Азоттың пайда болу циклы


Жоспар:
Кіріспе
1. Жер бетіндегі биологиялық айналысқа, топырақ және атмосфера арасындағы газ алмасуға микроорганизмдердің қатынасы
2. Топырақтың органикалық бөлігі
3. Көміртектің түзілуі
4. Азоттың пайда болу циклы
4. 1 Топырақтағы азотты органикалық заттардың минералдану(аммонификация)
4. 2 Нитрификация
4. 3 Денитрификация
5. Фосфордың пайда болуы
6. Калийдің пайда болуы
7. Топырақ түзілудегі биологиялық процестер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жер бетіндегі биологиялық айналысқа, топырақ және атмосфера арасындағы газ алмасуға микроорганизддердің қатынасы
Жердің қыртысты қабығы немесе ландшафтық қабық литосфераның, гидросфераның, атмосфераның, тірі организмдердің тоғысуы, өзара араласуы және әрекеттесуінің нәтижесінде қалыптасқан. Бұл күрделі материалдық жүйеге бос энергияның әр түрлеріне ерекше бай болуы, заттардың бос элементарлық бөлшектер, атомдар, иондар, молекулалар арқылы химиялық қосынды мен ең күрделі денелерге дейінгіерекше әр түрлі дәрежедегі агрегаттылығы, органикалық дүниенің топырақ жемігінің, шөгінді жыныстардың әр түрлі пішіндерінің болуы тән қасиет.
Бактериялар құрылысы өте қарапайым болып келетін біржасушалы ағзалар Барлық прокариоттар секілді, олардында ядросы болмайды. Сыртқы пішініне қарай: шар тәрізді - көккалар, таяқша тәрізді - бациллалар, иілген - вибриондар, спираль тәрізді - спирохеттер, спираль тәрізді бұралған таяқшалар - спириллалар.
Бактериялардың қоректену түрлеріне қарай автотрофты және гетеротрофты деп негізгі екі топқа бөлінеді:
1. Автотрофты қоректенетін бактериялар көп болмайды, олар органикалық емес заттарды синтезделуіне қарай фототрофты және хемотрофты болып бөлінеді. Фототрофты - бактерияның ішіндегі ең маңыздысы пурпур бактериясы. Хемотрофты бактерияларға лептотрикс(темір бактериясы), күкірт бактериясы жатады. Олар ауадағы көмір қышқыл газынан көміртегін сіңіру үшін күрделі органикалық заттардың ыдырауының нәтижесінде және органикалық емес заттарды тотықтырғанда босайтын химиялық энергияны пайдаланады.
2. Гетеротрофты қоректенетін бактериялар өте көп. Олар паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді. Сапрофиттері өлі органикалық заттардың қалдықтарында мекендеп, олармен қоректенеді. Гетеротрофты бактериялар биологиялық синтезге энергияны органикалық байланыстарды тотықтандыру арқылы алады. Бұл процесс оттегінің қатысуымен немесе анаэробты жағдайда жүреді. Жалпы бактериялар қанша майда болғанымен өте обыр ағзалар.
Бактериялардың тыныс алуы. Тыныс алу ерекшеліктеріне қарай бактерияларды аэробты және анаэробты деп бөледі. Көпшілік бактериялар аэробты ағзалар , олар оттегі бар жерде өсіп жетіледі. Анаэробты бактериялар оттегі жоқ ортада өмір сүреді және олардың көпшілігі паразиттік тіршілік етеді. Бұлардан басқа факультативті анаэробтар болады, олар оттегі бар жерлерде де, оттегі жоқ жерлерде де тіршілік етуге бйімделген болып келеді. Сонымен бактериялар әр түрлі экологиялық орталарда кездеседі. Бірақ ол орталар бір бактериялар үшін қолайлы болғанымен, екінші біреулеріне қолайсыз келеді.
2. Топырақтың органикалық бөлігі
Табиғи жағдайда қандай да болмасын топырақтың құрамына өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары кіріп, ондағы өтіп жатқан процестерге қатысады. Олардың қалдықтарының кейбір бөлігі толық минералданатын болса, басқа бөлігі қайтадан топырақтың органикалық заттарының жаңа түрін - қарашірікті құрайды. Топырақ қарашірігі негізінен өсімдіктердің және топырақты мекендейтін микроорганизмдер мен жәндіктердің қалдықтарының қоспасынан тұрады.
Органикалық заттардың шіріуінде микроорганизмдер-бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, балдырлар үлкен міндет атқарады.
Топырақ қарашірігінің қоректік маңызы зор. Өсімдіктер өні-өсу барысында топырақтан сумен бірге қоректік заттарды алады, ал бұл қоректік заттардың негізгі қоры осы қарашірік болып табылады.
Кейбір шіру процестері тек аэробты немесе анаэробты жағдайда жүреді. Мысалы, нитрификация процесі аэробты бактериялар қатысуымен өтеді, соның нәтижесінде топырақта азот қышқылының тұздары құралады.
Денитрификация процесі нитрификацияға қарама-қарсы жүреді.
Оның негізі - анаэробты бактериялардың азот қышқылының тұздарынан оттегін тартып алып бос азотты шығаруында, оны одан әрі аммиакқа айналдыруында. Сондықтан бұл процесс ауасыз жағдайда өтеді, оған анаэробты бактериялар қатысады. Егіншілікке керек топырақ құнарлылығының көрсеткіші - топырақта нитрификацияның басым болуы; өйткені нитрат тұздары өсімдіктердің қорек заттарының ең бастысы болып саналады. Денитрификация-сол тұздарды ыдыратып, бос азоттың пайда болуы, ал бос азот ауаға араласып, өсімдікке бұйырмайды. Сондықтан бұл процестің өсімдікке пайдасы жоқ.
Азот ауадан тікелей топыраққа келуі мүмкін, оны азото-бактериялар, бұршақ өсімдіктерінің тамырында өмір сүретін түйнекті бактериялар тұтады.
Шірінді заттар өздерінің ыдырауы және минералдануы арқылы топырақтағы өсімдіктерге керек заттардың қорын толықтырып отырады.
Шірінділер топырақтың сулы, азотты, қоректік заттарды сіңіру қабілетін арттырып, оларды топырақтың төменгі қабатында шайылып кетуден сақтайды.
Шірінділер топырақ құрамының түйіртпектенуін, түйірге байланысуын жоғарылатады, топырақ қабатында ауаның алмасуын жақсартады, соған байланысты топырақты қолайлы су режімі жасалады, ылғалды буға айналуынан сақтайды, топырақтың су сіңіру, су өткізу қабілетін көтереді.
3. Көміртектің түзілуі
Табиғатта кездесетін құрамында көміртегі қосылыстары бар органикалық заттар азотты органикалық заттар сияқты микробиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Олардан аралық заттар түзіледі, ал кейде ең ақырғы өнім СО 2 мен суға ыдырайды. Көміртегі қосылыстарының ыдырауына қатысатын микроорганизмдердің түрлік құрамы белокты заттарды ыдыратушы микроорганизмдер тобына қарағанда біршама айырмашылығы болады. Органикалық заттар минералданғанда пайда болған көмір қышқыл газының бір бөлігін автотрофты және хемосинтездеуші , ал қалған біраз бөлігі фотосинтез кезінде өсімдіктер сіңіру үшін атмосфераға тарайды.
Көміртегі қосылыстарының ішінде оңай және шапшаң минералданушылары - қанттар мен крахмал. Пектин, клетчатка, лигнин және май сияқты көміртегінің біраз мөлшері бар заттарды микроорганизмдер оңай ыдырата бермейді. Әрине осы көрсетілген өзгерістердің ең ақырғы өнімі ретінде бөлінетін заттар көміртегінің табиғаттағы айналымына қосылады. Бұл процесте аэрация жағдайының мәні зор. Аэробты жағдайда көміртегі бар органикалық заттар әжептәуір ыдырап, ең соңғы өнім, яғни көмір қышқыл газы мен су түзіледі.
С 6 Н 12 О 6 +6О 2 = 6СО 2 +6 Н 2 О +2822 кДж
Бұнда энергия толық босап шығады да, оны тыныс алу деп атайдыы
Ал анаэробты жағдайда, яғни оттегі тапшы болғанда органикалық заттардағы көміртегі қосылыстары ашу процесі бағытында -өтеді. Сонда ортада аралық өнімдері спирттер және әр түрлі қышқылдар, газ тәріздес заттар?: сутегі және көмір қышқыл газы пайда болады. Аэробты жағдайға қарағанда бұнда бөлінетін қуаттың мөлшері де тым аз болады. Микроорганизмдер көмегімен табиғатта жүретін ашу процесі адам баласының тұрмысында кеңінен қолданылады.
4. Азоттың пайда болу циклы
Өсімдіктер, жануарлар тіршілігінде азоттың маңызы үлкен. Белокты денелерде 17 процент, адам мүшелерінде 3 процент азот болады. Ауадағы бос азот, азот сіңіруші бактериялар тіршілігі әрекетінен өсімдікке сіңімді қосылыстарға айналады, бірақ топырақтағы азотты өсімдіктер жыл сайын пайдаланғандықтан оның қоры азаяды, сондықтан егістікке қосымша азот тыңайтқыштарын шашу керек. Өсімдіктер үшін азоттың негізгі пайдалы қоры топырақ қарашірігінде болады. Қарашірік құрамындағы азоттың басым көпшілігі өте күрделі қосылыстар түрінде кездеседі, сондықтан да көп жағдайларда өсімдіктер оны сіңіре алмайды. Бұл үшін мұндай күрделі азот топырақтағы түрлі микробиологиялық процестердің әсерінен сіңімді күйге айналуы керек. Нитратты азот қосылыстарын өсімдіктер сол күйінде бірден пайдалана алмайды, ол үшін нитратты азот әуелі аммиак түріне айналуы керек. Ол былай жүреді: өсімдікке сіңірілетін нитратты азот көмір сутегілерінің тотығуы арқасында шала тотықсызданып, азотты қышқылға, кейін аммиаққа айналады. Аммиак улы зат, сондықтан ол өсімдіктер денесінде көп тұрмайды, ол әрі қарай түрлі аминқышқылдарына айналады. Әрі қарай бұл аминқышөылдар іріленіп, көмір қышқыл газының қатысуымен белок молекуласын түзеді.
Клетканың құрамды бөлігі белоктардан тұрады. Оның негізгі көзі өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер. Бұлардың қалдығы топырақ қабатына түскеннен кейін, ондағы микроорганизмдердің әсерінен шіри бастайды. Соның нәтижесінде аммиак бөлінеді. Азоттың осындай жолмен минералдануын оның аммонификациясы деп атайды. Бөлінетін аммиак мөлшері ыдырайтын заттардың құрамындағы азот пен көміртегінің арақатысына байланысты. Егер мұнда азотқа бай қосылыс мол болса, аммиак едәуір мөлшерде түзіледі. Ал, ол заттар углеводтарға бай болса, микробтар минералды азотпен қоректенеді де, өз клеткасының белогын құрайды.
4. 1 Топырақтағы азотты органикалық заттардың минералдану(аммонификация)
Аммонификация дегеніміз - азоттың органикалық формаларының аммиак азотына айналуы. Оны көптеген бактериялар, актиномицеттер және микроскоптың саңырауқұлақтар қоздырады. Егер де органикалық заттағы көміртегінің азотқа қатысы 25:1-ден кем болғанда ғана аммиак ортаға жинала бастайды. Белокты заттардың ыдырауы микробтар бөлетін протеолитикалық ферменттердің әсерінен болады. Гидролиз процесі аралық өнімдер арқылы жүреді. Гидролиздің алғашқы өнімі пептондар мен полипептидтер. Бұлар белок молекуласын протиеназа ферментінің әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдыратады.
Белоктан түзілген амин қышқылдары әр түрлі ферменттердің әсерінен одан әрі ыдырайды. Бұл процесс негізінен аминқышқылдарының дезаминдеуінен басталады. Соның нәтижесінде аммиак және басқа да түрлі органикалық қосылыстардың сипаты сол амин қышқылдарының табиғаты мен қоршаған орта жағдайларына байланысты болады. Мәселен, май қатарына жататын аминқышқылдары ыдырағанда құмырсқа, сірке, пропион, май және басқа да қышқылдар түзіледі, проаил, бутил, амил және соларға ұқсас спирттер пайда болады.
Белоктар ыдырағанда ұнамсыз иісті күкіртті сутегі, меркаптандар, скатол және индол пайда болады. Бұл өнімдер көбінесе анаэробты жағдайда түзіледі.
Белоктердың аммонификациялануын зерттеу үшін қоректік орта ретінде 3 процент пептон қосылған ет сорпасын пайдалануға болады.
4. 2 Нитрификация
Органикалық заттар топырақ қабатында ыдырағанда оның құрамында аммиак азотты қышқылға шапшаң тотығады. Азотты қышқыл тиісінше азот қышқылына айналады. Бұл құбылысты нитрификация деп атайды. бұл процеске белсене қатысатын организмдер - нитрификациялаушы бактериялар.
Нитрификация процесі екі сатыда жүреді: бактериялар аммиакты азотты қышқылға дейін тотықтырады, бұл нитрификацияның бірінші кезеңі, ал екіншісі - азотты қышқылдың азот қышқылына дейін тотығуы. Нитрификацияға қатысатын бактериялар негізінен төрт туысқа жатады. Олар нитрозомонас, нитрозоцистис, нитроспора және нитробактер.
Нитрификацияға оттегі қажет, топырақ реакциясы pH = 5, 0-8, 5 болғанда бұл процесс жақсы жүреді. Топырақтың ауа тәртібін жақсарту бактериялар үшін өте қолайлы. Тіршілік барысында нитрификациялаушы бактериялар органикалық заттарды қажет етпейді. Көміртегін олар ауадағы көмір қышқыл газынан алады.
Өңделген топырақтарда пайда болған азот қышқылы ондағы өсімдіктерге сіңімсіз бірқатар қосылыстарды ерітіп, топырақ құнарлылығының артуына көмектеседі.
Қара топырақты танаптың үстіңгі қабатында нитрификация процесі жақсы жүреді. Ал топырақтың төменгі қабаттарында бұл процестің қарқыны баяу болады.
Сор мен сортаң топырақтарында нитрификация нашар болғанымен, оны белгілі бір мақсатқа сай өңдегенде ондағы бактериялар көмегімен әжептәуір мөлшерде азот қышқылы тұздарының жиналатыны дәлелденген.
Шөл және шөлейт аймақтар топырағында нитрификацияны тежейтін фактор - ылғалдың тапшылығы. Сондықтан мұнда азот қышқылы тұзын молайтудың бірден-бір жолы - оны суландыру.
4. 3Денитрификация
Белгілі бір жағдайда, мәселен көміртегіне бай органикалық заттар шамадан тыс мол болса, онда топырақ қабатында азот қышқылы тұздарының азайып кететіні анықталды. Бұл кезде топырақта жүретін процестердің нәтижесінде, азот, тотығы азотты тотыққа, одан барып молекулалы азотқа айналады. Бұл процесті денитрификация, яғни нитрификацияға қарама-қарсы процесс деп атайды.
Бұл топырақта азот қорының азаюына әкеліп соқтыратын зиянды құбылыс. топырақ шамадан тыс ылғалданғанда бұл процесс жедел жүреді.
Ал ылғалдылық бірқалыпты болып тиісті агротехникалық шаралар дер кезінде қолданылса, денитрификация процесі баяулайды және ол егіншілікке айта қаларлықтай зияның тигізбейді.
Молекула күйіндегі азоттың сарқылмас қоры - атмосфера азоты. Бірақ мұндай қорды өсімдіктер де, жан-жануарлар да пайдалана алмайды. Мұны тек микроорганизмдердің ерекше бір тобы, азотбактериялар сіңіріп, органикалық азотқа айналдырады. Бұл микроорганизмдер топырақта еркін және жоғары сатыдағы өсімдіктермен бірлесіп, симбиоз түрінде тіршілік ете алады.
Азотбактер реакциясы бейтарап топырақта жақсы тіршілік етеді. Қышқыл топырақта олар тіршілік ете алмайды. Топырақтың ылғалды болуы да бұлар үшін аса қолайлы.
Молекулалық азотты микроорганизмдерден бірлесе отырып бірқатар жоғары сатыдағы өсімдіктер де сіңіре алады. Бұлардың ішінде біршама жақсы зерттелгендері бұршақ тұқымдас өсімдіктер. Мұнда өсімдіктер тамырына енетін түйнек бактериялары олардың тамыры бөлетін органикалық қосылыстармен қоректенеді, ал өсімдіктер байланысқа азотты қабылдайды.
5. Фосфордың пайда болуы
Фосфор - өсімдік тіршілігіне аса қажет элементтердің бірі. Ол көбінесе топырақта, өсімдіктерде, микроорганизмдер клеткасында, органикалық және органикалық емес қосылыстарда кездеседі. Топырақта фосфор әр қилы формада, әр түрліше мөлшерде кездеседі. Жалпы фосфордың органикалық түрі топырақта 85 процентке дейін барады. Фосфор - клеткадағы ең қажетті элемент, фосфордың әсерінен дәнді дақылдардың сабағына қарағанда дәні көп түзіледі, көптеген көкөніс және техникалық дақылдардың өнім сапасы жақсарады, мәселен, қызылшаның қанттылығы, картоптың крахмалы, зығыр талшығының беріктігі артады.
Топырақта фосфордың өзгеріске ұшырауы екі процестен тұрады. Біріншісі - органикалық фосфордың минерал қосылысқа айналуы, екіншісі фосфор қышқылы тұздарының ерімейтін қосылыстан ерігіш күйге көшуі. Органикалық заттар ыдырағанда немесе тыныс алу барысында пайда болған көмірқышқыл газы, су бар жерде көмір қышқылына айналады да, ерімейтін фосфаттардың тез еруіне әсерін тигізеді.
Са 3 (РО 4 ) 2 +2СО 4 + 2Н 2 О = 2СаНРО 4 + Са (НСО 3 ) 2
Фосфордың топырақтағы жалпы қоры көп болғанмен, өсімдіктерге сіңімді түрлері азғана мөлшерде кездеседі. Фосфордың негізгі қоры топырақта, оны өсімдіктерге сіңімді түрге келтіру үшін бірсыпыра агротехникалық шараларды жүзеге асыру қажет. Фосфордың өсімдіктерге сіңімсіз қосылыстарын ыдырататын топырақ микроорганизмдері де болады. Олар фосфордың күрделі қосылыстарынан өз бойында кездесетін фосфатаза деп аталатын ферменттің көмегімен фосфор қышқылын босата алады.
Дақылдар өзінің бастапқы өсу кезеңінде фосфорды аса қажет етеді. Сондықтан да оның сіңімді түрін дақылдарға ерте көктемде берген жөн. Мұны қазіргі егіншілікте дақыл тұқымын себу мезгілінде түйіршікті тыңайтқыштар қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Фосфор өсімдік дәнінде, жемісінде, тұқымында жиналады. Өсімдіктерге фосфорлы қоректік заттар жетіспесе, олардың сабағы мен жапырағының өсуі баяулайды, олар дәндемейді, тұқым салмайды. Сондай-ақ, мұндай жағдайда өсімдік жапырақтарының шеткі жиектері ширатылып, күрең теңбілдер пайда болады, бара-бара жапырақ ұлпалары өледі.
6. Калийдің пайда болуы
Бұл элемент дақылдарға аса қажет. Калий өсімдіктер протоплазмасының неғұрлым суды көп сіңіріп, оны ұстап тұруы үшін, сөйтіп судың буға айналмауы үшін керек. Калий мөлшері әсіресе ылғалы мол, ауасыз жағдайда пайда болған жарандылардың шала өсімдіктердің жас мүшелерінде көбірек болады, биоколлоидтардың ісінуін тездетіп, клеткаларда судың көп жиналуына себепші болады.
Топырақтан өсімдіктердің қосалқы өнімімен жоғалған калийді қайта пайдалану үшін өсімдік сабақтарын көң-шірінді дайындауға пайдаланады.
Калий дақылдардың өнімін арттырады, өсімдіктердің түрлі ауруға төзімділігін күшейтеді. Картоп, көкөніс, қант қызылшасы, тамыр-түйнекті жемшөп, темекі дақылдарына калий көбірек қажет.
Калийдің өсімдіктерге қажетті негізгі қоры топырақта болады. Оның өсімдіктер үшін қажетті мөлшерін дәл анықтау қиын, өйткені топырақта түрлі жағдайлардың әсерінен калий бір түрден екінші түрге тез айналып отырады. Мәселен, оның сіңімді түрі қолайсыз жағдайда өсімдіктер сіңіре алмайтын түрге өтіп кетеді және бұған керісінше де болады.
Көбіне топырақ қабатындағы калийдің мөлшері, олар түзілген жерлердегі аналық тау жыныстарының құрамына байланысты болады. Әдетте, лесс деп аталатын тау жыныстарында калий көп болады.
Калий өсімдіктердің мүшелерінде жас кезінде көп. Қатайған өсімдіктерде аз болады. Оның иондары қатайған өсімдіктерден жас жапырақ-бұтақтарына қарай жылжып тұрады, тағы бір ерекшелігі - азот пен фосфор өсімдіктердің дәндерінде көп, ал сабақтарында аз болса, калий бұған керісінше болады.
Әр түрлі дақылдар өзінің өсіп-даму кезеңінде азотты, фосфорды және калийді пайдалану арақатысы 2:3:1 қатынасындай болады. Картоп, қызылша сияқты тамыр жемістілер калийді азотқа қарағанда 1, 5 есе, фосфорды -3-4, 5 есе артық пайдаланады.
7. Топырақ түзілудегі биологиялық процестер
Үгілген тау жыныстарындағы минералдардың механикалық және химиялық жолдармен бұзылады. Бұл, әрине, оларда тіршілік ететін организмдердің әрекетіне байланысты. Биологиялық жолмен топырақ түзілгенде, тірі организмдер тау жыныстарынан өздеріне қажетті минералдық заттарды алып, оларды органикалық қосындыларға айналдырады. Биологиялық үгілу тіршіліктің пайда болуынан басталады. Тіпті жалаңаш жартастардың өзінде тау тау жыныстарындағы минералдық қосындыларды қорек ететін пайдалы микроорганизмдер болады. Сол ұсақ организмдербөліп шығаратын органикалық қышқылдар біртіндеп тау жыныстарының химиялық құрамын өзгертеді де, ақырында бұларда аласа бойлы қына, мүк сияқты өсімдіктердің өсіп шығуына жағдай жасайды. Қурап қалған мүктер мен қыналарды микроорганизмдер ыдыратады, осының арқасында, қоректік заттары жиналады, топырақ пайда болып, оның қасиеттері өзгереді. Сонымен, топырақ түзілу процесінде биологиялық жолмен үгілу де ең негізгі құбылыстардың бірі болады. Мұндай ортада жоғарғы сатыдағы өсімдіктер пайда болады. Физикалық және химиялық процестер кезінде пайда болатын құбылыстар тау жыныстары құрамынан мүлде бөлініп, геологиялық үлкен айналымға қосылады. Ал биологиялық жолмен түзілгенде, тірі организмдер тау жыныстарынан өзіне қажетті минералдық заттар алып, оларды органикалық қосындыларға айналдырады. Ал бұл минералдық заттар биологиялық кіші айналымға қосылады. Сөйтіп, ауқымды геологиялық айналым мен кіші биологиялық айналымның бір-бірімен ұштасуынан барып, топырақ түзілу әрекеті жүреді.
Өсімдіктер мен тірі организмдер әрекетінің ықпалымен топырақтың қажетті қасиеті артады. Оның құнарлы қабатында өсімдіктер үшін қажетті азот, фосфор, калий және басқа да қоректік заттар жиналады. Мұның бәрі топырақ түзілуінде биологиялық процестің шешуші орын алатынын көрсетеді.
Топырақ - микрооганизмдердің негізгі мекені. Олардың саны және түрлері топырақтың түріне, оның жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Топырақ микроорганизмдерге бай, тіпті оның бір грамында ауру қоздырмайтын кейбір бактериялар жүзден миллиардқа дейін кездеседі. Топырақтағы микроорганизмдердің ең көбі бактериялар, әрине, онда актиномицеттер де аз емес.
Топырақ ерекше дене болғандықтан, оның түйіршіктерінің ішкі жағында анаэробты, ал сыртқы жағында аэробты микроорганизмдер тіршілік етеді. Өсімдік тамырлары жайылған жерлерде микроорганизмдер көптеп тіршілік ететіні байқалады. Ал әр өсімдіктің тамыры жайылған төңіректе сол өсімдікке тән микроорганизмдер топтасады да өзіндік бір аймақ түзеді. Оны ризосфера деп атайды.
Топырақтың сипатына қарай ондағы ылғал мөлшері түрліше болады. Осыған байланысты онда тіршілік ететін микробтар саны да өзгеріп отырады. Шамадан тыс ылғал органикалық заттарды шірітеді, сол себептен де мұнда аэробты микроорганизмдердің тіршілік етуі қолайсыз болады. Сондықтан топырақтың ылғал режимін реттеу алдымен онда тіршілік етіп, өсімдіктерге қоректік заттарды дайындайтын микроорганизмдердің тіршілігін жақсартуға негізделеді. Микробиологиялық негіздегі процестердің белсенді түрде жүруіне, топырақтың механикалық құрамы әсер етеді.
Топырақ қыртысында ауаның кіруі қиындағанда ондағы органикалық заттардың ыдырау қарқыны да бәсеңдейді.
Топырақ қабатының жылынуы күн сәулесіне байланысты. Оның әсерінен микробиологиялық процестер де жақсы жүреді. Микроорганизмдердің тіршілік етуі үшін қышқылдың шамасы бірқалыпты дәрежеде болуға тиіс. Микроорганизмдер топырақтың бетінен оның ең терең қабатына дейін өтіп, өмір сүре алады. Сондықтан топырақтын барлық қабатына да ылғал, ауа жақсы өтетін болады. Әрине, микроорганизмдерді микроскопсыз көре алмаймыз. Өзінің тіршілігі үшін қажетті қоректі ол жасыл өсімдіктер жасаған органикалық заттардан алады. Олардың саны мен сапасы топырақ қабатындағы өсімдік қалдықтарының мөлшеріне байланысты. Өсімдік қалдықтарын шірітетін органихмдер анаэробты, аэробты бактериялардан басқа ашытқы саңырауқұлақтарға бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz