Ана тақырыбының жазылу тарихы


МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ . . . 3-4
1. Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ
1. 1. Қазақ әйелін бейнелеудің шебер мүсіншісі . . . 5-10
1. 2. «Ана» тақырыбы - мәңгілік тақырып . . . 11-18
1. 3. Ғ. Мүсірепов шығармаларындағы «қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты . . . 19-22
1. 4. Ғ. Мүсірепов романындағы Ұлпан бейнесінің сомдалуы . . . 23-30
1. 5. Ғ. Мүсіреповтің сөз шеберлігі . . . 31-32
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33-35
ІУ. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . 36
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әрбір үлкен жазушы өзінің көркем шығармала-рында ғана емес, сонымен қатар туған әдебиет жайын ойлай отыра, атқарған өзге істерінде де, әдебиеттің жаңа, жас күштерін тәрбиелеуге, халықтың рухани қазынасының дәреже - деңгейін көтере беруге азаматтық борыш сезімімен келіп атсалысу бағытында да ерекше үлкен болуға тиіс.
Қазақ әдебиетінің негізін қаласқан көрнекті бір топ аға жазушыларымыздың халық алдындағы, қоғам алдындағы сіңірген ерен еңбектерін сүйсіне айтқанда, біз әрдайым осындай сан- саладан жылғалап келіп тоғысар мол жемісін жинақтап еске аламыз.
Қазіргі қазақ әдебиеті ордасының алғаш іргетасы қаланып, шаңырағы көтерілгенде, оның басы- қасында болған, сол кездегі жас қайраты мен тұнық тілегін біржола соған арнап, одан бергі жемісті ұзақ жылдарын бір соның жолына іркусіз жұмсаған - қадірменді жазушымыз Ғабит Мүсірепов.
Ғабит Мүсірепов - проза жанрының шебері. Ғ. Мүсірепов роман жазу үстінде тынымсыз құбылған көңіл- күй үстіндегі адамдарды, олардың тұңғиық рухани дүниесін, сырлы құпиясын суреттеуде үлкен шеберлікке қол жеткізген. Жазушы шығармашылығынан орын алатын роман жанрындағы туындылары өмірдің шындығы мен қазақ жері тарихының тереңіне сүңги білген зергер ұста соққан бұйым секілді әсер береді. Романда кейіпкер тілі мен автор тілін ажырата білу маңызды мәселе. Кейіпкер тілі оның әлеуметтік затынан, ішкі жан- дүниесінің психикалық қалыптасуынан бөлінбейді. Кейіпкердің ішкі жан- дүниесін, оның өмірге деген көзқарасын очеркші оның қандай да бір іске, өзге адамдармен қарым - қатынасы, өмір құбылыстарына саясат, ғылым мен жалпы өнерге деген қатынасы арқылы көрінуі мүмкін.
Ғ. Мүсірепов романдарын оқығанда негізінен жақсы әсер аламыз. Оның әрбір романы көркемдік шеберлігімен, идеялық ой- пікірінің салмақты да
маңыздылығымен есте қалады.
Зерттеу нысаны. Ғ. Мүсірепов шығармашылығындағы әйелдер бейнесі.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жазушының қазақ әдебиетіндегі роман жанрының дамуына қосқан мол үлесін айқындау. Ондағы әйелдер бейнесін тереңірек анықтап білу. Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық:
- Ғ. Мүсірепов романдарының тақырыптық- идеялық бағытын саралау;
- Ана тақырыбының жазылу тарихы;
- Ұлпан бейнесінің сипатталу деңгейі;
- «Қазақ әйелі» концептісінің лингвомәдени сипаты
Курстық жұмыстың дереккөздері. Ғабит Мүсіреповтің таңдамалы үш томдығы (Алматы, 1980) . Жарияланған мақалалар мен сыни- зерттеу еңбектер.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Шығармаларындағы мақалдардың жүйеленіп, мағынасына талдау жасау мен қазақ мақалдарын салыстыра талдауы.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстарын жазу барысында, жинақтау, талдау, жүйелеу, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Шығармаларды қысқаша мазмұндау және жазу шеберлігімен, идеялық ой- пікірінің салмақты да маңыздылығына назар аударуы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл жұмыс кіріспе, бір бөлімнен, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ғ. МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ
1. 1. Қазақ әйелін бейнелеудің шебер мүсіншісі - Ғабит Мүсірепов
Ғасырлар бойы тарихтың нелер бір қилы-қилы кезеңдерінде өзінің табиғи құдіретті қалпын сақтап, өмір үшін табанды да қажырлы күрескер бола білген, дүниеге тіршілік әкелуші ұлы күш - әйел, ана қауымының, соның ішінде тонның ішкі бауындай жақын қазақ әйелінің тағдыры жазушы Ғабит Мүсіреповті көп жылдар бойы толғандырып, олар жайлы перзент жүрегінің тебіренісіндей шабытты шығармалар жазуға жетелеп келе жатқаны көпке мәлім. Нәзіктік пен ұлылықты жырлаудың ғажайып үлгісін берген арғы - бергі әдебиет класссиктерінің, ең алдымен, А. М. Горькийдің
Ғабит Мүсіреповке жасаған ықпалы зор.
Әйел өмірінің терең сырларын жырлауды жалпы әдебиет атаулының ешқашан толастамайтын, үзілмейтін мәңгілік тақырыбы деп түсінген жазушы бұл тақырыпты шығармаларында бұрыннан бар ізді қайталамай, тың пікірлер айтып, өзіне ғана тән көркемдік бояу, келісті нақыштар табуға ұмтылған тарлан таланттардың бірі. Көркем сөздің кемеңгер алыбы Л. Н. Толстойдың бір кездегі «Жақсы әйел жақсы еркектердің қандайынан болса да жақсы, жаман әйел жаман еркектердің қандайынан болса да жаман» деген әйгілі қағидасына да Ғ. Мүсіреповтің өз тарапынан ойлана, толғана қарауына куә болғандаймыз. Жазушы Л. Н. Толстой пікірінің бірінші бөлімін, яғни дүниедегі жақсы әйелдер туралы айтылған тамаша ойын толық қолдайтынын білдірсе, ал, екінші бөліміндегі жаман әйел туралы пікірімен келіспейтінін де байқатты. Жазушы ең жаман деген әйелдің өзін де жаман еркектен жоғары, артық деп санайды екен. Бұл, әрине, жазушының таза субъективті талғамы, жеке пікірі.
Сұлулық пен дархандықты жырлауға, әсіресе, қазақ аналары мен қыздарының бейнесін жасауға, ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір айрықша характерге айналған олардың абзал қасиетін, ғажайып сыр -сипаттарын, жан- дүниесінің нелер бір құпияларын суреттеуге жазушы Ғ. Мүсірепов бүкіл өмірін түгел арнап, бар дарын күшін сарқа пайдаланды. Жазушының шығармашылық мұратына айналған бұл тақырыпқа жұмсаған оның күш - жігері текке кеткен жоқ. Әр кезде, әр тұста жазылған Ғабит Мүсіреповтің үлкенді - кішілі шығармаларында зергерлікпен сомдалған арулар, аналар бейнесінің тұтас бір галереясы жасалды. Жазушы үлкен шеберлікпен жасаған әйелдер бейнесі жұртшылықтың рухани серігіне айналып, сүйікті әдеби кейіпкерлер - типтік тұлғалар қатарынан берік орын алып отыр.
Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы әйелдер бейнесін тұтастай шолып қарағанда байқалатын жағдай: суреткер негізінен аналар мен арулардың ұнамды, типті кейпін сомдауды бірден бір мұрат еткен тәрізді.
Жазушы шығармаларында бірен - саран ғана болмаса (Айғайша, Жәуке) , әйелдердің ұнамсыз тұлғасы тым сирек ұшырайды. Барлық шығармаларында дерлік ол нәзік сезім иелерінің әр қилы жақсы қасиеттерін, алуан сырларын тебірене жыр етуді негізгі көркемдік мақсат етумен келді.
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы әйелдер бейнесін екі үлкен салаға жіктеуге болады. Бірінші, прозалық, драматургиялыық басты- басты туындыларындағы өзге кейіпкерлермен қатар суреттелген әйелдердің қадау- қадау көрікті тұлғалары. Олар: Баян («Қозы Көрпеш- Баян сұлу»), Жібек («Қыз Жібек»), Ақтоқты («Ақан сері - Ақтоқты»), Бану («Аманкелді»), Торғын («Болашаққа аманат»), Ақбота («Қазақ солдаты»), Назыкеш, Күнзила, Елизавета, Көқпей, Күңше, Жұбай («Оянған өлке»), Ақлима («Кездеспей кеткен бір бейне») . Бұлар - жазушының аталған белгілі шығармаларының идеялық мазмұнын байытып, көркемдік қасиетін арттыра түскен алуан түрлі сипаттағы арғы - бергі дәуірдің әр қилы өкілдері.
Екінші, жазушының осы тақырыпқа, яғни, арулар, аналар өміріне арнайы жазылған шығармаларындағы әдеби образдар. Бұған оның әр жылдардағы белгілі әңгімелері, очерктері, аудармалары және «Ұлпан» романы жатады.
Ана тақырыбына жазушының қашан келгені жұртшылыққа мәлім. Ол 30- жылдары А. М. Горькийдің ана тақырыбына жазылған әңгімелерінің ізімен алғаш рет екі-үш әңгіме («Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды») жазды. Одан кейін жазушы өзінің «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы» атты атақты әңгімелерімен туған әдебиетімізге жаңа леп, көркемдік өрнек әкелді. Жазушының осы шығармалары арқылы әдебиетімізде бұрын -соңды ұшырамаған адам мінезінің тың қырлары жарқырап көзге түсе бастады. Ұлттық әдебиеттің бар асылын бойына сіңірген суреткер, Горькийдің терең гуманистік, асқақ романтикалық шығармаларының игілікті ықпалымен аналардыың әдеби кесек тұлғасын биік талғампаздықпен сомдай түсті. Бұл туындылардағы аналар: Қапия, Нағима әділетсіздікке жауыздыққа қарсы күресіп, аршынды іс-әрекетімен, қажыр-қайратымен кім-кімнің де есінде қаларлықтай айқын бейнеленген. Олар жай бір қарапайым жағдайда емес, халық өмірінің тарихи кезеңдеріндегі (1916 жылғы қазақ халқының көтерілісі, еліміздегі азамат соғысының қаһарлы жылдары) өршіл ісімен, өткір де отты мінезімен көрінеді. Шығармадағы кейіпкерлер тұлғасын тарихи оқиғаның ауқымында ала отырып, жазушы оның жинақтаушылық, типтік қадір - қасиетін арттыра түскен.
Ғ. Мүсірепов ана, әйел тақырыбына шығарма жазуды үзбей, бұдан кейін де жалғастыра береді. Бірақ, бір кездегі өзінің ізіне қайта түсіп шиырлауға бармай, көркемдік ізденістің соны өлкесіне, тың өрісіне жол тартты. Яғни өзінің шығармашылық басты мұраты: әйелдер бейнесінің жаңа қырларын, мінез- харекеттерінің тың сипаттарын көрсетуге ұмтылды. Олардың бейнесін сомдауға жаңа көркемдік құрал, соны бояулар таба білді. Бұған оның Ұлы Отан соғысы жылдары жазған «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері толық дәлел. Бұл шығармаларда суреттелген Наталья, Ақлима алдыңғы кезеңдегі ана бейнелеріне әрі ұқсас, әрі өзіндік тың қасиеттерімен көрінген жаңа образдар. Отызыншы жылдарғы әңгімелердегі Қапия, Нағима романтикалық леппен суреттелген, негізінен аршынды іс - әрекетпен көрінетін эпикалық бағыттағы кейіпкерлер болса, Наталья, Ақлималарды жазушы реалистік жарқын бояулармен көрсетуге күш салды. Жазушы өршіл, асқақ іс -әрекетімен қатар кейіпкердің ішкі дүниесінің, сезім әлемінің байлығын терең көрсетуге барды. Тосын оқиға, айрықша жағдай үстіндегі әйел мінезінің ғажайып сипатын бейнелеп берді. Кейіпкердің бойына қоғам дарытқан абзал адамгершілігін, жан - дүниесінің мөлдірлігін, отаншылдық сезімінің ірілігін үлкен суреткерлікпен тебірене толғады.
Ал, Ұлы Отан соғысынан кейінгі әңгімелерінде жазушы қарапайым замандастарымыздың бүкіл әлемге, келер ұрпаққа үлгі - өнеге болатындай, қызығып, тағылым аларлықтай қадір- қасиеттерін әдемі де әсерлі етіп бейнелей түсті. «Әмина», «Айгүл қойшының бір күні», «Айжан қойшының түндері»шығармаларындағы әйелдер де ойдың, істің адамы, еңбектен ғана бақыт тапқан, ел қамын ойлайтын қоғам қайраткерлері. Осы кейіпкерлердің асыл қасиеттерін, ізгі жүректің гуманистік нұрлы сипаттарын сөз өнерінің сиқырлы ғаламат күшімен жақсы бейнелеп берген. Әсіресе, қарапайым әңбек адамының ішкі дүниесінің жарығын, қоғамға қалтқысыз беріле қызмет етіп жүрген олардың төзімділігін, табандылығын нанымды деталь, ұтқыр штрихтар арқылы мүсіндеуде үздік шеберлік танытты.
Жазушының соңғы кезге дейін өзінің сүйікті тақырыбына үзбестен қайта-қайта оралып қалам тербеумен келе жатқаны жұртшылыққа аян. Бұған қалың оқырман қауымының жылы ықыласына, үлкен ілтипатына бөленген 1981 жылы жазылған «Атақты әнші Майра» әңгімесі толық дәлел. Бұл әңгімесінде жазушы тарихи фактіге, халыққа белгілі адамның өміріне сүйене отырып, қазақ әйелінің өнерпаздық тұлғасын оның адамдық қасиетімен ұштастыра отырып әдем суреттеп берді. Әңгімедегі өнер жұлдызы Майраның көрікті портреті, ішкі жан-дүниесінің жарқылы көркем сөз құдіретімен оқырман зердесіне нұр болып құйылып жатады. Әдемі де әсерлі суреттеулер арқылы жазушы Майраның жан дүниесінің тазалығын көңілге ұялатып отырады. Өмір толқынын кешкен өнер адамының өзіндік кейпі, көңіл күйінің нәзік сырлары әңгімеде шынайы қалып тапты. Майраның махаббаты, ұнату, сүю, жек көру сезімдері, мінезінің, жан дүниесінің әр алуан иірімдері шым-шымдап берілген деталь, штрих, эпизод- көріністер арқылы әр түсті көркемдік бояулармен әсем өрнектелген. Жазушының бұл әңгімесі оның көрікті шығармаларының қатарын лайықты түрде молықтыра, толықтыра түсті.
Біз сөз етіп отырған тақырыпқа арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де «Ұлпан» романы. Өзінің бар адамгершілігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер күшінің молдығымен романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби образ. Ұлпан өмірінің хикаясын шерте отырып, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың қоғамдық, әлеуметтік өмірінің айқын суреттерін жасағаны мәлім.
Әрине, романдағы орталық та басты кейіпкер - Ұлпан.
Әр заманда жеке халық тарихының айрықша құбылысы болып, шолпан жұлдыздай жарқ ете түсетін төтенше дарынды жарқын тұлғалар болатыны аян. Ұлпан өткен ғасырдағы қазақ топырағында пайда болған сондай ғажайып құбылыс еді. Жазушы ел өміріндегі тарихи фактіні ала отырып, өзінің суреткерлік қарымымен халықтың ақыл-ойының типтік көрінісіндей адам характерін үлкен зергерлікпен жарқыратып сомдап берді.
Романдағы Ұлпан - негізінен реалистік тұлға. Оның бүкіл бойынан сол өткен феодалдық дәуірдегі қазақ әйелінің ең жарқын, ең ең асыл қасиеттерін көру қиын емес.
Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Романдағы Ұлпан - сол қанаушылар билеген көне замандағы халық өмірінің шынайы сипатын танытатын, жинақтаушылық күші мол, әдебиетіміздегі шын мәніндегі типтік образ. Ұлпан бойындағы барлық абзал қадір- қасиеттер ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ әйелінің ерекше тұлға- бітімінің айқын да жарқын көрінісі екені кәміл.
Жазушы Ғабит Мүсіреповтің бүкіл шығармашылығында қазақ әйелін суреттеу мәнерінің өзіндік ерекшелігі, белгілі бір заңдылықтары бары да анық. Оның шығармаларында әр дәуірдің, әр кезеңнің өкілдері кездеседі. Олар өзара бірімен- бірі іштей жалғасып, табиғи тұтасып келіп, көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ әйел бейнесінің көркем әдебиеттегі тұтас бір шоғырын - галереясын көз алдымызға алып келеді. «Ананың анасы» әңгімесіндегі суреттелетін көне заман өкілі мен соңғы шығармаларындағы еңбек, өнер адамдарының арасындағы тарихи жалғастық дәлелдейді.
Жазушы шығармаларындағы әйелдердің есте қаларлықтай мейлінше толық та айқын бейнеленуінің бір сыры мынада: олардың қай-қайсысы да қандай тарихи кезеңде болмасын өздеріне де, өзгеге де қатал сын боларлық айрықша бір іс- әрекетімен көрінеді. Өмірдің төтенше де ауыр, қатал ситуацияларынан абыроймен шығады.
Жазушының бұл тақырыптағы шығармаларының идеялық мазмұны терең болумен бірге көркемдік қалпы да мінсіз, сымбатты екенін көреміз. Шығарманың сюжетіндегі өткірлік, композициялық бітімінің хас шебердің қолынан шыққанындай ажарлылығы кейіпкерлердің монолог, диалогіндегі шешендік, суреттеу мен баяндау тіліндегі бейнелілік - бәрі-бәрі бір-бірімен қиыннан қиысып өрнек салатыны барша қауымның айызын қандырып отырады.
Әйелдер өмірі жайлы жазушы туындыларының ең басты көркемдік сипаты- әр дәуірдің, заманның тынысына сәйкес, бірін- бірі қайталамайтын, дараланған типтік бейнелердің жасалуында. Бұған қоса олардың тағы бір ерекшелігі ұлттық характер болып сомдалуында болса керек. Сонымен қатар жазушы мүсіндеген әйелдер бейнесінің интернационалдық қадір- қасиеті де айқын. Оның шығармаларының кейіпкерлері тек қазақ қана емес, әр ұлттың да өкілдері болып келетінін білеміз. Әйелдер тақырыбындағы шығармаларда жырланған терең идея, үлкен тағылым ұлттық шеңберден кеңірек биікке кө- терілген. Бүкіл адам баласының жүрегін тербеп, санасына әсер ететін барша қауымға ортақ мәңгілік идеал (адалдық, адамгершілік, ананың, әйел атаулының ұлылығын ардақтау, жауыздықты, зұлымдықты әшкерелеу, соғыс апатына лағынет айтып, бейбітшілікке үндеу т. б. ) жазушы шығармаларының негізгі лейтмотиві (құлақ күйі) болып келеді.
Үздік суреткерлік өнермен, ақындық шалқар шабытпен мүсінделген Ғабит Мүсірепов шығармашылығындағы арулар мен аналар образының бүкіл көп ұлтты қазақ әдебиетінен алатын орны да үлкен.
Әйелдер тақырыбындағы жазушы шығармаларының идеялық, тәрбиелік мәні аса жоғары. Жазушының бұл саладағы қай-қай туындысын оқыған адамның іштей тазарып, сезім дүниесінің ірілене, тереңдей түсетіні, арманы қанаттанып шыға келетіні анық. Бұл жазушы шығармаларының идеялық- көркемдік күшінің заңды нәтижесі болса керек. Өйткені ғабит мүсіреповтің бұл бағыттағы шығармасы да туған әдебиетіміздің классикалық дәрежеге көтерілген інжу- маржаны.
1. 2. «Ана» тақырыбы - мәңгілік тақырып
Ғ. Мүсіреповтің мол шығармашылығы қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі барлық оқырмандарға мәлім. Жазушының әңгімелері 1928- жылдан бастап жазылған жаңа адамды, жаңа дәуірді, жаңа психолгияны, жаңа қарым- қатынасты суреттеу жолында әңгіме - новеллелардың шеберлігін, идеясын, композициясын көріп, пайдаланған көркем қүұралдарын ашып, ұлы суреткердің диалог, портрет, лирикалық шегініс, тіл арқылы асқан шеберліктерін көрсету, ана туралы, әйел тақырыбы мен әдебиетте адамзатқа ананың күшті рухын, әдемілігін, жоғары сезімдерін ашып көрсету, ерекше жоғары эстетикалық дәрежеге көтерілді.
Ғ. Мүсірепов шығармаларын жазғанда кейіпкерлердің, әңгімелеуші-лердің халық тілімен сөйлегендері, сөздік қоры сондай өміршеңдігі, шыншылдығы, тіл байлығы көрінеді. Суретшінің тіл сиқырын толық ашпасақ та, тіл байлығын, шындығын ашып көрсету де үлкен міндет болып табылады.
Әр ана туралы әңгімеде әйелдердің типтік бейне, адамзатты, ананы құрметтеу, жоғары бағалау, ананың психологиясын, ерекше сезімдері мен сүйіспеншілігін ашып суреттегені әдебиетке қосқан үлкен үлес деп танимыз.
«Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» қазақ топырағында көктеген туындылар. Атақты циклдің дүниеге келуіне жазушының табиғи таланты, ізденімпаздығы негізгі себеп болса керек.
Ғ. Мүсіреповтің шығармашылық ізденуінің ең бір жемісті қадамы оның әңгіме, новеллаларынан көрінеді. Бұл жолда Ғ. Мүсірепов басқалардың ізін қуаламай, өз соқпағын табуға талаптанған. Әсіресе, оның ұстаз тұтып, үлгі алғаны - орыстың озық әдебиеті. Жазушының алғашқы әңгімелері тақырыптық жағынан алуан бола тұрса да жазылу мәнері, тәсілі тұрғысынан көптеген ұқсастықты танытады. Мұны, әсіресе, оның «Ана туралы әңгімелерінен » анық байқаймыз.
Қазақ совет әдебиетінің қалыптасу дәуірінде орыс әдебиетінің айрықша ұстаздық роль атқарғандығы белгілі. Жазушыларымыз орыс классиктерінен өмір оқиғаларын суреттеуді, күрескер адамның бейнесін жасауды үйреніп қана қоймай, кей жағдайда олармен тікелей тақырыптас, үндес шығармалар да жазды. Соның бір мысалы Ғ. Мүсіреповтің «Ана туралы әңгімелер» циклі. Мұның пролетариат әдебиетінің атасы А. М. Горькийдің ықпалымен жазылғандығы анық. Әлем әдебиетінде тұңғыш рет күрескер, өршіл, оптимист ананың бейнесі А. М. Горькийдің шығармаларында жазылып еді. Ол өмірден жабыққан, тарыққан, жасып қалған аналарды емес, өз бақыты үшін, ел бақыты үшін күресе білетін ер аналардың іс - әрекетін жырлаған. Міне, Горькийдің осы өнегесі Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерінен де анық көрінеді.
Жазушы әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел - Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел - Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол «Ананың анасы» (1933), «Өлімді жеңген ана» (1933), «Ашынған ана», «Ананың арашасы» (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944), «Ұлпан», «Әмина», «Ана жыры», «Ана» шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М. Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.
Ана туралы тақырыпқа баруы А. М. Горькийдің әсерімен болғандығын автордың өзі былай деп мәлімдеген: «Горькийдің тақырыбын, жазу әдісін ұғынам деп талаптанғанымда ұшы-қиыры жоқ кең байлықтың ішіндегі ең бір негізгі саласы - күшті адам екен деген қорытындыға келдім . . . Құлақта ертеден бір әңгімелер жүретін еді. Горькийдің аналарын қайта бір оқығанда, сол әңгімелерім тіріле бастады. Көп ойланбастан - ақ Горькийдің аналарында да, өзімде де бар әңгімелерді де қағазға түсірдім».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz