Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе.
3
Кіріспе.: 1 Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы
3: 9
Кіріспе.: 1. 1. Оңтүстік Қазақстан Ресей мен Англияның орта Шығыстағы сыртқы саяси стратегиясында
3: 9
Кіріспе.: 1. 2. Сырдария бойында Ресей әскери шебінің құрылуы
3: 13
Кіріспе.: 2 Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы
3: 18
Кіріспе.: 2. 1. Аймақтың Ресей билігіне көшуі
3: 18
Кіріспе.: 2. 2. Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы
3: 21
Кіріспе.: 2. 3. Арал өңірі қазақтарының XIX ғасырдағы Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
3: 24
Кіріспе.: Қорытынды
3: 30
Кіріспе.: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 34

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: XIX ғасырдың II-жартысындағы Патшалық Ресейдің қазақ халқын экономикалық, рухани, мәдени отарлау саясаты тәуелсіз Қазақстан тұрғысында Отан тарихының ақтандақ беттерінің бірінен табылады. Оның негізгі бағыттары қазақ халқын оқу-ағарту, орыс шаруаларын қатарластыра орналастыру жолымен орыстандыру, шоқындырып-христиандандыру, жергілікті халық санасына ықпал етіп, тұрмыс-тіршілігіне өзге діл, жат психологиялық бетбұрыс - Еуропалық мәдениетті ендіру арқылы жүзеге асты және оның зардаптары күні бүгінге дейін сезіліп отыр. Ал өлкедегі патшалыктың рухани-мәдени, экономикалық отарлау саясатын ертерек сезінген төре-сұлтандар, ақсүйек тобы өкілдері мен қазақ зиялылары табан тірісіп қарсы тұра алмады, және де қарқыны күшті империялық саясат оған ешқандай мүмкіндік те бермеді. Мұндай мәселелердің барлығы Кеңестік дәуірде Қазақстанның патшалық Ресей құрамындағы кезеңінің тарихнамасында рухани, мәдени, экономикалық отарлау саясаты деп айтпақ түгелі, тіпті қазақ халқының экономикалық дамуы жолының өзі "таптық көзқарас тұрғысынан, тек кеңестік кезеңнің ыңғайына жығылып, сыңаржақ марапаттау тұрғысынан ғана баяндалғаны белгілі".

Күні бүгін Тәуелсіз Қазақстан тұрғысында қазақ халқының экономикалық даму тарихы және бүгінгі ұрпақтың ұлттық рухани санасын жаңғырту мемлекеттік деңгейде көтеріліп отырған маңызды салалардың біріне айналды. Бұл бағытта ел басы Н. Ә. Назарбаевтың өзі: "- Кеңестік ұлттық саясаттың барлық қателіктері қазактардың бұқаралық санасында келе-келе орыстармен байланыстырыла бастағанын байқадым . . . Тұрмыс дағдысын бір ізге салу, біздің төл-тума мәдениетімізді, әдет-ғұрыпымыз бен дәстүрлерімізді тұмшалау, ұлттық тарихты өз бетінше кесіп-пішу, әрі мұның бәрін Ресейдің үлгісі мен орыс тілінің негізінде жүзеге асыру салқынын тигізбей қоймайтын еді" [1], - деп ашық жазды.

Қазақстандағы XIX ғасырдың II-жартысындағы реформалар - патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылды. Өйткені, ол әкімшілдік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылыс, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші экономикалық, рухани-мәдени салаларының барлығын қамтыды.

Осының бәрі бүгінгі танда тарихи өткен кезеңге обьективті тұрғыда қарауды, жаңа көзқарастарды тиянақтауды талап етеді. Өйткені, халықтың мындаған жылдар бойғы тар жол тайғақ кешуін, асыл қазынасын, бостандығы мен зердесін, адамның негізгі құқықтары мен сенімін, қазақ елінің экономикалық қатынасын қамтиды. Өзге халықтарға да осы құндылықтары арқылы танылады. Зерттеу тақырыбымыздың ұлттық экономикалық мәселелерді игеруде септігін тигізіп, қоғам дамуыңда тарихты меңгеруге септігін жасайтындығы даусыз.

Ендеше ел басы мен қазақ зиялы қауымының назарға алып отырған негізгі мәселесі: бүгінгі саналы ұрпақты тәрбиелеу мәдениеті пен рухани құндылықтарды, ұлттық сананы жаңғыртуда, өткен дәуірдегі ұлттық тарихын зерттеу, оның экономикасын, бастан кешкен бар ауыртпашылығын зерттеу, оны дәріптеудегі сұраныс пен мемлекеттілігімізді қалыптастыруда, тіліміз бен ділімізді сақтап, құрметтеуде зерттеліп отырған XIX ғасырдың II-жартысындағы отарлау саясатының негізгі бағыттары мен көріністерін айқындау жэне зерделеу халқымыздың төл тарихын шынайы тұрғыда таныту қажеттілігінен туындап, үндесіп отырғандығы өзекті мәселелердің бірінен саналады.

Курстық жұмыстың тарихнамалық негізі: Патшалық Ресейдің саяси отарлау саясатының зерттелу тарихнамасы тақырыптың күрделігіне қарай төрт кезеңге бөлініп қарастырылған.

1 кезең: 1731 жылдан - 1867-1868 жылдардағы реформаға дейінгі аралықта жүргізілген Қазақстанды саяси тұрғыдан барлау экспедицияларының жұмыстары барысында жазылған қолжазбалар, мәлімдемелер, күнделіктер, статистикалық мәліметтерді қамтиды.

2 кезең: 1867-1868 жылдардан - 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін жарық көрген тарихи, саяси-экономикалық, геотопонимикалық, ғылыми ізденістер негізінде жазылған еңбектерді құрайды.

3 кезең: Кеңестік дәуірдегі зерттеу еңбектері

4 кезең: Тәуелсіз Қазақстан жағдайында жарық көрген зерттеулер (1991 жылғы желтоқсаннан күні бүгінге дейін) .

ХҮІІІ ғасырдың басында қазақ даласын қоршап, бекініс, қамалдарды көптеп салып, оларды орнықтыру жэне казак-орыс әскерилерін орналастыру барысында, жеделдетіліп қазақ жеріне әскери барлау экспедициялары аттандырылады. Оларға қазақ хандығының территориясын, әскери-саяси жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық құрылысын анықтаумен қатар түрғындарының мэдениетін, психологиясын зерттеу міндеттеледі. Алдымен 1734-1737 жылдары И. К. Кирилловтың экспедициясы жіберіліп, нэтижесінде оның "Цветущее состояние Всероссийского государства" [2] атты еңбегі жарық көреді. Бұл мәліметтерді Орынбор экспедициясының белсенді мүшесі, осы өлкеде 42 жыл қызмет жасаған П. И. Рычковтың еңбектері толыктырады. П. И. Рычковтың "Орынбор топографиясында" Орынбор өлкесінің халкы: қазақ, башқүрт, қалмақ тб. шаруашылығы, көші-қоны, ру-тайпалық қүрамын жаза отырып, Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы баяндалады.

XIX ғасырдың басында Қазақстан тарихын танып, білуге зор үлес қосқан Тарихи тәжірбиенің ащы сабағын алған патша үкіметі дайындықсыз басқаруды қайта ұйымдастыруға тәуекел ете қоймады. Сондықтан Қазақстанның кейбір аудандарының шаруашылық ерекшеліктерін зеттеуге алдын-ала күш салып, Ш. Уалиханов жәнге А. И. Левшин тәрізді көрнекті ғалым-зерттеушілердің көмегіне сүйенді. Реформалар жобасымен әскери минестр, шенеуніктердің жаңа ұрпағының өкілі Д. А. Милютиннің басшылығымен құрылған төтенше комитет жұмыс істеді. А. И. Левшиннің 3 бөлімнен тұратын оның еңбегінде қазақтың рухани дамуы, рухани мәдениеті туралы түсініктері отарлаушы империяның көзқарасын танытты.

XIX ғасырдың ортасынан қазақтар жөнінде саяси-экономикалық статистикалық сипаттағы еңбектер маңызды орын алады, оған И. Ф. Бларамберг пен В. В. Вельяминов-Зернов, И. И. Крафт, А. И. Добросмыслов [3] еңбектері жатады. Онда отарлаушылық бағытының басымдығына қарамастан Кіші жүз халқының мәдени тұрмысы, хал-ауқаты, рухани деңгейі туралы құнды мәліметтер жинакталған. Әсіресе, халықтың тұрмыс ерекшелігі, оку-ағарту мәселесінде де маңызды мағлұматтар береді.

XIX ғасырдың II жартысында Қазақтың рухани-мәдени жағдайын жазған қазақ ағартушысы Ш. Ш. Уәлиханов алғаш рет Ұлы державалық шовинизмге қарсы шықты . Әсіресе, империялық өкіметтің Қазақстанда енгізген әкімшілік реформаларын сынады, оның көшпелілер тұрмысына керағарлығын ашық айтады. Қазақ ақсүйектерін шен-шекпен жэне басқада лауазымдармен алдарқатып, оларды жат қылықтарға яғни етірік-өсек, айдап салу тағы басқада қылыктарға салынуын патшалық өкіметтің жүргізіп отырған саясатынан көреді. Патшалық Ресейдің Кіші жүздегі рухани-мәдени отарлау саясатынан көріністері И. Казанцевтің, Л. Мейердің, Ф. Усовтың, В. Черемшанскийдің және А. Артеньевтің еңбектерінен табылады [3] .

Бағындырылған халықтың тұрмыс-тіршілігін, мэдениетін зерттеу мәселесі XX ғасырдың басында жетілдіріле түсті. Қазақ жеріне өлкені зерттеу мақсатында келушілерден К. Абаза, П. Н. Столпянский, Т. И. Седельниковтарды атауға болады.

Орынбор өлкесінің тарихын зерттеуде елеулі рөл атқаратын маңызды еңбек В. Витевскийдің монофафиясы. Автор Бірінші Петр заманынан қазақ жерлерін өз отарына айналдыру қажеттігі көзделгенін жасырмайды. В. И. Витевский еңбегінде өлкені отарлаудың ең қолайлы әдісі деп "Ресейдің ішкері аудандарынан орыстың шаруалары мен ең төменгі таптарды", яғни боскындар мен қашкындар, қылмыскерлерді "қазақ жеріне жер аудару керектігін"- көрсетеді. Кіші жүздегі сұлтан, төрелермен империялық шенеуніктер қарым-қатынасына талдау жасалады.

XIX ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басында зерттеушілер еңбектерінен қазактың рухани-мәдени өміріне деген қызығушылығын байқаймыз. Қазақ зерттеушілерінен бүл кезенде алғаш қалам таратқан кайраткерлер М. Бабажанов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Т. Шонанулы, Қ. Кемеңгерүлы болды. Авторлар Патшалық өкіметтің отарлау саясатын әшкерелей келе, қазақ халқына тигізген залалы, тұрмысына енген өзгерістерін ашына жазады.

Аталған авторлардың шығармашылық мұралары олардың ой өрістерінің кең екенін жэне Қазакстаннын Ресейге қосылуын "буржуазиялық тарихшыларға" Карағанда жаңаша тұрғыдан бағалайтынын көрсетті. Өйткені, енбектер қазақтарды отарлаудың закымдары мен зардаптары көзге ұрып тұрған кезде жазылған болатын.

Курстық жұмыстың деректемелік негізі: Жұмыстың алдына қойған зерттелу мақсаттарына сай, бірқатар деректерді тақырыпқа лайық жүйелеу жүзеге асырылды. XVIII-XIX ғасырлардағы Патшалық Ресейдің отарлау саясаты барысында саяси отарлау бағыттарынан көріністер беретін 1898 жылы жарық көрген М. М. Крафттың "Сборник узаконений о киргизах степных областей" және А. И. Добросмысловтың "Материалы по историй России"[4] атты құжаттар жинақтары зерттеліп, тақырып төңірегінде қажетті деректер талданған. С. Асфендияровтың редакциялауымен кеңестік дәуірде жазылган бірден-бір еңбек "Прошлое Казахстана в источниках и материалах" атты екі бөлімді жинақтың II бөліміде ерекше атауға тұрарлық. Қазақ халқының жағдайынан "Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828) " - және "Материалы по истории политического строя Казахстана" деп аталатын арнаулы кұжаттар жинақтарында Қазан төңкерісіне дейінгі мүрағат мәліметтері жинақталған. Бүл құжаттар жинақтарының ерекшелігі қазақ халқын саяси-әкімшілік жағынан игеру ғана емес, рухани мәдениетіне өзгерістер ендіріп, орыстандыру, сөйтіп біртіндеп халықтың ділін жою мақсаттарын анғаруға болады. Тақырыпты зерттеуде "Казахско-русские отношения в XVIII-XIX веках" кұжаттар жинағының алатын орны зор. Онда Қазан төңкерісіне дейінгі Мәскеу мен Петербор қалаларында сақталған мұрағат материалдары камтылган барлығы 353 құжат жинақталған. Құжаттар жинақтарымен қатар негізгі пайдаланылган мұрағаттар мен мұрағат қорлары:

1. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағы (ҚРОММ) . Алматы қаласы. Орынбор шекара комиссиясының № 4 коры, Орал облыстық басқармасының № 370 қоры, Бөкей хандығының № 78 коры, Орынбор шекаралық сотының № 87 коры, православие дініндегі Орал духовная училищесі басқармасының № 706 коры.

2. Ресей Федерациясының Орынбор облыстық Мемлекеттік мұрағаты (ООММ) - Орынбор каласы. Орынбор генерал-губернаторы кеңсесінің № 6 коры, Орынбор комиссиясының кеңсесінің № 2 қоры, Орынбор шекаралық істер жөніндегі экспедициясының қүжаттары № 5 кор, Орынбор және Орал епископы кеңсесінің № 174 қоры, Орынбордағы духовная консисторияның № 175 қоры.

3. Ресей Мемлекеттік әскери-тарихи мүрағаты (РМӘТМ) -Мәскеу қаласы. Бас Штаб Департаменті кеңсесінің № 38 коры, Орынбор корпусы бөлімшесінің құжаттары № 1441 қор, Сырдария облысының әскери штабы № 1435 қор, Орыс әскерлері туралы, оларды басқару және бейбіт кездегі шүғылданатын іс-әрекеттері жөніндегі мәліметтер № 412 кор. Орта Азиядағы әскери қимылдар № 483 кор.

4. Ресей империясы сыртқы саясат мұрағаты(РИССМ) -Мэскеу каласы. Қыргыз-кайсак істері-№122 қор. 122\4- тізім, 1731.

5. Ресей мемлекеттік тарихи мұрағат (РМТМ) -Мәскеу каласы. 1291 кор, 81тізбе.

Негізгі деректер көзіне күнделіктер мен колжазбалар корынан елшілер, мемлекеттік шенеуніктер мәлімдемелерінің маңызы орасан зор. Мұндай деректердің қатарынан XVIII-XIX ғасырларда Кіші жүзде болған Джон Кэстльдің [5], А. И. Тевкелевтің, полковник А. З. Горихвостовтың күнделіктері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың нысаны: ХIX ғасырдың II - жартысындағы Патшалық Ресейдін отарлау саясатының негізгі бағыттары мен көріністері, оны жүзеге асырырғандағы қазақ елінің экономикасы.

Курстық жүмыстың мақсаты: Зерттеу жұмысының алдына қойған мақсаты - XIX ғасырдың II-жартысындағы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік- экономикалық қатынастардың негізгі бағыттары мен көріністерін ғылыми негізде жан-жакты талдау, саралау, зерделеу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері :

  • ХІX ғасырдың II-жартысындағы патшалық Ресейдің отарлауының тарихи алғышарттарын және негізгі бағыттарын айқындау;
  • Қазақстандағы XIX ғасырдың II жартысындағы реформалардың оның зардаптарының мәнін ашу;
  • Өлкеде жүргізілген отарлаудаға қазақ халқының көзқарасын ашып көрсету;
  • Шаруалардың Қазақстанға қоныс аударуын, оның барысын ашу;
  • Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Оңтүстік Қазақстанның жаулап алынуы

1. 1 Оңтүстік Қазақстан Ресей мен Англияның орта Шығыстағы сыртқы саяси стратегиясында

Кіші жүз бен Орта жүздегі Ресей қатысуының нығаюы және патша өкіметінің қазақ жерінің терең түкпіріне жеделдете ене бастауы XIX ғасыр- дың 30-жылдарында Орта Азия хандықтарының карсыласуымен қатар Ұлыбританияның астыртын қарсы әрекетіне кездесті. Бұл кезге қарай Англия Британ империясының ең ірі әрі бай отары - Үндістанда өзінің орнығуын нығайтып алып, көршілес азиялық елдерге өзінің ықпал өрісін кеңейтуге белсене кірісе бастаған еді. Британ үкіметінің стратегиялық жоспарларында ағылшынның өнеркәсіп тауарларын өткізу үшін біршама тиімді рынок, Орталық және Оңтүстік-шығыс Азияда әскери-саяси экспансияны одан әрі өрістету үшін қолайлы алғы шеп ретінде қарастырылған Орталық Азия мен көршілес Ауғанстанның аумақтарына зор мән берілді.

Ағылшын кәсіпкерлері, дипломаттары мен көпестері XVIII ғасырдың алғашқы үштен бірінің аяғында, Солтүстік соғысы аяқталып, ағылшын-орыс дипломатиялық қатынастары толық көлемінде қалпына келтірілісімен-ақ Казақстан мен Орталық Азияға айтарлықтай ден қоя бастаған еді. XVIII ғасырдың 30-жылдарында олар өз үкіметінің алдына Ресей аумағы арқылы Персиямен транзиттік сауданы қалпына келтіру туралы мәселені табанды түрде қойып, 1741 жылы Решта қаласында ағылшын сауда факториясының ашылуына қол жеткізді [18, 28-29бб] . Ағылшын көпестерінің Орта Шығысқа, бірінші кезекте, Персияға сауда маршруттары, негізінен алғанда, Каспий теңізінің шығыс жағалауымен өтетін, мұның өзі ағылшын коммерциялық топтарының Батыс Қазақстанның және көршілес Орта Азия хандықтарының аймақтарын зерттеуге мүдделі болуын анықтап берді. XVIII ғасырдың 30-40-жылдарында ағылшынның бірнеше сауда агенттері мен көпестері Казақстанда болып, олар қазақ билеушілерімен және Орталық Азия халықтарымен тікелей қарым-қатынас орнатты, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдері туралы географиялық, саяси және әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы алуан түрлі мәліметтер жинады. Өздерінің отандастарына олар ықылас танытқан қазақ даласы туралы ақпаратты алғаш хабарлаған ағылшындар арасында орыс мемлекеттік қызметінде уақытша болған теңіз капитаны Джон Эльтон, кескіндемеші Джон Кэстль, Томас Вудроф, шотланд хирургі Джон Кук, сондай-ақ XVIII ғасырдың 40-жылдарында [18, 29б] . Каспий маңы ойпатына саяхат жасаған көпестер Реональд Гок пен Джонатас Ганвей болды. Олар жинап, өңдеген материалдар Англияда және Еуропаның басқа да елдерінде жарияланып, кейіннен британ кәсіпкерлерінің қазақ жері мен Орталық Азия хандықтарына ынта-ықыласының күшеюіне біршама себін тигізді.

XIX ғасырдың екінші ширегінен бастап, Орта Азия хандықтарына, Персия мен Шығыс Түркістанға британ елшілік миссияларының жандана түсуі Ресей мен Англияның Орталық Азиядағы өнім өткізу рыногы үшін экономикалық бақталастығы мен олардың арасындағы Таяу Шығысқа ықпал өрісі жолындағы саяси күрестің үдей түсуі жағдайында өтті. Андрианополь (1829 ж. ) және Ункияр-Искелес (1833 ж. ) шарттарының жасалуынан көрінген Кавказ аймағында Ресей жағдайының күшеюі Англия тарапынан бірден-ақ жігерлі қарсы қимылға тап болды, ол патша үкіметінің екі бағыттағы - Таяу Шығыс және Орта Азия бағыттарындағы сыртқы саяси қадамдарын қатарынан жансыздандырып тастауға тырысты.

Ағылшын барлау экспедицияларының Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстанға ену әрекеттерінің алдында Англияның өз ішінде қызу насихат науқаны болып өтті, ол көп жағынан Батыста кеңінен белгілі ағылшын дипломаты әрі көсем сөзші Дэвид Уркварттың жеке басына байланысты болды. Оның 1830 жылдары жазылып, жарияланған еңбектерінде Ресей империясының Персияны қосып алу ықтималдығы, көп кешікпей орыс әскерлерінің Түркістанға жорық жасайтыны және тез арада әскери-саяси және басқа да шаралар қолданылмаған жағдайда Үндістандағы британ үс- темдігінің құлайтыны туралы болжамдар жасалған еді. [19, 28-29бб] . Уркварттың Англияның азиялық иеліктеріне орыстардың қатері туралы жазбалары британ өнеркәсіп топтары мен жұртшылығы арасында алаңдаушылық туғызды, мұның өзі ағылшын қоғамында сыртқы экспансияға итермелеген құлшыныстардың үдей түсуіне себепші болды. [20, 150б] .

«Орыстардың қаупі және Үндістанды қорғау қажеттігі туралы лақап Англияның Орталық Азиядағы сыртқы саяси және әскери экспансиясының ұзақ кезеңге арналған идеологиялық тұғырнамасына айналды. Ост-Инд компаниясы қызметкерлерінің, Форин-оффис агенттері мен ағылшын дипломаттарының Бұхараға, Хиуаға және Қоқанға барлау мақсаттарымен жиі сапарға шығуы сол кең ауқымды саясаттың маңызды компоненттерінің бірі болды. Орталық Азия мен Шығыс Түркістанға ағылшын барлау миссияларының енуі XIX ғасырдың 30-40-жылдарында екі бағытта: Солтүстік Қазақстан даласының жапсарлас жатқан белдеуін қоса алғанда, Оңтүстік Орал мен Сібір жағынан және Британия Үндістанының аумағы мен соған шектес азиялық иеліктер тұсынан жасалды.

Орталық Азияның рыноктарында Ресей бәсекелестігін жою және Британ өнеркәсіпшілері мен саудагерлерінің солтүстіктен оңтүстік-шығыс бағытындағы неғұрлым қысқа сауда жолдарын ашу мүдделерін көздеп, 1824 жылы Орынборда Джеймс-Бэли Фрезер бастаған Інжілдік миссия құрылды. Інжіл ілімін тарату жөніндегі миссионерлік қоғам ретіндегі бұл мекеменің ресми мәртебесі қазақтар арасында христиан дінін тарату үшін ғана емес, сонымен қатар барлаушылық-ірткі салушылық мақсатта да уағыз жүргізуге мүмкіндік берді[2, 361б] .

XIX ғасырдың 20-жылдарында Орынборда Британ барлаушысы Сандерсон басқарған топ жұмыс істеді, ол Қазақстан және Орта Азия елдері туралы алуан түрлі материалдар жинап, алынған деректерді Орта Шығыстың басқа елдеріндегі өз әріптестері арқылы Лондонға жіберумен айналысты. 1827 жылы Орынбор әкімшілігі өз агенттерінен бұл топтың орыстарға қарсы саяси қызметі туралы кең көлемде ақпарат алып, Сандерсонды елден қуып жіберді [21, 18б] .

XIX ғасырдың 30-жылдарынан бастап Англия Орта Шығыстың әртүрлі елдерінде әскери-саяси, барлаушылық және насихат қызметін едәуір жандандыра түсті. 1831 жылы ағылшын офицері Артур Конолли Англиядан Ресей арқылы Иран мен Ауғанстанға саяхат жасап, бұл елдердің экономикалық жағдайы және әскери-саяси мүмкіншіліктері туралы маңызды материалдар жинады. Сөнымен бір мезгілде дерлік Ост-Инд компаниясының лейтенанты Александр Бернс Үндістаннан Орталық Азияға ұзақ уақытқа созылған сапар жасап, Бұхарада бір жылға жуық уақыт болды [2, 354б] . Бұл сапар мақсаттарының бірі Ресейге қарсы жасалуы ықтимал соғыс қимылдары жағдайында жергілікті жердің топографиясын зерттеу болды. Бұхара хандығының аумағы және оған жапсарлас жатқан қазақ жерлерінің аудандары бойынша «саяхат» туралы жарияланған материалдарында Бернс және оның қол астындағы офицер Герберт Вуд Арал-Каспий ойпатын, Арал тенізін және оның төңірегін, Әмудария мен Сырдария аудандарын суреттеуге көп көңіл бөлген. Сонымен бірге олардың еңбектерінде қазақтардың кәсіптері, мінез-кұлқы мен әдет-ғұрыптары туралы, олардың діни сенімінің деңгейі туралы егжей-тегжейлі және басқа да көптеген мәліметтер келтірілген [2, 354б] .

XIX ғасырдың екінші ширегінде ағылшын үкіметі өзінің Азия бағытындағы әскери-саяси белсенділігін еселей түсуге кірісті. Гераттың маңызды стратегиялық жағдайын ескере отырып, Англия 30-жылдардың басына қарай осы кінәздікке берік орнығып алып, оны Орталық Азияға ілгерілеу үшін алдыңғы шеп ретінде пайдаланды. Кейіннен ағылшындар Хиуа мен Бұхараға өз агенттерін Герат арқылы жіберіп отырды. Осыған байланысты сол оқиғалардың тұстасы Фридрих Энгельс Гератты «күшті державалардың қолында Иранға да, Түркістанға да үстемдік ету үшін пайдалана алатын» кең-байтақ аймақтың стратегиялық орталығы деп жазды [22, 89б] . 30-жылдардың екінші жартысында Англия Ауғанстанда да өзінің әскери-саяси жағдайын едәуір күшейте түсті, мұның өзі Ресейдің Орта Азия еддеріне деген геосаяси дәмелеріне едәуір дәрежеде қатер төндірді. [20, 238б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдет-ғұрып ұқығы нормалары жүйесiнiң құрылымдық сипаты және оның негiзгi принциптерi
Қазақстанның қазіргі заман тарихын тарихи деректері мен тарихнамасы
Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Еуразия аумағындағы мемлекеттер қоғамында Батырлар институтының пайда болу тарихы
Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі (XVIII–XIX ғғ. деректері бойынша)
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Мақаш Қозыбаевтың тарих ғылымына қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz