Саяси әлеуметтеңдірудін, негізгі міндетін американдық социолог
Жоспар
1. Әлеуметтеңдіру ұғымы және оның кезендері.
2. Оқыту (білім беру) — әлеуметтеңдірудің құралы. Білім — кәсіптеңдірудің
негізі.
3. Әлеуметтеңдіруді сыңаржақ түсіндіруші теориялар.

Адам дүниеге келгенде өлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде
әлеуметтік өмір туралы әлі ешқандай түсінік жоқ, онда адам болудың тек
мүмкіндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкіндіктер басқа адамдармен
қарым-қатынастар жасап, қоғамдық қатынастар системасына енудің нәтижесінде
ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К. Маркс адамнын мәні,
сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардын. жиынтығы болып табылады
деген болатын. (К.Маркс, Ф.Энгельс. Шығ., 3-том, 3-бет).
Демек, адам адам болып тумайды, қалыптасады. Адамның адам болып
қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи
нышандардың негізінде жүзеге асады: мұнда әлеуметтік-экономикалық
жағдайлар, мәдени кұндылықтарды меңгеру, мектеп пен семьяда тәрбиелеу,
замандастарынын ықпалы сияқты факторлар шешуші әсерін тигізеді. Адамның бұл
қалыптасу процесі социологияда әлеуметтеңдіру деп аталады.
Көпшілік зерттеушілердің пікірінше, адамның әлеуметтенуі белсенді
түрде өтетін процесс болғандыктан, ол бүкіл өмір бойына созылмайды. Ол тек
ауытқымалы мінез-құлық нормаларының жиыны тұрақты орнығу үшін, әлеуметтік
ой-пікірлері мен дүниеге көзкарасы және т.б. қалыптасу үшін, әлеуметтік ой-
пікірлері мен дүниеге көзқарасы және т.б. қалыптасу үшін қажетті болатын
мерзімге ғана, яғни адамның жеке басының адамдық кейпінің қалыптасуына
керекті уақыт бойына созылады. Ол, орта есеппен алғанда, 23-25 жасқа
дейінгі мерзім. Ал ересек, яғни әлеуметтеніп үлгірген адамдардың бір
әлеуметтік жағдайлардан басқаларына ауысуына байланысты жаңа рухани
байланыстар мен ауытқымалы мінез-құлық нормаларын меңгеруіне келсек, мұны
әлеуметтену емес, әлеуметтік бейімделу деген дұрыс сияқты. Мәселен, бұрын
партия-совет жұмысында немесе мұғалім болып жүрген кейбір адамдар қазір
молда болып немесе бизнеспен айналысып жүр, яғни жаңа жағдайға бейімделіп,
пайда табумен айналысуда. Бұл әрине әлеуметтену процесіне жатпайды.
Адамның әлеуметтену процесін әдетте үш кезеңге бөледі: а) бастапқы
әлеуметтену немесе баланың әлеуметтенуі; ә) аралық әлеуметтену немесе
жасөспірімнің әлеуметтенуі; б) орнықты немесе біржола әлеуметтену. Бірінші
кезең, негізінен, семьяда және балалар бақшасында тәрбиелену кезеңімен,
екінші кезеңі 17-18 жасқа дейінгі орта мектептегі оқу-тәрбие кезеңімен
сәйкес келеді. Ал үшншісі жасәспірім шақтан ересек шаққа ету кезеңін, яғни
17-18 жас пен 23-25 жастар арасынан қамтиды. Бұдан кейін әлеуметтенген,
қалыптасып біткен адамның әрі қарай дамуы мен бейімделуі басталады. Демек,
қазіргі заманғы адамның әлеуметтену дәуірі, негізінен, оқу арқылы білім мен
тәрбие алу кезеңіне сәйкес келеді.
Бұл айтылғаннан адамға білім беру және оны әлеуметтеңдіру бір нәрсе
екен деген ұғым тумайды. Адамды ғылыми білімдермен қаруландыру
әлеуметтеңдірудің тек негізі ғана, себебі әлеуметтеңдіру ұғымының мазмұны
мен көлемі білім беру процесінен әлдеқайда кең жатыр. Олай болса, адамды
әлеуметтеңдіру деген не, ол ұғымның мазмұны қандай?
Бұл ұғымға түрлі әдебиетте түрліше анықтама беріледі. XIX ғасырдың
аяғы мен XX ғасырдын басында пайда болған әлеуметтеңдіру термині адамның
әлеуметтік табиғатының немесе мінез-құлқының дамуын белгілеу үшін
қолданылады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде, оның ішінде АҚШ-та социологтар
бұл терминді тар мағынада сыңаржақ қолданады: жеке индивидтің группалық
нормаларды қабыл алу жолы, оқыту процесін қоғамдық нормаларға іс жүзінде
үйрету процесі мағынасында ғана қолданылады. Осы тұрғыдан алғанда, олар
әлеуметтік ортаға бейімделе білген баланы әлеуметтенген бала деп, ал
бейімделе алмаған баланы әлеуметтенбеген деп сипаттайды. Қысқасы, олардың
барлығы, сайып келгенде, әлеуметтеңдіру ұғымын адамның өз мінез-құлық
системасына жоғары топтар (билеушілер) тағайындаған ережелерді пассивті
түрде енгізіп, қабыл алу мағынасында түсінеді.
Әлеуметтеңдірудің марксистік ұғымы адамның бүкіл рухани өмір прогресін
білдіреді. Адам мінез-құлықтын, мәдениеттің дайын үлгілерін жай қабылдап
қана қоймайды, оларға деген өз қатынасын білдіреді, оларды не мақұлдап, не
терістеп, белсенді түрде әрекет етеді, сөйтіп ол өзін қоғамдық
қатынастардың тек объектісі ғана емес, оларды өзгертетін жан, субъекті,
ретінде ие көрсетеді.
Сонымен, әлеуметтеңдіру дегеніміз қоғамда қалыптасқан рухани байлықтар
мен мінез-құлық нормаларын белсенді түрде меңгерту және жетілдіру жолымен
жас ұрпақты сол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына сәйкес қоғамдық
рольдер системасына қосу болып табылады.
2. Оқыту (білім беру) — әлеуметтеңдірудің құралы. Білім —
кәсіптеңдірудің негізі.
Жас ұрпақты әлеуметтеңдірудің марксистік ғылыми теориясы жас ұрпақты
тәрбиелеу процесі мен оқыту арқылы білім беру процесін бірлікте
қарастырады, өйткені қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс оқыту
процесінің білім беру, оқыту арқылы адамды дамыту міндетімен бірге, сондай-
ақ тәрбиелеу міндетіне де жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі заманғы оқыту
мен тәрбиелеу дегеніміз жас адам тұлғасын қалыптастыру үшін оған жоспарлы
да мақсатты түрде әсер ету — оның еңбекке деген білігі мен қабілетін
дамыту, болашақ кәсіпті еркін тандай білу, қысқасы, оның бойында еңбек
сүйгіштік қасиетті қалыптастыру деген сөз, ал бұл сонғы дүниеге ғылыми-
материалистік көзқарасты, берік сенімді қалыптастырумен ұштасып жатыр. Ал
табиғат пен қоғам жайлы ғылым негіздерін терең де жан-жақты меңгермейінше
ғылыми көзқарасты қалыптастыру да, жасампаздықпен еңбек ету де мүмкін емес.
Жас адамнын, творчестволық қабілеттерін белгілі бір идеялық мазмұн
бағытында тәрбиелейтін оқыту системасы сонымен қатар дүниеге көзқарасты
дұрыс қалыптастырудың шарты болады. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру процесі
неғұрлым дәлелділікке, оның мазмұнының ақитқаттығына деген сенімге
негізділсе, ол соғұрлым берік болады. Олай болса, дүниеге ғылыми
көзқарастың негізін ішкі сенімге айналдырған білімдер құрады. Дүниені
өзгертуге бағытталған жасампаз да белсенді іс-әрекет үшін даму
заңдылықтарын дұрыс түсіну әлі жеткілісіз, сонымен қатар берік сенімі мен
ерік қайраты бар адамдар қажет. Олай болса, ғылым ашқан теориялық қағидалар
мен заңдылықтарды жас адам өздігінше қайта ашып, саналы түрде ұғынуы,
оларды қорғай білуді және іске асыруды үйренуі тиіс.
Сенімге айналған ғылыми білім ғана адамға жол көрсететін жетекші,
өздігінше бір рухани ақылшы болады. Білімдер мінез-құлық факторы ретінде
сенімге айналады. Ал бұл бүкіл қоғамдық қатынастардың және рухани
мәдениеттің әсері арқылы қалыптасады. Ол — адамның білім мен негізгі
әлеуметтік дағды-іскерліктерді меңгеру кезеңінде, яғни әлеуметтену
процесінде қалыптасады. Берік сенімнің болуы — адамның кемелденгенінің,
әлеуметтенгенінің белгісі, рухани дербестігінің көрінісі.
Терең мазмұнды кәсіптік білімі бар адам өзінін, іс-әркетінде жауапты
шешім қабылдаудан қорықпайды, өйткені ол өз білімінің ақиқаттығына кәміл
сенеді. Ондай білімі жоқ адам әдетте жалтақшылдық, батылсыздық көрсетіп,
басқа біреудің айтқанымен жүруге тырысады. Сондықтан адамның білімі
күнделікті өмірде қолдану тауып, практикамен тығыз байланыстырылғанда ғана,
мінез-құлықтың нормасына айналғанда ғана адамның құнды қасиетіне айналады.
Мысал үшін орыс ұшқышы М.П. Девятаевтын Тозақтан қашып шығу деген
кітабында баяндалған, 1941-1945 жылдары Отан соғысында көрсеткен батырлық
ісін келтірсе де болады. Ол фашистердің тұтқынында жүріп, жаудың самолетін
пайдалана білудің арқасында өзімен қоса жолдастарын да концлагерь азабынан
құтқарды. Егер оның терең соғыс-техникалық білімі болмаса, фашистік
концлагерьден қашып құтыла алмас еді, өйткені ол ерлікті жасау үшін
дұшпанға деген өшпенділік пен Отанға деген ыстық сезім әлі жеткіліксіз.
Демек, жас ұрпақты әлеуметтеңдірудің басты саласының бірі — еңбекке,
еңбек сүйгіштікті тек сөз жүзінде ғана тәрбиелеу емес, оны іспен
қалыптастыру. Басқаша айтқанда, жас ұрпақты белгілі бір кәсіптерге үйретіп,
іскер етіп тәрбиелеу, яғни кәсіптеңдіру оны әлеуметтеңдірудің басты бір
шарты болып табылады.
Білім беру мен тәрбие берудің бірлігін оқыту деп айтамыз. Оқытудың
кәсіптеңдіру міндетінің мәнін түсіну үшін, оның ғылыммен арақатынасын
анықтап алған жөн.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс тұсында ғылым қоғамның тікелей
өндіргіш күшіне айналды. Бұл айналыстың жолы мынадай: ғылым ашқан
жаңалықтар тез арада өндіріс техникасы мен технологиясына айналады, ал сол
техникада жұмыс істейтін адамда да осындай білім болуы тиіс, онсыз адам
техникада жұмыс істеуге жарамайды, яғни жаңа техникаға енгізілген ғылыми
білім адамға да енгізілуі тиіс. Бұл процесті мынадай схемамен көрсетуге
болады: ғылым - өндіріс техникасы— адам.
Ал адам ол білімді негізінен оқу системасы арқылы алады, олай болса
әлгі схемадағы адамның орнына оқыту системасын қояйық. Сонда мынадай
схема шығады: ғылым — өндіріс техникасы — оқыту. Сөйтіп, ғылым, өндіріс
техникасы және адам арасындағы бұл өзара байланыс орта және жоғары оқу
орындарына адамды кәсіптеңдіру міндетін жүктейді: оқу орындары жас ұрпақты
өз дәуіріне сәйкес ғылыми біліммен қаруландыруы тиіс.
Өндіріс техникасы мен технологиясы неғұрлым жетіліп, күрделіленген
сайын оларды жасайтын және пайдаланатын еңбекшілердің білім дәрежесі де
соғұрлым жоғары болуы тиіс. Еңбекшілердің білім дәрежесінің жоғары болуы
қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің әрі салдары, әрі шешуші бір факторы
болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, білім беру, оқыту жүйесі ғылыми-
техникалық революцияның құрамында ғылым мен өндірісті байланыстырушы аралық
элемент болып табылады: гылым — оқыту — өндіріс.
Бұл схемадан көретініміз: еңбекші халықты ғылыми біліммен
қаруландыратын оқыту системасы ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуының
маңызды бір факторына айналды, яғни қазіргі кезде ғылым қоғамның тікелей
өндіргіш күшіне тек техника, технология арқылы ғана емес, оқыту системасы
арқылы да айналады. Демек, оқыту системасы қазіргі жағдайда адамды, әсіресе
жас ұрпақты мамандандырудың, маман жұмысшы әзірлеудің құралына айналды.
Еңбектің өндіру күші түрлі факторлармен, оның ішінде, Маркстің сөзімен
айтқанда, жұмысшы өнерінің орташа деңгейімен (К.Маркс. Капитал. 1 т. 56
бет), яғни оның мамандық деңгейімен де анықталады, ал техника дамыған сайын
мамандыктың деңгейі жалпы білім дәрежесіне тәуелді бола түседі. Мәселен,
бұдан бір ғасыр бұрын капиталистік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz