Түкті кілем


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ

КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖ

Бейнелеу өнері және сызу бөлімі

«Композиция»

пәні бойынша

Тақырыбы: « Түкті кілем »

Орындаған: ХГК-42 тобының студенті

Исин Ж. О.

Жетекші: Сүгірәлиева Г. Қ.

КӨКШЕТАУ - 2007

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1. Кілем өнері

1. 2. Әйгілі шеберлер және олардың жұмыстары

1. 3. Түкті кілем

1. 4. Кілем жабдықтары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кілем өнері.

Үй жасауы-«кілем» дейді халық, кілем-жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Шығыс елінде оны тоқып, тұтынбаған халық болған емес. Кілем бетіндегі сан қилы сәнді өрнектерге қарап отырсаңыз тұнып тұрған халық өмірінің шежіресін көргендей боласыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы, көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар, жүзім баулары - осының бәрі кілем бетінде бейнеленген. Кілемдегі суреттер қаншама шартты түрде белгіленгенмен ондағ өрнектерден өмір шындығын аңғару қиын емес.

Тоқылатын кілемдер ішінен Түрікменістан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан кілемдері көрнектілігі жағынан ерекше көзге түседі. Ұлттық кілемдер сол республика халықтарының қол өнерінің негізгі түрі. Осыдан келіп кілемдердің тоқылуы да, материалы да, өрнегі де әртүрлі болып келеді.

Кілемдер мен кілемдік бұйымдарды ең ерте заманнан шығарып келе жатқан елдің бірі түрікмендер. Сондықтан кілем өрнегінің республика мемлекеттік гербісінде бейнеленуі кездейсоқ жағдай емес. Түркімен кілемдерінің 8-10 проценті бұрынғы Одақта жасалатын кілемдердің бәрінен де жібінің тығыздығы жағынан (бір шаршы метр кілемде 220-дан 400-ге дейін тін болады) ерекше көзге түседі. Кейбір арнайы тоқылған кілемдердің тығыздығы соншалық, оларда 1 миллионға дейін жіп тіні болады. Бұл елде «текин», «пенди», «емут», «ходжа», «бешир», «учаудар» деп аталатын ескіден келе жатқан кілем түрлері бар. Медальондармен және геометриялық өрнектермен әшекейленген қызыл және қызыл-қошқыл түсті ең тәуір кілемдерін халық «салор гель», яғни «салор қызғалдағы» деп атаған.

1966 жылы шеттері аппақ гүлдермен безендірілген, ортасы бейне бір орман алаңындағы қызғалдақ гүлдері сияқты жайнап тұрған, көлемі 252 шаршы метр кілемді Ашхабаттың артистер Кемльдің съездер сарайының төріне алып келді. Концерт қойылған кезде ғажайып кілем бүкіл сарай ішін қызыл-жасылды гүлге бөлеп тұрды. Осы кілемнің салмағы 1 тоннадан артық еді.

Осындай қиында қызықты өнер Қазақстан топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдары мен тоқылатын. Қазақстан облысында кездесетін кілем түрлері де, атаулары да көп. Көне заман деректерінде де олар тап осы күнгі аттарымен аталған. Мысалы, бұқар кілем, жол кілем, жолақ кілем, жібек кілем, масаты кілем, мақта кілем, қалы кілем, қара кілем, құлпырма кілем, тақыр кілем, түкті кілем, алаша кілем сияқты көптеген атаулардың өзі ақ қазақ халқының кілем тоқумен ертеден таныс екенін және кілемнің әр жерде әртүрлі мәнердежасалғандығын аңғартады.

Қазақтың терме өрмегінің нәсілмен тоқылатын заттар қатарына кілем, тақыр кілем, құр, таңғыш, желбау, басбау, есіктің тастамасы, қоржын, сандық қап сияқты бұйымдар жатады. Ботаның, түйенің ноқталары, тоқыма белбеумен тең жапқыштарды ауыл шеберлері жай өрмекпен де, аспалы өрмекпен де тоқи береді. Осыған орай енді біз өрмекпен тоқылатын үй жиһаздарының, адай кілем, ақ кілем, ақсирақ кілем, Алматы кілемі, Андежан кілемі, Ашхабат кілемі, барқыт кілем, бір бет кілем, жібек кілем, жолақ кілем, қара кілем, қыпшақ кілем, мақпал кілем, хан кілемі.

Әрине, кілемдер істелу мәнерлеріне, ұлттық түрлеріне, ою-өрнектеріне қарай түрлі атала береді. Олардың бәрі түгел атап шығу қиын. Мәселен, кейінгі кезде жас шеберлер өздерінің кілемдерін «нақыт кілемі», «Қыз қуу», «некеге бару», «космос» деп атап жүр.

Алаша, бау, құр, жіп түрлері көп-ақ. Алаша - бқяулы алаша, жүн алаша, жіп алаша, мақта алаша, терме алаша, өрнекті алаша, көмкерулі алаша боп бөлінеді. Шекпеннің түйе жүн шекпен, қой жүні шекпен, шидем шекпен, тандай шекпен, ала шекпен, түбіт шекпен сияқты түрлері бар.

Енді терме, құрларды атап, олардың кейбіреулеріне түсінік берейік.

Басқұр - керегенің басы мен уықтың бауылығымен оралып тұрады.

Дөдеге құр - үзіктің сыртынан дөдегеден оралады.

Басқұр - керегенң басын сыртынан шымқай орап тұрады.

Басқұр- туырлықтың бас баулары, үйдің ішінен уықтың үстін шырмай орайды.

Басқұр - киіз есктің бас бауы (тастама) .

Құр таңғыш - керегелердің, қоспалардың таңғышы.

Құр бау - киіз есктің екі иін бауы.

Аяққұр - туырлықтың етегін бастырып белдеуге байлап тұратын және жинағанда керегелердің аяғын орайтын аяқ баулар.

Құр - желбау, киізді үйдің екі таянышына керегелерді қосып байлайтын құр бау. Бұл онша енді болмай тоқылады.

Тен-құр - тең болатын құр жіп.

Құраяқ жіп - түйеге мінгенде аяқ салып отыратын үзенгі. Сонымен бірге құр белбеу, құр дорба, құр бас жіп, құр тізгін, құр асмалдық, құр жүген тағы басқа бар. Мұның бәрі де терме өрмегімен істелетеін үй іші жиһаздары. Бұлардың қай-қайсысы болсын өрнектеліп өте әсем жасалады.

Әйгілі шеберлер және олардың жұмыстары

Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ. Кілем - арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өн бойына 1 миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрынға замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеу мен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына да жапқан.

Кілемнің қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен тоқыған. Әсіресе Орта Азиямен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің спаасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығы жоғарыда аталған аймақт ың шөбімен суына, табиғатымен климатына, бұл жерді жайлаған түркі халықтарының ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи талантымен тіршілігіне байланысты анықталып отыр. Көктемде қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайда ерте заманнан мақта мен қатар маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде қой жүнін өңдеуді де көне дәуірден білген. Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін пайдаланған. Әрине, бұдан кілем тек қана қой жүнінен басқанад тоқылмайды деген ұғым тумауы тиіс. Мәселен, Робинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының кілемді арқар жүнінен дн тоқығаны сөз болады. Кейбір түрікмен кілемдерінде мақтаны түр, өрнек салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем тоқыған. Кілем үлгілері әртүрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қол өнер шеберлері өз еңбектерінде ұлттық ою өрнектер мен қатар қазіргі заман тынысын бейнелейтін жаңа түр тапты. Қазыіргі кілемдер өрнегінен космос, алып құрылыс, өскен ауыл өмірін көруге болады. Демек, қазақ арасында бұрыннан көп тараған жоғарыдағы кілем атаулары тектен-тек қойыла салмаған, аталған түрлердің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу технологиясы мен тәсілдері барлығы сөзсіз. Олардың бояу, тоқу, түр салу әдістерінен ақ әрқайсысының бір бірінен өзгешелігін тіпті қай облыстың кілем тоқу үлгісі екенін де байқау қиын емес.

Аз ғана уақыт ішінде қазақтың өрмек тоқу өнері тоылығынан игерілді. Жұмыс өнімділігі айтарлықтай нәтижеге жетті. Фабрика 20-ға жуық кілемді еліміздің музейлеріне жіберді. Олардың ішінде: Амангелдіге арналған 1937 жылы жасалған (20 м ) кілем, Москвадағы СССР халықтарының музейіне жіберілді. 1940 жылы жасалған көлемі 20 м «Қазақ өнерінің он күндігі» деп аталын кілем, 1947 жылы жасалған «Рейхстаг төбесінде» атты кілем көлемі 16 м Москваның 800 жылдығына арналып сыйлық ретінде музейге жіберілді. 1947 жылы жасалған «Совет өкіметіне 30 жыл» атты кілемі 30 м кілем Москвадағы Революция музейінде, Қазақстанның орталық музейінде Шоқан Уалихановтың кілемі бар.

Фабрика жасаған кілем бұйымдарына ҚазССР халық суретшісі Ә. Қастеевтің халық шебері Розия Баймұхамедова, Рақым Сарсенбиннің, сондай ақ Москва лабораторияларының суреттер мен эскиздер пайдаланылған. Кілем суреттене классикалық ұлттық ою-өрнектерді және кілем тоқудағы дәстүрлі тәсілдерді игеруге әрекет жасалған.

Дүниежүзінде ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабатта тоқылды, оның көлемі 192 м еді. 1965 жылы Түрікмен шеберлері оны екі есе ұлғайтты. Бұл кілемнің көлемі 252 м . Армян шебері Акоп Кемешян көлемі 46 м кілем тоқыды. 1966 жылы Витевск кілем комбинаты көлемі 144 м , салмағы 300 кг. түкті кілем тоқыды. Қазақстан кілемшілерінің ішінде 1926 жылы Париж көрмесінде бәйге алған қарт ана Барлыбаева Рымжан, 1950 жылғы Республикалық көрменің жүлдегері болған Қонақбаева, 1960 жылдың жүлдегері Сағатова, Келес ауданының 14 жасында кілемшілікпен аты шыққан Тауасаровалар сияқты шеберлердің жұмыстары көз жаулайды.

Түкті кілем

Кілем тоқу тұрмыс қажетіне байланыстыхалық қол өнерінде ертеректен белгілі. Ел арасында кеңінен таралған өнер. Қай уақытта да «Шебердің қол ортақ» деген емес пе? Кілем тоқуда киіз басу сияқты көршілер арасындағы ұйымшылдық пен өзара көмек, қол қабыс көрсетуінің арқасында тындырылатын іс. Өйткені, кілем тоқуға бастан аяқ 3-4 адам құруға одан да көбірек қатысады. Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын жүннен жасалған бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге өз маңызын жоғалтпай келеді. Еліміздің түкпір түкпіріне кең таралған осы бір өнер түрінің өріс алып, бай мазмұн мағынаға ие болып, одан әрі дамып отырған жері, әсіресе Республикамыздың оңтүстік аудандары.

Түкті кілем ою-өрнегіне, тоқылыс сапасына, бояының түріне, тұрмыста қолданылуына қарай әр алуан атауларға ие болған. Тек қана қазақ жерінде оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар өзге елдерден әкелінген кілем түрлеріне еліктеп тоқылғандарына да лайықтап атау берілген. Әндіжан кілем, бұқар кілем, түрікмен кілем, парсы кілем, арбы кілем деген атаулар соның айғағы болса керек.

«Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Кілем тоқуда қол өнердің өзіндік қыр-сыры мол. Осы өнерді үйренгісі келген әр адамның тұрмыс қажет өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі бояуларынан туындайтын өрнектермен боя үндестігі қиялына қанат бітіп, сұлулық әлеміне жол таппасына кім кепіл. Оның айғағы тарихта қалыптасып келген сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты табиғи құбылыстарын суреттеуге лайықталып келегн ою-өрнек түрлерінің оның мазмұнының жаңара түсіп бет бедерінде тұрмыстық тіршілікке байланысты тың мағына беретін туындылардың пайда болуы. Бүгінгі кілем тоқу өнері бір жақты. Тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі қолдағы барды ұқсата білу, әсемдікпен талғампаздықты туындысына айналуда. Сондыққтан оның еңбекке, өнерге ойлау қабілетін арттыруға нәзіктікпен сұлулықты сезіне білуге табандылық пен ұстамдылыққа тәрбиелеу маңызы басымырақ тұр.

Кілемге түк салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, өрмек жібінен сәл жуандау, бірақ бос иіріледі. Кілемге қойдың жабағы жүні немесе түйе жүні керек.

Тоқылатын кілемнің көлеміне қарай дайындалатын арқауға, желі мен түк салуға арналға жүн көлемі де әр түрлі болады. Арқау қылшықты жүн немесе ешкінің қылымен аралас иірілсе мықтырақ келеді. Қазіргі арқауға мақты жіпте пайдаланылып жүр. Арқаудың жуандығы өрмек жібіне сәйкес өте жіңішке немесе жуан болғаны тиіс.

Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі түсті түкті жолақты жек салу немесе шеттік дейді. Жиектен ішке қарайғы тоқылыста кілем ортасына түсірілетін өрнекті айналдыра әркімнің қалауынша отау өрнегі бар немесе екі қатар жүргізіледі. Ал отау өрнектері болсын, кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектер болсын, олардың шетін айналдыра бір жіптен салынып отырылатын түрді су өрнек деп атайды. Су өрнектің міндеті кілем төсегі мен өрнекті бір-бірінен айқындап тұрады. Яғни екі түрдің шекарасы іспетті. Кілемге түсірілетін негізгі өрнектер: шатыргүл, мақтагүл, лалагүл, шаршы ішіндегі самаурынша, жапырақ немесе қошқар мүйіз, сыңар үйіз оюлары. Бұлар кілем табағына әр түстен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдер немесе жарты шаршы, жапырақ немесе жолақтап бірнеше түрден тоқылады. Бұлардың бәрінде бір тін су өрнегі жиектеп шығарып отырады.

Кілем - сәнді тоқыма жиһаз. Негізінен сәндік, бөлме жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету мақсатында тұтынылады. Кілем тоқылу ерекшелігі материалына, көлеміне, ою-өрнегіне бояу үйлесіміне байланысты бөлінеді. СССР территориясынан кілемнің ежелгі үлгілері табылды. Көптеген деректер мен қазба жұмыстары Ассирия мен Вавилонда кілемнің болғандығын растайды. Шығыста Иран, Түрік ал СССР-де Азербайжан, Түркімен, Дағыстан кілемдері көркемдігімен жоғары бағаланады.

Қазақстанның облыстарында түкті кілемдерді қолдан тоқу дамыған. Олардың негізгі үлкен гүлдері «күнбез» жиектеріндегі текшклі өрнектері «қорған» деп аталып, оны қуалай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі. Бұл зәулім күнбезді, тас қамалды қорғанын қуалай су жүргізілген қаланы елестетеді. Бұлар кілем табағына әр түстен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдер немесе жарты шаршы, жапырақ немесе жолақтап бірнеше түрден тоқылады. Бұлардың бәрінде бір тін су өрнегі жиектеп шығарып отырады.

Жаңа тоқылған кілемді ұзындығын жоймау үшін қабырғаға керіп іледі. Неғұрлым жақсы тартылып ілінсе, шеті шиыршықталмай қалыпқа түседі. Мұндай кілем қисаймайды, әрі формасын сақтайды.

Кілем жабдықтары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын орыны
Кілем тоқу әдіс - тәсілдері
Қазақ халқының кілем тоқу тарихы
Қазақ халқының қолданбалы ұлттық қол өнері
Қолданбалы қолөнер
Кілем тоқу өнері
Тоқыма өнерінің Қазақстанда дамуы
Қазақ қолөнері
Қазақ халқы ою - өрнегінің ішкі мәні
Мектепте қазақ қолөнерін үйретудің тәрбиелік мәні және әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz