Әдеп - эстетика ғылымының этика деп аталатын үлкен саласының ұлттық мәдениетке тән қисынды баламасы
Тақырыбы:Этнопедагогиканың тәрбиедегі мәні
Жоспар.
I. Кіріспе.
Этнопедагогика-ұлттық тағылым
II. Негізгі бөлім.
1. Қазақ ауыз әдебиетінің этнопедагогикалық мәні
2. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарының тәрбиелік мәні
III. Қорытынды.
Қазақ этнопедагогикасының даму тарихы
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың,тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар
дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы.Этнопедагогика ғылымы екі саладан
тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті
және ұлттық тәлім тәрбиенің жазу мәдиетіндегі көрінісі.
Ғылымда жеке бір халықтың,тайпаның этностық ерекшеліктерін
айқындайтын ғылыми салаларына этнос түбірі қолданылады.Қазақ
этнопедагогикасының негізгі саласы-халық педагогикасында өрнекті ұғым-
әдеп.Әдеп- эстетика ғылымының этика деп аталатын үлкен саласының ұлттық
мәдениетке тән қисынды баламасы.
Әдеп, яғни жеке ғылым саласы ретінде әлемнің Бірінші, Екінші
ұстаздары Аристотель мен Әл Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалып,
көркемдік мәнді білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық,
мейірімділікті білдіретін іс-әрекеттердің, ізгі мінез-құлықтардың көркем
көріністерін түйсіндіретін ұғымдардың атауы болып табылады.
Эстетиканың өмірлік, тұрмыстық, адами қарым-қатынастық саладағы
алтын өзегі-әдеп. Әдепсөзінің мәні қазақ тіліндегі ұлттық қолданыста
халқымыздың мәдени рәуішін ұғындырады. Әдеп- ұлттық педагогиканың,яғни
қазақ этнопедагогикасының алтын арқауы, тәлімдік кредосы.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі
дәуірден бастау алады.Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып
қалыптаспай тұрған кезінен бастап-ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден
туындағаны белгілі.
Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық
ойлардың тарихы ертедегі тас жазулардан (Күлтегін, Білге қаған т.б)
басталады.Одан кейінгі қолжазба,баспа арқылы бізге жетіп,оқу-жазу үрдісімен
этнопедагогиканың арқауы болған тәлімдік ойлар тарихы өзектестігімен ұлттық
педагогикасының дамып,ғылым болып қалыптасқаның көрсетеді.
Қазақтың жазу мәдениетіде Қорқыт атаның тәрбиелік мәні зор жырлары
мен мақал –мәтелдері,Әл Фарабидің ұлттық мәдениет пен ғылым, білім, поэзия,
музыка жөніндегі тұжырымдары, Ахмет Яссауидың діни тәрбиенің мәні туралы
ойлары, Жүсіп Баласағұнидың кемелді ел болу жолдарын көрсетуі, Абайдың
өсиеттері, Ыбырайдың педагогикалық ойлары,Шоқанның ел мәдениетін арттыру
үшін істеген әрекеттері, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі,
Мағжан Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзуі, Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ
психологиясы ғылымын зерлей бастауы, кейінгі ғалымдардың қазақ
этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып, пән ретінде оқытуға ұсыну
ұлттық педагогиканың, яғни қазақ этнопедагогикасының дамып қалыптасу
жолдарын көрсетеді.
Әдебиет - тәрбие құралы. Әуелі жеке дарындардың дуалы ауыздарынан
шығып, кейін халық оны қалап, қастерлеп, жаттап, жадында қалдырып,
ғасырлар бойы өңдеп, өркендетіп, қадірлеп қалыптастырып, асылым деп ақыл-
санасына сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері- мәдени мұрамыздың ең
құнды қазынасы.Ол-ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от
алатын ой тамызығы болып, жанды жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-
сананың айшықты көріністерін бейнелейтін қасиетті, киелі мұра.
Бесік жыры,тұсау кесу жыры, санамақ,жаңылаш,жұмбақ,тақпақ, жырлар мен
ертегілер, аңыз әнгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып,тәлім-тәрбие
беріп,дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар.Бұл- халық
педагогикасының үлкен бір саласы.Жалпы педагогика ғылымының негізі - халық
педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың
және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде
пайдалануға болады.Ал,халықтың мақал-мәтелдері педагогикамен қатар,
философиялық дәрістердің де түсініктемелеріне арқау бола алады.
Бесік жырының тәрбиелік мәні-бесіктің тербелісіне сәйкес келетін
сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы оған
сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан жүйесін жадыратады,баланың келешегін
үміт артып, тілек айта отырып, ата-ана жатқа айтқан тілектерді тілі шыққан
балдырғандар да жаттап, әрі тілі дамиды, әрі сол сөздерден тәлім алады.
Мұның психологиялық, медициналық мәні де зор.Музыка бөбек жанына дем
береді. Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын
дамыту мақсатында жаңылпаштар ойлап шығарған.Бөбектің тілі шығып, балдырған
жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбыстарды айта алмай
немесе қинала айтады, тілін мүкістендірмей,мүдірмей сөйлеу үшін,қиналып
айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып,өз ойын
толық жеткізетін болады.Жаңылпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың
ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды,
тәлім алады.Санамақтар әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен
математикалық ойлау қабілетін дамытады.Нақты бір зат туралы тұспалдап,
ұқсатып,бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен
түсініктерді ой-қиял елегіне өткізіп, тұжырым жасап,шешімге келуде
тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін, халық ертеден-ақ
жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған.Жұмбақтарды жаттау кезінде
тәрбиеленуші өзінің білім дәржесін байқап, көп білуге талпынады, ынта-
жігері артады, жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы
артады.Баланың өмір тәжірибесі аз,сондықтан оған айтатын ақыл-насихат,
өнеге-өсиет әрі әсерлі, әрі ойда қалатындай мәнді болу керек.Мақал мен
мәтелдерді орынды пайдаланған ата-ана ой қозғап, ақылға қонымды сөздер айту
арқылы баланы тәрбиелейді және санасын арттырады.Мазақтаманы халық
балалардың бірін-бірі мінеуі, сынауы,шенеуі,әжуалауы үшін шығарған.Баланы
өз мінін өзіне айтқызу арқылы халық күлкілі мазақтамалармен әжуалай отырып,
баланы адамгершілікке тәрбиелейді.Қазақ балалар ақындарының шығарған
мазақтамалары балаларды әдптілікке, әдемілікке, еңбекке
тәрбиелейді.Мазақтаманың негізгі мақсаты- баланың мінін көрсетіп, сынау,
оны тәрбиелеу.Қазақтың халық педагогикасында ойын өлеңдері қызықты
ойындардың эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген
ықыласын, бейімділігін арттырады.Шешендік сөздер- ел құралып, халық
қалыптаса бастағаннан бері халықтын өнеге тұтып, өмір тәжірибесіне
пайдаланып келе жатқан,билер мен хандардың,ақындар мен шешендердің, ел
ағасы болған данышпандардың, жастайынан жалындап өскен өткір ойшылдардың
аузынан шыққан дуалы, қисынды, қасиетті сөздер.Отбасында ата-ана бала
тәрбиесіне үлгі етіп шешендік сөздерден мысал келтіріп, баланы әңгімеге
тартып,ойын оятып отыруға міндетті,шешендік сөздерді таңдап,отбасында оқуды
әдетке айналдырып,әдеттен дағды, дағдыдан дәстүрді қалыптастыру
ләзім.Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатын, балалық шақтың
болашағын елестетіп ,келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі
ертегілер- қиял –ғажайып ертегілер.Аңыз әңгімелер келешек ұрпақтың наным-
сезімін, арман-қиялын арттырады.Онда көбінесе өмірде болған нақты оқиғалар
алынады да, оған қызық-ғажайып сюжеттер қосылып, тыңдаушыны баурап
алатындай әңгіме жүйесі ерекше әсерлі құрылады. Тұрмыс-салт жырлары
жастарды ұлттық әдет-ғұрып, дәстүрлерін қастерлеуге тәрбиелеп
келеді.Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қареп күресу кезінде
көрсетен батырлардың ерліктері жырланады,отбасына,еліне деген
сүйіспеншілігі-шынайы патриоттығы дәріптеледі. Батырлық жырлардан тыңдаушы
сөз, әдеп, ақыл, нақыл үйренеді, ерік,қайрат,ес сияқты түсінік қабілеттерін
ұшқырлайды,шығармалардағы салыстырмалы құбылыстарды талғай екшеп, дүниеге
көзқарасын қалыптастырады.Ғашықтық жырлар жастарды адалдыққа,мөлдір
махаббатты құрметтеуге,үй болудағы үйлесімділікке тәрбиелейді.
Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саласы-қазақ халқының салт-
дәстүрлері болып табылады.Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-
ғұрыпқа,әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүлерге,халықтың өмірінде қалыптасқан
салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан.Халықтың салт-дәстүрлері
рәсімдер мен жөн-жоралғылар,рәміздер,ырымдар мен тыйымдар,түрлі сенімдер
арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып,толысып,жаңарып
отырады.
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайрымдылық,мейірімділік,
қонақжайлық,имандылық,иманжүзділік- барлық мәдени үлгі-өнегелі іс-
әрекеттердің көрінісі-әдеп деп аталады.Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін
айқындап,дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан алып,қазақ халқын
әдепті,яғни қайрымды,мейрімді халық деп атауға болады.Бұл-ұлт мәдениетінің
ең озық көріністері.Халықтық әдеп-ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы.
Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы- әдет-ғұрып оның біржола өмір
заңдылығына айналуы-салт-дәстүр деп аталады.Яғни дәстүр-қолданылмалы іс-
әрекет.Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің нұсқауынсыз еркін мәжбүрлікпен
орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып
отыруына себепші болады.Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды
да,ал әменгерлік, атастыру салты бірте-бірте өмірге қолданылудан қалды.
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола
заңдандырылуы- салт-сана деп аталады.Ұлттық санаға сіңіп,қалыптасқан салт-
дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлтық сананың
қозғаушы күші- ұлттық намыс,ұлттық абырой.Ол жеке тұлғалардың перзенттік
борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін байқатады.Сондықтан
әрбір әдет-ғұрыптың,салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні
зор.
Ел болу үшін, бесігіңді түзе деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ,
ол- тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады: сол тәрбиенің
дәстүрлік,салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып,
даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнің ұғамыз. Нәрестелік
кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік
тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.
Адамгершілік- қоғамдық өмірдің тарихи-әлеуметтік заңдылықтарына
сәйкес, адамдар арасындағы адамдық қарым-қатынастар жүйесін реттеп отыруға
негіз болып табылатын, қауымдық, әулеттік, халықтық игі іс-әрекеттер, мінез-
құлықтағы имандылық пен инабаттылықты, әдептілік қалыптарын көрсететін
терең мәнді ұғым.
Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет ретінде, өмірдегі кесір-
қырсық, жанға жат мінездер мен кереғар іс-әрекеттерге қарсы күресу
барысында қалыптасады.Үлкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі. Қазақ
халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған.
Отбасында,балалар бақшасында,мектепте, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлай
білу дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Кісілік- өмір тәжірбиесінің нәтижесінде қалыптасқан жеке адамның
адамгершілік іс-әректі мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі.Қазақтың ұлттық
дәстүрі бойынша,кісіні сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір
жастың парызы болып табылады. Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу,үлкен адамға
орын беру,оны төрге шақырып құрметтеу, оған сәлем беру, көңіліне қарау-
адамгершілік борыш ретінде қалыптасқан дәстүрлер.
Кішілікте-кісілік деп, халық кісі болудың алғы шарты- кішіпейілділік,
яғни үлкен адамның беделі кішіпейілділікпен, парасаттылықпен, салиқалықпен,
саналалықпен баянды болу керек деп түйеді.
Ар – жеке адамның кісілік дәрежесінің белгісі. Қазақ халқы малым
жанымның садағасы, жаным арымның садағасы деп, арды жаннан да қымбат
адамгершілік қасиет деп есептейді. Ұят – адамгершілікті сақтай білудің,
имандылықтың жанжүйелік белгісі. Ұят нышандары жан толғаныстар арқылы
бетбейнеден, инабатты іс-әрекеттерден байқалады. Ар – ұяттан туындап
қалыптасады, Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді деп халық
ұятсыздықтың негізі – қанағатсыздық, ұрлық, мақтаншақтық, өтірік айту
адамгершілік қалыпты бұзу болып табылады деп есептейді.
Әдеп сақтау – қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының
практикалық көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды
айғағы. Әдеп сақтаудың қоғамдық мәні зор. Әулет, әлеумет, қоғам мүшелері
қалыптасқан әдептілікті бұзбауға міндетті. Әдептілікті бұзған адамға кез
келген қоғам мүшесі өз пікірін айтуға, тыйым салуға ерікті, өйткені әдеп
сақтау - әлеуметтік дәстүр. Әдеп сақтаудың экологиялық мәні де зор. Әдепті
адам табиғатты қорғай білуге тиіс. Табиғаттың әсемдігіне, әдемілігіне кір
келтірмеуге міндетті. Суды былғау, талды кесу, қайнардың көзін ашпау,
жолдағы кедергі затты алып тастамау, құдыққа түкіру, нанды лақтыру -
әдептілік емес. Әдеп сақтау – этикет, яғни мінез-құлық пен қарым-қатынастың
қалыптасқан халықтың ережесі. Балалар бақшасында әдеп, әдептілік деген
сөздер айналасында әңгіме, ойын ұйымдастырылады, ертеңгілік өткізіледі.
Көшеде жүру, көпшілік ортасында болу, үлкенге орын беру, кішіге қамқорлық
жасау, қарт адамды қадірлеу, ата- ананы ардақтау, сәлемдесу, табиғатты
қорғау тақырыптарда тәрбиешілер әдеп сақтау жөнінде жоспарды түрде тәрбие
жұмыстарын жүргізеді.
Намыс – адамдық қасиеттерді қалыптастырып, оны сақтай білудің,
адамгершілік мінез-құлық пен өз іс-әрекеттің батылдық және кісілік
көрінісі. Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді деп халық ер намысын
ерекше бағалайды.
Абырой – намыс пен ар-ұяттың, игілікті іс-әрекеттің арқасында адамның
мақсатқа жетуі, сыйласымға, құрметке ие болуы. Абыройсыздық арсыздық пен
ұятсыздықтан, әрекетсіздіктен туады.
Шыншылдық – адамгершіліктің белгісі, ол халықтың тұрмыстық іс-әрекет
дағдысына айналған. Халық өтірік айту, шындықты жасыру – қылмыстың ауыр
түрінің бірі деп есептейді. Отбасынан бастап біз ұрпақтарымызды шыншылдыққа
үйретеміз.
Қазақ халқының ата дәстүрлерінде имандылық тек діндік сенім емес, ол
әрі ұлттық, психологиялық салтқа, ұлттық ерекшелікке айналған психологиялық
құбылыс. Ұрпақтарымызды имандылыққа баулу үшін, олардың ар-ұятын оятып,
намысын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, ілтифаттылық, кішіпейілділік,
көпшілдік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік сияқты психологиялық қасиеттерді
олардың бойына сіңіру әрбір отбасының, балалар бақшасы мен мектептің ұлттық
парызы.
Салауаттылық – халқымыздың үлгі-өнегелік дәстүрі. Есірік туғызатын
ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болу, таза жүру, тамақты қалыппен ішу, т.
б. игі іс-әрекет салауаттылықты көрсетеді. Арақ ішу - айып, мас болу
қылмыс дейді халық. Өмір заңдылықтары салауатсыздықты кешірмейді. Оғаш
қылықтар опық жегізеді. Ол туралы ақын Мұқтар Шаханов:
Ешбір оғаш қылығыңды ұмытпаған, кешпеген,
Ол - табиғат заңдылығы ешбір ғылым кешпеген.
Көңіліме жел кірсе, қасиетті сол заңға
Қарсы келіп қалам ба деп, сескенем, -
деп, философиялық оймен салауаттылық заңын жақсы түйіндеген. Біз
ұрпағымызды өмір заңдылықтарын, салауаттылықты құрметтеуге үйретеміз.
Бата - адам баласына жақсылық ойлау, оған тілек айту қазақ халқының
дінге байланыссыз, алғашқы қауымнан қалыптасқан дәстүрі. Шын мәнінде тілек
дегеніміз - бата, бата дегеніміз - тілек. Бата - жастарды бірлікке,
әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.Бата, тілек, тілеу жақсылық
ниетпен айтылып, жеке адамды имандылыққа тәрбиелейді, қуантып,
қуаттандырылады, алға бастап, арман биігіне көтереді, сенімділік пен
батылдыққа баурайды.
Ата-дәстүрін ардақтау - қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.
Егер жеті атасына дейін ата-тегін, тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны жеті
атасын білмейтін жетесіз деп халық кінәлайды, айыптайды, жазғырады,
жазалайды. Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы деп, халық атадан
балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына
сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Қазақтың халық педагогикасында сәлем беру мен сәлем қылуға ерекше мән
беріледі. Өйткені, сәлем беру және селем қылу ізеттілікті, имандылықты,
инабаттылық пен мәдениеттілікті көрсетеді.
Сауап - басқаға жақсылық істеу, табиғатқа қамқорлық жасау, яғни
ізгілік жасау. Қазақ дәстүрінде сауап жасау, сауабын алу әрбір адамның
адамгершілік борышы болып табылады. Кесір - қалыптан тыс анайы қылық, теріс
әрекет, ақымақтың көрінісі. Артылған нанды тастама, кесір болады,- дейді
анасы. Кесірдің арты - кедергі, кесапат, өйткені кез келген жаман қылық
адамды жамандыққа ұшыратады. Обал - жақсы нәрсенің қадірін біл, оны
тастама, түбінде оның зарын тартасың деген ұғымды білдіреді. Обал болады
деп қатаң ескерту арқылы халық ұрпағын адамның, жануардың, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz