Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
3

І. АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ІСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ 4
1.1 Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі
4
1.2 Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ
таңдаудың тәртібі . ( ҚР ҚІЖК 550 – бап ).
8
1.3 Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу
9
(ҚР ҚІЖК 551- бап).
1.4 Төрағалық етушінің алқабиге кандидаттарды істі қарауға қатысудан
босату (552 – бап )
11
1.5 Алқабиге кандидаттардың өздігінен бас тартуы туралы мәселелерді
шешу.
12
1.6 Алқабиге кандидаттарға дәлелсіз қарсылық білдіру
(Қ.Р Қ.І.Ж.К 555-бабы)
13
ҚОРЫТЫНДЫ
15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
16

Кіріспе

Кез келген құқық саласы сияқты қылмыстық құқықта тиісті қоғамдық қарым-
қатынастарды реттейтін, құқықпен реттелетін, қоғамдық қатынастар аумағы
негізінен ауқымды болып келеді.
Алқабилер құрамы негізінен жабық сот отырысында жүргізілуі тиіс. Сотта
істі қарайтын алқабилер алқасы негізгі құрамның тоғыз және екі алқаби
құрамында жеребе тастау арқылы құрылады.
Негізгі алқабилер құрамы былайша жүргізіледі. Төрағалық етуші қарсылық
білдірілмеген алқабиге кандидаттардың тегін көрсете отырып, билеттерді
жәшікке салады, оларды араластырады және бір-бірлеп он бір билетті алады,
әр алған сайын билетте көрсетілген алқабиге кандидаттың тегін жариялайды.
Егер жәшіктен алынған және қалған билеттер қарсылық білдірілмеген
алқабиге кандидаттардың жалпы санын құраса, сондай-ақ егер алқабилер
алқасын құрудың дұрыстығына әсер ететін қандай да бір бұзушылыққа жол
берілмесе, онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады.
Бұл ретте, жеребе тастауарқылы іріктелген алғашқы тоғыз алқаби негізгі
құрамның алқабиі, ал соңғы екеуі қосалқы алқаби деп есептеледі.
Алқаби ұжымының ант қабылдауға дейін алқабилер барлық алқабилерге
объективті әрекет ете алмауына қарсылық білдіру алқабилер алқасын құрудағы
негізгі арнайы ерекшелігі болып табылады.
Төрағалық етуші алқабилер алқасының құрылуын жарамсыз немесе ол
құрылған жоқ деп жариялайды және алқабиге кандидаттарға толық көлемінде
қайта іріктеу жүргізеді. сол тәртіппен сот отырысының хаттамасына енгізеді.
Жеребе тастау арқылы іріктелген алқабилердің тегі көрсетіле отырып,
билеттер іс материалдарына тігіледі.
Сот отырысының хатшысы жеребе тастау арқылы іріктелген он бір
алқабилердің тегін жәшіктен билеттер қалай алынса, сол тәртіппен сот
отырысының хаттамасына енгізеді. Жеребе тастау арқылы іріктелген
алқабилердің тегі көрсетіле отырып, билеттер іс материалдарына тігіледі

І. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу

1.1 Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі

Қазақстан Республикасының заңымен 2007 жылдың 1 – қаңтарынан бастап ҚР
ҚІЖК – не жаңа Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу атты 13
– бөлім енгізілді.
Құқықтанушылардың айтуы бойынша сот алқабилері алғаш рет б.э.д 829
жылы Францияда, одан соң 1066 жылы Англияда пайда болған дейді. 17 –
ғасырдың ортасында, буржуаз – демократиялық революциядан кейін Еуропа
мемлекеттеріне тарай бастады.
АҚШ – та сот алқабилері 1776 жылы тәуелсіздік Декларациясы
қабылданғаннан кейін пайда болды. Патшалық Ресейде ол 1864 жылы құрылып,
1917 жылы Казан революциясынан кейін жойылған болатын. Ресей Федерециясында
1993 жылы 16 шілдесінен бастап қайта құрылды. Орта Азия мемлекеттерінде
және Қазақстанда патшалық империя кезінде сот алқабилері болған емес.
Дүние жүзі бойынша сот алқабилерінің классикалық түрі, яғни бір сот
және он екі алқабиден тұратын түрі көп тараған Францияда алқабилер құрамы
тоғыз алқаби, бір төреші және екі запастағы сот төрешісі болады.
Сот алқабилерінің сотқа қатысуы, айыпталушының,алқабилердің антына
соттың әсер етуіне және негізсіз сотталуынан қорғайды. Сот алқабилерінің
қатысуымен шығарылған қаулыда сот қателері жеке кәсіпқой сотпен
салыстырғанда мейлінше аз болады. Бұл сот алқабилеріне тек адал, өмірлік
тәжірибесінен мол, сауатты және әділдігі бар Қазақстан Республикасының
адамдары таңдалып алынады. Сонымен қоса сот алқабилерінің ерекше ант
құзырын қабылдауға сотталушының айыпталуы мен айыптылығы дәлелденгендігі
жатады.
ҚР ҚІЖК – нің 542 – бабына сәйкес сот алқабилердің қатысуымен қарайтын
қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ҚР ҚІЖК – нің 13 – бөлімінде белгіленген
ерекшеліктер ескеріле отырып қарастырылады.
Сот ллқабилерінің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша негізгі
ерекшеліктері мынадай:
-егер айыпталушы өтініш еткен жағдайда сот алқабилерінін қатысуымен
жүргізеді;
-халық өкілеттіліктері мен кәсіпқой сот төоешілері арасындағы әділ
сотта өкілдіктердің бөліну мен жіберілуі мынадай;
-алқабилері қылмыс оқиғалары туралы сұрақтар мен сотталушының
айыптылы туралы сұрақтарды шешеді;
Төрағалық етуші мен сот төрешісінің хабардарлығы құқықтық сұрақтарды
шешу болып табылады. Келтірілгендердің барлығы да сот алқабилерінің мот
отырысындағы негізгі ерекшелік болып табылады.
Кәсіпқой сот төрешілерімен салыстырғанда сот алқабилері екі сот
төрешісінен және тоғыз алқабиден тұратын сот құрамы.
2006 жылдың 16 – қаңтарынан бастап жергілікті атқару органдары
Алқабилер туралы ҚР заңына сәйкес кандидаттарды таңдап оларды әліпби
реттілігін сақтай отырып алғашқы, дара және запастағы алқабилер тізімін
құрады.
Алқабиге кондидаттар тізімін жергілікті атқару органдары 1
желтоқсанға дейін алдын ала құрып қояды. Алғашқы, дара және запастағы
алқабилер санын жыл сайын облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы
береді.
Облыстық соттың беруі бойынша алғашқы кандидаттар тізімін жергілікті
аудандық басқару органдары ( облыстық негіздегі қала ), запас тізімін –
облыстық атқару органдары ( Республикалық негіздегі қала, астана). Дара
кандидаттар тізімін облыстық жергілікті атқару органы (Республикалық
негіздегі қала ) алғашқы кандидаттар тізімі негізінде облыстық немесе оған
теңестірілген сотқа жіберіледі.
Алқаби кандидаттарына мынадай ерекше талаптар қойылады:
-25 жастан үлкен болу керек:
-өтелмеген немесе алынып тасталған соттылығы болмауы керек:
-соттың пікірінше әрекетсіз болмауы керек:
-наркология немесе психоневрология диспансерінің тізімінде болмауы
керек:
Сот алқабилеріне кандидарттарды жіберу кезінде олардың әлеуметтік,
қызметтік және мүліктік, нәсілдік, ұлттық, жыныстық, дін тұтушылық немесе
т.б. жағдайлары соттың шектеуімен рұқсат етілмеуі керек.
Қылмыстық іс толық аяқталғаннан кейін ай сайын алқабиге мемлекет
қаражатынан соттың немесе оған теңестірілген соттың жарты еңбекақы
мөлшерінде, бірақ алқаби төрағасының негізгі сотта болған ( жұмыстық күн
саны ) уақыттық жалақысынан төмен сыйақы тағайындалмауы тиіс.
Бір есте сақтайтыны, бір алқаби жылына бір рет қана алқаби ретінде
сот отырысына қатыса алады.
Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы
олардың сотталушының қылмыс жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы
шешімінің дәлелдігінде. Төрағалық етуші және екінші сот төрешісі
алқабилердің үкімі бойынша сотталушыны айыпты деп танып оған жаза қолданып,
азаматтық талап мәселесін шешеді.
Вердикт латын тілінен алынған және ол айтылған шындық деген
мағына береді. Қылмыстық іс жүргізуде вердикт – бұл алқабилердің
сотталушыны айыпты деп танып шығарған үкімі.
Облыстық және оған теңестірілген сотта алқабилердің қатысуымен соттың
қарауына барлық істер жатады (ҚІЖК 543 бап). Негізінен алқабилердің
қатысуымен тек қылмыс жасаған және ҚК бойынша өлім жазасы берілетін
істерді ғана қарастырады (бұл ҚР ҚІЖК 291 бабының 2 – ші бөлігінде
көрсетілген тізім бойынша). Сот алқабилердің қатысуымен, ҚР ҚІЖК – нің 291
бабының 2 – ші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді есі дұрыс емес күйінде
жасаған не оларды жасағаннан кейін жан күйзелісі ауруымен ауырған адамдарға
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
Егер айыпталушы ҚК – тің бірнеше баптарымен істің біреуі алқабилердің
қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша сот
алқабилерінің қатысуымен істі қайта қаратуға құқылы.
Ауыр қылмыс жасаған іс бойынша бірнеше адам айыпталса, онда істі
алқабилердің қатысуымен қарау жөніндегі айыпталушылардың біреуі өтініш
берген жағдайда істі алқабилердің міндетті түрде қатысуы бойынша
қарастырады.
Тергеуші алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін айыпталушыға істің
барлық материалдарын таныстыру кезінде оған соттың оның ісін алқабилердің
қатысуымен қарауы туралы өтініш беру құқығын, сондай – ақ соттың
алқабилердің қатысуымен шығарған үкіміне шағым жасау және шағымды қарау
ерекшеліктерін қоса, осындай өтінішті қанағаттандырудың құқықтық салдарын
түсіндіруге міндетті (ҚР ҚІЖК 546 – бап ).
Әр жаңа қылмыстық істі қарау үшін сот төрағалық етуші сот алқабиіне
алқабилерді таңдауға кандидаттарды сотқа шақыратынын есте шығармау керек.
Тәртіп бойынша сотқа елу алқаби кандидаты шақырылады, егер жиырма
бес кандидаттан он алты кандидат қалса, онда сот төрағасы хатшыға сот
алқабилеріне қосымша шақырту жасауына рұқсат береді. Сонымен төрағалық
етуші қосымша шақырылған кандидаттармен қоса сот алқабилеріне құрылым
процедурасын жүргізеді.
Бұдан соң төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға дәлелсіз қарсылық
білдіруді жүргізеді. Сот отырысына қатысу үшін алқабиге он алтыдан астамы
қалса, төрағалық етуші қалған алқабиге кандидаттардың санын жариялайды,
бұдан кейін олардың тегі көрсетілген билеттерді жәшікке салады, билеттерді
араластырады және жәшікке он алты билет қалу үшін одан қанша қажет болса
сонша билетті алады.

1.2 Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ
таңдаудың тәртібі . ( ҚР ҚІЖК 550 – бап ).
Істі соттың алқабилердің қатысуымен тағайындау туралы қаулы
шығарылңаннан кейін сот төрешісі сот отырысының хатшысына, алқабилерге
іріктеу үшін, осы сот отырысына саны қаулыда көрсетілген алқабиге
кандидаттардың келуін қамтамасыз ету туралы үкім береді. Сот қаулысында
ісін бойынша таңдап алынған алқабилердің саны көрсетілуі қажет.
Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етуші үкімі
бойынша сот отырысының хатшысы соттағы біріңғай және қосалқы (жылдық)
тізімдерден алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргізеді.
Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы олардың
сотталушының қылмыс жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы шешімінің
дәлелдігінде. Төрағалық етуші және екінші сот төрешісі алқабилердің үкімі
бойынша сотталушыны айыпты деп танып оған жаза қолданып, азаматтық талап
мәселесін шешеді.
Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алқабиге кандидаттарды
алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін, оладың тегі, аты, әкесінің
аты және мекен – жайы көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот
отырысының хатшысы қол қояды. Алдын ала тізімге енгізілген алқабилер
кандидаттарға, сот тақылауы басталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей
сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама тапсырылады. Хабарлама
алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге
міндетті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫ, МЕРЗІМДЕРІ МЕН СОТ ШЫҒЫНДАРЫ
Алқа билердің сотқа қатысуы
Алқабилер қатысумен қылмыстық істерді сотта қарау
Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау
“Алқа билері туралы” заң
Алқа билердің қатысумен сот процесін дамытудың негізгі кезендері және жалпы сипаттамасы
АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТЕТІН СОТ ІСІНЕ ПРОКУРОРДЫҢ ҚАТЫСУЫ
Төрағалық етушінің қылмыстық істер жөніндегі процессуалдық жағдайы
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктері
Қазіргі кездегі алқабилер институтының қалыптасуы
Пәндер