Францияның феодалдық құрылысының тарихи кезеңдері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1-тарау. Францияның феодалдық құрылысының тарихи кезеңдері
1.1 Франциядағыдағы абсолютистік монархияға дейінгі кезең
1.2 Франциядағы абсолютистік монархияның қалыптасуы
2-тарау. Абсолюттік монархия кезеңіндегі Францияның құқығы
2.1 Құқықтың қайнар көздері
2.2 Құқықтың негізгі сипаттары
Сот процесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Франция бүгінгі таңда әлемдегі барлық саласы жағынан жете дамыған
мемлекеттері қатарында алғашқы орынды иеленіп тұр.
Франция тарихының қай кезеңін алып қарастырсақ та оның ешкімге
бергісіз ұлы держава болғанын көре аламыз. Әлемнің қай түпкіріндегі
болмасын болған оқиғаларға, мәселелерге Францияның қатыспаған немесе
қозғаушы күші болмаған кезі болған емес. Бұл Францияның халықаралық
аренадағы алатын беделді орнын дәлелдейді.
Мемлекеттің қоғамдық топтары - дворяндар, ақсүйектер. Олар бұрынғыдай
өзінін сот және салықтық иммунитетін сақтады. Дворяндар жабық,
консервативтік сословие болатын, олар корольдің вассалдары емес,
қызметшілері болып саналатын. Тек дворяндар жерді жеке меншік ретінде
иеленуге құқылы еді. Рента құқықтарының бәрі мұрагерлік жолымен берілетін.
Дворяндар атақ алуға, елтаңба да иеленуге құқылы болатын. Бұдан басқа
олардың сот жеңілдіктері де көп еді, мемлекетке салық төлеуден де
босатылған болатын. Олардың жалғыз міндеті - корольдің әскерінде қызмет
атқару.
Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Сондықтан
осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн.
Себебі біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың да мемлекеттігі орнықты болып,
мұндағы жағдай азаматтық соғыстарға айналмауы және ТМД елдеріндегі соңғы
кездері орын алған (Грузия, Украина) теке-тірестерге ұласпауы да осындай
іргелі елдердің тәжірибесін өз елімізде қолдана білуге итермелейді.

1.1 Франциядағы абсолютистік монархияға дейінгі кезең
Францияда феодалдық құрылыс мейлінше толық даму жолына түсті.
Феодалдық Францияның тарихы үш негізгі кезеңге бөлінеді:
1) ІХ-ХІV ғғ. феодалдық қарым-қатынастардың толық дамуы және гүлденуі,
бұл феодалдық мемлекеттің ыдыраған кезеңі;
2) ХІV-ХVІІ ғғ. сословиелік-өкілдік монархия. Бұл кезеңде гүлденген
мемлекет бір орталыққа бағынған болатын;
3) ХVІІ-ХVІІІ ғғ. абсолюттік, шексіз монархия. Бұл кезеңде негізгі
қайшылықтар қатты шиеленісіп, корольдің билігі күшейген кезең. [2, 157 б]
Францияның типтік үш кезеңі басқа да феодалдық мемлекет тарихына тән.
Бірақ Францияда таптардың күресі мейлінше жоғары дәрежеде болғанын атап
көрсеткен жөн.
Біз өзіміздің жұмысымыздың тақырыбын Франциядағы сословиелік өкілетті
монархияның қалыптасуы деп алғанымызға орай феодалдық Францияның жоғарыда
аталып өткен екі кезеңіне тек қана жүгірте көз саламыз да негізгі өз
тақырыбымыз айқындап тұрған шексіз монархия кезеңіне аса жоғары мән
береміз.
Натуралдық шаруашылық үстемдігі, қолөнер мен сауданың нашар дамуы Ұлы
Карл империясының өркендеуіне мүмкіншілік туғызған жоқ. 843 жылы Верден
қаласында құрылған шарт бойынша империя үшке бөлінді. Қазіргі Франция,
Германия, Англия жерлері Қасқа Карлдің иелігіне тиді. [1, 179б]
Сөйтіп IX ғасырда Каролингтердің франк державасының ыдырауынан пайда
болған Франция корольдігі оның құрамына кіретін аймақтардың әлеуметтік-
экономикалық жағдайына елеулі өзгерістер енгізді. IX-XIII ғғ. Феодалдық
бытыраңқылық кезеңі болып ондағы өндірістік қатынастар сол заманның таптық
құрылысын айқындады. Феодалдар мен тәуелді шаруалар арасындағы қарама-
қайшылықтар өрби түсті. Жер негізгі өндіріс құралы ретінде билік етуші
таптың монопольды меншігі болды.
XIV-XV ғасырларда Францияда сословиелік құрылыс аяқталды. Соның
нәтижесінде үш ірі сословие пайда болды: шіркеу қызметкерлері, ақсүйек
дворяндар және қала тұрғындары. Бірінші сословиеге шіркеу қызметкерлері
жататын. Король Рим папаларымен күресіп, XIV ғасырда оларды жеңіп шықты.
Шіркеу қызметкерлері француз ұлтының бір бөлегі деп саналды және корольдің
заңдары бойынша өмір сүретін болды. Шіркеудің құқығы шектелді де,
юрисдикциясы азайды.
Шіркеу бұрынғыдай өзінің сот иммунитетін сақтап қалды, салық ретінде
өз шаруаларының табысының оннан бірін алатын. Ол мемлекет аппаратында
қызмет етуден босады да, салық төлегенде белгілі бір жеңілдіктерге ие
болды.
Мемлекеттің екінші қоғамдық топтары - дворяндар, ақсүйектер. Олар
бұрынғыдай өзінін сот және салықтық иммунитетін сақтады. Дворяндар жабық,

Дворяндар, герцогтер, маркиздер, графтар, виконттар дворяндар
топтарына жатады. Олар әскери және мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет
орындарына ие болатын. Төменгі дворяндардың жағдайлары жұпынылау еді. Уақ
дворяндардың байлығы шаруаларды қанаушылықпен тікелей байланысты десек
артық емес. Сондықтан олар корольді жақтайтын, тек билігі күшті король ғана
шаруаларды тәртіпте ұстай алды. [2, 167б]
XIV-XV ғасырларда үшінші тектілі топ құрылып болды. Бүкіл жұмыскер
адамдармен қалыптасып келе жатқан буржуазия осы сословиеге жататын. Олар
ақсүйектер емес, олардың жеке және мүліктік құқықтары да жоқ еді. Бұл
сословие феодалдық корпоративтік сипаттағы салық төлейтін сословиеге
жататын.
Сонымен, Францияда үш қоғамдық топ құрылды. Әрбір топта корольдің
құқығын шектейтін тектік-өкілдік орган құрылды, Бірақ олардың король
билігін шектеуге ұмтылған әрекеттері толық жеңіске әкелген жоқ.
Феодалдардың арасындағы қайшылықтарды пайдалана отырып, король өзінің
билігін күшейте берді. XIV ғасырдан бастап Франция біріккен тұтас
мемлекетке айналды.
Франция королі шексіз монарх болған жоқ. Ірі сеньориялар сақталды,
олар корольге қарсылық көрсетіп, орталықтағы процестерді тоқтатты. [1,
179б]
Көркем Төртінші Филипп патшалығының кезінде Францияның жері кеңейіп,
патшалығының соңында Францияның көп жерлері корольдің доменіне кірді.
Мемлекет сословиелік-өкілдік монархияның нысанына ие болды. Ол мемлекетті
басқарған кезінде Бас штаттар деген сословиелік-өкілдік орган құрылды.
XVI ғ. бастап жаңа прогрессивті капиталистік қатынастар қалыптаса
бастайды. Кеме жасауда, тау-кен істерінде, металлургияда және кітап басу
ісінде мануфактура қалыптасты. Тауарлық-ақшалай қатынастардың дамуы
біртұтас жалпыұлттық нарықты қалыптастырды, ал капиталистік қатынастардың
туындай бастауы қоғамның әлеуметтік құрылымында да өзгерістерге әкелді.
Негізгі билік етуші тап – феодалдармен қатар жаңа билеуші тап өкілдері
буржуазия пайда болды.

Шексіз монархия XV ғасырдың соңында қалыптасады. Оның қалыптасуына
мынадай ірі саяси қызметкерлер, Францияның корольдері - белсенді рөл
атқарғандары мәлім. Бірақ Францияның бірінші шексіз монархы Төртінші Генрих
болды. Ол католиктер мен гугеноттардың арасындағы діни соғыстарды тоқтатып,
Францияда бейбітшілік пен тыныштық орнатты. Ол қолына толық мемлекеттік
билікті жинады. Одан кейін шексіз монархияның қалыптасуын жалғастырған
кардинал Ришелье. Ол Он үшінші Людовик мемлекетті басқарып тұрғанда қызмет
істеген болатын. "Мемлекеттің мүддесі мен үшін ең жоғарғы игілік. Менің
бірінші мақсатым - корольдің ұлылығы, екінші - корольдіктің құдіреті" -
деген сөздер оның саясатын бізге түсінікті етеді. Негізінде, ол бірінші
министрдің қызмет лауазымын ғана орындап қоймай өзінің корольге ықпалын
жүргізе отырып бүкіл Францияны басқарған саяси тұлға деуге келеді. Ол
феодалдарды корольге бағындыру үшін олардың сарайларын құртты, жекпе-жекке
тыйым салды, дворяндардың атағын сатылатын етті. Ришелье ң өнеркәсібін
дамыту үшін және қорғау үшін бірталай шара қолданды. Мемлекеттік аппаратқа
және корольдің сарайына да көп күш жұмсады. [2, 168б]
Бүкіл халқы 15 млн. болса, бірінші сословиені 130000 адам құрайтын,
бірақ олардың қолында бүкіл жер көлемінің бестен бірі жинақталған еді. Дін
басылардың арасындағы қайшылықтар күшейе берді. 1516 жылдан бастап король
шіркеу қызметкерлерін тағайындайтын құқықты қолына алды. Шіркеудің жоғарғы
қызмет орындарына ол өзінің дворяндарын отырғызды. Бұл орындар өте құрметті
және бай болатын. Бірақ дін басылары да мемлекеттің күшті маңызды
орындарына отырған болатын (мысалы, Ришелье Мазарини). Жоғарғы екі топтың
мүддесі ортақ болғаннан кейін олардың арасында мықты байланыс орнады.
Халықтың көбі үшінші сословиеге жатты. Бірақ халық бұқарасы біркелкі
емес еді. Жоғарыда қаржы-қаражат қызметкерлері, саудагерлер, қала
шеберлері, нотариус пен адвокаттар болатын. Шаруалар, қолөнершілер, қара
жұмыс істейтін адамдар, жұмыссыздар төменгі дәрежені, үшінші сословиенің
көбін шаруалар құрайтын. Капиталисттік қарым-қатынастардың құрылуы олардың
құқықтық жағдайларына өзгерістер енгізді. Олардың жеке міндеттері жойыла
бастады. Шаруалардың арасынан бай фермерлер, капиталистік жалгерлер,
шаруашылық жұмыскерлері бөлініп шыға бастады. Шаруалардың көбі ценз
төлейтін цензитарийлерге жататын. Баналитеттердің бәрі сақталды. Сеньорлар
шаруалардың жерлерінде бұрынғыдай аң аулауға құқылы еді. Салықтың көбін
шаруалар төлейтін, осындай ауыр жағдайға шыдамаған шаруалар құралдарын
сатып, бүкіл жанұясымен қалаға кетіп жатты. XVI ғасырдың ортасында
Францияның көп жерлері корольдің билігіне бағынған болатын. Ол Еуропадағы
ең ірі мемлекетке айналды. Капиталистік қарым-қатынастардың дамуы феодалдық
қоғамның негіздеріне балта шапты. Францияның мықты, бір орталыққа бағынған
мемлекеттік аппаратының құрылуы XVII ғасырда болды. [1, 182б]
Капиталисттік қарым-қатынастар нығайып, феодалдық сословиелік құрылыс
ыдырағаннан кейін, шексіз монархия орнатуға жақсы жағдай туды. Феодалдар
өздерінің жеңілдіктерін сақтап қалу үшін корольге деген сенімдерін
арттырды. Қалыптасып келе жатқан буржуазия әлі саяси билікке ие болған жоқ,
бірақ күшею үшін корольді жақтап, одан көмек күткен болатын. XVI ғасырда
ішкі жағдайлары корольдің билігін күшейтті. Король күресуші таптардың
қарама-қайшылықтарын пайдаланып, дербестігін нығайтты.
Негізінде Франция үшін абсолютизм прогрессивті сипатқа ие болды.
Король билігі Францияны біріктірді, жалпы ағылшын ұлтының қалыптасуына
ықпал етті, өнеркәсіп пен сауданың дамуына жағдай туғызды. Бірақ XVII-XVIII
ғасырларда абсолютизмнің дамуы оның реакциялық негізін де көрсетті. Король
тамыр-таныстық және меркантилизм саясатын жүргізді де, буржуазияның
мүддесін қорғау мақсатын қойған жоқ. Ол күшінің бәрін феодалдық құрылысты
қорғау үшін жұмсады. XVIII ғасырдағы терең дағдарыс қалыптасқан феодалдық
жүйені ыдырата бастады. Сот әкімшілігі жүйесі де елеулі дағдарысқа ұшырады.
Абсолюттік монархияның негізгі органдары - король және оның сарайы.
Мемлекеттің пайдасының жартысы корольдің сарайына жұмсалды.
Жоғарғы саяси билік корольдің қолына толық жинақталды. Ол билігін
ешкіммен бөліскен жоқ. Король феодалдық олигархия мен католик шіркеуінің
оппозициясын жеңіп, сословиелік-өкімдік органдарды жойды. Бір орталыққа
бағынған бюрократиялық аппарат, сот, әскер құрды. XVІІІ ғасырда Бас
штаттардың қызметі әлсіреген болатын, 1614 жылдан бастап король оның
жұмысын толық тоқтатты да, 1789 жылға дейін оны шақырған жоқ. Енді оның
орнына нотабльдердің жиналыстарын өткізетін болды. Нотабльдер қаржы
мәселелерін қарайтын.
Корольдің жанындағы Кеңестер. Корольдің жанындағы мемлекет Кеңесінің
құрамы 6 адамнан 23 адамға дейін болатын. Оған ақсүйектер, ірі феодалдар,
корольдің жақын адамдары кіретін. Бұл кеңестің мүшелері уақыт өткеннен
кейін абсолюттік монархияның министрлеріне айналды. Людовик XIV мемлекетті
басқарған кезде мемлекеттік Кеңеске тек 6 адам кірді, олар мәжілісін тұрып
өткізетін. Бір-бірімен орынға таласпау үшін король осындай тәртіпті
енгізген болатын.
Жоғарғы Кеңес. Шет елдермен және әскери қызметімен байланысқан
мемлекеттік кеңесшілер мен хатшылар осы кеңеске кіретін.
Үлкен Кеңес. Үлкен Кеңес герцогтер, пэрлер, министрлер, мемлекеттік
хатшылар, мемлекеттік кеңесшілерден тұратын. Бұл Кеңеске канцлер де
кіретін. Бұл Кеңестің негізгі қызметі заңдардың жобасын талқылау, әкімшілік
актілерді шығару, сот істерін атқару.
Құрамы заңгерлер мен хатшылардан тұратын. Король істердің көбісі
парламенттен шақыртып алып, осы кеңесте қарайтын етті. Кабинетке сот
басқармасының төрағасы - канцлер, Париж Парламентінің Бас прокуроры, Бас
адвокат кіретін. [1, 185б]
Орталық органдар көбейіп, күрделі жұмыстарды орындайтын болды.
Бюрократиялық және бір орталыққа бағынған органдар құрылды. Бұрынғы
мемлекеттік органдардан тек канцлер сақталды. Ол корольден кейінгі
мемлекеттің екінші адамы болып есептелді. Мемлекеттік хатшы қызметі түрлі
саланы қамтитын (әскери қызмет, теңіз істері, отарлар, ішкі істер,
корольдің сарайын басқаратын). Он алтыншы Людовик корольдігі кезінде
мемлекеттік хатшылар корольге өте жақын болатын, шенеуніктер ретінде оның
жеке қызметін істейтін. Мемлекеттік хатшының міндеттерін кеңейткеннен кейін
орталық аппарат көбейіп, төрешілдікке әкеліп соқты. Мемлекеттік хатшылардың
қызметі барған сайын ұлғайып, олардың көмекшісі деген қызмет орны құрылды.
Оларға көмек беретін бюро секцияларға бөлінетін. Шенеуніктердің арасында
иерархиялық тәртіп те орын алған еді.
Қаржы мәселелерін бас қаржы палатасы және акциздерді жинайтын
палаталар қарайтын. Олар экономикалық саясатты басқарып, мемлекеттің
бюджетін жүргізетін. Бас бақылаушылардың үлкен аппараттары болатын.
XVI ғасырда Францияның корольдері шіркеуді өздеріне толық бағындырып
алды.

Франция құқығы дамуының қайнар көздеріне көбіне әдеттер жататын. Бұл
кезде жалпы құқық жүйесі англияда әлі құрылған жоқ еді. Франция екіге
бөлінетін, Оның оңтүстік жағасында жазбаша құқық қолданылатын еді. Бұл
жерлерде рим құқығының әсері өте күшті болатын. Рим құқығын
университеттерде оқылатын. Корольдердің биліктері күшейген сайын, рим
құқығының да әсері күшейді. Бұл құқық жалпы әдет деп аталатын.
солтүстігінде бұрыннан келе жатқан кутюм деген әдеттер қолданылатын. [1,
188б]
Сословиелік-өкілдік монархия кезінде жүйелеу процестері басталды.
Кутюмдер де жазылып, жүйеленетін болды. Людовик тоғызыншы округтердегі
әдеттерді бальялерге жинап, тәртіпке келтіргісі келді. Осы әдеттердің
жинағы XIII ғасырда құрылған "Қасиетті Людовиктің мекемесі" деп аталатын.
Ол Париж, Орлеан, Тур, Анжу, Мэн қалаларының кутюмдерін жүйеледі. Бұл
заңдар корольдің жерлерінде қолданатын болды. ХІV-ХV ғасырларда ауылдардың,
қалалардың және феодалдық сеньориялардың кутюмдері жарық көре бастады.
1453 жылы Карл жетінші кутюмдерді, әдеттерді, соттың формулаларын
парламентке басынан аяғына дейін жинап, бекітті. Бұл жұмысты одан
кейінгілер де жалғастырды. Сонымен, заң күшін алған жергілікті кутюмдер
саны 300-ден асты. Абсолютизм кезінде әдеттерді жинап шығаруға тыйым
салынды.
Бірақ кутюмдер жинақтары корольдің билігі бойынша шығарылған болса да,
бүкіл мемлекет қолданатын ортақ құқық жүйесі құрылған жоқ. Құқық
партикуляризм сипатын сақтады.
Жазылған құқықтың қайнар көздеріне жарлықтар, эдиктер, ордонанстар
жататын. Король билігінің актілері алдымен тек корольдің жерлеріне ғана
қолданылды. XVI ғасырдан бастап корольдің актілерін Париж парламенті
бекітетін тәртіп қалыптасты. Парламент бұл актілерді бекітпесе, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz