Мақалдар жарысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым министрлігі

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қазақ тілі және оны оқыту кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту

Орындаған: Мырзатаева Д. А.

ҚБ-3 курс студенті.

Тексерген: аға оқытушы

Құрманова А. Қ.

Көкшетау 2006

Жоспар.

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім. Мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.

2. 1. Мақал-мәтелдердің мәні. Қолдану тәсілдері.

2. 2. Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолдану.

2. 3. Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2. 4. Сабақ жоспары.

III. Қорытынды.

IY. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I. Кіріспе.

Қазақ халқы басқа халықтар секілді, жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін тудырып, солар арқылы тұрмыс-тіршілігінің әр алуан жақтарын суреттеген; қоғамдық өмірін, дүниеге көзқарасын, таптық күресін, арман-мүддесін бейнелеп көрсеткен. Осы негізге туған және ауыз әдебиетінің күрделі бір түрі деп халықтың мақал-мәтелін айтамыз.

Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалған, ерте заманда туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқа, бұл жолда әрт түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріліп, жаңарып отырған.

II. Негізгі бөлім.

2. 1. Мақал-мәтелдердің мәні, қолдану тәсілдері.

Мақал-мәтелдер-ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл өнегесі мол көрініс тапқан.

Мақал-мәтелдер ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен-үлкен түйін жасалады, халықтың ғасырлар бойы тәжірибесі қорытылады.

Мақал-мәтелдер-шешендік өнердің бір үлгісі. Олар сөздік құрамының байлығын, тереңдігін байқататын тілдік көрсеткіштердің қатарына жатады. Мақал-мәтелдер әр алуан тақырыптарды қамтиды: Отан, достық, ынтымақ, махаббат, еңбек және халық туралы көптеген мақал-мәтелдер тілімізде кеңінен қолданылады.

Халық даналығын үлкен ойды аядай қалыпқа сиғызып, асқан шеберлік танытқан. «Көп сөз-көмір, аз сөз-алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақтылы, ықшамдылық, үндіәлік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда басы артық бір бөгде сөз жоқ. Барлығы өз орнында. Мысалы: «Ер -дәулеті еңбек». Мұндағы негізгі ой еңбек құдіретін білдіру, еңбек бүкіл үгілік көзі деу. Ой қазығы еңбек болған соң, мақалда «е» дыбысы ерекше естіледі. Мақалға создылық, үнділік беріп тұрған да сол. Дәулет сөзінің мақал бітіміне кіруі де осыған байланысты. Оның орнына ырыс, байлық, молшылық тағы басқа сөздерді ала алмаймыз. Онда мақал поэтикалық қасиетініе айрылады.

Мақал-мәтелдерде халық сөзді барынша үнемдеп қолданған. Кейде тіпті, сөз тастас та кетіп отырады. Бірақ онан мақал-мәтелдің мазмұнына ешқандай нұқсан келмейді. Мысалы: «Ақыл жастан, асыл тастан» дегенде, «шығады»сөзі қалып қойған, бірақ одан мақал ойсырап тұрған жоқ.

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерде халықтың сан алуан өмір құбылыстары қамтылған, тақырыптары да әр түрлі болып келеді.

Мысалы: «Білімді өлмес-қағазда аты қалар, ұста өлмес-істеген заты қалар». «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Ағаш тамырымен, адам жолдасымен мықты» тағы басқа.

Мақал мен мәтел бір-біріне ұқсас, алайда бұл екеуі бір түсінік емес, олардың аз да болса белгілі бар. Ол айырмашылық ойды түйіндеуден және құрылымы жағынан көрінеді. Мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады, құрылымы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе береді, алдынғы ой екінші ойдың шарты түрінде көрінеді. Мысалы: «Мезгіл іжетсе, мұз да ерір», «Қалауын тапса, қар жанар», « үгіден түңілме» тағы басқа.

Ал мәтелдерде аяқталған тиянақты ой айтылмайды, құрылысы жағынан олар сөйлемдік дәрежеде болмай, бірнеше сөздердің тіркесі түрінде де келе береді. Мысалы: «Орақ ауыз, от тілді», «Қой семізі-қойшыдан», «Көптен көрген-ұлы той».

2. 2. Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді қолдану.

Тіл пәнін үйретудің оқытудың сол тілде сөйлеуді қалыптастырудың, дамытудың негізгі құралдары-оқу жоспары, оқыту бағдарламасы және шеберлігі, жаңашылдығы. Тіл үйрету үшін оқушылардың жеке ерекшеліктерін, зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу қажет. Әр оқушылардың қабылдауы мен ойлауында жеке басына тән толып жатқан ерекшеліктері болады. Сондықтан кез келген сабақта қайсы оқушылардың нені білмейтінін және оған көмектесу үшін не істеу керек екендігін жүйелі түрде есепке алып отырады. Құрғақ жаттату емес. Сол сөздердің мағынасын саналы түрде ұғындырып, ауызша және жазбаша қолдана білуге тыңдаушыларды үйреткенде ғана іс нәтижесі болады.

Қазақ тілінің қыр-сырын оқушыларға грамматиканың қалыптасқан тек қасаң, құрғақ қағидаларына сүйеніп қана оқытуға болмайды. Себебі, бұлай оқыту оқушыларды жалықтырып жібереді, әр жаңа мағлұматтарды толық игеруе ешқандай мүмкіншілік жасалмайды. Сондықтан да сабақтың мазмұнды, қызықты өтуі үшін оны түрлендіріп отыру керек. Оқытудың түрлі тәсілдерін тиімді пайдалану үшін әр түрлі таблицалар, үлестірмелі кариочкалар, мақал-мәтелдер, қазақша өлеңдер, диалог түрлерін сабаққа енгізіпотырған жөн. Сонда сабақ тартымды, өз деңгейінде өткендей болады . Мысалы: мақал-мәтелдерді қолданып отыру дағдысын қалыптастыру, шағын мазмұндама жазғызу арқылы тіл дамыту, мақалды жаттату және мазмұнын өз сөздерімен айтқызу ретті жерлерінде қолдана білуге, мәнерлеп оқуға, сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрастыра білуге үйрету.

Мақал-мәтелдерді бергенде мағынасын екі тілде бірдей түсіндіріп, қатар беріп отыру керек. Тақырыптары: «ата салтың - қалыпты қалпың», «Халқын сүйген- салтын да сүйеді», «Туыстық атаулар», «Қонақ күту дәстүрі», «Әдет-ғұрыптардың түрлері» тағы басқа.

Осы тақырыптарды өткенде грамматикамен байланыстырып отыру керек. Мысалы: тәуелдік жалғауды өткенде атауларды түсіндірі, «Өзім туралы» деген қысқаша тақырып беріп және өздеріне үйге жазып келуге тапсырма беру. Мысалы: «Ата көрген-оқ жонар, ене көрген-тон пішер», «Жігіттің жақсысы-нағашысынан, үйдің жақсысы ағашынан», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар», «Жиен ел болмас, желке ас болмас» тағы басқа.

Қазақ халқы әдебиеті мен мәдениеті жөнінен, ұлттық тәрбиесі тұрғысынан өте білгір ел болған. Қазақ тілі сабағында мақал-мәтелдерді өтумен бірге халық даналығынан туған нақыл сөздерді, өсиет-насихат сөздерді, билердің талғауларынан, шешендік нақыл сөздерінен де үзінділер беріледі. Әсіресе, Абайдан, Төле, Қазыбек билерден берілген тәрбиелік мәні бар шешендік сөздерді оқып, жаттап жазғанымызда, балалар қызығып, үнемі таңғалып отырады. Әр мақал-мәтелдердің өзінде ұлттық тәрбие, дәстүр, ой-өрісі, әдет-ғұрыптары бар екеніне көздері жетті. Әр тақырыпты өткенде мазмұнына қарай мақалдар іріктеледі.

Тілді жете меңгеру дыбыстар мен сөздерді, сөйлемқұруды үйретумен ғана жүзеге аспайды, әр халықтың тілін жетік білу, оның әдебиеті мен мәдениетін, өнерін жақсы игерумен ұштасып жатады. Өз халқының әдеби мұрасын оқу арқылы ана тілінің сөздік құрамын, оның этимологиясын, даму заңдылықтарын жете меңгереді, сөз байлығын толықтырады. Қазақтың мақал-мәтелдерін үйретіп, оны сөйлеу барысында ретті жерлеріде қолдануға үйрету керек.

Мұғалім қандай да болмасын, бір текспен жұмыс жасау барысында ол мақал-мәтелдердің ішінен өтіп отырған материалының мазмұнына сай келетіндерін іріктеп пайдаланады.

Немесе олардың кейбіреулерін үйге оқуға не жаттауға тапсырады. Мысалы, «Елдің ері» әңгімесін оқығаннан кейін, оқулықтағы мақал-мәтелдердің ішінен: «Ерлік білектен емес, жүректен», «Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады» Немесе И. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын оқығанда «Өзі айлакер, өзі бір қу, жүрген жері бір айқай-шу» жұмбағын жаттатып, оның мәнісін түсіндіре кетудің яғни оның жүрген жері неге айқай-шу болатынын сұрап, анықтай отырудың артықшылығы жоқ.

Мақал-мәтелдер мен жұмбақ бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан, сөздік қорын байытады.

К. Д, Ушинский бастауыш мектеп балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта кетіп, оның қысқа да дәл және халықтың тамаша байырғы тілімен қандай да болмасын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.

9-сыныпта құрмалас сөйлемді өткен кезде жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрастырумен қатар, мақалдарды құрмалас сөйлемретінде алуға болады.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер:

  1. Екпін арқылы;
  2. Жалғаулық шылаулар арқылы;
  3. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тұлға тиянақсыз болғандықтан, келесі құрмаласа байланысады. Мысалы,

Алтау ла болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді, -

деген сияқты мақалдарды беруге болады. Салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің баяндауыштары әр түрлі сөзден болумен қатар, кейде бір сөздің қайталануы арқылы да жасалады деп, мысал ретінде мына мақалдарды ұсынайық: 1. «туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», 2. «Жаз арбаңды сайла, қыс шанаңды сайла».

Баяндауыштары бір сөздің қайталануы арқылы жасалған салалас құрмаластарды ықшамдап айтуға болады Мұндай сиыстыру әсіресе мақал-мәтелдерде көбірек кездеседі. Мысалы, жоғарыда берілген мақалдардың бірінші жай сөйлемдеріндегі баяндауынштарын алып тастап: 1. Жаз арбаңды, қыс шанаңды сайла деп жиыстырып айтқызайық. Қарсылықты салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықтармен және баяндауыштары көбінесе антоним сөздерден, болымды-болымсыз формадағы сөздерден жасалып, жалғаулықсыз іргелесіп те байланысады. Мысалы, 1. Көз қорқақ , қол батыр . 2. Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемге келгенде:

  1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. (Абай)
  2. Сын түзелмей, мін түзелмес.
  3. Бірлік болмай, тірлік болмас(-й жұрнақты көсемшенің болымсыз (ма, -ме) түрінен жасалған) мақалдарды беру арқылы құрмалас сөйлемдердің жасалу жолын түсіндірумен қатар, ұлттық болмысымызды айқындайтын ауыз әдебиеті үлгілерін, оның ішіндегі мақал-мәтелдерді оқытуға айрықша көңіл бөлуге және сабақтың алғ, а қойғаноқыту мақсатын тәрбиелеу мақсатымен ұштастыруға болады.

Мақалдар:

  1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнін жоқ.
  2. Оқу білім бұлағы, білім өмір шырағы.
  3. Оқу инемен құдық қазғандай.
  4. Ақыл озбайды, білім тозбайды.

Мақал-мәтелдер бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол.

Мұндай сабақ ұйымдастыруда оларды белгілі бір тақырыпқа арнап, іріктеп, топтап алады.

Мақал-мәтелдер тәрбиелік мәні күшті, балаларды жақсылыққа баулып, жамандықтан аулақ болуға үгіттейтін өнегелі сөз. Сондықтан әр мақалдың мағынасы талданып, соған қарай белгілі бір қорытынды жасалады.

2. 3. Мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың

эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін дамытуда мақал-мәтелдердің маңызы зор. Оның мазмұны ата-бабаларымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамтып отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, көзқарасын дамытады. Осыған орай көптеген ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу еңбектерінде сөз болған мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні жөніндегі пікірлеріне көңіл аударғанымыз дұрыс болады. Мәселен, Б. Адамбаев «Халық даналығы» (А, 1976ж. ) деген еңбегінде : «Әр халықтың мақалы мен мәтелі сол халықтың өзі жасап алған логткалық формуласы ережесі. Ол кез келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге арналады. Сөйтіп көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады» деп мақал-мәтелдердің мінез-құлық мәдениетіне, өнерге, әдебиетке деген негізгі талаптарын тұжырымдауға болатынына тоқталса, белгілі ғалым С. Ұзақбаева «Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру» (А, 1988) деген еңбегінде: «Музыкалық-эстетикалық тәрбие құралдарының бірі бола отырып, мақалдар мен мәтелдер ауыз екі халық шығармашылығының басқа да жанрлары сияқты халықтың сан ғасырлық даналығын, балалар мен жастарды тәрбиелеу тәжірибесін, қазақтың халық педагогикасының аса маңызды идеяларын өз бойынша жинақтап қорытқан» деп оқушылар тәрбиесіндегі мақал-мәтелдердің маңызын ашып көрсетеді.

Мақал-мәтелдер өмір құбылыстарының барлық саласын қамтитын болғандықтан, оның тақырыбы да сан алуан болып келеді. Адамдардың күнделікті өмір тіршілігінен бастап, қоғамдық өмірдің алуан түрлі сыр болмысын бейнелейді.

Мәселен, Отан туралы.

«Өз елің -алтын бесігің», «Отан үшін отқа түс күймейсің », «Отан оттан да ыстық», «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»

Ерлік туралы.

«Ер жігіт үйде туып, түзде өледі», «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел ақтар».

Өнер-білім туралы.

«Өнерді үйрен де жирен», «Өнершінің өзегі талмас», «Білімді мыңды жығар,, білмекші бірді жығар».

Еңбек туралы.

«Еңбек түбі-береке, көптің түбі-мереке», «Еңбек етсең емерсің», « Бейнет түбі-зейнет» тағы басқа.

Мақал-мәтелдерде айтар ойды әсерлі жеткізу үшін сан алуан көркемдеу құралдарын (теңеу, эпитет, метафора, метонимия) қолданылады. Мысалы: «Жақсы жігіт-жағадағы құндыз, жақсы қыз-көктегі жұлдыз», «Жаман тұқым егінді былғайды, жаман басшы елді былғайды» тағы басқа. Мұндай орынды қолданылған бейнелеу (мақалдың)

Құралдары мақалдың атарын ашып, ой өткірлігін арттырады, оқушылардың бойында мәдени дағдыларды қалыптастырады. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер оқушыларды сөз қадірін білуге, айналадағыларға мейірбан, кеңпейіл, сезімтал болуға, жақсы мен жаманды, қас пен ждосты ажырата білуге, халық шығармашылығының інжу-маржанын бағалай білуге баулиды.

Бастауыш сынып оқушыларының өмір тәжірибесі аз, ал олардың бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыру мақсатында айтылатын мақал-мәтел, ақыл-насихат, өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болуы керек.

Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін тәрбиелеу жөніндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оның оқушылар тәрбиесінің жалпы міндеттеріне сәйкес үлгі тұтарлықтай мазмұнын белгілеп, нақты талаптарын анықтау керек.

2. 4. Сабақ жоспары.

I. Сабақтың тақырыбы.

II. Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік. Оқушыларға ата-бабамыздың асылын қазіргі ұрпаққа түсіндіріп, білімдерін кеңейту;
  2. Дамытушылық. Ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту ой қорытып нақты шешім жасауға үйрету;
  3. Тәрбиелік. Сауаттылыққа, шешендікке үйрету, елін, жерін сүюге, еңбекке, адамгершілікке, ұлағат, парасатізгілікке тәрбеилеу.

III. Сабақтың барысы: а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу

б) Сыныпты сабаққа даярлау.

Пайдаланылатын көрнекілік: плакат

Мақал-мәтелдер деген тақырыпты оқушылармен тереңдете қызықты, ойын түрінде өткізуге болады.

Тақтаға ұлы адамдардың сөздері мақал-мәтелдер жазылады. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Өнер алды қызыл тіл» тағы басқа.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз – халық педагогикасындағы тәрбиенің құралы
Мақал-мәтелдер-халық творчествасының төл жемісі
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Мақал - сөз анасы
Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді балабақшада пайдалану
Мақал мен мәтелдің өзіндік ерекшеліктері
Мақал - мәтелдер арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу тәсілдері
Бесік жырының тәрбиелік мәні
Отбасындағы тәрбие
Фольклор материалдары этнопедагогакалық ғылыми-зерттеу объектісі ретіндегі ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz