уақыт.
Криминалистикадағы тактикалық тәсiлдер заңға сәйкес дайындалады. Айыпкер, куә және басқа да iс жүргiзуге қатысушылардың заңды мүдделерi мен құқықтарын бұзуға бағытталған тергеу тәсiлдерi, заңдылық талаптары және шыңайылық қағидаларымен бiр қатарда тұра алмайды.
Қылмыстық iс жүргiзуде қорқыту, алдау, зорлық жасау және адамның намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын қимылдар орын алмау керек. Iс бойынша шыңайылыққа жету, тек заңдылық талаптарын бұлжытпай орындаған кезде ғана мүмкiн болады.
Қараудың тиiмдi нәтижесi көбiне оны тыңғылықты өткiзiп, ғылыми-техникалық құралдарды пайдалылықпен қолдануға байланысты. Қарауды жүргiзу және оның нәтижелерiн толтыру қылмыстық iс жүргiзу заңының талаптарына (ҚР ҚIЖК-нiң 222, 227, 203 - баптары) сәйкес iске асырылғанда ғана мағұлматтардың дәлелдемелiк маңызы болады.
Оқиғаға қатысы бар аула және бөлменiң сұлбасын сызуды үйрену қажеттi мәселелердiң бiрiне жатады.
Тергеу экспериментiне, көрсетулердi оқиға болған жерде тексеруге, тiнту және алуға, жауап алуға, тану үшiн ұсынуға, корреспонденцияға тыйым салуға, хабарларды ұстап қалуға, сөйлесулердi тыңдай отырып жазуға, сараптама өңдiрiсiне дайындық жасауға қатысы бар қағидаларға және оларды жүргiзудегi тактикалық тәсiлдерге ерекше назар аударылу керек.
Сараптамаларды тағайындау және жүргiзу тек криминалистикалық емес, сонымен бiрге басқа да кеңiнен тараған сот сараптамасы түрлерiнеде қатысы бар. Сот медицина, сот психиатрия және сот бухгалтериясы бағамдарында осындай сараптамаларды тағайындау және жүргiзу сұрақтары нақтырақ қарастырылса, криминалистика оқулықтарында көбiне криминалистикалық сараптамаларды тағайындау және жүргiзу мәселелерi қозғалған.
Нақтылы жағдайларда тергеушi сырттан арнайы бiлiмi бар мамандарды шақырады. Бұл жерде, сырттан келген маман кәсiби бiлiктiлiгiмен көзге түссе де, қосымша материалдар алу, сарапшы қорытындысын құрастыру тәрiздi сарапшы қызметiнiң бiрқатар спецификалық мәселелерi жайлы бейхабар болуы мүмкiн, сондықтан тергеушi онымен үнемi байланыста болу керек.
Тергеу әрекетiнiң тактикасын қарастыра отырып, оған дайындық жасау элементтерiне, ұсынылатын тактикалық тәсiлдерге, криминалистикалық техника қолдану ерекшелiктерi және тергеу әрекетi нәтижелерi мен процесстiң өзiн бекiту тәсiлдерiн ұғынып алу қажет.
Криминалистика дайындайтын тергеу әрекеттерiн орындаудағы тактикалық тәсiлдер соттық тергеуде де қолданылады. Алдын-ала тергеу үшiн дайындалған тактикалық тәсiлдер сот өндiрiсiне механикалық түрде ауыстырылмау керек.
Сот өндiрiсiнiң жариялылығы, тәуелсiздiгi сияқты ерекшелiктерi тактикалық нұсқауларға дұрыс көзқарас қалыптастыруға жiгерлендiретiндiгiн ескерген жөн.

1-ТАРАУ. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

1.1 Криминалистикалық болжамдар және тергеуді жоспарлау

Криминалистикалық тактика деп, ғылыми ережелер жүйесiне негiзделе отырып жасалған алдын-ала тергеу мен соттық тергеудi ұйымдастыру және жоспарлау талаптарын, соттық зерттеулер жүргiзетiн адамдардың мiнез-құлқын және процессуалдық iс-әрекеттердi (бiрiншiден, тергеулiк) жүргiзу тәсiлдерiн айтамыз.
Криминалистика тактика мазмұнын:
1. Криминалистикалық болжамдар және тергеудi жоспарлау туралы iлiм.
2. Тергеулiк ситуация түсiнiгi және оған баға беру, тергеу мүддесiне қарай пайдалану бойынша нұсқаулар.
3. Тактикалық шешiм түсiнiгi және оны әртүрлi жағдайларда қабылдау бойынша нұсқаулар.
4. Тергеу процесiнде қылмыспен күрес жүргiзiп жүрген құқық қорғау органдары қызметкерлерiмен тергеушiнiң өзара әрекеттесуiн iске асыру қағидалары, алынған оперативтiк түпнұсқаларды пайдалану.
5. Алдын-ала тергеу және сот өндiрiсiнде техникалық-криминалистiк құралдарды және дәлелдемелердi жинап зерттеуден өткiзу тәсiлдерiн пайдалану бойынша нұсқаулар.
6. Алдын-ала тергеу және сот өндiрiсiнде арнайы бiлiмi бар тұлғаларды, маман және жұртшылық көмегiн пайдалану бойынша нұсқаулар.
7. Тергеу процесiнде ұйымдық және техникалық сипаттағы шараларды iске асыру қағидалары.
8. Тактикалық тәсiлдер және нақтылы процессуалдық әрекеттердi жүргiзу бойынша нұсқаулар.
9. Тергеу барысындағы тактикалық комбинациялар құрастырады.
Тактикалық тәсiлдер, нұсқаулар және комбинациялар криминалистикалық тактика негiзi болып саналады.
Криминалистикалық тәсiл дегенiмiз заңға қайшы келмейтiн, белгiлi ситуациялық жағдайда, қылмыстың алдын-ала тергеуге қажет дәлелдемелердi жинау, зерттеу, баға беру және iске асыру мақсатындағы тергеу әрекеттерiнiң нәтижелiгiн арттыру үшiн тергеушiнiң қолданатын арнайы әдiс-тәсiлдерi мен қолайлы мiнез-құлқы.
Тактикалық тәсiлдердiң екi түрiн ажыратуға болады:
-- әрекеттiк, яғни қандай да бiр қимылдарды iске асыру барысындағы тәсiлдер;
-- бағыттық, яғни тергеудi жүргiзушi тұлғаның нақтылы мiнез-құлықтық бет алысты таңдап iске асыру тәсiлi.
Тактикалық тәсiлдердi қолдану шарттары:
1. заңға қайшы келмеу -- рұқсат беретiн заңдар, қағидалар және ережелер жүйесiне сай келу, аталмыш тәсiлдердi (нұсқаулар, комбинациялар) тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi, сотпен iске асыру тәртiбi, мақсаты және мазмұны;
2. рұқсаттылық, яғни сипаты, мазмұны және мақсаттылығы бойынша заңға толығымен сәйкес болу керек;
3. ғылыми негiзделген;
4. тәжiрибемен дәлелденген, яғни қолданылған күш, құрал және жiберiлген уақыттың бекер болмауы;
5. қолайлы, яғни әрбiр тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi және соттардың пайдалану мүмкiндiгi бар.
Тактикалық-криминалистiк нұсқаулар дегенiмiз ол, тергеу жүргiзу немесе сот өндiрiсiндегi тактикалық тәсiлдердi таңдап қолдануға қатысты, ғылыми негiзделген және мақұлданған тәжiрибелiк кеңес.
Тактикалық комбинация деп тергеулiк ситуациясымен себептелген және нақтылы тергеу мiндетiн шешу мақсатын iске асыруды көздеген, тактикалық тәсiлдер немесе тергеулiк әрекеттердiң ұштасуын айтады.
Бiр ғана тергеу әрекетi шенберiндегi тактикалық тәсiлдердiң ұштасуын қарапайым тактикалық комбинация дейдi.
Нақтылы iстi тергеу барысындағы тергеу әрекеттерiнiң ұштасуы, күрделi тактикалық комбинация болып саналады. Күрделi тактикалық комбинацияға бiртектес не әртүрлi тергеулiк әрекеттер, сондай-ақ қамсыздандыру сипатындағы, ұйымдық-техникалық шаралар ене алады.
Оперативтiк-тактикалық комбинация дегенiмiз ол, бiртұтас тактикалық оймен қамтылған, тергеушi тапсырмасы бойынша тергеу әрекетiмен қатар жүргiзiлетiн жедел iздестiру шаралары. Мұндай шаралар мақсаты ретiнде, комбинация құрылымына енетiн нәтижелiк, талпынушылық және қауiпсiздiк, ал қажет болғанда нақтылы мезетке дейiнгi құпиялылық жағдайын қалыптастыру болып саналады. Бiртұтас оперативтiк-тактикалық комбинация құрылымында, жедел iздестiру шараларының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында тергеу әрекеттерi де жүргiзiлуi мүмкiн. Мұндай әрекеттер тергеушiнiң жедел iздестiру қызметкерлерiмен өзара әрекеттесу жолымен iске асырылады.
Тактикалық шешiм деп тергеулiк ситуацияға, тергеу процесiнiң жолына және нәтижесiне тактикалық ықпал жасау мақсатын таңдау және аталмыш мақсатқа жету әдiс-құралдарын анықтауды айтады. Тактикалық шешiмдi iске асырудың негiзгi құралдары ретiнде, тактикалық тәсiлдер және тактикалық комбинациялар жүредi.
Тактикалық шешiм үш бөлiктен тұрады: 1) ақпараттық; 2) ұйымдастырушылық; 3) операциондық.
1. Тактикалық шешiмнiң ақпараттық бөлiгi тергеулiк ситуацияға талдау жасап, баға беруден тұрады:
-- шешiмiн талап ететiн, процессуалдық мiндеттер;
-- қарсы тұрушы күштердiң ойлары;
-- тергеу мүмкiндiктерi;
-- болжамалы ақпар.
2. Тактикалық шешiмнiң ұйымдастырушылық бөлiгi мынадай тұжырымдарды өзiне жинақтаған:
-- функциялар тарату;
-- өзара әрекеттесу бағыты мен нысандары;
-- қолданыстағы күш-құралдарды iске асыру ретi;
-- қосымша мүмкiндiктер;
-- қажеттi ұйымдық-техникалық шаралар жүргiзу.
3. Тактикалық шешiмнiң операциондық бөлiгi, ол:
-- тактикалық ықпал ету мақсатын;
-- мақсатқа жету тәсiлдерi мен жағдайларын;
-- тактикалық шешiмдi iске асырудың болжамалы нәтижелерiн анықтау.
Тактикалық шешiм мақсаттары:
-- тергеулiк ситуацияны жағымды жаққа ауыстыру;
-- шыңайы тергеулiк ситуацияны тиiмдi пайдалану;
-- тергеуге қарсы тұрушы тұлғалар үстiнен тактикалық билiк орнату;
-- бастапқы тергеу кезеңiндегi тұтқиылдық факторын зерттеу;
-- тергеудi алға басу әдiстемесiмен қамтамасыз ету.
Тактикалық шешiмге қойылатын талаптар:
-- заңдылық;
-- өнегелiлiк;
-- уақыттылық;
-- негiздiлiк;
-- шынайылық.
Процессуалдық әрекет тактикасы деп процессуалдық әрекеттердi дайындау, iске асыру, бекiту және нәтижелерiне баға беруде қолданылатын тактикалық тәсiлдер жүйесiн айтады. Оның құрылымы төмендегiдей сатылардан тұрады:
1. жүргiзуге дайындық;
2. жүргiзу;
3. жолы мен нәтижелерiн бекiту;

4. алынған нәтижелерге баға беру және оның нақтылы қылмыстық iс бойынша делелдемелiк ақпарат жүйесiндегi маңызы мен алатын орны.
Осы сатыларды iске асырудағы тактикалық тәсiлдер, оның алдына қойылған мiндеттердi шешумен қамтамасыз етiледi.
I. Процессуалдық әрекеттi жүргiзуге дайындық мыналардан тұрады:
-- мiндеттер түсiндiрiледi және құрастырылады;
-- жүргiзу мезгiлi және оған қатысушылар шеңберiне, криминалистикалық әдiс-тәсiлдердi пайдалануға, оперативтiк мүмкiндiктердi пайдалану шегi мен нысандарын анықтауға, жұртшылық және маман көмегiне байланысты мәселелер шешiледi.
Процессуалдық әрекеттi жүргiзу жоспарында, оның мiндеттерi, жүргiзу орны мен уақыты, қажеттi күштердi қатыстыру, олардың қарым-қатынастары көрсетiледi, сонымен қатар мұнда:
1. процессуалдық әрекет жүргiзiлiп тұлғалар және объектiлер жайлы ақпарат;
2. жүргiзу кезiнде қажет болатын дәлелдемелер;
3. осы дәлелдемелер мен оперативтiк мәлiметтердi пайдалану тәсiлдерi;
4. процессуалдық әрекеттi жүргiзуге бағытталған тактикалық тәсiлдер оларды ситуацияның өрбуiне байланысты пайдалану тәртiбi бойынша шоғырланған.
II. Процессуалдық әрекеттi жүргiзу.
Бұл сатыда көрсетiлген жоспар iске асырылып, онда қойылған мiндеттер шешiледi. Осыған байланысты тергеу процесiндегi тергеулiк әрекеттер бастапқы және келесi болып бөлiнедi.
Бастапқы тергеу әрекеттерi:
1. тергеушiнi тергеу оқиғасына бағдарлау, осы оқиғаның пайда болу механизмi және болатын зардаптары туралы мағұлмат алу;
2. қылмысты iзiн суытпай ашу, қылмыскерге iздеу салып, ұстауға қажеттi мәлiметтердi алу;
3. субъективтiк не объективтiк факторлар әсерiнен бүлiнiске ұшырайтын дәлелдемелердi жинау;
4. тергеулiк болжамдарды құру мақсатынды түпнұсқалы ақпараттарды алу үшiн жүргiзiледi.
Келесi тергеулiк әрекеттер II және III ақырғы тергеудiң кезеңдерiнде жүргiзiледi және мыналарға бағытталған:
1. бастапқы кезеңде жиналған дәлелдемелердi зерттеуге, баға беруге және қолдануға;
2. дәлелдемелермен әрi қарай жұмыс жасауға;
3. болжамдарды тыңғылықты тексеруге;
4. қылмыс құрамы элементерiн дәлелдеуге;
5. қылмысқа итермелейтiн жағдайлар мен себептердi анықтауға.
III. Процессуалдық әрекеттер жолын және нәтижелерiн бекiту.
Бұл сатының мiндетiне, процессуалдық әрекет мазмұны мен нәтижелерiн дұрыс және толымды көрсетумен қамсыздандыру жатады. Осыған байланысты, заңды нысандардағы техникалық-криминалистiк құралдар мен дәлелдемелiк ақпарды бекiтiп алу тәсiлдерiн тиiмдi пайдалану көзделген. Процессуалдық түрде бекiтiлмеген ақпараттың дәлелдемелiк күшi болмай қалады.
IV. Алынған нәтижелерге баға беру және олардың мазмұнын анықтау.
Процессуалдық әрекет жүргiзу кезiндегi жұмысты және одан алынған нәтижелердi талдаудан өткiзу мыналар үшiн қажет:
-- алынған нәтижелердiң дұрыстығын тексеру;
-- дәлелдеудегi олардың мағынасы және әрi қарай пайдалану жолы туралы сұрақтарын шешу.
Процессуалдық әрекет жүргiзудiң аталмыш сатысында:
1. жiберiлген қателiктер айқындалады;
2. пайда болуы мүмкiн не пайда болған зардаптар анықталады;
3. осы процессуалдық әрекеттi қайталап жүргiзу қажеттiлiгi шешiледi;
4. жүргiзiлген әрекеттiң жолы мен нәтижелерi көрсетiлген, процессуалдық құжатқа баға берiледi (шыңайылығына, толымдылығына, тәртiбiне, анықтылығына, қажеттi процессуалдық реквизиттердiң бар екендiгiне).
Тергеулiк ситуация және тактикалық шешiм, оларға баға беру және қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
Тергеулiк ситуация яғни, тергеудiң белгiлi бiр кезеңiнде айғақты мәлiметтердiң, дәлелдемелердiң көлемiне және ерекшелiгiне, iстiң мән-жайын анықтау мүмкiндiгiне байланысты қалыптасқан жағдай.
Тергеулiк ситуацияны құрастыратын жағдайларды төрт топқа бөлуге болады:
1. ақпараттық сипаттағы факторлар (жасалған қылмыс жағдайлары туралы мағұлматтар; дәлелдемелiк ақпараттар алынған түпнұсқалар; нақтылы тұлғалардың тергеу жағдайы туралы хабардар болуы және т.б.);
2. процессуалдық және тактикалық сипаттағы факторлар (дәлелдемелiк ақпараттарды алу және пайдалану мүмкiндiктерi, тергеу кезiндегi мiндеттердi шешудiң тактикалық ерекшелiктерi);
3. психологиялық сипаттағы факторлар (тергеу оқиғасына қатысы бар тұлғалар мен тергеушiнiң қарым-қатынасы, бұл тұлғалар психологиясы);
4. ұйымдық және материалдық-техникалық сипаттағы факторлар (қажеттi күш-құралдардың бар болуы, оларды пайдалану мүмкiндiктерi).
Тергеулiк ситуацияны кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада -- барлық жағдайлардың жиынтығы, ал тар мағынада -- нақтырақ, криминалистикалық ұғымда.
Тергеулiк ситуацияға талдау жасап, баға беру кезiнде ақпараттық факторлар анықтаушы, яғни түпнұсқалы және негiзгi болып саналып, тергеу бойынша нақтылы кезеңде бағыттылықты және келесi қызмет мазмұнын айқындайды.
Тергеулiк ситуациялар жiктемесi
Тергеушi алдында тұрған мiндеттердi шешу мүмкiндiктерi бойынша тергеулiк ситуациялар былайша жiктеледi:
1. қолайлы және қолайсыз;
2. даунамалы және даусыз;
3. типтiк және спецификалық;
4. бастапқы, аралық және ақырғы.
Тактикалық шешiм түсiнiгi және мәнi
Тергеу барысында тергеушi процессуалдық және процессуалдық емес шешiмдер қабылдайды.
Тергеушiнiң тактикалық шешiмi, оның процессуалдық қызметiмен тығыз байланыста бола тұра, дәлелдемелердi жинап зерттеу шараларын iске асыру тактикасын анықтауға, яғни тиiмдi әдiс-құралдарды таңдауға бағытталған.
Қойылған мақсат қандай, қашан және қалай iске асырылатынын, осы тактикалық шешiм анықтайды, ол тергеу әрекеттерiмен қатар, басқа да процессуалдық сипаттағы шараларды қамтиды (басқа қызметтермен қарым-қатынас; жұртшылық көмегiн қылмыскердi iздеуде пайдалану және т.б.).
Тактикалық шешiмдi қабылдау ол, мақсатты және оған жету тәсiлдерiн анықтайтын, өз еркiмен жасалынатын iс-әрекет. Тактикалық шешiмдi қабылдау өзiне:
1. нақтылы қимылдар қажеттiлiгiн қамтитын ақпаратты талдауды;
2. пайда болған ситуацияны ескере отырып, қимылдар мақсатын анықтауды;
3. тиiстi әдiс-құралдарды таңдауды;
4. тиiмдi шешiмдi айқындау үшiн ойшылдық өңдеу жүргiзудi жинақтаған.
Тактикалық шешiм бiрқатар талаптарға сәйкес болу керек:
1. заңдылық;
2. әдептiлiк;
3. дер кезiнде болушылық;
4. негiздiлiк;
5. шыңайылылық.
Тактикалық шешiмдi тергеушi өзi жеке қабылдайды, ал қылмысты тергеушiлер тобы тергегенде, бiрiге отырып дайындаған шешiм негiзiнде, аталмыш топтың басшысы қабылдайды.
Тергеу жоспарына сай, топ мүшелерi бiр мақсаттағы тергеу әрекетiнiң шеңберiнде тактикалық шешiм қабылдайды.

Әртүрлі қылмыстардың тез арада әшкереленуі, жалпы тергеудің сапасы, тергеушінің істі тергеуге байланысты жұмысының мақсатты және ұйымды түрде өткізілуі осы тергеудің белгілі бір жоспармен жүргізілуіне тікелей байланысты. Аталмыш жоспарға енетін мәселелер осы қылмыс жөніндегі тергеушінің ойша жасаған болжауынан туындайды. Осындай ойша шығармашылық талдау процесінің үстінде осы қылмыстың қандай жағдайда болғандығы, қылмысқа қатыстан адамдар және де қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары жөнінде белгілі бір болжаулар пайда болады.
Криминалистикалық болжам деп өкілеттілігі бар тұлғамен ұсынылатын зерттеудегі оқиғаның бөлек жағдайларының немесе мазмұнының, сондай-ақ деректер арасындағы себептік байланыстын дәлелденген ықтималдық түсінігін айтамыз.
Қылмысты тергеуді жоспарлауға негіз болу арқылы криминалистикалық болжамдардың тәжірибелік маңызы көтеріледі, ал оларды тексерумен дәлелдемелерді жан-жақты және толымды зерттеу мүмкіндігі пайда болады.
Логика тұрғыдан криминалистикалық болжам гипотезаның бір түрі ретінде байқалып, яғни шамамен ой тұжырымы болып саналады.
Криминалистикалық болжам ерекшеліктері:
· қылмыстық сот өндірісінде пайдаланылады;
· қылмысты тергеп-ашуда маңызы бар деректерді түсіндіреді;
· заңмен бекітілген шектеулі мерзім аралығында тексеріледі;
· тергеуге қарсы тұрушылық әрекеттері байқалғанда заңмен реттелген әдіс-тәсілдер көмегімен өкілеттілігі бар лауазыммен тексеріледі.
Криминалистикалық болжам қасиеттері:
- анықталған деректерге, фактілерге қарама-қайшы (кереғар) болмау;
- тексеріске мәжбүрлік;
- шамамен қарапайымдылық;
- тергеу барысында анықталған мәселелер төңірегінде кеңінен қолданбалы болу.
Криминалистикалық болжамдар төмендегідей бірқатар негіздер арқылы жіктеледі:
1) Құрастыру субъектілеріне қарай криминалистикалық болжамдар тергеулік, жедел іздестірушілік, сараптамалық және соттық болып бөлінеді.
2) Түсіндіруге жататын деректер мөлшері бойынша криминалистикалық болжамдар жалпы және жеке болып бөлінеді.
3) Айқындылық деңгейі бойынша криминалистикалық болжамдар кәдімгі (типтік) және нақты болып бөлінеді.
4) Ықтималдық деңгейі бойынша криминалистикалық болжамдар болуы ықтимал және күмәнді болып бөлінеді.
5) Құрастыру уақыты бойынша криминалистикалық болжамдар алғашқы және келесі болып бөлінеді.
6) Дәлелдеу затына қатысты айыптаушы және ақтаушы болжамдарды қарастыруға болады.
Криминалистикалық болжамдарды тексеру - ол болжам мазмұнын құрайтын растайтын немесе жоққа шығаратын жорамалдарға қатысты деректік жағдайларды анықтауға бағытталған қызмет.
Тергеуді жоспарлау деп заң талаптарына сәйкес және азғана уақыт пен күш жұмсау арқылы жасалған қылмыстың барлық мән-жайын анықтау және кінәліні әшкерелеу жұмысының реті мен мазмұнын көрсететін ойшылдық қызметті айтады. Аталмыш қызмет нәтижелері әдетте тергеудің жазбаша жоспарында орын алады.
Жоспарлау элементтері:
· қолда бар бастапқы мәліметтерді зерттеу;
· криминалистикалық болжамдарды құру арқылы тергеу бағытын таңдау;
· дәлелдеу заты мен шегіне қатысты тергеу міндеттерін анықтау;
· болжамдарды тексеру үшін және қойылған міндеттерді шешуге қажетті тергеулік әрекеттер, жедел іздестірушілік және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар шенберін айқындау;
· тергеулік әрекеттер тактикасын және жоспарланған іс-қимылдар мен шараларды орындаушыларды дайындау;
· әрекеттерді іске асыру реті мен мерзімін анықтау;
· көрсетілген бағдарламаны жазбаша тергеу жоспары, сызба, кесте, карточка түрлерінде дайындау.
Жоспарлау қағидалары (принциптері):
· динамикалық (жылжымалылық) принципі, осының арқасында жоспарлау қызметі тергеудің барлық барысында орын алады; жаңадан шығарылған болжамдарды тексеруді ескере отырып, тергеу жоспары әрқашан дәлденіп, толықтырылып отырады;
· жеке даралық принципі, яғни жоспарлау тергеудегі әрбір қылмыстың қайталанбайтындылығымен және тергеуші жеке басының ерекшелігімен қамтамасыз етіледі; жоспар нақтылы тергеу барысында алынған мәліметтер негізінде құрастырылады;
· нақтылылық принципі, тергеу жоспарындағы жалпы тұжырымдамалардың жоқтығымен көрсетіледі; бағдарламада жоспарланған әрекеттер мақсаты, орындаушылар, мерзімдер, жүргізу орны және тағы басқалар дәл көрсетілу керек.
Тергеуді жоспарлаудың түрлері:
1) Тергеуші өндірісіндегі бірнеше қылмыстық іс бойынша жұмысты жоспарлау (жиынтық жоспар);
2) Бөлек қылмыстық іс бойынша тергеуді жоспарлау;
3) Бөлек қылмыстық істің алғашқы, келесі немесе соңғы тәрізді нақты тергеу кезеңдерін жоспарлау
4) Тактикалық комбинацияны жүргізуді жоспарлау;
5) Бөлек тергеулік әрекет жүргізуді жоспарлау.

1.2 Тергеулік қарау және куәләндіру

Тергеулік қарау - ол қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізуде маңызы бар объектілерді (олардың белгілері, қасиеттері, жағдайы, өзара орналасуы) тергеуші немесе анықтаушының тікелей көру, бекіту және зерттеуімен айқындалатын процессуалдық іс-әрекет.
Тергеулік қарау объектілері ретінде оқиға болған жер және оқиға болған орынға жатпайтын аула мен бөлмелер, сондай-ақ бөлек заттар, құжаттар, адамдар, мәйіттер және жануарлар жүреді. Тергеулік қараудың мағынасы өте зор, оның себебі қылмыстың жасалу жағдайын көрсететін көптеген қажетті іздердің бөлігі осы әрекетті жүргізу барысында табылады және зерттеледі.
Тергеулік қарау қағидалары (принциптері):
· заңдылық;
· дер кезінделік;
· шыңайылық, толықтылық және жан-жақтылық;
· мақсаттылық;
· ғылыми-техникалық құралдар мен маман көмегін пайдалану;
· табылған және қараудағы объектілермен жұмыс жасауда криминалистикалық ережелерді сақтау;
· қарауды басқару тергеушінің жеке басына жүктеледі.
Тергеулік қарау түрлері объектілер арқылы, жүргізу реті және көлеміне қарай жіктеліп жатады.
Объектілер арқылы тергеулік қарау мыналарға бөлінеді:
- оқиға болған жерді қарау;
- мәйіттің сырт пішінің оқиға болған жерден табылғанда қарау;
- құжаттарды қарау;
- заттарды қарау;
- жануарларды және олардың өліктерін қарау;
- оқиға болған орынға жатпайтын аула мен бөлмелерді қарау;
- көлік құралдарын қарау;
- куәләндіру (адам денесін қарау).
Жүргізу реті (уақыты) бойынша:
- алғашқы қарау;
- қайталама қарау, яғни бұрын тергеулік қарауда болған әрбір объектінің келесі қаралуы; бұл жерде объект үстіндегі табылған іздердің барлығымен толық зерттеледі.
Көлемі бойынша:
- негізгі қарау;
- қосымша қарау - бұрын толық қаралған объектінің бөлек элементтерін қарау.
Оқиға болған жерді қарау тергеудегі оқиға жағдайларын анықтауға маңызы бар қылмыс іздері мен басқа да мәліметтерді, сондай-ақ оқиға болған жердің жағдайын мақсатты түрде тез арада қарастырып, зерттеп және бекітіп алуға бағытталған кідіртпейтін тергеулік әрекет болып табылады.
Оқиға болған жерді қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221, 222, 223 - баптарына сәйкес жүргізіледі.
"Оқиға болған жер" және "қылмыс болған орын" деген екі түсінікті ажырата білу керек.
Оқиға болған жер деп жасалған қылмыстың іздері табылған аула немесе бөлме аумағын айтады. Мұнда ескеретін бір жай қылмыс, іздер табылған жерде де, және басқа да жерде жасалуы мүмкін.
Қылмыс болған орын деп тікелей қылмыс жасалған немесе қылмыстық нәтиже пайда болған жерді айтады. Қылмыс іздері бұл жерден басқа жерде де табылуы мүмкін.
Оқиға болған жер қылмыс болған орынмен сәйкес келуі мүмкін және сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, кісіні пәтерде өлітіріп, оны бөлшектеп сойғаннан кейін (қылмыс орны) мәйіт бөлшектері орман, көл және басқа да жерлерге апарып тығылады. Әрбір мәйіт бөлшегі табылған орын оқиға болған жер ретінде қарастырылады.
Оқиға болған жерді қарау барысында зерттеліп, бекітуге жататындар:
1) аула бедері (рельеф), оқиға болған жердің табиғи және жасанды шекарасы;
2) үй-жайдың, жаңындағы қосымша құрлыстардың, оларға баратын және келетін жолдарының орналасуы және сипаты;
3) сол жердегі заттардың кеңістікте орналасуы, олардың бір-біріне қатысты жағдайы және арақашықтығы;
4) заттардың мақсаттылық тұрғыдан орналасуы;
5) қылмыс және қылмыскердің іздері;
6) негативтік жағдайлар.
Негативтік жағдайларды оқиға болған жерден табудың мағынасы өте зор. Оның себебі мұндай жағдайларды талдау нәтижесінде қылмысты жасағансуды (инсценировка), яғни тергеудің нақтылы бір нәтижесін қалайтын тұлғаның шын мәнінде болған оқиғаға сәйкес келмейтін жағдайды қолдан жасауды әшкерелеуге мүмкіндік туындайды.
Жасағансу мақсатына:
1) шын оқиға белгілерін жасыру үшін нақтылы жерде басқа қылмыстың жасалғандығына сілтейтін жағдайды туғызу (мысалы, ұрлықты жасыру мақсатында шабуыл жасап тонау жағдайын туғызу);
2) жасалған қылмысты жасыру үшін, қылмыстылық сипаты жоқ оқиғаны көрсету (мысалы, кісі өлтіруді жасыру мақсатында өзін-өзі өлітіру немесе абайсыздықтан өлуді жасағансу);
3) жат қылық, қамсыздық, салақтық және тағы басқа әрекеттерді жасыру мақсатында қылмыстың жасалуын көрсету (мысалы, құжаттардың жоғалуын жасыру үшін, олардың ұрлануын жасағансу);
4) қылмыс құрамының бөлек элементері туралы тергеушіні бояма өтірік жолға түсіру (мысалы, қылмысты басқа адаммен, басқа жерде және басқа мақсатта жасағандығын көрсету).
Оқиға болған жерді қарау кезеңдері: 1) дайындық, 2) жұмыстық, 3) соңғы.
Оқиға болған жерге жатпайтын бөлмелер мен аулаларды тергеулік қарау объектілері ретінде өндірістік, сауда, қойма және тұрғылықты бөлмелер, әртүрлі аулалар жүреді.
Адам мәйітін табылған жерде сыртынан қарау оқиға болған жерді қарау барысында жүргізілуі мүмкін. Жағымсыз жағдайларда (мысалы, ауа райына байланысты) мәйіт морг ішінде қаралуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 224-бабына сәйкес адам мәйітін ол табылған жерде сыртынан тексеру тексерудің жалпы ережелерін сақтай отырып және сот медицинасы саласындағы маман дәрігердің, ал оның қатысуы мүмкін болмаған жағдайда - өзге дәрігердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Мәйітті тексеру үшін басқа да мамандар тартылуы мүмкін.
Куәландыру - ол куәландырылатын адамның тергеу оқиғасымен байланыста болғандығын көрсететін ерекше белгілерді және адам денесінен қылмыс іздерін айқындау мақсатында жүргізілетін тергеулік қараудың ерекше түрі.
Тергеулік және сот-медициналық куәландыруларды бір-бірінен ажырата білу керек. Кейінгісі сот-медициналық сараптаманың бір түрі болып саналады және ол келтірілген жарақат мерзімі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистикалық болжау және тергеуді жоспарлау
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
Тонау қылмыстарын тергеу
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Тергеу жұмысының психологиялық ерекшеліктері
Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен заңсыз айналысу қылмысын тергеу
Банктің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланудың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
Қылмыс. Криминалистика
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Пәндер